Орта ғасырлар мәдениеті


ОРТА ҒАСЫРЛАР МӘДЕНИЕТІ
Ортағасырлардағы мәдениет көріністері Батыс өркениетімен шектеледі. Шығыстағы ортағасырлық тарихт-мәдени типтер Қазақстан жерімен байланысты және оған тікелей әсер етті.
Орта ғасырларды ғылыми әдебиетте әдетте "сәулелі антикалық дәуірден соң келген қара түнек, фанатизм уақыты" деп те атайды. Осы пікірді, әсіресе, Қайта өркендеу өкілдері жиі айтқан. Шын мәнінде орта ғасырлар адамзаттың мәдени дамуындағы үзіліп қалған буынемес, болашақтағы мәдени және техникалық, прогрестің алғы шарттары осы кезде калыптаса бастады.
Орыс жазушысы М. Горький ортағасырлар мәдениетіне төмендегідей баға береді. «Мәдениет тарихы біздін есімізге мынаны салады: ортағасырларда тас қалаушылардын, балташылардың, ағаш ою шеберлерінің, көзешілердің, қолөнершілер коллективтерінің, жеке-дара өнерпаздардың қолдары жетіп көрмеген тамаша үйлер салып, ғажап әдемі заттар жасай білген. Еуропадағы ортағасырлық соборлар осындай, Батыс пен Кеңес Одағынын музейлерінде лық толған заттар осындай. Бүл заттарды көріп тұрып, олардың еңбекке деген асқан сүйіспеншілікпен жасалғанын сезінесін. «Кішкентай» адамдар аскан шеберлер болған - музейлердегі ескінің жұрнақтары және Еуропаның көне калаларындағы әсем ғимараттар бізге, міне осыны айтады» (Лев Любимов. Батыс Еуропаәнері. Алматы, 1982, 9-бет) .
Рим империясын талқандаған варварлар бас кезде мәдени ескерткіштерді де аямады. Адамзат тарихында теріс мағынада аттарын қалдырған герман тайпасы вандалдар көркемөнер және тарихи ескерткіштерді құртушылар ретінде белгілі. Жеңушілер гүлденген қалаларды, храмдарды, егін суару жүйелерін жермен-жексен етіп отырған.
Алайда варварлардың мәдени деңгейі жеңілушілерден көп төмен еді. Жасанды түрде біріктірілген әр тілдегі халықтар мен тайпалардан кұрастырылған еуропалық мемлекеттер варварлықтык, тұрғыларынан бірте-бірте айырылып, антикалық менталитетке беттерін бүра бастады. Бұған, әрине, христиан дінінің үйыткылық кызметінің маңызы зор болды. XI ғасырдағы француз монах-шежірешісі Рауль Глабер былайдейді: «1000 жылдан кейін, көп ұзамай шіркеулер салу қайтадан басталды және мүның өзі барлық жерде дерлік қолға алынуда, бірак негізінен бұл іс Италия мен Галлияда кен өріс алып жүрғізілуде. Оларды тіпті, еқ-қаңдай қажеті болмаса да салды, өйткені әрбір христиан кауымы көршілерінен гөрі анағүрлым әсем шіркеулер салу үшін жарысқа түсуге асыққан. Тегінде, дүние өз өне бойын шіркеулердін ақ жасауына орау үшін өзінің ескі-құскысын сілкіп тастағандай болды» (Лев Любимов. Батыс Европа өнері, Алматы, 1982, 22-бет) .
Антикалык мәдениет сияқты орта ғасырларда мүсіндеу мен сәулет өнерлері аса мәнді саналған. Олардын ішінде «роман стилі» мен готиканың алатын орны ерекше. Роман стилінде ою-өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келген. Орта ғасырлар өнерін терең зерттеген ғалым Лев Любимовтың пікірі бойынша, «табылғаған синтездің мәні - образды мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, карапайым бейнелеу мен өте шарпылықтың, ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің үйлесуінде еді. Мысалы, жекелеген образдар жасауда романдық пластика түр өзгертуге ішінара ғана ден қойды, бірак оларды үйлестіру үшін ол мүсіндік композицияның сәңділігі мен негізгі идеялық мазмүнын арттыру мақсатында өмірлік шындықты сөзсіз құрбан етеді» (Аталмыш кітабы, 23-бет) .
10-12ғғ. өнерде роман стилі үстем болады. Сәулет өнерінде кең таралған-қамалдар, ғибадатханалар, монастырьлық кешендер. Серілік қамалдарды мұнаралары бар қуатты қабырғалар қоршайды. Қамалдың композициялық орталығы - феодалдың мұнарасы - донжон. Төңірегінде шаруашылық және тұрмыстық кешендер орналасқан. Кезеңнің монастырьлары қамал тәріздес. Сырт бейнесі қатал, қарапайым монастырь кешенінің негізгі элементі - ғибадатхана. Композицияның орталығы - шпильдермен аяқталған мұнара. Сол кезеңдегі сәулет өнерінің айқын көрінісі - Пуатьедегі «Сен Пьер Соборы», Арледегі «Сен-Трофим» Соборы. Сәулет өнерінде фреска, түрлі-түсті шыныдан салынатын және бір-бірімен каркас арқылы байланысатын көркем сурет - витраж таралады.
Романдық стильдін аса көрнекті үлгісі - Париждегі атақты Нотр-Дам (Күдай-ана соборы) . Нотр-Дам роман стилін ерте готикаға апаратын буын сиякты. Белгілі француз жазушысы Виктор Гюго Нотр-Дамды суреттей келе, ортағасырлар мәдениетінің ішкі мағынасын далел керсетеді: «Сол кезде ақын болып туған әр адам сәулетшіге айналды. Феодализмнен жапа шегіп, бұкара ішіне тараған дарындар . . . сәулетшіліктен өзге мұрат таба алмай, сол өнердін көмегімен өзіне жол ашты және олардың иллиадалары соборлар түріне ойысты . . . Олар ұлы туындылар жасаған жүмысшылар еді. Архитектор - ақын - өнерпаз шебер өз бойларына фасадтарды көмкерген мүсін витраждарды құлпыртатын живопись, қоңырауды козғалысқа келтіріп, органдык трубалардан күй төгетін музыка құдіретін жинақтады. Тіпті, қор болған поэзия, қолжазба қалпында тапжылмастан соншалықты пұшайман болған нағыз поэзия гимн немесе хорал ретінде өзін үйдің көмкермесіне телуге мәжбүр болды . . . Демек Гутербергке дейін сәулетшілік өнері барлық халықтар үшін жазба мәдениетінің басым түрі болып келеді . . . XV ғасырға дейін сәулетшілік өнері адамзаттың басты шежіресі болды».
XII ғасырдың орта шенінен бастап роман стилі готика өнерімен ауысады. Мысалы, Францияда готика үш ғасырдан астам уакыт үстемдік етті; ХШ ғасырдын бастапқы ширегіне дейін - алғашқы готика; ХШ гасырдын 20-жылдарынан соңына дейін - кемелденген немесе жоғары дамыған готика; XIV-XV ғасырларда-«нұрлы және жалындаған» деп аталған соңғы готика.
Готикалык өнер негізінен шіркеу құрылыстарында қолданылғанымен, онын бүкіл халықтық мәдениетке тікелей қатысы бар еді. Қалалык қауымның қаржысымен салынған готикалық ғимараттарда қүдайға құлшылык етумен қатар қоғамдық өмірдін маңызды мәселелері талқыланды. Оларда университеттік лекциялар оқылып, театр спектакльдері қойылып, парламент мәжілістері өткізілді.
Готикалық стильдің романдық стильден айырмашылығы -оның көркемдігінде, биіктігінде, динамикалылығында, әрі әсемдігінде. Готикалық стильдің ескерткіштері - Франциядағы «Париждік Құдай ана соборы», Реймдік және Аниемдік соборлар, Германиядағы «Кельн соборы», Венециядағы "Дожи" сарайы. Соборды әшекелеуде мүсін өнері бастапқы орынға ие болды. Олар әулиелерді, апостолдарды бейнеледі.
Ортағасырлық мәдениеттің маңызды эленменттерінің бірі - әдеби шығармашылық. Мифологиялық сюжеттерден батырлық эпостар пайда болады. Мысалы, ирландық және скандинавиялық сагалар, «Тристан және Изольда» туралы кельттік эпос және соның негізінде пайда болған серілік роман. Англияда - «Король Артур» туралы романдар, Германияда - «Нибелунгтар туралы жыр». Мәдениеттің маңызыды элементтерінің бірі - сарай әншілері - труверлер, трубадурлар, кезбе әншілер - ваганттар.
Ортағасырлық мәдениетте кеңінен суреттелген мәселе махаббат тәңірегінде болды. «Мистикалык әсерлі сезім мен махаббатқа тән әсерлі сезімнің астасуы, Мария бикеш пен «Әсем әйелге» табыну серілік сүйіспеншілік пен махаббатты адам кұмарлығын рухтандыратын кіршіксіз сезімнің айғағы ретінде ғана емес, со-нымен бірге, сылкымдыктың ойыншығына айналдыра жырлау - сол кездегі сарай тірлігінің жарастығы болды», - дейді Л. Любимов.
Сылқымдық стилі көркем творчествода талғампаздықтуғызды: кітапты көркемдеуде аса нәзік өрнектер кең орын алды, миниатюрада да, пластикада да адам киімінің жұмбақтау, бірак жарасымды көрінісі пайда болып, сәнді киінудін ғажап симфониясын құрауға жағдай жасалды.
Ортағасырлык, Батыс Еуропалық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін атап өтейік. Біріншіден, ортағасырлык. әлемде екі мәдениет болған (діни-ресми, ғұламалық және карнавалдык-әзілдік, халықтық) . Ресми мәдениет христиан дінінің аскетгік баламасын адамдық мұрат деп қабылдап, діни-моральдык сананы алғашқы қатарға шығарды. Августиннің пікірінше, «касиетті жазу» қүдайлық сүйіспеншіліктен баска еш нәрсені ұсынбайды, ләззаттық сезімдерден басқа ештеңені айыптамайды» (Идеи этического воспитания. М., 1973, 235-бет) . Осы діни дүниетаным жаратушылық (бүкіл әлем құдайдың бейнесі және оның шығармашылығынын нәтижесі) және иерархиялық (дүниеде алдын ала белгіленген тәртіп бар, оның түйіні қүдайға, адамдардың бір-біріне бағынуы занды және табиғи) принциптерге негізделген. Сонымен, ортағасырлык адам басынан-ақ екі-ұшты қосқабатты; ол әрі пенде, әрі кұдайдың сүйген құлы. Егер адамның денесі қүдайға кьізмет етпесе, онда ол әзәзілге сатылып кеткен болып есептелді. Осыны сылтау еткен католиктік дінбасылары инквизицияны құрып, өздерінің қоғамдағы рөлін арттыруға тырысты. Жын-перімен қатынастары бар деп талай ғүламалар инквизиция шешімімен тірідей отқа өртелді.
Ортағасырлық ресми мәдениеттің тағы бір ерекшелігі - оның элитарлык, сословиелік бөлінушілік сипаты. Антикалык өркениеттен ортағасырларға өту уақыты жалпы күйзеліс, дағдарыс, қиратушылық заманы еді. Жаңадан қалыптаса бастаған Батыс мәдениеті сондықтан үнемділікті, практицизмді басты принцип ретінде кабылдаса, ескі мәдениеттен тек өзіне керектілерін ғана алды және қоғамды сословиелік деңгейлерге бөліп тастады. Ақсүйектердің пікірінше, жай қарапайым халық адамнан гөрі жануарларға жақын, оларда өркениеттіліктің нышаны жоқ.
Ортағасырлық мәдени туындыларда рыцарьлық феномені өте дәріптелді, ол жан-жақты жетілген адамдың мұрат үлгісінде ұсынылды. Әрине, рыцарьларға тән жанқиярлык, батылдық, ізгілік, бекзаттық адамдарда кұрмет сезімін туғызады. Бірақ, рыцарь тек өзімен терезесі тең адамдарға ғана ілтипатпен карады. Айталык, ол қарапайым шаруаның қыздары мен әйелдерін ешкашан бикеш деп атамаған.
Ресми мәдениеттен тыс дамыған халықтық мәдениетті алсақ, онда ең алдымен қарапайым адамдық сезімдер мен пәни жалғандағы қуаныштар, кайғылар мәдениеттің тірегіне айналатынын көреміз. Осы мәдениеттің шынайы бір көрінісі - карнавал. Карнавал - халыктың екінші өмірі іспетті. Халықтық және ғұламалық мәдениет кейін Қайта өркендеу заманында бірін-бірі тапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz