Мемлекеттік билік тармақтары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе . . . 3

ІІ Негізгі бөлім

  1. Мемлекеттік билік тармақтары . . . 5
  2. Халықтық билікті жүзеге асырудың нысандары . . . 6

2. 3. Парламент, Үкімет құзыреттері . . . 10

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.

Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.

Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.

Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.

Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

"Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

Ата-аналар билігі.

Мемлекеттік билік.

Экономикалық билік.

Саяси билік.

Әлеуметтік билік.

Құқықтық билік.

Әскери билік.

Рухани билік, т. с. с.

Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т. с. с.

Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар[1] .

2. 1. Мемлекеттік билік тармақтары

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілетгігінің шеңберіне карай үш топқа бөлінеді:

1) . Мемлекетгік билік органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар; 2) . Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топка бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтың, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азаматтықтары мен бостандыктарының нышаны әрі кепілі.

Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір зандарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Казақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін колданған шара. Қазакстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланғаи депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламетінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы керсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы онын, палаталарының бірлескен жане бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң козғау және каржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған зандарға Президент қол қояды да, занды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституциянын 53 бабы), Президент заң жобалардың карау басымдығын белгілейді, Пар-ламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Казақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алыңды[2] .

2. 2. Халықтық билікті жүзеге асырудың нысандары

Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитың атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қаты-суымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес кұзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың кызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның зандық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда және қолданылып жүрген зандарда белгіленген. Бұл занда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша парламенттің келісімін айтуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Соны мен Өкімет аткару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер Министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді. Орталык салалық аткару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің колына берілген. Олар қарауындағы мемлекетгік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орынбасарлары жәие Үкімет апттаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекетгік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ зандармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық аткарушы органы болып табылады.

Мемлекетік комитет тиісті мемлекеттік баскару салаарында мемлекетгік саясатгы жүргізетін және осы мақсатта зандарга са лааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Респубдика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі жөне Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық. мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика мннистрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы бо-лады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атарушы және бакылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Сот билігі, Конституцияның 75-бабына сәйкес Казақстан Рес-публикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады, Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (өскердің, кұрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.

Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашыдық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан КР Конституииясы мен зандарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құкық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе өкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тындатуға қақылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын зандардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетгі емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.

Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық занды ұқсастығына карай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары қызметі зандылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршанын заң және сот алдындағы тендігі, тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы, істерді караудың жариялығы принциитерінің негізінде құрылады.

Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауызымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі сотгарға тағайындалатын кызметкерлердің Әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді[3] .

2. 3. Парламент, Үкімет құзыреттері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, баска құзыреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте кызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасы Презедентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасынын Конституциялық Кеңесі туралы", заң күші бар, Жарлығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты - Конституциялық заңдылықты корғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.

Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке Қазақстан Республикасы Конституциясымен жөне Президенттін "Казақстан Республикасынын Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы конституциялық зан күші бар Жарлығымен орнықтырылған кең өкілетгіктер берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік биліктегі сот жүйесіндегі жаңа реформалық қатынынастардың ұлттық негізде даму жолдары
Азаматтық құқықтық дауларды анықтау
ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық мемлекет белгілері
Президенттің Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Республика Президентін сайлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz