Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
1.1. Кідіріс және онын түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу техникасының орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ Бөлім. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс.тәсілдері.
2.1. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2. Шығарманың астарлы ойы мен оның интонацияны құбылтудағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қосымша
Кіріспе

Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп жасына дейінгі балаларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана баланың жан-дүниесін жадырата аламыз.
Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап өй-өрісі ұшталып, көркемдік әлеміне құштар болып өскен әрбір бала туысқан халықтар әдебиетінің, мәдениетінің арғы-бергі тарихын игеруге, дүниежүзі әдебиетін оқып үйрене түсуге ынтызарлықпен ұмтылары анық. Сондықтан баланы тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы балабақшада балаларды әсемдікке, әдемілікке, ойлылыққа, асқақ адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың тәрбиелік мәні өлшеусіз.
Ал сол халықтың баласын тәрбиелеп, азамат өсіретін әрбір тәрбиешінің халық ауыз әдебиеті туындыларын, балаларға лайықты ертегі, тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел т.б. өте көп білетін, оны көркемдеп мәнерлі де әсерлі оқи алатын, жатқа білетін, балаларды өзіне тәнті етіп басқара отырып әңгімелеп, бере алатын өз ісінің шебері болуын уақыт талап етіп отыр. Сол себепті балабақшада мәнерлеп оқу, тіл дамыту т. б. пәндер бір-бірімен байланысты жүйелі өтіледі.
Тілі енді ғана шығып келе жатқан баланың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой-өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер етіп тәрбиелейтін тәрбиеші болып табылады.
Адам баласының өсіп даму психикасын төрт кезеңге бөліп жырлаған лирик ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасының «Мен бала» деген тарауында:
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне!—
деп жырлағанды.
Бала психологиясының іргетасын қалап, дидактикалық талаппен, күнделікті білім беру дағдысымен ұштастыра білу үлкен шеберлік.
Тәрбиешінің балабақшадағы жұмысының басым көпшілігі мәнерлеп оқып берумен, әңгіме айтқызумен тікелей байланысты болады. Тәрбиешінің жеке басының мәнерлі оқуы мен әсерлі әңгімелей білуі оқылатын, талданатын шығарманы балалардың тереңірек түсінуіне, оқу ынтасына, қызығушылығына, өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуына әсер етеді. Сол себепті тәрбиешілер мәнерлеп оқудың методикасын жете игеріп, көркем шығармалардың түрлі жанрларын, талдай алатын деңгейде болулары керек. Сонымен бірге қазақ тілінің дыбыстық құрылымын, әрбір дыбыстың жеке айтылуын, сөз ішінде оқылуын, естілуін, дауысты дыбыстардың созылмалы саздылығын түсініп жете меңгеруі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. www.google.kz
2. Журнал. Мектепке дейінгі педагогика. №1,2009 ж.
3. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. Москва. 1981 г.
4. www.yandex.ru
5. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы. 1982 ж.
6. С.Желдібаева. Мәнерлеп оқу. А. 1997 ж.
7. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. Москва. 1981 г.
8. www.google.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
1.1. Кідіріс және онын
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.2. Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу
техникасының
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..11
ІІ Бөлім. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
2.1. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс
сарыны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .17
2.2. Шығарманың астарлы ойы мен оның интонацияны құбылтудағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .37
Қосымша

Кіріспе

Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне
айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп жасына дейінгі
балаларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем
әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана баланың жан-дүниесін
жадырата аламыз.
Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап өй-өрісі ұшталып, көркемдік
әлеміне құштар болып өскен әрбір бала туысқан халықтар әдебиетінің,
мәдениетінің арғы-бергі тарихын игеруге, дүниежүзі әдебиетін оқып үйрене
түсуге ынтызарлықпен ұмтылары анық. Сондықтан баланы тәрбиелеудің алғашқы
баспалдағы балабақшада балаларды әсемдікке, әдемілікке, ойлылыққа, асқақ
адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың
тәрбиелік мәні өлшеусіз.
Ал сол халықтың баласын тәрбиелеп, азамат өсіретін әрбір тәрбиешінің
халық ауыз әдебиеті туындыларын, балаларға лайықты ертегі, тақпақ, өлең,
жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел т.б. өте көп білетін, оны көркемдеп мәнерлі
де әсерлі оқи алатын, жатқа білетін, балаларды өзіне тәнті етіп басқара
отырып әңгімелеп, бере алатын өз ісінің шебері болуын уақыт талап етіп
отыр. Сол себепті балабақшада мәнерлеп оқу, тіл дамыту т. б. пәндер бір-
бірімен байланысты жүйелі өтіледі.
Тілі енді ғана шығып келе жатқан баланың дұрыс оқуы мен дұрыс
сөйлеуіне, ой-өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер етіп тәрбиелейтін
тәрбиеші болып табылады.
Адам баласының өсіп даму психикасын төрт кезеңге бөліп жырлаған лирик
ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров Адасқан өмір поэмасының Мен бала деген
тарауында:
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне!—
деп жырлағанды.
Бала психологиясының іргетасын қалап, дидактикалық талаппен,
күнделікті білім беру дағдысымен ұштастыра білу үлкен шеберлік.
Тәрбиешінің балабақшадағы жұмысының басым көпшілігі мәнерлеп оқып
берумен, әңгіме айтқызумен тікелей байланысты болады. Тәрбиешінің жеке
басының мәнерлі оқуы мен әсерлі әңгімелей білуі оқылатын, талданатын
шығарманы балалардың тереңірек түсінуіне, оқу ынтасына, қызығушылығына,
өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуына әсер етеді. Сол себепті тәрбиешілер
мәнерлеп оқудың методикасын жете игеріп, көркем шығармалардың түрлі
жанрларын, талдай алатын деңгейде болулары керек. Сонымен бірге қазақ
тілінің дыбыстық құрылымын, әрбір дыбыстың жеке айтылуын, сөз ішінде
оқылуын, естілуін, дауысты дыбыстардың созылмалы саздылығын түсініп жете
меңгеруі қажет.

І Бөлім. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
1.1.Кідіріс жэне онын түрлері
Мектеп жасына дейінгі бала алғаш балабақшаға барған кезде, сауат ашуға
ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбыстың таңбасын жазып, оқып
дағдыланады. Алғаш екі әріптің басын қосып оқыған кезде оның мағынасын
түсінуге тырысады. Біртіндеп екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөзден
тұратын сөйлемдерді оқып үйренеді. Осы кезден бастап балалар не оқыса да
түсініп, дұрыс оқиды. Оқуға қойылатын түсінік, дұрыс оқу талаптарын саналы
меңгере бастаған соң-ақ бала сөйлемдегі сөздерді біршама жылдамдықпен
бір-біріне ұластыра оқып кетеді. Оқыған сөйлемнің мағынасына,
абзацтағы бірнеше сөйлеммен айтылған ойды ұғып, сол арқылы белгілі
тақырыптың мазмұнына түсінеді. Бұл процесс балабақшада жеңілден ауырға
қарай деген дидактикалық принциппен бала психологиясының дамуына, тілдік
материалдарды жүйелі меңгеруіне тікелей байланысты дамиды.
Тәрбиеші алдындағы баланың оқуға қаншалықты төселгенін арнаулы есеп
жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саналы түрде түсініп,
дұрыс оқуға төселгенде тексті қиындықсыз біршама жылдамдықпен оқиды.
Текстегі сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттер бірден оқылмайтынын
түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптанады. Оқу үлгісінің түрлерін
мұғалім көрсетіп береді, үйретеді.
Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу.
Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-
қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып
жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар,
хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте
шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.
Ал балабақшада оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол. Алайда, осы
екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу қажет-ақ.
Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын
оқуға мүмкіндік мол.
Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында тәрбиеші әңгімелеу
үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына
болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған
әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп,
сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып
шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан
оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай
кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен
икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де
мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы
жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып
жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық
көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату
арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар
беруге болады.
Сондықтан әрбір тәрбиеші балаларға әрбір көркем шығарманың көркемдігін
сақтай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана бала әрбір көркем туындыдан
эстетикалық ләззат алады. Онсыз оқудың құны болмайды.
Баланың оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс
түсініп, әңгіме желісінің әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін түсіне
бастайды.
Мектеп жасына дейінгі балалар, негізінен, өте қарапайым түрде
әңгімелейді және тек жай сөйлемдермен немесе көмекші сұраққа бір сөзбен
ғана жауап береді. Сондықтан тәрбиешілердін бұл мәселеге ерекше көңіл
бөлгені дұрыс. Әңгімелеуге үйретуде мыналарды ескеру қажет.
1. Балалардың койылған сұраққа дұрыс, толық жауап беруі.
2. Тәрбиеші қолданған күрделі сөйлемдерді қайталатқызу.
3. Өздеріне сөйлемдер құрату.
4. Сөйлемге қажет сөздерді ойлап тауып айтуға үйрету.
Суретті көрсете отырып және суретсіз (белгілі оқиға) әңгіме кұрату.
Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік
қорын байыту, эстетикалык талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде
көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Әрине, мектеп жасына дейінгі
сәбилердің әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп оқып беруі бойынша ғана
сөз сырын санасына ұялатады.
Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу
кезінде қойылатын дауыс ырғақтарының кідірістерін ( паузаларын )
игеру. Олар:
1. Логикалык кідірістер
2. Психологиялық кідірістер
3. Грамматикалык кідірістер
Балабақша тәрбиешісі балалардың оқу дағдысы қалыптасқан сайын
сөйлеудегі сөз мағынасына дұрыс түсінік, текстегі оқиғаның әсерін бір-
бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс созылып оқу салуға болмайтынын ұғынады.
Логикалык кідіріс. Әрбір сөйлемдегі айтылатын ойға қазық болып, қалган
сөздер оған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол
сөздер баска сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне
аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына - қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп
тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай
сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
Күн екіндіге жаңындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден
бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Қарадырдан бес-алты шақырым ұзап шықты...
(М. Ә у е з о в).
Бірінші, екінші, төртінші сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң
тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады.
Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын бас алмайды, тоқтамайды деген
бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап,
логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-
бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Психологиялык кідіріс. Мәтіннің мазмұны - мағынасына, ондағы қатынасын
кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл - күйінің құбылуына байланысты
оқылады. Мәтінді дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда тыңдаушы
ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма
кейіпкерімен қосыла қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс текст
мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа
созылады.
Мысалы, I. Жансүгіровтің Шәутеннің шәркейі деген диалогқа құрылған
әңгімесін шолып керейік. Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен
кідірістерін дәлелдеуге болады. Соның ішінде психологиялық кідірісін
қарастырайық. Ол үшін шығармаға аз ғана талдау жасайық. Шығармаға
қатысатындар — автор, Шәутен, анасы.
Автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы бір-шама тұрақты. Себебі,
автор — болған уақиғаны сырттай бақылап, хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты
қоңыр дауыспен оқылады. Ал Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене
бала. Үстіндегі киімі, ішіп-жеген тамағы т. б. қалай жасалынады, қайтіп
жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жаста емес. Сондықтан анасы ақ
марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат
қалмайды. Анасы – жүнді сабап жатса да, шиге тартып жатса да айтатыны
Болды ма? Енді болды ма? деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте
тез, келте, асығыс оқылады.
Шәутеннің анасының сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына
дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбарақат оқылады. Баласы қанша асықса
да, анасы асықпайды. Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынын біледі. Ана мен
баланың ой-өрісін, жас ерекшелігін, мінез-құлқын түсініп көз алдына
елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер
кейіпкердің көңіл күйіне, іс-әрекетіне қарай жасалады.
Граммматикалык кідіріс. Мәтіннің оқуда көбірек колданылатын, жиі
ұшырайтын кідірістер - граммматикалық кідірістер немесе нормативтік
дауыс ырғағы деп те аталады Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс
белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін
дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де осы тыныс белгілерінің
жеке-жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі
сөздер арасына ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сез
тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді. Оны кейінірек сөз
етеміз.
Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап
тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға
жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем
соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс,
тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге
мүмкіндік жасалады. Егер де нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез
жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдыңғы
сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады.
Тәрбиеші мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына
жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем
шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің анатомиялық
мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік
біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай етіледі, қалай оқылады
дегенге бала назар аударып жаттығуы кажет. Балабақшаға келген балалар сауат
ашуға ұмтылған кезден бастап әрбір үйренген дыбыстың таңбасын жазып, оқып
дағдыланады. Алғаш екі әріптің басын қосып оқыған кезде оның мағынасын
түсінуге тырысады. Біртіндеп екі-үш буынды сөздерді, екі-үш сөзден тұратын
сөйлемдерді оқып үйренеді. Осы кезден бастап балалар не оқкыса да түсініп,
дұрыс оқытуға тәрбиенің өз ықпалы өте жоғары. Балабақшадағы тәрбиеші оқуға
қойылатын түсінік, оқу талаптарын саналы меңгере бастаған соң-ақ бала
сөйлемдегі сөздерді біршама жылдамдықпен бір-біріне ұластыра оқып кетеді.
Оқыған ертегінің мағынасына абзацтағы бірнеше сөйлеммен айтылған ойды ұғып,
сол арқылы белгілі такырыптың мазмұнын түсінеді.
Балабақшадағы тәрбиеші алдындағы баланың оқуға қаншалықты төселгенін
арнаулы есеп жүргізу арқылы бақылап отыратыны белгілі. Балалар саналы түрде
түсініп, дұрыс оқуға төселгенде тексті қиындықсыз біршама жылдамдықпен
оқиды. Мәтінді сан алуан оқиғалар, құбылыстар, іс-әрекеттер бірден
оқылмайтынын түсінеді. Мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптанады. Оку үлгісінің
түрлерін бала бақша тәрбиешісі көрсетіп береді және үйретеді.
Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында балабақша тәрбиешісі
әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитафон таспасына жазып, алып
тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір
кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелеп отырып, магнитофонға жазып алып, оны
қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі
бөлек дүние болып шығады. Өйткені балалар өзінің еркін сөйлескен әңгімесін
текстін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып
қалады. Әрине бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та балалар
дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның балалар үшін де, үлкендер үшін де
мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы
жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсіріп жасап үйренсе,
олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің
күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу
дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.
Сондықтан балабақша тәрбиешілері балалар бөлмесінде оқылатын әрбір
көркем шығарманың көркемдігін сактай отырып мәнерлі оқып береді. Сонда ғана
оқушы әрбір көркем туындыдан эстетикалык ләззат алады.

1.2.Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу
техникасының орны.
Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың маңызы. Дауыс
сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үшін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап
отырады.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу үшін мүшесі аркылы ауа жұтады.
Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа карай шығуға
бағытталған. Өкпеден кайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем
тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамқтың ішкі
жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы етеді.
Сондықтан әркім өзінің дыбыс мүшелерінің атқаратын кызметін жете түсініп,
оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса
ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, кейде
орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін
түзейді.
Дауыстың өзіндік сапалары - дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың
беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп байқап фонетикалық дыбыстық, буындық
жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркесіне қойылатын екпінді ажырата білу
міндет.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуда өзін тәрбиелеуі бірінші дауыс ырғағын дұрыс
келтіруіне, кейіпкерлерді оқығанда соларға ыңғайлы мимикаға бет пішінін
келтіре оқуға, логикалық, психологиялық грамматикалық кідірісті дұрыс
келтіруге өзін дағдыландыруы керек. Мәнерлеп оқуда тәрбиеші дикция екпін
қоя білу дауыс ырғағын дұрыс келтіруі керек.
Мәнерлеп оқу аркылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиеші шығарма
кейіпкерлеріне еліктейтіндей, ішкі - сезіміне әсер ететіндей етіп оқуға
өзін жаттықтыру қажет. Мәнерлеп оқу сабағының басты міндеті - мектепке
дейінгі балаларды кітаппен жұмыс істеуге кітаптағы суреттерді көріп сол
кітаптағы шығарманы оқығанда соны тыңдай білуге тәрбиелеуде тәрбиеші
алдында үлкен міндеттер бар ол үшін тәрбиеші мәнерлеп оқудың қырын, әр
түрлі әдіс – тәсілдерін жақсы меңгеріп мәнерлеп оқу арқылы бала бойына
көркем шығарма, ертегі, т. б. сіңіре білу керек.
Мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгермейінше ана тілін білу мүмкін емес.
Мәнерлеп сөйлеудің балалар колдана алатын лексикалык күралдары дегеніміз ең
алдымен онын мағыналық, маңызын бір сөзден екінші сөзге көшіру, тасымалдау,
одан соң — синонимдер.
Сөз мағынасының тасымалдануын қабылдау сөздің образдық құрылымын
түсінуді көздейді, ол баланың өмір тәжірибесіне — оның түсінік қорына, есте
сақтауына және есте сақталған образдарға эмоциялык баға бере білуіне
байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бөбектермен жұмыс істеуде қолданылатын, сөздің
тасымал мағынасын түсінуге үйрету тәсілдері, сөз жоқ, тек қана ауызша түрде
бола алмайды: мұнда нақты объектілер мен суреттерге сүйену қажет.

Егер салыстырылатын заттарды бір сөзбен атай отырып, балаға бір
рет
болса да көрсетсе, ол бұл сөздердің жасырын ұқсастығын түсіне білетін
болады. Шалқанды, баска да жемістерді көргенде ең дұрысы қолмен ұстап
байқағанда, бала Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар жұмбағыңдағы
тон киген кім екенін (капуста) түсінеді. Сонымен, жұмбақты шешу үшін
балалардың біраз өмір тәжірибесі болуы, сондай-ақ олар жаз бен қыс
тамашаларын есте сақтауы тиіс. Мысалы, ешқашан кранды, қызылшаны
көрмейінше, доп теуіп ойнамайынша немесе мұны құрбыларының қалай ойнайтынын
көрмейінше бала мынадай жұмбақтарды шеше алмайды: Бұрасаңыз құлағын,
ағызады бұлағын (кран); Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызғылт дәу
шатыр (қызылша); ұшып-қонып тынбайды, қанша соксаң сынбайды, суға салсаң
батпайды, түскен жерде жатпайды (доп).
Тасымал мағыналы (яғни бір Мезгілде екі затты, белгілерін, іс-
әрекеттерін, бірі — тікелей, екіншісі — осы негізгімен салыстыру арқылы
білдіретін) сөздер өздерінің синтаксистік байланыстарының арқасында
өздерінің тасымал мағынасын контексте ғана көрсетеді: тасымал мағыналы сөз
тіркесін түсіну үшін шамалы болса да байланысқан текст керек. Салыстырыңыз:
қасқа бас шал — қасқа бастау, барқыт диван — барқыт шалғын, бала сыбырлайды
— орман сыбырлайды. Демек, балаларды сөздің тасымал мағынасын түсінуге
байланысқан текстті сабақтарда ғана жаттықтыруға болады. Балалардың сөздің
тасымал мағынасын үйренуі оларды көркем әдебиетпен таныстыру жұмысымен
байланыстырылады.
Сөздің мәнерлілігін, сөйлеушінің өзі айтып тұрған нәрсеге қатынасын
түсіну үшін балалар эмоциялық мәнері бойынша бір-біріне қарсы қойылатын
синонимдер қкатарын үйренуге тиіс. Мәселен, жеу және асау (дөрекі сөз)
деген сөздердің бірдей номинатив мәні бар, олар шындыктың бірдей фактісі —
тамақты ішуге сәйкес келеді, яғни бір-біріне байланысты қызмет атқарады.
Бірақ осы сөздердің жәрдемімен сөйлеуші шындықтың өзі атаған фактісін
түрліше бағалайды: бұл фактіні (асау) қос тамаушылық сезімін білдіреді және
өзінің дөрекілігін көрсетеді немесе бұған (жеу) бейтарап қарай отырып, жай
ғана фактіні көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалар сөйлеу этикетін қалыптастыруға
қатысатын эмоционалдық және стилистикалық синонимдерді үйрене алады.
Мысалы, үш жасар балалар тамақ асау деп айтуға болмайтынын, мұның дөрекі,
демек, өрескел сөз екенін, тамақ ішу деп айту керектігін түсіне алады.
Балдырғандар көп жағдайда балалар бақшасына әдеби тілге жатпайтын, жай
сөздер айта келеді. Тәрбиеші балаларға белгілі бір сөздердің арасындағы
стилистикалық айырмашылықты түсіндіре отырып, мұндай сөздерді әдеби
синонимдермен алмастыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық сатысындағы балаларға мұндай
айырмашылықты түсіндіру жұмысы тек қана этикалык тұрғыда жүргізілуі тиіс.
Мысалы: Мұндай (жай) сөздер айту - кісіні жәбірлейді, Мұндай сөз айтқан
бала — дөрекі, нашар тәрбиеленген бала, онымен ешкім де ойнамайтын болады
және т. с. с.
Ана тіліміздегі 37 дыбыс қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды
сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емес пе?! Сол дыбыстардан сөз,
сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой
ербіп, небір көркем туындылар өркен жайып жатыр.
Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс
сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық та ашық айтуға
үйретеді. Үлгісін өзі керсетеді. Сөйлеу технйкасына мыналар жатады: Тыныс
алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Дыбыстау мүшелері негізгі үш беліктен тұрады.
3. Өкпе.
2. Тамақ.
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы).
Өкпенің атқаратын қызметі өте зор. Өкпе кеуде кеңістігіне орналасқан
тыныс алу мүшесі. Ауаны ішке тартқанда өкпе үлкейіп, кеудені керіп тұрады
да, ауаны сыртқа шығарғанда семіп қалады. Осы ауаны (демді) ішке тарту мен
сыртқа шығарудың арасында секундпен есептеуге келмейтіндей жылдамдықпен
үздіксіз процесс жүріп жатады. Оны тек осы заманғы техника жаңалықтарымен
ғана бақылауға болады. Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды
естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем
алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір
сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден
басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу,
еріксіз дем алу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның
жоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттері
(диафрагма) қозғалысқа түседі. Сонда еркін, терең тыныс алады. Қайтқан ауа
мұрын қуысы арқылы шығады. Мұның гигиеналық пайдасы зор.
Еріксіз дем алу көбіне сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып
сөйлегенде, жиі кездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын
басқара алмаған мұғалім де, оқушы да келістіріп мәнерлі оқи алмақ емес.
Сондықтан ерікті дем алуды қалыптастыру үшін үнемі жаттығулар комплексін
жасап үйрену қажет. Қабырға мен құрсақ қатарын босаңсыту.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға
бағьгттап отырады.
Дауыстың естілуі — тию — физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Адам
сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе
кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады.
Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына
кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында
кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде
керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы
керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу
сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп жиырылуынан шыққан үн
таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне түседі. Онда мұрын
қуысымен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне
(резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы
кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы
басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер
етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы,
ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін
маңқа, мыңқылдап сөйлейді, даусы қарлығып қалыпты т.б. деген сөздер
осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мен дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған
жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты
дауыста сырыл пайда болады. Сондықтан әркім өзінің дыбыстау, мүшелерінің
атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен
қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса
ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады.
Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс
сарыны немесе обертондар болады. Соп обертондар арқылы адамның жеке-дера өз
даусы жасалынып, үні таза шығады.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде
орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін
түзейді.
Дауыстың өзіндік сапалары — дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың
беріктігі, дауыстың икемділігі, тұраңтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық дыбыстың,
буындық жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркестеріне қойылатын екпінді
ажырата білу міндет.
Әркім өз даусының мүліктерін байқап, оқылатын тексте, сейлеген сөзде
дауысты қалай икемдеу керегін өзі ғана белгілей алады.
Әркімнің өз даусы болады дедік. Бірақ, менің даусым осындай деп,
өзінің даусын оқу кезінде, сөйлеу кезінде аңғарып, жаттықтырмаса көркем
шығарманың түрлі жанрларын оқу кезінде текстіге дауыс қоя алмайды.
Оқылатын шығарманы мұғалім жан-жақты талдап, қай жерін қалай оқу
керек, дауыс қай жерде кетеріледі, төмендейді, орташа қалыпқа түседі деп
дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда мазмұнды жұмыс
болады.

ІІ Бөлім. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
2.1. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға
бағыттап отырады. Дауыстың естілуі - физиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі аркылы ауа жұтады. Осы
кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға
бағытталады. Өкпеден қайткан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз - кем
тұсқауына кездеседі. Себебі, дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі
жағында кеңірдектің екі жағына бір-біріне карсы біткен жиырылмалы ет. Ол
бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеде ауа қайтқанда осы дауыс
шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса,
ұксас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік ерекшелігі болады.
Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс
сарыны немесе обертондар болады. Сол обертондар арқылы адамның жеке дара өз
дауысы жасалынып, үні таза шығады. Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен
бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап
қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді.
Мәнерлеп оқу үшін дем алудың дұрыс болуымен катар дауыстың естілуі,
үнділігі мен жуан жіңішкелілігі, әуені, музыкалылығы да өте кажет.
Ересектер тобындағы балаларға әдеби шығарма оқу (5—6 жастагылар үшін).
Әдістер: оку, әңгімелесу. әңгімелету. Экскурсия, шығарма мазмұнына
сәйкес сурет көрсетіп әңгімелету. Өздігінен істелетін жұмыстар. Балалардың
жауаптарын талдау. Жеке және коллективті түрде әңгіме құрату. Оқылған
текстегі сөздерді түсініп айтуға үйрету. Оқудыңн мақсаты — әдеби
шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту; жануарларды ажырата білуге
үйрету. Көркем сөздерді (эпитет, синонимдер мен көп мағыналы сөздерді)
текстен таба білуге қалыптастыра отырып, сөздік корын байыту.
Баланың білімін бакылауда қолданылатын әдістер:
1. Шыгарманы оқып, тыңдату (оқу, ауызша айту, түсіндіру).
2. Оқылган шығарма бойынша әңгімелесу.
3. Өздеріне әңгімелету (суретсіз және сурет көрсете отырып).
Бұл үшін шығарманы оқу жоспары жасалады. Онда көркем сөзді дәл тауып
қолдана білуге үйретіледі, оқылған шығармалар қайталанады. Қайталау
барысында:
а) лексикалык жаттығулар жүргізіледі. Үйренген сөздерден сөйлем кұратады;
ә) белгілі тақырып бойынша сөйлем кұратады;
б) оқылган шығармага сәйкес (өз тәжірибелері бойынша) сөйлем кұратады.
Текстегі көркем сөздерді (синоним. т. б. сөздер) тапқызады.
Мәтінге үш түрлі бағытта талдау жасалынады:
1. Сөйлемдегі (мәтіндегі) сөздерді түсініп айтуын бақылау;

2. Сөздің мәтіндегі рөлін анықтау (Неге олай? Басқаша айтуға бола ма?);

3. Үйренген сөздерін сөйлеу процесінде қолдана білуін байқау.

Кейбір шығарманы талдау:
1. Мәтіндегі сөздерден жыл мезгілін бейнелейтін сөздерді тапқызу;

2. Бейнеленген сөздерді түсіндіру (синонимді қолдана отырып);

3. Үйренгендерін сөз тіркестерімен байланыстырып сөйлей білуге
жаттықтыру. Жазда, Күзде деген тақырыпта тәрбиешінің көмегімен
сөйлем құрату.

4. Өздерінен сұрай отырып, алтын, жасыл сөздерін жыл мезгілдерімен
салыстыра айтқызу;

5. Көркем сөздерді (эпитет, метафора) түсіндіру (оқылған шығармадан).

Бұл жұмытарды орындау мақсатында эксперимент ретінде етілген үш

сабақта
оқылған шығарманы талдауға болады. Ол үшін төмендегі шығармада кім, не
туралы айтылған? Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиешінің балаларды мәнерлеп оқуға дайындығы
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері
Мәнерлеп сөйлеу
Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Пәндер