Лептоспироз (сары ауру)


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Л е п т о с п и р о з

(Сары ауру)

Лептоспироз - (Лептоспирозис) төрт түлік м алдың және құстардың табиғи індетті ауруы. Ағзаның безгек тәрізді қалтырауымен дененің кілегей қабатының сарғайып кетуімен және іруімен, ішек-қарын жұмысының тоқырауымен, түсік тастауымен немесе өмірге бейімсіз төл тууымен малдардың беретін өнімдерінің төмендеуі сияқты белгілермен білінеді.

Қоздырушысы - «Спирохетце» тобына жаүтатын «лептоспира» деп аталатын майда к үміс жіп тәрізді ирек, әртрлі жылжу қабілетіне ие бактериялар. Олар сонымен қатар бірнеше түрлі токсиндер (улы заттар) бөліп шығарады.

Ірі қара мал мен кеміргіштердің дәретінде бір аптаға дейін, бҮйрекке 12 күнге дейін, ағын суда 10 күн, к өл суларында 200 к үнге дейін, сұйық тезекте 1 тәулік, ылғалы кем сілтілі топырақта 270 күн, жаңа сауылған сүтте бір тәулікке дейін, ал құрғақ топырақта 12 сағатқа дейін күшін жоғалтпайды. 96 градусқа дейін қыздыру бұл бактерияларды бірден өлтіреді. Тура түскен күн сәулесінен 2 сағатта заласызданады. 0, 25 пайыздық активті хлор, 5 пайыздық карбол қышқылы, 0, 1 пайыздық күйдіргіш натрий ерітіндісі де бірден залалсыздандырады.

Табиғи жағдайда ірі қара мал мен шошқалар бұл дертпен жиі ауырады.

Жануарлар кез келген жасында бұл ауруға бейім болады.

"Лептоспироз" адамға да жұғады. Ауырып жазылған жануарлар ағзасынан біршама уақытқа дейін сыртқы ортаға бактериялар бөлініп отырады. Яғни мұндай малдарды «микробтасымалдаушылар» деп атайды. Ірі қарамал 6 айға дейін, уақ мал 9 айға дейін, иттер 3 жылға дейін, мысықтар 4 айға дейін, ал кеміргіштер (әртүрлі тышқандар) өмір бойы «лептоспиро тасмалдаушылары» болуы м үмкін. Бұлар суды, жем шөпті, жайылымды, топырақты, қора төсеніштерін т. б. заттарды бактериялармен залалдай отырып, басқа сау малдарға жұқтыру мүмкіндігін тудырады. Аурудың негізгі таралу жолы - су көздері. Бактериялар адам ағзасына тері қабатындағы, ауыз, сұрын қуыстарындағы, ішек-қарын құрылымының кілегей қабаттарындағы түрлі жарақаттар арқылы өтеді.

Лептоспироз ауруы ж едел, баяулау және созылсалы түрде өтеді. Ауру жұқтырғаннан белгілері білінгенге дейінгі жасырын кезең (инкубационный период) 3-5 күн, кейде 20 күн аралығында болады. Жедел түріндегі лептоспироз ауруы екі апта мен бір жарым жас аралығындағы жас малдар арасында жиі кездеседі.

Ауырған малдың ыстығы көтеріліп, денесі қалтырайды, бірден жем-шөпке тәбеті жоғалады, күйсемейді, жағдайы ауырлап әлсірейді. Төрт-бес күн шамасында тері қабаты, көздері, ауыз қуысымың кілегей қабаты сап-сары болып кетеді. Зәр бөлу аз-аздан бөлініп қиындайды. Зәрі шие түсті немесе қоңырқай түсті болады. Белін қысыңқырап ұстағанда ауырсынып белін бүгіп ыңқылдайды. Алғашқыда іші өткенмен кейін қатып қалады. Негізінен буаздықтың екінші жартысы кезңіндегі Maлдap түсік тастайды. Сауын малдардың сүті бірден азаяды, тіпті мүлде суалып кетуі де мүмкін. Сүттің түсі сары болады. Бірнеше күннен соң таңдайында, тіліндегі кілегей қабатында, белінде және құйрығында, құлағында, еріндерінде, мойнында тері беттері шағын өлі еттенген аймақшалар пайда болады. Желін үрпісінің терілерінде күлтілдеген жұқа қабатты ісіңкіліктер көрінеді де, олар тез жарылып ұзынынан, көлденеңінен тілімденген қоңырқай қабыршықтарға айналады.

Жүрек соғуы минутына 120-ға дейін үдеп, тынысы жиілей түседі. Ауру шамамен 10 күнгө дейін созылады.

Емдеу амалдары: Ауру малдарды бөлектейді, «гипреиммундық сыворотка», «стрептомицин», «дитетрациклин», «глюкоза», «кофеин», «уротропин» уколдарын салады. Ауыз қуысын марганцовкамен шаяды. Жарақаттанған жерлерге ихтиол майын, борлы вазелин жағады. Ауырған мал азығына балықтың майын, түрлі микроэлементтер, витаминдер қосады.

Сақтандыру шаралары: кеміргіштерді дер кезінде жойып отыру, малдардың жазғы жайылымын құрғақ жерлерден ұйымдастыру, малдарды таза сумен суғару. Ауырған ит- мысықтарға шикі ет жегізбеу. Сырттан әкелінген малдарды бір ай бөлек ұстау және оларды лептоспирозға тексеру. Малдарға дер кезінде егу жұмыстарын жүргізу, түсік түскен төлдерден алынған материалдарды малдәрігерлік зертханаға тексеруге жіберу, ашық су көздерін «лептоспирозға» тексеріп тұру, әрі заласыздандыру жұмыстарын жүргізу сияқты шаралар іске асырылады. Ауру малдардан алынған сүтті қайнатып, мал азығына пайдаланады.

Лептоспироз (грек. leptos - жіңішке және speіra - ирекше, бұрама; osіs - ауру) - адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н. П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 - 15 ж. А. Инадо және А. Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі:

1. интерогеморрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады;

2. каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады) ;

3. “су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Қазақстанда Лептоспироз “су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі - дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан - ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Жануарлардың лептоспироз ауруын зертханалық балау
Ірі қараның лептоспирозы
Лептоспироз ауруы және оның қоздырғыштары
Вакцина егу профилактикасы
Лептоспироз туралы мәліметтер
Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
ЛЕПТОСПИРОЗ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz