Саяси партия ұғымы туралы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Саяси партия ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Саяси партиялар және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың түрлері ... ... ... ... ... .10
4. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Кіріспе
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер. Азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайы. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі ретінде — азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік береді. Әкімшілік заңнама азаматтың мемлекеттік басқарудағы құқықтық жағдайының негізгі екі сәтін — оның әкімшілік құқық қабілеттілігін және іс-әрекет қабілеттілігін айқындайды.
Әкімшілік құқық қабілеттілігі оның өзіне кұқық және міндеттер алу мүмкіндігін білдіреді. Ол азаматтың тумысынан басталып, қайтыс болуымен аяқталады. Азаматты әкімшілік құкық қабілеттілігінен айыруға немесе оны басқа біреуге беруге болмайды. Оны жекелеген азаматтарға ғана қатысты және белгілі бір уақытка (мысалы, заң бас бостандығынан айыру, әкімшілік тұтқындау сияқты санкцияларды көздейтін қылмыстың немесе әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты) шектеуге ғана болады. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілік — бұл азаматтың басқару аясында өзінің құқықтары мен міндеттерін саналы және дербес түрде жүзеге асыруға қабілеттілігі. Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттіліктің туындауы азаматтың белгілі бір жасқа толуына байланысты (мысалы, мемлекеттік қызметке орналасуы) болады.
Азаматтың әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілігі толық көлемінде ол 18 жасқа толғанда көрінеді. Әр түрлі салаларда азаматтың іс-әрекетке ішінара қабілеттілігі 16 жасқа толғанда көрінуі мүмкін, өйткені жасы 16-ға толған адам әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі деп танылады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары бірдей тең іс-әрекет қабілеттілігіне ие. Бірақ олардың кейбіреулері денсаулығына байланысты ішінара немесе толықтай іс- әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін (мысалы, ақыл-есі кем, есі ауысқандар) [1].
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы. Алматы. Жеті жарғы. 1998ж 3 бет
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми құқықтық түсініктеме. Алматы. 1999ж 4 бет
3. www.stud.kz
4. http://kk.wikipedia.org
5. unesco.kz

6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конститутциялық құқығы. Алматы. Жеті жарғы. 1998ж 8 бет
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ғылыми құқықтық түсініктеме. Алматы. Жеті жарғы.1999ж 9 бет.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
1. Саяси партия
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 4
2. Саяси партиялар және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Қоғамдық бірлестіктер ұғымы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... .10
4. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің негіздері ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 14

Кіріспе
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер. Азаматтардың мемлекеттік басқару
аясындағы құқықтық жағдайы.  Қазақстан Республикасының
Конституциясы азаматтың құқықтық мәртебесін және оның маңызды бөлігі
ретінде — азаматтың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайын, оның
әкімшілік-құқықтық мәртебесін айқындайды, бекітеді және оған кепілдік
береді. Әкімшілік заңнама азаматтың мемлекеттік басқарудағы құқықтық
жағдайының негізгі екі сәтін — оның әкімшілік құқық қабілеттілігін және іс-
әрекет қабілеттілігін айқындайды. 
Әкімшілік құқық қабілеттілігі оның өзіне кұқық және міндеттер алу
мүмкіндігін білдіреді. Ол азаматтың тумысынан басталып, қайтыс болуымен
аяқталады. Азаматты әкімшілік құкық қабілеттілігінен айыруға немесе оны
басқа біреуге беруге болмайды. Оны жекелеген азаматтарға ғана қатысты және
белгілі бір уақытка (мысалы, заң бас бостандығынан айыру, әкімшілік
тұтқындау сияқты санкцияларды көздейтін қылмыстың немесе әкімшілік құқық
бұзушылыққа байланысты) шектеуге ғана болады. Әкімшілік іс-әрекетке
қабілеттілік — бұл азаматтың басқару аясында өзінің құқықтары мен
міндеттерін саналы және дербес түрде жүзеге асыруға қабілеттілігі.
Әкімшілік іс-әрекетке қабілеттіліктің туындауы азаматтың белгілі бір жасқа
толуына байланысты (мысалы, мемлекеттік қызметке орналасуы) болады.
Азаматтың әкімшілік іс-әрекетке қабілеттілігі толық көлемінде ол 18
жасқа толғанда көрінеді. Әр түрлі салаларда азаматтың іс-әрекетке ішінара
қабілеттілігі 16 жасқа толғанда көрінуі мүмкін, өйткені жасы 16-ға толған
адам әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі деп танылады. Қазақстан
Республикасының барлық азаматтары бірдей тең іс-әрекет қабілеттілігіне ие.
Бірақ олардың кейбіреулері денсаулығына байланысты ішінара немесе толықтай
іс- әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін (мысалы, ақыл-есі кем, есі
ауысқандар) [1].

1. Саяси партия ұғымы
Қазақстан өз дамуының жаңа белестерін бастан кешіріп жатыр. Саяси
партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая
түскендігінің белгісі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі
басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-
саяси институттар орнығып жатыр. Демек, оның іргетасы әлдеқайда сенімді
болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде
саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын
қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда
белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан,
Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия
және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық
білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси
партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған
байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірбиелерді
қарастырып көрелік.
Шетелдерде конституциялық (мемлекеттік) құқық ғылымындағы саяси
партияның түсінігі мынадай: саяси партия – мемлекеттік өкіметті иеленуді
мақсат тұтатын, немесе соны жүзеге асыруға шешуші ықпал жасауға тырысатын,
ортақ мүддеге біріккен, қоғамның белсенді, әрі ұйымдасқан бөлігі болып
табылады.
Саяси партиялар осы терминнің қазіргі ұғымында алғаш рет Еуропада
пайда болды. Сонда буржуазиялық революциялармен тығыз байланыста сайланбалы
өкілдер арқылы жүзеге асырылған халық өкіметі жүйесі – халықтық өкілдіктер
құрылған болатын. Әрі қоғам екіге жарылып, әлеуметтік қайшылықтар тереңдеп,
мемлекеттің саяси өміріне бұқараның белсенді араласуы партия рөлін
арттырып, өз кезегінде партиялар демократиялық мемлекеттің негізгі саяси
тұлғасына әрі ажырамас бөлігіне айнала бастайды.
Саяси партия мемлекет басындағыларды біржақты жақтау үшін, не болмаса
біржақты жамандау үшін тумайды. Ол қоғамдағы процестерді реттеуге араласу
үшін туады. Қоғамда биліктен өзге, бірақ билікке әсер ете алатын
институттар болуы тиіс. Олардың қатарына саяси партиялар жатады.
Сонда халыққа жасалатын игіліке билік басындағылар бөгет болса, оларға
партия қарсы тұрады. Ал билік басындағылар халыққа игілік әкеліп жатса,
партия оларды қолдайды.
Сонымен қатар өзге қоғамдық бірлестіктерден (кәсіподақтар, мәдени және
діни қоғамдар, экологиялық ұйымдар, кәсіпкерлер одақтары, қайрымдылқ және
бейбітшілік қорлары, мүдделілік жөніндегі қауымдастықтар және т.б.)
партияның айырмашылығы ол мемлекет басқаруға тікелей мүмкіндік беретін
парламенттегі және өкіметтегі орындар үшін ашықтан-ашық күреседі. Сөйтіп,
партиялар сайлауларға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды
іс жүзінде асыруға белсене қатынасады.
Қоғамдық бірлестіктердің көншілігі саяси өмірде белсенділік
танытқанымен, тікелей саясатқа араласу олардың түпкі мақсатына жатпайды,
бұлар негізгі мақсаттарына жету жолындағы қосымша құралдары ғана іспетті.
Саяси партиялар мемлекеттік билікті тікелей иеленуге ұмтылса, қоғамдық
бірлестіктен мемлекетке тек сырттай ғана ықпал жасауға тырысады.
Сондай-ақ саяси партияларды қысымшы топтардан да ажырата білу керек.
Іс жүзінде қысымшы топтар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды
арнаулы нормативтік қызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен
қамтамасыз ету үшін құрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға
қатынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан
бастап сатып алуға дейінгі қысым көрсету түрлерімен шұғылданады. АҚШ-та
бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. Ұлыбританияда оларды
парламент агенттері дейді.
Әлемдегі саяси партиялардың атқаратын қызметі туралы. Бұл ретте ең
алдымен саяси партиялардың түпкі мәнін, қызметін ажыратып алудың маңызы
зор.
1) Бұл ең алдымен партияның көздеген мақсатында көрініс табады.
Сонымен қатар партия сайлауда өздерін жақтап дауыс берген жақтастарының
мүдделерін қоғауға айрықша мән береді.
2) Саяси партиялардың мәні оның қызметінде таңбаланады:
а) партияның саяси бағдарын белгілейтін бағдарламасын жасау;
б) партияның мақсаты, міндеттері, стратегиясы, тактикасы, сайлаушылар
арасындағы іс жүзіндегі нәтижелері жөніндегі ақпараттар тарату, сондай-ақ
партияға жаңа мүшелер тарту;
в) мемлекеттік өкімет органдарын құруға партияның араласуы және
олардың қызметтеріне бақылау жасау;
г) қоғамдық түрлі әлеуметтік кикілжіңдерді шешуде, елде азаматтық
бітім мен келісімге келуге мемлекеттік органдарға жәрдем беру;
д) қоғамның белсенді дамуына, прогреске жеткізетін әлеуметтік-
психологиялық ахуал орнауына атсалысу;
е) өзара қарым-қатынастарда келісімге жету үшін мемлекеттік құрылымдар
мен азаматтар арасындағы тура және кері байланыстардың дамуына араласу;

и) елдің халықаралық беделінің артуына және халықаралық қарым-
қатынастарының дамуына жәрдем беру;
ж) партия мүшелері арасындағы белсенді жұмыстар және т.б.
Мемлекеттік өкімет органдарына сайлауға ұсынылған кандидаттарға дауыс
беруші партия жақтастары оның электоратын құрайды.
Саяси партиялардың ұйымдық құрылымдары өз кезегінде бірқатар
факторларға тәуелді болады. Партиялардың өзіндік ерекшеліктері, олардың
тарихи және ұлттық ерекшеліктері де бар.
Ұйымдық құрылымдарына қарай партиялар: ұйымдық қалыптасқан және
ұйымдық қалыптаспаған партиялар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататын
партиялар әдетте сан жағынан аса үлкен емес.
Мұндай партия мен мүшелері арасында ұйымдық байланыс бар, партия нақты
ұйымдастырылуымен және тәртібімен ерекшеленеді. Партияның әрбір мүшесі
партия билетіне ие болып, мүшелік жараналарын уақыттында төлейді, партия
жарғысында қарастырылған барлық тәртіп талаптарына қатаң түрде бағынады.
Мұнай партияларды кадрлық партиялар деп те атайды. Олардың кәсіби орталық
аппараты бар. Бұл партияның жекелей де ұжымдық та мүшелері бар. Ұйымдық
қалыптасқан партияларға әртүрлі қоғамдық бірлестіктер – кәсіподақтар,
жастар, әйелдер және басқа да қоғамдық ұйымдар қосылуы немесе құрамына
кіруі мүмкін. Мысалы, француз коммунистік партиясына Жалпыға ортақ еңбек
конфедерациялық кәсіподақтар бірлестігі қосылса, Британ лейбористік
партиясының құрамына британ тредюниондары (кәсіподақтар) енеді.
Аталаған партиялар тобына, сондай-ақ Австрия халықаралық партиясы.
Үндістан ұлттық конгресі (И), ГФР-дың христиандық-демократиялық одағы,
Швеция орталық партиясы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы және
басқалар кіреді.
Ұйымдық қалыпсатпаған партиялардың басты ерекшелігі оларда ресми
мүшелік болмайды. Мұндай партияға мүше болып табылатындардың партиямен
ұйымдық байланысы жоқ, оларда партбилет жоқ, өту және мүшелік жарнасын
төлемейді, партиялық ортақ тәртіпке бағынышты емес. Мұндай партиялардың
мүшелері сайлауларда әлгі партияға дауыс берушілер болып табылады. Сонымен
қатар ұйымдық қалыптаспаған партияларда ресми мүшелердің орнын осы
партияның саясатын жүзеге асыруда басты рөл атқаратын кәсібилер мен
белсенділердің құралған аумақтық ақпарат басады.
Аталмыш партиялардың қызметі ең алымен сайлау күресіне, сайлаушылар
дауысын қармап қалауға бағытталады.
Ұйымдық қалыптаспаған партияның айқын мысалы ретінде АҚШ-тың
республикалық және демократиялық партияларын алуға болады. Екеуі де үлкен
ұйымдар. Тиісті партиялар тізіміне сайлауларда дауыс беруші барлық
сайлаушылар әлгі партияның мүшесі болып есептелінеді. Партия мен оның
мүшелері арасында ұйымдық байланыс болмайды. Бұл партиялардың аппарттарының
ұйымдық құрылымы аса күрделі де қым-қуат. Тұтастай алғанада ол ең алдымен
сайлаудағы күрестерге лайықталған. Аумақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі
Саяси ойдың даму кезеңдері
Саясаттану пәнінен дәрістер
Демократиялық мемлекеттің құрылыс формасы мен режим
Саясаттанудан емтихан сұрақтары
Саяси партиялар ұғымы мен мәнісі
Қоғамдық бірлестік
Саяси партия ұғымы
Пәндер