Мемлекеттік биліктегі сот жүйесіндегі жаңа реформалық қатынынастардың ұлттық негізде даму жолдары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ з. ғ. д., профессор Т. Ағдарбеков

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУмагистірі Б. Темірбаев

Мемлекеттік биліктегі сот жүйесіндегі жаңа реформалық қатынынастардың ұлттық негізде даму жолдары

Developing ways of new reforming relations in Government judge based on a national principal

Біз сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңа реформаларға байппен қарағанымыз дұрыс. Қазіргі таңда алқа билер соты және атқарушы билік тармақтары құзырлары мәселесі бүгінгі таңда егжей-тегжейлі қарастырылып, ғылыми-құқықтық зерттеуден өтпегенін айқын білеміз. Міне тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастырудың қазіргі жағдайында ұлт ерекшелігін танытатын билік тармақтары ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің сот жүйесін дамыту ісінде қолданылатын нысандар мен әдістерін жетілдіруге де қатысты мәселелерді теориялык-құқықтық жағынан зерделеу ерекше маңызға ие болып отыр.

Сот және атқарушы билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың ұлттық сипатта дамуына негіз болған алқалы билік ету жүйесін жетілдіруде заң талаптары мен құрылымдық-ұйымдастырушылық принциптерін анықтап зерттеу қажет. Айта кету керек, бұл мәселені осы тұрғыдан түсінісіп , бағамдау, біздің пікірімізше, мемлекеттік биліктің сот және атқарушы институттары арасында құзырларды одан әрі шектеу үшін де елеулі маңызы бар.

Демек, біз сот құрылысын, сотта іс жүргізу жүйесін де, сондай-ақ атқарушы тармақ жүйесін де дамыту барлық үш тармақтың үйлесімді дамуы мен оңтайлы жұмыс істеуінің аса маңызды шарты деп білеміз. Нақ осыдан егеменді, тәуелсіз Қазақстанда шынайы құқықтық мемлекетті де, нақты демократиялық азаматтық қоғамды да қалыптастыру алғы шарттарының әлеуметтік-құқықтық негіздерін көреміз.

Осы мәселеде С. Сартаевтың: «Билік тармақтарының бөлінуі өкілеттіктерді бөлуден, өзара бакылаудан, тежемелік пен тепе-тендік жүйесінен, тендестіруден, тіл табысу мен келісімге келу арқылы тепе-теңдікті сақтаудан көрінетінін де атап айтқан жөн»[1] -деген пікір білдіреді.

Қазақ даласында мыңдаған жылдар жұмыс жасаған алқа билер төрелігі атқарушы билік түріндегі заң шығарушылықты, тіпті сот органдарын да алмастыруы мүмкін . Мемлекеттік істерді ұтымды ұ йымдастырудың қажетті элементі болып табылатын аткарушы органдардың тиімді жақтарын пайдалана отырып, мемлекеттік биліктің атқарушы тармағын билік монополисіне айналдыруға сенімді тосқауыл қоюдың маңызы зор. Атқарушы «билік» заңға негізделуге және өз қызметін тек заң шеңберінде ғана жүзеге асыруға тиіс екенін біз бір сәтке болса да естен шығармаймыз. Сонымен қатар мына жағдайды да атап айту керек: атқарушы органдар заң шығарумен айналыспауға тиіс, бірақ заңмен белгіленген рәсімдер шеңберінде занды орындау жолында іс-қимыл жасауға тиіс. Атқарушы «билік» органы шығарған қосымша заң актісінің ол заңмен белгіленген өкілеттіктер шеңберінде ғана шығарылса немесе сот бұл актіні құқықтық негізі бар деп таныса ғана заң күші болады. Сондыктан да заң шығарушы және атқарушы тармақтар арасындағы бұл байланыс алқа билер төрелігін дамытудағы мәселелердің бірі болып табылады.

Міне осы тұста мемлекеттік билік органдарының өздеріне тән емес міндеттерді «иеленіп алуына» катаң тыйым салынуға тиіс, бұл зиянды қоғамдық құбылыс ретінде қаралуы керек екені айқын көрініс табады. Сондықтан да мемлекеттік биліктің әртүрлі тармақтары міндеттерінің араласып, бір-біріне кірігіп кетуіне жол бермеу бағытындағы құрылымдық жүйесіздікті жою ең өзекті мәселелердің біріне айналуда. Тұтастай алғанда, мемлекеттің алдында тұрған міндеттер барлық билік тармақтары үшін ортақ міндеттер болып табылады.

Мысалы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау, корғау - бұл мемлекеттің «қасиетті» міндеті, осы міндеттер мемлекеттік биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтары қызметінің бүкіл мәнін айқындайды және олардың орындалуын әлеуметтік тәжірибеде сот төрелігі органдары қамтамасыз етеді [2] .

Биліктің атқарушы және сот тармақтары өзара сан қырлы қатынаста болады, қажет жағдайларда бір-бірін «толықтырып» та отырады. Сондай-ақ бұлардың өзара іс-қимылдарының нысандары да әртүрлі екенін айта кеткен жөн, бұл іс-қимылдар біз қарастырып отырған билік тармақтарының мемлекеттік билік субъектілері ретінде ғана емес, нақты қоғамдық-мемлекеттік құрылымның біртұтас саяси жүйесіне кіретін мемлекеттік аппараттың субъектілері ретінде де ерекшелерін көрсетеді.

Сондықтан да, біздің көзқарасымызша, өтпелі кезеңнің қазіргі жағдайында мемлекеттік қызметті дамыту жөнінде шешуші шаралар колдану орынды болар еді. Өйткені кез келген мәселелер мен бағдарламалардың тағдырын тек адамдар ғана шешеді, демек «кадр» мәселесіне қатысты көптеген мәселелерді жан-жақты шешу керектігі талас туғызбаса керекті.

Айта кету керек, біздің елімізде сот төрелігінің қалыптасу тарихының қазақ халқының тарихнамасында алатын орны ерекше екені белгілі. Оның тұпбастауында сонау заманнан атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен құқықтық әдет-ғүрыптарымыз жатыр.

Мысалы, шешім шығару ауыртпалығы билер үшін ақсақалдарға түскенін айрықша атап айту керек; сонымен қатар сот билігі дін иелерінің колында болғанын да айтпай кетуге болмайды. Әлім-ақын - дін басшысы, сонымен қатар бас судья да, оның қарамағында бірнеше қазылар - ақындар (судьялар) және мүфтилер - ақындар болады, соңғылары адвокаттар міндетін атқарады [3] .

Өкінішке орай, күні кешеге дейін қазақ халқының сот төрелігінің тарихы жайлы мүлде айтылмады немесе керексіз, «қауқарсыз» өткеннін саркыншақтары ретінде түсіндіріліп келді. Ал, шын мәнінде, «қазақ даласында» қолданыс тапқан құқықтық реттеулер - бұл терең ақыл-ойдың, дөп тауып, кесіп айтар данагөйліктін, әділеттілік пен кекшілдік заңдарын зерделей білудің, адам жанының тылсым сырларын сергек сезініп, түйсінудің сарқылмас қайнар көзі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Құқықтық мемлекет
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мәні
Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Құқықтық мемлекеттің белгілері
Саяси режимдегі саяси партиялар
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Заңды тұлғаны құру тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz