Отбасы – қоғам тірегі



1 Отбасы . адам баласының өсіп.өнер алтын ұясы
2 Отбасы тәрбиесі
3 Ата.аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие
4 Отбасындағы тәрбие әдістері
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздеренің негізгі борыштарын, тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз етуін, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы; ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқада ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналарда балаларының күнсайынға әрекеттерн қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешені бір – біріне , балаларына, олардың достарына деген қарым - қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлықпен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.
1. С. Ш. Әбенбаев. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы 2004ж.
2. Ж.Ә.Абиев, С. Б. Бабаев, А.М. Құдиярова.
«Педагогика» Алматы 2004ж
3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы 1995ж
4. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова
«Педагогика» Астана 2004ж
5. К.А. Каракулов «Педагогика» Шымкент 2008ж
6. Ю.Б. Азаров «Отбасы педагогикасы» Москва 1985ж
7. К.Оразбекова «Отбасы психологиясы» Алматы
8. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2004ж
9. Х.Арғынбаев «Қазақ отбасы» Алматы 1996ж
10. «Отбасы және балабақша» журналы. Алматы 2008ж

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы – қоғам тірегі

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты қызық дәурені отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен
бастап ата-ана өздеренің негізгі борыштарын, тәрбие жұмысын атқаруға
кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін
қамтамасыз етуін, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел
қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы; ал
балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді
міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-
аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің
негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған,
рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор,
іскер, бойында басқада ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп
көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен
түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл
бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналарда балаларының күнсайынға
әрекеттерн қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі
міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке
бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешені
бір – біріне , балаларына, олардың достарына деген қарым - қатынасына
байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлықпен
татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман
туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға,
еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.
Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор
болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу
сияқты адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдар мен қарым-қатынас жасау , қоғамға енуі отбасынан
басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі
ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени
орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге
келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,
ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Бала жақсы
адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды,
ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасыны өзіне
қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз
әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп,
оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады.
Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан
адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі
мен ынтымақтастығы оның құрымындағы адамдардың бір-біріне деген
қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-
зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы
мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүруге үйрету.
Бұл қасиеттердің негізінен отбасы – ошақ қасында қалыптасып нығаяды.
Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі
арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.
Өз ата-насын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей
біледі, қашанда үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық
таныта біледі.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын
игереді. Сондықтан отбасылық өмір — жеке адамның азамат болып өсуінің
негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала
тәрбиесінің отбасында, мектепте нәижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бүл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мем-
лекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үне-
мі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар меке-
мелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру,
балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер стан-
цияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашы-
лық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты
қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін
санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар
жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қаты-
суын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй
еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі -
ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың
парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді
қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толың сақтау үшін еңбек пен
демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсететін И.П.Павловтың
іліміне негізделеді.
Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа
үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс
ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады.
Әдет келешекте бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын,
мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының
бірлігін еске алуы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері
- еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс
алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа
жағдайлар:
- отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық
емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлт-
тық отбасы.
- тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім
дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы мате-
риалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
- отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жал-
пы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапха-
наны, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-
пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
- ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы
көзқарастын, бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің
өз міндеттеріне көзқарасы.
- қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қо-
ғамдық тәрбие институттарына қатысы.
- отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдіс-
тер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мә-
дени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік
ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халыктың өсуі, адамзат
ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы
мұшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке
ұшырауының басты себебі - тәрбиені жұргізіп отырған адамның педагогикалық
көзқарастарынын жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдык,
әлеуметтік жағдайынын, нашарлығы. Отбасылық тәрбие
тиімсіздігінін себептері:
- отбасындағы өктемдіктін, баланы өзін-өзі басқарудан,
билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып,
оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінін,
мұқалуы.
- баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешіруші-
лік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке
тәрбиелейді.
- отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасын-
дағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жа-
ғымсыз нәрсеге бейім болып өсуі.
- ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып,
баланың қалыптасуына кері әсер етуі.
- ата-ананың баласының іс-әрекетіне немкұрайлы қарап,
жауапсыздық танытып, баланың кездейсок, күмәнді адамдар-
мен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы
үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логи-
каға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре
білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ыкпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланын алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезендерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бүл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да,
отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғаның калыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе,
тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тәуелді: жанұя қаңдай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да
сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен
отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас
ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық
ұрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық,
ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де
отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын
десең, бесігінді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әусзов бекер айтпаған. Отбасында
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсендеуі мұмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-
қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік,
моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше
шоғырландырып, іске қосады.
Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан
көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері – азамат тәрбиелеу,
патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет
заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін
жетілдіру;
- отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға
болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалык, жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында,
жанұяда — ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылар- дың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең
алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
тәуелділігі объективті шындық.
Бәріміз де осы заңдылық-тардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді
мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз.
Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін
келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-
әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мүғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан
азат етері кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен
мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпалдарды жалпыланған қызмет тұрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблсмасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар
жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына
берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен
ажырап қалмау әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны
жөн.
Атам казақ басынан талай "ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның"
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама
ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние
ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,
дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ
олардың нақты кезендердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай
шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса
бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар
арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіңдігі
баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай
дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың
салдарына тәуелді анықталады:
Олар: 1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2.Қайырқом, мейірлі отбасы.
3.Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4.Алауыз, жауласқан отбасы.
5.Теріс әлеуметтік бағьптағы отбасы.
6.Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7.Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-
мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық
өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасаты
тұлға дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды
бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-
имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз
кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық
білімдендіру істерімен толығып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тәрбиесі салауатты
өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн
тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын
т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз
балаларын білімдермен байытып, соны ақпараттарға деген
түрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз
жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Таным-
дық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды
дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті
шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершілік-имандылық тәрбиесі тұлға
қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас
төркіні. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе
мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары —
сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-
намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу.
Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері:
парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік
пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.
4. Отбасыдағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты
мен дарынын дамытуға бағытталып өмір болмысы
әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы
адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан
дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл-дерті
"жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мүндай
еңбексіз "күнде той" өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын
дөлелдеп отыр.
Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие — балалардың тән-дене және
рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге
негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.
Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне бола-
шақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені
жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тәрбие-
лік міндсттерді парасатты шешу жолдары осымен
айқындалады.
Отбасындағы тәрбие әдістері - бұл ата-аналардың оз баласының санасы
мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-
жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес,
дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты
әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен
даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін тандау ата-аналардың педагогикалық
мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын
тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-
бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-
сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін
емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты:
жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау,
қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік
бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын
тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мұлтіксіз
орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге
негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік
жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған
әдістерді пайдалану үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей
топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да
қызықты мүддені түсіндіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан
айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, үрып-соғу); кей отбасыларда
педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар
арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек,
оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дсәтүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы
рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио,
теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар
мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт,
мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар
ж.т.б.
Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы
шарттар ескерілуі тиіс:
1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
2. Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында
орнатқан қатынастар сипаты.
3. Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті
келсе,. іс-әрекеттер өдістері басым келеді.
4. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан
педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпаллардың қыр
сырларын үйрену, тұрмыстык қажеттікке айналады.[2;112-118]
Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін
үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі,
ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйел қызметі
Менің отбасым
Отбасындағы балалар рөлі
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары
«Жанұя мектебі-тұлға мен қоғамды байланыстырушы»
Отбасы - баланың азамат болып өсуінің негізі
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам үшін отбасының рөлі
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
Пәндер