Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру



Кіріспе ... ... ... ... ... .3.4

1 Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
1.1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...5.10
1.2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар ... ... .11.14
1.3 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері ... ... ... .14.20

2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің түрлері
2.1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері ... ... ... .21.26
2.2 Мектепке дейінгі бала тілінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... .26.33

Қорытынды ... ... ... ... ..34.35
Пайдаланылған әдебеттер тізімі ... ... ... ... .36
Қосымша ... ... ... ... ... ..37.38
«Балабақша жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс»,— делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік балабақша реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі — еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің балабақшаларымыздың бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі-балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық белсенділігін арттыру. Балабақша реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар бүкіл әдісін, құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі жетілдіруді қарастыруы, балалардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды ұсынуы кездейсоқ емес.
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. И.К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы»[1]. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәлдене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.
1. Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев, Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 бет[1]
2. Мұқанов М. Ақыл -ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы. 1980 жыл [2]
3. Баймұратова Б «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» Алматы, «Мектеп» 1981 ж [3]
4. Баймұратова Б « Тіл дамыту әдістемесінің методикасы» Алматы,-2007ж [4]
5. Әуелбаев Ш. «Бастауыш класта қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы «Мектеп». 1987ж. [5]
6. Қ.Молдабек, Қ Сандыбай, Ы. Балқыбекова «Бастауыш мектепте тід дамыту» Шымкент. 1999ж[6]
7. Бакраденова А, «Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақша сөйлеуі және тіл дамуы» Алматы 1993ж [7].
8. Адамбаева Ж, «Бастауыш сыныптардағы тіл дамыту» Алматы, 2000ж [8]
9. Баймұратова Б. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасы». Алматы, «Мектеп» 1989ж
10. Саубулатова С «Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту», «Отбасы және балабақша» №6-06ж-8б.
11. //Отбасы және балабақша// №1-2003. 13-14б
12. Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту» Алматы, 2000.
13. Адамбаева Ж. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл датыту жұмыстары» алматы, 1978.
14. Баймұратова Б.Б., Едепбаева З.Д. «Изучаем казахский язык Куншуак» әдістемелік құрал. Алматы, 2007.
15. Өтебаева Г. «Ересектеп тобындағы балалардың тіл дамуын анықтау тәсілі» //Отбасы және балабақша// 2003. №1 1013 б
16. //Бастауыш мектеп// №8-2008. 35б
17. Аяпова Т. «Сөз мағынасының қалыптасу үрдісінде» //Ьастауыш мектеп// №7 2003. 19-28 б.
18. Абдуллина Г. «Тіл мен сөйлеу» //Бастауыш мектеп// №11 – 2005
бет
19. Сардарова Ж «Бастауыш мектептің тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшеліктері» //Бастауыш мектеп// №9 – 2003. 8-9б
20. «Тіл құралы » №3- 2005.36-38б

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Тұжырымдама.
Курстық жұмыстың қарастырылып отырған тақырып бойынша мектеп жасына
дейінгі балаларды байланыстра сөйлеуге үйретуде сөздік қорын молайту тіл
байлығын жетілдіру, өз ана тілінде тәрбиелеу, ой-өрісін, сана –сезімін
кеңейте отырып, өмірге қажетті білім дағдыларын үйрету. Балабақшадағы
тәрбие бағдарламасында баланың тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету,
үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана отырып, білуге, жаттықтыруға назар
аударылған. Баланың айналадағы өмірді танып білудегі басты жәрдемшісі тіл
болса, ал тіл баланың сана-сезімі,ой-өрісі жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен айналадағы адамдармен, құрбыларымен белсенді түрде
сөздік қарым-қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс-әрекет жайында білуге
құмарта түседі. Тіл дамыту сабақтарына әр топта жас ерекшеліктеріне қарай
ауыз әдебиетіне, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер тыңдатумен қатар,
баланың сөздік қорын молайту тіл байлығын дамыту. Сөйлемдерді
байланыстыратын сөйлеуге үйрету мақсатында өлең, тақпақтар жаттату, саяхат
ұйымдастыру дидактикалық ойындар ойнату керек.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
1.1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .5-10
1.2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-14
1.3 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...14-2 0

2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің түрлері
2.1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік
қорын байыту әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...21-26
2.2 Мектепке дейінгі бала тілінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...26-33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 34- 35
Пайдаланылған әдебеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 37-38

Кіріспе
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру
негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында
ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді.
Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың
негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, Тіл
дегеніміз ойдың тікелей шындығы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер
және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық
сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы
заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара
қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын
белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.
Зерттеудің мақсаттары:
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен
таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен
дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді
талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі
балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту
әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың
білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін
анықтау;
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы
балалардың білімдік, танымдық әрекетін игеру жұмысының мазмұнын,
көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде
белгілеу;
Зерттеудің әдістері:
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы
балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың мәнін, мазмұнын,
көлемін анықтауға байланысты философиялық, психологиялық,
педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы
балалардың білімдік, танымдық әрекетінің дағдысын анықтауда қазіргі
қолданылып жүрген оқу құралдары мен тәрбиешілер тәжірибесін
зерттеу;
-Зерттеу жұмысы барысында, бақылау, әңгіме, балалардың
көптеген әдістерді қолдану.
Теориялық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың
білімдік, танымдық әрекетінің тиімді үлгілерін табуды және
ұйымдастыруды жалпы балалардың білімдік, танымдық әрекетін жүзеге
асыру.
Практикалық қолданылымы:
Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың
білімдік, танымдық әрекетіндегі зерттеу жұмысының нәтижелері жалпы
білім беретін балабақшаның оқыту процесінде енгізілген жағдайда,
балалардың ойлау шапшаңдығы, сөз ұстанымы, пікірлерін жеткізе алу
икемділіктерін қалыптастыруға кең мүмкіндік жасайды. Зерттеу
материалдарын балалар бақшасындағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне
кеңінен пайдалануға, сондай-ақ жоғары және орта педагогикалық
оқу орындарында тәрбиешілерді даярлауда, тәрбиешілердің білімін
жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады.

1 Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
1.1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Балабақша жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс
істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және
тәрбиелеуге тиіс,— делінген Жалпы білім беретін және кәсіптік балабақша
реформасының Негізгі бағыттарында. Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым
мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі — еңбектің
творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің балабақшаларымыздың бүгінгі
таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі-балалардың жас шағынан
бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық
белсенділігін арттыру. Балабақша реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес,
сонымен қатар бүкіл әдісін, құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі
жетілдіруді қарастыруы, балалардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді
кеңінен қолдануды ұсынуы кездейсоқ емес.
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру
негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында
ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді.
Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың
негізгі басты құралы - тіл болып саналады. И.К. Маркстің
айтуынша, Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы[1]. Адамның ойы тіл арқылы,
тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға
енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәлдене
түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан
белгілері мен адамдардың өзара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып
табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет
атқарады.Тілдің қатынас құралы болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы
жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан
психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.
Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен
екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу
болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз
байланыста іске асып отырады, Өйткені олардың физиологиялық негізі бір, ол
негіз — ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Олардың
негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер
жатыр.
Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу
балалардың қабылдауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді, тілін дамытады, оларды
қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.
Психологтардың анықтауынша, ересек топ балаларының қиял дүниесіне
бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі
кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым
болады. Олардың бұл ерекшеліктерін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор
маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары сатысы творчестволық
әрекетпен тығыз байланысты болады. Қиял екі түрлі: пассивтік және активтік.
Ал активтік қиялдың өзі қайта жасау, творчестволық болып екіге бөлінеді.
Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады.
Өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, диафильмдер көру арқылы алуан түрлі
оқиғаларды көз алдына елестету — қайта жасау қиялының көрінісі болса, бала
қиялының бетін шындыққа бұрып, іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен
тапқандарын қосып дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың
дамуыка әсер етеді. Осыған байланысты, шығарма (әсіресе еркін тақырыпқа),
сондай-ақ мазмұндама жұмыстарын түрлендіріп жүргізудің оқушыларды
творчестволық жұмысқа үйретуде атқаратын ролінің зор екені келіп шығады.
Шығарма мен мазмұндамада психикалық таным процестерінің қызметін,
түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиялды күшейтеді, әсіресе ой қызметінің
белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын
анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді, анализаторлардың мидағы ұштарының
арасында туып жататын уақытша нерв байланыстарын жасайды және жетілдіре
түседі.
Шығарма мен мазмұндама жүргізуге дайындалу барысында, әсіресе ересек
топ балаларының психикасында 1-сигнал системасының қызметі басым
болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін
көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, оқиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену
қажет.
Тексті алдын ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн.
Өйткені тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тексті жобалап
алудың қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің
аналитикалық және синтетикалық жағы неден көрінеді?
1. Сөз таңдағанда бала әңгімеленгелі отырған оқиғаға сай келетін
сөздерді таңдап ала білсе, бұл — аналитикалық процеес, ал осы сөздерді
текстің ішіне енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі.
2. Сөйлем құрастыруда — анализ — субъектілер мен предикаттарды
іріктеп және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу; ал синтез —
осылардың сөйлем ішінде орын-орнына қойып орналастыру.
3. Текст құрастыруда анализ — тұтас, тексті бірнеше бөлімдерді бір-
бірімен жалғастыру. Жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау — анализ
арқылы іске асса, сол жасалған жоспар бойынша толық тексті құрастырып айтып
не жазып беру синтетикалық процесс болып табылады.
4. Шығарма жазу барысында анализ үнемі синтезден бұрын жүреді,
анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады.
5. Психология оқулықтарында мектеп жасындағы балалардың қабылдауы
эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндамаға
алынатын текстер мен шығармаға ұсынылатын материалдар балаларда болатын
көңілділік,. сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттер
ескеріле іріктелуге тиіс.
Балабақшада балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету
жұмыстарында да, басқа пәндердегі сияқты, оның ғылымилығы, теорияның
практикамен байланыстылығы, көрнекілік, саналылық, түсініктілік,
оқушылардың белсенділігін арттыру және жүйелілік принципі ескеріледі.
Шығарма мен мазмұндама материалдарын іріктеуде балалардың жас ерекшеліктері
және бұрыннан бар білім қоры мен машықтары, шеберліктері есепке алынумен
бірге,топта программалық талаптар ескеріліп отырады. Бұл жұмыстарда
оқушылардың белсенділігін арттыру мен саналылықты жүзеге асыру үшін
балаларды өз ойының барысын байқауға, біреудің айтқанын тыңдай білуге,
айналадағы өздерін қоршаған табиғаттағы өзгерістерді бақылай білуге, заттар
мен құбылыстарды салыстырып, олардың арасындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды таба білуге үйрету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар
оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету барысында оларға қандай
машықтар берілуге тиіс екені белгіленуі қажет. Өйткені баланың бойында бар
қасиетті пайдаланып, оларды жаңа әдетке тәрбиелейтінімізді біліп алмайынша,
жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын. Машықтың физиологиялық механизмі
жоғары нерв жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер, ол бірінші сигнал
системасының қатысымен екінші сигналдық системада жасалады. Ендеше әдетке
бала механикалық түрде емес, саналы түрде жаттығады.
Шығарма, мазмұндама жазу кезінде балалар негізінен мыналарға
әдеттенеді: дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаның үстіне
дұрыс қою, әріптерді дұрыс жазу, лексикалық (сөзді дұрыс қолдану),
морфологиялық және синтаксистік тексті алдык ала синтездеу, ойлау
операцияларын дұрыс қолдана білу, жазғандарын тексере білу және қателерін
түзете білу т.б. машықтар. Бұл тәсілдердің қалыптасу дәрежесі әр түрлі.
Мысалы, егер қаламды дұрыс ұстау, орфографиялық, лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік және тексті алдын-ала синтездеу әлі әлсіз, сананың бақылауын
қажет етеді. Бұл әдеттердің қалыптасуына, мазмұндама мен шығарма жазу
жұмыстарының әсері зор. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының мақсатының өзі
балалардың ойлау қабілетін (анализ, синтез, жалпылау, нақтылау,
абстракциялау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру
барысында кейбір процестер тұрақтанып, қалыптасады.
Қорыта келе, психологиялық педагогикалық және методикалық
әдебиеттердегі пікірлерді жинақтап келе балалар мынандай педагогикалық
машықтарға үйренуге тиіс:
1. Мазмұндамада оқылған тексті меңгеріп, сол түсінгендерін өз
сөздерімен жазуға машықтанады. Бала осыған жаттықпай шығарма жазуға көше
алмайды.
2. Шығармада ұсынылған материалға түсініп, оның идеялық-мазмұнын
ұғу. Мысалы, Мен қалай кезекші болдым тақырыбы бойынша шығарма жазу
тапсырылды делік, оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу кееректігі,
кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істегені жөнінде
жазуға тиіс екенін білуі қажет.
3. Шығарма жазу үшін материал жинау, яғни материал жинау барысында
бақылаудың кейбір тәсілдерін үйрену Мысалы, Үй қалай салынды тақырыбы
бойынша материал жинау барысында балалардың ата-аналарынан сұрауы,
кейбіреулері кітап оқу арқылы бақылаулары мүмкін.
4. Жинаған материалдарын жүйелеуге бастауыш класс оқушылары
алғашқы кезде мазмұндама жазу арқылы үйренеді. Өйткені материалды жүйелеу,
оны бөлімге бөлу, ат қою және керісінше, әр бөлімді әңгімеде айтылатын ой
жүйесіне сай байланыстыру жас балаларға оңайға түспейді. Бұл үшін олар
алдымен дайын текстің жүйесін меңгереді, яғни қандай да болмасын, текстің
белгілі бір жүйемен құрастырылатынын ұғады, содан кейін бірте-бірте өздері
көрген-білгендері жөнінде әңгіме құрастырғанда да әуелі оны жүйелеп алуға
әдеттенеді. Егер оқушы бұған үйренбесе, жинаған материалдарын қалай жазуды
білмей, білетін нәрселері айтып бере алмай, ештеңе жаза алмай, ал кейде
отырып жылайтын балалар да кездеседі. Мұндайда балаларды шығарма жазуға
қызықтырудың орнына керісінше әсер етеді де, олардың шығарма жазуға
ынтасы кемиді.
5. Оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті жеткізіп, айта білуі.
Мұны шығарма немесе мазмұндама жазғанда тілдік нормасы сақтап, әдеби тілдің
нормаларын пайдалана білуі.
6. Балаларлардың жазба жұмыстарын тексеру, түзету, жетілдіре
түсу.
7. Жазған әңгімені белгілі бір тұлғада баяндай білу.
Осы жұмыс түрлернің бәріне оқушыларды қалай үйрету керек?
Балаларды орфографиялық, пунктуациялық, морфологиялық, синтаксистік
машықтарға бірден үйрете алмайтынымыз сияқты, бұл әрекеттерге де оқушыларды
бірден үйрету оңайға түспейді. Сондықтан бұл тәсілдерді қалыптастыруда
бірте-бірте бір машықтан екінші машыққа сатылап көшіп отыру әдісін
қолданған жөн. Мұнда тілдік икемдер белгілі бір жүйемен грамматика
сабақтарында қалыптасады, ал ойын жүйелі баяндау әдеті оқу сабақтарында
қалыптасады.
Балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай көрсетілген
педагогикалық талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды шығарма мен
мазмұндамаға үйретуде лингвистикалық негіздерге сүйенуге болады.
Мазмұндама мен шығарма жазудың методикасы үшін грамматиканың,
әсіресе жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисінің маңызы зор. Өйткені
жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесін және
олардың сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды
білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесін, құрмалас сөйлем болуын
тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі сөз тіркесіне байланысты болса,
екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты. Сондықтан сөз
тіркесі мен сөйлемдер арқылы жүргізілетін жұмыстын, әдістері де тіл
білімінің осы бөлімінде белгіленеді, яғни сөздердің дұрыс байланысып,
құрмалас сөйлем құрауы, ойды анық, түсінікті түрде білдіру үшін бірыңғай
мүшелердің қолданылатыны, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. осы
бөлімде қарастырылады. Алайда шығарма мен мазмұндама жазуға үйрету үшін жай
сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисін білу жеткіліксіз. Өйткені бұл
жұмыстарда жеке-жеке сөйдемдер құрастырылып қана қоймайды, сонымен қатар
тұтас текст жасалады. Ал текст белгілі бір оқиғаны баяндайды, сондықтан
ондағы әр түрлі мақсатқа, айтушы мен жазушының көңіл-күйіне қарай әр
сөйлемнің құрылысында, сөз қолданылуында ерекшеліктер болады. Осыған орай,
тұтас текст синтаксисі келіп шығады. Тұтас текст синтаксисі стилистика
және әдебиет тану ғылымдарымен байланысты. Стилистика сөздердің қолданылу
заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс
пайдалану принцнптерін зерттейді; тіліміздегі бейнелегіш құралдарды
топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолдану заңдылықтарын көрсетеді;
ойды мәнерлеп жеткізу үшін морфологнялық формаларды (тұлғаларды) қандай
жағдайда, қалай қолдануға болатынын қарастырады, яғни сөздердің, олардың
варианттарының (синонимдердің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін
ойдың эмоционалды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап
қолдану принциптерін зерттейді.
Стилистиканы білу сөйлеуде немесе жазуда кеткен қателерді байқап,
оларды болдырмау шараларын жасауға көмектеседі, жазуға дайындалу барысында
сөздермен, сөйлемдермен және тұтас текстермен істелетін жұмысты дұрыс жолға
қоюға септігін тигізеді. Балалар тұтас тексті құрастыру барысында тек
сөйлемдерге байланысты жұмыстармен шектелмейді. Олар енді құрмалас сөйлем
синтаксисінің аясынан асыңқырап, тұтас текст компоненттерімен жұмыс
істейтін болады. Мұнда дұрыс құрылған сөйлемдердің арасында өзара толық
байланыс болуы қатты қадағаланады. Өйткені сөйлемдер қатары сындарлы
тізіліп, әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығы сақталмаса, жазылған
тексте көрік те, түсінік те болмайды. Сөйтіп, тұтас текст құрауда
жүйелілік, сөйлемдер арасындағы грамматикалық, мағыналық байланыстарды
сақтау принциптерінің мақызы зор. Қорыта айтқанда, ана тілі – жан
дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Одан көз жазып қалу –
тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып келгенде, ұлтымызды
сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің бірі.
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ
тілінде ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ;
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін
негізгі қозғаушы күш;
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге,
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара қарым-
қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза;
- баланың тіл үйрену заңдылықтарын білу тіл дамыту
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді.
Ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Одан
көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып
келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің
бірі.
- балаға тілді меңгертуді тек тіл біліміне сүйеніп қоймай, қазақ
тілінде ойлауға үйреткенде ғана нәтижелі болмақ;
- қарым-қатынас жасау қажеттілігі баланы тіл үйренуге итермелейтін
негізгі қозғаушы күш;
- тіл өзара сөйлесу үстіде дамып жетіледі, ұшталады, баланы әңгімеге,
пікір алысуға жетелейтін мотив сөйлеу ситуациясы. Ситуация — азара қарым-
қатынас жасаушыларды байланыстыратын фраза;
- баланың тіл үйрену заңдылықтарын білу тіл дамыту
сабақтарын дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді.

1.2 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының өзінің программасы,
жаттығу түрлері сондай-ақ әдісі болады.
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай
мақсаттарды көздейді.
1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр
нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен
ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен қорытынды
жасай білу.
2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс
айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың
жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін
жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да
тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату.
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын
берілген патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру
жолында саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу.
5.Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем
де нәзік сөз байлығын қолдана білуге , оны сезініп құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім
беру,іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір
методикалық талаптарға сүйенеді.
Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды
мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын болғандықтан, бұл
жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды көрсетелік. Ол талаптардың
негізгі бастылары мынадай:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің
жинаған материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп
іріктеуі қажет.
2.Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.Жұмыстың мазмұнды болуы да
материалды жинау , негізгілерін түсініп,іріктеп ала білуіне байланысты.
3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі
түрде баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып,
саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені
айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем
қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн.
4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп
іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. Мәншүк тексі бойынша мазмұндама
жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында беруге
тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай қателерге жол
бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті анализдеу,
синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн.
5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет
қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс.
6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада)
құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем келер
шақта тұрмасын.
7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын
сөздердің болғаны дұрыс.
8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға
тиіс. Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала
мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате
құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі.
Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын негізгі
методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу
барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл
деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану
процесі — сөйлеуді зерттейді.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: ...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен
шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін
адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды
ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның
жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың
арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз
тілде ойлану мүмкін емес.
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана
емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. Дағды
адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске шапшаң, шұғыл
кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам санасы қызметті
түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз етеді.
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл материалдарымен
ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын қалыптастыруды айтамыз.
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына
сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге көп
мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық ережелерді
сақтайтын тілді айтамыз.
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік.
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш
мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар өмір сүру
үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан қажеттерін
қанағаттандыруға тиісті.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш
жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы оның
тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-қатынасқа
итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. Алайда ойын
жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге мұқтажданды, яғни оны
анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін күш туды. Қажеттілігі мен
мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық пайда болды. Осы қайшылық баланы
тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. Адамның санасы да, тілі де
қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана
да болмас еді, — дейді академик Т.Тәжібаев.
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық
қажеттіліктер болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның өмір
тіршілігінің негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы және
эстетикалық ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге еңбекке,
адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін
тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік
қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты есейген
сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. талғап-
таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп танып, төртке
беледі.
Бірінші заңдылық бойынша, балалардың сөздік қоры бір-келкі дамымайды,
тілі шыға бастаған балалардың сөздік қоры өте баяу жетіледі.
Екінші зандылық бойынша сөздік қоры 300-ден асқан бала айналадағы
қоршаған дүниені білуге құштар болады да, тілді өте оңай игереді. Бұл
шамада 3-4 жасар балаларда (кейде 5-6 жасар балалар да) өте анық байқалады.
Үшінші заңдылық бойынша, сөздік қор белгілі бір шамаға жеткен
балаларда тілге қызығу пассив бола бастайды, олар қажетті сөздерді тез
ұмытып, қайта-қайта ескертуді талап етеді.
Төртінші заңдылық бойынша, тілді үйрену, сөздерді есте сақтау әрі
сапалы, әрі механикалық түрде болады.
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші
заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік
материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік
заңдылықтарына сүйенеді. Бастауыш сынып оқушыларының тілді тез және таза
меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру
қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады.
Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс
Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші
заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік
материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік
заңдылықтарына сүйенеді. балабақша балаларыларының тілді тез және таза
меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру
қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл болады.
Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл.
1.3 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері
Оқыту процесінің қоятын талаптарының бірі - оны көрнекі етіп жүргізу.
Көрнекі оқытудың негізгі мәні сабақты түсінікті етіп жүргізу үшін тиісті
құралдар пайдалану немесе сабақты тәжірибе қою арқылы өткізу.
Оқу материалдарыи сөз арқылы түсіндіру толық нәтижеге ие болмайды.
Өйткені бала мазмұнды құрғақ жаттап алса, онда ол мазмұнның қандай нақты
бейнелерді білдіретінін білмейді. Мұның себебі сабақ мазмұны нақты
көріністермен берік ұштастырылмағандығынан болып отыр. Тіпті ғылым
жетістігі болып табылатын жаңа ой-пікірлердің бәрі де, нақты бейнелердің
негізінде болмақ. Өйткені бала игеретін ұғымдардың бәрі де нақты
бейнелердің, кернекі оқытудың негізінде жүзеге асады.
Балабақша топтарында көрнекіліктердің жиі қолданылатын себебі баланың
ой-өрісі әлі қалыптаспаған, нақты бейнелерге сүйенуді қажет ететіндігінен
болады. Мысалы, сауат ашу кезеңінде А дыбысынын айтылуымен жазылуын жалаң
күйде түсіндіргеннен, алманы көрсетіп түрып, А дыбысынын, бұл сөздің
алдында және соңында келетінін ұғындырса, балалар тез қабылдайды.
Көрнекіліктің максаты - сол нәрселердің өзін ұғындыру емес, белгілі
материалды түсіндіруде тірек ретінде қолдануында болып отыр. Өйткені
баланың жас ерекшелігіне байланысты көрнекі тіректерге сүйенбейінше өз
бетімен оқу тапсырмаларын меңгере алмайды. Мұның себебі балада абстрактілік
бейнеге қарағанда нақты бейнені қабылдауға жеңіл болғандықтан, негізінде
соған сүйенеді. Бұл ерекшелік ересек топта ғана емес, балабақша
балаларының бәріне тән қасиет.
Сабақта кернекіліктерді үнемі көрсетс беру нәтиже бермеуіде мүмкін,
сондықтан оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып,
бірінен соң бірін алмастытырып отырған дұрыс. Егер тәрбиеші сабақ
материалын үнемі ауызекі баяндаса, онда бала миының белгілі бір орталығы
қатты қозуының салдарынан, ол тежелуге айналып, тез болдырады. Ал оқу
мазмұны үнемі алмасып, бірде сөзбен, бірде көрнекілікпен ұштастырылып
отырса, онда мидың бір алыбы ғана қозып қоймай, басқа орталықтары да
кезекпен кезек қозып, балалар сабақ барысында ұзақ мезгіл болдырмайтын
болады.
Сөз бен көрнекілікті қалайша ұштастыруға болады? Л.В.Занковтың зерттеу
нәтижелеріие қарағанда, негізінде оныц мынадай төрт түрі бар. Сөз бен
көрнекілікті ұштастырудьщ бірінші түрі.
Балалар көрнекілікті назар сала бақылай отырып, оның мазмұнын ашатын
мағлұматтарды өз беттерінше жинақтайды. Тәрбиешінің міндеті: бақылаған
кезде неге мән беруге бағыт беріп отыру.
Сөз бен көрнекілік ұштасуының екінші түрі. Көрнекілік мазмұнын
тәрбиешінің өзі баяндап шығады. Яғни, балалар мағлұматтарды көрсетілген
нәрселерден алмайды, тәрбиешінің әңгімесінен естиді.
Сөз бен көрнекілік ұштасуының үшінші түрі. Мұнда көрнекілікті бақылау
нәтижесінде алынған мағлұматтар мен осы жөнінде бұрыннан білетіндеріне
сүйене отырып түсіндіру. Бұл жағдайда бала бі.лімді көрнекіліктен ғана
алмай, өзінің бұрынғы білетіндеріне де сүйенеді.
Сөз бен кернекілікті ұштастырудың төртінші түрі. Төртінші жағдайда
мұғалім оқушылардың көрнекіліктен жинақтаған мәліметтері бойынша ой
қорытындысын жасауға ұмтылдырады. Балалардың ескермей, мән бермей кеткен
жерлерін ұстаз өзі толықтырып, айтып шығады.
Біздің ойымызша, балаларды бақылампаздыққа үйретуде осы тәсілдердің
ішінен сөз бен көрнекілік ұштасуының бірінші түрі негізгі рөл атқарады.
Себебі тәсілдің осы түрі көрнекіліктерді оқушылардың өздеріне бақылаттырып,
барлық мағлұматтарды өз беттерінше жинақтау дағдыларын қалыптастырады. Бала
осы тәсіл арқылы бақылампаздыққа ие болып, көрнекіліктің бірден көзге
көрінбейтін қасиеттерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Балабақша топтарында казақ тілінен берілетін білімнің мазмұны
негізінен екі саладан тұрады: біріншісі тіл білімі негіздерінен теориялық
мағлұматтар беріп, практикалық дағдылар қалыптастыру, екіншісі бала тілін
дамыту. Бұл екі сала бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, әрқайсысыныц
өзіндік ерекшелігі бар, сондықтан пайдаланатын көрнекі құралдарға да
өзгешілік тән. Қазақ тілінен білім беруге және байланыстырып сөйлеуді
дамытуға сараланған көрнекіліктердің ерекшеліктері олардың мазмұнын
салыстырған кезде дәл анықталады. Мысалы, кестелер (таблицалар) мен
схемалар әрі тіл материалын, әрі тілді дамытуға пайдалануға болады, алайда
басты міндеті - лингвистиканың ережелері мен заңдылықтарын игерту болып
табылады. Баланың көру және есіту түсініктері бірдей қатысқандықтан
теориялық материал жеңіл игеріледі.
Тілдік көрнекі құралдардын, басты мақсаты - ежелер мен заңдылықтарды
меңгертуде нақтылы сезімдік тіректерді қамтамасыз.ету. Ал бұл таяныш
қызметін тек сөз ғана емес,сонымен бірге, тілдің ең кіші бірлігін
білдіретін морфема да пікір алуы мүмкін.
Балабақаша балаларын қазақ әдеби тіл нормаларын игерту тілдік тәжірнбе
(практикалық) сабақтарында жүргізіледі. Тіл дамытуға арналған көрнекі
құралдардың маңызды қызметінің бірі - белгілі бір тілдік материалдарды
пайдаланып сөйлеуге (не жазуға) итермелейтін түрткі болуында яғни тілдік
ситуация туғызуында.
Сабақта балаларды сейлеуге (ауызша, жазбаша) ынтасын арттыратын
түрткінің (себептің) бірі-сурет, егер сурет эстетикалық талапқа сай ашық та
айқын орындалған болса, оның тақырыбы мен салынған бейнелер бағдарлама
талап еткен грамматикалық форма мен конструкцияға сай болып келсе, оның тіл
дамыту жұмысында ойдағыдай нәтиже берері сөзсіз.
Осы талаптарға сәйкес бала тілін дамытуға арналған көрнекі құралдың
жаңа түрі-үлестірмелі суретті картиналар. Мұнда материал тақырыбына сай зат
немесе құбылыстың бейнесі, сонымен бірге белгілі бір сөздің мағынасын
анықтап, оны дұрыс та дәл қолдану дағдыларын қалыптастыруға, оқушының
сөздік қорын байытуға байланысты тапсырмалар енеді. Картинадағы берілетін
сұрақ тек лексикадан ғана емес, сонымен бірге тіл білімінің басқа да
салаларынан болуы ықтимал. Келесі тіл дамыту көрнекі құралдың бірі -
диапозитивтер. Диапозитивтер де бейнелі материалдар жиынтышнан тұрады. Оны
пайдаланудағы басты мақсат: сауатты жазу дағдыларын қалыптастырумен бірге
ауызша тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, байланыстырып сөйлеуін
қалыптастыру.
Балаларға берілген тапсырма көрсетілген әрбір кадр мазмұнын сөз арқылы
дұрыс та дәл суреттеуді талап етеді. Бұл тапсырманы орындау әдеби тіл
нормаларын қаншалықты меңгергендіктерін тексеруге мүмкіндік туғызады.
Соңдықтан әрбір кадрлық мазмұнын ашуға ондағы бейнеленген зат не
құбылыстарға байланысты игерілген тіл материалдарын сарқа пайдалану мақсат
етіледі. Тәрбиеші кадрларды бірінен соң бірін көрсете отырып, балалардың
біріне кадрлардағы іс-әрекет барысын өткен шақта, екіншісіне осы шақта
баяндап беруін тапсырады. Нәтижеде балалар тілдік материалды (етістіктің
шақтары) практикада пайдалану арқылы тереңірек түсінеді, әрі байланыстырып
жүйелі сөйлеуді меңгереді.
Тілдік көрнекі құралдарды сабақтарда пайдалану тіл дамытудың
психололгиялық негіздеріне сәйкес келеді, ұзақ мерзімдік естің дамуын
жеңілдетеді, өйткені белгілі бір оқу кезеңінде актив сөздік қорына енетін
лексикалык материалмен жүйелі түрде жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға арналған сабақтар тіл дамытуға
арналған көрнекіліктерді пайдалануға болғанымен, бұл құралдар мазмұны мен
мақсаты жағынан ер-окіиеленеді, өйткені бұл көрнекіліктер оқушының басқа
машығы мен дағдыларын қалыптастыруға арналған.
Байланыстырып сөйлеудің басты мақсаты мазмұндама мен шығарма жаздыру
ғана емес, сонымен бірге нақтылы тілдік шеберлікті қалыптастыру мақсат
етіледі, ең алдымен тақырыпты түсіну және ондагы негізгі іс-әрекет пен
оқиғаны әр түрлі жанрда (хабарлау, суреттеу, пікірлеу) жеткізу болып
табылады.
Суреттеу жұмысының нәтижелілігі сипатталған іс-әрекеттің бағыт-
бағдарын белгілеп білуге сипатталатын зат пен құбылыстың өзіне тән
ерекшелігін айқындау мен оған деген өзінің қатынасын білдіру дағдыларын
қалыптастырумен тығыз байланысты. Аталған дағдыларды орнықтыру сурет,
картина, сюжетті суреттер (ол сөз арқылы суреттелетін зат не құбылысты
қайтадан қарап шығуға мүмкіндік береді) және кинофильмдер үлкен рол
атқарады.
Егер көрнекі құралдар балабақша бағдарламасы озат тәрбиешілер мен
ғалымдардың сынынан өткен әдіс тәсілдерімен және қазақ тілі мен ана тілі
пәндеріне арналған оқулықтармеи тығыз байланысты болса, онда олар
байланыстырып сөйлеудің дамуына игі ықпалын тигізері анық. Бұл әдістеме тіл
шеберлігін қалыптастырудың бірнеше кезеңін белгілейді, әр кезеңнің өз
міндетіне сәйкес бірнеше жаттығу түрлерін ұсынады, атап айтқанда, үлгіні
талдау, дайындық (аналитика-синтетикалық) жаттығуларды және өзіндік
шығармашылық жұмыстар. Көрнекі құралдар тіл дамытуды қалыптастырудың барлық
кезеңдеріне пайдаланылады, бірақ әр кезеңнің мақсатына қарай әр түрлі
қызмет атқарады: айтылыстың үлгісін береді немесе оны өздігінен құруға
түрткі (себеп) болады. Түркі рөлін әр түрлі көрнекі кұралдар атқаруы
мүмкін. Байланыстырып ауызша сөйлеу үлгісі ретінде де негізінде дыбыстық
жазулар (звукозапись) пайдаланылады. Егер ауызша айтылыстың әр түрлі
композициялық формаларын қамтумен шектелмей (ауызша пікір айту, суреттеу,
әңгімелеу), дыбыстық жазуда ашық та айқын ауызша сөйлеу амалдары арқылы
әрқилы эмоциялық күйді жеткізумен сипатталса, ол бұл қызметін ез
дәрежесінде орындап шығады. Дайындық жаттығу кезеңінде оқытудың бұл
амалдары белгілі бір шеберліктің қалыптасуына және әр түрлі композициялық
жанрдағы шығармалармен жүргізілетін жұмысқа қажетті теориялық мәлімет алуын
жеңілдетуі тиіс. Ол мақсатта оқытудың әр түрлі амал әрекеттері пайдалануы
мүмкін, оның ішінде дыбыстық, экрандық, бірақ олардың мазмұны нақтылануды
қажет етеді. Мысалы, әңгіме құрау үшін кез келген диафильм көздеген
мақсатқа жеткізе бермейді, сюжет құрылысында оқиға дамуының негізгі
кезеңдерінін байланысын анықтауға мүмкіндік тудыратындары ғана пайдалы
болмақ.
Тілдік ситуация туғызуды мынандай түрлерін атауға болады: сөз арқылы:
(грампластинка мен магнитофон таспасына жазылғандары да), бейнелер
(картина, диапозитив ка-дрлары, субтитрсыз диафильмдер, дыбыссыз
кинофильмдер): беішелеу мен сөз (субтитрлі диафильмдер): бейнелер мен
дыбысты сөз (дыбысты кинофильмдер).
Кинофильм - тіл дамытудың ең маңызды құралы. Өйткені онда бейне мен
дыбысты сөз үндестік тапқан, бейне әрекет үстінде болып, дыбыстық сөз
музыкамен толықтырылады. Алайда тіл шеберлігіне қалыптастырудың қорытынды
кезеңінде көргені мен естігенін және оған деген өзінің көзқарасын баяндап
беруге ықыласын тудыруға түрткі (себепші) болып қана қоймай, сонымен бірге
шығармашылық ізденіске және оны жеңілдетуге жағдай жасайтын көрнекілік
қажет. Ауызша мазмұндауға жаттықтыру мақсатында кысқа да қызғылықты
сюжетті, ашық та айқын дауыс ырғақты хабарлау жанрында дыбыстық жазуға
түсірілген мәтіндер пайдаланған тиімді, Ал ауызша әңгіме құрастыруға
хабарлау жанрында түзіліп, оқиғаның ең қызықты да шешуші жерінен үзіліп
аяқталмаған сюжетті мәтінде, тыңдаушысын шығармашылық қиялға жетелейтін
дыбыстық жазбалар пайдаланылады. Әңгіме мазмұны жас авторға оқиға желісін
жаңаша вариантты дамытуға әрі логикалық жүйеде аяқтауға нұсқауы тиіс.
(Мысалы, қайғылы немесе қуанышты шешіледі).
Әңгіме түзуге жаттыру жұмыстарыньщ әрбір кезеңіне арналған диафильмдер
өзінің мазмұны меи құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Алғашқы дайындық
жаттығулары үшін құрылысы жағынан мінсіз, қызықты сюжет пайдаланған дұрыс.
Әрбір кадрға сөз арқылы түсінік беріліп, ондағы іс-әрекет пен оқиғаның даму
кезеңдерінің байланысын түсіндіріп отырылады: бейнелі материалды тұтастай
қабылдауды жеңілдетеді.
Балалар әңгіме айту қажеттілігін тудыратын түрткі болатын
көрнекіліктің бірі - кинофильм. Оның өзіне тән ерекшелігі: сюжеттік
құрылысы мен кейіпкердің дыбыстау (сөйлеу) мүмкіншілігі және музыкалық
сүйемелдеуіне байланысты көрінеді.
Әрбір бала тілін дамытуға пайдаланатын көрнекі құралдардың (экранды,
дыбыстық құралдар) өзіне тән мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндіктерді
көрнекілікті жасауда ғана емес, оны пайдалануда да үнемі естен шығармаған
жөн. Дыбыстық жазба құралдарын пайдаланғанда мәнерлі де әсерлі сөйлеу басты
назарда болады. Сондықтан оқушыларға дыбыстық жазбаларды тьщдатқанда ондағы
сөйлеу тонына (әңгімедегі негізгі ойға оның сай немесе сай еместігі),
сөйлеу темпіне (оның іс-әрекет динамикасын беру мүмкіншілігі), дыбыстнң
күшіне (опың сөйлеушінін, хал-жағдайына тәуелділігі және баяндалып жатқан
оқиға мен іс-әрекетке қатынасы) көңіл аудару керек.
Берілген тапсырма белгілі бір кезеңдегі тілдік дағдының қалыптасуыиа
сай беріледі, сондықтаи оқушылардың қолы жеткен шығармашылық деңгейі үнемі
мұғалімнің талап биігімен арайлас болғанда ғана тіл дамытуда жетістікке
жетуге болады.
Көрнекі құралдарды пайдалану барысында мұғалім көрсетілген зат пен
құбылысты (немесе оның бейнесін) сөзбен сипаттауды ұштастырып отыруы тиіс.
Өйткені сөзсіз көрнекілік мылқау.
Сезім мен сөздің осылайша үлесуі — балалардың жекеден жалпыны,
жалпыдан жекені танудың алғы шарты.
Тәрбиеші сөз арқылы заттың белгілері мен бір бөлшегін ғана
таныстырмайды, сонымен бірге оның өзіне тән ерекшеліктерін айтып
түсіндіреді. Мұғалім сөзінің кернекі құралға қарағанда мүмкіншілігі мол,
өйткені ол көрнекілік авторы ескермей кеткен қажетті детальдарды толық
қамти алады.
Бұрыннан таныс материалды түсіндіруге белгілі бір көрнекі құралды ұзақ
уақыт көрсетуге болмайды, өйткені материалды талдау нәтижесінде жинақталған
ой қорытындысынан оқушының өз бетінше заттың образын жасауына кедергі
келтірді.
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттардың (үй жиһаздарының, жан-
жануарлардың, құстардың, өсімдіктер мен жәндік-тердің аттарын т. б.) суртіи
көрсету арқылы сөз деген ұғып түсіндіріле бастайды. Мұндай сабақтарда үй
жиһаздарының аттары да (сандық, жүк аяқ, кереует, кілем, тұскиіз т.б.) адам
аттары да (арыстан, қасқыр, түлкі т.б.), адам аттары да (Марат, Ербол,
Динара т.б.) аралас айтылып, таныстырыла береді. Нәтижеде балабақша
тәрбиеленушілеріне қойылатын негізгі методикалық талаптардыц бірі -
жүйелілік принципі бұзылады. Осының салдарынан оқу жұмысына әлі төселе
қоймаған жалпы ой-өрісі мен түсіну деңгейі қалыптаспаған сәбилер үсьшылған
материалды қабылдай алмайды.
Аталған олқылықты болдырмау үшін сәбилердің сөздік қорын дамытуға
арналған сабақтарды жүйелілік принцип негізінде жүргізілетін логикалық
жаттығулармен жетілдіру керек болады. Басқаша айтқанда, сөз ұғымын үйрету
кез келген заттарды не олардың суреттерін араластыра ретсіз көрсету аркылы
емес, ондай таным көзі заттарды белгілі топқа, класқа бөліп, сөздерді
топтарымен таныту арқылы, яғни жүйелілік принципімен үйретілетін болса ғана
тиімді нәтиже бермек.
Балабақшада сөз үйрету тақырыптары мектеп жасына дейінгі балалардын ой-
өрісіне сай, олардың өздеріне жете таныс заттар мен құбылыстардың аттарын
білдіретін сөздерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды есептерді шешуге үйрету
Естиярлар тобында сурет салу
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
Балаларды есептің құрылымымен таныстырудың методикалық әдістері
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Пәндер