Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері туралы



Жоспар
Кіріспе.
І. Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
1.1 Мемлекет түсінігі және оның құралдары
1.2. Мемлекеттік басқарудың қоғамда алатын ролі мен нысандары.
1.3. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың жалпы қызметтерінің принциптері.
ІІ. Мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары
2. 1. Мемлекеттік басқарудағы органдары және олардың жіктелуі.
2.2. Мемлекеттік басқаруды қайта қалыптастырудағы жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Мемлекет қоғамның ұйымдасу нысаны ретінде оның ұлттық құрамын есепке алмауы мүмкін емес. Ұлттық фактор мемлекеттің құрылуы мен дамуындағы маңызды, айқындаушы факторлардың қатарына жатады. Әдебиетке айтылғандай, “ Ұлттық бағыт (аспект) көп ұлтты қоғамдағы мемлекеттік дамудың тұрақты жол серігі” (Л.А.Морозова).
Мемлекетті көп ұлтты тұрғындармен құрғанда әр ұлттың ерекшілігі алынуы қажет:
Олардың дәстүрлері, мемлекеттік тәжірибесі, мәдени, тіл және басқа рухани қажеттілігі.
Жалпы айтқанда мемлекеттік органдардың мынадай белгілер тән:
- мемлекеттік орган мемлекет сияқты тұтасымен, белгілі әлеуметтік, яғни қоғамдық құрылым
- мемлекеттік орган тұтас құрылымдықты көрсетеді- өз құрылымы бар жүйе (элементтердің жиынтығы – мемлекеттік органның бөлігі) және өз құрылысы бар (элементтердің байланыс жолы), яғни мемлекеттік органдар ұйымдар мен жасайтындары
- мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйымдардың бір түрі
- басқа мемлекеттік ұйымдардан мемлекетті оның мемлекеттік билік міндеттерінен шұғылданатыны айырып қарауға мүмкіндік береді.
- әрбір мемлекеттік органның заңмен белгіленген міндеті бар сол қалыпты ол жұмыс жасауы керек
- мемлекеттік орган өз міндетінің қалысында мемлекет атынан көрінеді.
- әрбір мемлекеттік органның өздерінің функциясы бар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. “Мемлекет және құқық негіздері” Н. Дулатбеков, С . Амандықова, А.Тұрлаев Астана 2001
2. “Мемлекет және құқық теориясының проблемалары” Т . Ағдарбеков Алматы 2006
3. “Салыстырмалы құқықтану негіздері” С.А. Табанов Алматы 2003
4. “Саясат- Policy “№ 6 2006 .
5. “ Қазақстан-2030” Алматы 1997
6. www. government.kz
7. www.akorda.kz
8. www. parlam.kz

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

І. Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері

1.1 Мемлекет түсінігі және оның құралдары

1.2. Мемлекеттік басқарудың қоғамда алатын ролі мен нысандары.
1.3. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың жалпы қызметтерінің
принциптері.

ІІ. Мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру жолдары
2. 1. Мемлекеттік басқарудағы органдары және олардың жіктелуі.
2.2. Мемлекеттік басқаруды қайта қалыптастырудағы жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Мемлекет қоғамның ұйымдасу нысаны ретінде оның ұлттық құрамын
есепке алмауы мүмкін емес. Ұлттық фактор мемлекеттің құрылуы мен
дамуындағы маңызды, айқындаушы факторлардың қатарына жатады. Әдебиетке
айтылғандай, “ Ұлттық бағыт (аспект) көп ұлтты қоғамдағы мемлекеттік
дамудың тұрақты жол серігі” (Л.А.Морозова).

Мемлекетті көп ұлтты тұрғындармен құрғанда әр ұлттың ерекшілігі
алынуы қажет:

Олардың дәстүрлері, мемлекеттік тәжірибесі, мәдени, тіл және басқа рухани
қажеттілігі.

Жалпы айтқанда мемлекеттік органдардың мынадай белгілер тән:

- мемлекеттік орган мемлекет сияқты тұтасымен, белгілі әлеуметтік, яғни
қоғамдық құрылым

- мемлекеттік орган тұтас құрылымдықты көрсетеді- өз құрылымы бар жүйе
(элементтердің жиынтығы – мемлекеттік органның бөлігі) және өз
құрылысы бар (элементтердің байланыс жолы), яғни мемлекеттік органдар
ұйымдар мен жасайтындары

- мемлекеттік орган, мемлекеттік ұйымдардың бір түрі

- басқа мемлекеттік ұйымдардан мемлекетті оның мемлекеттік билік
міндеттерінен шұғылданатыны айырып қарауға мүмкіндік береді.

- әрбір мемлекеттік органның заңмен белгіленген міндеті бар сол қалыпты
ол жұмыс жасауы керек

- мемлекеттік орган өз міндетінің қалысында мемлекет атынан
көрінеді.

- әрбір мемлекеттік органның өздерінің функциясы бар.

I . Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері.

Құқық және мемлекет теориясын оқып үйренерде оның алғашқы әліппесі
ретінде мемлекеттің ұғымы және әлеуметтік мәні туралы мәселелерді қараудан
бастау қажет. Бірақ мемлекеттің өзі нені білдіреді оның қоғам өміріндегі
алатын ролі қандай екендігін түсіну үшін ең алдымен мемлекет қашан және не
үшін өмірге келгендігін анықтау қажет. Өйткені, адамзаттың тарихи даму
барысындағы кейбір кезеңдерінде мем-лекеттің мүлдем болмағандығы тарих пен
ғылымның жетістіктері куә.
Қоғам — бұл жалпы мүдделері бойынша біріккен адамдардың жиынтығы және
де олардың бірлескен қызметтерінің барлық нысандары мен белгілі бір
тәртіпті қамтитын әртүрлі қоғамдық қатынастар. Қоғам тарихындағы ең
біріншісі алғашқы қауымдық, ол жабайы жануарлар, бертін келе рулық қоғам
деп аталынды. Мұндай қауымдастық адамдардың қаны бір туыстығынан пайда
болды. Мұны ру мүшелерінің шыққан тегінің ортактығын көрсететін "ру" деген
терминнің өзі дәлелдейді. Қоғам тарихының ертедегі сатыларын-да адамдар ең
алдымен қаны бір туыстығымен, арғы тегінің (туыстық ана тегі немесе ата
тегі бойынша) ор-тақтығымен бірікті, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі ол
кезде мүмкін еместі. Адамдардың мұндай топтары бірігіп, қауым болып тұрды.
Бұған экономикалық қажеттілік — шаруашылықты ұжымды жүргізу, еңбек дағдысын
қалыптастыру және оны басқаларға беру, жас ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі
мәжбүр етті. Уақыт өте келе рулық қауымдастар өсіп, олардан туынды қауымдар
бөлініп шықты. Рулар тайпаларға бірікті. Тайпада жүздеген, мыңдаған адам
болды. Тайпаның тіршілік ететін және аң аулайтын белгілі аумағы болды. Оның
мүшелері ортақ тілде сөйлеп, діни түсініктері мен дәстүрі, салттары да
бірдей болды. Ру мен тайпаның бүкіл өмірі стихиялы демократиялық принциптер
негізінде қүрылды. Ру қауымына рудың ересек мүшелері сайлаған старейшиналар
(ақсақалдар) басшылық жасады. Тайпаны тайпа жиналысы сайлаған Кеңес
басқарды.
Бірақта рулық қоғамның өзінде де әлеуметтік (қоғамдық) құбылыс ретінде
билік көрініс тапты, өйткені ол қоғамды басқарып тұру, оның өміріне қажетті
жағдайлар жасау, тіпті тәртіпті ұстап тұру қажеттілігінен туындаған. Қандай
бір билік болмасын ол міндетті түрде басқа адамның қызметіне, тәртібіне
үстемдік ету, сөйтіп оны өзіне икемдеп, бағындыру. Алғашқы қауымдагы билік
— ол әлі де мемлекеттік билік болмайтык Оның ерекшелігі сол — қоғам ішінен
бөлінген, арнаулы үстемдік етуші органдардың болмауы (үкімет, полиция, сот,
т.б. күштеу бөлімшелері). Бұл қоғамдық билік болатын, онда барлық ересек ру
мүшелөрінің бірігіп жалпы жиналыста ең басты өзекті мәселелер (мысалы,
соғыс немесе бейбітшілік) шешіліп отыратык Мұның өзі әрі жоғарғы "сот"
инстанциясы болып саналынатык Ал күнделікті мәселелерді жоғарыда айтып
кеткеніміздей шешу үшін өздерінің туыстарының арасынан рулық старейшиналар
(ақсақалдар) сайланатын, ал олар келіп старейшиналар кеңесіне бірігетін. Ал
бір тайпаның екінші бір тайпаға соғыс ашуы үшін соғыс көсемдерін сайлау
қажет болды, оған әрине батыл да қайсарлы адамдар ұсынылып сайланатын. Бұл
лауазымды адамдар ешқандай артықшылықпен, арнаулы әдіс-құралдармен
жабдықталмаған Олардың билігі тек жеке қасиеттеріне: даналылығы мен
тәжірибесіне бейімделген, сондықтан да болар адамдардың барлығы да олардың
айтқандарын екі етпей орындап отыру күнделікті міндеті деп білген. Өйтпеген
жағдайда ол кездегі қоғам өзінің өмір сүруіне кепілдік бере алмайтын.Демек,
алғашқы қауымның даму сатыларын схемалы түрде былай бөлуге болады: жабайы
алғашқы қауым (жануарлар), рулық қоғам және рулық қоғам-ның ыдырауы.
Алғашқы қоғамдық қауымдағы биліктің ерекшеліктеріне жататындар:
1) оның бүкіл қоғамдық қауымға тұтастай қатыстығы;
2) жоғарғы билікті барлық ересек ру мүшелерінің жалпы жиналысы (кеңесі)
жүгізуі;
3) ру қоғамындағы күнделікті істерді ру мүше-лерінің жалпы жиналысында
сайланатын старейши-налардың басқаруы. Сондай-ақ, өндіріске байланысты
істерге оның басқа мүшелерімен қатар қатысуы;
4) билік беделге, әдет-ғұрыпқа, сыйлауға негізделетін, тәртіп бұзушыларға
мәжбүрлеу шаралары (кейде -қатаңдау) қолданылатын, бірақта ол үшін ешқандай
арнаулы органдар болмаған;
5) тайпалардағы билік (бұл рулық қоғамға қарағанда өте үлкен бірлестік)
ру қоғамындағы сияқты принциптер негізінде іске асырылатын.
Бертін келе, өндіргіш күштердің дамуы мен айырбастың кең өрістеуіне
қарай қаны бір туыстық байланыстың біртіндеп аумақтық байланысқа үласуына
әкеп соқтырғаны бізге тарихтан белгілі еді.
Уақыт өткен сайын алғашқы қауымдастық та ұдайы өзгерістерге ұшырап
отырды. Қоғамның прогрестік дамуына мынадай үш бірдей ірі қоғамдық еңбек
бөлінісі себеп болды: 1) мал шаруашылығының егін шаруашылығынан; 2) қол
өнердің егін шаруашылығынан; 3) тек тамақты айырбастаумен шүғылданатын
адамдардың ерекше тобы - көпестердің оқшауланып, бөлініп шығуы. Әрине, буп,
бертін келе табысты тең бөлу қағидатының бұзылуына, тұтынушылардың
теңсіздігіне, қарама-қайшылықтардың тууына әкеп соқтырды. Дәп осындай
кесапаттар рулық (тайпалық) ұйымдардың басқарушылық қызметінен де үнемі
кездесіп отырды. Ендігі жерде бүлар өздеріне жүктелген міндеттерді өмірдің
жаңа талабына сай атқара алмайтын жағдайға жетті. Мұның өзі алғашқы
қауымдастықтың күйзеліске ушырап, ыдырауына, бір-біріне жау болып саналатын
қарсы таптарға (қанаушы және қаналушы) бөлінуіне итермеледі. Ақыр соңында
мемлекет дүниеге келді. Сөйтіп. жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның
тапқа бөлінуімен өкімет халықтан бөлініп, билікті жүзеге асыру өзіне
бейімделген арнаулы, құрамында қаржыны, қарулы күштерді, қоғамдық тәртіпті
және т.б. басқаратын адамдары бар топтарын, мемлекеттік аппараттың ісіне
айналды. Мемлекет билігі жүргізілетін аумақта оны мекендеушілердің бәрі сол
мемлекеттің қол астындағы адамына немесе азаматына айналды.
Сөйтіп қанаушы қоғамдағы мемлекеттің мынадай түрлері дүниеге келді: құл
иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық (капиталистік) және кеңестік. Бүгінге
дейін мемлекеттің шығу тегін мәлімдейтін әр түрлі көптеген теориялардың бар
екендігі мәлім.
Осылардың ішіндегі ең көнесі — бұл теологиялық теория болып табылады.
Теологиялық ілімді уағыздайтындар (Фома Аквинский, Эйве, Кост-Флорэ,
Лебюфф, ислам идеологтары, католиктік шіркеу (Жан Маритен және басқалары)
жердегі бүткіл өмір сүретіндер Қүдайдың арқасында болып отыр деп
түсіндіреді. Осыдан келіп, құдайға құлшылық етіп, оған табынушылық жасау
керек деген ұғымдар туды. Аталған дінді уағыздайтын қайраткерлердің
пікірінше тіпті мемлекет те өмір бақи өмір сүреді, ол ғұмырлық, сондықтан
халық оған табынып, жалбарынуы, бағынуы тиіс. Осыдан келіп, олардың ойын
әрі қарай жалғастырсақ мемлекеттің өзінде, құқықты да құдай жаратқан деп
тұжырымдаған. Бірақта қазіргі кездегі өркениетті теорияда мемлекеттің пайда
болуына діннің, шіркеу мен діни ғимараттарының әсер еткендігін жоққа
шығармайды.
Сонау көне замандағы тағы да белгілі теорияның бірі — патриархалдық теория
(Платон, Аристотель, Ми-хайловский, Фильмер, т.б.), мұнда мемлекеттің шығу
тегін былайша түсіндіреді — мемлекеттің өмірге келуі отбасының бір ұрпақтан
екінші ұрпаққа ұласуынан туындаған, оның тарихи дамуының нәтижесі деседі.
Көптеген отбасының бірігуі отбасы басшысының мемлекеттің азаматына
айналғандығын сөйтіп биліктің жаңа түрі — мемлекет басшысы — монархтың
пайда болатынын білдіреді. Мемлекеттің басшысы ретінде ол барлық
отбасылардың әкесі деп танылады, өз билігін ендігі жерде құқық арқылы, яғни
заңдарды шығару негізінде жүзеге асырады. Ал қалған әрбір отбасының басшысы
мемлекеттік билікті емес, ол тек ата-аналық, жұбайлылық, басқарушылық
билікті ғана атқара алады. Демек, тек өз отбасында ғана билік жүргізуші
ретінде танылады (яғни мырзаның жалшыға деген билігі). Бұл теорияның
шығуына әрине отбасының ролі мен мемлекеттің қалыптасуы өте ықпалын
тигізгені сөзсіз.
Күштеу теориясын уағыздаушылардың (Каутский, Гумплович, Дюринг, т .б.)
ойынша алғашқы қауымдық қоғамда күшті, ірі тайпалар, әлсіз, кішігірім
тайпаларды басып алып, арнайы басқарумен күштеу аппаратын құрған, солар
арқылы жаулап алған аумақтарды басқарып, ондағы халықты өздеріне бағындырып
отырған. Осылардың негізінде мемлекет құрылады, оның шығуы - күштеудің
нәтижесі.
Ирригациалық теорияның (Витфогель) негізінде жер шарының кейбір
аймақтарында жерді өңдеу мен суару жасанды суарусыз болмайтын болғандықтан
(мысалы Көне Египте) ирригациалық қүрылысты (каналдарды, тосқауылдарды)
жүргізу үшін ірі-ірі қоғам дық жүмысты ұйымдастыру қажеттігінен туындаған
тарихи мәліметтер жатыр. Мемлекеттің шығу тегін осылайша түжырымдайды.
Психологиялық теория (Цицероң Коркунов, Пет-ражицкий, Фромм) мемлекеттің
пайда болуын адамдардың психикасының ерекше сипатынан туындаған деп ой
қорытады. Өйткені, адамдарға тумысынан тән қасиеттер: еліктеу, сыртқы мінез-
құлық (тәртіп) ережелерін орындауға бейімтал келетіндігі болып табылады.
Бұл теория, аталған себептерге байланысты, адамдар ерекше билікті
(мемлекетті) қажетсінеді деп көрсетеді.
Біздің отандық ғылымда жетпіс жылдан астам уағыздалып келген теория —
бұл марксистік-лениндік (Марк, Энгельс, Ленин). Бұл ілімнің өзегіндегі
басты мәселе — мемлекеттің шығу тегін қоғам дамуының белгілі бір
сатысындағы өндіргіш күштердің өрбуімен байланыстырады. Шынында да, адамзат
тарихының ертедегі сатыларында өндіргіш күштердің деңгейі өте төмен болды.
Өйткені ол кездегі өндіргіш құралдары шоқпар, тас балта, найза, ал
кейінірек садақ пен жебе болды. Адамдар орасан көп күш жүмсап, өз қажет-
терін болмашы мөлшерде ғана қанағаттандыра алды. Ал осы болмашы мөлшердің
өзіне олар бірлесіп еңбек етудің арқасында ғана ие болады. Әрине, мұндай
жағдайда өндіріс құрал-жабдықтары, еңбектің өнімдері жеке адамға емес,
үжымға тиісті болды. Қанау мүмкін емес болды, өйткені жүмыс істеген адам
өзі өмір сүру үшің қажетті мөлшерден артық өнім өндіре алмады. Рулық
қауымның ішінде ынтымақтасып еңбек ету қатынастары үстем болды. Өндірістік
қатынастар өндіргіш күштердің даму дәрежесіне сай болды.
Дамудың бұдан былайғы барысында өндіріс құралдары бірте-бірте жетіліп,
оларды металдан жасай бастады. Қоғамда еңбек бөлінісі пайда болуы:
егіншілікпен қатар мал шаруашылығы, одан кейін қолөнер пайда болды. Еңбек
бөлінісі, жоғарыда сөз еткен іміздей, өз өнімдерін айырбастауды туғызды.
Өйткені егінші, мал өсіруші мен қолөнершінің өнімдерін қажетсінді, ал мал
өсіруші мен қолөнершіге өз кезегінде егіншінің өнімдері қажет болды. Осы
өзара қажеттілікті олар тек айырбас арқылы ғана қанағаттандыра алатын.
Жаңа еңбек құралдарының арқасында қызметкер өнімді-өзіне күн көрісіне
қажетті мөлшердөн артық өндіре бастады. Қосымша өнімнің пайда болуымен жеке
меншік дүниеге келді, сөйтіп адамды адамның қанауына мүмкіндік туды. Осының
нәтижесінде пайда болған құл иелөнушілерге ендігі жерде мемлекет қажет еді,
оны ірі қару ретінде пайдаланып "сөйлей алатын еңбек құралы" болып
табылатын қызметкерді (құлды) өз қарамағына ұстап тұру үшін керөк болды.
Бүдан мемлекеттің пайда болуы қаналушы таптарды жаншп басып тастау
қажеттілігінен туындаған деседі.
Дегенменде, қазіргі кездегі ғылыми төориялар мемлекеттің шығу тегі
жөніндегі марксистік ілімді жоққа шығармайды (қоғамның тапқа бөлінуін).
Бірақта жер шарының басқа аймақтарындағы елеулі тарихи процесстерге көз
жібертсек (мәселен Көне Шығыстағы біздің эрамызға дейінгі IV—ІІІ
мыңжылдықтағы көріністерге), онда біз мемлекеттің құрылуында таптардың
ролін марксистік түрғьіда асыра сілтеушіпікті байқаймыз, өйткені барлық
жерде осындай жолдармен ол пайда болмаған.
Мемлекеттің пайда болуы жөніндегі проблемала-рға қазіргі көзқарастардың өзі
археология, этнография, алғашқы қауымның тарихына сүйеніп, адамзат
қоғамының тарихында мемлекет жер өңдеумөн шұғыл-данатын жер шарының
аймағында пайда болған (құнарлы топырақ, жылы климатты жерлерде) деседі Бүл
жаңа тас дәуірі деп ататалатын кезеңде қалыптасқан. Ол кезде ешқандай
таптар болмағандығын жоғарыда айтып өткенбіз. Тек бертін келе ғана алғашқы
қоғам ыдырап, байлар мен кедейлер бөлініп шығып, қарама-қайшы таптарға
айналғандығына тарих куә. Міне осыларды негізге ала отырып, қазіргі
уақыттағы ғылыми теориялық марксистік ілімді жоққа шығармай, оны нақтылы
деректермен толықтыра түседі. Жоғарыдағы мемлекеттің пайда болуы туралы
теориялардың оң жақтарына ғана назар аударады.
Мемлекеттің шығу тегін түсіндіретін өзге де теориялар бар (органикалық,
валюнтаристік, аралас қандық).
Сөйтіп, мемлекеттің пайда болу жалпы заңдылықтарын сөз өткенде мыналарға
көңіл бөлгеніміз жөн:
1) мемлекеттің шығуы ұзақ тарихи процесс;
1) мемлекет объективті негізде пайда болады, өйткені қоғамның даму
кезеңдерінің белгілі бір саты-ларында онсыз болуы мүмкін емес, керісінше,
мемлекетсіз қоғам өрби алмайды, қоғам дамуының заңдылығы осында;
2) мөмлөкеттің шығуы қоғам ішіндегі қайшылықтармен қатар, оның табиғатпен
ара-қатынасының арасындағы келіспеушіліктерді үйлестіру қажеттігінен
туындайды;
3) қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінде мемлекет пайда болып, болашақта
ол оның тұрақты көмекшісіне айналады.
Қорыта келе айтатынымыз, мемлекет пен құқықтың шығу тегі экономикалық
және әлеуметтік себептерге де байланысты болады. Экономикалық себептерге
жататындар:
тұрпайы жинаудан өнім шығару экономикасына ауысуы;
қоғамдық еңбектің бөлінуі (мал шаруашылығының жер өңдеу шаруашылығынан
бөлінуі; қол өнерінің бөлінуі; көпестердің пайда болуы);
еңбек өнімділігінің артуы және артық мөлшерде өнім шығару;
— жеке меншіктің пайда болуы.
Ад әлеуметтік себептердің қатарына рудың ыдырауынан отбасының пайда
болуы; антагонистік қайшылықтың дүниеге келуі және қоғамның таптарға
бөлінуі жатады.

1 .1 Мемлекет түсінігі және оның құралдары.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен — Теологиялық теория, ол мемлекеттің
пайда болуын қүдайдың қүдыретімен байла-ныстырады. Бүл теорияның негізгі
идеологтары Августин (354-430 жж.) және Фома Аквинский (1225-1274 жж.)
болып табылады. Оның негізіне мынадай постулаттар бар: мемлекеттің
айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік қүдайшылық бастаулардан
шықты, оны ешкім де шайқалта алмады. Осы теорияға сәйкес, барлық мемлекет
басшылары өздерінің биліктерін қүдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде
жүзеге асырады.

Патриархалдық теориялар мемлекет отбасының өсіп-өркендеуінен пайда болады
деп түсіндіреді. Оның өкілдеріне ежелгі грек философы Аристотель (б.д.д.
384-322 жж.), сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904 жж.)
жатады.
Келісім-шарттық пайда болу теориясы қоғамның табиғи жағдайының
мемлекеттікке ауысуы келісім жолымен жүргізіледі деп есептейді. Бүл
теорияның өкілдері Гуго Гроц (1983-1646 жж.), Дж. Локк (1632-1704 жж.),
Томас Гоббс (1588-1979 жж.), Шарль Монтаскье (1689-1755 жж.), Дени Дидро
(1713-1784 жж.) және Жан-Жак Руссолар (1712-1778 жж.) қоғамдық келісімнің
негізгі ережелерін ойлап шығарды, соған сәйкес халық билікті мемлекетке
береді, ол өз кезегінде билікті үлттың мүддесіне сай жүзеге асыруға
міндетті.
Сыныптық теория, мемлекет — қоғамның экономикалық дамуының объективтік
процестері әрекеттерінің нәтижесі деп есептейді. Бүл теорияны негіздеген
теоретиктер К.Маркс (1818-1883 жж.), Ф.Энгельс (1820-1895 жж.), Льюс Морган
(1818-1881 жж.) болды.
Мемлекеттілік рутайпалық құрылыстың орнына келеді. Алғашқы қауымдық
теңдік пен меншіктің қоғамдық формасы өз-өзінен ескіреді де қоғам
әлеуметтік қабаттарға бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар
қалыптан шығады. Оның орнына еңбек бөлінісі келді, ру-тайпалық қүрылым
қиындай түсті, содан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады.
Мемлекет — қоғамның үйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі
эволюциясының өнімі. Әртүрлі кезеңдерде және әртүрлі жағдайларда мемлекет
қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жүмыс
жүргізеді. Бұл жерде сөз шаруашылық өмірді ұйымдастырудың жаңа нысандарына
көшу туралы болып отыр, ол қоғамның әлеуметтік бөлініске түсуіне, қоғамның
жаңа ұйымдық формасы ретінде мемлекеттің пайда болуына әкеліп соғады.

Мемлекеттің негізгі белгілері міне, мыналар:
Ерекше бүқаралық биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері
жалпыға бірдейлік және әмбебаптық болып табылады. Жалғындарға таратылу және
барлық жалпыға бірдейлік барлық аумаққа және барлық тұрғындарға
таратылудан, ал әмбебаптық ортақ мүдделерді қозғайтын кез келген
мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік
органдарда жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізеді.
Оны мемлекет аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санаты жүзеге асырады.
Түрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы. Аумаққа қүрылық, жер қойнауы, су
және әуе кеңістігі, қүрылықтық шельф және басқа-лар енеді. Мемлекетттік
билік тек мемлекет аумағында түратын адамдарға ғана жүргізіледі.

Мемлекеттік егемендік. Бүл мемлекет ішіндегі билік — жоғарғы билік, ал
оның сыртында тәуелсіз және өз алдына дербес екендігін білдіреді.
Мемлекеттік егемендіктің ішкі де, сыртқы да өзіндік сипат тары бар. Ішкі
егемендік ел ішіндегі мәселелерді шешуде үстемдік етуден көрінеді. Сыртқы
егемендік — сыртқы істердегі тәуелсіздік, мемлекет ішілік істерге сырттан
араласуға жол бермеу. Мемлекеттік егемендік мемлекетті, басқа да
белгілерімен бірге, қоғамның басқа үйымдарынан ерекшелейді.
Тұрғындардан салық жинауды қамтамасыз етуші органдар-дың болуы.
Мемлекеттің өмір сүруі салық түріндегі міндетті төлемдер есебінен
қамтамасыз етілетін қаржы-экономикалық негізсіз мүмкін емес. Салықтарды
мемлекет белгілейді және мәжбүрлеу түрінде жиналады. Мемлекеттің бүл
кірістері армия, мемлекеттік аппарат, қүқық қорғау органдарын, сонымен
бірге әлеуметтік саланы қолдауға және басқа ортақ істерді орындауға
бағытталады.
Тұрғындар үшін міндетті нормативтік актілердің болуы. Мемлекет қүқықтық-
шығармашылық қызметті жүзеге асырады: барлық ел түрғындарына арналған
заңдар және басқа нормативтік актілер шығарады. Қүқық басқару қүралы және
қоғамда пайда болатын қарама-қайшылықтарды өркениетті шешудің әдісі болып
табылады.
Мемлекет— қоғамның саяси (халықтық) билігінің ерекше ұйымы. Оның ортақ
істерді басқаруға бағытталған арнаулы аппараты болады. Мемлекетке өзіндік
ерекше белгілер тән. Ең алдымен мемлекет өз билігі таратылатын белгілі бір
аумақпен байланыста. Мемлекеттің мәні және тағайындау түріне сәйкес
мемлекет формасы анықталады. Мемлекет формасын үш элемент сипаттайды:
басқару формасы, мемлекеттік құрылыс формасы және саяси режим. Басқару
формасы деп сол немесе басқа мемлекетте биліктің жоғарғы органдарын қүру
және ұйымдастыру ұғынылады. Мемлекет басқару формасы бойынша монархияға
және республикаға бөлінеді. Монархияда жоғарғы билік монархтың -
мемлекеттің дара басшысының қолына жинақталған. Республикада биліктің
жоғарғы органдары сайланбалы болып табылады және белгілі бір мерзімге
қүрылады. Егер монархиялар абсолютті және шектелген болатын болса, ал
республикалар парламенттік және президенттік болып бөлінеді. Сонымен бірге
мемлекеттің республикалық формасының аралас формаларының болатынын да айта
кеткен дүрыс: суперпрезиденттік, жартылай президенттік және жартылай
парламенттік республика. Мемлекеттік құрылыс формасы мемлекеттің аумақтық
құрылымынан, мемлекет және оның құрамдас бөліктерімен ара қатынасынан
көрінеді. Мемлекеттік құрылыс формасына қарай мемлекеттер біртұтас және
федеративтік болып бөлінеді. Біртұтас — өз құрамында ұлттық-мемлекеттік
қүрылымдар жоқ бірыңғай мемлекет (Қазақстан, Франция). Федеративтік — өз
құрамында басқа да ұлттық-мемлекеттік құрылымдары бар күрделі мемлекет
(АҚШ, Ресей федерациясы). Конфедерация — өз тәуелсіздігін толықтай
сақтаған, белгілі бір мақсатқа жету үшін біріккен мемлекеттердің одағы
(бүрын-ғы Швейцария конфедерациясы).
Саяси режим деп мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері, қүралдары
және әдістерінің жүйесі үғынылады. Мемлекеттің саяси-құқықтық режиміне
сәйкес оларды демократиялық және антидемократиялық (тоталитарлық) деп
бөлуге болады. Демократиялық режим билік жүргізудің либералдық әдісімен,
қүқықпен қамтамасыз етудің нақтылы жүйесінің және тұрғындардың барлық
қабаттарын үлкен әлеуметтік қамсыздандырудың болуымен сипатталады.
Антидемократиялық режимге тоталитарлық және авторитарлық режимдер жатады:
күш көрсету әдістерін пайдаланады, өте күшті жазалаушы органдардың болуымен
және азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарының әлсіз қорғалуымен
сипатталады.
Мемлекеттерді этатистік және қүқықтық мемлекеттерге жіктеу де айрықша
назар аударуды қажет етеді. Мүндай жіктеуге мемлекеттің қүқыққа қатынасы
негіз болады. Академик М.Т. Баймахановтың пікірі бойынша, этәтистікке
қоғамдық қатынастарды реттеудің императивтік әдістерімен сипатталатын
мемлекеттерді жатқызу керек. Ол мемле-кеттерде азаматтардың, қоғамдык
бірлестіктердің және т.б. бостандықтары мен дербестіктері, олардың
мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән болып келеді. Этатистікке
тоталитарлық және авторитарлық режимнің барлық түрлерін жатқызуға болады.
Ал қүқықтық мемлекеттер мемлекеттік басқаруда қүқықтың артықшылығы
идеясын үстанады, азаматтардың қүқықтары, бостандықтары және мүдделерін
қамтамасыз ету және оған кепіл болу қажеттігін есепке алады.
Этатистік және қүқықтық мемлекеттермен бірге аралық үлгідегі мемлекеттер
бар, оларға жоғарыда аталған мемлекеттердің екеуінің де сипаттары тән.

Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы, сипаты және оның қызметінің мазмүны
мемлекет функцияларында көрініс табады. Мемлекет функциялары деп оның
қызметінің негізгі бағыттары үғынылады. Мемлекет функциялары дәстүрлі түрде
ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі функциялар — аталған ел көлеміндегі
мемлекет қызметінің басты бағыттары. Сыртқы функциялар мемлекеттің сыртқы
саяси қызметтерінде, және оның басқа елдермен қарым-қатынастарында көрініс
табады. Мемлекеттің төмендегідей ішкі функцияларын атап өтуге болады:
экономикалық реттеу, әлеуметтік қорғау, құқық тәртібін, адам және
азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауды қам-тамасыз ету
функциялары, экологиялық және мәдени функциялар. Сыртқы функцияларға
төмендегілерді жатқызуға болады: ел қорғанысы басқа мемлекеттермен қарым-
қатынас жасау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау функциялары,. Қазақстан
Республикасының өзіндік функцияларына әлемдік экономикалық және саяси
қоғамдастыққа ену функциясын жатқызуға болады. Өйткені, Қазақстан-
Республикасы егемендік пен тәуелсіздікті кейіннен алған жас мемлекет.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекет механизм аталатын
арнаулы мемлекеттік аппарат қүрылады. Мемлекет механизм дегеніміз
мемлекеттік ұйымдардың жүйесі, олар арқылы мемлекеттік билік жүргізіледі,
қоғамды басқару қамтамасыз етіледі. Ол билік өкілеттігінің болуымен
сипатталатын және белгілі бір құрылымы бас күрделі мемлекеттік органдардың
жүйесінен түрады.
Қазақстан Республикасы Конституцияда қүқықтық мемлекет қүруға бағыт
алғанын паш етті. Қүқықтық мемлекеттің негізгі белгілер қүқық және заңның
салтанат құруы болып табылады. Қүқықтық мемлекетте биліктерді бөлу қағидаты
да айрықша маңызға ие. Қүқықтык мемлекет қүрудың және бір шарты — тәуелсіз
соттың болуы.
Қүқықтық мемлекетте адамның қүқықтары мен бостандықтары сақталады және
қорғалады. Қүқықтық мемлекет үшін мемлекет пен онын азаматтарының екі жақты
жауапкершілігі тән. Қүқықтық мемлекет дамыған азаматтық қоғам жағдайында
қүрылатынын айта кеткен жөн Сөйтіп, қүқықтық деп демократиялық мемлекет
танылады. Онда қүқықтың салтанаты, заңның жоғары тұруы, баршаның заң
алдындағы теңдігі, сонымен бірге соттың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі
және билік оны бөлу қағидатына сәйкес ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің егемендігі мен
тәуелсіздігін бекітті. Қазақстан мемлекетінің тарихи қалып-тасқан өз аумағы
бар. Қазақстан басқа мемлекеттермен ынтымақ-тастық және тату көршілік
саясатын жүргізеді. Қазақстан Республикасы егемендігінің басты белгілері
мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының барлығы, сонымен бірге өзіндік
азаматтық институтынын барлығы болып табылады. Егемен және тәуелсіз
мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының өзінің мемлекеттік рәміздері
бар: Елтаңба, Ту, Әнүран.

Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы демократиялық,
зайырлы, біртүтас мемлекет. Қазақстан Республика-сы жаңа мемлекетінің
заңдық негізін мынадай нормативтік актілер қүрайды: 1990 жылғы 25 қазанда
қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация, 1991
жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы" Консти-туциялық Заң, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан
Республикасынын Конституциясы, 1995 жылғы ЗО тамыздағы Қазақстан
Республикасының Конституциясы, 1998 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістері
және толықтыруларымен.

1. 2. Мемлекеттік басқарудың қоғамда алатын ролі мен нысандары.

"Мемлекеттік баскару нысаны" түсінігі (не қарапайым "баскару нысаны")
мынандай сұрактарға жауап береді, кім "басқарады" мемлекетте, яғни ондағы
жоғарғы билікті кім жүргізеді. Баскару нысанын сипаттау мынандай кездерге
көңіл аударуды талап етеді:
* мемлекеттік биліктің жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру
Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Пәндер