«НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
1 «ГҮЛДЕНГЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН»
2 ИННОВАЦИЯЛАР, БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ
2.1 Қызмет көрсету экономикасын дамыту
2.2 Инфрақұрылымды дамыту
2.3 Агроөнеркәсіптік саясат
2.4 Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
2.5 Елді одан әрі демократияландыру . саяси, әлеуметтік және экономикалық дамудың маңызды ресурсы ретінде

Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру, жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әзірлеген стратегиялық бағдарламалар біз осы жолда не істеуіміз керек деген сұраққа жауап береді.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы осы мақсатқа кім және қалай қол жеткізуге болатынын біледі.
Қазақстанды гүлденген демократиялық мемлекетке айналдыратындар жасы мен кәсібі, ұлты мен діні әртүрлі сіздермен біз, құрметті қазақстандықтар. Бар күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, еңбегімізге деген, қоғамдағы өз орнымызға және билігімізге деген жаңа көзқарастарды тәрбиелей отырып, біз еліміз бен өз өмірімізді қайта өзгертеміз.
Осыған жету үшін біздің қолымызда қажеттінің бәрі бар, яғни халыққа есепті үкімет пен өкілді биліктің қуатты органдары бар. Біздің барлық мақсаттарымыз сараланып, саналы түрде жасалған. Біз қайда бет алғанымызды білеміз және Отанымыздың болашағы жарқын екеніне сенеміз.

НҰр Отан ХАЛЫҚТЫҚ ДемократиЯЛЫҚ партиясЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
(ЖАҢА редакциясы)
Астана, 2007
ГҮЛДЕНГЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
НҰР ОТАН ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Еліміздің Тұңғыш Президентінің стратегиялық бағытын табысты іске асыру,
жүргізілген экономикалық және саяси реформалар мемлекетіміз бен қоғамымызды
дамудың жаңа сапалы сатысына көтерді. Қазіргі заманға сай демократиялық
даму үстіндегі әлеуметтік мемлекет құру енді алшақ келешек емес, жуықтағы
мақсатқа айналмақ. Оған қоғамды жұмылдыра отырып және экономикалық, саяси,
әлеуметтік салаларды басқарудың демократиялық құралдарымен, халықтың, әрбір
қазақстандықтың ауқымды әлеуметтік бастамаларын іске асыру тетіктерімен
қамтамасыз ете отырып қол жеткізуге болады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әзірлеген стратегиялық
бағдарламалар біз осы жолда не істеуіміз керек деген сұраққа жауап береді.
Нұр Отан Халықтық Демократиялық партиясы осы мақсатқа кім және қалай
қол жеткізуге болатынын біледі.
Қазақстанды гүлденген демократиялық мемлекетке айналдыратындар жасы мен
кәсібі, ұлты мен діні әртүрлі сіздермен біз, құрметті қазақстандықтар. Бар
күш-жігерімізді жұмылдыра отырып, еңбегімізге деген, қоғамдағы өз орнымызға
және билігімізге деген жаңа көзқарастарды тәрбиелей отырып, біз еліміз бен
өз өмірімізді қайта өзгертеміз.
Осыған жету үшін біздің қолымызда қажеттінің бәрі бар, яғни халыққа
есепті үкімет пен өкілді биліктің қуатты органдары бар. Біздің барлық
мақсаттарымыз сараланып, саналы түрде жасалған. Біз қайда бет алғанымызды
білеміз және Отанымыздың болашағы жарқын екеніне сенеміз.
* * *
Еліміз бен партиямыздың өмірінде партияның азаматтық белсенділікті
дамытуға қабілетті, қоғамды жұмылдыра алатын және мемлекеттік басқаруға
қатысу үрдісіне басшылық жасай алатын жаңа кезеңі келді.
Нұр Отан Халықтық Демократиялық партиясы нақ осындай жолды – алдағы
өзгерістердің тарихи маңыздылығын, Елбасы саясатына белсенді де, әрекетшіл
қолдау көрсету қажеттігін түсіне отырып жасалған жолды таңдайды.
Бүгінгі таңда Тұңғыш Президенттің стратегиялық жоспарларымен қаланған
әлеуметтік бағдарланған мемлекет идеалдарын іске асыру үшін барлық
жағдайлар жасалып отыр.
Біздің Қазақстандық бағыт - 2009 бағдарламамыз Парламент пен Үкіметтің
қызметі үшін аса маңызды бағыт-бағдарға айналды. Отан партиясы осы
жылдардың ішінде жалпыхалықтық партия деп аталу құқығына ие болды – ол шын
мәнінде билікке - мемлекетті дамытуға, ал қоғамға - билікті бақылауға
көмектесті.
Осы күндері бұл үлгі өзінің логикалық жалғасын тауып отыр. Қоғамға Елбасы
ұсынған демократиялық қайта өзгеру бағдарламасы барлық қазақстандықтарға өз
мемлекетін басқаруға қатысудың мол мүмкіндіктерін ұсынып отыр.
* * *
Қазақстан өзінің жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленетін
Тәуелсіз мемлекетке айналды.
Қазақстан экономиканың еркін дамуын және азаматтар құқығы мен
мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етіп отырған мемлекет ретінде танылды.
Қазақстан дамудың аймақтық көшбасшысына айналды және оның экономикалық
табыстары еліміздің әр отбасы мен әр азаматының әл-ауқаты мен өмірінің
жақсаруына әсер етуі керек.
Ол үшін біз не істеуіміз керек?
Жаңашылдық серпілісті жүзеге асыру керек.
Әрқайсымыз лайықты болашақты құруға қатысу үшін ұмтылыс жасауға қол
жеткізуіміз керек.
Бұл мақсаттарға біздің партиямыздың да стратегиясы болып табылатын
Қазақстан – 2030 даму стратегиясы арналған. Ол Әлемнің бәсекеге ең
қабілетті 50 елінің қатарына Қазақстанның кіруі бағдарламасында және Елдің
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында нақтыланған.
Экономика әлемнің өзге де мемлекеттерінің өсу қарқыны мен инновациялық
тенденцияларын стратегиялық басып озу мақсатында жұмыс істеуі керек. Ол тек
озық ғылым мен болашақ технологиясына арқа сүйеуі қажет.
Біз осыған қалай қол жеткіземіз?
Жалғыз жол бар. Ол: адами мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін ерекше
жағдайлар жасау, мемлекетті тиімді басқару, алдыңғы қатарлы саяси жүйемен
сыртқы және ішкі жайлы шарттар.
Елдің жаңа деңгейдегі бәсекеге қабілеттігі құрылғанда ғана стратегиялық
мақсаттарға қол жеткізіледі. Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасы,
бәсекеге қабілетті мемлекеті және бәсекеге қабілетті азаматтары болуы
қажет.
Біз экономикамызды ішкі жалпы өнімнің көлемі адам басына шаққанда 700 АҚШ
доллары деңгейінде бастаған болатынбыз және реформа жылдарында 7000 доллар
деңгейіне шығамыз.
Ендігі кезекте партиямыз өз алдына мақсат қойып отыр - әр қазақстандықтың
басына шаққанда 17 мың АҚШ долларынан астам ішкі жалпы өнім көлемімен
әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру. Тек осындай жол арқылы ғана біз
әлемнің озық мемлекеттерінің стандарттарына сәйкес өмір сапасының
қазақстандық стандартына қол жеткіземіз.
Өмір сапасының қазақстандық стандарты
Әр адамның өмірі бірегей, ол лайықты өмір сүруге құқылы. Ол үшін мемлекет
әрбір жеке азамат өз шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруы үшін түрлі
жағдайлар жасап, еліміздің өмірлік іс-әрекеттерінің барлық саласын жаңартуы
керек.
Сондықтан партиямыз Қазақстанды әр тұрғынының жағдайына қамқорлық
жасайтын гүлденген мемлекетке айналдыруға ұмтылады. Адамның мүддесі,
құқықтары мен бостандығы Нұр Отан партиясының негізгі басымдығы болып
табылады.
Біздің түсінігіміз бойынша өмір сапасының қазақстандық стандарты:
А. Табыстың жоғары деңгейі, ол ортаеуропалықтардың деңгейінен төмен
болмауы қажет.
Әлеуметтік сәйкессіздікті азайту: қазақстандықтар жыл сайын еңбекақысының
артуынан және бизнестен түскен кірістерімен дәулеттене түсуі қажет. Біз
халықтың көпшілігі орта жікке жататын әлемнің дамыған мемлекеттері
деңгейіне қол жеткізуіміз қажет.
Б. Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау. Біздің медицинада озық
техника мен жоғары білікті мамандар болуы керек. Ақысыз көрсетілетін
медициналық қызметтер сапасының ең төменгі шегі жоғарылатылуы тиіс.
В. Әлем мойындайтын және сұраныста болатын озық және қолжетімді білім.
Біздің орта және жоғары білім беру жүйеміз жоғары білікті мамандарды
дайындауы қажет. Олардың аттестаттары мен дипломдары барлық дамыған елдерде
мойындалуы тиіс.
Г. Адам құқықтары мен бостандығының басымдығы: әрбір Қазақстан азаматы
өзіне Конституцияда берілген кепілдіктердің мүлтіксіз орындалып, қорғауға
алынатындығына сенімді болуы керек.
Д. Қоғамдық тұрақтылыққа, халықаралық бейбітшілік пен дінаралық келісімге
кез-келген қол сұғушылыққа қарсы қатаң іс-әрекеттер қолдану.
Е. Азаматтарды және олардың меншіктерін қылмыстық қол сұғушылықтан берік
қорғау.
Ж. Қала мен ауылды дамытуда тепе-теңдікке жету. Ауылдықтардың өмір
деңгейі мен кірісі, сондай-ақ ауылдық жерлерге көрсетілетін қызметтер
сапасы қала тұрғындарымен теңестірілуі тиіс.
З. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне кеңінен қолдау көрсету.
Зейнеткерлер, ардагерлер, мүгедектер және аз қамтылған отбасылары әрқашан
да қоғамның қамқорын сезінуі керек. Осы санаттағы адамдарға көмек
көрсетудің тиімді адрестік жүйесі оларға Еуропалық Одақ елдерідегідей өмір
деңгейін қамтамасыз ете алады.
И. Экологиялық таза қоршаған орта. Біз ауыз судың жетіспеушілігінен,
ауаның газдалуынан және өнеркәсіптік қалдықтардан жапа шекпеуіміз керек.
Қазақстан экологиялық жағдайы ең жақсы елдердің қатарына кіруі қажет.
К. Жоғары деңгейлі мәдениет пен ғылым: мемлекет тек жағдай жасап қоймай,
ғылыми және шығармашылық зиялылардан әлемдік деңгейдегі жетістіктер мен
туындыларды күтеді.
Л. Дамыған қызмет көрсету саласы. Қазақстандықтар көлік, байланыс,
телекоммуникация, демалыс және туризм салалары бойынша сапалы қызмет
көрсету түрлерін пайдалануы тиіс - біз еуропалық елдер халқынан кем емес
жағдайда жұмыс істеп, демалуымыз керек.
Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар гүлденген елге айналуы қажет. Онда:
әр адам өзін қорғалған және қажеттімін деп сезінеді;
мемлекет адамды басымдылық деп, инвестиция салатын ең тиімді нысаны деп
есептейді;
барлығы болашаққа сеніммен қарайды және келешектегі жоспарларын жасайды;
барлығы бірге немесе жекелеп қоғамды дамытуға үлесін қосады.
Біз әлемдегі ең бай елдердің бірінде тұрамыз. Біз әр Қазақстандық
азаматты дәулетті етуіміз керек және осыған қол жеткізе аламыз!
ИННОВАЦИЯЛАР, БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭКОНОМИКАСЫ
Серпінді даму үстіндегі еркін экономика - әлеуметтік мемлекеттің және
өмір сапасының қазақстандық стандартының негізі болып табылады.
Еліміздің әрбір азаматына тек нарықтық экономикада өз орнын табудың
ауқымды мүмкіндіктері ғана ұсынылып қоймай, сонымен бірге мемлекет оның
бастамаларын іске асыруға ат салысады. Біз Қазақстанның дамуының жаңа,
сапалы, барынша күрделі кезеңіне аяқ бастық. Ол ең алдымен еліміздің
жаһандық бәсекелестікке дайындығына және БСҰ-ға кіруімен байланысты болмақ.
Қазақстанда жасалған маркасын әлем танып, мойындайтын болады. Еліміз
тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал және қазіргі заман
технологияларының әлемдік нарығының ажырамас серпінді бөлігіне айналады.
Біз Ішкі жалпы өнім қуатының көлемін азайтуға, жалпы өнім берудің
жоғарылауына, Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін сапалы
арттыруға қол жеткіземіз.
Біз шикізаттық бағыт-бағдардан индустриалды экономикадан кейінгі
сипаттағы экономиканы қалыптастыруға аяқ басып отырмыз. Мұнай химиясы,
машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндірудің жоғарғы
технологиялық саласында және тамақ өнеркәсібі өндірісі инновацияның негізгі
басымдығына айналады.
Партия аймақтарды дамытудағы тепе-теңсіздіктер мен сәйкессіздіктерді
жоюға қол жеткізетін болады. Жаңа озық қалалары аймақтық дамуда үлкен
серпіліс жасайды және өнеркәсіптік аймақтарының негізіне айналады.
Біз ұмтылыс жасап отырған экономиканың инновациялық сипаты ішкі жалпы
өнімнің ғылыми көлемін жоғарылату жөніндегі шаралармен тығыз байланысты
болады, сондықтан біз инновациялық инфрақұрылым: технопарктер,
технополистер, еркін экономикалық аймақтар мен бизнес инкубаторларын
дамытуға ат салысатын боламыз.
Біз әлемдік инновациялық макротехнологияларды жасауға аяқ басу үшін
нанотехнологиялар мен жаңа материалдар, биотехнологиялар, көмірсутегі және
тау-кен металлургия секторларына арналған технологиялар, ядролық
технологиялар мен жаңартылатын энергетика технологиялары, информатикалық
және ғарыштық технологияларды жасау саласындағы ғылыми зерттеулерді
қарқындатуымыз қажет.
Біз ғылыми зерттеу шығындарын ІЖӨ-дан 2 пайызға дейін көбейтуге қол
жеткіземіз және қазақстандық инновациялық ірі компаниялардың дамуына қолдау
көрсетеміз, оларға осы технологияларымен шетелдік нарыққа шығуға
көмектесеміз.
Біз бизнес, ғылым мен білім арасындағы серіктестіктің қазақстандық
моделін жасауға қол жеткіземіз.
Даму институттарының жоғарғы тиімділігіне, олардың мөлдірлігіне, өзара
қарым-қатынасы мен бірін-бірі толықтырып отыруына қол жеткіземіз.
Қызмет көрсету экономикасын дамыту
Қазақстан шикізаттық типтегі экономикадан қызмет көрсету экономикасы
моделіне сапалы қарқынды серпіліс жасауы қажет.
Қазақстан әлемге төмендегідей болып танылуы тиіс:
халықаралық валюталық, несиелік және қаржылы операцияларды, құнды
қағаздармен, алтынмен мәмілелерді жүзеге асыратын халықаралық банктер мен
мамандандырылған қаржы-несие институттардың шоғырландырылған орын - Еуразия
жүрегінде орналасқан әлемдік қаржы орталығы;
Еуропа мен Азия тоғысындағы бірегей туристік қызмет көрсету орталығы;
дамыған инфрақұрылымы бар көліктік-логистикалық орталық;
АҚШ, Еуропа және Азияның халықаралық ірі университеттерінің филиалдары
шоғырланған білім беру және ғылыми орталығы.
Инфрақұрылымды дамыту
Қазақстан дамыған көліктік және телекоммуникациялық өнеркәсібі бар елге
айналуы тиіс.
Біздің байтақ жеріміздегі аймақтарымыз көптеген автомобиль және темір жол
магистральдарымен жалғастырылған жағдайда ғана бәсекеде басымдық таныта
алады. Сонда ғана біз Қытай, Ресей және Еуропа арасындағы стратегиялық
көпірге айналып, тасымалдың барлық пайдаларын көретін боламыз.
Біз барлық экономика саласында озат телекоммункациялық технологияларды
енгізуге ұмтылуымыз қажет. Еліміздің барлық аймақтарын бірыңғай ақпараттық
кеңістікке біріктіре отырып, сондай-ақ, байланыс пен интернетті қол жетімді
ете отырып, оның дамуына қуатты серпіліс береміз.
Агроөнеркәсіптік саясат
Партия еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуды, оның қайта
өңдеу базасын, сату қауіпсіздігін күшейтуді және еліміздің өзіндік
жеткіліктігін, ветеринарлық және фитосанитарлық жағдайына көңіл бөледі.
Біз алдымызға ауылшаруашылығының өндіріс деңгейін арттыру, жердің
құнарлығының нашарлауына жол бермеу, су және өзге де табиғи ресурстарды
тиімді пайдалану міндетін қоямыз.
Біз ауылшаруашылық өндірісті жаңартуымыз қажет, ғылым және техниканың осы
заманғы түрін енгізу негізінде оның техникалық және технологиялық артта
қалулығын жоюымыз керек.
Біз фермерлік, қожалық шаруашылықты дамытуға және көтермелеуге, олардың
құқықтарын қорғауға қол жеткізуіміз қажет. Біз ауыл өндірісін сақтандыру
жүйесін жетілдіруге қол жеткіземіз және фермерлер үшін оны барынша тиімді
жасаймыз.
Біз мемлекеттік сатып алу, аграрлық биржалар және өндіруші үшін тиімді
жағдайда ауылшаруашылық тауарларын өткізуді ұйымдастыруға үкіметтің көмек
көрсету шаралары бағдарламаларының кеңейтілуіне көңіл бөлеміз.
Біз ауылшаруашылық өнімінің әлемдік нарықтағы қазақстанның орнын
айқындап, экспорттық мүмкіндігі бар қажетті бағытты дамытуымыз қажет. Жақын
арада астықты әлемдік экспортқа шығаратын бірінші бестікке кіруіміз керек.
Сыртқы экономикалық қызмет
Біздің партиямыз қазақстандық тауар белгілерінің аумақтық және әлемдік
нарыққа шығуын, олардың өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуын
және ілгерілеу стратегиясын жасауда.
Нұр Отан партиясы – Орталық Азия нарығын кең көлемде игеру қажеттілігін
жақтайды. Біз Ресей, Қытай, Каспий және Қара теңіз аймақтарының тауарлар
және қызмет көрсету нарығына Қазақстанның тұрақты қатысуына ұмтыламыз.
Біз Бүкіләлемдік сауда ұйымына Қазақстанның кіруі арқылы әлемдік
экономикаға кіруі үшін елдің бірігуін және отандық кәсіптердің сапаны
басқарудың халықаралық жүйесіне (TGM) ISO стандартына көшуін қолдаймыз.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары
Біз жаһандық және аймақтық экономикада бәсекелестікпен (ойыншылар)
отандық экономиканың алдында болатын ұлттық көшбасшы кампаниялар құруды,
нығайтуды және дамытуды жақтаймыз.
Осы стратегия мемлекеттік - жеке меншік серіктестігінің серпінді
жобаларын жүзеге асыруды жөнге келтіреді. Корпоративті көшбасыларды құру
негізінде экономиканың тиімді секторларында жаңа компаниялар қалыптастыру,
Қазақстанда жұмыс істеуге шетелдік бизнесті тарту, оларға қолдау көрсету
және қажет болса, жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптерді қайта реттеу жолдары
арқылы жүргізілуі қажет.
Корпоративтік көшбасшыларды құру процесін қажетінше ынталандырудан соң,
мемлекет осы көшбасшылардың барлық қызметін нарық тәртібіне бағындыруы
қажет, қолдау көрсету және мемлекет тарапынан көмек көрсету тиісті нарық
құралдары формасында жасалуы тиіс.
Корпоративтік көшбасылар даму катализаторы ретінде жұмыс жасауы қажет.
Олар өз бизнестерінің бәсекеге қабілеттілігін сапалы жоғарлатып, олар үшін
экспорттық тетіктерді табуы керек. Сөйтіп олар Қазақстанды экономикалық
дамудың аймақтық локомотивіне айналдырады, қуып жетушілік даму деп
аталатын стратегия шектерін іске асыра отырып, дамыған елдердің арасында
оны жаңа тұрақты позицияға шығарады.
Тиімді қор нарығын дамыту - еліміздің маңызды міндеттерінің бірі.
Еліміздің табиғи ресурстарын пайдаланушы және экономиканық стратегиялық
салаларда жұмыс істеуші ірі қазақстандық компаниялардың акционерлік
капиталына әр азаматына еншілес мүмкіндігін туғызуға қол жеткіземіз.
Партиямыз мемлекеттің экономикалық саясатындағы басым бағыттардың біріне
айналатын шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, еліміздің ЖІӨ-дегі
шағын және орта бизнес субьектілерінің үлесін жоғарғы деңгейде қамтамасыз
етуін қолдайды.
Ол үшін біз мыналарға қол жеткізетін боламыз:
- кәсіпкерліктің нормативтік-құқықтық базазын жетілдіру, әкімшілік
кедергілерді жою, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қатынаста бірыңғай
стандарттар мен тетіктерді енгізу;
- әкімшілік шығындарды азайту мақсатында шағын және орта бизнес
субьектілері үшін салық салу жүйесін жетілдіру, оларды бақылау және тексеру
жүйелерін жеңілдетуді құру;
- ұлттық қаржы-несие жүйесін оңтайландыру және шағын және орта бизнесті
инвестициямен қолдау;
- меншіктік бизнеске қолдау көрсету инфрақұрылымын дамыту, шағын
кәсіпкерлікті оқыту және ақпараттық қамтамасыз ету, шағын бизнеске
технологиялар трансферті жүйесінің заңнамалық базасын құру;
- шағын және орта бизнес субьектілерін бақылаудың және тексерудің
жеңілдетілген жүйесін құру.
Партия ұлттық шикізат ресурстарын басқарудағы мемлекеттің белсенді рөлін,
мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлар арасындағы экономикалық өзара
қатынастарды реттеудің нарықтық тетіктерін одан әрі нығайтуды жақтайды.
Индустралды-инновациялық дамудың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
талап етіледі, дамудың мемлекеттік институттар жұмыстарының тиімдігін
қамтамасыз ету.
Елді одан әрі демократияландыру - саяси, әлеуметтік және
экономикалық дамудың маңызды ресурсы ретінде
Нұр Отан партиясы Көшбасшысы бастама көтерген 2007 жылғы Конституциялық
реформаға еліміз егемендігін алған уақыттан бастап, біртіндеп келді.
Қазақстан қарқынды демократияландырудың шетелдік нұсқаларына салынған
жоқ. Біз алдымен экономика, содан соң саясат қағидасын басшылыққа ала
отырып, өзіндік дара жолмен жүрдік. Эволюциялық реформалардың
бірізділігімен одан әрі саяси жаңару үшін экономикалық және әлеуметтік
алғышарттар дайындалды, қазіргі заманға сай демократиялық институттар
құрылып, нығайтылды, халықтың жаңа саяси мәдениеті қалыптастырылды,
Қазақстанның тұрақты халықаралық ұстанымдары қамтамасыз етілді.
Конституцияға енгізілген өзгерістер қоғамда жинақталған оң өзгерістерді
ғана емес, сонымен бірге оларға ары қарай даму шараларын жасауды орнықтыра
түсуге арналған. Жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер мемлекеттік
басқарудың тиімділігін арттыра түсуі қажет: еліміз экономикасының одан әрі
серпінді дамуы және халықтың әл-ауқатының жақсаруы осыған байланысты
болмақ.
Нұр Отан елімізде демократиялық қағидаларға негізделген қазіргі
заманғы, тиімді және бәсекеге қабілетті саяси жүйені қалыптастыруды
қолдайды.
Демократия – бұл өзіндік мақсат емес, стратегиялық міндеттерге қол
жеткізудің тәсілі екендігін біз жақсы түсінеміз. Бұл мемлекетті
жетілдірудің және қоғамды дамытудың ұдайы жүретін процесі.
Қазақстанда демократия саяси үдерістерге азаматтардың ауқымды қатысуы,
биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі және заң ұлықтылығы принціптерінде
құрылуы қажет екендігіне біздің көзіміз жетіп отыр.
Биліктің халық алдындағы жауапкершілігі мен оған есеп беруі тетіктерін
күшейту еліміздегі саяси процеске мөлдірлік және бұқаралық сипат береді деп
есептейміз.
Туындаған даулар мен қайшылықтарды жүйелі, өзара құрметпен,
ымырашылдықпен шеше білу, біз үшін азаматтық мақсатқа айналуы тиіс
екендігіне сенімдіміз.
* * *
Конституцияға енгізілетін түзетулер 2007 жылғы маусымда қабылданғаннан
кейін Қазақстанның, қоғамның және мемлекеттің саяси қайта құрылуының жаңа
сапалы кезеңі келгені туралы біз толық негізде сөз ете аламыз.
Бұл азаматтық қоғамның өкілдіктері және саяси міндеттерін күшейту жағына
жасалған мәнді қозғалыс.
Басталған демократияландыру кезеңі еркін демократиялық қоғамды қарқынды
дамытуға қызмет етеді. Ол қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің жаңа
теңгеріміне, мемлекет құрылымында шығындар мен қайшылықтардың жаңа жүйесін
қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ең алдымен, азаматтық қоғамның саяси мүддесін негізгі білдірушісі болып
табылатын партиялардың ролі кенеттен өзгеріп, олар Мәжілісте күш болады.
Сайлауда біз өз дауысымызды партиялар ұсынатын белгілі бір тұлғаға емес,
тіпті елді дамыту бағдарламасына да емес, олардың уәделерін жүзеге асыру
қабілетіне береміз.
Азаматтық қоғамның бірегей институты Қазақстан халықтары Ассамблеясының
маңызы арта түседі. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттардың
мүддесін жүзеге асыру жөніндегі қызметі тағы да бір басымдылық - көп ұлтты
халықты біріктіру және бірыңғай азаматтық қоғамдастық пен бірыңғай
қазақстандық ұлтты қалыптастырумен толықтырылады. Ассамблеяға
конституциялық мәртебе беріледі және Парламенттегі өкілдігі қамтамасыз
етіледі. Қазақстанның барлық ұлт өкілдерінің мүдделері саяси жаңа сапалы
деңгейге аударылады және қоғамда ұлтаралық келісім нығайтылады.
Азаматтық қоғамда маңыздылықты құрайтын жергілікті өзін-өзі басқаруда
іргелі өзгерістер орын алады. Мәслихаттар жергілікті міндеттердің шешілуі
үшін жергілікті тұрғандармен сайланады және негізгі жергілікті өзін-өзі
басқарушы өкілдігінің органдары болады.
Парламенттің өкілеттігін кеңейту
Нұр Отан партиясы еліміздің жоғарғы өкілдік және заң шығару органы,
халықтың мүдделерін қорғайтын тетік - Парламенттің рөлін нығайтуды және
қызметін кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Тепе-теңдік жүйесі бойынша сайлау негізінде Мәжілісті қалыптастырудың
түбегейлі өзгерісін мемлекеттің қабылдайтын шешімдерге партиялардың ықпалын
шұғыл күшейтеді. Бұл мемлекеттің тұтастай саяси жүйелерін дамытуға жаңа
серпін береді, саяси бәсекелестікті қарқындатады, көппартиялық демократияны
нығайта түседі.
Сайлауларда белсенді жұмыс жүргізіп, жеңістерге жете отырып, үкіметке де
белсенді ықпал ететін боламыз. Парламенттік басымдықпен оның қалыптасу
принціпін іске асырамыз. Атқарушы билік қоғамдағы саяси артық
көрушіліктердің нақты пайда болған теңгеріміне арқа сүйеп, сайлауда жеңіске
жеткен партияның бағдарламасын жүзеге асыратын болады, ал парламент үкімет
жұмысындағы жауапкершіліктің өз үлесін мойнына алатын болады.
Алайда Парламент өкілеттігін кеңейту мемлекеттік әлеуметтік маңызды
бағдарламаларды жүзеге асуының бақылауын күшейтумен қатар жүргізілуі керек.
Партия Парламенттің азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс
жасауын нығайта түсуін қолдайды. Қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес
ұйымдар, кәсіподақтар және азаматтар қабылданғанға дейінгі идеялар мен
тұжырымдар әзірлеудің барлық кезеңдерінде заңнамалық шешімдердің
қабылдануна ықпал ету мүмкіндіктерін алу тиіс.
Парламент Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасы институттары
одан әрі дамыуы тиіс.
Парламенттің көмекші қызметі мен органдары, оның қызметін сараптамалық-
аналитикалық және ақпараттық қамтамасыз ету тетіктері ерекше дамуы қажет.
Біз, Парламент жанынан заңнама институтын құруды, Электронды Парламент
бағдарламасын әзірлеп енгізуді қолдаймыз. Бұлардың барлығы іс жүзінде
депутаттарымыздың заң шығару жұмысының сапасын қамтамасыз етуге арналған.
Партиялық жүйені дамыту
Икемді болып табылатын тепе-теңдік жүйе қоғамның сұраныстары мен
мүддесіне іс жүзінде толық кескін береді. Бұл жүйе сайлаушылардың билікті
бір деңгейдегі қолдауына ие барлық негізгі саяси күштердің Парламентке
енуіне жағдай жасайды.
Парламенттік басым партияның ұсыныстары негізінде ел Үкіметінің
қалыптасуы биліктің халыққа тәуелдігін күшейтудің негізгі тәсілдерінің бірі
болып табылады. Партиялар арасында бәсеке күшейеді, ұсынылған партиялар
бағдарламасының сапасы көтеріледі, жетекші партияның қызметіне қоғамдық
бақылау үшін қосымша мүмкіндік берілетін болады.
Нұр Отан партиясы Мәжіліс саяси күрес алаңының негізіне айналуы керек
деп есептейді.
Сондықтан біздің партия қуатты, әрекетшіл болуы тиіс, халықтың көпшілік
қолдауына сүйеніп, нақты идеологиялық тұғырнамасы болуы тиіс және
жауапкершілікті иелену қабілеті болуы қажет.
Заңнамалық процесті дайындау жұмысының үлкен бөлігі партиялардың
парламенттік фракцияларына ауыстырылуы тиіс. Олар қарастырылып жатқан
мәселелер бойынша нақты ұстанымдарын әзірлеп және саяси мақсаттарды іске
асырудың негізгі құралына айналады.
Біздің партия өкілеттік билік тармағындағы қызметтерде партиялық
факторды айтарлықтай күшейтуге бағытталған өзге де іс-шараларды іске
асыруға қол жеткізуді көздеп отыр.
Біз саяси партияларға мемлекеттің қолдау көрсету шараларының, оның ішінде
бюджеттік қаржыландыру тетіктері арқылы қолданылуын жақтаймыз.
Азаматтық қоғамды дамыту
Партия жаңа демократиялық даму кезеңінде барлық азаматтық қоғам
институттарының белсенді дамуын жақтайды. Қазақстанда азаматтық қоғамның
дамуының 2006-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыруға біз
белсенді араласамыз.
Үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік қызметтерді іске асыруға кеңнен
тартып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстармен қайырымдылық жүйесі аясында
оларға қолдау көрсетілуіне ықпал жасайтын боламыз.
Азаматтық қоғамның маңызды институты БАҚ-ты дамытудағы негізгі міндет,
медиялық орталық ашықтығы мен бәсекелестігі тетіктерін күшейту, журналистер
құқықтарының сақталуына кепілдік беру деңгейін жоғарылату, БАҚ
жауапкершілігін күшейту болып қала бермек. Партия азаматтардың ақпарат және
сөз бостандығы құқықтарын қорғауға, мемлекеттің ақпараттық саясатын,
сонымен қатар БАҚ қызметі саласын ретке келтіруші заңнаманың жетілдірілуіне
қол жеткізетін болады.
Партиямыздың қызметі мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам институттар
арасындағы әлеуметтік серіктестікті ынталандыруға бағытталады.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелерін ретке келтіруші
халықаралық келісімдерге Қазақстанның қосылуына жағдай жасайтын жұмыстарды
жалғастырамыз.
Азаматтық қоғам институттарының ролін қоғамдық маңызды міндеттерді шешуде
ғана емес, сонымен бірге еліміздің жалпы саяси өмірінде жоғарылатуды
жақтаймыз.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
Партия мәслихаттарға қосымша өкілеттіктер беру жолымен нығайта түсуге қол
жеткізеді.
Біз – мәслихаттардың біртіндеп жергілікті өзін-өзі басқару органына
айналуын қолдаймыз. Бұл құбылыс елімізде жергілікті өзін-өзі басқару
институтын қалыптастырудың бүгінгі жағдайдағы нақты ең қолайлы тәсілі
екендігіне көзіміз жетіп отыр.
Мәслихаттарды нығайта отырып, біз халық өмірінің демократиялық тәртібінің
негізін нығайта түсеміз. Жергілікті өзін-өзі басқару – бұл нағыз тікелей,
жанды халықтық демократия.
Мемлекеттік әкімшіліктендірудің қазіргі жүйесі
Біз халық мүддесі үшін қызмет етіп, оны қорғайтын мемлекеттік басқарудың
қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруды қолдаймыз.
Әкімшілік жүйесі толығымен қатардағы адамға бет бұруы қажет. Ол
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылатып, адамдар үшін барынша
қолайлылық тудыруы тиіс. Азаматтар мемлекеттік органдар жұмысын нақты бір
көрсеткіштер бойынша көріп, олар елді дамыту қарқынымен тиімділігіне нақты
қалай ықпал етіп отырғандығына баға беру мүмкіндіктеріне ие болуы қажет.
Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды, олардың адамгершілік
бейнесіне, біліміне талапты күшейту лазым. Шенеуніктердің өтемдік жасау
мүмкіндіктері барынша жойылуы қажет.
Партия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz