Бастауыш сынып оқушыларының білім,білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру
Кіріспе
I.Тарау.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Педагогика ғылымы оқушылардың білім, білік, дағдылары жайында
1.2. Бастауыш білім берудің тұжырымдамасында оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар.
II.ТАРАУ.
Бірінші сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың тәжірибесі.
2.1. Бірінші сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың ерекшеліктері.
2.2. Бірінші сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік.эксперименттік жұмыс нәтижелері
Қорытынды

Бастауыш мектеп –бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім –үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,қоршаған дүние түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан–жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Мемлектіміздің саяси –экономикалық және әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай қазіргі таңда халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда.Осыған байланысты туындап отырған мәселелердің бірі – бастауыш сыныптарды оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі соңғы жылдары үлкен және жылдам өзгерістерге кез болуда.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда , ел Конституциясынан бастау алған «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептердегі білім мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты» сияқты құжаттар дүниеге келді. Осы құжаттарды басшылыққа ала отырып жасалған төл оқу құжаттарымыз республика мектептерінде оқытылу үстінде. Бастауыш мектепте оқытудың мақсаты өзгеруіне байланысты енді « ... бірінші кезекке,бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес. Оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады.

1. Аймауытов Ж..Психология.А.Рауан,»1995
2. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., Қазақ педагогикалық энциклопедиялық сөздігі. т.б. Алматы,1995.
3. Асанов А.Ж. Оқушы оның дамуы мен тәрбиесі. Қызылорда,1993.
4. Ахметов С.Бастауыш сынптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары.А.Рауан.»1994 Бабанский Ю.К. Выбор методов обучения в средней школе.- М: Педагогика, 1982.- 32 с.
5. Бержанов Ќ., Мусин С. Педагогика тарихы.- Алматы: Мектеп, 1971.
6. Бастауыш класс м±ѓалімдерініњ іс-тјжірибесінен.- Алматы, 1974.- 88 б.
7. Бирюкова Л.М. Индивидуальная работа с младшими школьниками // Начальная школа.- 1988.- № 7.- 30-32 с.
8. Большакова Н.Я. Развитие индивидуальности младших школьников // Начальная школа. -1992.- № 12.- 23-24 с.
9. Большой справочник. Начальная школа.- М.:«Олимп», 2000.-368 с.
10. Бастауыш білім берудің құрылымы мен мазмұныны жаңартудың кейбір мәселелері. А.РБК,»1993
11. Бастауыш кластарда ғылым негіздерін оқытудың кейбір ерекшеліктері. А.РБК.1992
12. Волкова С.И. Карточки с математическими заданиями: 4 кл. - М. : Просвещение, 1993.-160 с
13. Выготский Л.С.Вопросы детской психологий. Санкт Петербург.Союз1997 Глушкова О.Б. Тесты по математике.- М: АСТ- ПРЕСС, 1998.-200 с.
14. Гоноболин Ф.Н. Психология. М.1976
15. Давыдов В.В.Проблемы развивающего обучения.М.Педагогика.1986.
16. Дифференцированная задания для самостоятельной работы учащихся на уроках математики во 2 классе/ под. Ред. А.Г. Латохиной,В.И. Гусевой.- М: Изд-во МГИУУ, 1973.
17. Дифференцированные задания для самостоятельной работы учащихся в 3 классе на уроках математики
18. Жикалкина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.
19. Жұмабаев М.. Педагогика,3–ші басылым, А.Ана тілі. 1992
20. Жазыбаев М., Нағашыбаева Ә.Бастауыш кластар үшін грамматикалық ойындар. А.Мектеп, 1981
21. Зак А.З. Развитие умственных способностей младших школьников. М.Просвещение.1994
22. Каменский Я.А.Ұлы дидактика.А.1993
23. Көшекбаев Н.Оқыту теориясы. А.Мектеп.1976
24. Қоянбаев Ж.Б.Қоянбаев Р.М. Педагогика.Астана.1998
25. Карпушкина Н.Н. Учитывать индивидуальные особенности детей // Начальная школа.- 2000.- № 2 .- 33-37 с.
26. Корчагина О.Ю., Волошина О.И. Математика: Справочник для учителеей и родителей. Начальная школа.- М:Дрофа, 1997.- 208 с.
27. Кузнецов А.А. Требования к знаниям, умениям школьников.-М: Просвещение, 1985.
28. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. – Алматы: РБК, 1998. – 245 б.
29. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика.- Алматы: Рауан, 1992.- 240 б.
30. Құрманалина Ш.Х. жјне т.б. Математикадан дидактикалыќ ойындар жјне ќызыќты тапсырмалар.-Алматы:Атам±ра, 1997-46 б.
31. Қосанов Б.М., ¤міртаева Р.А. Математикадан дидактикалыќ ойындар жјне қызықты жаттығулар.-Алматы:Атамұра, 1998.-42 б.
32. Қазақстан республикасының білім туралы Заңы,Астана, Дастан.2000
33. ҚР.Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты.А.РБК.1998
34. Люблинская А.А.Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде.А.Мектеп.1981. Истомина Н.Б. Методика обучения математике в начальных классах: Учеб. пособие для студентов сред. и высших пед. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. – 288 с.
35. Моро М.И., Вапняр Н.Ф. Математикалыќ тапсырмалар мен ойындар жазылѓан карточкалар.- Алматы: Мектеп, 1990.- 128 б.
36. Мектепке дейінгі педагогика,А.Мектеп.1982
37. Мухина С.В.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.А.Мектеп, 1986.
38. Оспанов Т. Математика оқулығы,1 сынып
39. Педагогикалыќ ізденіс.- Алматы: Рауан, 1990.- 574 б.
40. Педагогикалыќ және жас ерекшелігі психологиясы.- Алматы: Мектеп, 1987.- 287 б.
41. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения. В 2-х т./ Под.ред. В.Н. Столетова.- М: Педагогика, 1981.- 334 с.
42. Пути повышения качества усвоения знаний в начальных классах / Под.ред. Богоявленского Д.Н., Менчинской А.М.- М: Просвещение, 1962.
43. Сағытаев С.Т Педагогикалық шеберлік негіздері.Қарағанды,1996
44. Сарбасова Қ.А. Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру: Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002.-82 б.
45. Сухомлинский А.В.Коллективтің құдірет күші. А.Мектеп197332. Смагулов Е.Ж. Развитие самостоятельности мышления в процессе решения простых задач // Бастауыш мектеп.- 2003.- №10.- 60-61 беттер.
46. Теоретические основы методики обучения математике в начальных классах / Под ред. Н.Б. Истоминой.- Москва-Воронеж, 1996.- 224 с.
47. Ушинский К.Д. Избранные педагогические сочинения. – М., 1964. – Т.1. – 482 с.
48. Ұзақбаева С.А., Сарбасова Ќ.А. Бастауыш сыныптардаѓы математика сабақтарында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану.- Алматы,- 1997.- 32 б.
49. Шамова Т.И. Активизация учения школьников.- М: Педагогика, 1982.-208 с.
50. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе.- М: Просвещение, 1986.- 144 с.
51. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды.- М: Педагогика, 1989.
52. Я иду на урок в начальную школу: Математика. М.: Изд-во Первое сентября. 2000.- 336 с.
53. Эльконин Б.Д. Психическое развития в детских возростях,Изб.псих.труды. М.Воронеж.1995

Бастауыш мектеп –бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін
ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім –үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі
білім,білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат,қоршаған дүние
түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан–жақты дамыту –
бүгінгі күннің басты талабы.
Мемлектіміздің саяси –экономикалық және әлеуметтік даму жағдайының
ерекшеліктеріне қарай қазіргі таңда халыққа білім беру саласы және оның әр
буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда.Осыған байланысты туындап отырған
мәселелердің бірі – бастауыш сыныптарды оқыту процесін ұйымдастыру мәселесі
соңғы жылдары үлкен және жылдам өзгерістерге кез болуда.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының
бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны
реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда , ел Конституциясынан
бастау алған Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы мектептерінің және
осы мектептердегі білім мазмұны тұжырымдамасы, Қазақстан республикасы
бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар дүниеге келді.
Осы құжаттарды басшылыққа ала отырып жасалған төл оқу құжаттарымыз
республика мектептерінде оқытылу үстінде. Бастауыш мектепте оқытудың
мақсаты өзгеруіне байланысты енді ... бірінші кезекке,бұрынғыша оқушыны
пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес. Оқу
әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты
қойылады.
Қазіргі педагогика ғылымының мектеп мұғалімдерінің алдына қойып отырған
маңызды талаптарының бірі – оқушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру. Себебі оқушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру жаңа білімді игеруін, оны болашақ өмірде қолдануын игертудің
маңызы зор.
Зерттеу жұмысымыздың тақырыбына байланысты А.С.Ушинскийдің,
Н.В.Савиннің, М.Жұмабаевтың, М.Мұқановтың, Т.С.Сабировтың, Р.М.
Қоянбаевтың, Т.Қ.Оспановтың т.б педагог, психолог, әдіскерлердің
еңбектерін оқып, талдап соның негізінде жаздық.
Қазақ бастауыш мектептерінде жаңа білім мазмұнын жүзеге асыруда, соның
ішінде 1-сынып оқушыларына білім, білік, дағды қалыптастырудың
жолдарын дұрыс шешуде нысаналы түрде зерттеп, білу бүгінгі таңның өзекті
мәселелерінің бірі. Осы тұрғыда анықталған ғылыми зерттеу жұмысымыздың
тақырыбы 1 сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
(математика пәні бойынша).
Осы тақырыптың мазмұнын ашу барысында зерттеу обьектіміз бірінші
сыныпта математиканы оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білім,білік,
дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін көрсетіп және олардың
жүзеге асу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатта туындаған міндеттер:
1. білім, білік, дағды ұғымдарына анықтама беру.
2. 1-сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың жолдары
жайлы педагогикалық - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
3. математика сабақтарында 1-сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын
қалыптастырудың озат тәжірибелерін жинақтау.
4. оқыту процесінде 1-сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын
қалыптастыру нәтижесін эксперименттік жұмыс арқылы тексеру және оның
нәтижелерін талдау.
Қолданған әдіс-тәсілдеріміз:
1.Ғылыми, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау,жинақтау.
2.Озат тәжірибелерді талдау, жинақтау.
3.Бақылау.
Ғылыми болжам - егер бастауыш мектепте оқыту процесінде 1 -сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетін жас ерекшеліктерін пән ерекшелігін ескере
отырып, оқытудың тиімді жолдарын таңдай білсек білім, білік, дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік туады,
Зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы, жеке тұлға жөнінде
диалектикалық, материалистік ілім, оқу іс-әрекеті туралы психологиялық-
педагогикалық тұжырымдама,
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың,
педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; нормативті құжаттар; бастауыш
білім берудің мемлекеттік стандарты; бағдарлама; оқу құралдары;
мұғалімдердің іс-тәжірбиесі.
Сонымен, біздің дипломдық жұмысымыз кіріспеден, 2-тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда оқушылардың білім, білік,дағдыларын қалыптастырудың
теориялық негіздері, бастауыш білім беру тұжырымдамасында оқушылардың
білім,білік, дағдыларына қойылатын талаптар қарастырылады.
Екінші тарауда бірінші сынып оқушыларының білім,білік,дағдыларын
қалыптастырудың ерекшеліктері. математика сабағында оқушылардың
білім,білік,дағдысын қалыптастырудың тәжірибесі баяндалып, оның
нәтижелеріне талдау жасалынады.
I.Тарау.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Педагогика ғылымы оқушылардың білім, білік, дағдылары жайында.
Адамның жеке басының дамуында, қабілеттілігін жетілдіруде білім,
білік, дағды маңызды роль атқарады. Бұл психологиялық үш категорияның өзара
байланысы мен олардың мән-мағынасын көрсететін схема педагогика мен
психологияда ұзақ жылдар бойы пікірталас тудырып келеді.Бұған көптеген
маман ғалымдардың ұзақ жылдар бойғы зерттеулерінің нәтижесі айқын дәлел
бола алады. Іс-әрекет жасауда, білім алып,біліктілікті меңгеру үшін алдымен
дағдыға үйретудің маңызы зор.
Адамда білім туа пайда болмайды, онда белгілі бір қабілеттіліктің
нышаны болуы мүмкін,сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық
пайда болады - деп К.Д.Ушинский орынды айтқан.
А.С.Макаренко бұл жайында былай дейді: Біздің міндетіміз мінез-
құлық мәселелеріне деген дұрыс және ақылға сыйымды қатынасты тәрбиелеу ғана
емес, сонымен қатар дұрыс әдептерді, ойланып отыруды керек етпейтін, қайта
онсыз еш нәрсе істей алмайтындай әдеттерді тәрбиелей білуіміз керек. Ал,
Б.М.Теплов болса адам кәсіби қабілетін дамытып, шеберлік дәрежесіне
көтерілу үшін алдымен білім алу, сонан соң ғана жаттығу арқылы білік пен
дағдыны жетілдіру керек екенін дәлелдейді.
Ф.Н.Гоноболин оқыту процесінде оқушылардың біліктілігін кейде білім
арқылы,кейде дағды қалыптастыруға болатындығын дәлелдейді.Профессор
И.Я.Кондефератов болса, жастарды оқытудың негізгі мақсаты - біліктілікке
үйрету, ал, білім алу –білікті ашуға арналған жол дейді. Жалпы
педагогикалық әдебиеттерде білім,білік дағды ұғымдарына түрліше
анықтама беріледі. Біз төменде білім, білік ,дағды ұғымдарының түрліше
анықтамаларын сызба түрінде келтіріп отырмыз.
Білім,білік, дағдының анықтамалары Анықтама алынған
әдебиеттер.
1.Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық
Білім- адам ойында шындықтың дұрыс сөздік Р.М. Қоянбаев
бейнеленуі,қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным Алматы-1993ж.
барысның нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы
материалдық және рухани іс-әрект нәтижесі ретінде
пайда болады. Кез-келген шындықты бейнелеу білім
болмайды. Ал адам өзін өз өміріндегі
іс-әрекетінен, оның обьективті жағдайларымен
заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының
тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа
адамдармен қарым-қатынасымен жүзеге асатын нақты
іс-әрекеті. Савин Н.В.
Педагогика Алматы
Мектеп 1975ж.
2.Білім- адамдардың заттар мен өмір құбылыстарын,
табиғат пен қоғам заңдарын танып білу жемісі.
Білімде адам болмысының көп ғасырлық тәжірибесі,
оның өзін қоршап тұрған құбылыстар жайындағы
ұғымдар мен түсініктер жинақталған. Білім
фактілер, принциптер, заңдар түрінде өмір сүреді.
Оқушылар білімнің бәрін емес, оқу пәндеріне
арнаулы түрде іріктеліп, біріктірілген негіздерінЛюблинская А.А.
ғана меңгереді. мұғалімге бастауыш
мектеп оқушысының
психологиясы жөнінде
3.Білім- баланың өмірді тануы не тікелей оның Алматы Мектеп1981ж.
сезімдік қабылдауы арқылы, болмаса жолмен, яғни
еренсек адамдар, сонымен бірге кітаптардың
авторлоары да бар жекелеген заттарды немесе Сабиров Т.С.
құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу
Қоршаған ортаны адамдардың тану нәтижесі білім белсенділігін
болып табылады. арттырудың жолдары.
Алматы Мектеп 1978ж.
4. Білім- деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын
тануының нәтижесін басқаша айтқанда, әрбір ғылым
саласында жиналған фактілер ұғымдар, заңдылықтар
жүйесін айтамыз.
1. Білік. Қандай да болсын қызмет тәсілін Бабанский Ю.Н.
саналы меңгеруді білік дейді. Бұл анықтама
мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі
бір әрекеттің жиынтығы арқылы іске асырылады,
әрекеттің іске асасу әдісін
меңгеру-біліктілік.
2. Білік-бұл адамның бұрыннан алған тәжірибесіСавин Н.Н.
негізінде қандай да бір іс әрекетті орындай Педагогика,Алматы
білуге деген қабілеттілігі. Мектеп1975 ж.
3. Білік- білім негізінде оқушының белгілі Сабиров Т.С. Оқушылардың
әрекетті орындай алу бейімділігін айтамыз. оқу белсендідігін
Білік қандай да бір іске деген шеберліктің арттырудың жолдары.
негізі болып табылады. Алматы, Мектеп 1978 ж.
Қоянбаев Р.М. Қысқаша
4. Білік әйтеуір бір ережеге және оны нақты педагогикалық сөздік,
міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануғаАлматы, 1993ж.
негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.
Біліктіәрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін
таңдай білуден, тек қана білуден емес, оларды
тәжірибеде таңдай білуден басқа мақсатқа жету
үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді.
5. Біліктілік деп білімді не дағдыны Мұқанов М.М.
өзгертілген жағдайда пайдалана білуді айтады. Педагогикалық психология
Егер оқушы үйренген білімін тап сол обьектіге очерктері, Алматы,1962ж.
қолданса,осыны біліктілік деп айтуға
болмайды.Өйткені біліктілік көбінесе адамның
бір салада үйренген білімін, не дағдысын өзге
жағдайға таси алуы. Жарықбаев Қ. Психология
6. Біліктілік дегеніміз адамның қандай нәрсеніАлматы, Білім 1993ж.
болмасын орындай білу қабілеті.
1.Дағды –кез-келген әрекетті орындай білудеҚоянбаев Р.М. Қысқаша
даттығу арқылы бекітілген білікті дағды деппедагогикалық сөздік, Алматы,
атайды. 1993ж.
2.Дағды –алғашқы саналы орындауды Жарықбаев Қ. Психология
қажетететін іс-әрекет бөліктерінің Алматы, Білім 1993ж
қайталап жаттығудың нәтижесінде
автоматтандырылуын дағды деп атайды.
Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес,
жеке компоненттері ғана автоматтаттанады.
Мәселен, баланың жазуы әр уақытта саналы
әрекет болып есептеледі, орындаудағы
тәсілдері оның автоматтануы болып табылады.
3.Дағды дегеніміз бұл талай рет және
стереотипті қайталаулардың арқасында Савин Н.Н. Педагогика,Алматы
автоматтандырылған әрекет. Мектеп1975
4.Дағды – меңгерудің ең жоғарғы екпінімен
сипатталатын әрекет, Белгілі бір дағдыны Сабиров Т.С. Оқушылардың оқу
меңгерген адам жұмысты тез істейтін сияқты белсендідігін арттырудың
көрінеді және іс– әркеттің орындалу жолдары. Алматы, Мектеп
барысында оның сана сезімін бақылап байқау1978 ж
да аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен
біліктің адам өмірінде зор маңызы бар.
5. Әрекеттің саналы түрде автоматтану
дәрежесіне жетуін дағды деп айтады, яғни Оспанов Т.Қ. Математиканың
дағды –автоматтандырылған әрекет. Жаттығу бастауыш курсын оқыту
нәтижесінде әрекеттер үйреншікті іске әдістемесі.Алматы.1996ж.
айналады да, оны орындау жеңіл, жылдам іске
асады.
6. Дағды –арнайы мақсатта, әдейілеп, саналы
жаттығудың нәтижесінде автоматтанған
дәрежеге жеткен әрекет. Оның физиологиялық Мұқанов М.М. Педагогикалық
механизмдері жоғары нерв жүйесіне бағынатынпсихология очерктері,
шартты рефлекстер жүйесі-динамикалық Алматы,1962ж
стереотип..
Біз бұл анықтамалардың түпкі мазмұны білімнің адам, табиғат, қоғам
жайндағы фактілер екендігі, біліктің осы білімді не дағдыны өзгертілген
жағдайда пайдалана білу машығы, ал дағдының автоматты түрде жүзеге астын
адамның қимыл-қозғалыстары екендігіне көзімізді жеткіздік.
Оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру жолы -өте күрделі және ұзақ
уақытты керек ететін процесс. Ол мұғалім мен оқушы тарапынан әр алуан жан-
жақты ойлау және практикалық әрекет жасайды.
Осы сияқты білік пен дағдының арасындағы өзара байланыстың күрделі
болатындығын белгілі психолог мамандар да(А.А.Смирнов,
Л.М.Шварц,Т.Г.Егоров) атап көрсеткен. Мысалы, әріптерді ажырата білетін
бірінші сынып оқушысы, жазу мен есептеу туралы дағды алмай-ақ,кітапты оқи
алады.
Білім,білік, дағдылардың жүйесінің көрсетіліп отыруы қажетті іске айналып
келеді. Мұны білім,білік,дағдының арасындағы өзара байланыстылықты тиімді
пайдалануға жол ашатын мүмкіншілк деп түсінеміз.
Мектепте берілетін білімнің үш белгісі бар,олар:
а) Білімнің саналылығы. Мұндай білім жаттауға негізделмей, білім мазмұнын
терең түсініп,ұғынуға бағытталады.
ә) Білімнің дәлелділігі. Білім алушы адам біреудің айтқанына, не
есіткеніне, не оқығанына талғаусыз сене алмай , ақиқатқа көзін жеткізуге
тырысады, әрнәрсеге сын көзбен қарап, сол туралы өздігінен қорытындылар мен
тұжырымдар жасайды.
б) Білімнің практикалық сипаты– білімнің өмірмен және практикамен ұштасуы
және теория мен практика арасындағы тығыз байланыс.
Білімнің практикалық тәжірибеде қолданылуы білік және дағдымен байланысты
болады.
Білік пен дағды білім мен тәжірибеге негізделеді.оқу жұмысында олардың
маңызы зор. Өйткені білік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты
берік екендігінің белгісі болып табылады.
Баланың мектепке түсуі оның дағдыларының белгілі бір жүйесімен дамып
отыруына мүмкіндік туғызады.
Мұғалім балаға жазу, оқу, есептеу сияқты күрделі дағдыларды үйрете
бастайды. Осы айтылғандарға дағдыландырудың бастапқы жолы жаттығу
жұмыстарыныан басталады.Жаттығу жұмыстарында ережелер түсіндіріледі.
Бұдан кейін бала ережені іс–жүзінде қолдана білуді үйренеді. Мұғалім сан
алуан әдістер мен арнаулы жүйелердің ең тиімді дегендерін таңдап, оны бала
дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мұғалімнің бар шеберлігі мен өнерін
салатыны да осы жер. Өйткені дағдының ірге тасы дұрыс қаланса, соғұрлым
жақсы, тыңғылықты бекитін болады. Баланың ережені жақсы түсіне алуы,
практикада қателеспей пайдалануы, онда дағдының орныға бастауының белгісі.
Бастауыш мектеп мұғалімдері оқушыладың оқу,жазу, есептеу
дағдыларымен бірге жалпы дағдыларын (мұғалімнің айтқанын тыңдай білу,
сабақта тыныш отырут.б.) әрбір баланың дара ерекшеліктеріне қарай
қалыптастырылып отырады. Оқушыларды дағдыландырғанда мұғалімнің үйрету
әдістерінің артуы,балалардың қатесін үнемі сезе біліп, жөндеп отыруы,
олардың білім нәтижесін дұрыс бағалауы, қатаң талап қоя білуі, бастаған
істі аяқтатып үйрету т.б. ерекше маңыз алады.
Мектеп дағдыларының көпшілігін оқушының мінез–құлқы мен ақыл–ой
әрекетінің тұрақты әдеттеріне айналдырып отыру мұғалімнің оқу–тәрбие
жұмысындағы басты міндеттердің бірі. Мұғалім мектеп оқушысына қажетті
әдеттерді олардың ата–аналарына түсіндіргені дұрыс. Өйткені кез–келген
ата–ана мектептік дағдылар мен әдеттердің қалайша қалыптасып отыратынын
біле бермейді. Оқушы дағдысының дамуы біркелкі болмайды.Ол әр оқушыда
түрліше дамып отырады. Сондықтан мұғалім бұлардың әрқайсысына жеке назар
аударып, жеке бақылап отырмайынша, оқушылардың білімін әділ бағалай
білмейінше , дағды тәрбиесі ойдағыдай ұйымдастырылмайды.
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін қайталау
жеткіліксіз, оған арнай жаттығу қажет. Кез–келген қайталаудан жаттығу
шықпайды.Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді.
Себебі, мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі
ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру қандай жолмен жүріп
отырғанымен таныспай , дағдыға болса да ие болу қиын.
Дағдыға машықтана алудың төмендегідей белгілерін көрсетуге болады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы,оның нәтижесін үнемі біліп
отыруға байланысты.Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кіріссе,
жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үйрену әдістерін
жетілдірсе, үйренетін дағдының өзінің ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі
болумен қатар, тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады. Адамның
үйрену тәсілінің жетктігі оның дағдыға тезірек машықтануынан туған қажетті
білмдерді тезірек меңгертуге көмектеседі.екінші жағынан, адамда дағды мен
білімнің жетіспей жатуы оның біліктерінің арта түсуіне кедергі келтіреді.
Бұл үшеуі бір–бірімен кері құрылымдастық қатынаста болып отырады.
Дағдылануда іс–әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компонентері ғана
автоматтанады.Мәселен, баланың жазуы әр уақытта саналы әрекет болып
есептеледі, орындаудағы тәсілдері оның автоматтануы болып табылады.Даму
шегіне жеткен дағдылардан мына төмендегідей белгілерді байқауға болады.
1.Дағды алудың белгісі –әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң қимылдау.
2. Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, қиналып істеу жойылады.
3.Дағдыланудың үшінші белгісі –бірқатар жеке амалдарды біріктіріп, одан
тұтас бір амал жасай алу. Жаттыға келе кібіртіктеп отырмайды,шапшаң оқитын
болады.
4.Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы артады.
5.Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің болуы.
Дағды адам әрекетінің қай–қайсынан да ерекше маңыз алады.Ол іске шапшаң,
шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз
қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырады. Оқу дағдыларын жете
меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді.Еліміздегі ғылыми
техникалық прогресс адамдарда жан –жақты білім болуымен қатар жақсы
дағдыны қажет ететіні сөзсіз.
Бала күнінде ең кемінде 1000 нан аса қимыл–қозғалыс жасайды. Сол
қимыл–қозғалыстың 99% –і дағдыланудың негізінде жүзеге асады десек
қателеспеген болар едік. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып–толғануды
талап ететін саналы істерден шығады. Дағды қалыптасқан соң, іс үйреншікті
келеді де, осының нәтижесінде меңгерілетін істердің жемісі дағдыға
айналмаған істерге қарағанда әлдеқайда өнімді және нәтижелі болып
кездеседі.
Дағдының қалыптасуы жад процесінің негізінде жүзеге асады. Оқу үстіндегі
дағдыда талаптануды жаттығу деп атайды. Бұл әдіс онан әрі де қолданыла
берсе, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады нем есе тіпті
бастапқы кезіне төмендеп кетуі де ықтимал. Дағдылану үнемі бір қалыпта
тұрып қалмауы үшін жаттығу процесінің әр кезеңінде де әр түрлі әдіс
қолданылып, сабақ беруді түрлендіріп жүргізеді. Дағдының бір орында тұрып
қалып немесе бұрынғысынан төмендеп кетуі тек оқыту жұмысының нашар
қойылғанынан болады деп түсіну кейде қате болар еді. Мысалы, оқушы екі
сызықты дәптерден бір сызықты дәптерге көшкенде, жазуы бұрынғы қалпынан
төмендейді. Дегенмен бұған біраз уақыт төселгеннен кейін жазуы
бұрынғысындай болып қайта түзеліп кетеді.
Оқушылардың білім,білік,дағдыларын қалыптастыруда жаттығу әдісінің
маңызы зор. Жаттығу әдісі дегеніміз оқушылардың қабылдаған
білім,білік,дағдыларын бірнеше рет қайта пысықтап, нақтылы түрдетүрде ойда
тиянақты қалдыру әдісін айтамыз. Жаттығу әдісі оқушылардың оқу жұмысын
өздігінен орндау белсенділігін арттырады.Әрбір жаңа білім , дағдыларды
тиянақты болу үшін жүргізілетін жаттығудың арқасында олардың өздігінен
жұмыс істей алу қабілеті дамиды
Оқушылардың білік және дағдыларының тиянақты болу процестері
жаттығу әдісінің негізгі тәсілдері жинақтау және талдау жолдарымен
қалыптасады. Жаттығу әдісімен сабақ жүргізгенде оқушылардың жас
ерекшеліктері еске алынады.Сонымен қатар жаттығу жұмыстары оқушыларды
жалықтырмай қайта оларды ынталандырып отыруы қажет.
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар қойылады. Бұл
талаптардың негізгісі мыналар:
а) Жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін ең
алдымен нені жаттауды, оны қалай жаттауды білу қажет.Егер оқушының алдында
осындай мақсат болмаса, ол өзін–өзі күштеп, жұмысқа беріле алмайды.
ә) Оқушының жаттығуы өріс алуы үшін, ол өз жұмысының қалай орындалғанын
үнемі тексеріп отыруы қажет.Егер жұмысты орындауда оқушы қателік жіберсе,
сол қатені қалай жеңудің тәсілі көрсетіледі.Егер оқушы тапсырманы дұрыс
орындайтын болса, оны осы ісі үшін мақұлдап отыру жаттығудың өріс алуына
себепші болады.
Б) Жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе әрекет
арқылы жүргізілуі тиіс.Себебі ауызша қайталауға қарағанда дағдыланып,әр
түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп болады.
В) Жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелілікпен жүргізілуі тиіс.Мысалы оқу
мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп,белгілі бір мерзім бойынша
жүргізілсе, нәтижелі болады.
Г)Жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары ұзақ болмауы тиіс.
Егер жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер ұмытылып,
келесі мазмұндарды еске түсіру қиынға соғады.
Жаттығу жұмысының әрбір тәсілдері жеке пәндерге байланысты үнемі бірдей
бола бермейді. Мысалы, жеке пәндердің тақырыптарына байланысты, соған
жаттығуда әр түрлі ерекшеліктер кездеседі. Бұл еркшеліктер негізінде
жеке пәндердегі оқу мазмұндарының ұғынуға жеңіл не қиын келуі. Оқу мазмұны
неғұрлым қиын келсе солғұрлым қайталауды кеңінен талап етеді. Егер жаттығу
жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды.Ал қайталау аз болса
онда дағды терең қалыптаспайды.Сондықтан қайталану оқу мазмұнының
ерекшелігіне қарай белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс.
Мектеп оқушыларының оқу процесінде білімнің қалыптасуы , жетілуі
төмендегідей бағыттар бойынша жүреді.
А) оқушы меңгеретін елестетулердің, түсініктердің, мәліметтердің көлемі
өседі. Олар оқушылардың жеке –дара тәжірибесін құрайды;
Білім анағұрлым дифференцияланған және дәл бола түседі. Біріккен сөз
бөлшектенген түсініктер мен бейнелерден оқушы дәлірек білім мен ұқсас
білімдерді айыра білуге көшеді.
Б) білім тереңірек бола түседі.Осыған байланысты білім анағұрлым жинақы
және саналы сипатқа ие болады, демек берік те дәлелдене түседі.
В) білім жылжымалық және икемділікке ие болады.Олар субьектінің өзі басқара
алатындай болады. Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы бойынша оқушылардың
білімін қалыптастыру үшін,олармен әрқилы әрекеттер жасалуы керек.Сонымен,
білімді дифференциялау, анықтай түсу жұмыстары, оқушылардың қимыл бағытының
көлемін немесе білімнің жинақталған категорияға айналдырудағыға қарағанда,
басқа мазмұнда, басқа бағытта жүргізілуін талап етеді.
Білім беру мазмұнының өзгеруіне байланысты оқушылар әрекетіндегі әр алуан
біліктерді қалыптаструға барған сайын зор мән беріліп отыр. Психологтар мен
педагогтардың соңғы зерттеулерінде біліктілікті ширақтық, жинақтық сияқты
қасиеттерді атап көрсетеді.Бұл қасиеттер әрекетке шығармашылық сипат
береді. Оқушыларды оқу әрекеті үстінде біліктілікпен қаруландырмайынша,
олардың бойында білімге деген шығармашылық қарым –қатынасты қалыптастыруға
болмайды. Қазіргі дидактика мен психология оқытудағы міндет тек білім
меңгеру және оны қолдану ғана емес, сонымен бірге білімді тауып ала білуде
деп есептеп отыр. Оқушылар біліктілікті меңгермейінше білімді меңгеру
жолында алға баса алмайды.
Дағдылар мен біліктілікті қалыптастырудың сенімді жолы басқарылатын
оқу.Осындай жолмен алынған дағдылар мен біліктер зор
саналылығымен,орамдылығымен, орындауға деген мүмкіншілігімен
сипатталады.Дағды мен білікті қалыптастыру жаттығу прцесінде жүзеге
асырылады. Бұларды қалыптастырудағы жаттығулар тиімділігі көп жағдайда
соларды ұйымдастыру әдісіне байланысты.
Қандай болсын біліктілікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа
адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік пен дағды
еліктеуден басталып,өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.Білік пен
дағдыны меңгеру еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы негізгі принцип уақыт пен
күшті үнемдеу. Сондықтан білік пен дағдыны нәтижелі меңгеру уақытты
үнемдеуге, еңбек қарқынын жоғарылатуға, жұмысты қатесіз орындауға мүмкіндік
туғызады.Мұндай нәтиже оқушыны қуанышқа бөлейді.Білік пен дағдыны дұрыс
меңгеруден туған оқу еңбегінің нәтижесі кейін оған көмегін тигізеді.
Сөйтіп білім, білік, дағдыны төменгі сынып оқушыларын оқыту ісінде,
олардың жетілу жолында маңызды білімдік қызмет атқарады және оқыту
процесіне тірек негіз болады.Оқушылардың бұрын меңгерілген білімдерін
жетілдіру ең алдымен, оқушылардың өтілген материалды еске түсіруі, оқу
материалын меңгеруі, өзін-өзі бақылауды іске асыруы,өткен білімдердің жаңа
жағдайларға байланысын ұғынуы сияқты бөліктерден құралады.
Оқушы қызметін жетілдіру әдісі деп біз арнайы және жалпы оқу біліктері
мен дағдыларын дамыту,қалыптастыруды түсінеміз.Сабақтың бұл сатысына ең
алдымен материалдарды жүйелеу, талдау, құрастыру, салыстыру және
жинақтау,мұғалімнің сұрағына толық жауап беру,бұрын өткен оқу материалдары
бойынша тез бағдар жасай білу т.б.
Енді жаңа түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырудың мазмұнын қарастырайық.
Түсінік,ұғымды қалыптастыру барысындағы маңызды, күрделі психологиялық,
педагогикалық процесс - жаңа білімді меңгеру. Ол жоғарыда айтылғандай 3
компоненттен тұрады.
1.Оқу материалын қабылдау және түсіну,
2.Таблица өлеңдерді қайталау,бекіту арқылы есте сақтау
3.Заттар мен құбылыстарды салыстыру,сабақта меңгерілетін білімді жүйеге
келтіру.
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушылардың назары оқу
–танымдық әрекетке, жаңа оқу материалын меңгеруге бағытталады.
Психологтардың айтуынша, материалды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол
материалмен түрліше жағдайда ең кемінде алты рет кездесуі керек. Жаңа
түсініктерді қалаптастыру процесін оны меңгерудің әрекет-тәсілдерін
қалыптастыру процесін дамытудан ажыратып алып қарауға болмайды.
Шын мәнінде, оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсініп, қабылдауы үшін, оның
сөздік қоры мол болуы тиіс,байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгеріп,
мұғалімнің айтқанын түсініп,таңдай білуі тиіс. Осыдан келіп, сабақтың
көптеген жалпы оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мұғалімнің басты
міндеті болып табылады.
Сабақтың үшінші кезеңінде бекіту мен қайталау меңгерілетін білімді
қолдану арқылы және оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Бұл
жұмысты жүзеге асыруға оқушылар еңбегі сипатының өзі-ақ жағдай жасайды.
Мұғалім оқушының ақыл-ой өрісін дамыту мақсатында сабақта арнайы
дайындалған тапсырмаларды оларға өз бетімен орындату арқылы материалдарды
бекітіп, мәселенің түйінді, өзекті жақтарын меңгеруге оқушыларды
қатыстырады. Оған қоса сабақтың осы кезеңінде оқушылардың білімінің белгілі
бір бөлігін қалай меңгергендіктерінің арнайы және жалпы оқу біліктері мен
жағдыларының қандай деңгейде қалыптасқандығының қорытындысы шығарылады.
Мұндай бәрінен бұрын логикалық білік, әсіресе бірізді сұрақтар тізбегіне
талдау жасай білу білігі қалыптасады.
Үй тапсырмасы сабақтардың дидактикалық құрылымының тұрақты компоненті
бола бермейді. Оның негізгі мақсаты –оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуін,шығармашылық ойлауын дамыту. Кейбір мұғалімдер үй тапсырмасын
оқушының сабақтағы жеткіліксіз жұмысын толықтыру әдісі деп қарайды. Ал,
мұндай оқу біліктілігі мен дағдыларын дамытудың мәні зор.Үй тапсырмаларын
берген кезде логикалық талдау,жинақтау,салыстыру, қорытындылау негізін таба
білу т.б. қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Қорыта айтқанда да сабақтың қай кезеңінде де жалпы біліктер мен
дағдыларды дамыту сабақты жаңа тиімді әдіс, тәсілдермен толықтырады.
Қазіргі кезеңдегі бүкіл педагог ғалым құлақ түріп отырған оқуға үйрету
деген талаптың іске асуына үлкен әсер етеді. Сондықтан оқушының білім,
білік, дағдыларының үнемі бақылап, тексеріп, бағалап отырудың маңызы зор.
1.2. Бастауыш білім берудің тұжырымдамасында оқушылардың білім, білік,
дағдыларына қойылатын талаптар.
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын
талаптар білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана
анықталғандықтан оқу үрдісін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере
отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.Жаңа оқу бағдарламалары жобасында
бастауыш білім мазмұны оқушылардың білім,білік, дағдыларына қойылатын
талаптар екі белгімен беріледі.
1.Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық деңгейі,мүмкіндік деңгейі.
2.Оқушылар дайындығының ең қажетті міндетті деңгейі.
Бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім,білік,дағдылары
міндетті деңгейден төмен болмауы керек.Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім
мазмұны бастауыш сатыдағы мемлекеттік стандарттың негізі болып табылады.
Оқушылардың меңгерген білім мен біліктерінің міндетті деңгейдегі талаптарға
қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге
болады.Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұнын толық
қамтитындықтан олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы білім мен
біліктерінің обьективті жағдайын көрсетеді. Сондықтан мұндай тапсырмаларды
пайдаланып оқушы білімі мен біліктерінің, тәрбиелілігінің сапасын, деңгейін
бақылауға министрлік отбасы,мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушының өзі және
әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтар мүдделі.Бұл тапсырмалар
нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: оқушы білімі мен
біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз
жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Оқушы да өзінің оқу жұмысындағы жұмыстар, кеткен қателіктер туралы ақпарат
алып нәтиженсін эталонмен салыстыруға, сөйтіп өзін-өзі бақылау,бағалау
қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ата-ана баласының дамуы қалай жүріп жатқанынын аңғарып оған өз
тарапынан көмек беруді ойластырады.Тапсырмалар бастауыш сатыны бітірейін
деп отырған оқушыға арналған. Сондықтан оларды орындау 4-сыныптың оқу
жылының аяғында сабақ барысында ұйымдастырылады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген оқу жұмысын бақылап, бағалаудың бес
баллдық жүйесі, оқушылардың үлгерімі жақсылар мен үлгерімі нашарлар деп
жіктеп, соңғыларды мектептен шығару, немесе сыныпта екінші жылға қалдыру
тәжірибесі орын алған,мектеп дамуының бір кезеңінде қалыптасатыны
белгілі.содан бері, мектептің мақсаты, міндеттері өзгергеніне қарамастан,
бақылауды тек баға санын көбейтудің, ол бағаның өзін оқушыны мадақтап
көтермелеудің болмаса, жазалап, қорқытудың құрамы деп түсініп қолдану
көптеген мұғалімдер тәжірибесінен қалмай келеді.
Мектепте оқушының дамуы мен тәрбиесі және оқу жұмысын мұғалім мен
оқушыныңынтымақтастығы,ізгіліктенді ру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға
ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезде бағалаудың ролі, қызметі түбегейлі
өзгеріп,ол диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы
қызмет атқаруы тиіс.Әзірге бес баллдық жүйе оқу үрдісін ұйымдастырудың
ұстанымдары мен бақылау-бағалаудың жалпы қызметінен туындайтын белгілі бір
талаптарға сай қолданылуы керек. Сонда ғана оның тиімділігі артады.
Оқу нәтижесін бақылап,бағалауға қойылатын талаптар:
- оқу нәтижесін бақылап,бақылауды және мұның барысында байқалған
кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындауы керек және бұл жұмыс
бастауыш сыныптан басталғаны жөн;
- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс, оқушыларға оқу нәтижесін бақылап
бағалаудың және кемшіліктерді анықтап түзетудің әдістемесі мен тәсілдері ,
бағалаудың нормалық өлшемімен, өзінің оқу жұмысын тиімді ұйымдамтыру мен
оған түзету жасау тәсілдерін меңгертуге, жұмыс дағдысын қалыптастыруға
ырықты зейінін тәрбиелеп бағытталуы керек;
- Оқушылардың күнделікті өзін-өзі және өзара бірін-бірі бақылап бағалауы
олар меңгеруге тиіс білім, біліктер минимумының барлық бабын түгелдей
қамтып жүргілуі керек;
- Оқушылардың күнделікті өзін-өзі жеке дара бірін–бірі бақылап, бағалауы
оқу материалының әр бабы бойынша жүргізіліп бір мезгілде оқушыны қамтуы
қажет;
- әр тақырып бойынша оқу нәтижесін қорытынды бақылап, бағалауды
оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, мұғалім жүргізеді және бұл жұмыс
өтілген оқу материалын қорытып жалпылауға, оқушыларда бар білімді
тереңдету, жүйелеуге және оладың өздері жүргізген ағымдағы бағалаулардың
нәтижесін ұжым болып талқылауға бағытталуы керек.
- ағымдағы және қорытынды бақылап-бағалау нәтижесінің есебін оқушылардың
оқушылардың өздері толық жариялылық жағдайында жүргізіледі. Әр оқушының
әрбір тақырып бойынша бағдарлама минимумды орындауын қадағалауды және
диагностикалық бақылау нәтижесінің есебін жүргізеді;
- бүкіл бақылау үрдісі әр оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу
нәтижесіне деген жоғары жауапкершілік сезімін тәрбиелеуді, оқу үрдісіне
жеке бас дамуы жағынан оның артта қалып қоймауын, тұтас алғанда, сыныптағы
әр оқушы үшін жақсы көңіл күй ахуалын қамтамасыз ететіндей дәрежеде
ұйымдастырылып жүргізілуі керек.
1 сыныптағы алғашқы тоқсандарында оқу нәтижесінде баға қойылмайды.
Бірақ, оқушылардың оқу, еңбек әрекетіндегі күнделікті жетістіктері ,
оларда аз оқу нәтижесін обьективті бақылап, бағалаудың қарапайым біліктерін
қалыптастыруды қамтамасыз ететіндей, әртүрлі әдіс-тәсілдері арқылы анық,
нақтылы көрсетіліп,бағаланып отыруы керек. Кемшіліктерді көрсету ,оқушы
ынтасын жоймайтындай , оқуға деген ынтасын арттыратындай оң әсер етуі тиіс.
Бұған білім, білік, дағдыларды тексеру арқылы жетуге болады. Тексеру
дегеніміз ұмытудан сақтандыру ғана емес, сондай-ақ білімді неғұрлым берік
игерудің де маңызды құралы, тексеру барысында мұғалім білімді игеру
фактісінің өзін ғана емес, сондай-ақ олар материалды қаншалықты дұрыс
игеріп,қабылдағанын ойлап есінде сақтай ала ма, жоқ па соны анықтауға
тырсады. Сол сияқты мұғалім оның көзқарастарын,нанымдарын қалыптастыруға
ықпал ететін оқылып отырған материалға оқушының қатынасын да белгілейді.
Тексеру мен бағалаудың тәрбиелік маңызы тағы да оқудағы дұрыс немесе
бұрыс баға мектеп оқушысын жүйелі жұмыс істеуге итермелейді, оның мінез-
құлқының маңызды сипаты ретінде еңбексүйгіштікті қалыптастыруға жол ашады.
Білімді тексерудің бүтіндей алғанда мұғалім үшін де, мектеп үшін де үлкен
мәні бар. Балаларды тәрбиелеу жайында қамқорлық жассай отырып, олардың
қалай оқып жүргендігін білуге тиіс. Тексеру нәтижелері формальды, біліктер
мен дағдыларды игерудің тұтас процесінің маңызды буыны. Тексерудің
барысында мұғалім алған деректерге сәйкес, ол материалдарды оқып-үйрену
жөнінде бұдан арғы жұмыстың жүйесін белгілейді. Балалармен онан әрі жұмыс
істеудің барысында мұғалім бұл кемшіліктерді жоюға, және білімдерді
жетілдіруге тырысады.Білім, білік,дағдыларды тексерудің мән –жайы мен
маңызына мұндай көзқарас бірден қалыптасқан жоқ.
Қазіргі кездердегі дидактика білімдерді тексергенде оқу материалын
айтып беруді түрлендіруші деп аталатын саланың жасалуына өз назарын аударып
отыр.Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін білімдерді тексергенде оқушының
назарын негізінен материалды сөзбе-сөз айтып беруіне аударып
келді.Тексеруге бұлай қараудың белгілі негіздері бар. Әсіресе,бастауыш
мектепте оқу материалының бір бөлігі жаттауға және айтып беру білімдерді
тексерудің барысында басым болуға тиіс деген сөз емес.
Егер жай айтып беру басым болып кетсе, онда оқушы бірте-бірте оқу
материалын ой жүгіртпей жаттап алуға үйреніп кетеді, ал бұл алған
білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды қиындата түседі. Көптеген
мұғалімдер көптен бері-ақ материалды дербес айтып беру тәсілін пайдаланып
келеді. Бұл оқушыларды шығармашылықпен оқи білуге талаптану бағытында бір
адым алға басқандық. Оқу материалын дербес топтастыру, жаңа фактілер
келтіру тәсілдері, қайта айтып беру, есептерді дербес құрап, есепті тексере
отырып шығару т.б. әдістер барған сайын кеңінен пайдаланыла бастады.
Бастауыш білім алуды қайта құру жағдайларына теориялық білімдерді
тексеруді оқушылардың дербес тәжірибелік сабақтарының бақылаумен етене
ұштастыру, олардың алған дағдылары мен біліктерін есепке алудың маңызы зор.
Оқушылардың білімдерін тексеріп, оларды бағалаудың ең үнемді обьективті
әдістерін жасау мейлінше өзекті іс. Көптеген ғылыми ұғымдар қазір осы
мәселелерді тұжырымдаумен шұғылданады.
Мұғалім тексерген білім бағалануға тиіс .Оқушылардың білімін
бағалаудың тәрбиелік мәні зор. Біріншіден оқушылар білімін бағалай отырып,
оқушыларды үнемі жұмыс істеуге , кез-келген іске жауапкершілікпен
қарауға,ұқыптылыққа, ой еңбегіне деген белсенділікті арттыруға, белгілі бір
тақырыптар мазиұнына сын көзбен қарауға,сол тақырыпқа байланысты өз
көзқарасын білдіруге, оқуда сауаттылығын арттыруға баулимыз.Екіншіден, бір
оқушының берген жауаптарында жіберген қатені болдырмауға үйретеміз.Кей
жағдайда оқушының берген жауабын дәл, нақты мысалдармен толықтырып, мұғалім
оқушылардың білімін бағалауда білім беру мағынасына ие болады.Үшіншіден,
оқушылар білімін бағалай отырып, мұғалім білім беруде өз мақсатына жетті
ме, оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алды ма,жоқ па, оқушылардың сол
пәннен өз бетімен жұмыс істеуі, ойлануында жетістігі қандай? –деген
мақсатта мұғалім өз жұмысын бағалайды.
Мектепте бағалаудың бес баллдық жүйесі қабылданғаны белгілі. Оқушылардың
білім дәрежесінің барлық мектептерде бірдей бағалануының маңызы зор. Бұған
мұғалім өз жұмысында оқушы білімдеріне деген талаптарды жақсы біліп,
сақтаған жағдайда жетуге болады.
Атап айтқанда:
- оқушы ғылым негіздерін оқып үйрене отырып, фактілерді, құбылыстарды
білуге және оларға дұрыс, ғылыми ең анық түсінік бере алатындай күйде
болуға тиіс.
- Оқушы ғылыми ұғымдарды, заңдарды теоремаларды ережелерді игеруге,жаңа
фактілерді түсіндіргенде, түрлі мәселелер мен практикалық міндеттерді
шешкенде бұларды пайдалана білуге тиіс.
- Өзінің жауапатарында оқушы мейлінше айқындылықты,ойының дәлдігін,өз
көзқарастарын жақтап,оларды қорғай білуге тиіс.
- оқушы білімінің практикалық маңыздылығы болуға тиіс.
- Оқушылардың ауызша және жазба сөздерге деген талаптары сақталу қажет.
- Ауызша жауаптар толық, логикалы, дәлелденген болуға тиіс.
- Жазба жұмыстар мұғалімнің нұсқаулары мен дәл сақталып, мұқият
толтырылуға тиіс.
Оқушылардың практикалық жұмыстарына да осындай талаптар ұқыпты
орындалады.Жалпы талаптардың негізінде критерийлер мен баға нормалары
қалыптасады. Бұлар әр пән бойынша әртүрлі. Білімдерді бағалауда негізгі
құжат бағдарлама болып табылады. Мұнда білім, білік, дағдыларға қойылатын
талаптар нақты берілген. Оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарламалық
материалды оқушының қалай білетініне қарай ол тиісінше бағасын да алады.
Оқушылар білім, білік, дағдыларының баға критерийі әрбір пән үшін
оның ерекшеліктеріне сүйене отырып жасалады.Әрбір бағаны мұғалім оқушының
жауабын қысқа , анық талдаумен қосарлап отырады.
1 сыныпта бағаны пайдаланудың кейбір еркшеліктерін көрсеткен жөн.
Оқушыға оқытудың алғашқы қадамынан балаларға өздерінің білімдеріне
қойылатын талаптарды түсініп, игеру қиынға түседі.Мұның үстіне оларды әлі
де болса оқу білімге деген тұрақты ынта жоқты. Сондықтан да жоғары,
орындалмайтын талаптарды қою жылт етіп көрінген ынтаны басып тастауы
мүмкін. Бұл жағдайларды мұғалім үнемі есте ұстауы тиіс.
1 сыныпта I тоқсан үшін қорытынды баға қойылмайды. Тоқсандық бағаны
мұғалім оқушылардың білім дәрежесін ескере отырып қояды.Мәселен, егер оқушы
оқудағы өзінің табыстарын ылғи арттырып отыратын болса, баға 4-тоқсанның
нәтижелері бойынша қойылады.Барлық жағдайларда қорытынды бағаны қойғанда
тек алған бағаларды ғана емес, сондай-ақ оқушы жұмысын бақылау нәтижелерін,
оның практикалық жұмыстарының сапасын пайдалану керек.Дидактикада
оқушылардың білім,білік, дағдыларын бағалау ережелері тұжырымдалған,
болашақ мұғалім осыларды жақсы біліп, оны оқу жұмысында қолдана білуі
керек.Оқушылардың өз талаптары жайында айтып беру.
Баға бергенде міндетті түрде оқушы жаубына талдау жасау және
материалды талдағанда оған назарды неге аудару керектігін көрсету болып
табылады.Бағалағанда оқушыны мақтаудың маңызы бар, бірақ бір баланы үнемі
мақтай беруге болмайды. Кейбір мұғалімдер оқушылар туралы белгілі бір пікір
ұстап, обьективті болудан қалатындығын және оқушыларға жиі көтеріңкі баға
қоятынын атап айтуға тура келеді. Мұндай мұғалімдерде осалдау оқушылар
әділетті жақсы баға ала алмайды. Балалар мұғалімнің обьективті емес
екендігін өте тез түсінеді де оқуға деген ынтасы жоғалады.Оқушылардың
білімін бағалағанда олардың даралығын ескеру керек. Осы ережелерді
сақтағанда ғана баға ұтымды ұйымдастырудың маңызды құралы болады және
мақсат көздеушілікті, еңбексүйгіштікті дамыту ісін ынталандырады. Оқыту
процесінің маңызды компоненттерінің бірі –оқушылардың білім,білік,
дағдыларын бағалау, есепке алу.Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзінше мәні және
ерекшелігі бар.Олар мұғалімнің оқу –тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыра білу
машығына байланысты.
Бақылау бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-
әрекетін меңгерудің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен
қалыптасуын басқаруға болмайды. Басқарудың психологиялық,педагогикалық мәні
оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне,
қабілетіне сенім білдіру. Оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау
үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім
оқушыларға ерекше көңіл бөліп , құрмет етумен білдірілуі тиіс. Бақылау
процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу
жұмысының сапасы туралы толық хабар алу қажет.осыған байланысты бақылаудың
бірнеше түрлерін атауға болады.олар тақырыптық бақылау, тараулар бойынша
бақылау,қорытынды бақылау.
Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша
өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың
білім,білік, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге , мұғалім жаңа
тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтағы оқу материалдарымен
толықтырады, кейбір ұғымдарды ,анықтамаларды,ғылыми ережелерді оқушылардың
есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын –оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу
бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Бақылаудың
мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және түрлі техникалық
құралдар арқылы оқушылардың алған білімдерінің көлемін және сапасын,
біліктілігін,дағдысын анықтау.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында
өткізіледі.Бақылау жөнінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері
есепке алынады.Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық
білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі оқушылардың
жылдық үлгерім бағалары болады. Бақылаудың тиімділігі оны оқыту процесінде
дұрыс ұйымдастыруға байланысты.Оқыту процесінде бақылаудың жаппай, топтық
және дербес формаларын еске алған жөн.
Оқушылардың үлгерімін бақылау нәтижесі бағалау арқылы көрсетіледі. Бағалау
деп жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білім,
білік дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білімдік және
тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар обьективті білім
алады, ой–өрісі кеңиді,ғылыми көзқарас қалыптасады, білік пен дағдыны
игереді. Білімді,білік пен дағдыны тесеру және бағалау танымдық іс–әрекет
кезеңдерінің бірі болады.Бұл жерде негізгі мақсат оқушылардың оқу жұмысын
бақылау,олардың үлгерімін және оқытудың кері байланысын есепке алу. Мұғалім
оқушылардың білім,білік,дағдыны игеру сапасын тексеріп қана қоймайды, ол
оларды ойлау тәсілдеріне, практикалық жұмысқа үйретеді және біліміндегі
кемшілікті жоюдың жолдарын үйретеді.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде оларға тек баға қоюмен
шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білім
қаншалықты берік,терең, дәл, анық, мол осы жағына баса назар аударуы керек.
Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын, білімдерін
тексеруде олардың ынтасын зертттейді, тексерудің үнемі жүйелі түрде болып
отыруын қамтамасыз етеді. Оқушылардың білім,білік, дағдысын мезгілді дұрыс
тексеріп отыру үлгермеушілік пен сыныптан қалып қоюшылықтан сақтандырудың
ең бір тиімді жолы болып табылады.
Қазір де көптеген озат педагогикалық ұжымдардың іс–тәжірибелерінде оқыту
нәтижелерін тексеріп отырудың неғұрлым тиімді жаңа түрлері қалыптасып,
оқушылар біліміндегі формализмге тыйым салына бастады. Оқушылардың
күнделікті сабақта алынған білімдері мен білігі ұдайы тексерудің мәні өте
зор, бұл оқу үрдісінің ең құрамдас бөлігі. Білім тексерудің оқушыға да,
мұғалімге де қатысы бар.Себебі, оқушының алған бағасы білім деңгейін
көрсетсе, өз кезегінде ол мұғалімнің жетістіктеріне де көрсеткіш болады.
Оқушылардың білімін тексеру – өте күрделі әрі жауапты кезең. Мұғалімге
сабақтың күрделілігі теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан
білінсе, оқушыларда психологиялық жағынан білінеді.Оқушы сабақта білім
алып, абстрактілі ұғымдарды меңгерумен оқуын аяқтаса, ал ол білімнің
тәжірибе жүзінде нендей міндеттерді шешуге қатысы бар екенін білмесе, өз
басына да пайдасы тимес еді.Сондықтан бақылаудан тек абстрактік ойға көшу
емес, абстрактік ойдан практикаға көшу, білімді тәжірибеде пайдаланудың
маңызы зор.
Білімді тәжірибе жүзінде пайдалану үшін оқушылар оқу мазмұнын
жан–жақты және терең ұғынбаса, онда ол білімін тәжірибе жүзінде пайдалана
алмауы мүмкін. Бірақ білімді тәжірибе жүзінде пайдалану үшін біліктіліктің
маңызы зор. Біліктілік дегеніміздің өзі білімді тәжірибе үстінде
қолданудағы әртүрлі шеберлік.Білімді тәжірибеде пайдалана білу дегенді,
негізінде екі түрлі мағынада түсінуге болады. Оның біріншісі оқушының бір
немесе бірнеше сабақтарда алған білімін келесі сабақтардағы тапсырмаларды
шешуге қолдана алуы. Ал, екіншісі оқушының сол білімдерін әр түрлі еңбек
тәжірибелерінде пайдалана алуы.Оқу тапсырмаларын орындауда жиі кездесетін
тағы бір кедергі – бұрыннан қалыптасқан білім мағлұматтарын еске түсіре
алмаушылық. Мысалы, есеп шығарудағы сәтсіздіктің көбі оқушылардың
ережелерді есіне түсіріп, сол есептерді шығаруға қолдана алмағандығынан
болып отыр. Бірақ,білімді оқу тапсырмасын орындауға әкеліп қолдана
алмаушылықтың себебі оқу материалын сабақта белгілі бір пішілген бағытпен
жүргізіп,оны өмірмен байланыстырмағандықтан да кездеседі. Оқушылардың білім
ережелерін ауызша айтып беріп, бірақ оны оқу тапсырмаларын орындауда
қолдана алмаушылығымен күресі үшін ой ептілігі деп аталатын қасиетті
дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Ой ептілігі деп оқушының әр түрлі
тапсырмаларды орындауда өзінің бұл жөнінде білетінін тез еске түсіріп,
білімін тиісті жерде қолдана алуын айтады. Бұған оқу міндеттерін
орындаудағы зеректік пен тапқырлық жатады.
II.ТАРАУ.
Бірінші сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың
тәжірибесі.
2.1. Бірінші сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың
ерекшеліктері.
Математиканы оқытудағы негізігі білім беру міндеттері жеткілікті
жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың білімін
қалыптастыру және оларды белгілі бір дағдылар мен біліктерге үйрету болып
табылатыны белгілі. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін , оқыту
әдістемесінде математикалық материалды оқып үйрену белгілі бір басқышпен
жүргізілуі, көзделуі тиіс.
Бірінші сыныптағы математикалық білімнің мазмұны Қарапайым
түсініктер, Он көлеміндегі сандар, Кестелік қосу мен азайту, Толық
ондықтар , Біз нені үйрендік? тақырыптары бойынша топтатырылған
материалдар құрайды. Мұнда: сандардың арифметикасы (сандардың аталуы мен
жазылуы, салыстыру,қосу және азайту т.б. шама) жайында түсініктер, алгебра
мен гометрияның өте қарапайым элеметтері қарастырылады. Қарапайым
түсініктер тақырыбының мазмұны: заттарды санау,заттардың топтарын
біріктіру және бөліп алу сияқты практикалық іс -әрекет орындау,
кеңістік және уақыт туралы түсініктер, қарапайым геометриялық фигуралар
жайындағы түсініктер, фигураны бөліктерге бөлу мен оны бөліктерден
құрастыру сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау т.б. бір-біріне
байланысты материалдардан тұрады.
1. Әртүрлі заттарда санауды үйрену және соларға жаттығу. Соның
нәтижесінде Қанша? (Неше? Нешеу?) деген сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар
кез-келген ретте заттарды санауды меңгереді. Ал нешінші? ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz