Өкілетті органдар



М А З М Ұ Н Ы.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Өкілетті органдар
1.1Парламенттің құрамы мен құзыреті. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Атқарушы органдар
2.1 Атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік.құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2Атқарушы билік органдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3. Сот билігі
3.1 Қазақстан Республикасында сот жүйеcі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік билік табылады. Конституцияда мемлекеттік билік тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік билікті жүзеге асыру механизмі» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік билікті жүзеге асыру механизмі туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру болып табылады.
Жалпы мемлекеттік билікті жүзеге асыру өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік биліктің бір буынына жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
2. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.
3.Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.
4.Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж. 21 қазан. 3-5б.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.
6.«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр. 3-4б.
7. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.
8.Амандықов С.К. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.
9. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.
10. Қазақстан Республикасының «Соттар және судьялардың құқықтық жағдайы туралы» Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж. 28 желтоқсан. 3-4б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Өкілетті органдар
1.1Парламенттің құрамы мен құзыреті.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Атқарушы органдар
2.1 Атқарушы билік органдарының  ұғымы мен әкімшілік-құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2Атқарушы билік органдарының
 жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
3. Сот билігі
3.1 Қазақстан Республикасында сот
жүйеcі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...19
3.2 Республикадағы сот билігінің
тәуелсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа
Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді
мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен
мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік билік
табылады. Конституцияда мемлекеттік билік тармақтарының әрқайсысына кең
өкілеттік берілген.

Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы Мемлекеттік билікті
жүзеге асыру механизмі деп аталады.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік билікті жүзеге асыру
механизмі туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік органдардың жүйесін
өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын
мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл мемлекеттік билікті жүзеге
асыру болып табылады.

Жалпы мемлекеттік билікті жүзеге асыру өзінің мақсаты бар және оны
орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік биліктің бір буынына жатады.

Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы
және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе
мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік
органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік билік органдары;
- мемлекеттік атқару органдары;
- сот билігі.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ
ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді 1, 51б..

1.Өкілеттік орган.

1.1 Парламенттің құрамы мен құзыреті.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару
функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі
палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан,
республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше
барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын
депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және
сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша
сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек
парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы
жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке
береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан
тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы
Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының
сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты
органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның
сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес
жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының
құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі
жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз
жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент
негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының
бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің
үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты
комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент
мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент
келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді,
халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық
заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын
шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады 5, 3б..

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал
содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,
бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық
дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін
белгілейді;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін
жояды 6, 24б..
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті және
оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-бабына
сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының
арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын
дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат
Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті
ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның
депутаттары ұсынады 5, 4б..

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер
құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін
Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар
шығарады.

Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін
ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің
қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

2. Атқарушы органдар.

2.1 Атқарушы билік органдарының  ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі.

Жалпы, атқарушы билік мемлекеттік биліктің бір тармағы болып
табылады. Атқарушы билік – бұл заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы
саяси өкілдіктердің өкілеттіліктерін,  әртүрлі бақылау түлерін жүзеге асыру
бойынша  өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару
бойынша өкілеттіліктердің жиынтығы.

Атқарушы биліктің мақсаттары:

1)   азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2)   азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің аман-есен өмір сүруіне септігін
тигізетін    жағдайлар жасау;

3)   азаматтардың немесе ұйымдардың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыру үшін, адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани
өмірлерінің еркіндігіне жағдай жасау.

Атқарушы биліктің  негізгі белгілері:

1)    жан-жақтылығы –адамдар ұжымдары қызмет еткен жерлердің  барлығында
болуы және үздіксіздігі;

2)    мәжбүрлеушілігі – күшке сүйенеді, ықпал ету шараларын жеке дербес
жүзеге асыру мүмкіншілігі;

3)    құралдылығы – құқықтық, ақпараттық, техникалық ұйымдық қорларының
болуы;

4)    ұйымдастырушылық сипатта болуы.

Атқарушы билікті ұйымдастыру қағидалары:

1)   халықтық билік қағидасы-бұл халық  биліктің бірден-бір көзі болып
табылады және атқарушы билік органдары арқылы және тікелей нормативті
актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының
қызметіне заң шығарушы, сот биліктері және халық бақылау жасайды. Осы
мақсатта  тұрғындар алдында  атқарушы билік органдарының лауазымды
тұлғалары есеп берушілік  тәртібі белгіленген.

2) заңдылық қағидасы – бұл барлық мемлекеттік басқару органдары және
олардың лауазымды тұлғалары өз қызметінде ҚР Конституциясын және басқа
заңдарды қатаң сақтауы қажет дегенді білдіреді.

3) биліктің бөлінуі қағидасы – бұл биліктің үш тармағының (заң шығарушы,
атқарушы, сот билігі тармақтары) болатындығын және олардың жеке дербестігін
көрсетеді. Мемлекеттік биліктің әр тармағы белгіленген шекте өз
функцияларын жүзеге асырады.

4) жариялылық қағидасы – бұл ҚР Конституциясында  нормативті-құқықтық
актілер ресми жарияланады деп белгіленген.  Адамның құқықтары,
бостандықтары және міндеттеріне қатысты  мемлекеттік басқару органдарының
НҚА халыққа жарияланбаған болса, онда олар қолданылмайды, яғни  мемлекеттік
басқару органдарының қызметі жария түрде жүзеге асырылады.

5) Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басымдылығы
қағидасы. Адам құқығы мен бостандығының мемлекет мүддесі алдында басым
болады, өйткені  адам құқықтары мен бостандықтары, өмірі мен денсауығы
мемлекетіміздің жоғарғы құндылықтары болып табылады, сондықтан барлық
мемлекеттік органдар, соның ішінде  атқарушы билік органдары  азаматтар
алдында  жауапты болады.

6) Орталықтандыру (централизация) және децентрализация қағидасы.
Централизация қағидасы – бұл мемлекеттік функциялардың көп бөлігі орталық
атқару органдарының қарамағына кіруі. Централизация  атқарушы биліктің 
бірыңғай жүйесінен туындайды. Децентрализация қағидасы – бұл  бұл жоғары
органдардың қол сұқпауынсыз, мемлекеттік функцияларды жеке, дербес жүзеге
асыруды қандайда бір органның қарамағына беруді және өкілеттілікті бекітуді
білдіреді. Децентрализацияның  ерекше бір түрі – атқарушы билік
органдарының өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін бағынышты органдардың
өкілеттілігіне делегирлеу.

            Атқарушы билік органдары - бұл қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-
саяси, әлеуметтік -мәдени, шаруашылық және сала  аралық аумақтық
міндеттерді жүзеге асыру үшін атқарушы-бұйырушы өкілеттілік берілген және
құрылымы болатын әлеуметтік құрылым немесе ұйым.

            Атқарушы билік органдарыныңөз құрылымы, құзырығы бар
мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып табылатын ұйым және заңнамаға
сәйкес құрылады. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша  қызмет етуге қатысуға
құқық берілген, атқарушы-бұйырушы қызмет ету тәртібінде шаруашылық,
әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси сфераларға күнделікті жетекшілік етуге,
сала аралық басқарумен шұғылдануға арналған.

            Атқарушы билік органдарының әкімшілік -құқықтық мәртебесі  мына
белгілер бойынша анықталады:

1) оперативті дербестілік берілген;

2) жоғарғы органдар құрады;

3) төменгі атқарушы билік органдарының жоғарғы  атқарушы билік органдарына
есеп беруі және бақылауда болуы;

4) атқарушы билік органдарының қызметі заң күшіндегі сипатта болады.

5) нормативті-құқықтық актілерді шығаруы, мысалы, қаулы, өкімдер.

            Атқарушы билік органдарының негізгі белгілері:

1) атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру;

2) мемлекеттік-биліктік өкілеттілікке ие;

3) белгіленген құзыреті бар;

4) ішкі ұйымдық құралымы, яғни тұрақты шаттары болады;

5) бюджетті орындау мәселелері бойынша белгіленген өкімді органдардың 
бақылауында болуы.

  Атқарушы билік органдары  әртүрлі негіздер бойынша классификацияланады.

1) құзырлығының көлемі мен сипаты бойынша:

а) жалпы құзырлы органдар - көптеген сфералардың қызметтеріне басшылық
жасайтын органдар, мысалы, ҚР Үкіметі, жергілікті атқару органдары;

б) салалық құзырлықтағы органдар - басқарудың жеке сфераларын және
салаларына басшылық ететін органдар, мысалы, министрліктер;

в) ішкі салалық құзырлықтағы органдар - сала шегінде тапсырылған жұмыс
учаскелерінің шегінде басшлық ететін органдар, мысалы, министрліктердің
теорриториялық органдары

г) сала аралық құзырлықтағы органдар - бұл барлық немесе көптеген басқару
салалары мен сфералары үшін арнайы функцияларды атқаратын органдар.

2) ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты:

а) министрліктер; б) мемлекеттік комитеттер; бас басқармалар; агенттіктер;
департаменттер; бөлімдер;

3) ведомство қарамағындағы сұрақтарды шешу тәртібі бойынша:

а) алқалық-осы органның құзырлығындағы барлық сұрақтар бойынша шешім
қабылдау  басымдылығы ұйымдастырылған және заңды түрде біріктірілген
тұлғалардың топтарына берілген органдар, мысалы, үкімет. Алқалы органдарда
шешім  олардың мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

б) дара басшылық органдар - бұл осы органның құзырлығына берілген барлық
сұрақтар бойынша  шешуші билік органды басқаратын жетекшіде болатын
органдар, мысалы агенттіктер.

4) қызметінің аумақтық масштабына байланысты:

а) орталық атқару органдары, мысалы, ҚР министрліктері;

б) жергілікті, мысалы, әкімшіліктер;

в) аумақаралық;

4) құрылу тәртібі бойынша:

а) ҚР Президенті құратын органдар, мысалы, агенттіктер;

б) жоғарғы атқарушы билік органдары құратын.

5) қаржыландырылуына байланысты:

а) мемлекеттік бюджеттік;

б) шаруашылық есебінен.

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда
өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы
билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі
құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы.
Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап
береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет
басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының
үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы
органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін
мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан –
Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген 1, 53б..

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 1-бабына
сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық
жасайды

Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары,
Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері,
мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика
Президенті құрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның 4-
бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей:
Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-
қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында
өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы
бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара
береді 7, 1-2б..

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің
келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның
қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың
жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы
туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын
қамтамасыз етеді;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын
қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар
әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне
басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге
де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің
қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата
тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне
жүктелген өзге де қызметтерді орындайды 6, 33б..

2.2 Атқарушы билік органдарының  жүйесі

   ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша  құрылады:

Жоғарғы атқаушы билік органдары (ҚР Үкіметі) - Үкіметтің құрамына кіретін
орталық  атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) - Үкіметтің
құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік органдары - жергілікті атқарушы
билік органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).

        Үкімет - ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті
жүзеге асырады, атқарушы  билік оргадарының жүйесін басқарады және олардың
қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында
жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді. Үкіметті ҚР Президенті құрады. ҚР
Үкіметінің құрамы мынадай мүшелерден тұрады: Премьер - министр (Кәрім
Мәсімов), оның орынбасарлары , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жергілікті басқару органдар жүйесін модернизациялаудың стратегиялық приориттері мен саяси механизмдері
Халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтер
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
ҚР жергілікті өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Мемлекет қоғамнын саяси жүйесінің негізгі элементі
Қоршаған ортаны қорғау
Коммуналар сияқты департаменттер анағұрлым маңызды аймақтық құрылымдар
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету қағидалары, еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікке жол бермеу
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
Пәндер