Саяси қуғын – сүргін құжаттары



Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Саяси қуғын . сүргін құжаттарының деректік маңызы мен жалпы сипаты
2. Саяси . қуғын сүргін құжаттары XX ғасырдың 70 . 80 жылдарындағы еліміздегі ұлт . азаттық қозғалысы тарихының дерек көзі.
3. Халқымыздың ұлт . азаттық күресіне қатысты пайда болған мұрағат құжаттарының деректанулық талдаудан өткізудің қажеттігі мен жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бірмемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларға жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.
• 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.
• 1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.
• 1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
• 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті.
• 1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
• 1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
• 1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
• 1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды.Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
• 1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
• 1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қозыбаев.М. Ақтаңдақтар ақиқаты, А.,1992, 32, 234, 236-б.
2. Омарбеков Т. ХХ-дағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. “Чикентерор” А. 2001. –320 б.
3. Геллер, Некрич. Утопия у власти. История Советского Союза с 1917 года до наших дней. КН.1.Лондон. 1982, 321-б.
4. Назарбаев.Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын, //Егемен Қазақстан газеті, N-7 қаңтар, 1998.
5. Бектұров.Ж. ‘’Қайран абзал ағалар’’,- Нәубет, А., Жалын 1930, 171-б.
6. Қожакеев.Т. Қасірет,- “Зауал”, Алматы, “Жазушы”, 1991, 68-б.
7. Көкен.А. Советтердің жазалау саясаты қалай жүзеге асырылды? //Түркістан газеті, N-17 , 1997.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Саяси қуғын – сүргін құжаттарының деректік маңызы мен жалпы сипаты
2. Саяси – қуғын сүргін құжаттары XX ғасырдың 70 – 80 жылдарындағы
еліміздегі ұлт – азаттық қозғалысы тарихының дерек көзі.
3. Халқымыздың ұлт – азаттық күресіне қатысты пайда болған мұрағат
құжаттарының деректанулық талдаудан өткізудің қажеттігі мен жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп
шығару. Депортация жиі басқа бірмемлекетке шығып кеткен
шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға
ұшыраған. Оларға жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.
• 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина,  Белоруссиядан 360 мыңдай
адам жер аударылды.
• 1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей
халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді.
Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.
• 1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. I I дүниежүзілік соғыс
жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының
1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру
туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай
неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
• 1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО
ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның
негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс
тепті.
• 1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты.
Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
• 1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660
отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы,
жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668
адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан
аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
• 1946 жылы басында Қазақстанға тек
Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қыр ым автономиялық
республикасынан қоныс аударылғандар дың жалпы саны 107272 отбасы
(412191 адам) болды.
• 1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың
саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы
оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды.Суықтан,
аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер
басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704
адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға
ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп
тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы
туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс
аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
• 1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін
құрбандарын ақтау басталған кезеңде
ғана депортацияланған халықтар тағд ырына оң өзгерістер ене бастады.
• 1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш,
балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға
мүмкіндік алды
Саяси қуғын – сүргін құжаттарының деректік маңызы мен жалпы сипаты.
260 жылға созылған бодандық жылдарында қазақ халқы өзінің ұлт
тәуелсіздігі жолындағы күресін іс жүзінде бір күн де тоқтатқан жоқ. Ендігі
міндет біздің тарихымыз үшін принципті маңызы аса үлкен осы шындықты нақты
фактілермен дәлелдеп көрсете білу. Сол арқылы қазақ халқының бодандыққа еш
уақытта көнбеген, бостандык үшін күресе білген халық екенін ғылыми
тұрғыдан дәлелдеу. Бұл қазақ тарихшыларының алдында тұрған үлкен де жауапты
міндет.
Екі жарым ғасырдан аса Ресей қол астында болған халқымыздың әр түрлі
кезеңдерді басынан өткергендігі белгілі. Сол кезендерге сай тәуелсіздік
жолындағы күрес те әр түрлі формада жүргізілді. Ол бірде кең даланы
дүбірлеткен қарулы қақтығысқа ұласса, бірде байсалды турде сабырмен
жүргізілген зиялы қауымнын. саналы қозғалысына айналды, енді бірде сырт
көзге түсе бермейтін жасырын ситтатқа ие болды. Бірак, бір сәтке де
тоқтаған жоқ. Осындай, ұзын-ырғасы 260 жылдық тарихы бар тәуелсіздік
жолындағы күрестің өзіндік ерекшеліктері бар үлкен бір кезеңі замандасымыз
Хасен Қожа-Ахметтің атымен тікелей байланысты.
Әрине, Хасеннің күресі халқымыздын, жалпы ұлт-азаттық күресінің
құрамдас бөлігі. Сондықтан ол сол қозғалыстың контексінде каралуы тиіс.
Сонда ғана оның мән-мағынасы айқын ашылмақ. Дегенмен, әзірге,тәуелсіздіктің
10 жылдығына орай және Хасен Қожа-Ахметтің 2000 жылы "Ереуіл атка ер
салмай..." - атты кітабының жарыққа шығуына байланысты күрестін, бір ғана
кезеңіне тоқталмақпыз. Дәлірек айтсақ, Хасеннің ер жетіп саналы күрес жолын
бастаған,өткен ғасырдың 70-жылдарынын, басынан 1986 жылғы "Желтоқсан"
оқиғасына дейінгі аралықты алып отырмыз. Себебі, "Желтоқсаннан" тек Хасен
өмірінін ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихының жаңа кезеңі басталады.
Аталмыш кітаптың бірінші бөлімінде Хасен Қожа-Ахмет туралы
замандастарының толғанысы мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК)
Алматы облыстық бөлімінің аға тергеушісі, юстиция подполковнигі Мұқановтың
1977 жылғы 30 сәуірде Х.К.Қожахметовке байланысты қозғаған № 16 қылмысты
ісінін "Айыптау корытындысы", Алматы облыстык, Алматы калалық және Қазақ
ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары берілген. Екінші бөлімге Хасен Қожа-
Ахметтің 1972-1998 жылдар аралығында жазған өз еңбектері енген.
Кітапқа (сондай-ак МҚК, сот мұрағаттарындағы № 16 іске) дерек көзі
ретінде кешенді талдаудың, келешекте әлі жасалары күмәнсіз. Әзірге жоғарыда
көрсетілген кезеңге сай, Хасеннің 1972-1985 жылдар арасында жазған
еңбектері мен сол еңбектердің негізінде пайда болған "Айыптау қорытындысы"
дерек көздері ретінде алып отырмыз. Егер Хасеннің әр түрлі формада жазған
еңбектері еліміздің өткен ғасырдын, 70-80 жылдарындағы саяси ахуалының (кең
көлемді мағынадағы-К..А.) және Х.Қожа-Ахметтің қалай, не үшін
күрескендігінің, сол күрестегі мақсатыан, күрестің сипаты мен
ерекшеліктерін, оны сол күреске итермелеген қозғаушы күшін, ең бастысы,
қазак, жерінде тәуелсіздік үшін күрестің тоқырау жылдарыңда да
тоқтамағандығын көрсететін деректер тобына жатса, юстиция подполковнигі
дайындатан "Айыптау қорытындысы" мен сот үкімі соның бәрін ресми түрде
растайтын құжат болып табылады. Осылай, бір кезде қарама-қайшылық
жағдайында пайда болған дүниелер бүгінгі күні бірін бірі толықтырып,
тарихымыздың маңызды жазба деректеріне айналып отыр.
Х.Қожа-Ахметтің 1972 жылы әні мен сөзін өзі жазған "Қайран далам"
өлеңінен бастап, І985 жылы жазған "Қайран Нарын, қайда екен?" - деген
мақаласына дейінгі шығармаларын жанрлық жағынан бірнеше топқа бөлуге
болады. Олар: ән, қара өлең, мысқыл,саясимақалалар,үндеулер,үнпа рақтар,
саяси карикатуралар, жеке тұлғалардьщ атына жазылған хаттар, ертегілер, ант
мәтіні, конституция, бақылау комитеттерінін, жұмыс жоспарларынын жобасы
және өзінің ой толғаулары. Бұл туындылардың формасы мен жанры әр түрлі
болып келгенімен, бәрінің бағыт-бағдары, сипаты мен мазмұны бір. Өйткені
олардың пайда болуының алғышарттары, тарихи жағдайлары және максаты бір.
Халкымыздың ұлт-азаттық күресі тарихының деректеріне жататын бұл жазба
жәдігерлердің XX ғасырдың 70-жылдарында дүниеге келуінің басты алғышарты
еліміздегі орыс отаршылдығының шарықтау шегіне жетіп, қазақтардың ұлт
ретінде іс жүзінде жойылу қауіпінің тууы. Осыны айқын сезінген Х.Қожа-Ахмет
"Оян, қазақ! Оян елім!"-деген үндеуінде: "Өзінді намысы бар азамат деп
санасаң, ойланатын уақытың жетті, бауырлар. Туған жер тоналуда. Ана
тіліміз, мәдениетіміз ұмытылуда. Орыс шовинистерінің осы саясаты-
өзгермесе,қазак ұлтының жер бетінен жойылар уақыты да алыс емес" -деп
жазды.
Ал, өзінің еңбектерінің қандай тарихи жағдайда жазылғандығы туралы:
"Орыстар өз арамызда ғана "СССР" деген сөзді қолданады да, шыға бере
айтатындары: Россия, Россия жері кең байтақ, соғыста орыс халқы орыс
каруымен жеңген, космосқа орыс ұшты,.. бәрі орыстың істегені, басқа ұлттар
туралы бір сөз де айтылмайды. Сондықтан да, Қазақстан өз өнімін 80 шет
мемлекетке шығарса да, ол мемлекеттер қазақтың атын да естімеген, бәрін
орыстікі деп есептейді" - деп, орыстардын. "СССР" деген жалған атты
жамылып, осылай аталған мемлекетте, оның ішінде Қазақстанда да, өз
үстемдігін толық орнатқандығын, өздерін сол елдің де, жердің де қожасы
санағандығын айтады. Халқымыздың басым бөлігінің сол қалыптасқан жағдайға
мойынсұнып, өздері соған бейімделгендері туралы: "Қазіргі көптеген
азаматтар өз міндеттерін "оқып, білім алу, еңбек етіп, Отанға пайда
келтіру" - деп түсінеді. Бұл әрине, дұрыс. Бірақ сол Отан қайда? Аты бар
да, заты жоқ Отан ба? Еңбегін кім пайдаланып жатыр - осы жайында
ойланатыңдар аз. Ал шын мәнінде еңбегіміз-туған еліміз үшін емес, орыстың
отаршыл мемлекетін күшейту үшін істелініп жатқан еңбек. Бұл үшін олар бізге
тамак ішіп, күнкөретін жалақы береді... Олар бізді, "мақтамен бауыздап-ақ",
бірте-бірте орыстандыру арқылы жоймақ. Қазірдің өзінде қазак, тілін
білмейтін, ана тілінде сөйлеуді ұят санайтын пасық, надан азаматсымақтар өз
ұлтымызда көптеп кездеседі", -деп, осының салдарында елінде қалыптасқан
жағдай туралы: "Айналаңа карасаң, өзіңнің қазак жеріңде тұрғандығына
сенбейсің: көшеде, жұмыста... барлық жерде орыс, орыс тілі, орысша жазу" -
дейді.
1973 жылыжазған "Прогресс пе әлде құлдырап, күйреу ме?" деген
мақаласында Х.Қожа-Ахмет өз халкының қандай дәрежеге жеткендігі туралы:
"казақ халқын" "жомарт халық" дейді. Иә,жомарт. Таң қаларлықтай жомарт!
Бірақ жомарттықтың да орыны бар, шегі бар. Біз өзіміздің адамдық, азаматтык
парызымызды - ата-бабамыздың туып-ескен, жауға бермей, кан төгіп қорғаған
қазак жерін біздің де қорғауымыз керек екенін ешкашанда естен шығармауға
тиіспіз. Ал орыстар қазақ халқының жомарттығын ынжықтығы деп санайды.
"Есіктен кіріп, төр менікі" дегенін, "Асыңды ішіп, ыдысыңа отырып
кететінін" көре түра, біздін, орыстарға деген көзкарасымыздың өзгермеуі,
отаршыл сұрқия саясатын түсінбеуіміз ақылға сыймайтын, барып түрған
намыссыздың ісі емес пе?! Сойғалы жатқан мал екеш мал да жан бергісі келмей
арпалысады. Біз сол мал күрлы болмағанымыз ба?" -дейді.
Неткен ауыр сөздер! Қандай ауыр айыптау! Шынымен солай болды ма? Хасен
сөздері қаншалықты шындыққа сай келеді? Біздің бұдан не бары 20-30 жыл
бүрынғы саяси-рухани ахуалымыз Хасен жазғандай, шынымен соншалыкты ауыр
жағдайға душар болған ба? Бізге шынымен ұлт ретінде анық жойылу қаупі туып
па еді? Шынымен біз еліміздің, жеріміздің, ұлттық байлығымыздың тоналып
жатканын сезбейтіндей дәрежеге жетіп пе едік? Шынымен біз рухани негізіміз
- туған тілімізден, төй мәдениетімізден айырылып, өлім ауызына соншалықты
жақын келіп пе едік?
Иә, өкінішке орай, бәрі де рас. Хасеннің бірде бір сөзін артық
айтылған, өмір шындығына сай келмейтін сөз деп жоққа шығара алмаймыз.
Керісінше, деректану ғылымының талаптарына сай, Хасеннің әр бір сөзінің
шынайылық деңгейінің өте жоғары екендігін, оның мақалаларында, еліміздің,
халқымыздың өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси-әлеуметтік, рухани
жағдайының айнадағыдай дәл бейнеленгендігін дәлелдейтін ондаған, жүздеген
деректерді еш қиындықсыз-ақ келтіре аламыз. Бірақ, біздің ойымызша оның
енді керегі шамалы. Бәрі онсыз да анық. Бүгін ол туралы аз айтылып, аз
жазылып жүрген жок. Хасеннің жүз пайыз шындықты айтқанына бүтін еш кім де
күмән келтіре алмайды.
Әңгіме Хасеннің сол шындықты басқаларымыз сиякты кейіннен емес, дәл
сол күндері айта білгендігінде. Тасқа басып көбейтіп өз қандастарының
арасына тарата білгендігінде. Орыстың берген болар-болмас шен-шекпені мен
атақ-дәрежесіне апиын шеккен нашакордай еліткен қазағын қайтсем есін
жинатам, кайтсем елімді ұйкысынан оятам деп басын бәйгеге тігіп
жанталасуында. Өмір шындығын басқаларымыздан даттап (хандарды,
батырларымызды), қазаққа мал баққаннан басқаны қимай, төмендетіп,
керісінше, Еуропаның асылдығын, оның ішінде орыс ұлтының "ұлылығын"
дәлелдеу үшін жанталасуда" - деп, жазуын да шындыққа сай келмейтін қазақ
тарихшыларына жабылған жала деп айта алмаймыз.
Әрине, қазақ тарихшыларының өзін өзі даттап, езгені мақтау
себептерін көрсетіп, мұндай жағдайдың қалай калыптасқанын түсіндіруге
болады. Дегенмен, өз тарихымызды өзіміз бұрмалап, елімізде орнаттық деп
ойлаған "социалистік" қоғамның тарихына арналған, Ресейге өз еркімізбен
қосылуымыздың прогрессивті маңызын дәлелдеген "ғылыми" еңбектер
жариялағанымыз рас. Мысалы, бір ғана Қазақстанның Ресейге қосылуының 250
жылдығына арналып ондаған кандидаттык, және докторлық диссертациялар
қорғалды. Талайлар ғылыми атак-дәрежеге ие бодды.
Ал, дәл сол жылдары, дәл сол Қазакстанның Ресейге "өз еркімен
қосылуы" туралы Х.Қожа-Ахмет: "Қазақ халқы өз еркімен отар болуға келісті"
- деп ақымақтығана сендіруге болады. Ал Әбіжайырмен 1731 жылы жасалған
келісімге келсек, Кіші жүздің ғана ханы болғандықтан, оның мұндай шарт
жасасуға қақысы жоқ. Мемлекеттік шарттар тек Үлкен Орданың ханымен жасалуы
тиіс.

Саяси – қуғын сүргін құжаттары XX ғасырдың 70 – 80 жылдарындағы еліміздегі
ұлт – азаттық қозғалысы тарихының дерек көзі.
Орыстар отарлағаннан бергі 250 жылдың ішінде қазақ халқы отаршыларға
қарсы талай рет көтерілді. "Ондаған жылдар аттан түспей отаршылармен
соғысқан Сырым батыр, Кенесары — Наурызбай, Исатай — Махамбет
көтерілістері, 1916 жылғы, 1930 жылғы Маңғыстау, Жетісу көтерілістері қазақ
халкының тәуелсіз ел болуды, бостандықты аңсағандығының куәсі емес пе?" -
деп, жазды.
Ол үшін даңқты бабалары сияқты нақты игілікті істер істеу" -
болғандығын байқау қиын емес.
Хасен Қожа-Ахметтің аталған кітапқа енген, "халықтар достығы" деген
атпен бүркемеленген, орыс отаршылдығына қарсы ашык бағытталған
шығармаларын, сол 70-жылдары жазып ел арасына таратқандығының, яғни өз
ұлтының бостандығы жолында өз заманына сай нақты істер атқарып, кезінде
бабалары салған күрес жолына түскендігінің дәйекті дерегі жоғарыда айтылған
ресми құжат -" Айыптау қорытындысы ".
Жалпы, "Саяси бақылау мен іздеу және сот процесстерінің құжаттары"
маңызды дерек көздеріне жатады. Егер, олар үстем ұлт үшін мемлекеттің
қауіпсіздігін қорғау тарихының дерегі болса, бодандағы ұлттар үшін
тәуелсіздік жолындағы күрес тарихының дерегі болып табылады. Хасенге
байланысты пайда болған 6-томнан тұратын "қылмыстық іс", "Айыптау
қорытындысы" мен сот үкімі осындай,қазақтардың азаттык үшін күресі
барысында пайда болған мыңдаған деректердің бірі. Оларға келешекте кешенді
деректанулық талдау жасалуы қажет. Ал, нақты "Айыптау қорытындысына"
келсек, онда: "Қылмысты іс қозғауға негіз болған - 1977 жылы сәуірдің
отызына қараған түні Қожахметовтың Совет мемлекеті мен социалистік
құрылысқа жала жабатын жазбаларын тарату үстінде ұсталғаны" Істі тергеу
барысында Қожахметовтың 1972-1977 жылдар аралығында Совет мемлекеті мен
коғамдык құрылымына қасақана ойдан шығарылған жала жабатын үндеулер мен
үнпарақтар, мақалалар жазып, оларды көбейту арқылы жұртқа таратумен
айналысканы анықталды. Бұл үшін 1972 жылдын тамыз айында Алматы облысының
Каскелең қаласындағы базарында белгісіз біреуден казақша № 97451 "Прогресс"
мәшінкесін сатып алған. Үйін тінту кезінде ол алынып, қылмысты айғақтайтын
зат ретінде іске тіркелді.
Қожахметов Есік қаласындағы өз үйінде 1972 жылдың желтоқсаны мен 1977
жылдың сәуір айы аралығында осы мәшінкемен әлгідей жазған дүниелерін казақ
тілінде 670 данаға дейін көбейткен... Ол "дайындаған қүжаттың 31 данасын
тергеу барысында қолға түсіру мүмкіндігі болмады... -делінген.
Бұдан, біріншіден, Х.Қожа-Ахметтің Совет мемлекеті мен социалистік
құрылысқа, яғни отаршылдыққа қарсы әрекет үстінде ұсталғандығын, екіншіден
оның бес жыл бойы күрес жүргізгендігі, үшіншіден, қазақша мәшіңке сатып
алып, алдын ала дайындық жүргізгендігін, төртіншіден, күрестің XX ғасырға
тән астыртын тәсілін пайдаланғандығын көреміз.
Сонымен қатар, құжатта азаттык үшін күрес тарихын зерттеуде ғылыми
маңызы аса зор мәселелердің бірі-күрестің қай жерде, калай жүргізілгендігін
көрсететін нақты фактілер де келтірілген. Мысалы онда: "Тергеу барысында
жинақталған айғақтар бойынша, Кожахметовтъщ жалақорлық мазмұндағы 600
жазбасының 15 данасын 1977 жылдың бірінші жарғысында Алматы каласында
айыпталушының өзі тараткан" сондай-ак., 1977 жылдың наурыз айыңда
"Симфония" дүкенінің сауда-саттық бөлімінде Қазақ мемлекеттік
университетінің аныкталмаған екі студент қызына "Оян қазақ, оян елім!" және
"Жас қазақ" ұйымының Конституциясы" дегендердін 8 данасын өздері оқып және
қазақ жастары арасында тарату үшін берген
1977 жылдың 29 сәуірінде айыпталушы Қожахметов Есік қаласынан Алматыға
— осы құжаттарды тарату мақсатында әдейі келген, сол күні кешкісін Масаншы
мен Гоголь көшесінің қиылысында Қазақдың кыздар институтының студенттері
Шолпан Әбіжанова мен Гүлжихан Таниеваға "Оян қазақ, оян елім!" деген
үндеудің 6 данасын берген. Әбжанова мен Таниева Кожахметовтен алғандарын
милиция кызметкерлері Болат Мұхамедиев пен Валери Сайдулинге табыс еткен,
ал олар Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетіне тапсырған. Көрсетілген құжаттар
заттай айғак, ретіңде іске қосып тіркелді.
1977 жылдың 29 сәуір күнгі сол кеште Қожахметов осы аталған институт
студенттері Маразбаева Роза мен Нұрманова Кұлашқа жалаға толы құжаттарды
беруге әрекет жасаған, бірақ олар алудан бас тартқан.
Ол 1977 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақстанда жер аударылған халықтар
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары:ұлт интеллигенциясының қиын тағдыры құжаттарда
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
1937-1938 жылдардағы қазақ зиялыларына қарсы саяси қуғын-сүргін
Ақтөбе өңіріндегі жалпы білім беру мәселелерінің көтерілуі
Қазақстандағы 37-38-жылдардағы қуғын-сүргіндер
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Пәндер