Мемлекет ұғымы, түрлері туралы



ЖОСПАР

1. Мемлекет
2. Мемлекеттің белгілері
3. Мемлекет түрлері
4. Қызметтері
5. Азаматтық қоғам
6. Пайдаланған әдебиеттер
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полицияжатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.
Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 3. Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси
билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға
ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге
асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің
орталық институты. 

Мемлекеттің белгілері
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады,
оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полицияжатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан,
ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет
істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың
көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Мемлекет түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір
орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол
берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік
биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.
Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан  т.б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси
тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа
бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері
арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр
субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары
болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзи я, т.б. жатады.

Қызметтері
Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік)
мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу,
адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы
басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы
бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де,
сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған
орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше
органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:
1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық
тұрғыда біріктіреді;
2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа
мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында
ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;
3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;
4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен
шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін
мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану
үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;
5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын
арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді
және жинайды;
6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны
қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру
үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.
7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп,
оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар
жасалынады.
Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады.
Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл
иеленушілік, феодалдық, буржуазиялы қ, социалдық деп бөлу олқылықтарына
қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс
зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс,
православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға
қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер
аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған
мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи
орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы
мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі
ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Азаматтық қоғам
Көпшілікке мәлім, еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – азаматтық
қоғам құру. Бұл біз үшін мазмұны өте күрделі және бәріміз үшін ұлы тарихи
мәні бар жаңа ұғым. Азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында
ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында да күшейіп отыр. Саясаттану
сөздіктерінде азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі емес. Бірақ ғалымдар
арасында қалыптасқан анықтама мынаған әкеп саяды. Азаматтық қоғам дегеніміз
мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір сүретін қоғамдық өмірдің
айрықша саласы, ол әртүрлі әлуметтік топтардан, бірлестіктерден, мәдени,
ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан құралады. Бүгінгі күні
азаматтық қоғам түсінігіне отбасы, мемлекеттің құрылымдарының арасын
толтыратын қоғамдық топтар мен ұйымдар кіреді. Бір сөзбен айтқанда,
азаматтық қоғам дегеніміз – азаматтардың мемлекет бақыламайтын және оған
есеп бермейтін өмір саласы.
Азаматтық қоғамның дамуы қоғамның барлық мүшелерінің тепе – теңдігінің
әмбебаптық қағидаттарына құрылған.Азаматтық қоғам өз азаматтарының
құқықтарын таниды және қамтамасыз ете алады.
Азаматтық қоғам жеке адам мен мемлекеттің мүмкіндіктерді тең болып,
заңмен айқындалған жағдайларда азаматтар заң алдында мемлекетке теңдесуі
мүмкін кезеңде өмір сүреді.
Бүгінгі қолданыста азаматтық қоғамның мынадай анықтамасы кеңінен
кездесіп жүр.Ол: азаматтық қоғам адамдардың өз еркімен құрылған
ассоциациясымен ұйымдарының саласы, олар белгілі заңдар арқылы мемлекеттік
билік органдарының тарапынан араласуды, қол сұғуды мойындамайтын,
мемлекетке тәуелсіз институттардың жиынтығы.
Азаматтық қоғам мемлекет әлеуметтік құрылымдардан бөлініп, қоғамдық өмірдің
салыстырмалы түрде дербес саласы ретінде оқшауланған кезде пайда
болады.Азаматтық қоғамның қалыптасуы жаңа заманнан басталып, бірнеше
ғасырға созылды.Бұл үрдіс әлі бір мемлекетте толық аяқталған жоқ.Азаматтық
қоғам белгілі бір жағдайларда ғана пайда болады.Азаматтық қоғамды құру үшін
мемлекеттің өзі құқықтық болуға тиісті.Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамға
қарсы тұрмайды, керісінше оның әрекет етуі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар
туғызады.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- Құралдар өндірісі иелерінің болуы;
- Заң үстемдігін жариялау және сақтау;
- Нақты қызмет істейтін және тиімді үкіметтік емес ұйымдардың өмір
сүруі;
- Әр түрлі адамдар мен әр түрлі көзқарастағы тұрғындардың шыдамды
болуы.Бұл қоғамдағы плюрализм деп аталады;
- Бірде – бір топтың заңсыз үстемдікке жетуін болдырмау.Егер
мемлекеттің қоғамында осы аталған топтардың барлығы табылса ғана
мықты азаматтық қоғам құруға болады.
Азаматтық қоғам адамдардың белсенділігін арттырады.Саяси ғана емес,
әлеуметтік, рухани, адами қабілеттері мен мүмкіндіктерін толық іске қосуға
кеңінен жағдай жасайды.
Сонымен азаматтық қоғамның қағидаттары мен қалыптасуы және өмірлік іс
- әрекеті мыналар болып табылады:
1. Экономикалық еркіндік, меншіктің көпнысандылығы, нарықтық
қатынастар.
2. Адам мен азаматтың табиғи құқықтарын сөзсіз тану және қорғау.
3. Биліктің заңдылығы және демократиялық сипаты.
4. Заң мен сот төрелігі алдында жұрттың барлығының теңдігі.
5. Билік тармақтарының бөлінуі және олардың өзара іс-әрекеті
қағидаттарына құрылған құқықтық мемлекет.
6. Саяи және идеологиялық көптүрлілік, жариялы оппозицияның
болуы.
7. Сөз бен баспасөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының
тәуелсіздігі.
8. Мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың
өзара міндеттері мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мемлекеттік қаржы қызмет
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Саясат тарихы туралы ақпарат
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Мемлекет ұғымы пәнінен дәрістер
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Пәндер