Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы



1 Оғыз мемлекетінің құрылуы
2 Оғыздардың тайпалық құрамы және коғамдық құрылысы.
3 Саяси жағдайы
4 Шаруашылығы.
5 Кәсібі мен қолөнері
ІХ ғасырдың аяғы - X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті кұрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янги-кент (Жаңа Грузия) каласы болды.
Түрік тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталык және Орта Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түрік кағандығының кұрамында болған. Батыс Түрік және Түргеш кағанаттары кұлап, Жетісуда Карлұк кағанаты кұрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығыскан.
Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті кангар-печенегтердің қарсылығына тап болады. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа карай жылжуға мәжбүр болған.
"0ғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шыкты десе, екінші біреулері "садактың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады.
"Күлтегін" жазуында Күлтегінді жерлеу салтына қатынасқан түрік тайпаларының ішінде "оғыз білге таңбашының" (мөрші) болғандығы жазылған. Мұнда "таңбашының" немесе мөршінің оғыздардың атынан баруы бұған дейін-ақ оғыздардың белгілі бір көрнекті мемлекеттік дәрежеде болғандығын көрсетеді. Бұл жазбадағы "Тоғыз-оғыз халқы өзіме тән еді", "Күлтегін бек... оғыздардың арасына кірді" деген сөздер оғыздар мен Күлтегін билік жүргізген түріктердің арасында жаксы карым-катынастың болғандығын дәлелдейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы
ІХ ғасырдың аяғы - X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі
ағысында Оғыз мемлекеті кұрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янги-кент
(Жаңа Грузия) каласы болды.
Түрік тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталык және Орта
Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары
Түрік кағандығының кұрамында болған. Батыс Түрік және Түргеш кағанаттары
кұлап, Жетісуда Карлұк кағанаты кұрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына
ығыскан.
Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті кангар-
печенегтердің қарсылығына тап болады. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа
карай жылжуға мәжбүр болған.
"0ғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір
ғалымдар "уыз" сөзінен шыкты десе, екінші біреулері "садактың оғы" деген
сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік
сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады.
"Күлтегін" жазуында Күлтегінді жерлеу салтына қатынасқан түрік
тайпаларының ішінде "оғыз білге таңбашының" (мөрші) болғандығы жазылған.
Мұнда "таңбашының" немесе мөршінің оғыздардың атынан баруы бұған дейін-ақ
оғыздардың белгілі бір көрнекті мемлекеттік дәрежеде болғандығын көрсетеді.
Бұл жазбадағы "Тоғыз-оғыз халқы өзіме тән еді", "Күлтегін бек... оғыздардың
арасына кірді" деген сөздер оғыздар мен Күлтегін билік жүргізген
түріктердің арасында жаксы карым-катынастың болғандығын дәлелдейді.
Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу жөне Ыстықкөл мен Шу
өзенінің аралығында басқа да түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы
жазылған. Тек қарлұқтардың күшеюіне байланысты, олардың қысымына шыдамаған
оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.

Оғыздардың тайпалық құрамы және коғамдық құрылысы. Оғыздардың кұрамына
кангар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және
Каспий бойының далалық тайпалары - тілі жағынан түріктене бастаған, арғы
тегі үнді еуропалықтар, финн-угорлар да кірген.
Қытай деректері оғыздардың кұрамына байандур, имур, қайлар кірген десе,
арабтар қимақ тайпаларының кейбір бөліктерінің оғыздарға қосылғанын
хабарлайды. Ал Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан
тұрса, әл-Марвази олардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады. Бұдан
байқалатыны, оғыздардың 24 тайпадан тұрған кезі — оғыздардың жаңадан әр
түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі болса, 12 тайпаға түскен кезі -
ол тайпалардың бір-біріне косылып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған
мезгілі.
Оғыз қағанаты тайпалардың біріккен одағынан құрылды. Ал тайпалық
одақтар ел деп аталған, бұл халық, мемлекет деген ұғымды білдірді. Олар
аймақтарға бөлініп басқарылды. Оғыздарда жоғарғы билік иесі жабгу деген
лауазымды иемденді. Ол мұрагерлік арқылы қалып отырды. Жабғудың орнын инал
атты мұрагерлер басты. Иналды жабғудың арнайы тағайындап қойған адамы (ата-
бектер) тәрбиелеген. Оғыздарда жабғу әйелдеріне де қатын деген атақ
беріліп, олар сарай маңындағы өмірде маңызды рөл аткарған. Оғыз мемлекеті
әскери демократияға сүйенген. Сондықтан да әскер басыларының коғамдағы рөлі
зор болған. Әскербасы сюбашы деп аталған. Жабғу сюбашылармен кеңесіп, көп
жағдайда оларды тыңдап отырған.
Жабғудың күл-еркіндер деп аталатын кеңесшілері де болған. Оғыздарда
халық жиналысы жылына бір рет шақырылған. Ақсүйек-феодалдардың күшеюіне
байланысты шонжарлардың қаңқаш деген кеңесі күнделікті өмірде басты мәнге
ие болып, халык жиналысы сирек шакырылатын болған. Оғыз дәулетінің
біртіндеп дамуына байланысты, ел баскарудың ең жоғарғы орны ұлы және кіші
құрылтай жиналысына берілген. Мұны оғыздардың атақты "Оғыз-нама"
жәдігеріндегі "Оғыз қаған Ұлығ құрылтай шақырды" деген сөздерден анық
көруге болады. Ұлы құрылтайда қаған өзінің ұлдарын "боз оқ" деп оң жағына,
"үш оқ" деп сол жағына отырғызған. Жабғу сайлағанда боз оқтардың
артықшылығы болған.
Оғыздарда "бой", "оба", "көк", деп аталатын тайпалық және рулық
бөлімшелер болған. Бұған қоса оғыздар ұрықтар мен аймақтарга бөлінген. Ұрық
атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған. "Оғызнама" дерегіне
қарағанда, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Саяси жағдайы. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды
рөл атқарды. Олар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенегтерді
жеңіп, өздеріне қаратады. Еділ бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы
"Оғызнамада": "Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...жағасында Қаратау
маңында ұрыс болды. ...жойқын соғыс болды... Итиль өзенінің суы қып-қызыл
болды" деген жолдар кезігеді. Бұл хабар печенегтердің ойсырай жеңілгендерін
көрсетеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы
әскери одақ кұрады. Нәтижесінде Хазар кағанаты талқандалады. Бұл туралы
"Оғызнамада" біршама суреттеме берілген. Онда: "Ұрысбек оғлы Саклаппен
келісім жасалған" дейді. Мұндағы "Ұрысбек оғлы Саклап" деп отырғаны —
орыстың ұлы кінәзі Святослав.
Жалпы "Оғызнама" деректерінде кағанның Батысқа қарай жасаған жорықтары
туралы сөз болады. Ал аңыз-әңгімелер мен түрік шежірелерінде Орта Азияға,
Шығыс Түркістанға, Қытай жерлеріне қарай жасалған жорықтар баяндалады.
Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат
байқалады. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды
қолға қарату. Ал оған Хазар кағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарды
Маңғыстау мен Үстірт, Еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын
аса маңызды сауда жолдары қызықтырды. Орыс қалаларымен сауда жасауды да
ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі болды. Хазарияның талқандалуы
орыс көпестерінің Шығыс елдеріне шығуына жол ашты.
Оғыздардың жер үшін, сауда жолдары үшін жүргізген ұрыстары көп жағдайда
сәтті аяқталған. Орыс жылнамаларында 985 жылы кінәз Владимирдің торктармен
(оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады.
Ұзак жылдарға созылған үздіксіз соғыс пен шектен тыс алынатын алым-
салық оғыз тайпаларының наразылықтарын туғызады. X ғасырдың аяғы мен XI
ғасырдың басында Әлиханның кезінде мемлекеттің жағдайы күрт нашарлайды.
Жент қаласын салжұқтар басып алады. Алайда салжұқтарды қала түрғындары
қаладан қуып шығады.
Оғыз мемлекеті Әли ханның мұрагері Шахмәлік тұсында
біршама уакыт қайта күшейеді. Ол 1041 жылы Хорезмді де жаулап алады. Алайда
екі жылдан кейін Оғыз жабғуы көтеріліске
шыққан салжұқтардың қолынан қаза табады. Билік үшін талас
Оғыз мемлекетін әлсіретеді. Бұл жағдайды шығыс жағындағы
көршілері - қыпшақ тайпалары пайдаланады. Олар ауық-ауық
шабуыл жасайды. XI ғасырда мемлекеттілігін құрып, күшейе бастаған қыпшақтар
оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола
ығыстырады. XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті біржола
құлайды.
Шаруашылығы. Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал
шаруашылығымен айналысты. Жартылай көшпелілердің тұрақты, маусымды
жайылымдары болды. Тұрақты қысқы жайылымдары Сырдың орта және төменгі
ағысында, Арал теңізі жағалауларында болды. Ал жазда оғыздар Каспий
теңізінің далалы аймағын жайлаған. Әл-Бируни оғыздардың күз айларында
Хорезм шекарасында, ал кейбір бөліктерінің Ұлытау баурайында көшіп жүргенін
айтады.
Оғыздардың көші-қонға лайықты, арба үстіне тігілген үйлері болған. Ол
арбаға өгіз не түйе малын жеккен. Оғыздар төрт түлік мал өсірген. Қойлары
құйрықты келеді деп жазады араб жазбаларында. Ибн Хаукәл Түркістан
аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіретінін жазған.
Деректерге қарағанда, оғыздар айыр өркешті ірі түйе тұқымын да өсірген.
Мал өнімдері тек ішкі қажеттіліктерді ғана өтеп қоймай, көршілес жатқан
Орта Азия, Қытай сияқты елдермен айырбас сауданың шикізат көзі есебінде де
пайдаланылған.
Оғыздар тек мал өсірумен шектелмеген, олардың ішінде жартылай отырықшы
егін шаруашылығымен айналысқан топтары да болған. Олар бір жерге шоғырлана
қоныстанған. Бір деректерде оғыздарда қала көп екендігі, олардың
солтүстікке және шығысқа қарай бірінен кейін бірі созылып жатқандығы жайлы
деректер кездеседі. Келесі бір жазбаларда Арал өңіріндегі оғыздар әрі
көшпелі, әрі отырықшы болып екіге бөлінгендігі жазылған. Сырдарияның
төменгі ағысында аты сақталған Жанкент, Жент, Жуара сияқты қалаларының
болуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдей түседі. Махмуд Қашғари да
Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Суткент, Фараб, Сығанақ, Сауран
қалалары туралы жазған. Ол қала тұрғындары ешкайда көшпейді, ешкіммен
соғыспайды, олар нағыз жатақтар дегенді айтады.
Археологиялык қазба жұмыстары, жазба деректері оғыздардың жартылай
отырықшы ел болғандығын, олардың суармалы егін
шаруашылығымен айналысқандарын толығымен расқа шығарып отыр. Жоғарыда
аталған қалалардың маңынан арық-тоғандардың іздері табылып, тұрғындардың
тұрақты қоныс жайлары ашылды.
Кәсібі мен қолөнері. Оғыздарда кәсіпшілік пен колөнердің басты, дамыған
түрі малдан алынған өнімді өңдеу болды. Мәселен, малдың терісінен аяқ киім,
ыдыс, садақтың қабы, қорамсақ, ат әбзелдері, торсық, саба, мес секілді
бұйымдар жасалды. Ал малдың жүнінен киім, киіз, текемет, кілем, сондай-ақ
арқан, көген, желі сияқты тағы басқа да шаруаға қажетті бұйымдар
дайындалды. Киім-кешек қосымша аң терілерінен де тігілген.
Оғыздар өздеріне қажетті құрал-жабдықтарын, қару-жарақтарын, күнделікті
тұрмысқа керекті бұйымдарын өздері жасап алатын. Араб жазушысы әл-Жахиз:
"Түрік қолөнердің барлық түрін өзі істейді, ...кару, жебе, ер-тұрман,
қорамсақ, найза жасайды" деп жазады.
Археологиялық қазба жұмыстары оғыздардың құмыра жасау, көзешілікпен де
айналысқандарын көрсетеді. Бұл кәсіпке қосымша олар өздерінің тұракты
қоныстарында теміршілік және зергерлікпен де шұғылданған. Әл-Идриси оғыздар
мен қимақтар туралы: Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар
жасайды деп жазды. Бұл хабарлар археологиялық зерттеу жұмыстарының кезінде
толығымен дәлелденген. Мәселен, оғыздардың қоныстары мен зираттарынан темір
бұйымдар, алтын, күміс, қоладан жасалған сәндік заттар, киіз, тері
бқйымдардың қалдықтары, қару және түрлі қыш ыдыстар табылған. Бұл
бұйымдарды жергілікті оғыздар өздері өндірген. Бұдан кәсіпшілік пен қолөнер
оғыздарда жақсы дамығаны байқалады. Олар өздерін қажетті бұйымдармен
толықтай дерлік қанағаттандырып отырған.

Сицилия королі Роджер II (1098-1154) тапсыруымен жазылган орта ғасырдың
үлкен және өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Орта ғасырдағы Қазақстан жайлы
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Ежелгі Оғыз мемлекеті
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Түргеш қағанаты
Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Түркі халықатырының түп тамыры
Түркі қағанаты
Пәндер