Туризм және табиғатты қорғау


Туризм және табиғатты қорғау
... жалғасыТуризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға күш түсіреді, әсер етеді. Табиғи ортаға тигізетін бұл әсерлер күштің әр түрлі деңгейлігіне байланысты. Егер түсірілетін күш деңгейі төменгі немесе орташа деңгейде болса, табиғи ортада болатын өзгерістер шамалы болады. Ал егер түсірілетін күш дәрежесі жоғарғы деңгейде болса, өзгерістер ауқымы кеңейеді. Бұл жерде табиғи ортада туризм әсерінен болатын өзгерістер көп жағдайда теріс бағытта болатынын айту керек. Мұндай теріс өзгерістер табиғи ландшафттардың механикалық ластануы және олардың толық белгілі бір мөлшерде табиғи келпін жоғалтуы тұрғысынан көрінеді.
Туризм сферасы бойыеша табиғатты қорғауға байланысты жүргізілуге тиісті жұмыстардың шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады.
1. үйірме жұмыстарында, туристтік базаларда тағы басқа жерлердегі экологиялық бағыттағы тәрбие жұмыстары
2. туристтік база, туристтік кешендер территорияларында, маршруттарында жүргізілетін нақты жұмыстар
Бірінші топқа төмендегідей жұмыстар жатады: туристтік топ мүшелерімен әңгіме өткізу, жорық алдындағы инструктаж, маршрут ерекшеліктерімен таныстыру және тағы басқа жорық немесе экскурсия алдында туристтік топ мүшелері табиғатты қорғау бойынша қандай әрекеттерге тыйым салынатыны жайлы арнайы инструкциялармен таныстырылуы керек. Мұндай инструкциялар әр туристтік фирманың немесе туристтік базаның жұмыс ерекшеліктері бойынша жеке жасалынады. Әрбір туристтік топ мүшесі инструктажбен танысқан соң, оның орындалуы үшін арнайы құжатқа қол қою керек. Егер инструктаж бұзылған жағдайда оны бұзған адам айып төлейді.
Маршрут ерекшеліктерімен таныстыру онда қорғауға арналған жерлер мен орындарды туристер әсерінен сақтауға бағытталған.
Табиғатты қорғауға байланысты туризм сферасында жүргізілуге тиіс жұмыстардың екінші тобына мыналар жатады: туристтік базалардағы жұмыстардың санитарлық талаптарға сай болуы, мемлекеттік және қоғамдық табиғат қорғау орындарының жұмыстарының жоспарларымен танысу, арнайы демалыс орындарын дайындау.
Табиғат қорғау орындарымен бірігіп, істелінетін жұмыстардың тағы бір түрі қорықтар әкімшілігін экскурсиялар және туристтік жорықтар үшін арнайы рұқсат алу.
Экскурсия немесе жорық уақытын балықтар уылдырық шашатын немесе құстар жұмыртқалайтын мезгілдерге сәйкес келтірмеу.
Турбазалар мен маршруттарда табиғатты қорғауға байланысты жүргізілуге тиіс нақты жұмыстардың ішіндегі қазіргі заманға байланысты маңыздысы ол маршруттар бойында арнайы демалыс орындарын тамақтанатын, шылым шегетін, қалдық заттар тастайтын жерлерді алдын-ала дайындау болып табылады. Бұл жұмыстар ең алдымен табиғатты механикалық ластанудан сақтауға бағытталса, 2-ші жағынан туристерге әсіресе шетелдерден келетін туристерге көрсетілетін қызмет саласын жақсартуға бағытталады.
Туризм табиғи ортаға, яғни белгілі бір территорияларға түсіретін күш салмағы шектен шықпау керек. Егер түсірілетін күш салмақ территориялардың табиғи тұрақтылығынан артық кетсе, онда ол территорияларда болады, теріс өзгерістер ауқымы кеңейеді.
Табиғи ортаға әсер ететін сыртқы орта күштері табиғаты жағынан 2- ге бөлінеді.
1. Табиғи сыртқы орта күштері
2. Адам-қоғам күштері немесе антропогендік фактор
Табиғи сыртқы орта күштеріне жер сілкіністері, қар көшкіні, сел мен борандар және тағы басқа табиғи апаттар жатады. Ал екінші күшке яғни, адам-қоғамы әсерінен болатын күштерге шаруашылық әреекті есебінен болатын әсерлер жатады.
Туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи ортаға әсер етеін осы күштер қатарына жатады. Туризмде табиғи ортаға әсер етуге байланысты қалыптасқан белгілі бір шама бар. Яғни, әрбір 1 гр жерге түсірілетін күш шамамен алғанда 2-3 сағат ішінде 50-60 адамнан аспау керек. Егер осы уақыт ішінде түсірілетін күш 1 гр жер бойынша 100 адамға жетсе, осы территорияларда жоғарғы деңгейде теріс өзгерістер жүреді. Табиғи ортаға белгілі бір территорияларды болатын өзгерістер сипаты жоғарыда айтылғандай 2 түрге байланысты.
1. Табиғи ортаға түсірілетін күш салмағына
2. Табиғи орталардың сыртқы орта күштеріне деген табиғи тұрақтылығына байланысты
Территорияларды туризм мақсатында тұрақты түрде пайдалану үшін оларды табиғи тұрақтылығы бойынша таңдап алу керек. Кез келген территория туризм сферасы бойынша тұрақты түрде пайда болмайды.
Территорияларды туризм бойынша тұрақты түрде пайдалану көбінесе 2 түрде болуы мүмкін.
1. Территорияларды экскурсия және туристтік жорықтар мақсатында жиі пайдалану.
2. Территорияларды рекреациялық мақсатта, яғни адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты пайдалану: турбазалар, санаториялар, демалыс үйлері, пансионаттар салу және олардың тұрақты жұмыс істеуі.
Бұл 2 бағыт бойынша да туризм халық шаруашылығының бір саласы ретінде табиғи орталарға белгілі бір мөлшерде күш түсіреді. Осыған байланысты оларда әр түрлі деңгейде өзгерістер болуы мүмкін. Территорияларда туристтік мақсат үшін таңдап алу 2 түрлі бағытта жүргізіледі.
1. Рекреациялық мақсатта
2. Жалпы туризм бойынша тұрақты пайдалану үшін
Бұл 2 мақсатта да территорияға табиғат компоненттері бойынша баға беріледі. Екі бағыт бойынша компоненттер көбінесе сәйкес келеді.
1. Рекреация мақсатында территорияға баға беру мына компоненттер мен элементтер бойынша жүзеге асады: рельеф, климат немесе ауа-райы оның ішінде жауын-шашын мөлшері, су ресурстары және өсімдік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz