Тарихи деректер
1 1932 жыл Ашаршылық
2 Ыбырай Алтынсарин
3 Генерал Колпаковский кім?
4 Күлік шайқасы
5 Еуропаның ғалымы Чарльз Дарвиннің адам жаратылысы туралы теориясы
6 Еуропаның ғалымы Чарльз Дарвиннің адам жаратылысы туралы теориясы
7 Қазақ хандығының өрлеуі
8 Бабыр
9 Моғолстанның құрылуы
10 Шыңғысхан. 1. серия
11 Шыңғысхан. 2.серия
12 Шыңғысхан. 3.бөлім
13 Қазақ хандығы
14 Оғыздар
15 Түргеш Қағанаты
16 Түрік қағанаты
17 Көкбөрілер
18 ҒҰНДАРДЫҢ БАТЫСҚА ЖОРЫҒЫ
19 Үйсіндер
20 Ғұн мемлекеті
21 Алтын адамның сүйегі қайда?

1932 жыл. Ел өмірін жалмаған ашаршылықтың нағыз азабы басталған жыл. Аштық пен жоқшылықтан есеңгіреген қазақтың тоз-тозы шығып, өмірден өтіп жатты. Аштық деген тажалдан құтылудың амалы да таусылған. Өріс түгілі қорада тұяқ қалмады. Талғажау етер ас іздеп босып жүрген жұрт. Жол бойында өзегі талып жан тәсілім еткендер қараңдайды.
Бұл қазақ халқының басына түскен нәубеттің бір көрінісі ғана. Қазақ тарихында зұлымдығымен аты қалған Филипп Голощекин билікке келгеннен кейін өзінің « кіші октябрін» жүзеге асыра бастайды. 1929 жылы басталған кәмпескенің арты жан түршігерлік ашаршылыққа ұласты.
Күшпен ұжымдастыру қазақ халқының көшпелі әдет-ғұрпын бұзды. Ортаға жи¬нал¬ған мал иесіз қалып, қырылды. Нағыз азап осы кезде басталды. 1930 жылдың маусымынан 1933 жылдың маусымына дейінгі аралықта жалпы саны 3 миллион 379 500 адам ашаршылық құрбаны болды. Мұның 1 миллионнан астамы босқын есебінде көршілес елдерге кетті. Үш жыл ішіндегі нақты құрбандардың саны 2 миллион 200 мың. Халықтың 49 пайызы.
Отызыншы жылдардағы кәмпескені жұртты ажалға айдаған нағыз зұлымдық деп бағалау керек. Малы бар жұртты көрсе қорқаудай шабатын кеңес үкіметінің белсенділері қазақтың үйіндегі соңғы асына да қол салды. Шолақ белсенділер біреудің үйінен бір тостаған бидай тапса оны халық жауы ретінде сауатсыз үкіммен оп-оңай 10-15 жылға айдап жіберген. Ал, осы кезде совет өкіметі елдің аузынан жырып алынған астық, ет, сүтті шет елге сатып отырған.

1932 жыл. Ел өмірін жалмаған ашаршылықтың нағыз азабы басталған жыл. Аштық
пен жоқшылықтан есеңгіреген қазақтың тоз-тозы шығып, өмірден өтіп жатты.
Аштық деген тажалдан құтылудың амалы да таусылған. Өріс түгілі қорада тұяқ
қалмады. Талғажау етер ас іздеп босып жүрген жұрт. Жол бойында өзегі талып
жан тәсілім еткендер қараңдайды.
Бұл қазақ халқының басына түскен нәубеттің бір көрінісі ғана. Қазақ
тарихында зұлымдығымен аты қалған Филипп Голощекин билікке келгеннен кейін
өзінің кіші октябрін жүзеге асыра бастайды. 1929 жылы басталған
кәмпескенің арты жан түршігерлік ашаршылыққа ұласты.
Күшпен ұжымдастыру қазақ халқының көшпелі әдет-ғұрпын бұзды. Ортаға
жи¬нал¬ған мал иесіз қалып, қырылды. Нағыз азап осы кезде басталды. 1930
жылдың маусымынан 1933 жылдың маусымына дейінгі аралықта жалпы саны 3
миллион 379 500 адам ашаршылық құрбаны болды. Мұның 1 миллионнан астамы
босқын есебінде көршілес елдерге кетті. Үш жыл ішіндегі нақты құрбандардың
саны 2 миллион 200 мың. Халықтың 49 пайызы.
Отызыншы жылдардағы кәмпескені жұртты ажалға айдаған нағыз зұлымдық деп
бағалау керек. Малы бар жұртты көрсе қорқаудай шабатын кеңес үкіметінің
белсенділері қазақтың үйіндегі соңғы асына да қол салды. Шолақ белсенділер
біреудің үйінен бір тостаған бидай тапса оны халық жауы ретінде сауатсыз
үкіммен оп-оңай 10-15 жылға айдап жіберген. Ал, осы кезде совет өкіметі
елдің аузынан жырып алынған астық, ет, сүтті шет елге сатып отырған.
1928 жылы 1млн. пұт 1929 жылы 13миллион , 1930 жылы 48,3 мил пұт, 1931 жылы
қазақтар қырылып жатқанда 51,8 млн пұт астық шетке сатылған. Ашаршылықтың
кең етек жайған кезеңі 1932 жылы 18 млн пұт астық сыртқа жөнелтілген. Бұл
деректер Знамия журналының 89 санында 176 бетінде жарияланған.
Небәрі үш жыл. 2 миллион 200 мың бауырымыздан айрылдық. Бұл құжаттағы
цифрлар ғана. Ал, шындығында қанша қаракөздің өмірі қиылғаны бір Аллаға
ғана аян. Миллион деген санның қанша нөлмен жазылатынын бәріміз жақсы
білеміз. Ал, оны адам өмірімен байланыстырып көрейікші. Қабырғаң қайысады.
Миллиондаған тағдыр, миллиондаған өмір. Бөтендікі емес, қазақ өмірі. Біле
білсек қазақты қынадай қырған тек отызыншы жылдардағы ашаршылық емес.
Тарихи дерек бойынша қазақ 1916 жылы 6 миллионға жеткен екен. 1918-22
жылдардағы ашаршылық 1 миллион 700 мыңға тарта кісінің өмірін жалмады. Оған
1932-33 жылдардағы ашаршылықты қосыңыз. Барлығы төрт миллион қазақ.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Ыбырай Алтынсарин
Бір аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Ыбырай Алтынсариннің Кел, балалар оқылық өлеңі негізінде осылай Аллаға
сиынудан басталады. Жаратушының есімі өлең басынан неліктен алынып
тасталғаны бәрімізге белгілі. Ол- Кеңестік жүйенің кесірі. Бірақ ол
заман келмеске кеткелі қашан. Ал, Алланың есімі аталған Кел, балалар,
оқылық өлеңі өкінішке орай әлі күнге дейін бір оқулықтарда болса,
бірінде сол күйі жарымжан. Алтынсариннің дәл осы өлеңіне тоқталып
отырғанымыз да бекер емес. Өйткені бүгінгі хабарымызда қазақ ұлттық
педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің жеке өмірі, әсіресе
діншілдігі әңгімеміздің өзегі болмақ. Себебі тарихта Ыбырайдың
мұсылманшылығына күмән тудыратын тұстар бар. Ол қаншалықты рас. Оны
тарих таразысына салып көрейік.
Ыбырай Алтынсарин. 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Арқарағай деген
жерінде атақты Балқожа бидің шаңырағында дүниеге келді. Қазақ халқының
тұңғыш ағартушысы. Үш жасында әкеден айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би
өзі тәрбиелейді. 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан орыс-қазақ
мектебі ашылғанда, тоғыз жасар Ыбырай соған түседі. 1860 жылы яғни
небәрі 19 жасында Ыбырай Алтынсарин Орынбор облыстық басқармасының
шешімімен мектеп салу ісін мақсат тұтып сол кезде Орынбор бекінісі деп
аталған Торғайға келеді.
РАХМЕТОЛЛА БАШАРҰЛЫ, ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
-Ол болмай жүріп кирилицаның негізінде араб әріптерінің негізінде емес,
қазақ арасында мектеп ашайық деді. Қармақты сөйтіп қаудырып алдыдағы,
соған сәйкес кириллицаның негізінде қазақ арасында зиялы мектептер
ашылсын деген жарлықты алып алды. Сүйтіп 1860 жылы бірінші рет Торғайға
келіп мектептің мұғалімі болды.
Тарихи құжатта 1864 жылы 8 қаңтарда Орынбор бекінісіндегі мектепте
алғашқы сабақ басталғаны айтылады. Осыдан кейін орыстар қазақ даласында
мектеп ашуға кең жол ашты.

-Орыс саясатының үлкен көрінісі ішкі зымияндығына келетін болсақ түптеп
келгенде христиандыққа проваславияға қазақтарды көшіру еді. Алайда ол
кезде Қазақ халқы жалпы түрік тілдес халықтар ішінде Ресейде сол кезде
сан жағынан бірінші тұрған болатын. Шындап келгенде ішкі зымияндық
саясат жаңағындай болса да, тұтасынан проваславиялық дінге бағытта кетіп
қалған жоқ. Бірақ енген жағдайлар да болды.
Ыбырай орысқа сатылды. Шен алып, шекпен кию үшін Ильминский сияқты
қаражүректермен жақын болды. Ақысына қазақ жұртын шоқындырып бермекші
болды. Тірі күнінде осы бағытта қызмет қылды. Өлгенде үйінен бір сандық
крест шықты. Өзі шоқынған. Аты-жөні Иван Алексеевич. Ыбырай жайында ел
арасында міне осындай әңгімелер болған. Бірақ 1923 жылы Мұхтар Әуезов
“Шолпан” журналының № 6-7-8 санда¬рында “Ыбырай Алтынсарин” деген мақала
жазып, тұңғыш рет ұлы ұстазды ақтайды. “Қара қазақтан шыққан бірінші
адам”, “ұлт мектебінің іргесін қалаған бабасы”, “бірінші ұлтшыл әлеумет
қыз¬меткері” деп баға береді.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Генерал Колпаковский кім?
Алматының батыс жағындағы 50 шақырым жерде орналасқан Ұзынағаш ауылының
ең бір биік төбесінде мына ескерткіш орналасқан. Ол Колпаковскийдің
құрметіне қойылыпты. Расында ол кім еді оған осындай ескерткіш
қоятындай? Бұл тарихи тұлға туралы түрлі пікірлер бар. Біреулер ол қазақ
еліне, жеріне, өркендеуіне еңбек сіңірген ұлы саясаткер деп есептейтін
болса, біреулер оны дәл осы жерде мыңдаған қазақтың қанын төккен,
қанышер деп есептейді. Ал шындығында ол кім? Бұл сұраққа жауапты дәл осы
жерден іздейтін болдық.
Генерал –лейтенант Колпаковский Герасим Алексейұлы. 1819 жылы дүниеге
келген. Тегі Харьков губерниясының ақсүйек дворяндары. Әкесі офицер.
Әскери өмірі 1835 жылы 16 жасынан басталады. Жиырма жылдан аса патша
үкіметіне адал қызмет еткен Колпаковский 1857 жылы Жетісуда құрылған
Алатау округін басқаруға жіберіледі. 1867 жылы Алатау округі Жетісу
облысына айналып, ол облыстың генерал-губернаторы болып тағайындалады.
Осы өңірді 22 жыл басқарып, генерал –губернатор шеніне жеткен
Колпаковский тарихта Жетісуды өркендеткен, қазақ еліне еңбегі сіңген
саясаткер деп бағаланады.
МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДІ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
- Ал енді Колпаковски кім болды дегенге келейік? Ол ең алдымен Жетісу
өлкесінде орыс әкімшілігін қалыптастырған кісі. Орыс ірге тасын қалаған,
жүргізген. Осында орыс ... бағыт бағдарын анықтаған тарихи тұлға.
Бұл аз уақыт емес 22 жыл деген. Енді осы жерде таразыға түскенде бұл
кісінің қызметі Жетісуда дала губернаторлығында қандай нәтиже берді
деген сұрау туады? Оның жағымда жағы қандай? Жағымсыз жағы қандай?
Орыс әкімшілігі орнағанан кейін ол Жетісуда тыныштық орнады. Қоқан
билігі бұл жерден сырылды. Қытай билігінің осындағы ұмтылысына шектеу
қойылды. Осы Жетісуда біршама тыныштық орнады. Тіптен қазақтарды өз ара
барымтасы да тиыла бастады. Тынымсыз жүріп жатқан барымта.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Күлік шайқасы
1380 жылы болған Күлік шайқасы Ресей үшін маңызды дата. Мамай әскерін
әп сәтте қырып тастаған орыс әскері мен қолбасшысы Дмитрий Донской
теңдесі жоқ батырлар. Ақылды да ержүрек Иоанұлы Донской орыс халқының
тағдырын осы бір шайқаспен –ақ шешіп берген сияқты.
Тарихшылардың пікірін тыңдамас бұрын Күлік шайқасы туралы қысқаша
мәлімет бере кетсек.
Ресей тарихшыларының жазуы бойынша , монғол-татар езгісіне қарсы тұрып,
Алтын Орданың құлдық құрсауынан құтылуына себеп болған осы шайқас. 1380
жылы қыркүйек айында Мәскеу князі Дмитрий Донской бастаған 150 мыңға
жуық орыс әскері Дон өзенінің оң жақ жағалауындағы Куликово даласында
Мамайдың осы шамалас әскерін қырып салады. Челубей мен Пересвет
батырлардың жекпе жегінен кейін Ианұлы Донской өзінің алғырлығымен,
ақылдылығымен, дұрыс ұстанған стратегиясы мен қолданған тәсілдерінің
арқасында аз ғана уақыттың ішінде дұшпандарының күл талқанын шығарып,
алды артына қарамай қашқан Мамай әскерінің қалғанын Куликово даласынан
50 шақырымға дейін қуып жүріп көзін жояды. Бұл оқиғаға орыс тарихшылары
Куликовская битва имела большое историческое значение в борьбе русского
и др. народов с монголо-татарским гнётом. Хотя она не привела к
ликвидации монголо-татарского ига на Руси, однако на Куликовом поле был
нанесён сильный удар по господству Золотой Орды, ускоривший её
последующий распад. Важным следствием Куликовской битвы было усиление
роли Москвы в образовании Русского государства. деген баға береді.
Киіне бастау керек Бірақ Күлік шайқасының болғанына қазір ғалымдар күмән
келтіре бастады. Тіпті бауырлас татар тарихшылары әскери қақтығыстың
мүлде болмағанын айтады, Ал, біздің зерттеушілеріміз Күлік шайқасын
дәлелдейтін нақты дерек көрмедік деп отыр. Оны қазір тарихшылардың өз
ауызнан естисіздер.
Алдымен Әл Фараби атындағы ұлттық университетіміздегі еліміздің белді
тарихшылары Талас Омарбеков , Берекет Кәрібаев ағаларымыздан бастасақ.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Еуропаның ғалымы Чарльз Дарвиннің адам жаратылысы туралы теориясы
Қазақ қашанда ата тегін түгендеп, шежіре тарқатып отыратын халық. Бірақ
осы шежіреге Еуропаның ғалымы Чарльз Дарвиннің адам жаратылысы туралы
теориясын қосатын болсақ, ата тегіміз мына тіршілік иесіне яғни маймылға
барып тіреледі екен. Олай болса біз ата тегімізге құрмет-қошемет
көрсетіп қоюымыз керек емес пе?
Діні берік, иманы күшті мұсылмандар ғана емес, жаратушының барын
мойындайтын кез-келген дін өкілі адам түбінде маймылдан жаратылған деген
пікірмен келіспейді. Алайда соңғы екі ғасырға жуық уақыттан бері
адамзаттың бір бөлігі өзінің тамырын санасыз мақұлықпен байланыстыратын
болды. Еуропа ғалымы Дарвиннің адам жаратылысына байланысты тұжырымы
үлкен бір ғылыми теорияға айналып, миллиондаған адамның санасын жаулап
алды. 19 ғасырда өмір сүрген Чарльз Роберт Дарвин бірнеше жылдық
зерттеуінен кейін 1831 жылы бүкіл тіршілік иесі эволюциялық жолмен
дамыды, ал адам баласының түп-тамыры маймыл деген тұжырымға келеді.
Содан бері аз уақыт өткен жоқ. Бірақ Чарльз мырзаның ілімінің
маңыздылығы жойылған емес. Бұл ілімге имандай сенетіндер осы заманда да
жетіп артылады. Сену былай тұрсын оны мектеп қабырғасынан бастап
балалардың санасына сіңіру әлі тоқталған жоқ. Ұзаққа бармай-ақ өз
еліміздегі кез-келген орта мектепке бас сұқсақ оған көз жеткізуге
болады.
Бұл тақырыпты сәрсенбі сағат 19.30-да көріңіздер. Дін мен Дарвин "Тарих
таразысына" түседі.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Қазақ хандығының өрлеуі
Саясатының қыспағынан халқы безген хан Әбілхайыр мемлекетін ыдыратып
тынады. Осы тұс көптеген түркі халықтары қалыптасуының аяқталу уақытына
сай келеді. Халықтардың қалыптасуы бір этникалық топ негізіндегі жаңа
мемлекеттердің пайда болуына ұласады. Алып территория иемденген Қазақ
халқының аяғына нық тұруына орай бүкіл Орталық Азияда тарихтың жаңа
дәуірі басталды.
Орталық Азиядағы саяси жағдай қазақ хандығының нығаюына қолайлы кезең
болды. Жәнібек пен Керей және оның ұлы Бұрындықтың қоластына қазақтың
рулары мен тайпалары көптеп келіп жатты. Олардың қатарында моғол мен
маңғыт тайпалары да бар еді. 15-ғасырдың соңы мен 16-ғасырдың басында
көшпелі өзбек атанған қыпшақ, найман, қарлұқ пен қоңырат сынды көптеген
тайпалардың дені Орталық Азияның түбіне барып қоныстанады да, өзбек пен
қарақалпақтардың құрамына кіреді.
Әбілхайырдың мемлекеті ыдырап кеткенен кейін қазақ жеріндегі саяси
жағдай Шайбандықтардың билікке таласуымен сипатталады. Мұхаммед Шайбани
Түркістан уәлаятына қашып, жақтастарын жинай бастайды. Осы кезде яғни,
1470 жылдары Сырдария даласында қазақтың сарбаздары жасақталады.
Жәнібектің үлкен ұлы Махмұд -Созақты, кіші ұлы Еренші- Сауранды
қоластына алады. Еренші Түркістанға қарай жол тартып, Мұхаммед
Шайбанидің әскерін талқандайды. Жеңіліске ұшыраған Шайбани Бұхараға
қашады.
Сөйтсе де, Шайбани Маңғыттардың билеушісі Мұса мырзамен тіл табысып,
әскери көмек сұрайды. Қалың қолмен жасақтанған Шайбани Сырдарияға қайта
жорық жасайды да, Арқұқ қорғанын басып алады. Осы тұс Мұхаммед Шайбани
мен Мұса мырза үшін сәтті кезең болады. Көкірегінде нан піскен Мұса
Шайбаниді Дешті Қыпшақтың ханы етуге сөз береді. Дегенмен, қос батырдың
олжасы Сығанақты жаулап алумен аяқталады. Жақтастардың ұйымдастыруымен
жалғасқан ұрыста әлсіреп бара жатқан қазақтарға Батыс Жетісудан Бұрындық
бастаған әскер көмекке келеді. Қаратаудың жотасында өткен соғыста
Шайбани мен Мұсаның әскері жеңіліске ұшырайды да, хан бола аламаған
Мұхаммед Маңғыстауға қарай қашып кетеді. Осылай, 15-ғасырдың 60-70
жылдары Әбілхайырдан қалған мемлекет түгелдей жойылады.
Еуразияның саяси картасында қазақтар мекендеген үш жаңа мемлекет пайда
болады. Еділ мен Есілге, Арал мен Маңғыстауға дейін маңғыт, алшын, тама,
керей, найман, қыпшақ тайпаларынан құралған Маңғыт мемлекеті
тұрақталады. Керей, найман, уақ, қыпшақ сынды тайпалардан құралған Сібір
хандығы Нұрдың солтүстігі мен Тобыл аңғарының маңайын, Есіл және Ертіс
өзендерін мекендейді. Ал, арғын, дулат, каңлы, жалайырдан топтасқан
қазақ хандығы Жетісу, Сырдария мен Сарысу аңғарында орын тебеді.
Мұнымен Сырдария қалаларына талас тоқталған жоқ. Жас қазақ хандығының
көздеген саясаты барлық қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Сырдария
маңайындағы қалаларды бір хандыққа бағындыру еді. Мұса мырза өлгеннен
кейін ноғайлықтардың басым бөлігі қазақ хандығының құрамына кіреді.
1474 жыл. Қазақ тайпалары қайғылы хабар алады. Қазақ хандығын құрған қос
сұлтанның бірі Керей хан о дүниеге аттанады. Ханның орнын ұлы Бұрындық
хан басады. Таққа жаңадан отырған хан билікті күшейтіп, барлық басқару
жүйесін бір орталыққа бағындыруға тырысады. Осы арада Сырдарияның орта
ағысы мен Ферғана қалаларын басып алмаққа тырысқан Мұхаммед Шайбани
қайта соғыс ашады. Бұл 1480 жыл еді. Осы жылы Шибан әулетінің тұқымы
Моғол хандығының көмегімен әскерін жасақтап, ұлы жазықты қоластына алуға
тырысады. Бірақ, Жүніс хан 1482 -85 жылдары Сайран мен Ташкент қалаларын
басып алып, Бұрындық пен Шайбанидің иелігіне бір қадам жақындай түседі.
Қазақтар Отырар, Түркістан, Арқұқ қалаларын өздеріне қаратады. Ал,
Шайбани болса Хорезімге қашып құтылады.
Сайрам мен Ташкентті билеген Моғол ханы Сұлтан Махммұд Түркістан жерінде
өз билігін жүргізгізбек болады. 1490 жылы Отырарды басып алады да,
жақтасы ретінде Мұхаммед Шайбаниді шақыртады. Ол ұсынысты қабылдаған
Шайбани Сауран мен Түркістанды қарамағына алады. Сауранды бауыры
Мұхаммед Махмұдтың иелігіне береді. Моғол мен өзбектердің
ауызжаласқанына шошынған қазақ сұлтандары Сырдария алқабына өз
сарбаздарын жібереді. Бірінен кейін бірі жалғасқан соғыста қазақ
әскерлері моғолдарды жайратып тастайды. Сауран тұрғындары қазақ
әскерлеріне қақпаны ашып Махмұд сұлтанды адамдарымен қосып ұстап береді.
Бұрындық хан қолайлы жағдайды пайдаланып Отырар қаласын басып алмаққа
тырысады. Бірақ жоспары іске аспай қалады. Отырар қаласы Түркістан
сияқты Шайбанидің қоластында қалады. Сөйтіп, 16-ғасырдың соңында
Сырдария алқабы Қазақ, Өзбек, Моғол сынды үш мемлекеттің иелігінде
болады. Қазақтың үлесіне тиген жерді пайдаланған Бұрындық хан Жетісу,
орталық және батыс қазақстандағы көшпелі тайпалардың басын біріктіреді.
Қазақ хандығының өрлеу кезеңі тек жорықтармен ғана емес мәдени-
эконимикалық ерекшеліктерімен де сипатталады. Тарихшылардың зерттеулері
бойынша қазақ ханығының эконимикасы мен мәдениеті айрықша орын алған.
15-ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында қазақ хандығының өрлеу кезеңі
тікелей Жәнібектің үшінші ұлы Қасым ханның есімімен байланысты.
Деректерге қарағанда қазақ хандары мен сұлтандырының арасында дәл Қасым
хандай дара тұлға болмаған. Ал, Бұрындық ханды ерен еңбегіне қарамастан
ешкім де менсінбеген. Қазақ хандығын Бұрындық билеп тұрғанның өзінде
барлық күш Қасым ханның қолында болған.
1510 жылы қазақ жеріне шабуыл жасаған Шайбанидың әскеріне Қасымханның
200 мың сарбазы қарсы тұрған, деген ақпар бар.
Бұл оқиғаға қатысты Тарих-и Рашидиде өте қызық деректер келтіріледі.
Жорық бастаған Шайбанидың ел төсіне жақындай бергенін біліп қойған Қасым
ханның ақылшысы Мойын Хасан хау өсек таратады. Қасым хан Мұхаммед
Шайбаниді қарсы алмаққа мыңдаған атты әскерімен шықты, дейді. Оны
естіген Шайбанидың бойын қорқыныш жаулап, Самарқандқа қайта қашады.
Осылай, Бұрындық хан мен Қасым ханның арасында үнемі билікке деген талас
жүреді. Бұл жолы да Қасымхан өз дегеніне жетіп, билікті қолына алады.
Жігері құм болған Бұрындықты елден қуады. Осы кезеңнен бастап қазақ
хандығының билігі Жәнібектің ұрпағына бұйырады.
16-ғасырдың бастапқы 10 жылы қазақ хандығының Мауераннахыр билеушісі
Мұхаммед Шайбани бастаған соғысыпен жалғасады. Ол қазақ жеріне бірнеше
рет шабул жасайды. Бірақ, жорығы үнемі сәтсіздікпен аяқталып отырады.
Сөйтіп, 1510 жылдың аяғында Мұхаммед Шайбани Иран шахының қолынан қаза
табады. Бұл қолайлы жағдайды пайдалануды көздеген Қасым хан Сайранға
жорық ұымдастырады. Алайда шаһар билеушісі қаланы соғыссыз береді.
Қасым хан Ташкен қаласын да басып алуды көздейді. Бірақ, өзбектермен
ұрыс барысында жараланып, артқа шегінуге мәжбүр болады. Осылай, бірнеше
жорықтардың нәтижесінде қазақ хандығының құрамына Сырдария алқабындағы
қалалар толықтай кіреді. Сонымен қатар, Қасым хан моғол билеушілерімен
тіл табысады. Батысты да өз хандығына алады. Маңғыт халықтары осы кезде
қатты қиналып, Қасым ханнан көмек сұрайды.
Осылай, Қасым хан 16 –ғасырдың 20 жылдары толығымен күшіне енді. Ол
шетелдік меймандармен тіл табысып, халықаралық дәрежеге де жеткен. Қазақ
хандығымен дипломатиялық қарым-қатынасқа түскен мемлекеттердің бірі
Мәскеу еді. Қасымханның тұсында қазақтар батыс елдерінде де танымал
болды. Осылай Орта Азияның саяси картасында айрықша орын тепкен Қазақ
хандығы кеңінен жайылды. Онтүстігінде Сырдария жағалауы мен Түркістан
қалалары, онтүстік-шығысында Жетісу, ал, солтүстік шығысында Ұлытау мен
Балхаш көлінен Қарқаралыға дейін, солтүстік-батысында Жайық өзенінің
бойымен созылып жатты.
Қасымханның тұсында қазақ хандығының иелігіне кірген жерлердің басым
бөлігі оның ұлы Мамаш хан болған кезде қайтадан бөлініп кетті. Ол Ноғай
ордасы мен онтүстік моғол жерінен айырылып қалады. Мамаштан кейін
Тахыр,Ахмет, Тоғым, Бұйдаш таққа отырады. Бұлардың кезінде яғни, 1522-38
жылдар аралығында қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі болады. 1538
жыл. Дәл осы жылдан бастап қазақ хандығы қайтадан аяғына тұра бастайды.
Таққа Хақназар хан отырады. Ол атасы Мамаштың кезінде айырылып қалған
Еділ, Жайық өзенінің бойындағы Ноғай ордасын қайтадан хандыққа қосады.
Бұхара қаласының билеушісі Абдолла ханмен бірлесе отырып, әскери одақ
құрады. Хақназарлың көздеген саясаты Абдолламен рулас Баба ханның
иелігіндегі Ташкент қаласын тартып алу еді.
Хақназардан кейін хан болып Шығай келеді. Ол 1580-82 жылы хан болады.
Шығай жасының кәрілігіне қарай айтарлықтай ерлік таныта аламайды. Бірақ,
билікке отырған келесі Тәуке хан Сібір хандығын жойып, солтүстік және
солтүстік шығыс жағын қазақ хандығына қосады. Ал, 1598 жылы Мауераннахыр
жеріндегі Шайбани әулетін ойрандап, бүкіл жерін жаулап алады. Бірақ,
Тәукенің дәуірі осымен аяқталады. Ол Шайбани әулетінің астанасы Бұхараны
қоршау барысында ауыр жараланып, қайтыс болады. Оның інісі Есім хан
ағасының сара жолын жалғастырып, Астрахань жеріндегі әулеттерді бітімге
келтіре Түркістан аймағы мен Ташкент қалаларын қазақ хандығына қосады.
Осылай қазақ хандығы үшін 15-ғасырдың аяғы мен 16-ғасыр әлсіреу мен
қайта өрлеу кезеңі болады. Осымен қазақ хандығының басына түскен қиянат
аяқталмайды. Хандықтың онтүстік шығысында жатқан қалмақ, жоңғар
шапқыншылары қазақ халқына күн көрсетпей, тоқтаусыз шабуылдар жасайды.
Қазақтар жауларынан құтылмақ болып қандай әрекеттер жасайды? Қазақтың
келешегі қандай болады? Бұл тақырап келесі бағдарламамызға арқау болмақ.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Бабыр
Бабыр. Шығыстың талантты жазушысы, ақын, заманының озық ойлы адамы, һәм
мемлекет қайраткері. Үндістанда Ұлы моғол мемлекетін құрған ержүрек
қолбасшы адамзат тарихына құн жетпес мұра қалдырған. Талай ғасырлар бойы
тарихшылар үшін дереккөзге айналған Бабырнама шығармасы әлі де талай
ғалымға азық болмақ.
БЕРЕКЕТ КӘРІБАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
-Түпнұсқа туралы ешқандай дерек жоқ. Бірақ түпнұсқадан көшірілген
алғашқы түпнұсқалар дейді.
Анықтама:
Бабыр – Захир әд-Дин Мұхаммед, Барлас руынан шыққан.
1483 жылдың 14-ақпанында Ферғана әмірі Омар Шейхтің отбасында дүниеге
келген. Анасы Құтылық Нигар ханым Шағатай әулетінің ұрпағы.
Бабыр – талантты қолбасшы, шығыстың көрнекті ақыны.
12 жасында, яғни 1485 жылы Ферғана билеушісі болады.
1518 – 1525 жылдар аралығында өзімен тайпалас барластарды бастап, соңына
ерген дулат, қыпшақ жауынгерлерімен Үндістанға бес рет жорық жасайды.
7-8 жылға созылған шайқастан соң 1526 жылы Лахорды алған Бабыр артынан
Пенджаб, Агра, Дели секілді Үндістан қалаларын бірінен кейін бірін басып
алады.
Үндістан билеушісі 1530 жылы дүниеден өткен.
Захир әд–Дин Бабырдың өмірбаяндық Бабырнама атты еңбегі 19- ғасырда
–ақ көптеген шетел тілдеріне аударылып, ортағасырлық шығыс тарихына
қатысты баға жетпес дерек көзіне айналады.
Кітап қазақ тіліне 1993 жылы аударылған.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей жортқан, ал жорықтан тыныстай қалса қалам
ұстаған талант иесі Бабырнама атты тарихи жазбасына 1493 жылдан 1529
жылға дейін, яғни өмірінің 38 жылын арнаған.
Осынау тың жазбаның қазақ тарихына қосатын үлесі қандай? Біздің
тарихшылар Бабырнамадан не алды? Шығарма қазақ тіліне алғаш рет қашан
аударылды және оны аударған кім?

-Қазақ тарихына қандай қатысы бар дейтін болсақ бұнда да біз өзімізге
қажетті көп мәліметтерді, деректерді таба аламыз. Тарихшылардың көп
назар аудармаған мында мәселелер бар. Мұнда тарихтан басқа әдебиет,
география, экономика, биология сияқты сипаттағы мәліметтер табуға
болады. Ферғанаға қатысты, этникаға қатысты мәселерер өте көп.
ТАЛАС ОМАРБЕКОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
-Бабырнаманының халықаралық шығарма екенін ұмытпауымыз керек. Өйткені,
ол бүкіл Орталық Азияның тарихына қатысты деректер мен құнды материалдар
береді. Бабырнаманы тек қазақтардың тарихына икемдейтін болсақ
қателесеміз. Бабырнамада әрине қазақтарға қатысты деректер баршылық.
Әсіресе Ферғана төңірегіндегі тарихи оқиғалар. Одан кейін Орталық
Азиядағы Әмір Темірмен билікке таласқан Шайбани әулетінің арасындағы
ұрыстар, жанжалдар. Бұл тарихи үрдісте өте жоғары бағаланатын мәселе.
Бабырнама бүгінде Орталық Азияға ортақ мұра. Аталған шығармада жиі
ұшырасатын моғол, барлас, арғын, дулат, қатаған, қоңырат, маңғыт сияқты
тайпалар қазірде осы кеңістікті жайлап жатыр. Автор өз еңбегінде:
Әндіжан тұрғындарының бәрі түркілер. Қалада да, базарда да түрікше
сөйлемейтін адам ұшыраспайды. Халықтың ауызекі сөзі әдеби тілінен
айырғысыз. Мір Әлішер Науаи Гератта өсіп, сонда тәрбиеленгенмен,
шығармалары түркі тілінде жазылған дейді.
Қазақ тарихына қала, адам, жер-су аттары ғана емес, тарихи оқиғалар да
дерек бола алады. Ол Мауреннахр әмірлерінің бүгінгі Қазақстан жеріне,
яғни Әбілқайыр хандығына, Түркістанға, Жетісудағы Моғолстан
елді-мекендеріне жасаған жорықтарын жете жазған. Бұл аймақтарға үздіксіз
шабуыл жасап, Тоқтамысты күйретіп, Жетісуға он бір рет жорыққа аттанған
Ақсақ Темір бабасын Бабыр сынға алады.

-Ең басты маңыздылығы біздің Қазақстан мен іргелес өңірлердегі саяси
әлеуметтік қатынастарда болған аймақтардың тарихын күрделі мәселелерге
байланысты өткен жан-жақты сипаттаған, нақты деректер негізінде жазған.
Сондықтан Бабырнамасыз біз Орта ғасырлардың тарихын зерттей алмаймыз.
Артына осындай ерен еңбек қалдырған Бабыр жас шағынан ақылды, тәрбиелі,
батыл да табанды адам болған. Ол он екі жасында-ақ өзінің жігерлі
билеуші екенін танытты. Тым жастығына қарамастан қолбасшы, нағыз әмір
бола білді. 1485 жылы ол Ферғананы билеп тұрған кезең тым мазасыз уақыт
болатын. Бірінші мүшеліне енді ғана қадам басқан бала басшы Сырдария мен
Әмудария жағалауларында империя құру үшін тізе бүкпей, апталап аттан
түспей, айқастан айқасқа түсті. Ұйқысыз өткізген күндеріннің арқасында
1501 жылы Самарқандты басып алады. Бірақ, Дешті Қыпшақтан Керей мен
Жәнібек сұлтандар ығыстырып шығарған Мұхаммед Шайбани хан онымен
кескілескен ұрыс жүргізеді. Үнемі шегініп отырған жас Бабыр Орта Азия
шептерінен кетуге мәжбүр болып, ақыры Бадахшанға келіп тұрақтайды. Осы
жерде 1506 жылы ол өз патшалығын жариялады.
Бабыр 1513 жылы Шайбаниға қарсы қайта соғыс ашады. Бірақ, тағы жолы
болмай, жеңіліс тапқан ол өзбек әскерін тізе бүктіре алмайды. Кейін 1518
– 1525 жылдар аралығында өзімен тайпалас барластарды бастап, соңына

Ұлы моғолдар империясы 1526 жылдан 1858 жылға дейін өмір сүрді. Үш ғасыр
бойы салтанат құрған Бабыр империясы Үндістанды ағылшын отаршылары
жаулап алғаннан кейін жойылды. Бабар құрған империя ыдырап кеткеннен
кейін үнді жерінде түркілердің өшпес ізі қалды. Ең бастысы мәйіттерді
өртейтін үнділер жерінде Шығыстық мәдениет пен сәулет кең етек жайды.
Империядағы басты орталық Агра мен Дели қалаларында сәулеттік құрылыстар
жүргізіліп, мұсылман мешіттері салынған. Әлемдегі жеті кереметтің бірі
саналатын Тадж-Махал ғимараты да мешіттің сәулетіне ұқсас.
Ұлы моғолдардың ұрпағы Жахан Шах өзінің сүйікті әйелі о дүниелік
болғаннан кейін Агра қаласында кесене салдыртады. Мешіт ақ мәрмәрдан
тұрғызылып, құны жетпес күмбездермен көмкрілген. Су бұлақтары,
әуіздермен сәнделінген Тадж-Махал 1632 жылы толықтай салынып болады.
Жахан шах өзеннің екінші бетіне өзіне қара мәрмардан кесене салдыртпақ
болған. Бірақ құрылыс орта шенге жеткенде мақсатына жетпей көз жұмады да
арманы орындалмай қалады.
Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың Бабырнама шығармасымен қатар Мубаин,
Хатта бабури атты еңбектері де бар. Бірақ, ұлы тұлғаның
Бабарнамасынан басқа еңбегі қазақ тіліне аударылған жоқ.
АЙМАН АЗМҰХАНОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗМУ-ДЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ
ОРТА ҒАСЫРЛАР КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:
- Музыка, алфавитпен терең айналысқанын байқауға болады. Оған нақты
дәлел ретінде оның әлі күнге дейін орыс тіліне, қазақ тіліне аударылмай
қолымызға жетпей жатқан кңбектерін айтуымызға болады. Мысалға, Ресолан
харбия - бұл әскери іс жөнінде, музыка жөніндегі, сондай-ақ
тәләм-тәрбие жөніндегі еңбектері, Хатта Бабури мұның барлығы
ағартушылыққа көңіл бөлгендігі жөнінде айтуға болады.
Әйтсе де, Бабырнаманың қазақ тіліндегі тәржімасына қатысты да сын
айтушылар көп. Ғалымдар шығарманың о баста түпнұсқадан емес, орыс
тілінен аударылғанына баса назар аударып отыр. Олар қазақ тарихына
елеулі үлес қосатын туындыны қайтадан аударып, басып шығару қажет –
дегенді айтады...

-Әрбір аударманың өзінің әлсіз жақтары болады. Бір ғана мысал айтуға
болады мысалы, қазақ деген сөздің аудармасында кейбір жақта қате
жібереді. 1857 ж алғаш аударғандардың бірі Ильминский орысшаға
аударғанда оның аударғаны ғылыми аудармаға жатпайды. Яғни сөзбе-сөз тіл
деңгейіне сөйкес аударып берді. Оны көпшілігі пайдаланды. Бірақ уақыт
өте келе оның жарамайтындығын біліп қайтадан 20 –ғасырдың 50-жылдары бұл
қайтадан аударылады.

-Орыстар шығыстық терминді, шығыстық атауды өздерінің еуропалық
түсінігіне икемдеп аударған. Ең жақсысы әрине шағатай тілінен тікелей
аударған.
Шығармада Бабырдың мынандай сөздері бар: Үшбу сөзді шағым жасайын
немесе қайырымдылығымды білдірейін деп мақтан үшін жазбадым, шындықты,
болған оқиғаны ешбір қоспасыз қағазға түсіріп отырмын. Естелікті жазуда
алға қойған мақсатым – ақиқатты, қандай да болмасын істі сол қалпында
баяндап жазу. Үндістан билеушісінің, бүкпесіз айтып отырмын - деген
сөзіне біздің тарихшылар күмән келтірмейді.

-Бабырдың деректеріне нақты сенуге болдаы. Оның деректерінде өтіріктер
жоқ. өйткені, Бабыр құранды қолына ұстап жазған бұл кітапты. Аллаға
деген сеніммен жазған. Бабырнама негізінен мұсылмандық әдебиетке жатады.
өйткені мұнда Алла тағалаға деген сенім, құранның сүрелері бірінші
орынға қойылады. Әрине субективизм бар, Бабырдың жек адам ретінде өзінің
түсінігі бар. Енді ол да адам баласы болғандықтан қателесуі мүмкін.
Сол бүкпесіз айтылған ақиқатта қазақ тарихының да еншісі бар. Соңғы
жылдары тарихтың шылбырын тартқан жандайшаптар пайда болып,
жылтырағанның бәрін алтын көріп, барды – жоқ, жоқты – бар, деп жазып
жатқандары рас. Сол шетел тарихшылары моғол мен моңғол атауына мән
бермей, шатастырып келеді. Ал, негізі бұл атаудың қазақ тарихына қатысы
мол. Бабырнамада бастан-аяқ моғол сөзінің жиі ұшырасатыны осыған дәлел
болмақ. Шығыстың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов: Моғол мен моңғолды айыра
білген жөн деп жазады. Оның пайымдауынша моғол – жете, чете, жалайыр
тайпасының тармағы. Жетісу мен Қашқарияда 1346 жылы құрылған мемлекет
Моғолстан аталды. Онда мекен еткен халықтың моғолдар деп аталғандығы
туралы Бабыр мен Дулатидің еңбектерінде де айтылады.
Тарихшы Левшиннің зерттеуінде 16-ғасырда Қыпшақ пен Жете даласын Дадан
хан билеген моғол мен қазақтар мекендейді деген. Шағатай ұлысы, яғни
оның мұрагерлері билік жүргізген Моғолстан Бабыр жазып отырған кезеңде
күйреп, жауласқан екі топқа бөлінеді. Шағатай нәсілі моғолдарды – жете
десе, моғолдар шағатайлықтарды – қараунас деп атаған. Жетелер – түрік,
басбұзарлар саналған.
Бабырнамадағы қазақ тарихының алтын қазығындай қазыналы дерегі –
халқымыздың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулати жайындағы әңгімелер.
Бабыр туған бөлесі жайында былай деп жазған: Хұб Нигер ханымның ұлы
Хайдар мырза еді. Әкесін өзбектер өлтіргеннен кейін ол үш-төрт жыл менің
қасымда болды. Содан кейін рұқсат сұрап, Қашқарияға, ханға кетті. Ол
орнықты, байсалды адам болды. Жазуға, сурет салуға машық. Жебе жасауға,
зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар.
Кішкентайынан зерек әрі шебер болып өскен Мұхаммед Хайдар есейе келе
Жаһаннама атты дастан, Тарих-и Рашиди атты жылнама жазады. Біздің
тарихшылар Бабырдың қолжазбасына қарағанда Дулатидың еңбегіне көп
сүйенеді.

-Тарихи Рашидидиді жазған Мұхаммед Хайдар Дулатиді неге біз ұлтымыздың
алғашқы тарихшысы деп қабылдаймыз? Бабыр одан үлкен болса да оны неге
айтпаймыз біз ұлтымыздың алғашқы тарихшысы деп? Өйткені. Бабыр
біріншіден Самарқандта тұрса да Ташкент төңірегінде, Ферғна төңірегінде
жүрсе де Бабырдың руы барлас болғандықтан олай айтып отырған жоқпыз.
Бабыр негізінен ақын. Ал, Дулати өзін тарихшы екенін дәлелдеген адам.
Бабырнама тағылымды тарихымызды ертеңгі болашаққа ұластыратын дүние.
Оның Шығыс зерттеушілерінің назарынан тыс қалмауының сыры да сонда
жатыр. Қазақ тарихы Ұлы моғол империясын құрған Бабырмен ұштаса келіп,
шалғай жатқан Жоңғарларға қарсы шайқастармен де сабақталады. Ендеше,
бағдарламамыздың келесі санында жоңғар хадығының құрылуына тоқталатын
боламыз.
БIЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗ
Моғолстанның құрылуы
Өткен бағдарламада түркі тайпаларының басын бір шаңырақ астына жинап,
Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей туралы әңгімелеген едік. Жас
сұлтандар хан Әбілхайырдың қыспағына төзбей Шу өзенінің шығыс жағалауын
ала жатқан Моғолстанға жер ауады. Есен Бұға Жәнібек пен Керейді құшақ
жая қарсы алып, өз иелігінен енші береді. Бірақ, осы Моғолстан мемлекеті
көпшілік үшін құпия күйінде қалып отыр. Ол қашан және қалай құрылған?
Оның негізгі халқы кімдер болған? Моғолдың Моңғолдан қандай айырмашылығы
бар?
Моңғол және моғолдың түрік халықтарымен тарихи қатынастарына терең көз
жеткізіп, ара жігін анықтай алмай жүрген шетелдік ғалымдар дұғлат
тайпасы – шағатай, моғолдың бір бұтағы деп жазады. Оның анық –қанығына
көз жеткізіп, ақиқатты анықтау қазір ғалымдардың алдында тұрған үлкен
шаруа. Мамандардың айтуынша, ең алдымен тарихи деректерді мұқият
зерттеп, оларды қазақ тіліне түпнұсқадан аудару керек.
НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
- Шет, көне тілдерінен қазіргі тілге аудару үлкен қиындықтар тудырады.
Мына Тарих-и Рашиди шығармасы қазақ тіліне осыдан бірнеше жыл бұрын
аударылған. Алайда, оның түпнұсқасы парсы тілінен аударған мамандығы,
білік-тілігі жетпей, негізінен орыс тілінен болған.
ЕДІЛ НОЯНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
-Жасыратыны жоқ, кеңес дәуірі кезеңінде біздегі сол орта ғасырлық араб
тіліндегі, парсы, түрік тіліндегі шағатай тіліндегі соның бәрі бірінші
кезекте орыс тіліне аударды. Әрине орыс тіліне аударған кезеңде ол
деректерді өздерінің империялық мүддесін қорғайды. Нәтижесінде біз сол
орыс тіліне аударылған деректерді пайдаланып қазақтың тарихын жаздық.
Бүгінде түркі халықтары бірнеше ұлт пен ұлысқа бөлініп, тарихи деректер
мен рухани құндылықтарды әркім өздеріне қарай бұрмалауда. Әсіресе ұйғыр
ғалымдары көрпені өзіне тартқылап жатыр. Ал Бабыр наманы жарыққа
шығарған қазақ ғалымы Байұзақ Албани сол кітаптың кіріспесінде Моғол
атанғандардың дені қазіргі қазақ тайпалары екенін нақты мәліметтермен
жазған. Олардың құрамында Жетісуды ежелден мекендеп келе жатқан Жалайыр,
Албан, Дулат сынды тайпалар бар.
Ғалымдардың айтуынша, бағзы заманнан келе жатқан шежірелерде Нұх
Пайғамдардаң үш баласының бірі - Иафестен Түркі туған - деп жазылған.
Сол шежіре бойынша Түркінің жетінші ұрпағы Татар мен Моғол егіз туған
екен. Демек, Моғол сөзі - ол адамның аты. Алайда , өзге ұстанымдағы
ғалымдар да бар. Олардың пайымынша тарихтың бұл парағы да Шыңғысханға
барып тіреледі. Өйткені ол мемлекет Шағатай ұлысының аумағында құрылған.
Сондықтан ғалымдар моңғол сөзі мен моғол сөзі төркіндес деген тұжырым
жасауда.

- Моғол деген сөздің өзі бұрынғы моңғол деген сөзден шыққаны белгілі.
Жергілікті тайпалар бүкіл моғолдарды және моңғолдармен келген
тайпалаардың барлығын моғол деп атады. Сондықтан ол мем. Моғолстан деп
аталады.
Шыңғысхан империясына қараған Шағатай ұлысы екі үлкен аймақтан тұрған.
Бір бөлігіне Мауераннахыр қазіргі Орта Азия жері, екінші бөлігіне
Жетісу, Қырғызстанның солтүстік өңірі мен Шығыс Түркістан өлкесі кірген.
Үлкен аумақты алып жатқан Шағатай ұлысы бір мемлекет болып ұзақ тұра
алмады. 14-ғасырдың 40-жылдары мемлекет екіге бөлініп кетеді. Шағатай
ұлысының соңғы билеушісі Қазан хан өлгеннен кейін Мауеранахыр бөлек ұлыс
атанады. Ал, Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде Моғолстан атты дербес
мемлекет құрылады.
Моғолстан мемлекетінің шаңырағын қаңлы, арғын, дулат, керей, үйсін,
барлас, бұлғар сияқты көптеген рулар мен тайпалар көтерді. Жартылай
көшпелі тайпалардың басты ерекшелігі олар - түркі тілді болды.Осы жерде
барласқа ерекше назар аудара кеткен жөн шығар. Моңғол тектес деп
жатырқап жүрген түркі тілді осы рудан атақты Ақсақ Темір шыққан.

-Кезінде Моңғолдар жаулап алған кезеңде моңғол тілі мемлекеттік тілге
айналған жоқ. Сол моңғол діні мемлекеттік діңге айналған жоқ.
... ..қыпшақ тілі басымырақ болды.
Нұрлан Атығаев, Тарих ғылымдарының кандидаты:
-Мамандардың көбінің пікірінше 14-15 ғ. Негізгі моғостан халқының тілі
түркі тілді болған. Алайда, 16 ғ. Басына дейін моғол билеушілерінің
арасында әлі моңғол тілі қолданыста болғаны тарихи шығармалардан анық
болады.
Ақсақ Темірдің билікке келуіне ықпал еткен де Моғолдар. Моғолстанның
алғашқы ханы Тұғылық Темір Мауераннахырды бағындыру үшін 1360 жылы
Сырдариядан өтіп, Шахризсябқа шабуыл жасған кезде өзара қырғи-қабақ
болып жүрген жергілікті әмірлер оған тосқауыл қоя алмайды. Осы кезде жас
Әмір Ақсақ Темір Тұғылықтің билігін өз еркімен қабылдайды. Соның
арқасында Кеш қаласы төңірегіндегі ауыл-аймағымен қоса оның иелігіне
өтеді.
Бірақ біреуге бағыну Әмір Темірдің саясатына қарама қайшы болатын.
Сондықтан ол өзіне өріс берген моғолдарды құртуды ойластыра бастады. Бұл
моғолдардың Мәуренахрды толық уысында ұстап тұрған кезі еді. Тұғылық
Темір оңтүстіктегі Құндыз қаласына дейін жеткен соң Самарқандағы тақты
баласы Ілиясқа тапсырып, өзі Моғолстанға оралады. Ал Тұғылық қайтыс
болған тұста әкесінің қазасына бара жатқан Ілияс Ақсақ Темірдің
шабуылына ұшырап, қолға түседі.

- Әмір Темір ол кезде мем. Билеушісі емес, ол 1368 ж. Билікке келеді.
Сол себептен ол сақтанған. Ілияс қожаны өлтірген болса көшпенділер
тарапынан Моғолстан тарапынан шабуыл жасап одан бетер оған қарсы шаралар
қолданылатынын білді ... ...ол Ілияс қожаны қайтаруға мәжбүр болады.
Осы тұста Моғолстан әскерінің жаугерлігі туралы айта кеткен жөн. Әмір
Темірдің сұм саясатына қапаланған Ілияс Моғолстан тағына отыра салысымен
кек алу үшін жорыққа шығады. 1365 жылы Сырдарияның жағасында Шыназ бен
Ташкент аралығында өткен бұл шайқас Батпақтағы айқас деп аталып
кетеді. Өйткені ұрыс кезінде нөсер жаңбыр жауып, жер саз балшыққа
айналады. Осы шайқаста моғолдар Ақсақ Темірді күйрете жеңеді.
Моғол мемлекетінің іргесін бекіту үшін оңтүстік батыстағы шаһарларды
қарамаққа алу керек еді. Моғол мемлекетінің билеушілері үнемі осы
бағытқа ұмтылып отырды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz