Тас дәуірінің хронологиясы



1 Тас дәуірі
2 Адамзат баласының пайда болуы
3 Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы
Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Адамзат баласының шығу тегінің, қалыптасуының ортақ тарихы, заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай халықтың болсын көне тарихын дүрыс түсіну үшін, осы ең көне замандағы тарихқа шолу жасау қажет.
Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің дамуына, өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты жасалады. Белгілі бір ғылым саласының әдіс-төсілдері арқылы жасалатын кезеңге бөлу археологиялық және геологиялық деп екі кезеңге бөліп қарастырылады.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған — атақты американ этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық (варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір жетістіктерге жетіл отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды — сөйлеу тілі пайда болды, отты бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңдеадамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді, темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л.Г.Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір жетістіктермен байланыстырды. Оның бұл бағыты кейінгі кезендерге бөлу ісіне дұрыс жол сілтеді.
1. Қазақстан тарихы: Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы баспасы, 2006

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тас дәуірінің хронологиясы
Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының,
адамзат қоғамының тарихы дүние жүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз
байланысты. Адамзат баласының шығу тегінің, қалыптасуының ортақ тарихы,
заңдылықтары бар. Сондықтан қай елдің, қай халықтың болсын көне тарихын
дүрыс түсіну үшін, осы ең көне замандағы тарихқа шолу жасау қажет.
Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің дамуына, өндірістік қатынастардың даму
деңгейіне байланысты жасалады. Белгілі бір ғылым саласының әдіс-төсілдері
арқылы жасалатын кезеңге бөлу археологиялық және геологиялық деп екі
кезеңге бөліп қарастырылады.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған — атақты американ
этнологі Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын жабайылық, тағылық
(варварлық ) және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Аталған
әрбір кезеңде адамзат баласы өзінің дамуы барысында белгілі бір
жетістіктерге жетіл отырды. Мысалы, жабайылық кезеңінде адамзат калыптасу
үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды — сөйлеу тілі пайда болды, отты
бағындырды, балық аулауды игерді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық
кезеңдеадамзат баласы құмыра жасауды, егін салу мен мал бағуды үйренді,
темірді өзіне бағындырды, ал өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан
басталады. Л.Г.Морган адамзат баласы тарихын эволюцияльқ даму тұрғысынан
карастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі бір
жетістіктермен байланыстырды. Оның бұл бағыты кейінгі кезендерге бөлу ісіне
дұрыс жол сілтеді.
Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін, осы дәуірдің геологиялық,
археологиялық деректерін нақты білу қажет-ақ. Геологиялық кезеңге бөлу
бойынша, шамамен 67 млн жыл бүрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер
бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, әр түрлі өсімдіктер пайда болды.
Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының
тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты.
Палеолит Олдувай кезеңінен басталады. Олдувай кезеңі мөлшермен б.з.д 2,5-
млн жылдықтан 840-мыңжылдыққа дейін; шелль-ашель кезеңдері б.з.д 840-
мыңжылдықтан 140-мыңжылдыққа дейін созылады. Ашелль-мустье дәуірі 140—40-
мыңжылдықтар арасын алып жатыр. Соңғы палеолитке (мустье) б.з.д 40—12-
мыңжылдыктар жатады.
Бүгінгі таңда бір топ ғалымдар палеолит дәуірін: ерте (төменгі) палеолит,
орта палеолит және соңғы (жоғары) палеолит деп үш үлкен кезеңге бөлсе, енді
бір топ ғалымдар палеолитті: ерте (төменгі) палеолит жөне соңгы(жоғары)
палеолит деп екі үлкен кезеңге бөледі.
Палеолитті үш кезеңге бөлушілер ерте (төменгі) палеолитке олдувайдан бастап
кейінгі ашельге дейінгі кезеңді, ал мустьені — орта немесе соңғы палеолитке
жатқызады. Сонымен бірге соңғы немесе жоғары палеолитке — оринъяк, солютре,
мадлен мәдениеттерін жатқызады. Екі топтағы археологтардың бұл мәселедегі
таласы мустье кезеңіне байланысты екен, біреулері оны палеолиттің орта
дәуірі деп есептесе, екіншілері мустьені соңғы палеолитке қосып жібереді.
Тас дәуіріне арналған еңбектерде ғалымдар кейдегеологиялық,
кейде археологиялық мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан жер тарихының
геологиялық және археологиялық кезеңге бөлінуін салыстыра білу қажет.
Геологиялық кезеңге бөлуге сүйенсек, плейстоцен толығымен палеолитке және
жартылай мезолитке сөйкес келеді. Ал голоцен (мұз қайтқаннан кейінгі дәуір)
неолит заманына сай келеді.

Адамзат баласының пайда болуы

Тас дәуірінің ең басты белгілерінің бірі — адамзат баласының пайда болып,
қалыптасуы. Бүгінде адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде
көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі — бүл
мәселені діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Ондай ұғым бойынша, күллі
дүниені, соның ішінде адамды Құдай жаратты деу. Бұл — ғылыми жолмен
дәлелдеуі өте қиын пайымдау. Екінішісі — әсіресе кейінгі кезде көп айтылып
жүрген әлемдік гуманоидтер жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы жер
бетіне басқа планетадан келген. Бүл да әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір.
Адамзат баласының пайда болуы, қалыптасуы жөніндегі үшінші пікір — адамзат
баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзак жөне біртіндеп
дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан.
Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы,
тарихи дамуы карапайымнан күрделіге карай, дамудың төменгі сатысынан жоғары
сатысына қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы
және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгін де
ең дәлелді, сенімді көзқарас саналады. Сондықтан әлемнің көпшілік ғалымдары
осы көзқарасты жақтайды.
Ғалымдар ерте палеолит заманындағы адам баласы қоныстанған аймақтың ең
солтүстік шегі Сарыарқа деп келген. Соңғы 10—15 жылда біздің жерден
әлдеқайда солтүстікте жатқан аймақтардан ерте плейстоцен адамдарының ізі
табылды. Қазір Қазақстан жері палеолит заманындағы игерілген аймақтың ең
қиыр шегі емес, Еуразия материгіндегі палеолиттік мәдениеттің таралу
орталығының бірі деп есептеледі.
Адамзат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның тас дәуірі
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Жетісу және Жоңғар Алатауындағы таңбалы тастарының зерттелу тарихынан
Қола ғасыры археологиялық дәуір ретінде
Талды археологиялық кешенінің ескерткіштері
Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы – ІІ
Құлажорға мәдениеті
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры
Ерте тас ғасыры
Шыңғыстау обаларының құпиясы
Пәндер