Мемлекеттік қызметтің түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері


Мемлекеттік қызметтің түсінігі және мемлекеттік қызметшінің түрлері
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.
ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" - бұл мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада қарастырылады.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында - бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік лауазымды жүзеге асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік - бұл заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:
1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;
4) олардың қызметінің мәні - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.
Мемлекеттің қызметтің қағидалары - мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ) . Оларға мыналар жатады:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;
5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуына тең құқылығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;
8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттіліктері шегінде қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;
9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есеп берушілігі;
10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады.
Мемлекеттік қызметкердің күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.
Қызметкердің еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады:
1) мемлекеттік қызметкердің еңбек ету процесіндегі әрекеттері нақты бір құқықтық салдарларды туғызады, соның байланысты қызметкерлердің қызметінің негізгі ақтары құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының еңбек ету процесіндегі әрекеттері ешқандай заңды салдарларға әкелмейді;
2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы алатын лауазымына байланысты анықталады, нақты құқықтық мәртебесі болады, ал мамандығы бойынша жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі тек ндіріс құралдарын дұрыс пайдалану білімін ғана қажет етеді;
3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және еңбек ақысының төлемі жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;
4) кез келген мемлекеттік қызметкер мемлекеттік аппаратта қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл арқылы лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек келісімшарт негізінде ғана орналасады.
Сонымен, мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:
1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті атқаратын мемлекеттік қызметкер; Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді.
2) Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси сипатта болатын және саяси мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін жауаптылық жүктелген мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі заңның 7 бабында анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:
1) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
2) ҚР парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
3) ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;
4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.
Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық санаттары
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар мен біліктілік кластары белгіленген. Лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша ҚР Президенті бекітеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін 8 санат және 16 біліктілік кластары белгіленген.
Жоғарғы санатқа мына лауазымдар жатады: Премьер - министрдің, Мемлекеттік хатшының, Президенттің әкімшілігінің жетекшісінің; Премьер - министрдің орынбасарларының;
Бірінші санатқа мына лауазымдар жатады: Үкімет аппаратының жетекшісінің; ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның жетекшісінің; министрлердің, мемлекеттік комитеттердің төрағаларының, облыс әкімдерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерінің орынбасарларының; Орталық сайлау комиссияның төрағысының; Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының жетекшілерінің орынбасарлары; ҚР Президентінің көмекшілері мен кеңесшілерінің; Президент өкілдерінің; Парламент Палаталарының аппаратының жетекшілері; Президенттің Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің; үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының жетекшілерінің;
Екінші санатқа мына лауазымдар жатады: ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның жетекшісінің орынбасарларының; министрлердің орынбасарларының, мемлекеттік комитеттердің төрағаларының орынбасарларының, облыс әкімдерінің, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерінің орынбасарларының; Орталық сайлау комиссияның төрағысының орынбасарының, хатшысының және мүшелерінің; Парламент Палаталарының аппаратының жетекшілерінің орынбасарларының; Президенттің Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің орынбасарларының және мемлекеттік инспекторлардың; Үкімет өкілдерінің; Парламент Палаталары мен Үкімет аппаратының құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің; Парламент Сенатының Төрағасы мен Мәжілісінің Төрағасының көмекшілері мен кеңесшілерінің; үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарының жетекшілерінің орынбасарларының; аудан және облысқа бағынушы қалалардың әкімдердің;
Үшінші санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің, комитеттердің жетекшілері; басқарма басшыларының; ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның бірінші жетекшілерінің, министрлердің және мемлекеттік комитет төрағаларының, сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге де орталық атқару органдарының бірінші жетекшілерінің және Парламент Палаталарының көмекшілері мен кеңесшілерінің;
Төртінші санатқа мыналар жатады: департаменттердің, агеттіктердің, комитеттердің жетекшілерінің; басқарма басшыларының орынбасарларының; ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органның бірінші жетекшілерінің, министрлердің және мемлекеттік комитет төрағаларының, сонымен қатар Үкіметтің құрамына кірмейтін өзге де орталық атқару органдарының бөлім басшыларының орынбасарларының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының жергілікті атқару органдарының басқарамаларының, қызметтіктерінің бөлім басшыларының;
Бесінші санатқа мыналар жатқызылады: облысқа қарайтын аудандар мен қалалардың әкімдерінің орынбасарларының, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бас және жетекші мамандарының; министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, сонымен қатар ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін өзге де орталық атқару органдарының бас жетекші мамандарының; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқару органдарының басқармаларының, бөлімдерінің, қызметтіктерінің басты жетекші мамандарының; маслихат аппараттарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының жергілікті атқару органдарының бас және жетекші мамандарының;
Алтыншы санатқа мыналар жатқызылады:аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың, қалалардағы аудандық жергілікті атқару органдарының қызметкерлерінің, басқармалардың, бөлімдердің жетекшілерінің, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың маслихаттарының аппараттарының құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің; республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқару органдарының қызметкерлерінің, басқармаларының, бөлімдерінің, жергілікті атқару органдарының ауылдық, поелкалық, аудандық бағынышты қалалардың, облыстардың, републикалық маңызы бар қалалар мен астананың маслихаттардың аппараттарының мамандарының;
Жетінші санатқа мыналар жатқызылады: аудандық, облысқа бағынышты қалалардың, қалалық аудандық жергілікті атқару органдарының, ауылдық, поселкалық, ауданға қарасты қалалық жергілікті атқару органдарының, олардың бөлімдерінің, аудандық, облыстық маңызы барқалалардың маслихат аппараттарының мамандарының;
Мемлекеттік қызметкерлерге кәсіби даярлығына және олардың лауазымына біліктілік талаптарына байланысты кластар беріледі.
Жоғарғы, бірінші және екінші санаттардағы мемлекеттік қызметкерлерге біліктілік кластары лауазымына, кәсіби біліктілік деңгейіне және жұмыс нәтижесіне байланысты беріледі. 3-7 санаттардағы мемлекеттік қызметкерлерге кезекті біліктілік кластары аттестация нәтижесі бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453 Заңы
МАЗМҰНЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi
- мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
мемлекеттiк лауазым
- мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
мемлекеттiк қызмет
- мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
мемлекеттiк қызметшi
- мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
лауазымды адам
- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;
лауазымдық өкiлеттiк
- заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты
- мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
бiлiктiлiк талаптары
- мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттiк саяси қызметшi
- тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi;
ротация
- мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005. 07. 08
N 75
(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-бап. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар
Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
4-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.
2. Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5-бап. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi
1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мынадай өкiлеттiктер жүктеледi:
1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу және бекiту;
4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн қалыптастыру;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру;
9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;
11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;
13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жүктеледi.
2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. P990218
3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003. 03. 11
N 393
, 2005. 07. 08.
N 75
(2-1-тармақтың күші 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі; қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
6-бап. Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi) ;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;
5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы
7-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz