Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептін мәні


Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп стандарттарына тұжырымдамалық негізіне сәйкес активтер жатады, бұлар - мүлік. субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активке айналған болашақ экономикалық пайда -субъектінің ақшалай қаражат түсіміне тікелей немесе жанама, болуы ықтимал салым.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:
- ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен қосылып немесе жеке қолданылса;
- басқа активтерге айырбасталса;
-міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;
-ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.
«Қаржылық есеп беруді ұсыну» 30 бухгалтерлік есеп стандарттарында активтер былайша жіктеледі:
1. ¥зак мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:
- материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен қамтамасыз ету, патенттер, гудвилл, басқа да материалдық емес активтер) ;
- негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік кұралдары, басқа да негізі құралдар) ;
- ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілестерге, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар) ;
- ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек (алуға арналған шоттар, алынған вексельдер, негізгі серіктестіктер мен оның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек, акционерлік қоғам лауазымды тұлғаларының дебиторлық берешегі, басқадай дебиторлық берешек) ;
- алдағы кезең шығындары.
2. Қысқа мерзімдік (ағымдағы) . Оларды қолдану мерзімі - бір жылдан кем. Бұлар: қайта өндеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлық-материалдық қорлар;
- жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдер шығыны;
- ақшалай қаражат;
- егер ол баланстық құннан басқа болса, ағымдағы құнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;
- есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналған шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінді пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдарының дебиторлык берешегі; басқа да дебиторлық берешек) .
1. . Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептін мәні мен рөлі.
Ақшалай қаражатты басқару қаржы рыногындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етеді. Сондықтан ақшалай каражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында акшалай каражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы - олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын. Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса - бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрлентен пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған кұндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады. Шартта қарастырылған тараптардың міндеттері мен жауапкершіліктері әкімшілік өкілі мен кассирдің қолымен бекітіледі. Кассир болмаған кезеңде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.
2. Кассадағы нақты ақшаның есебі.
2. 1 Кассадағы нақты ақшаның қозғалысын құжатпен рәсімдеу.
Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т. б. ) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен (ККО) (ф. № КО-1) ( сызба) ресімдейді.
Ұйым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін қолмен өңдегенде де, ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалык ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға жэне кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі жэне ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар (2. сызба) шығыстық кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа кркаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) жэне фискальды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі.
¥йым кассасына қолма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін (ЖКО) қол-мен өңдеуде де ақпаратты компьютерде өндегенде де қолданылады. Бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, ШКО және оларды ауыстыратъш құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл мен жасыл түстен басқасын) анық, түсінікті толтырылуға тиісті, не болмаса машинкада басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО ? ШКО-лерінде оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО, ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құралдарды тіркеу журналында (№ КО-3 ф. ) (5. 3 сызба) тіркеледі.
Валюталық каражатты жұмсау бойынша операциялар
Бағамдық айырма:
А) жағымдық
Б) жағымсыз
452
844
725
452
Кассадағы ақшаның кірісі мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептердің корреспонденттелетін шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде №1 журнал-ордерге (шығыс) және №1 тізімдемеге (кіріс) жазылады.
2. 3 Кассадағы нақты ақшалардың синтетикалық және аналитикалық есебі.
Бухгалтерлік счеттар көмегімен шаруашылық процесстер және шаруашылық корлары жөнінде мәліметер адамамыз. Одар негізінен жалпы шаруашылық қорларының көрсеткішін береді. Мысалы, барлық материалдардың кұндық сомасы, шаруашылықтың жүмысшылар алдындағы еңбек ақы бойныша қарыздар сомасы т. б., .
Мұндай жалпы көрсеткіштермен басқару жүйесімде шектелуге болмайды. Сондыктан бақылау-тексеру жұмыстарын' толық маңызында жүргізу үшін бухгалтерлік есептің жекеленген объектілері бойынша толык мәліметер алу керек. Мысалы, қоймаға түскен материалдардың жалпы сомасы ғана емсес, ол материалдардың сортына, жеке түрлері туралы мәліметер болуы шарт. Мәліметтерде ақша, еңбек, заттай өлшемдерде болуы керек. Бухгалтерлік есеп обьектілерінің көрсеткіштерін жеке талдап көрсегу үшін бухгалтерлік есепте синтетикалмк жинақтау және аналитикалық жікеу счеттары қолданылады.
Синтетиқалық. - жинақтау счеттары шаруашылық операциялары мен шаруашылық корлары туралы жалпы корытынды көрсеткіштерін береді. Ол тек ақшалай өлшемде көретіледі.
Аналитикалық - жіктеу счеттары бухгалгерлік есепі обьектілерін егжей-теіжейлі жіктеп-талдап керсетеді.
Кейбір сиитетикалык. счеттар бойынша бір текті аналитикалық счеттар бөлек топтастырылады. Синтетикалық счет шегіңде құрылған бір текті аналигикалық счеттар топтары субсчеттар /аралық счеттар/ деп аталынады. Оларды бардық кәсіпорындар үшін бірыңғай, синтетикалық счеттар көрсеткіштерін толықтыратын корытындыланған көрсеткіштер алу үшін енгізеді. Мысалы, "Материалдар" счетына мынадай субсчеттар ашылады: "Шикізат пен материалдар", "Отындар", "Құрылыс материалдары", "Басқа да материалдар" және басқалар.
Ситетикалық счеттардын. екі түрі: жай жөне күрделі түрлері болуы мүмкін
2. 2 Касадық кітапты жүргізу тәртібі мен касса бойынша есеп беру.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО-лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
- құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
- құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын (№КО-4 ф. ) (4-сызбасы) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (прошнуровано) тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен (печать) мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО, ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Егер кәсіпорында күніне көп емес кассалық операциялар атқарылса, онда кассалық есептер 3-5 күнде 1 рет жасалады. Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дүрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының ШКО-нда қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына шығьшдық кассалық ордер жазылады. Егер қолма-қол ақша сомасы кірістік кассалық ордермен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кірістік кассалық ордер көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.
Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 451 «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша», 452 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 45 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі.
451, 452 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер (кассалық кітаптьщ екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып табылады.
Дебет бойынша 451, 452 шоттарда кассаға түскен қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі:
451 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы жазылады:
121-126
101-106
Субъектілер заңдар рұқсат еткен жағдайларда шетелдік валютамен кассалық операциялар жасауға рұқсат беріледі. Шетелдік қолма-қол валюта есебі «Шетелдік валюта операциялары есебі» 9 БЕС-ға сәйкес 452 шотта өтеді. Валютаның әр түрі бойынша атқарылған операциялар шетелдік валютамен көрсетілетін жеке кассалық кітап жүргізу қажеттігін қаперде ұстаған жөн. Шетелдік валютаға қатысты бағамдық айырмалар теңге бағамы төмендеуге байланысты (Д 452 К 725 ) теңге бағамы өскен (Д 844 К 452 ) жағдайда көрсетіледі.
Шетелдік валютамен операциялар жөніндегі бухесептегі жазбалар операция атқарылған күнгі ҚР ұлттық банкінің бағамы бойынша саналған ҚР валютасымен бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі тиіс.
Валюталық қаражат түсуі бойынша операциялар
. Жайі счеттар аналикалық есепті жүргізуді кажет етпейді мысалы; "Негізі кұралдын юзуы", "Касса", Есеп айырысу счеты", "Валюалық. счеттар" Күрделі счеттар субсчеттар /аралық счеттар/ және аналитикалық. счеттарға бөлінеді.
Синтетикалық, счеттар мен аналитикалық счеттардың арасында өзара байланыс бар: Аналитикалык счеттардағы айдың басындағы және арасындағы қалдықтардың' сомасы синтетикалық счет бойынша айдың басындағы және арасындағы калдыққа сай келуге тиіс; Аналитикалық. счеттардың дебет мен қредиті бойынша бір айдағы айналымдар сомасы синтетикалық счетын. дебеті мен кредиті бойынша айналымдарына сай келуге тиіс: аналитикалық есептің счетына жазылған әрбір шаруашылык операциясы тиісті синтетикалық счетқа / жеке қорытыланған түрде / жазылуға тиіс.
Аналитикалық есеп негізінде кәсіпорындардын кызметіне басшылық жасау үшін қажеті деректер алынады: өнім өндіру және оны сату жөніндегі жоспарлардың орындалуын бақылайды; құрал жабдықтармен материалдардын жекелеген түрлері мен топтары материалдық жауапкершілік жүктелген адамдарга бекітіліп беріледі: өндіріс айналыс шығындарын бақылайды; өндірістік-шаруашылық қажетке пайдаланылмаған ресурстарды іздеп тауып, іске қосуға, материалдык, еңбек және ақша ресурстарын аныктауға және оларды ұтымсыз пайдаланудан сақтандыруға бағытталған талдау жасайды. Аналитикалық есептің дұрыстығын артыру үшін оның деректері дүркін-дүркін интенгаризацияланың /түгелденіп/ отырылады.
Синтетикалық счеттардың баламамен және аналитикалық счеттардың синтетикалық счеттармен өзара байланысын мысал негізінде қарастыралық.
ДЕПОНЫҢ 1994жылғы 1-мамырдағы балансы
АКТИВ ПАССИВ
Мамыр айында синтетикалык есеп счеттарына мынадай шаруашылык операциялары жазылған, (тенге есебімен)
1. Алынған материалдар үшін есеп айырысу счеттынан
жабдықтаушыларға карыз төленді:жабдықтау базасына 12000
ағаш өндеу комбинатына 1
сыр-бояу заводына 2200
. . .
Қорытындысы 24200
- Есеп айыры сусчетынабанкінің қысқа мерзімді несиесі алынды 7
- Қоймадан өндіріске материалдар босатылды:
1 кг 20 тиыннан 5 кг табак темір 1 1 кг 1 тенге 3000 кг майлы бояу 3000
1 мЗ 120 тенге 300 мЗ кесілген тактай 36000
. . .
Қорытындысы 49000
4. Қоймаға түскен құрылыс материалдары үшін жабдықтаушылардың счеттары акцеіітслді (төлеуге. қабылданды)
жабдыктау базасынын1 кг 20"тиыннап 7 кг
мөлшеріндегі табак темір үшін 14000
ағаці өндейтін комбинаттын. ІмЗ 1. 20тсш. е 200 мЗмөлшеріидегі кесінді агаш үшін 24000
сыр-бояу заводының 1 кг 1 тенге 6000 кгмөлшеріндсп майлы бояу үніін 6000
. . .
Қ о р ы т ы н д ы с ы 44000
5. Алынған материалдар үшін есеп айырысу счетынан жабдымаушыларға қарыз төленілді:
жабдықтау базасына 21300
ағаш өндеу комбинатына 23400
сыр-бояу заврдына 600
Қоры тындысы 50700
- Пайданың бір бөлігі айналым қаржысының кемістігін толтыру үшін жарғылық қорға қосылды 19000
- Өндіріске кұрылыс материалдары босатылды:
1 кг 20 тиыннан Зкг табақ темір 6000
1 кг 1 тенге 2000кг майлы бояу 2000
I мЗ 120 тенге 220 мЗ кесінді ағаш 26400
. . .
. . .
Қ о р ы т ы н д ы с ы 34400
8. Есеп айырысу счетынан банкке қысқа мерзімді несие қайтарылды 3
Бір айдағы айналым соманы 32) 300
Синтетикалық счеттарға жасалған щаруашылық операцииларын жазғаннан кейін бір айдағы айналымдар есептелінеді және айдың аяғындағы қалдықтар шығарылады. Синтетикалық есептің счеттары бойынша 1 маусымдағы балансты жасау үшін счеттар бойынша айналымдардың сомасы осы счеттар бойынша айналымдардың көрсетілген қорытындысына сай келетін-келмейтініне (381000 сом) және активпен пассив счеттары бойынша қалдықтардың бір-біріне тең келетін келмейтініне көз жеткізу керек. Бұл үшін счеттар бойынша қорытынды жазбалардың негізінде синтетикалық счеттар бойынша айналым ведомствасын жасайды төмендегі кестені қараңыз.
1. Депоның 2005 жылғы маусымдағы синтетикалық есебінің счеттары бойынша айналым ведомосы
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" счетының аналитикалык счеттары бойынша 1991 жылғы мамырдағы айналым ведомосы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz