Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы
1.бап Демократиялық сайлаудың стандарттары
2.бап Жалпыға бірдей сайлау құқығы
3.бап Тең сайлау құқығы
4.бап Төте сайлау құқығы
5.бап Құпия дауыс беру
6.бап Мерзімді және міндетті сайлаулар
7.бап Ашық және жария сайлау
9.бап Шынайы сайлау
10.бап Әділ сайлау
11.бап Сайлау органдарының (сайлау комиссияларының) сайлауды өткізуi
12.бап Сайлауды және кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау науқанын қаржыландыру
13.бап Сайлауды және үгіт қызметін мемлекеттік ақпараттық қолдау
14.бап Ұлттық бақылаушылардың мәртебесі мен өкілеттігi
15.бап Халықаралық бақылаушылардың мәртебесі мен өкілеттіктерi
16.бап Азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтары бұзылғандығы үшін шағымдануы және жауапкершілік

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін негізге ала отырып,
Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның және билікке өкілеттілік шынайы және мерзімдік сайлауда білдірілген халықтың өз еркіне негізделуі тиіс екендігін анықтаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Еуропа Кеңесінің, басқа да халықаралық ұйымдардың еркін және әділ сайлауды өткізу туралы құжаттарының маңызын қуаттай отырып,
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау мен қорғау, халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық институттарын, оларды іске асыру рәсімдерін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес ұлттық конституция және құқықтық актілер негізінде дамыту мен жетілдіру құқықтық мемлекеттің мақсаты мен міндеті екендігіне, сондай-ақ қоғамдық тұрлаулылықтың және өздерінің ортақ демократиялық жетістігі болып табылатын күзгі мұраттар мен принциптерді жүзеге асыру және қорғау жолында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың ажырамас шарттарының бірі болып табылатындығына кәміл сенім білдіре отырып,
өкілдік басқарудың демократиялық жүйелерінің, сайлау өткізу кезінде халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық дәстүрлерін орнықтыруға және жетілдіруге, құқық пен заң үстемдігі негізінде халық билігінің өзге де нысандарының жүзеге асырылуына, ұлттық және тарихи дәстүрлердің барынша ескерілуіне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
сайлау - тұрлаулы азаматтық қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуының саяси және құқықтық тетіктерінің бірі екендігіне кәміл сенім білдіре отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлауды құқықтық реттеудегі жинақтаған ұлттық тәжірибесінің құндылығын, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтары кепілдігін тани отырып,
жалпыға бірдей танылған сайлау стандарттары мен сайлауды реттеудің ұлттық нормаларын, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын үйлестіруді, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуы мен қорғалуы кепілдігін қамтамасыз етуді, осы Конвенцияның ережелерін конституцияның және ұлттық заңнаманың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік саясаттың негізінде жүзеге асыруға бекем бел буа отырып,
осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларға қоғамдық және халықаралық бақылауды ұйымдастыру кепілдігін бекітуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық
сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы
конвенция
(Кишинев қ. 2002 ж. 7 қазан )
2007 жылғы 7 маусымдағы № 260-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін
негізге ала отырып,
Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның және билікке
өкілеттілік шынайы және мерзімдік сайлауда білдірілген халықтың өз еркіне
негізделуі тиіс екендігін анықтаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы
халықаралық пактінің, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
жөніндегі ұйымның, Еуропа Кеңесінің, басқа да халықаралық ұйымдардың еркін
және әділ сайлауды өткізу туралы құжаттарының маңызын қуаттай отырып,
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау мен қорғау,
халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық институттарын, оларды іске
асыру рәсімдерін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері
мен нормаларына сәйкес ұлттық конституция және құқықтық актілер негізінде
дамыту мен жетілдіру құқықтық мемлекеттің мақсаты мен міндеті екендігіне,
сондай-ақ қоғамдық тұрлаулылықтың және өздерінің ортақ демократиялық
жетістігі болып табылатын күзгі мұраттар мен принциптерді жүзеге асыру және
қорғау жолында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың
ажырамас шарттарының бірі болып табылатындығына кәміл сенім білдіре отырып,
өкілдік басқарудың демократиялық жүйелерінің, сайлау өткізу кезінде
халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық дәстүрлерін орнықтыруға және
жетілдіруге, құқық пен заң үстемдігі негізінде халық билігінің өзге де
нысандарының жүзеге асырылуына, ұлттық және тарихи дәстүрлердің барынша
ескерілуіне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
сайлау - тұрлаулы азаматтық қоғамның және мемлекеттің орнықты дамуының
саяси және құқықтық тетіктерінің бірі екендігіне кәміл сенім білдіре
отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлауды
құқықтық реттеудегі жинақтаған ұлттық тәжірибесінің құндылығын, адамның
және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтары кепілдігін тани отырып,
жалпыға бірдей танылған сайлау стандарттары мен сайлауды реттеудің
ұлттық нормаларын, адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен
бостандықтарын үйлестіруді, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуы мен қорғалуы
кепілдігін қамтамасыз етуді, осы Конвенцияның ережелерін конституцияның
және ұлттық заңнаманың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік саясаттың негізінде
жүзеге асыруға бекем бел буа отырып,
осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердегі сайлауларға қоғамдық және
халықаралық бақылауды ұйымдастыру кепілдігін бекітуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Демократиялық сайлаудың стандарттары
1. Демократиялық сайлау - халықтың билігі мен еркінің ең жоғары тікелей
көріністерінің бірі, мемлекеттік биліктің және жергілікті өзін-өзі
басқарудың сайланбалы органдарының, халықтық (ұлттық) өкілдіктің өзге де
органдарының, сайланатын лауазым иелерінің негізі болып табылады.
2. Тараптар демократиялық сайлаудың стандарттары төмендегілер болып
табылатынын таниды: мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдіктің органдарына
азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы; сайлаушылардың ерік білдіру
бостандығын қамтамасыз ететін құпия дауыс беру кезінде жалпыға бірдей тең
сайлау құқығы негізінде сайлаудың мерзімдік принциптері, және міндеттілігі,
әділдігі, шынайылығы және бостандығы; сайлаудың ашық және жариялылық
сипаты; адамның және азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын соттық
және өзгедей қорғауды, сайлауға қоғамдық және халықаралық бақылауды жүзеге
асыру; сайлау процесіне қатысушылардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын
іске асыру кепілдіктері.
3. Азаматтың сайлауға және сайлануға құқығы конституцияда және (немесе)
заңдарда бекітіледі, ал олардың жүзеге асырылуы заңдармен және өзге де
нормативтік құқықтық актілермен анықталады. Сайлау және сайлану құқығын,
сайлау тәртібін (сайлау жүйелері) заңнамалық реттеу, сол сияқты сайлау
құқықтары мен бостандықтарын шектеу, адамның және азаматтың жалпыға бірдей
танылған сайлау құқықтары мен бостандықтарын және олардың іске асырылуының
конституциялық және (немесе) заңнамалық кепілдіктерін шектеуге немесе
болдырмауға, сонымен бірге кемсітушілік сипат алмауға тиіс.
4. Сайлауды белгілеу, дайындау және өткізу конституция мен заңдар
негізінде жүзеге асырылады.
5. Конституциямен, заңдармен белгіленген қажетті дауыс санын алып,
сайланған адамдар заңдармен бекітілген тәртіпте және мерзімде сайлаушылар
алдындағы өз жауапкершілігін тани отырып, қызметіне кіріседі. Олар өз
өкілеттігінің мерзімі аяқталғанша немесе өкілеттігі демократиялық
парламенттік және конституциялық рәсімдерге сәйкес конституциямен,
заңдармен реттелетін өзгедей түрде тоқтатылғанша қызметінде қалады.
6. Сайлаудың заңды және көпшілік сипаты, сайлауға қатысушы азаматтардың,
кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау құқықтары мен
бостандықтарының қорғануы мен іске асырылуы, сайлау процесін ұйымдастырудың
конституциялық принциптерінің құқық қолданушылық тәжірибеде қолданылуы
соттық, әкімшілік және өзге де қорғау амалдарымен қамтамасыз етіледі.
7. Мемлекеттік билік органына және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына сайланбалы
лауазым иелерін сайлауды дайындауға және өткізуге ықпал ететін немесе оған
кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жүзеге асыруға шетелдік азаматтардың,
азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық қоғамдық
қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың қандай да болсын тікелей немесе
жанама түрде қатысуына жол берілмейді.
2-бап
Жалпыға бірдей сайлау құқығы
Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципін сақтау мынаны білдіреді:
а) әрбір азамат конституцияда, заңдарда көрсетілген жасқа жеткенде
мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына,
өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына, сайланбалы қызметтерге
конституцияда және заңдарда көзделген жағдайда және тәртіппен сайлауға және
сайлануға құқылы.
б) азаматтың мемлекеттік билік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарына, сайланбалы
қызметтерге сайлау және сайлану құқығы оның жынысына, тіліне, дініне немесе
діни наным-сеніміне, саяси немесе өзгедей көзқарасына, ұлттық яки
әлеуметтік шығу тегіне, ұлттық азшылық немесе этникалық топқа
жататындығына, мүліктік не болмаса өзге де осы тектес жағдайына байланысты
қандай да бір кемсітушілік сипаттағы шектеулерге қарамастан іске асырылады;
в) Ұлттық сайлау өтетін мерзімде өз мемлекеті аумағының шегінен тыс
жерде тұрған немесе болған әрбір азамат өз мемлекетінің басқа да
азаматтарымен тең сайлау құқығына ие болады. Дипломатиялық өкілдіктер мен
консулдық мекемелер, олардың лауазымды қызметкерлері азаматтардың сайлау
құқықтары мен бостандықтарын іске асыруына көмектеседі;
г) әрбір азаматқа оның сайлаушылардың тізіміне енгізілгендігі туралы
ақпарат алу, осы ақпаратты оның толықтығы мен растығын қамтамасыз ету
мақсатында анықтау, заңда бекітілген тәртіппен өзінің сайлаушылардың
тізіміне енгізілуіне білдірілген қарсылыққа шағымдану құқығына кепілдік
беріледі.
3-бап
Тең сайлау құқығы
1. Тең сайлау құқығы принципін сақтау мынаны білдіреді:
а) әрбір азамат бір дауысқа немесе басқа азаматтармен бірдей дауыс
сандарына ие, және өзінің дауыс беру құқығын басқа азаматтармен тең тұрғыда
жүзеге асыруға құқылы, сондай-ақ оның дауысы (дауыстары) басқа да
сайлаушылардың дауыстарымен бірдей салмаққа ие болады, бұл орайда сайлаушы
даусының (дауыстарының) салмағына мемлекетте қолданылатын сайлау жүйесі
әсерін тигізбеуі тиіс;
б) бір мандатты және (немесе) көп мандатты сайлау округтарында дауыс
беруді өткізгенде, бұл округтар дауыс беру нәтижелерінен сайлаушылардың
еркі мүмкіндігінше дәлме-дәл және толық көрінетіндей болып тең негізде
құрылуы тиіс. Тең негіздің өлшемі мынадай бола алады - сайлаушылар саны
бойынша бір мандатты сайлау округтерінің шамалас теңдігі немесе көп
мандатты сайлау округтерінде бір депутаттық мандатқа сайлаушылар санының
шамалас теңдігі. Мекен-жайларға барудың қиындығы мен алыстығы, азшылықты
құрайтын түпкілікті халықтардың немесе өзге де ұлттық азшылықтардың және
этникалық топтардың тығыз тұратындығы өкілдіктің орташа нормасынан ауытқуға
негіздеме болып табылуы мүмкін.
2. Әрбір сайлаушы еркін дауыс беруге қатысуға өз құқығын іске асыруы
үшін сайлау учаскесіне, сондай-ақ сайлау өтетін үй-жайға теңдей және
кедергісіз рұқсат алуға құқылы.
3. Азаматқа сайлаушыларға барынша ыңғайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз
ететін, мерзімінен бұрын дауыс беруді, дауыс беретін үй-жайдан тысқары
жерде дауыс беруді, болмаса дауыс берудің өзге де рәсімдерін ұйымдастыру
арқылы оның дауыс беруге қатысу құқығын іске асыруына мүмкіндіктер берілуі
мүмкін.
4. Әрбір азамат сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға тең құқылық
мүмкіндіктерге ие болуы тиіс.
5. Жаңа мерзімге сайланбалы қызметке кандидаттардың сайлау науқанына
қатысу ерекшеліктеріне байланысты шектеулер конституциямен және заңдармен
реттеледі. Бекітілген шектеулердің сақталуы депутаттардың, сайланбалы
лауазым иелерінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруларына және сайлаушылар
алдындағы өз міндеттемелерін орындауларына кедергі келтірмеуі тиіс.
6. Кандидаттардың қызметтік немесе лауазымдық жағдайларының
артықшылықтарын өздерінің сайланулары мақсатында қолдануға құқылары жоқ.
Тең сайлау құқығы принциптерін бұзушылықтардың тізбесі және ондай
бұзушылықтарға жауапкершілік заңдармен белгіленеді.
4-бап
Төте сайлау құқығы
1. Төте сайлау құқығы принципін сақтау - азаматтардың сайлауда тікелей
тиісінше кандидатқа және (немесе) кандидаттар тізімін жақтап, не болмаса
кандидатқа, кандидаттарға және (немесе) кандидаттар тізіміне қарсы, не
барлық кандидаттарға және (немесе) кандидаттар тізіміне қарсы дауыс
беретінін білдіреді.
2. Ұлттық заң шығарушы органның палаталарының біріндегі барлық
депутаттық мандаттар кандидаттардың және (немесе) кандидаттар тізімінің
бүкілхалықтық сайлау барысындағы ерікті бәсеке-жарысының нысанасы болып
табылады.
3. Егер ұлттық заң шығарушы орган қос палаталы болатын болса және оның
палаталарының бірінің депутаттық мандаттарының барлығы, не болмаса бір
бөлігі кандидаттардың және (немесе) кандидаттар тізімінің бүкіл халықтық
сайлау барысында ерікті бәсеке-жарысының нысанасы болып табылмаса, онда бұл
осы Конвенцияға қайшы келмейді.
5-бап
Құпия дауыс беру
1. Құпия дауыс беру принципін сақтау - сайлаушылардың өз еріктерін
білдіруге қандай да болсын бір бақылау орнатуды болдырмауды, еркін сайлау
үшін тең жағдайлар жасауды қамтамасыз етуді білдіреді.
2. Азаматтардың дауыс беру құпиясына құқықтары ешқандай түрде және
ештеңемен де шектелмейді.
3. Сайлау құпия дауыс беру рәсімін пайдалану арқылы өткізіледі.
4. Сайлау органдары конституцияда, заңдарда, өзге де құқықтық актілерде
қарастырылған шарттардың сақталуын қамтамасыз етіп, сайлаушының құпия дауыс
беру орнында бюллетенді толтыруына қандай да бір бақылауды немесе байқауды
жүзеге асыру, сайлаушының ерік білдіру құпиясын бұзатындай кімнің де болсын
іс-әрекет жасау мүмкіндігін болдырмайды.
6-бап
Мерзімді және міндетті сайлаулар
1. Сайланбалы мемлекеттік билік органдарын, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарын, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарын, сайланбалы
лауазым иелерін сайлау міндетті болып табылады және конституцияда, сондай-
ақ заңдарда белгіленген мерзімде өткізіледі.
2. Сайлау сайланбалы мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының, өзге де халықтық (ұлттық) өкілдік органдарының,
сайланбалы лауазым иелерінің негізі - әрқашан халықтың ерікті еркі
болатындай түрде конституцияда, заңдарда белгіленген мерзімділікпен
өткізілуі тиіс.
3. Сайланбалы органдардың, сайланбалы лауазым иелері өкілеттігінің
мерзімі конституцияда және заңдарда белгіленеді, және де оларда көзделген
тәртіппен ғана өзгертілуі мүмкін.
4. Конституцияға және заңдарға сәйкес тағайындалған сайлау мерзімін,
сайлаудың жүргізілуін және рәсімін бұзуға немесе болдырмауға не болмаса
ауыстыруға шақыратын немесе мақсат ететін іс-әрекеттер жасалмауы немесе
үндеулер таратылмауы тиіс.
5. Төтенше немесе әскери жағдайларда азаматтардың қауіпсіздігін және
конституциялық құрылыстың қорғалуын қамтамасыз ету үшін конституцияға,
заңдарға сәйкес құқықтар мен бостандықтарды қолданудың шектері мен
мерзімдері көрсетілген шектеулер қойылуы, сондай-ақ сайлау өткізу кейінге
қалдырылуы мүмкін.
7-бап
Ашық және жария сайлау
1. Сайлауға дайындық және оны өткізу ашық және жария жүргізіледі.
2. Өздерінің құзырлы шегінде және сайлауды тағайындауға, оған
дайындалуға және өткізуге, азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мемлекеттік билік органдарының,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сайлау органдарының шешімдері
заңдарда көзделген тәртіпте және мерзімде міндетті түрде ресми жариялауға
жатады, не болмаса өзгедей жолмен жалпы жұрттың назарына жеткізіледі.
3. Азаматтардың сайлау құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін
қозғайтын құқықтық актілер мeн шешімдер, егер олар жалпы жұрт назарына
жеткізу үшін ресми жарияланбаса қолданылмайды.
4. Сайлау органы сайлау туралы заңнамада белгіленген мерзімнің ішінде
өзінің баспа органында немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында дауыс
берудің нәтижелері туралы деректерді, сондай-ақ сайланған адамдар туралы
мәліметтерді ресми жария етеді.
5. Сайлаудың ашықтығы мен жариялылығы принципін сақтау сайлауға қоғамдық
және халықаралық бақылау жүргізуді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды
қамтамасыз етуі тиіс.
8-бап
Еркін сайлау
1. Конституцияның үстемдігі еркін сайлау өткізудің және азаматтарға,
сайлау процесінің өзге де қатысушыларына қандай да бір ықпал ету, күштеу,
күш қолдану немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттерсіз өзінің сайлауға
қатысуына немесе қатыспауына байланысты заңмен рұқсат етілетін нысанда және
заңды әдістермен, дауыс берудің қорытындыларының, сайлау нәтижелерінің
қандай болатынына қарамастан, жазаланудан болмаса ықпал етуден
қауіптенбестен өз қалауын жасаудың, сондай-ақ еркін сайлау принципінің
сайлау процесінің барлық кезінде қалтқысыз сақталуының құқықтық және өзге
де кепілдіктерінің негізі болып табылады.
2. Азаматтың сайлауға қатысуы еркін және өз еркімен қалауымен болады.
Оны ешкім де белгілі бір кандидатты (кандидаттарды), белгілі бір
кандидаттар тізімін жақтап, немесе қарсы дауыс беруге мәжбүрлей алмайды,
азаматты сайлауға қатысуына немесе қатыспауына мәжбүрлеу мақсатында, сондай-
ақ оның өз еркін ерікті түрде білдіруіне ықпал етуге ешкімнің құқы жоқ.
Бірде бір сайлаушыны оның кандидатқа (кандидаттарға), кандидаттар тізіміне
қалай дауыс беретіндігі немесе бергендігі туралы мәлімдеуге ешкім де
мәжбүрлей алмайды.
3. Кандидат, саяси партия (одақ) және сайлау процесінің басқа
қатысушылары конституция мен заңдарға сәйкес қоғам және мемлекет алдында
жауапты болады. Бірде бір кандидаттың, бірде бір саяси партияның (одақтың),
бірде бір өзге де қоғамдық бірлестіктің немесе қоғамдық ұйымның психикалық
күшпен және діни мәжбүрлеу әдістерін немесе зорлық-зомбылыққа үндеу
шақыру немесе оны қолдау қаупін төндіру, не болмаса мәжбүрлеудің өзге де
нысандарын қолдануға құқы жоқ.
9-бап
Шынайы сайлау
1. Шынайы сайлау кезінде халықтың ерікті түрде білдірілген еркі және
оның тікелей жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі.
2. Шынайы сайлау сайлаушыларға конституция мен заңдар негізінде
кандидаттарды сайлауға мүмкіндік береді. Шынайы сайлау кезінде шын
мәнісіндегі саяси пікір алуандығы плюрализм, идеологиялық көп түрлілік
және көп партиялық орын алады. Бұлар, заңды қызметі мемлекеттің заңды
қорғауында болатын саяси партиялардың жұмысы арқылы жүзеге асады.
3. Шынайы сайлау кезінде сайлаушылардың кандидаттар, кандидаттар тізімі,
саяси партиялар (одақтар) және сайлау процесі туралы ақпаратқа, ал
кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) - бұқаралық ақпарат
құралдары мен телекоммуникация құралдарына еркін рұқсат алуы қамтамасыз
етіледі.
4. Сайлауға дайындық пен оны өткізу барысында мемлекеттік тіл немесе
мемлекеттік тілдер қолданылады, ал заңдармен белгіленген жағдайлар мен
тәртіп кезінде, сондай-ақ мемлекет аумағының құрамдар бөліктерінің ресми
тілдері, ал халықтар мен ұлыстар, ұлттық азшылықтар мен этникалық топтар
тығыз тұратын аумақтарда солардың тілдері қолданылады.
5. Сайлауды және сайлау іс-әрекеттері мен рәсімдерін белгілеу және
өткізу кандидаттарға, саяси партияларға (одақтарға) және сайлау процесінің
басқа да қатысушыларына сайлау алдындағы насихат науқанын толыққанды
өрістетуге мүмкіндік беретіндей тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылуы
тиіс.
6. Шынайы сайлау кандидаттарды, кандидаттар тізімін және саяси
партияларды (одақтарды) тең және әділ тіркеудің құқықтық шарттарын
білдіреді. Тіркеу шарттары артықшылықтарға немесе кемсітушілік сипаттағы
шектеулерге негіз боларлықтай жағдайға әкелмейтіндей айқын болуы тиіс.
Кандидаттарды, кандидаттар тізімін және саяси партияларды (одақтарды)
тіркеу нормаларын өз бетінше немесе кемсітушілік сипатта қолдануға жол
берілмейді.
7. Сайлауға қатысушы әрбір кандидат және әрбір саяси партия (одақ) дауыс
берудің қорытындыларын және демократиялық сайлаудың нәтижелерін тануы тиіс,
азаматтың сайлау құқықтары мен бостандықтарын бұзатын дауыс берудің ресми
нәтижелеріне, сайлаудың қорытындыларына сот және (немесе) өзге органдарға
заңдармен, мемлекеттің халықаралық міндеттемелерімен көзделген тәртіпте
және мерзімде шағым беруге мүмкіндігі болуы тиіс.
8. Іс-әрекеттері дауыстарды санауды, дауыс берудің нәтижелерін және
сайлау қорытындыларын бұрмалауға, азаматтың өз сайлау құқықтары мен
бостандықтарын еркін жүзеге асыруға, соның ішінде сайлауды мансұқтау немесе
мансұқтауға шақыру нысандарымен кедергі келтіруге, сайлау рәсімдерін немесе
сайлау әрекеттерін орындаудан бас тартуға бағытталған адамдар мен органдар
заң бойынша қудалауға жатады.
10-бап
Әділ сайлау
1. Әділ сайлау құқығы принципін сақтау - сайлау процесінің барлық
қатысушыларына тең құқылық жағдай жасауды қамтамасыз етуі тиіс.
2. Әділ сайлауды өткізуде мыналар қамтамасыз етіледі:
а) жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы;
б) әрбір кандидатқа немесе әрбір саяси партияға (одаққа) сайлау
науқанына қатысу үшін, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен
телекоммуникация құралдарына рұқсат алуына тең мүмкіндіктер жасау;
в) сайлауды, сондай-ақ кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың)
сайлау науқанын әділ әрі жария түрде қаржыландыру;
г) дауыс берудегі және дауыстарды санаудағы адалдық, сайлаудың барлық
қорытындыларын ресми жариялай отырып, дауыс берудің нәтижелері туралы толық
және жедел ақпарат беру;
д) сайлау процесін пәрменді қоғамдық және халықаралық бақылаумен ашық
және жария түрде жұмыс жасайтын әділ сайлау органдарының ұйымдастыруы;
е) азаматтардың, кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) сайлау
құқықтары мен бостандықтарын бұзушылыққа шағымдарын сайлау процесінің
тиісті сатыларының уақыт шеңберінде соттардың және өзге де уәкілетті
органдардың жедел және тиімді қарастыруы, сондай-ақ халықаралық құқықтың
нормаларымен көзделген тәртіпте, азаматтың өз сайлау құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға және қалпына келтіруге байланысты халықаралық сот
органдарына қайрылу құқығын қамтамасыз ету.
3. Кандидаттарды тиісті сайлау округы бойынша сайлаушылар және (немесе)
олар өздерін өздері ұсына алады. Кандидаттарды және (немесе) кандидаттар
тізімдерін, сондай-ақ саяси партиялар (одақтар), өзге де қоғамдық
бірлестіктер және кандидаттар мен (немесе) кандидаттар тізімін
конституцияда, заңдарда көрсетілген басқа да құқық субъектілері ұсына
алады.
11-бап
Сайлау органдарының (сайлау комиссияларының) сайлауды өткізуi
1. Сайлауға дайындық және оны өткізу, азаматтардың сайлау құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау, сондай-ақ олардың орындалуына
бақылау жасау мәртебесі, құзыреті мен өкілеттігі конституциямен, заң
актілерімен белгіленген сайлау органдарына (сайлау комиссияларына)
жүктеледі.
2. Сайлау органдарын алмастыратын не болмаса олардың қызметін толық
немесе ішінара атқаратын, немесе олардың заңды қызметіне кедергі
келтіретін, немесе олардың қызметіне заңға қайшы түрде араласатын, не
болмаса олардың мәртебесі мен өкілеттіктерін иемденіп алған өзге де
құрылымдардың (органдар мен ұйымдардың) құрылуы мен іс-әрекетіне жол
берілмейді.
3. Сайлау органдарын қалыптастырудың, өкілеттігінің тәртібі, қызметінің
ұйымдастырылуы, сондай-ақ сайлау органдары құрамын таратудың немесе сайлау
органы мүшелерінің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының тәртібі,
негіздемесі және мерзімдері заңдармен белгіленеді. Бұл орайда сайлау органы
мүшелері өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуының тәртібі мен
мерзімінің заңдарда қарастырылған негіздемесі, сондай-ақ уәкілетті органның
сайлау органынан шығарылған мүшесінің орнына жаңа мүшені тағайындауы сайлау
органына оған жүктелген өкілеттіктерін жүзеге асыруға кедергі келтірмеуі
тиіс, сондай-ақ сайлау процесінің тұтастығын бұзбауы, сайлау әрекеттерін
орындаудың мерзімін сақтамауға әкелмеуі, азаматтардың сайлау бостандықтары
мен құқықтарын бұзбауы тиіс.
4. Тараптар кандидатқа, кандидаттар тізімін ұсынған саяси партияға
(одаққа), заңдарда көзделген тәртіпте кандидатты (кандидаттар тізімін)
тіркеген сайлау органына және одан төменгі сайлау органдарына кеңесші дауыс
құқығымен өзін тағайындаған кандидаттың, саяси партияның (одақтың) атынан
қатысатын сайлау органының бір мүшесін тағайындауға берілетін мүмкіндікті
таниды.
5. Кеңесші дауыс құқығы бар сайлау органының мүшесі сайлау органының
отырыстарында сөз сөйлеуге, сайлау органының құзыретіне жататын мәселелер
бойынша ұсыныстар енгізуге және осы мәселелерді дауысқа салуды жүргізуді
талап етуге құқылы; сайлау органының әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты
жоғары тұрған сайлау органына немесе сотқа шағым беруге, заңдармен
көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
6. Сайлау органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері-атқарушы
билік органдары, мемлекеттік мекемелер, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың
уәкілетті өкілдері, ұйымдар, лауазымды адамдар, сайлаушылар, төмен тұрған
сайлау органдары және заңдарда көрсетілген өзге де ұйымдар мен тұлғалар
үшін міндетті.
7. Тараптар өздерінің заңдарымен мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-
өзі басқару органдарына, мекемелерге, ұйымдарға, сондай-ақ олардың
лауазымды адамдарына сайлау органдарының өкілеттігін іске асыруға жәрдем
жасауды міндеттейді, ал сайлау туралы заңнамада көрсетілген теле және
(немесе) радио хабарларын таратушы ұйымдарға тегін эфир уақытын беруге,
және мерзімдік басылымдардың редакцияларына сайлау органдары үшін
сайлаушыларды сайлау туралы, сайлау науқанының барысы туралы хабарландыруға
қажетті басылымдық ақпаратты жария етуге мүмкіндік беруге міндеттейді.
12-бап
Сайлауды және кандидаттардың, саяси партиялардың
(одақтардың) сайлау науқанын қаржыландыру
1. Сайлауға байланысты іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражатының
есебінен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттер конституциялармен және заңдармен көзделген жағдайларда
және тәртіпте, сайлауға қатысушы кандидаттарға, саяси партияларға
(одақтарға) бюджет қаражаттарын әділ шарттарда бөлуді қамтамасыз етеді,
сондай-ақ сайлау органының жанынан бюджеттен тыс қордың құрылуына, болмаса
өз сайлау науқанын қаржыландыру үшін өзінің жеке ақшалай сайлау қорын
құруға және осы мақсаттар үшін жеке ақшалай қаражаттарын, жеке адамдардың
және (немесе) ұлттық заңды тұлғалардың ерікті ақшалай қайырмалдықтарын
пожертвования заңдармен көзделген мөлшерде және тәртіпте пайдалануға
мүмкіндік береді. Кандидаттардың, саяси партиялардың (одақтардың) осы
аталған қорларға түскеннен өзге де ақшалай қаражаттарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz