Мемлекеттік органдардың жіктелуі


Жоспар
Кіріспе:
Мемлекеттік органдардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
КІРІСПЕ
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т. б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т. б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді. Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың, билік басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы. Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т. б. ) . Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекеттік органдардың жіктелуі
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура, т. б) . Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет) ;
б) Жергілікті (әкімшілік) ;
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет) ;
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары) .
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент) ;
б) Атқарушы(Әділет және т. б. министірліктері) ;
в) Сот органдары (соттар) ;
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент, Үкімет және т. б. )
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер) .
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
Билік бөлінісі қағидаты - үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
Заңдылық қағидаты - Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
Жариялық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Қорытынды
Қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz