Түйсік тұралы ұғым



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Түйсік тұралы ұғым.
1.1. Түйсік ұғымына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Түйсік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Түйсік қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.4. Түйсіктердің өзара ықпал жасау қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Экспериментке байланысты диагностикалық әдістер дайындау ... ..19
2.2. Экспериментті өткізу, нәтижесін өңдеу, қорытынды жасау ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Психологиялық процестер (танымдық процестер) деп – сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың миымызда әр түрлі бейнеленуі.Танымдық процестерге: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. Бұл күрделілікпен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозуладың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді тетіктерін байқастыру үшін) заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу; дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды әуендеп не күбірлей қайталау. Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әректі деп қарастырған жөн. Түйсік қарапайым бейнеленудің жеке формаларың шеңберінен шыға алмайды. Ал сыртқы дүниені бейнелеудің шындықтың процесі бұл формалардан анағұрлым бай келеді.
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерде қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Егер қабылдау дара затты оның сыртқы сезіммен қабылданататын сипаттарымен бейнелендіру болса, ойлау-дарадағы жалпылықты, кездей соқтықтағы елеуліні бейнелендіру.Қабылдау, яғни сезімдік тану дара заттың бейнесін тек оның өзіне тән сапалары, заттарға ортақ белгілерімен береді. Түйсіктердің қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу мүшелігіне әсер етіп жатқан басқада тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа сезу мүшелерін түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларыны өзгріске келуі-түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады.Сонымен, қабылдау барысындағы іс - әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады.
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдерміздің бастау көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде, жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да тітіркендіргішке жауапты реакциясы реті
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Психология танымы» С.Бабаев О.Жарылқасын . Түркістан 2000 ж
2. «Жантану негіздері» Қ.Жарықбаев . Алматы 2002 ж
3. «Жалпы психология» С.Бабаев . Алматы – Дарын 2003 ж
4. .Қ. Жарықбаев, Ө. Озғанбаев Жантануға кіріспе. Алматы, 2000ж
5. .Т. Тәжібаев Жалпы психология. Алматы « Қазақ университеті», 1993ж
6. Қ. Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы « Мектеп» 1980ж
7. Қ. Жарықбаев Жантануға кіріспе хрестоматия Алматы « Дарын» 2005ж
8. С. Бап- баба « Жантану негіздері» Алматы , Дәнекери 2001ж
9. С. Бап- баба. Жалпы психология Алматы ,Дарын 2005ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Түйсік тұралы ұғым.
1. Түйсік ұғымына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Түйсік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .8
3. Түйсік
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 11
4. Түйсіктердің өзара ықпал жасау
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Экспериментке байланысты диагностикалық әдістер
дайындау ... ..19
2.2. Экспериментті өткізу, нәтижесін өңдеу, қорытынды
жасау ... ... ... ..20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе
Психологиялық процестер (танымдық процестер) деп – сыртқы дүние
заттарымен құбылыстардың миымызда әр түрлі бейнеленуі.Танымдық процестерге:
түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял. Бұл күрделілікпен белсенділік келесі
жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй
тітіркенуінің нәтижесінде қозуладың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі
ғана емес. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады (мәнді
тетіктерін байқастыру үшін) заттарды түртіп көру мен көзбен шолып шығу;
дауыс ағымындағы мәнді ерекшеліктерді анықтау мақсатында тиісті дыбыстарды
әуендеп не күбірлей қайталау. Сондықтан да, психикалық қабылдау процесін
субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әректі деп қарастырған жөн.
Түйсік қарапайым бейнеленудің жеке формаларың шеңберінен шыға алмайды. Ал
сыртқы дүниені бейнелеудің шындықтың процесі бұл формалардан анағұрлым бай
келеді.
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не
иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен
жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны
түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерде
қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің
бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Егер
қабылдау дара затты оның сыртқы сезіммен қабылданататын сипаттарымен
бейнелендіру болса, ойлау-дарадағы жалпылықты, кездей соқтықтағы елеуліні
бейнелендіру.Қабылдау, яғни сезімдік тану дара заттың бейнесін тек оның
өзіне тән сапалары, заттарға ортақ белгілерімен береді. Түйсіктердің
қарқындылығы тек қана нақты тітіркендіргіштердің күші мен икемделу
мүшелігіне әсер етіп жатқан басқада тітіркендіргіштерге байланысты. Басқа
сезу мүшелерін түсіп жатқан әсерлерден түйсік анализаторларыны өзгріске
келуі-түйсіктердің өзара ықпалы деп аталады.Сонымен, қабылдау барысындағы
іс - әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше
сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады.
Сонымен, түйсік - дүние хақындағы біздің барша білімдерміздің бастау
көзі. Сезім мүшелеріне әсер етуші объектив заттар мен құбылыстар
тітіркендіргіштер деп аталады да, ал олардың әсерінен сезім мүшелерінде
туындайтын құбылыс - тітіркену деп қабылданған. Тітіркенуден, өз кезегінде,
жүйке тарамдарында қозу пайда болады. Түйсік жүйке жүйесінің қандай да
тітіркендіргішке жауапты реакциясы ретінде туындап, әрқандай психикалық
құбылыс секілді рефлекторлық сипатқа ие.

1. Түйсік ұғымыны жалпы сипаттама
Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең
маңызды көрінісі.Ол, организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын
бастапқы форма болып табылады.Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және
реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан.
Жануарлар дүниесінің (филогенез) және баладағы (онтогенез) таным
әрекетінің эволюциялық дамуын зерттей отырып, түйсік организмнің айнала
қоршаған дүниені бағдарлауының бастапқы формасы екенін көре аламыз. Заттар
мен құбылыстардың өздерінің өмір әрекеті үшін тікелей маңызы бар жеке
қасиеттерін ғана бейнелейтін жануарлар болады.Жаңа туған нәрестеде де
жағдай осындай.Өмірінің алғашқы апталарында ол заттардың жеке қасиеттерін
ғана түсінеді.Бұл жайттар түйсіктің таным әрекетінің бастапқы формасы
екенін көрсетеді.
Сонымен сезімдік тану негізінде түйсік жатыр.Түйсіктің өмірлік мәні
оның әрқашан сезімдік, эмоциялық реңктегі сипатта болатындығымен
байланысты.Түстердің адамға әр түрлі психофизиологиялық әсер ететіні (жасыл
түс жайбарақаттандырады, қызыл түс қоздырады) тәжірибеде дәлелденген.Ақ
және қара түсті бояулармен боялған, салмағы бірдей екі жәшіктің – алғашқысы
жеңілірек, екіншісі ауырырақ болып көрінеді.Ерекше түйсіктер (органикалық)
адамның көңіл күйін, оның эмоциялық реңкін анықтайды.Тіліміздегі сезгіштік
(түйсіктің танымдық қызметінің сипаты айтылып отыр) және сезім деген
сөздердің түбірінің бір болуы тегін емес.
Ішкі және сыртқы әсер түйсіктері бас қосып, тілек туғызады, ерік
импульсінің бастауы болады. Мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен
әрекеттер түйсіктер арқылы реттеліп отырады. Қимыл-қозғалыс түйсіктері
әрекет акцепторының ең қажетті элементі. Сөйтіп түйсіктер адамның тіршілік
әрекетімен кең мағыналы байланыста.
Сезімдік және логикалық таным. Адамның объективтік дүниені тану процесі
күрделі де диалектикалық құбылыс. Оны сипаттай келе В.И.Ленин: нақты
пайымдаудан абстракты ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың
объективтік реалдықты тануды диалектикалық жолы осындай - деп жазды.
Түйсік, қабылдау және солардың негізінде пайда болатын елес бейнелері
В.И.Ленин нақты пайымдау деп атаған таным сатысына жатады. Бұл әлем
жөніндегі білімнің заттардың сезім мүшелеріне әсер етуімен тікелей
байланысты болып келетін кезде шындықтың сезімдік бейнелену сатысы. Іс-
әрекет, өмір тәжірибесі үстінде адам қоршаған заттар, олардың қасиеттері,
өз тәні жөнінде алғашқы сезімдік білімдер алып отырады. Физиологиялық
жағынан бұл білімдер бірінші сигналдық жүйенің қызметі арқылы қамтамасыз
етіледі. Сондықтан бейнелеудің сезімдік формасы адам мен жануарға ортақ.
Түйсік, қабылдау, елестердің жануарларда да адамдарда да болатынын айта
отырып, сезімдік бейнеленудің бұл формаларының оларда бірдей болмайтындығын
ерекше ескерткен жөн. Антропогенез процесіндегі еңбек пен сөз адамға тән
түйсік, қабылдау, елестерді қалыптастырады. Олар жануарлардағы осы тәріздес
бейнеленулерден мазмұны (адам, қоғам өмірінің әлеуметтік жағдайларын, еңбек
процесінде жасалған заттарды және солар арқылы өзі белсене әсер ететін
табиғатты бейнелендіреді); физиологиялық механизмдері (адамның түйсік,
қабылдау, елестері адамдық бірінші сигналдық жүйеде бейне мен сөздің, өзара
әрекеті үстінде пайда болады) таным процесіндегі рөлі (бірқатар жануарларда
бұл айнала қоршаған дүниеде бағдар анықтаудың жоғарғы формасы, адамда –
танымның бастапқы сатысы) жағынан өзгеше болып келеді. Танымның екінші
сатысы – абстрактылы теориялық ой адамға ғана тән. Ой сезімдік танымға
негізделеді, бейнелерге сүйенеді, бірақ бейнелермен емес, мазмұны адамның
көптеген ұрпақтарының еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасқан ұғымдармен
операция жасайды.
Таным практикалық әрекет үстінде туып, үнемі практика арқылы тексеріліп
отырады: практика біздің бір немесе екінші бейнені яки ұғымды ақиқат
(объективтік шындыққа сай келетін) немесе жалған (дүниенің қате бейнеленуі)
деп есептеуіміздің белгісі (өлшемі, негізі) болып саналады.
Түйсіктің анықтамасы. Түйсіктер заттардың жеке қаситеттерін
сәулелендіретін бейнелер ретінде пайда болады. Заттардың жеке қасиеттері
жөніндегі білім кез-келген сезім мүшелерінің қызметі үстінде пайда болады.
Мәселен зат бір минут ішінде адамның көз алдынан өте шықса, ол жалт еткен
жарықты немесе белгілі бір түстегі таңбаны көрдім деп айта алады, бірақ
оның қандай зат екенін дәл айтып бере алмайды.
Түйсік дегеніміз – заттар сезім мүшелеріне тікелей әсер еткенде олардың
жеке қасиеттерінің бейнеленуі.
Түйсік арқылы болмаса, деп жазды В.И.Ленин, біз басқа жолмен заттың
ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да.
Осы қысқа тұжырымында В.И.Ленин таным әрекетіндегі рөлін терең ашып берді.
Түйсік дүниенің бейнелеудің жалғыз ғана формасы емес. Сезімдік танудың
біршама жоғары формаларын ешқашанда түйсіктердің қосындысы немесе
қисындасуы деп түсінуге болмайды. Бейнеленудің әр формасының өзіндік
сапалық ерекшелігі бар, бірақ бейнеленуінің алғашқы формасы болып саналатын
түйсіксіз ешқандай таным әрекетінің өмір сүруі мүмкін емес. Тіпті ересек
адамның рухани өмір белсенділігінің өзінде түйсіктің ерекше маңызы бар.
Қазіргі кезде космос пен дүниежүзілік мұхит түбін игеру міндетіне
байланысты сенсорлық оқшауланудың (толық немесе жартылай) адамның психикасы
мен организіміне тигізер әсерін анықтайтын көптеген тәжірибелер жасалуда.
Тәжірибелер толық сенсорлық оқшаулану барысында, тәулікке жетпей-ақ адам
психикасында өзгерістер болатындығы: галлюцинациялар, бастан кетпей тұрып
алатын идеялар туатынын көрсетіп отыр. Сонымен, түйсіктерде жүзеге асатын,
сыртқы тітіркендіргіш қуатының сана фактісіне айналуының үнемі болып тұруы,
психиканың дұрыс жұмыс істеуінің қажетті шарты болып табылады.
Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатысты
түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл
екі түрі сезімдік танудың тұтас процесінің звенолары болып саналады. Олар
өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзегеше
ерекшеліктері бар. Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері,
сапалары туралы (маған суық бір нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдап бір нәрсе
жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт етті) білім алатын болсақ, қабылдау
зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін (жарық кең класс, ойнап жүрген сәби)
береді.
Хайуаннаттарда да қабылдау бар, бірақ олардың қабылдауы санасыз
қабылдау. Ал адамның қабылдауында заттар мен нәрселерге кісі өзінің
қатынасын білгілеп отырады, өйткені оның қабылдауы саналы қабылдау болып
табылады. Адам заттардың мазмұны мен мағынасын біліп, түсініп, оны ой
елегінен өткізіп отырады. Сондықтан адам баласының қабылдауың,
хайуанннаттардың қабылдауына қарағанда анағұрлым күрделі қабылдау
екенін,олардың арасында жалғыз ғана сана жағынан емес, сапа жағынан да
айырмашылығы бар екенін көреміз.

2. Түйсік түсінігі.
Материладық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына
әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым
психикалық процестерді түйсік деп атаймыз.
Түйсік процесі қалай шығады ? Ол біздің сезім органдарымызға : көзге,
құлаққа, теріміздің сыртқы жағына т.б сыртқы тітіркендіргіштердің (заттың
немесе процестердің) әсерінен пайда болады. Мысалы : көз торына түскен
жарық сәулесі қозу туғызады. Ал ол нерв талшығы арқылы үлкен ми
сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады.
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі – біздің
түйсіктеріміз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың
миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт
– бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер
жабық болып, сезім мүшелері керекті ақпараттарды жеткізіп тұрмағанда,
ешқандай сапалы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден
белгілі болғандай, тұрақты ақпарат көзінен айрылған адам мүлгіген кейіпке
түседі. Мұндай жағдайда адам кенеттен көру, есту, иіс сезу қабілетінен
айрылып немесе сана сезімі қандай да сыртқы байланысты шектесе, көрініс
береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп
болмас күйзеліске ұшырайды.
Көптеген байқаулардың көрсеткеніндей, ерте балалық шақта кереңдік пен
зағиптіктен жеткілікті ақпарат ала алмаудан адамның психикалық дамуы күрт
тоқтайды. Егер соқыр-керең болып туған баланы несесе ерте жастан мұндай
халге душар болған субьектіні арнайы оқытып, кемістіктердің орнын
толтырудың жолдары мен әдістерін үйретпесе олардың психикалық дамуы өрістей
алмай, өз бетінше кемелденуі біржола жойылады.
Түйсіктің физиологиялық механизмі –арнайы жүйке тетігі талдағыш қызметі
әр талдағыш үш бөліктен тұрады:
- сыртқы энергияны жүйке процесіне қосушы дененің шеткі бөліктерінде
жайласқан рецепторлар;
- қозуды орталық жүйке бөлігіне жеткізуші афференттік немесе сезімтал
жүйкелер;
- шеткі бөліктен жеткен жүйке импульстарын өңдеуші талдағыштың ми
қабығындағы бөліктері.
Анализаторлардың ми қабығы аймағында нақты рецепторлар жасушаларына сай
арнайы мекендері болады. Түйсік пайда болуы үшін барша талдағыштардың
тұтастай, бірлікті қызметі қажет. Сонымен бірге олар енжар қабылдаушы ғана
емес, тітіркендіргіштердің әсеріне орай икемді өзгеріске келе беретін мүше,
мұндай өзгерістерге қажет талдағыштар өз құрылымында қозғаушы тетіктерге
ие. Мысалы , тері қабатына әсер етілсе, ол жер діріл қағатыны байқалады,
осындай тітіркендіргіштерден тамыр тартылуы, тері жиырылуы, көз аудару,
мойын бұру, қол қағыстары және т.б бәрі де пайда болуы мүмкін.
Сонымен түйсіктер тіпті де енжар процесс емес, олардың белсенділігі
ерекше. Бұл процестердің бәрінің де белсенділік сипаты түйсіктердің өзінше
әрекетке келу қасиетінен туындап отыр.

1.3 Түйсік қасиеттері.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру, түйсігі, дәм түйсігі,
иіс түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық
болып бірнеше түрге бөлінеді. Ежелден – ақ адам өзінің сыртқы бес сезім
мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм түйсіктерін ажыратқан.
Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда бейнелейтін 20-дан астам
түрлі талдағыштар бары белгілі. А . Р. Лурияның пайымдауынша, түйсіктер
негізгі екі принцип бойынша жіктеледі: а) жүйелі-генетикалық (қызметіне
орай), б) құрылым күрделілігі мен деңгейіне байланысты.
Түйсіктердің ең маңызды түрлерін үш топқа жіктеу қабылданған :
интрорецептік, проприорецептік, экстрорецептік.
Интрорецептік түйсіктер дененің ішкі процестеріне байланысты, яғни
ішек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да ішкі құрылым қатпарларындағы
тітіркенулерді миға жеткізіп отырады. Түйсіктердің бұл тобы тірі ағзаларда
пайда болу жағынан ең ежелгілердің әрі өте қарапайым түрі. Интрорецептік
түйсіктердің пайда болуы мен олардың жүрісін түсіндіріп білу өте қиын,
сонымен бірге нақты қозу нүктесіне ие емес, яғни, диффуздық күйде болады,
осыдан бұлар адамның көңіл – күй қалпына жақындау келеді.
Пропирорецептік түйсіктер дененің кеңістіктері қалпы жөніндегі
ақпараттармен қамтамасыз етіп, адам қозғалысының семіздік негізін құрап,
оларды реттеп отырады. Бұл түйсіктер тобының шеткі рецепторлары бұлшық
еттер мен буындарда ерекше жүйке тәндері формасында берілген (тельца
Паччани). Осы жүйкелік тәндерде пайда болатын қозулар бұлшық еттер
созылғанда, буындар қалпы өзгергенде туындайтын түйсіктерді бейнелейді.
Аталған топқа, сонымен бірге ерекше қасиеттерге ие теңестік және
тұрақтылық түйсіктері де кіреді. Олардың перифериялық рецепторлары ішкі
құлақтың шеңберлі сайларында жайласқан.

Экстрорецептік түйсіктер ең үлкен түйсіктер тобын құрайды. Бұл
түйсіктердің қызметі сыртқы дүние ақпаратын адам сезіміне жеткізу және
қоршаған ортамен үздіксіз байланысты орнату. Барша экстрорецептік түйсәктер
тобы шартты түрде аралық және түйісу түйсіктері деп аталған екі бөлікке
жіктеледі.
Түйісу түйсіктері әсерлердің дене бетіне немесе сезу мүшелеріне
тікелей жанасуына іске қосылады. Мұндай түйсіктердің мысалы ретінде тері
сезілу мен дәм сезуін келтіруге болады.
Аралық түйсіктері тітіркендіргіштердің сезімтал мүшелерге біршама
қашықтықтан әсер етуінен туындайды. Бұл топқа жататындар: иіс сезу, есіту,
және көру түйсіктері.
Генетикалық жіктеуге байланысты түйсіктерді екі топқа бөлу көзделген:
1) протопатикалық - өте қарапайым шарпулы, (аффекті), толық жіктеліп,
мекенделмеген органикалық сезімдер (ашығу, шөлдеу және т.б) ;
2) эпикритикалық жоғарғы дәрежеде жіктеуге келетін , себеп-салдарлы және
рационалды (санамен барластыраылатын), яғни адамның негізгі сезім
мүшелеріне пайда болатын түйсіктері.
Түйсіктердің әрқандай түрлі өздерінің жеке ерекшеліктерімен ғана
ажыратылып қоймастан, өзара ортақ қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер түйсік
сапасы, түйсік қарқыны, түйсік ұзақтығы және түйсіктің кеңістік мекендігі.
Түйсік сапасы – нақты түйсік түрінің оны басқа түйсіктерден
ажырататын және сол түйсік шеңберінде көрініс беретін дара негізгі
ерекшелігі. Түйсіктердің осы сапалық көп түрлілігі материя қозғалыс
формаларында шексіз сан алуандығын дәлелдеді.
Түйсік қарқыны – түйсіктің сандық сипатын білдіре отырып, өз
кезегінде әсер етуші тітіркендіргіштертің күші және рецептордың қызметтік
жағдайымен анықталады.
Түйсік ұзақтығы – түйсіктің уақыт аралығына байланысты сипаты. Бұл
қасиет сезім мүшесінің қызметке жарамдық қалпымен анықталады да, негізінен,
тітіркендіргіш әсерінің уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келеді.
Тітіркендіргіштердің сезімдік мүшеге әсер етуімен түйсік пайда бола
қалмайды, ол үшін біршама жасырын (латенттік) уақыт өтуі қажет. Әртүрлі
түйсіктің латенттік уақыты әрқилы: мысалы сипау, сезу түйсіктері үшін 130
мс, ауырсыну түйсіктеріне – 370 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Оқу материалдары және түйсік, маңызы
Лексикалық мағынаның құрылымы
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Жалпы психология пәні
Ойлау процесі
Түйсіктер туралы жалпы түсінік
Психологиядан дәрістер жинағы
Психофизиология
Түйсік және оның негіздері
Пәндер