Рим құқығы және мораль


Рим құқығы және мораль
Рим құқығының мәні оның заңды мазмұнымен ғана шектелмейді. Оның адамгершілік аспектісінің өзі дербес мәнге ие. Рим құқығы адамзат тарихында ерекше орынды иеленген. И. А. Покровский жазғандай, ол өзін ойлап тапқан халықты артқа тастап, біздің күнімізге жетті және әлемді екі реет жаулап алды.
Алайда, империяның дамуымен ескі патриархалды құрылым жоғала бастады, қарапайым табиғи шаруашылықтың орнына күрделі экономикалық қатынастар келді. Жаңа өмір әрбір жеке тұлғаның өз күші мен қабілеттерін барынша пайдалануды талап етті. Рим құқығы да өз сипатын өзгертіп, бейімделе бастады. Маңызды адамгершілік ерекшеліктерінің бірі оның жеке тұлғалық бағыттылығы болса, ал негізін құраған тіректер - тұлға бостандығы, меншік бостандығы және шарттар мен өсиеттердің бостандығы болды.
Рим құқығының екінші ерекшелігі болып оның әмбебаптығы табылды. Ол Рим құқығының халықаралық сауда қатынастарына барынша ден қоюымен байланысты болды. Әрқашан оның аумағында түрлі ұлт саудагерлері қатынасқан көптеген icкерлік қатынастар қалыптасатын; римдік магистраттар осы қатынастардан туындайтын дауларды шешуге, осы дауларды шешу үшін нормалар шығаруға міндетті болатын. Бұл жерде ескі рим құқығы аталған мақсат-талаптарға жауап бере алмады, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерден тәуелсіз. римдікті де, гректі де, египттікті де, ғаллды да қанағаттандыратындай жаңа құқықтын қажеттігі туды. Халықаралық қатынастарда пайда болатын халықаралық айналымның әдет-ғұрыптарын өзіне сіңіре білген, жан-жакты, бүкіл әлемдік құқық қажет болды.
Тағы да И. А. Покровскийдің сөзіне жүгініп өтелік: "Шын мәнінде бұл құқықты жасаушы бүкіл әлем еді. Ал Рим болса халықаралық айналымның әр жерде шашыраған әдет-ғұрыптарын қайта өңдеуден өткізіп, оны біртұтас жүйеге айналдырған лаборант ролін атқарды. Әмбебаптық және жеке тұлғалық - бұл біртұтастықтың негізгі бастамалары.
Рим құқығының қалыптасып бітуі атақты заңдар жинағы-император Юстинианның Corpus Juris Civilis-імен тұспа-тұс келеді. Жаңа халықтардың табиғи экономикалық дамуы оларды халықаралық сауда қатынастарына алып келеді. Экономикалық даму қайтадан тұлғаны кез-келген феодалдық, қауымдық және патриархалдық құрсаулардан босатуды, жеке тұлғаға қызмет бостандығын, өзін-өзі анықтау бостандығын беруді талап етеді. Рим құқығы қайтадан зерттеушілік пен танысу пәніне айналады. Ол жергілікті және ұлттық заңнамаға ауысады, яғни, рим құқығының рецепциясы деп аталатын үдеріс жүзеге асады. Мысалы, Германияда 1900 жылға дейін Юстиниан Заңдарының формальдық әсері сақталып келді, ал олардың материалдық әсері қазіргі кезгі кодекстердің баптары мен параграфтарында әлі де сақталған. Бекерден-бекер ол жазбаша сана, ratio scripta, мен аталмаған ғой.
Ең таңқаларлығы, рим құқығын демократиялык типтегі мемлекеттер мен саяси режимдермен қатар авторитарлық немесе тоталитарлық) типтегі мемлекеттер де өз құқық жүйелеріне сіңіре білген. Бұл жерде басты айырмашылық - алғашқылары ашық және жариялылы түрде жүзеге асырса, кейінгілері жариясыздықты негізге алған. Мұндай қарама-қайшы жағдайлардағы рим құқығының маңыздылығын қалай түсіндіруге болады? Басқаша айтқанда, алдымен құқықтың көмегімен адамның әлемі үйлестікке ие болады, оған белгілі бір тәртіптер енгізіледі. Алайда, пайда бола салысымен бұл тәртіп өз шегінен асып, қарама-қайшылыққа айналады. Себебі, рим құқығы өмірдің өзгеруімен, оның экономикалық және идеологиялық көріністерінің өзгеруімен қатар дамиды.
Республика кезеңінің алдындағы патшалар заманында рим құқығы мемлекеттік құрылымның негізгі элементтерін анықтады, олар: патша, сенат, халық жиналысы. Патша мемлекетін жоғарғы басшысы болып табылады, оның қолында мемлекеттік биліктің барлық функциялары жинақталған. Ол - халықтың бaс қолбасшысы да, ішкі тәртіпті сақтаушы да, құдайлардың алдындағы халық өкілі де. Қолбасшы ретінде ол әскери күштерді басқарады, командирлерді тағайындайды. Ішкі тәртіпті сақтаушы ретінде ол сот және қылмыс жасаған адамдарды жазалау құқығын, тіпті, өмір мен өлім құқығын да иеленеді. Жоғарғы абыз ретінде ол жалпыхалықтық рәсімдердің жүзеге асыру тәрітбін анықтайды.
Әртүрлі куриялардан құралған халық жиналысы жаңа заңдарды, азаматтық, жеке құқықтық өмір, ішкі және сыртқы саясат (мысалы, соғыс жариялау, бейбіт келісімге келу және т. б. ) мәселелерін талқылады. Бұл құрылым қазіргі кезден құрылымды еске түсіреді. Әртүрлі режимдерде аталған үш элементтің тек мәні, жариялығының немесе жариясыздығының дәрежесі ғана өзгереді.
Бұл жерде тағы да бір қызық мәселе туындайды. Биліктің жариялығы немесе жариясыздығы мәселесі саясаттанушылар мен философтарды бұрыннан бері ойландыруда. Мысалға, : К. Поппердің "Ашық қоғам және оның жаулары" атты еңбегін алайық. Мұнда жариясыздықты (жабық қоғамды) автор мемлекеттегі ішкі тоталитарлық ұлтшылдықтың болуымен, тайпалық психологияның оянуымен, ұжымдық жауапкершіліктің моральдық қағидаларының кең таралуымен, басқа ұлттар мен барлық басқаша ойлаушыларға деген жаулық қарым-қатынаспен байланыстырады.
Республика кезеңіндегі рим құқығы тарихының да саяси өмірдің талабы - адамгершілік нормалардың пайда болу көзқарасы тұрғысынан маңызы зор болды. Рим аумағының кеңеюі мемлекеттік құрылымды ұйымдастыруда әртүрлі аумақтардың ерекшеліктерін ескеру қажеттігін тудырды. Олардың тұрғындары әртүрлі азаматтық мәртебеге ие болды және осының нәтижесінде екіге бөлінді:
1. Барлық құқықтарды иеленген толық құқылы азаматтар. Бұлар ерекше санатқа жатқызылды.
2. Азаматтық қатынастар саласында толық құқық қабілеттікті иеленген, алайда, саяси құқықтарды иеленбеген азаматтар. Олар мекендеген аумақтардың ішкі автономиясы шектеледі, ал оларды басқару үшін Римнен ерекше префекттер жіберіледі.
Риммен күресте айқын жеңіліске жеткен қауымдастықтар өздерінің ішкі дербестігінен, ішкі басқарудан айырылды, енді оларды Римнен жіберілген өкілдер басқаратын болды. Ал Римге өз еркімен берілу әлсіз болса да, белгілі бір шарттың элементін білдірді. Мұндай өз еркімен көну болмаған жерлерде оккупация, яғни, жаулап басып алушылық жүзеге асырылатын ал сол жерлердің тұрғындары әскери тұтқындар ретінде құлдарға айналатын. Осы кезеңде (б. э. дейінгі 45 ж. ) қалалық құрылымның әлеуметтік заңдары жасалып, Римнің билігіндегі, алайда Италия аумағынан тыс жерлерге - провинцияларға қатысты ерекше заңды қатынас анықталады. Сонымен, төмендегідей қорытындыға келуге болады: тұрғындардың табиғи факторлардан (аумақтық, географиялық және т. б. ) туындаған теңсіздігі құқықта бекітілген болатын.
Ежелгі Рим тарихын үш кезеңге бөлуге болады: патшалық кезең (б. э. дейінгі 754-510 ж. ж. ) ; республикалық кезең (б. э. дейінгі 509-28 ж. ж. ) ; императорлық кезең (б. э. дейінгі 27 ж. - g э 476 ж. ) . Содан кейін империяның құлдырап, құлауы және оның екіге бөлінуі орын алды: Батыс империя (астанасы - Рим) және Шығыс империя (астанасы - Константинополь) .
Республикалық Римдегі мемлекеттік билік элементтері болып халық жиналысы, сенат пен магистратура табылды.
Халық жиналыстарында халық үстемдігінін идеясы айқын көрініс тапты. Жиналыс белгілі бір тәртіппен ұйымдастырылады, оның бірнеше түрлері болады. Жиналысқа заң жобалары ұсынылады, ал дауыс беру ашық және жабық (жазбаша) нысандарда жүзеге асырылады. Магистратуралар - жергілікті жерлердегі билік. Магистраттар - мемлекеттік "ұлылықтын" өкілдері. Магистарттың лауазымы - қызмет емес, атақ, даңқ, бұл билік сайланбалы және ақысыз сипатқа ие. Алайда, оның өзіндік шектеулері де болған: магистраттар бір жылға ғана сайланатын алқалық қағида орын алған, лауазымдық әрекеттер үшін сот алдында жауапкершілікке тартылу мүмкіндігі (жауапкершілік қағидасы) .
Бұл құрылымның өзіндік кемшіліктері де болған. Қазіргі күндегідей, өз кандидатурасын белгілі бір лауазымға ұсынғысы келген тұлға міндетті түрде үгіттеу жұмыстарын жүргізетін. Ал бұл кезде сатып алушылықтар орын алатыны белгілі. Бұған дәлел ретінде сол кездің өзінде заңға қайшы жүргізілген үгіттеулермсн күреске бағытталған заңдардың болғандығын айтып өтуге болады. Цензура қоғам өмірінде әртүрлі рольді иеленді. Республиканың гүлдену кезеңінде ол саяси өмірге өзінің әсерін тигізіп отырды.
Плебейлерді магистратуралардың заңсыз әрекеттерінен қорғау мақсатында халық трибундары, яғни, белгілі бір дәрежедегі бақылаушылар магистратураларға қарсы магистратура құрылды. Олар біртіндеп әлеуметтік жағдайы төмен халық тобын қорғау мақсатында бекітілген жалпы нормаларға наразылық білдіру құқығын иеленді.
Аталған кезеңнің құқықтық дамуының қорытындысы болып екі қайнар көзге сүйенген құқық жүйесі табылды. Ол қайнар көздер:
- цивильдік құқық (азаматтық заңнама нормаларының жүйесі) ;
- адам құқықтары: бұл нормалар түрлі мемлекет және уәкілдері қатынасқан халықаралық сауда айналымының жалпы әдетінен алынды. Өз мазмұны бойынша бұл құқық жалпы халықтық сипатқа ие, ол бостандықтардың көптігімен және икемділігімен ерекшеленді.
Оның көптеген ережелері Римдік арнайы нормаларды ысырып, әдет-ғұрып немесе заң жолымен преторлық эдикттен азаматтар арасындағы айналымға өтті. Бұл ережелердін оң мәні - Рим заңгерлерін барлығымен бірдей мойындалған ережелерден құралған (мысалы, туыстық, ата-ананы сыйлау және т. б. ) барлық халық үшін жалпы құқықтың бар екендігін түсінуге итермелеуінде. Мұндай жалпылықтың есбебін түсінуге тырысқан олар мұның мәні адамның табиғатында (немесе, тіпті, барлық жануарлар табиғаты) деп пайымдады. Бұл көзқарастың нәтижесінде табиғатпен байланысты құқықты табиғи құқық немесе jus naturale деп атай бастады. И. А. Покровскийдің ойынша, "адам кұқығы" мен "табиғи құқық" түсініктерінің пайда болуы заң ойларының әлдеқайда кең сала - құқық философиясына алғашқы қадам басқаны туралы дәлелдейді деп түсінді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz