Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
І. Кіріспе
1. Нашақорлық
2. Есірткінің түрлері
3. Нашақорлық . тұңғиық түбі
4. Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.
5. Нашақорлық . қоғам дерті
6. Нашақорлық және маскүнемдік.
7. Нашақорлық . ғасыр дерті
9. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
ІІ. Қорытынды
ІІІ.Қосымша
1. Нашақорлықпен күрес бағытындағы нәтижелі шаралар
2, Оралда жастар арасында нашақорлықпен күрес мәселесіне арналған дөңгелек үстел отырысы болды
3. Нашақорлықпен күрес қарқынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Есірткі туралы эллигияға қоғамның үйреніп алғаны сонша тіпті селт етпейтін де болды. Бұдан он шақты жыл бұрын нашақор, наша сатушы, наша шегіп ұсталыпты дегенді естігенде дүрлігіп қалушы еді. Тарихты түгескен Геродот өзінің бір жазбасында қара теңіздің солтүстігінде Дон мен Дунайдың арасын жайлаған Скиф тайпаларының тіршілігіне тамсанғандығы белгілі. Сондағы ой олардың ортаға от жағып, оған қарасоры дәнін тастап, оның исіне елітіп, ләззат алғандығын жазады. Мұны қазіргі тілімізде Марихуанна дейміз.
Әрине о баста бұлар есірткі ретінде ашылған жоқ. Дәрігерлердің мұндағы мақсаты науқастың ауруын басатын әсіресе күштірек дәріні ойлап табу болғандығы айтпаса да түсінікті. Бір қызығы сол химиялық жолмен алынатын есірткілердің барлығын делік иелері аян. Мәселен, 1803ж. неміс ғалымы Ф.Сертюкер апиыннан морфи алуды ойлап тапса, ал 1898ж. оның отандасы Г.Дрезер әсіресе естен тандыратын Героинді дүниеге әкелді.
Әлемді жайлаған есірткі дерті адамзат баласын түгел алаңдатып отыр. Оның жолына тосқауыл боларлықтай не дуал, не қорған жоқ.
Осы бір қатерлі жұлынқұрт жылжып отырып, елімізге де жетті.
Қазақстандағы есірткі жағдайының ахуалы негізінен Орта Азия аймағында оның орасан өршігендігіне байланысты болып отыр.
БҰҰ мәліметіне қарағанда үстіміздегі жылы Ауғанстанда өндірілген апиын көлемі 5000 тн, ал Героин көлемі 500 тн. жеткен. Соның ⅓ Ресей мен еуропа елдеріне Қазақстан арқылы тасымалданғанда қаншасы еліміз аймағында қалып қоятындығын ойлаудың өзі үрей туғызады.

1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»
4. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы
күрестiң 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 27 мамырдағы N 784 Қаулысы
5. Баландин А., Баландина Л., Джанибеков В. Самые опасные наркотики. —
Изд. «Гроссмедиа», 2008
6. Сердюкова Н. Б. Наркотики и наркомания. Ростов н/Д., 2000
7. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25 Жастар арасындағы нашақорлық
мәселесі туралы. 08.07.2003
8. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Есірткі туралы эллигияға қоғамның үйреніп алғаны сонша тіпті селт
етпейтін де болды. Бұдан он шақты жыл бұрын нашақор, наша сатушы, наша
шегіп ұсталыпты дегенді естігенде дүрлігіп қалушы еді. Тарихты түгескен
Геродот өзінің бір жазбасында қара теңіздің солтүстігінде Дон мен Дунайдың
арасын жайлаған Скиф тайпаларының тіршілігіне тамсанғандығы белгілі.
Сондағы ой олардың ортаға от жағып, оған қарасоры дәнін тастап, оның исіне
елітіп, ләззат алғандығын жазады. Мұны қазіргі тілімізде Марихуанна дейміз.
Әрине о баста бұлар есірткі ретінде ашылған жоқ. Дәрігерлердің мұндағы
мақсаты науқастың ауруын басатын әсіресе күштірек дәріні ойлап табу
болғандығы айтпаса да түсінікті. Бір қызығы сол химиялық жолмен алынатын
есірткілердің барлығын делік иелері аян. Мәселен, 1803ж. неміс ғалымы
Ф.Сертюкер апиыннан морфи алуды ойлап тапса, ал 1898ж. оның отандасы
Г.Дрезер әсіресе естен тандыратын Героинді дүниеге әкелді.
Әлемді жайлаған есірткі дерті адамзат баласын түгел алаңдатып отыр.
Оның жолына тосқауыл боларлықтай не дуал, не қорған жоқ.
Осы бір қатерлі жұлынқұрт жылжып отырып, елімізге де жетті.
Қазақстандағы есірткі жағдайының ахуалы негізінен Орта Азия аймағында
оның орасан өршігендігіне байланысты болып отыр.
БҰҰ мәліметіне қарағанда үстіміздегі жылы Ауғанстанда өндірілген апиын
көлемі 5000 тн, ал Героин көлемі 500 тн. жеткен. Соның ⅓ Ресей мен еуропа
елдеріне Қазақстан арқылы тасымалданғанда қаншасы еліміз аймағында қалып
қоятындығын ойлаудың өзі үрей туғызады.
Нашақорлық
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa –
ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың
нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге
олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың
балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық
тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң
қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада,
Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан
айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай,
Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-
ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы атты халыққа
жолдаған жолдауында: Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң
жазалау қажет ... ...
Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде
гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны
жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның көмегімен қиылған
есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс
жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы
жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша
белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы
мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік
жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың
есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас
бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін -
15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш
көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін
бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде
адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір
бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар
ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын
пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға
дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен
байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін
міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам
қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы
есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге,
әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет.
Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі
жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар,
дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз
керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты
біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге
қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты
аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі
иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және
нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Есірткінің түрлері
Токсикомания
Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір
формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын
ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық
желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде
негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған
сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі,
салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке
жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты
ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға,
комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана
Марихуана– кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл,
қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген
елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле
береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда,
ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды,
одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен
әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі,
онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің
дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы
төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері
ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен
СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес
есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу
үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін
аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге
болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан
құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және
көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін
енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын
кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем алуының
бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази
Экстази– 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада экстази
таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған
эффект ашылды. Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты
күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады.
Экстази 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда Экстазиден
қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына
саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған
кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады,
тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Нашақорлық – тұңғиық түбі
Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған
асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір
сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық.
Байлық әрқашан денсаулықтың теңі бола бермейді. Сол денсаулығымызға
кейбір залалды нәрселер әсерін тигізуде. Айдаһардың үш басындай арақ,
темекі, наша - ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері.
Нашақорлық-тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы.
Дүниежүзі елдерін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып
барады. Бұл жұқпалы ауруға Қазақстан да шалдыққан. Тіпті ол уақыт озған
сайын асқынып бара жатыр. Неге? Оның әр түрлі себептері бар. Менің ойымша,
ең негізгісі - жоқшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық. Кейінгі есірткілік
заттарды қолданатындардың басым көпшілігі - мектеп жасындағы бойжеткендер
мен бозбалалар. Оның себептері әр түрлі. Біріншіден, олар өз-өздеріне есеп
беріп жатпайды. Өмірдің не екенін әлі жете түсінбейді. Екіншіден, бұл жаста
әр нәрсеге еліктегіш, тез бейімделгіш келеді. Адам болған соң әркімнің
мінезі де әр түрлі болады емес пе? Осы мінезден болашағына емес, бір күндік
рақат-ләззатқа, қызыққа еліктеп шоқ басқанын өзі де білмей қалады. Ал
есірткінің қарамағына бір іліксең, одан аман-есен құтылып шығудың екіталай
екендігін ата-аналарымыз, ұстаздарымыз қаншама айтып, теледидар, газет-
журналдарда көрсетіліп, жазылып жүр. Нашақорлардың өмірі көбінесе қайғы-
қасіретпен аяқталатынын естіп, көріп те жүрміз.
Нашақорлық дертіне шалыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге
түседі. Өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының,
қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде
нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге
жасырын емес.
Әркімнің ата-анасы - әулиесі емес пе? Мұхаммед пайғамбарымыздың
хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. Әуелі анаңа,
тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса,- делінген
онда. Өкінішке орай есірткінің құрығына іліккен жастардың ата-анасының
қасіретін сөзбен жеткізу қиын.
Тәуелсіздік алып, шет мемлекеттермен байланысымыз нығайып келеді. Абай
атамыздың Үйрен де жирен сөзін тура түсінетін адамдар қолдарынан келгенше
батыстан, одан қалса Шығыстан үйренуде. Қазақстандағы нашақорлардың саны
тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда 5-6 есе өскенін немен түсіндіруге
болады?
Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, апиынға үйрет! деген сөзді ата-
бабаларымыз айтқанын үлкендерден естіген едім. Неге бұлай ащырақ айтқанын
өзімше түсінгенім: әкесін өлтірген адамды ешкімде алмасы анық. Оның құны да
өлшеусіз. Сондықтан әкесін өлтірген адfмның баласын апиынға үйретіп,
аздырып-тоздырып, тұқымын жойып жібермекші. Бұл ата-бабаларымыздың ескерту
үшін айтқан сөзі сияқты. Қазақстанда нашақорлық тарату ісінің кеңірек етек
алуына жағдай жасайтын немесе сол іске тікелей қатынасы барлардың балалары
бар ма екен деп ойлаймын. Бар болса сақтандыру ретінде айтқан
бабаларымыздың ащы дауысын естісе деймін. Баласының болашағы – елінің
болашағы емес пе?! Сондықтан мұндай жолдан аулақ болу керек. Өзің ғана
емес, өзіңнің жолдас-жораларыңды да аулақтату парызымыз екенін
ұмытпағанымыз абзал.
Жас, бойында күш-қуаты мол адам ғана пайда келтіреді. Ауру, нашақор,
маскүнем жандар ешкімге де керек емесі аян. Сондықтан да аз ғұмырды өзіңе
де, өзгеге де пайдаң тиетіндей етіп өткізу керек.
Нашақор, маскүнем жандар – отбасы мен сол қоғамда өмір кешіп отырған
есті адамдар қателігі деп білемін. Көптеген отбасы ата-аналары осындай
жаман қылықтарға салынып, өз өмірін жалғастырушы ұрпағына көңіл бөлмей,
оларды аздырып отыр. Қоғам оларды ерте анықтап, оның ұрпағының азбауына жол
бермеуі керек болса да, ол міндетті әлі де болса дұрыс атқара алмай отыр
деп ойлаймын.
Адам барлық жағынан толық қамтылған болса, қорғалған болса бұл сияқты
жандар болмас еді. Әр азамат пен азаматшаның денінің сау болуы өзіне де
байланысты.
Олай болса, денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден
аулақ болайық.. Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-
өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін
жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау
болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Нашақорлық, қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас.
Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күресек, алынбас
қамал жоқ.
Ашық аспанымызға қара бұлт төңірген заман кеселдерінен арылу, арылту –
көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Біз салауатты өмір салтын қалаймыз.
Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, спортпен айналысып,
зиянды нәрселерден аулақ болуымыз керек.
Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда,
өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор
ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық!
Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын
барлықтарыңызды!
Салауатты өмір салты – біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан, әрине,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын қазынамыз. Осы, қазынамызды тұңғиық түбіне
батырмайтық, нашақорлық-тұңғиық түбі.
Өмір атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз-шетсіз ғарыш
кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін
жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік достар!
Нашақорлық - барлық қылмыс пен қатыгездіктің, мейірімсіздік пен
дінсіздіктің негізі. Еліміздің экономикасы артқан сайын, есірткімен күрес
қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл дертке шалдыққандардың басым
көпшілігі жастар. Яғни, нашақорлардың 60 пайызын бірнеше рет көзге түскен
жастар құрайды. Ал, жасырын түрде есірткі қолданып жүрген жастар қаншама?
Осы қасіреттен талай жастар жас ғұмырларын азаппен өткізіп қана қоймай,
көктей солып, жарқын өмірлерімен мезгілсіз қоштасуда. Қазіргі таңда
нашақорлар тек олардың ата-аналары мен туысқандарына ғана емес, бүкіл
қоғамымыздың қаупі мен қасіреті болып, асқынып барады.
Адамдарға көбінесе өскен ортасы мен айналасындағы адамдар ықпал етеді.
Ол ортадағылар көргенді, тәрбиелі отбасынан шыққан неғұрлым сауатты,
ерік-жігері мол, өрескел - ерсі істерден бойын аулақ ұстайтын,
құмарлыққа бой алдырмайтын жандар болса мұндай ортаның адамдары есірткі
атаулыдан әрдайым аулақ жүреді.
Есірткіге құмар адамдар - олар ауру адамдар. Есірткінің дәмін татып,
оның бір сәттік алдамшы ләззатына бой алдырып, тәуелді болып, нашақор
атанған адамдар ақыл-ой, сана - сезім, ар-ождан, намыс-ұят секілді адами
қасиеттерден жұрдай болып, өзі түскен шыңыраудан шығатын күш - қайрат таба
алмайды. Осындай жаман әдеттер хақында дана халық Ауру қалса да әдёт
қалмайды десе, Әл-Фараби Ауру, жаман мінез - құлық -рухани кесел деп
көрсеткен.
Есірткі пайдаланатың тұлғалар жас ерекшілігіне қарай бірнеше топтарға
бөлінеді:
1-ші топты 14-20 жас аралығындағы тұлғалар құрайды, олардың
психологиялық ерекшіліктері балалық шақтан өткен соң сыртқы орта
жағдайларының өзгеруіне бейімделе алмау салдарынан есірткі заттарды
пайдалану болып табылады. 2-ші топты 20-30 жас аралығындағылар құрайды,
мұндай адамдарға материалдық және әлеуметтік жоспарлардың тым баяу жүзеге
асырылуына наразылық білдіру тән. 3-ші топқа 30-50 жас аралығындағы жасы
келгендер кіреді, олар сырт көзге табысты адам ретінде көрінуі мүмкін,
алайда өмірге көңілі толмау, қатты дағдарысқа ұшырау салдарынан есірткі
заттарын қолданады.
Нашақорлық, маскүнемдік, карта басқа да құмар ойындарға әуестенушілік
адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындататын қылықтар. Есірткі пайдалану
салдарынан адамның тұрмыстық және қаржылық жағдайы төмендейді. Есірткіні
қолдану барысында ағзаның барлық органдары мен жүйесі зақымданады: орталық
жүйке жүйесі
бас миының қызметінің бұзылуына әкеледі, осыдан ашушаңдық, ұйқысыздық, бас
аурулары пайда болады. Есірткісіз -тұра алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша
табу үші қылмыс әлемінің қара жолына қалай түскендерін өздері де аңдамай
қалады. Мен қызмет ететін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі
комитеті басқармасының ЖД 1582 мекемесінде 272 жаза өтеуші Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 259 бабымен сотталғандар, яғни көпшілік
тілімен айтқанда, есірткі заттарды пайдаланғандар, сатып - тасыған адамдар.
Өз бетімен емделе алмайтындарға сот үкімі бойынша Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 93-бабы және Қазақстан Республикасы Кылмыстық-атқару
кодексінің 1б-бабы бойынша 6 айға мәжбүрлеп емдеу тагайындайды.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің міндеті - бас бостандығынан айырылған
адамдардың бұзылған психологиясын қалпына келтіру, қылмысына
жауапкершілігін арттырып, түзелу жолына түсуіне көмектесу. Сотталғандармен
жұмыс істеу оңай емес. Олардың мінез-құлықтары сан алуан. Есірткіге
әуестенгендер ішінде тәрбиеге көнбей, қанша жерден қоғамнан оқшаулап, тар
қапаста ұстаса да, қанға сіңіп, дағдыға айналған дерттің құмарлық
шеңгелінен оңайлықпен құтыла алмайтындары да бар. Бірақ, қателігін түсініп,
есірткісіз жаңа өмірге талпынушылар саны да көп. Сотталғандармен
жүргізілген әңгіме барысында, олардың есірткіге құмарланып, тәуелді болу
жолдары әр қилы, біреулер шетелдік кинолар мен түнгі компьютер клубтарында,
сауықханаларға барып, еліктеу, әуестену арқылы бой алдырса, енді біреулері
күнделікті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларының нашарлауын сылтау етіп алға
тартады, келесі біреулері өз ортасы мен отбасында орын алған келеңсіз
жайттар мен келіспеушіліктен іштей күйзеліске түсіп, соны ұмыту үшін
есірткі пайдаланғанын айтады. Ал, енді біреулері бір мезгіл тынығып, көңіл
көтеру үшін кішкене мөлшерде есірткі пайдаланғанның зияны жоқ деп
есептегендер. Бұл, әрине қате пікір. Есірткіні бір рет пайдаланып, дәмін
татқан адам оны міндетті түрде тағы да қолданады. Бара-бара тәуелді болып,
қалай нашақор болғанын білмей қалады. Мысал, келтіретін болсақ сотталған А.
Абдиев толық материалдық жағдайы өте жақсы жанұяда өскен. № 45 мектеп-
гимназиясында білім алған, мектепте жақсы оқыған бос уақытында өзінен үлкен
көрші балалармен араласып, бір рет қызығушылықпен есірткінің дәмін тартып
көрген, екінші рет жолдастары көндірген, соңында есірткі алу үшін ұрлық
жасап түрмеге түскен. Осы сияқты мысалдар көп.
Есірткіге әуестенушіліктің бір тамыры - СПИД дертіне ұшырауға әкеледі.
Мекемеде жазасын өтеп жатқан СПИД ауруымен ауыратын сотталғандардың көбісі
- әбден есірткі ауруына шалдыққан адамдар. Есірткіге тәуелділер тек өзі
ғана емес, өзі түскен шыңырауға өзімен қоса тағы да бірнеше адамды қоса ала
кетеді. Адам жалғыз өзі адаспайды. Адасудың қауіптілігі сонда, әр адам
адасқан кезде өзінің адасуын айналасындағыларға да таратады - деп ұлы
философ Сенека айтып кеткен. Сондықтанда өмірде өз жолынан адасқандарға қол
ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесейік.
Алакөл жастары нашақорлыққа - қарсымыз атты акциясы нәтижелі өтті.
17.06.2011 жылы Алакөл ауданының орталық алаңында Алакөл ауданы
Әкімдігі және Әділет басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен Біз
нашақорлыққа қарсымыз атты акциясы, қала және ауылдық округ жастары,
мектеп оқушылары мұғалімдерінің, мекеме басшыларының, БАҚ өкілдерінің және
облыстық Жетісу ТРК қатысуымен өткізілді.
Акцияға қатысушылар салтанатты жиын ашылу қарсаңында Алакөлдік
жастар нашақорлыққа қарсы айдары аясында мектеп оқушыларымен
ұйымдастырылған сурет көрмесімен танысып, арнайы комиссия өз бағаларын
берді.
Аталған жиынды Алакөл ауданы Әкімінің орынбасары С.Д. Меңлібаева
ашып, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысуға
нашақорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырды.
Жиында Алакөл ауданының Әділет басқармасының бастығы Қ. Байболов
Нашақорлық ғасыр -деріт деген тақырыпта баяндама жасап, баяндамада
қазіргі кезеде қоғамдағы нашақорлықтың алып отырған орны, адамзат
баласының одан тартып отырған қайғы - қасіреттері туралы, жастарды бүгінгі
күннен бастап отбасынан, мектеп қабырғасынан нашақорлыққа қарсы тұру және
алдын алу мәселері бойынша түсініктемелер беріп, жастарға салаутты өмір
салтының сақталуының қамқоршысы болу әр қайсымыздың жауапты міндетіміз,
нашақорлыққа қарсы күресті жалпы халық болып жүргізуіміздің қажет екендігін
атап өтті.
ІІБ жасөспірімдер ісі бойынша инспекторы Жадра Қасымова сөз сөйлеп
қазіргі қоғамда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық
бұзушылықтар туралы хабарлама жасап, жастарды нашақорлық шылым шегу -
сияқты жат мінездерден аулақ болуға шақырды.
Алакөлдік жастар нашақорлыққа қарсы айдары аясында мектеп
оқушыларымен ұйымдастырылған сурет көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау
рәсімі өткізіліп, соңынан концерттік бағдарламаға жалғасты
Нашақорлық-қоғам дерті
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде
жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге
жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп
отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш
тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз
ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар
және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге
қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі
қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де
шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес
екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің
ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар
да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған
кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан
тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру,
екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға
кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу
жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек.
Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен
әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар
сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге
қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып
жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар
тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі
полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра
пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп
болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге
ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен
ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап
табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай
тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі
тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық
арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару
қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту
қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға
тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын
насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп
пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да
есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың
қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.
Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына
сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды
қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап,
жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет
есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол
ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады
делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі
де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын
әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым
кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік
беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда
пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей
сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам
ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын
препараттарды қолданатын.
Нашақорлық және маскүнемдік.
Ғасыр дертіне айналған нашақорлық және маскүнемдік халқымыздың
өмірі мен денсаулығына да үлкен зиян тигізуде . Қазір елімізде есірткі
заттары астыратын айналымнан тонналап алынатын болып жүр.
Өкінішке орай улы шөпті тұтынушылар жылдан жылға көбейіп келеді.
Олар өздерін қор етіп қана қоймай , жасөспірімдерді де есірткіге
үйретіп , өздерінің қатарына қоса алады. Осы нашақорлықты ауыздықтау былай
түрсын , есірткінің таратылуын тоқтатудың өзі қиын болып түр. Бұл кәсіппен
күнін көре алмай жүргендер емес , ашкөздікке , азғындыққа салынғандар
айналысады. Бір өкініштісі бұларға деген заң қатал емес. Сондықтан да болар
олар өздерін еркін ұстайды. Бұл қауіпті кеселдің даму мүмкіндіктерін жою
үшін есірткіні әкелу , таратуға қолданатын жазаны қатайту және осыған
байланысты ең ауыр жазаны енгізу керек деген де пікірлер бар.
Кейбір елдерде нашақорлық үшін өлім жазасын белгіленген . Оның
қоғамнның басқа дені сау мүшелерін қасиетті іс, заңды жаза деп есептейді.
Олар нашақорлықтың нәубетін көріп , одан құтылу үшін , ұлтын қорғау үшін
амалсыздан осындай қадамға барып отыр.
Осы бізде де құдай мөлдіретіп жаратқан ой-санаңды , ақыл
парасатыңды аздыратын , алпыс екі тамырыңды улап , қасіретке ұрындыратын ,
төрт мүшеден кем етіп , бейшара күйге түсіретін нашақорлық ішімдікке
әуестік ,темекіге құмарлық секілді жат қылықтан жас ұрпақты қайтсек аман
алып қаламыз деген мәселе аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Осындай
ақыл – ойыңды ойран ететін қатерден елдің ертеңі болып саналатын жастарды
сақтап қалу жолында Отанымызда атқарылып жатқан игі шаралар аз емес.
Елбасы Қазақстан 2030 жылға дейін даму стратегиясында есірткі
заттарын өткізіп бизнес жасайтындарға жазаны қатайту туралы Есірткі - өте
ерекше және түпке жететін сала , сондықтан бұл жерде адамгершілік
принциптерінің қандай дәрежеде қолданылу үлкен мәселе . Тараздың бір
басында оны әкеліп тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның
көмегімен қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр, - деп ашық
айтылған еді.
Сондықтан бұл кәсіптің түбіне балта шабу үшін барлығымыз бір
ауыздан бірігіп осы кәсіппен айналысатын адамдарға қарсы жұмыс атқаруымыз
керек, сол кезде біздің болашағымыздан жақсы үміт, жақсы, таза, тыныш,
бақытты өмір күтуімізге болады.
Маусымның 26-ы күні Халықаралық нашақорлықпен күрес күні. Мамандардың
айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда нашақорлық ұлт денсаулығына қауіп
төндіріп тұрған өзекті мәселеге айналды. Елдің геосаяси жағдайының
ерекшеліктері, заңның әлсіздігі және т.б. жағдайлар нашақорлықтың әрі қарай
өсуіне қолайлы жағдай туғызып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлар саны 57 мың
адамға жеткен. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелері жөніндегі
республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz