Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы



ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
1. ҚР Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
2. Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
3. ҚР нотариаттық қызметті құқықтық реттеу
4. Нотариаттың қызметін бақылау
5. Нотариаттық палатаның өкілеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.
Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру.
Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін тудырады.
Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған.
Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның пайда болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет етті.Олар жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша нотариалдық қызметке ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес міндетеммелердің мазмұнын есте сақтап, керекті кезде оны қайталап келтіріп отыруы тиіс болды. Жазбаша мәміле пайда болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол мәміленің мақмұнын емес, тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып отырды. Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы сақталу үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық айналымның дамуы иеленген құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз ететін құжаттарды құрастыратын арнайы жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.ҚР Конституциясы,1995ж.
2.ҚР Әділет министрінің 1997 жылы 28 шілдеде шыққан №539 бұйрығымен бекітілген «ҚР нотариустарының нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру туралы» Нұсқаулық.
3.http://zan.kz/kaz/docs/V980000564

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
1. ҚР Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
2. Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
3. ҚР нотариаттық қызметті құқықтық реттеу
4. Нотариаттың қызметін бақылау
5. Нотариаттық палатаның өкілеттілігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық
заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты нотариус
сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз белгі дегенді
білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта)
қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.
Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің
латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-
нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру.
Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың
белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік
қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен
немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге
асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін
тудырады.
Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне
бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың
арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда
болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді
қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-
тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған.
Ежелгі Вавилонда жеке меншіктің және жай азаматтық айналымның пайда
болуынан бастап иемденген құқықтырды растауға куәгерлер қызмет етті.Олар
жазбаша келісім мәмілелер жасасу әдеті орнатылғанша нотариалдық қызметке
ұқсас жұмысты атқарып отырды. Куәгерлер мәмілеге сәйкес міндетеммелердің
мазмұнын есте сақтап, керекті кезде оны қайталап келтіріп отыруы тиіс
болды. Жазбаша мәміле пайда болғаннан соң куәгердің рөлі өзгерді. Ол
мәміленің мақмұнын емес, тек оның жасалғандығын ғана растау үшін қолданылып
отырды. Мәмілелер мазмұны саз балшықтан жасалған арнайы тақтайшаларға
жазылып, өз иесінде сақталды немесе иелерінің қалауы бойынша жақсы сақталу
үшін шіркеу мұрағатына енгізіліп отырды. Тақтайшыны құжатты дұрыс толтыруы
үшін сәйкес білімі бар хатшы толтырды. Азаматтық айналымның дамуы иеленген
құқықтырдың даусыздығын қаматамасыз ететін құжаттарды құрастыратын арнайы
жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік шенеуніктерге деген мұқтаждықты тудырды.

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу
саласындағы құзыретi
 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
1) Аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет
көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) Нотариустардың Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы
нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы
уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу
жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың),
ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-
әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзiрлейдi
және бекiтедi;
5) Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереже әзiрлейдi және
бекiтедi;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк
тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;
7) Жекеше нотариустарды есеп алып тiркеу тәртiбi туралы ереже әзiрлейдi
және бекiтедi;
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және
түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) Нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк
тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi
ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру
және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың
лицензияларын одан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) Нотариаттық iс-әрекеттердi, нотариаттық куәлiктер мен қаулыларды,
мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру
жазбаларын тiркеу тiзiлiмдерiнiң нысанын белгiлейдi;
13) Жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту
тәртiбiн бекiтедi;
14) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша нотариустардың
қызметiн бақылау тәртiбiн бекiтедi;
15) Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс
өткiзу туралы ереженi бекiтедi;
16)  Нотариат туралы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық
қызметтi реттеудi жүзеге асырады.

Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл құқық пен фактілерді
куәландыруға және заңмен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыруға
бағытталған нотариаттық әрекеттерді жасау жолымен жеке және заңды
тұлғалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғаудың заңмен бекітілген
жүйесі. Нотариат термині латын сөзі notarius, аударғанда жазу, хатшы
деген мағананы береді. Біріншіден, нотариат даусыз құқықтар мен фактілерді
куәландыру, құжаттарды, олардан алынған көшірмелерді куәландыру, құжаттарға
атқарушылық күш беру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығы мен заңдық
мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басқа да нотариаттық
әрекеттер жасау жүктелген органдар жүйесін көрсетеді.
Нотариат жүйесіне тек қана мемлекеттік нотариалдық конторалар мен
жекеше нотариустар ғана емес, сонымен қатар нотариаттық әрекеттер жасау
өкілеттілігі бар атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары кіреді;
Қазақстан Республикасының консулдық ұйымдарының лауазымды тұлғалары басқа
мемлекеттердің аумағында нотариаттық әрекеттер жасай алады; жекелеген
нотариаттық әрекеттер жасау құқығы дәрігерлік бөлімнің бас дәрігері мен
оның орынбасарына, аурухананың кезекші дәрігеріне, сонымен қатар қарттар
мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлеріне, әскери
бөлімдердің, мекемелері мен әскери-оқу орындарының командирлеріне де
берілген. Егер тұрғылықты жерде нотариус болмаса, онда нотариаттық әрекетті
атқару билік органдарының лауазымды тұлғалары жасай алады. Өзінің сипаты
мен атқаратын функциясына байланысты нотариат мемелекеттік басқару
органдарының қатарына жатады. Өйткені нотариаттық әрекеттер жасау тек
белгілі бір билік өкілеттілігі бар органға жүктелген.
Нотариаттық қызметті реттейтін және бақылайтын мемлекеттің өкілетті
органы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігі болып табылады.
Екіншіден, бұл заң нормаларымен нотариаттық қызметті реттейтін заң
саласы. Ең алдымен біздің елде нотариат қызметі нотариат туралы Негізгі заң
талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.
Нотариат реформасы мен нотариат туралы заңның мәні бойынша қазіргі
экономикалық кеңістікте екі нотариус жұмыс істейді: бірі мемлекеттік
конторада, екіншісі жеке конторада. Олардың арасындағы айырмашылық,
біріншісі нотариаттық әрекет жасаудан алған төлемді толығымен мемлекетке
береді де одан кепілденген еңбек ақысын алады. Ал екіншісі жеке тәжірибемен
айналысып, төлемдерді өзінде қалтырады. Тек заңмен қарастырылған салықтар
мен өзге де төлемдерді төлейді. Бүгінгі күні нотариат – мемлекет
функцияларының бірін орындайтын және белгілі бір шығынсыз әрекет ететін
жалғыз көпшілік-құқықтық институт.
Нотариаттың алдында тұрған басты мақсат ол азаматтық құқықтық қатынасқа
қатысушылардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету. Мұндай міндет
нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңынан туындайды. Ал осы
мақсаттардың орындауын қамтамасыз ету үшіннотариаттық палата мен
нотариустар заң талаптарын қатал орындауы керек, сонымен қатар біздің
нотариат негізделген принциптердің орындалуын қамтамасыз етуі керек.
Нотариаттың келесі міндеттерінің бірі превентивтік әділ сот. Заңдық
бекітілген даусыз құқықтар сотқа жүгінуден қорғайды және жақтардың
құқықтары мен қаражаттарын үнемедеумен қатар мемлекеттің сот жүйесіне
кетіретін шығындарын да азайтады. Мысал ретінде туыстық қатынастардың болу
фактісін бекіту арқылы нотариустардың соттардың үлесіндегі салмақты азайту
мүмкіндігін жатқызуға болады. Бұл сұрақ мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде
жиі туындайды және мұрагерлік құқықты ресімдеу кезінде мұрагерлердің мұраға
қалдырушымен туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжаттардың болмау жағдайымен
жиі қатар жүреді. Қазір бұндай жағдайда нотариус жақтарды сотқа жіберуге
міндетті, ал сот нотариус жасаған сұраныстарды қайталайды да соңында
туыстық қатынастарды дәлелдей алатын куәларды шақырады.
Нотариаттың құқықтық табиғатын анықтайтын белгілердің қатарына
юрисдикциялық және құқық қорғау функциясын жатқызуға болады. Нотариус бұл
жүйедегі басты әрекеттегі тұлға ретінде, тұтынушының даусыз құқығы мен
заңдық фактілерін растап қана қоймай, сонымен қатар нотариус азаматтрадың,
заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқығы мен мүддесінің бұзылуына жол бермеуі
керек. Нотариус куәландырған келісімдер мен басқа да заңдық фактілердің
айғақтығы нотариаттың әрекеттерді жүргізу прцедурасының қатаң реттелген
ережесімен қамтамасыз етіледі.
Нотариаттық қызметтің негізгі принциптері:
Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметін реттейтін нормалар заңның жеке
саласын құрайды. Ол азаматтық, азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын үй,
халықаралық жеке құқық сияқты құқық салаларымен тығыз байланысты.
Нотариаттың өкілеттігін құрайтын нотариаттық әрекеттер жасау кезінде тек
қана нотариат туралы заң ғана емес, аталған құқық саласының көпшілігіне де
жүгіну керек. Мысалы, заң немесе өсиет бойынша мұрагерлік құқық туралы
куәлік берген кезде нотариус азаматтық, отбасылық, тұрғын үй және жер
туралы заңдарды басшылыққа ала отырып, оларға түсініктеме береді. Сондықтан
аралас құқықтық қатынастарды жақсы білу нотариус қызметімен айналысатын
тұлғалар үшін басты талап болып табылады.

ҚР нотариаттық қызметті құқықтық реттеу
 Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің
негізгі қайнр көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да
негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның
құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен
бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12 бабында
қарастырылады. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған,
олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге
де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариаттың, мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру
Нотариаттың түсінігі, оның мақсаты, функциясы мен қағидалары
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен құқық қорғау органдары
Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Құқықты жүзеге асыру
Мәміле
Нотариат қызметі
Нотариаттың пайда болуы
Пәндер