Мұрагерлік құқықтың түсінігі



1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері
2 Мұрагерлік объектілері
Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері. Мұрагер бола алатын тұлғалар
Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
Мұрагерлік процесінен 2 кезенді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері.
Мұрагер бола алатын тұлғалар
Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа
адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.
Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық
мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің
ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ
мезгілде ауысады.
Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер
мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие
болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық
ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе,
екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
Мұрагерлік процесінен 2 кезенді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра
қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген
меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда
өзге заң актілерімен реттеледі.
Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі
кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет
және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған
заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана
өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша
да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның
өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған
адамдар кірмейді.
Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған
және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке
шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған
адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде
бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны,
сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген
міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және
кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынща мұраны алуға
құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-
жайларды сот белгілейді.
Мұрагерлік тәртібінде зейнеткерлік жинақ ақша төлемдері зейнетақы
заңнамасымен реттеледі, оған сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ
ақша мұрагерлікке қалады. Мұрагерлік тәртібінде зейнетақы жинақ ақшасын алу
үшін мұрагер (лер) мына құжаттарды береді:
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
мұрагердің (лердің) жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және
және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы немесе нотариалды расталған
көшірмесі;
салымшының өлгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
мұрагерлікке құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды
расталған көшірмесі.
Мұрагерлікке қалатын мүліктің бөліктері болған жағдайда мынадай
құжаттар қосымша болуы тиіс:
1) мұрагерлікке құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды
расталған көшірмесі және мұрагерлікке қалатын мүліктің бөлігі туралы
келісім;
2) немесе заңды күшіне енген сот шешімі.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті пошта байланыс
құралдары арқылы өткізу кезінде алушының жеке басын куәландыратын құжаты,
сондай-ақ, алушының зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішіндегі қолы
нотариалды куәландырылады (нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде
жүргізіледі).
Зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтінішімен сенімді тұлға
хабарласқан жағдайда сенімді құжаттар пакетіне нотариалды рәсімделген
сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды расталған көшірмесі (егер
сенімхат бір уақытта бірнеше ұйымда сенім берушінің мүддесін беру жөнінде
өкілеттілігі бор болса), сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын
құжатының көшірмесі және салыстырып байқау үшін түпнұсқасы қосымша берілуі
тиіс.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы сенімді өтінішті Қорға өткізу
сенімді тұлға жеке хабарласқан жағдайда жүзеге асырылады.
Өзге халықаралық шарттармен белгіленген, Қазақстан Республикасымен
бекітілген жағдайларды қоспағанда, ҚР шегінде нотариалды расталған құжаттар
жарияланған болуы тиіс.
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді шегергенде, мұрагерлікке қалатын
сома инвестициялық кірісті есептеудің соңғы күніндегі зейнетақы жинақ ақша
сомасына тең болады.
Алушының отбасынан немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлға қайтыс болған
жағдайда Қор 15 айлық есептік көрсеткіш шегінде жерлеуге арналған бір жолғы
төлем төлейді, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспауы тиіс.
Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді алу үшін мынадай құжаттарды беруі
тиіс:
белгіленген нысанда зейнеткерлік төлем тағайындау туралы өтініш;
қайтыс болған алушы отбасының немесе жерлеуді жүзеге асыратын тұлғаның
жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі және және салыстырып байқау
үшін түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
алушының өлгені туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
Осындағы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады.
(Азаматтық Кодекстің 1057-бабы)
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы
бар мұрагерлерге де қолданылады.
Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен
міндеттер:
- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды
тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру
туралы заң актілерінің негізінде басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және заң. Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
Құқық және заң аналогиясы
Мұрагерлік құқық
Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
Мұрагерлік түсінігі және оның түрлері
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Пәндер