Депозиттік операцияларға талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ТАЛДАУ

(дипломдық жұмыс)

Ғылыми жетекші:

.

Қорғауға жіберіледі

Кафедра меңгерушісі

«___» 20__ ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БӨЛІМ. БАНК ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6

1. 1. Коммерциялық банктердің экономикалық негіздері және олардың кұрылу тәртібі . . . 6 1. 2. Коммерциялық банктердің құқықтық сипаттамасы . . . 13 1. 3 Екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері . . . 17

2 БӨЛІМ. ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ТАЛДАУ . 25

2. 1. Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны . . . 25 2. 2. Банкте депозиттік саясатты белгілеудің алғы шарттары . . . 28 2. 3 Депозиттік операциялар немесе депозиттер нарығының құқықтық

реттеуімен қалыптасуы . . . 40

3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕПОЗИТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУІ . . . 45

3. 1. Салымдарды кепілдеу - жаңа әдіс ретінде . . . 45

3. 2. Депозиттік саясатты белгілеу реті . . . 53 3. 3. АҚ «Қазақстан халық банкінде» депозиттік операциялардың жетілдіру жолдары (Талдықорған аймақтық халық банкі материалдары негізінде) . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 72

ҚОСЫМШАЛАР . . . . 74
КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде Қазақстаннның банктік жүйесі тұрақты және сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банктың алдында тұрған негізгі мәселелер - қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік- құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту. Елдегі банктердің негізгі мақсаты депозиттік саясатының жүзеге асырылуын және деңгейін мысал негізінде көрсету, сонымен қатар қалыптасқан жағдайларды жақсарту жолдарын іздестіру және банктердің депозиттік қызметтерінің үлесін арттыру жолында жаңа идеяларды анықтау. Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген сенімін біршама арттырды. Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел валютасындағы тек мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2003 жылдың 13 сәуірінен бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған ағымдағы депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Келесі салымдарын сақтандыру мәселелерін қарастырылуы тиіс: Жалпы депозиттік операциялардың түрлерін және депозиттерді сақтандыру жүйесін; Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың қалыптасуы және олардың қазіргі жағдайымен танысу, сонымен қатар «Қазақстан халық банкіндегі» депозиттік саясаттың белгіленуі мен депозиттік операциялардың жүргізілуін қарастыру; Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің депозиттік саясатының кемшіліктерін жою және әрі қарай дамыту барысында қандай шаралар орындалуы тиіс. Осы депозиттерді сақтандыру жүйесіннің міндеті және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастыруына ынта болады. Нәтижесінде банктердің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды. Оның үстіне, банктік салымдардың мөлшеріне банктік жүйенің және банктік қаржылық инструменттердің даму деңгейі де үлкен ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурс тарту мүмкіндігі банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттеріне деген қарым - қатынастары және әртүрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты. 2003 жылдың 31 қаңтарында Президенттің «Мемлекеттік басқаруды дамыту туралы» Жарлығы шықты. Осыған орай Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 1 қаңтарында, төрағасы Б. Халишұлев болып тағайындалған «Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдардың бақылау және қадағалау Агенттігі» ашылды; 2004 жылы 16сәуірде Қазақстан Республикасында «Бюджеттік Кодекс» өмірге келді; 2003жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексі»; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Банк және банк қызметі туралы» Заңы; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Ұлттық банк туралы» Заңдарына көптеген өзгертулер енгізілді. Жұмыстың өзі кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады: Кіріспеде мақсаты, мідеттемелері, өзектілігі көрсетілген; 1 Бөлім. «Банк және банк қызметінің экономикалық негіздері»-коммерциялық банктердің экономикалық негіздері және олардың кұрылу тәртібі, коммерциялық банктердің құқықтық сипаттамасы, екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері; 2 Бөлімде «Депозиттік операцияларға талдау»-депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны, банкте депозиттік саясатты белгілеудің алғы шарттары, депозиттік операциялар немесе депозиттер нарығының құқықтық реттеуімен қалыптасуы; Енді, 3 Бөлім-«Қазақстан Республикасының депозиттер нарығының құқықтық реттеу және жетілдіруі»-салымдарды кепілдеу - жаңа әдіс ретінде, депозиттік саясатты белгілеу реті, АҚ «Қазақстан халық банкінде» депозиттік операциялардың жетілдіру жолдары (Талдықорған аймақтық халық банкі материалдары негізінде) ; Қорытындысында, Коммерциялық банктің маңызды міндеттерінің бірі - несие берудегі делдалдық болып табылады. Олар кәсіпорындардың қорларымен жеке тұлғалардың ақшалай табыстарының айналымы кезінде уақытша бос қалған қаражаттарын қайта бөлу жолымен делдалдық міндетін атқарады. Коммерциялық банктердің делдалдық қызметінің ерекшелігі - ресурстарды қайта бөлудің негізгі белгісі оларды заемщиктің пайдалануының табыстылығы.


1 БӨЛІМ. БАНК ЖӘНЕ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері және олардың құрылу тәртібі

Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды ақрылы, мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті - қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдық іске асыру. Нарқтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. қаржылық мекемелер іске асырады.

Банк дегеніміз - Қазақстан Республикасының 31. 08. 95 ж. (10. 07. 03ж тол. ) «Банк және банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік қызметті іске асыратынкоммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып табылады. Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен басқа, кез-келген меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан Республикасында 3 мемлекеттік банктер бар. Олар: Даму банкі - 01. 07. 01 ж; 2. Қазақстан Эксимбанкі; 3. Тұрғын үй құрылыс сақтау банкі - 2003 жылдың қыркүйек айында құрылған. Банк құрылтай шарты негізінде құрылады және өзінің заңына сай қызмет етеді. Банкті құру жөніндегі құрылтай шартында мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:

- құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар үшін - аты-жөні, азаматтығы, жеке басын күәландыратын құжаттың мәліметтері, тұрғылықты жері;

- акциялардың құны, саны және категориясы туралы мәліметтер Банктің заңында міндетті түрде төмендегідей мәліметтер болуы керек:- банктің толық және қысқаша атауы; - банктің меншік формасы және ұйымдастырылу-құқықтықформасы туралы мәліметтер; - банктің қорларын құру және оларды пайдалану принциптері; - банкті басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі. Банк өзінің Заңдарына жазылған фирмалық атауды банктің атауы ретінде қолданады. Бірде-бір банк негізгі Заңда жазылған атаудан басқа атауларды, құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда пайдалануға құқығы жоқ. Ұлттық Банктен басқа барлық банктерге өз атауында Ұлттық сөзін қолдануға тиым салынады (9, 20-50) .

Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді және банкілік операцияларды жүргізудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Банктің жарғылық қоры / мемелекеттік банктік есепке алмағанда / алғашқы кезде акцияларды сату немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен құрылады. Құрылтайшылар мен акционерлер өздері алатын акцияларға тек қана ақшалай қаражат төлеуі керек. Акционерлік қоғам формасында қызмет ететін банктің акциялары үшін несиеге алынған, кепілдікке берілген қаражаттарды қолдануға тиым салынады.

Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық қорға түскен қаражат сондай-ақ, банкті пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық бюджет пайдасына өндіріліп алынады. Ал акциялар одан әрі іске асырылу үшін банкке қайтарылады. Банк акцияларын алғаш рет сату олардың номиналды құнынан төмен емес бағамен және барлық құрылтайшылар үшін бірдей жүргізіледі.

Жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық қоры оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен елу процентке төленген болуы керек. Қалған бөлігі банк заңды тұлға түрінде тіркелген күннен бастап бір календарлық жыл ішінде төленуі керек. Банктің жарғылық қорын көбейту мынадай жолдармен жүргізіледі: - қосымша акциялар шығару; - акциялардың номиналдық құнын көтеру.

Бәрінен бұрын банктерге анықтама берудің маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан да, заң ғылымында да банкті несие алу немесе беру жөніндегі делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді. Профессор, юрист М. М. Агарков пікірінше, банктер мынадай міндеттер атқарады. Банк өзінің клиенттеріне үш категориядағы қызмет көрсетеді. Біріншіден, банк бөтеннің ақшасын сақтау міндетін мойнына ала отырып тұлғалардың ақша қаражаттарын жинайды. Бір сөзбен айтқанда өз клиенттерінің кассирі болады. Екіншіден, банк клиенттен процентсіз ақша талаптары, көбінесе вексель талаптарын алу формасында несиелік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, заем немесе кепілдік несие формасында. Үшіншіден, банк клиенттердің төлем ақыларды қабылдау және іске асыру жөніндегі әр түрлі тапсырмаларын орындайды. Мысалы: чектерге, аударымдарға, аккредитивтерге ақы төлеу, вексельдер және басқа да құжаттар бойынша төлемдер инкассациялау. Қызметтің осы үш категориясына сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып айтуға болады: бөтеннің қаражатын жинау; 2) несие беру; 3) төлем айналымына ықпал ету.

Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банкілік қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызында шыққан заңының 1 бабында банк дегеніміз заңдарға сәйкес банкілік қызметті іске асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген.

Акционерлік қоғам түрінде қызмет ететін банктердің жарғылық капиталы жеке және заңды тұлғалардың арасында бөлінетін номиналдық құнын тең бөлетін акциялардың белгілі бір санына бөледі. Банктердің акциялары акционерлердің басым көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтеді:

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы акционерлік қоғамдардың жалпы қабылданған басқару жүйесіне сай. Коммерциялық банктің жоғарғы органы жылына кемінде бір мәрте болатын акционерлердің жалпы жиналысы. Банк қызметіне жалпы басшылыққа банк кеңесі іске асырады. Оған банктің басқармасының жұмысына бақылау мен қадағалауды жүргізу жүктелген. Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын басқарма акция акционерлердің жалпы жиналысы мен банк кеңесі алдында жауапкершілік атқарады. Банк басқармасының құрамына, әдетте, банк мүшелерінің неғұрлым ірі өкілдері кіреді. Мәжілістері жүйелі түрде болып тұрады және шешімдер басым көпшіліктің дауысымен қабылданады.

Ревизиялық комиссияны қатысушылардың жалпы жиналысы сайлайды және ол банк кеңесіне есеп беріп отырады. Ревизиялық комиссияның негізгі міндеті - қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды ескертетін жағдай жасау. Сондай - ақ банктің жылдық есебі мен балансы бойынша қорытынды дайындау.

Коммерциялық банктің қызметінің басты және негізгі қалаушы принципі іс жүзінде қолда бар ресурстар шегінде қызмет ету. Бұл принциптің мәні - коммерциялық банк өзінің ресурстары мен несиелік салымдар арасындағы сандық сәйкестікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, банкілік активтердің сипаты мен жинақталған ресурстардың ерекшелігін сәйкестігіне қол жеткізу керек.

Бәрінен бұрын ол мерзімдерге қатысты. Мысалы: егер банк қысқа мерзімге қаржылар тартқан болса және сол қаржы есебінен ұзақ мерзімді несие оның өзінің міндеттемелерін уақытында жойып отыруына қауіп туады. Банк өзінде бар ресурстар шеңберінде активті операцияларын жүргізуге ерікті, яғни, оның активті операцияларының мөлшері әкімшілік, ерікті әдістермен шектелмейді. Әкімшілік шектеулер бір мәртелік, төтенше сипатта болуы мүмкін. Оларды жүйелі түрде қолдану банк қызметінің коммерциялық негіздеріне теріс әсер етеді.

Коммерциялық банктердің қызметінің негізі болып табылатын маңызды қағидалары - толық экономикалық еріктілік. Осы принцип банктер өздерінің нәтижесі үшін экономикалық жауапкершілік атқарады. Экономикалық еріктілік банктің өзінің меншігіндегі қаражаттары мен тартылған ресурстарды еркін билеуін, клиенттер мен салымшыларды ерікті түрде таңдауын, салықтарды төлеп болғаннан кейін қалған табысты билеуін білдіреді. Қазіргі банктік заңдармен барлық коммерциялық банктерге өздерінің қорлары мен табыстарын билеуге экономикалық еркіндік берілген. Банк салық төлеп болғаннан кейін қалған табыс акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сай бөлінеді. Жалпы жиналыс банктің әртүрлі қорларына аударылатын қаржылардың мөлшері мен нормаларын, сондай - ақ акциялар бойынша төленетін дивиденттердің мөлшерін бекітеді.

Коммерциялық банктің экономикалық жауапкершілігі оның ағымындағы табыстары ғана емес капиталына да қатысты. Коммерциялық банк өзінің міндеттемелері бойынша меншігіндегі мүліктері және қаражаттарымен жауап береді. Жүргізетін операцияларының тәуекелін коммерциялық банк өзі атқарады.

Үшінші қағидалары коммерциялық банкпен оның клиенттері арасындағы арақатынастар кәдімгі нарықтық қатынастар секілді құрылатындығын білдіреді. Коммерциялық банк несие бере отырып нарық жағдайында табыс табу, тәуекел және төлемақы төлеу қабілеттілігі секілді факторларды ескеріп отырады.

Коммерциялық банктің жұмысының төртінші қағидасы - оның қызметін реттеу әкімшілік емес, тек жанама экономикалық әдістермен іске асырылуында. Мемлекет коммерциялық банктердің қызмет ету ережесін бекіткенімен оған бұйрық бере алмайды.

Нарықтық экономиканы таңдаған барлық елдерге коммерциялық банктер экономиканың төлемдік механизімінде алдыңғы қатарда болып отыр, алайда шаруашылық жүргізудің өзгеріске ұшыраған шарттары бүкіл төлемдік механизмді реформалауды қажет етеді. Қор нарығы қалыптастырылуымен байланысты коммерциялық банктердің бағалы қағаздарымен жүргізілетін операцияларды делдалдықты атқаруы сияқты міндеті де дами түседі. Кейбір дамыған елдермен салыстырғанда біздің коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы әрекеттері шектелмейді. Олар бағалы қағаздармен әртүрлі операцияларды іске асыра алады. Мысалы: бағалы қағаздар нарығында делдалдықты іске асыра алатын инвестициялық институт; инвестициялық кеңесші; инвестицялық компания және инвестициялық қор түрінде бола алады. Демек банк дегеніміз - Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттары мен басқа құндылықтарды тартып, оларды өз атынан қайтарымды, ақылық, мерзімділік шартымен орналастыратын, сондай - ақ олармен әртүрлі есептесу және басқа да банкілікоперацияларды іске асыратын коммерциялық ұйым.

Ақша табыстары мен жинақтарын мобилизациялау және оларды капиталға айналдырудың нақты жүйесі болмай қазіргі қоғам экономикасының қызмет атқаруы мүмкін емес. Осындай жүйенің негізгі звеносы банктер. Банкдегеніміз өзінің клиенттеріне белгілі бір ақы үшін қаржылық қызмет көрсететін коммерциялық ұйым. Кез - келген экономикалық жүйеде банктердің негізгі үш міндет атқаратындығын айта кеткен жөн. Біріншісі - уақытша бос ақша қаражаттарын салым түрінде аккумуляциялау, яғни жинақтау. Бұл міндетін атқару барысында банк өзінің міндеттемесін орындаушы борышқор ретінде болады. Атаулы міндет қандай бір дәрежеде пассивті болып табылады: банк салымшыларға салымның мөлшерін көбейт деп талап қоя алмайды, сонымен бірге салым салуға тиым сала алмайды.

Екінші міндет - жиналған қаражатты мерзімділік, қайтарылып берілетінділік, ақылық принциптерінде, несие беру формасында орналастыру. Бірінші міндеттен айырмашылығы - оның активтілігінде, банк несие бермес бұрын ақылға салып тексеріп, қаражаттың қайтарылуының кепілдіктеріне талдау жасайды.

Банктердің үшінші міндетін профессор М. М. Агарков «төлемдік айналымға ықпал ету» деп түсіндіреді. Карапайым тілмен айтқанда кассалық және аударымдық операцияларды іске асырумен сипатталатын есептік - кассалық қызмет көрсету.

Банкітік операциялардың қалған түрлері аталған осы үш міндеттентуындайды немесе оларды орындау жеңілдететін немесе жақсартатын, немесебанктің өзіне клиенттер тарту үшін атқарылатын көмекші міндеттер болыптабылады.

Қорыта келе, банк дегеніміз салымдар қабылдайтын, несие беретін жәнеклиенттерге есептік - классалық қызмет көрсететін мекеме деп айтуымызғаболады.

АҚШ - тың банкілік заңдары бойынша томенденгідей қызмет атқаратынфирмалардың барлығы банктерге жатқызылады: 1) салымдар қабылдайды, салымшылардың алғашқы талабы бойынша өздерінің салымын қайтарып алуғазаңды құқығы бар; 1) коммерциялық заемдар беру жөніндегі қызметтердіатқарады. Кейіннен банкілік істегі бәсекелестіктің теңдігі туралы 1987 жылғы заңмен банктің түсінігіне бірқатар толықтырулар еңгізілген болатын. Атапайтқанда, банк дегеніміз салымдарды сақтандырудың сақтандырылған немесе сұраған уақытқа дейінгі салымдарды және аударымды шоттарды қабылдайтын, немесе коммерциялық несиелердіберумен айналысатын мекеме. [1, 23]

Банктің ресми мәртебесі Ұлттық Банктің банкі ашуға берген рұқсатымен, заңды тұлғаны Әділет Министрлігінде банк ретінде мемлекеттік тіркеуменжәне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясымен анықталады.

Сонымен бірге банктер несие нарқында делдал бола отырып, бос ақшақаражаттарын жинақтап, оларды қажет ететіндей арасында бөледі, яғни несиетүрінде уақытша береді. Осылайша, бос ақша қаражаттары бұл тұлғаларөздерінің қаражатын қайда салаларын білсе, қаражатты қажетсінгендер онықайдан алатынын біледі. Банктердің міндеті - несиенің пәні болды-ау дегенкапиталдың сұранысы мен ұсынысын ұйымдастыру.

Банктердің қызметі уақытша бос қаражаттарды тарту жәнеорналастырумен шектелмейді, олар сондай-ақ, есептік операцияларда делдалбола отырып, қаражаттар санын молайтуға да тырысады.

Банктік операцияларды банктерден басқа, банктік операциялардың жекетүрлерін жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясын алған банкілік емес мекемелерде іске асыратындығын атап кеткен дұрыс. Заңдарда банк және банкілік емесмекеме түсініктеріне жеке-жеке анықтама берілмеген. Банктер және банкілікемес мекемелер айырмашылығын жоғарыда аталған, тек банктерге ғанақатысты үш міндетті атқарудан байқауға болатын сияқты.

1. 2 Коммерциялық банктердің құқықтық сипаттамасы.

Банктердің түрлері көп. Олардың типі және тағы да басқа [16, 8-16] . Банктер атқаратын операциялардың түрлері бойынша:

1) Эмиссиялық банктер - ақша белгілерінің эмиссиясын іске асыратынжәне елдің банкілік жүйесінің қызмет етуіне бақылау жүргізетін, осы жүйеніңорталығы болып табылатын банктер. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлттық банкі. Ұлттық Банктің құқықтық жағдайы ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурызда шыққан «ҚазақстанРеспубликас ы Ұлттық Банкі туралы» заң күші бар жарлығымен бекітілген.

2) Депозитті банктер - салымдар түріне түскен қаражаттар есебінен саудажәне өнеркәсіп саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге несие беруменайналысатын, көптеген елдердің несиелік жүйесінің негізгі звеносы болыптабылатын банктер. Депозитті банктердің құқықтық мәртебесі оны екіншідеңгейдегі басқа банктерден ажырататын екі ерекшелігімен сипатталады, текдепозиттік банктер инвестициялық қызметті іске асыруға тиым салынған, егерзаңмен басқаша көзделмесе.

3) Инвестициялық банктер - негізгі кызметі портфельді және іске асыратын банктер. Қазақстан банктер үшін ерекше құқықтық режим бекітілген. Оның мәні:

1) басқа банктердің мерзімді депозиттерін айтпағанда, депозиттердің кез-келген түрін қабылдау тиым салынады;

4) инвестициялық банктерге материалдық өндіріс, жылжымайтын жәнежылжымалы, сондай-ақ сақтандыру қызметімен айналысатын заңдытұлғалардың жарғылық қорларына қатысуға рұқсат етілген.

Қызметтің жеке бір саласы бойынша мамандандыруына қарай банктерипотекалық, құрылыстық, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда және тағы басқада түрлерге бөлінеді.

Әдебиеттерде кең тараған, жоғарыда аталған классификациядан басқаҚазақстан Республикасының банкілік заңдары банктерді оларға құрамына қарай үш түрге бөледі:

1) Мемлекеттік банктер - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізіндеқұрылатын, жарғылық қорын иеленуші тек Үкімет болатын банк. Мемлекеттікбанк оларды құру және оның қызметі туралы заң актілерімен қарай өзінің қызметін іске асырады. [7, 32-35] 2) Шет мемлекет қатысатын банк - акцияларының 50 пайызынан астамынҚазақстан Республикасының резидент еместерінің, резиденттері заңды тұлғалардың немесе жоғарыдағыларға ұқсас заңды тұлғаларының, резидент еместерінің қаржыларын билейтін резиденттерінің меншігінде, иелігінде немесе басқаруындаболатын банктер.

3) Мемлекетаралық банктер - халықаралық шарт негізінде құрылған жәнеқызмет ететін, жарғылық қорын иеленуші Қазақстан Республикасының Өкіметімен атаулы шартқа қол қойған мемлекеттік Үкіметі болып табылатын банк. Банктік қызмет алғаш рет қай елде пайда болғандығын қазір айту қиын-ақ. Ертедегі отырықшыл халықтар табиғи шаруашылықтан ақшалайға ауысқансәттен бастап банкілік іс пайда болуы керек екендігі түсінікті-ақ. Тіпті ежелгіВавилонның өзінде Негоагиддин Эдисибидің банкілік үйі қызмет екендігібелгілі. Оның қызметі ауқымды да әртүрлі болған деседі. Дәлірек айтқанда, ордер бойынша төлемақы, ақшалай салымдар қабылдап олар бойыншапроценттер төлеген, қолхаттар мен кепілдіктер ала отырып несиелер бергенжәне ипотекалық несие берген жағдайда проценттердің орнына кепілдіккесалынған мүліктің бекітілген баға бойынша түсетін табыстарды алу құқығыниеленген товарларды сатып алу барысында делдалдық қызмет атқарған, тіптіклиенттің шотының жарты сомасын төлеуді өз мойнына алатын болған [16, 20- 30] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банктер туралы
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктің тартылған ресурстары
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz