Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы



1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
2. Дене тәрбиесі теориясының
Басқа ғылымдармен байланысы
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың
дене тәрбиесі теориясының дамуы
4. Мектеп жасына дейшгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі валалардың дене тәрбиесі теориясының пәні.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы — коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы — баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі советтік жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып-біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезең-нің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғүрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, оны айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді творчестволық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр, шыныққан, шат-шадыман, ынталы баланы қалыптастыру — жан-жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын мақызды міндет болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық-физиологиялық ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекі-лік-бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмүнын құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы
Мектеп жасына дейінгі валалардың дене тәрбиесі теориясының пәні.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы — коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы — баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі советтік
жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және
оның бір бөлігі болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен
мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас
кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын
арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес
тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы
заңдылықтарын танып-біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезең-нің
ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені
қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін,
неғүрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін
ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, оны
айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және
одан кейінгі жылдардағы белсенді творчестволық қызметке қабілетті, дені
сау, шымыр, шыныққан, шат-шадыман, ынталы баланы қалыптастыру — жан-жақты
даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын мақызды
міндет болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық-физиологиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекі-лік-
бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің
өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің
теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмүнын құруға
және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт
береді.
Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал
мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене
тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру комплексі (қимыл-қозғалыс жасай білу
және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір элементарлық білім) ғылыми
негізделген программасының талаптары перспективалы қарастырады. Мұны игеру
балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті дең-гейде қамтамасыз
етеді.
Дене тәрбиесі жан-жақты коммунистік тәрбие берудің маңызды компоненті
болуымен бірге өз процесінде ақыл-ойлық адамгершілік, эстетикалық және
еңбек тэрбиесінің міндеттерін комплексті түрде жүзеге асырады.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ,
қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б.) тәрбиешінің
назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай
саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны
бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен
қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждаһатты, тілектесті
басшылығымен өз іс-әрекетінде творчестволық ізденіске деген талпыныс
көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан
жақтарын, әсіресе оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын
зерттеулер арңылы алынған жақа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.
Дене тәрбиесі теориясының
Басқа ғылымдармен байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы
мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас комплексімен байланысты. Олардың
біреулері гуманитарлық сипатта болады (дене тәрбиесінің жалпы теориясы,
жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, дене тәрбиесі мен спорт
психологиясы, спорттың жеке түрлерінің теориясы мен методикасы, физкультура
тарихы және ұйымдастыру, физкультура социологиясы), физкультураның дамуы
мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам
(бала) психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын,
формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар —
биологиялық және шектес жаратылыс ғалымы пәндері (дене жаттығуларының
физиологиясы мен биохимиясы, динамикалық анатомия, биохимия, медицина,
педиатрия, дене жаттығулары гигиенасы, дәрігерлік-физкультуралық бақылау,
емдеу физкультурасы) адамның (баланың) биологиялық даму процесін, оның жас
өзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларының, сондай-ақ сыртқы ортаның
түрлі әсерлерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді, бұған қоса адамның
(баланың) қозғалыстарында көрініс беретін физикалық және биологиялық
заңдарды зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи-
ғылымдық негізін ғылыми пәндер комплексі құрайды, олардың міндеттері
баланың биологиялық даму процестерін зерттеу болып табылады.
Ғылыми білімдердің бұл комплексі орыстың ұлы физиологтары И. М.
Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтің және олардың ізбасарларының
ілімі негізінде құрылды.
Организм мен ортаның бірлігі туралы. Адам дүниеге келген сәттен оның
сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау
қабілеті пайда болады. И. П. Павлов осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы
ретінде қарастырды.
Индивидуалдық бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи өмір жағдайында
пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін.
Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене
тәрбиесі процесінде ерекше мақызды болып табылады.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негілделген режиммен,
организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты
екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен (салқын сумен ысқылану, шайыну
т. б.) үйлестірілген ертеңгі гимнастикамен жүйелі айналысу, физкультура
сабақтары, ойындар, ауаның, судың температурасы төмен жағдайдағы спорттық
жаттығулар — осының бәрі организмнің сыртқы орта өзгерістеріне төзімділігін
арттырады, нерв жүйесі, жүрек және өкпе жұмысын, бұлшық еттерінің жұмыс
қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады.
Шынығу және дене жаттықтыру адам (бала) организмінің қызмет ету
мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. Осының
барысында шыныққандық және белгілі мөлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп
отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады.
Адам организмінің қоршаған ортаға бейімделуінде адам миының, жоғары
нерв жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші
болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн.
Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалды бейімделуіне әр
түрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан тіршілік режимі
және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген
барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.
Сондай-ақ қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі (аяқ-қол
зақымданғанда), жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет, оқуға және қоғамдың
өмірге мылқаулардың, соқырлардың, соқырмыл қаулардың бейімделуі де
индивидуалды бейімделудің көрініс беруі болып табылады.
И. П. Павлов еңбектерінде: ... жоғары сатыдағы, сол сияқты төменгі
сатыдағы организмдердің аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын
нәрсенің бәрі нәзік және дәлме-дәл байланыста, өзара және айналадағы
жағдайлармен тең жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде өмір
сүреді деп атап көрсетті.
Шартты рефлекторлы уақытша байланыстар және динамикалық
стереотиптердің құрылуы туралы. И. П. Павловтың және оның ізбасарларының
жоғары нерв қызметін зерттеулері дене тәрбиесі практикасында пайдаланылатын
шаралар жүйесін және оның организмде пайда болатын күрделі процестерге
әсері мен оның қызметінің қайта түзілуін дұрыс талдауға мүмкіндік береді.
Адамның (баланың) барлық іс-әрекеті дене тәрбиесі процесінде
(гимнастика, ойындар т. б.) жоғары нерв қызметіне тәуелді болады.
Элементарлық қозғалыс және түптеп келгенде күрделі спорттық дағдыларды
меңгеру үлкен ми сықарлары қыртысының ңызметінің жақа жүйесі құрылуымен
анықталады.
Баланың нерв жүйесінің индивидуалды ерекшеліктері туралы. Сәби жастағы
және мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін толық жүзеге асыру
үшін баланың орталық нерв жүйесі дамуының педагогикалық ықпалды іріктеуді
және бүкіл оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды анықтайтын жас шамалық
заңдылықтарын зерттеу мен есепке алып отырудың ерекше мәні бар.
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі заңдылықтарын зерттеп жүрген совет
ғалымдары баланың дүниеге нерв жүйесінің туа біткен нышандарымен және
ерекшеліктерімен келетінін анықтады. Дегенмен, олар баланың психикалық
дамуының органикалық алғы шарттары ғана болғандықтан бұл дамудың сипаты мен
деңгейін алдын ала анықтамайды. Сондай-ақ әр баланың оның нервтік-
психикалық дамуының сенімді негізін құрайтын зор потенциалды
психофизиологиялық мүмкіндіктері болады (А. В. Запорожец). Сөйтіп, бір
жағынан органикалық алғы шарттарды, екінші жағынан потенциалды
мүмкіндіктерді ескере отырып, мейлінше жақсы педогогикалық жағдайлар туғызу
қажет, бұл жағдайлар, ең алдымен, мақсатты бағыттағы тәрбие және оқу
жағдайында баланың организмі мен психикасына тікелей әсер етуге мүмкіндік
беретін дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі процесін көздейді. Баланың нерв
жүйесінің туа пайда болған ерекшеліктерін және сыртқы әсерлердің оның
қалыптасуындағы жетекші ролін ескере отырып, режимді дұрыс ұйымдастыруды
және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етудің (ұйқының қаның болуы,
сабақтардың мөлшері, белсенді қозғалыс іс-әрекеттері, таза ауада жүруге
бекітілген уақыт) мақызы зор. Эмоциялық жағымды жағдайдың — балалардың және
ересектердің балалармен оз-ара қарым-қатынастарының бір қалыпты, ұстамды,
достық ықыласты болуының айрықша мәні бар.
Н. И. Красногорский: Тәрбиеші мен мұғалім үшін өз тор-
биеленушілерінің жоғары нерв ңызметінің типтерін белгілеіі алуының мақызы
үлкен; типтік ерекшеліктерді біле отырып, олар балалардың жоғары нерв
ңызметінің дамуын белгілі жолдармен шебер бағыттай алады және өз
кеңестерімен тиімді көмек көрсете алады1 деп жазды.
Шыныңтыру шаралар нерв жүйесін нығайтады және оның ңызметін
жақсартады; дене жаттығулары, оның ішінде қозга-лысты ойындар, белсенді
қозғалысты іс-әрекеттер үшін жағдай жасайды және эмоциялық өрлеу, қуат
тудырады, қан айналымын күшейтеді, жүрек жұмысын және мидың қанмсн
қамтамасыз етілуін жақсартады, организмді жалпы сауықтыруға жәрдемдеседі.
Тәрбиешінің ойындар мен сабақтар процесінде құптай немесе тоңтам бере
айтқан сөзі баланың психикасына әсер етеді: бір жағдайларда жағымды эмоция
тудырады, енді бірдо, өз қылығына ңойылатын талапңа сәйкес шектеу
қажеттігін ұғынуға итермелейді.
Индивидуалды басшылық әдістерін іріктеу мақсатында баланың нерв
жүйесінің ерекшеліктерін анықтап білу анасынан баланың туған күнінен бергі
өмірі жайлы егжей-тегжейлі мәлімет алуды (денсаулық жағдайы, сырңаттанған
аурулары, жүре бастаған уақыты, тілінің дамуы) талап етеді, сондай-ақ семья
жағдайын, алған жарақаттарын (егер олар болса), баланың неге қызығатынын,
оның неге үйірсек екенін, немесе сүйіп айналысатынын т. б. білу қажет.
Тәрбиешінің осы жас шамасындағы топтың күнделікті тіршілігі процесінде
жасаған өз бақылауларының мақызы өте зор.
Барлық материалды талдаудан өткізу тәрбиешіге қажетті ңорытындылар
жасауға және бала психикасының эмоциялық-жағымды күйін сақтауға, сан алуан
белсенді іс-әрекеттерді дамытуға, ынта мен бейімділіктерді көрсетуге
жәрдемдесетін тәрбиелік ыңпал жасау жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесінде баланың жеке адам ретінде жан-жақты дамуына әсерін
тигізетін айтарлықтай тиімді құралдар мен әдістер бар. Сабақтарда, қозғалыс
ойындарында және басқа қозғалыс іс-әрекеттерінде балаларда қозғала
білушілік пен дағдылар ғана жинақталмайды, сондай-ақ ақыл-ой ңабілеті де
дамиды, адамгершілік ңасиеттер, эстетикалық талғам және еңбек дағдылары
бойға сіңеді.
Жасқаншақ баланың жетекші рольдерді атқаруы, тәрбие-шінің тапсырмасы
бойынша белгілі бір жаттығуларды балалардың бәріне түсіндіру және көрсету
оны бірте-бірте жасқаншақтықтан арылтады, ақыл-есті жұмылдырады, логикалық
ойлауға баулиды, сабақңа қызығушылығын тудырады. Бала неғұрлым көпшіл,
бастама көтергіш, көңілді бола түседі. Ұс-тамсыз, бірақ менмен балалар
сабақтар мен ойындар проце-сінде бірте-бірте жалпыға бірдей талапқа бағына,
неғұрлым шыдамды, ұстамды, ұйымшыл бола бастайды, қызық тапсырмаларды
орындағанда (ойын жүргізуші болғанда, сүйікті рольді орындағанда, жаттығуды
түсіндіргенде және көрсеткенде т. б.) кезек күту білетін болады.
Сөйтіп, мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі
міндеттері — дені сау, көңілі шат, бастама көтергіш, айналасын бағдарлай
білетін, өзінің құрдастарымен ынтымақтаса білетін мектепте оқуға және онан
әрі творчестволық қызметке белсене кірісуге қабілетті бала тәрбиелеуге
бағытталған. Адам денсаулығы жайлы, әсіресе бала денсаулығы жайлы
қамқорлық — жай ғана санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер комплексі
емес, режимге, тамақтандыруға, еңбекке, тынығуға қойылатын талаптар
жиынтығы емес. Бұл, ең алды-мен, бүкіл дене мен рухани күштердің жарасымды
толықтығы жайлы қамқорлық...
Аталып өткен міндеттерді жүзеге асыру әр баланың индивидуалды
ерекшеліктерін арнайы зерттеу мен есепке алып отыруды, оған деген ақ
кеңілді, ыждаһатты қарым-қатынасты және осыған байланысты орынды жалпы
педагогикалық және индивидуалдық ықпалды талап етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
Дене тәрбиесі теориясының дамуы
Балалар дене тәрбиесінің советтік теориясы қазіргі кездегі ғылыми
зерттеулер мен озат практика негізінде дамиды.
Ұлы Октябрь социалистік революциясы біздің елімізде жақа педагогиканың
— жас үрпаққа жан-жақты коммунистік тәрбие берудің іргетасын қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан-жақты тәрбие беру жайындағы
теорияның дамуына Н. К. Крупская баға жетпес үлес қосты. Н. К. Крупская
Совет өкіметінің алғашқы жылда-рынан бастап социалистік қоғам міндеттерін
ескере отырып, маркетік-лениндік ілім негізінде құрылған тәрбиенің жақа
теориясын жасау қажеттігін мегзеді. Ол баланы дамыту, тәрбиелеу және білім
беру мәселелеріне педагогика, психология мен физиология саласындағы қазіргі
кездегі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, нағыз ғылыми тұрғыдан қараудың
міндег екеніне назар аударды. Н. К. Крупская тәрбиелеу және білім беру
методикасын жасау кезінде баланың жас шамалық ерекшеліктерінің ескерілуі
қажеттілігін атап көрсетті.
Н. К. Крупская баланың дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Ол шымыр да
шыныққан жас ұрпақ тәрбиелеу міндетіне байланысты физкультураны айрықша
мақызды деп санады. Дене жаттықтырудың бала организміне пайдалы әсерлерін
атап өте отырьш, Надежда Константиновна организмді тек шынықтыра нығайтып
қана қоймай, коммунистік тәрбие беру мақсатында да паігдалануға болатын
ойындарды бөліп көрсетті. Ол ойын-ның коллективті нығайтудағы, өзін-өзі
ұстай білуге, ұйымдаса әрекет етуге, мінез қалыптастыруға тәрбиелеудегі
мақызды ролін атап айтты.
Н. К. Крупскаяның мектеп жасына дейінгі балалардың де-не тәрбиесі
туралы айтқандардың жақа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі
теориясы дамуының жақа кезеңін айқындап береді.
Дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры орыстың көп ғасырлық
халықтық педагогикасына тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен
қалыптасты.
XVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білім-ді адамдарының
бірі — Епифаний Славинецкийдің балалар-дың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар
айтқанын тарихи мате-риалдар дәлелдейді. Ол Бала әдеттерінің азаматтылығы
деп аталатын тамаша документ жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынына
ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік-бі-лім берудегі үлкен мәні
көрсетіледі.
Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И.
Бецкой, Н. И. Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл-ой және еңбек
тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырган. Орыстың революцияшыл
демократтары А. И. Герцен, Б. Г. Белинский, Н. Г.
Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің айтқан пікірлерінің
дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасау үшін үлкен мәні болды. Олар дене
тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі екенін анықтай отырып,
оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие-мен байланысын
көрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты — жүйелі жаттығу, ойнау,
серуендеу және организмді шынық-тыру жолымен баланың дене күшін дамыту мен
денсаулығын нығайту деп білді. Мұның езінде олар мақызды рольді еңбек пен
демалыстың алмасып келуінен, ұйқының, тамақтанудың нормаландырылуынан
керінетін режимге бере отырып, мұны сергек рухты, адамның жарқын
болашақ күресіне қабілегті болуы үшін қажетті дұрыс негіз деп санады.
Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза
ауада жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде
ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысңа мерзімді қимыл-қозғалыстар
орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды.
К. Д. Ушинский орыстың халықтық ойындарын ңуатты ңұ-рал санай отырып,
оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды осы ойындарды балалар
үшін жинастыруға ша-қырды.
К. Д. Ушинскийдің пікірі бойынша, балаларда қоғамдық мінез-құлық
дағдыларын қалыптастыратын, қоғамдық қатынастардың алғашңы ассоциациалары
түйін тастайтын коллективтік ойындардың үлкен тәрбиелік ңұны бар.
К. Д. Ушинский педагогтарға жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік
етуде үлкен катежктер жібермеу үшін олар анатомия, физиология, психология,
педагогика сияқты ғылымдарды білуге міндетті деп санады.
Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың,
дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің отандық теориясын жасауға алғы
шарт болды.
Россияда дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасауші П. Ф. Лесгафт
болып табылады. Аса ірі ғалым-педагог, медицина және хирургия докторы П. Ф.
Лесгафт өз заманының озық ойлы адамдарының қатарында болды.
П. Ф. Лесгафттың дүниетанымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Пәндер