Мұнай өнімдерінің өлшемдерін анықтау



1 Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау
2 Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен анықтау
Лабораториялық жұмыс №2
Кинематикалық тұтқырлықты анықтау
Лабораториялық жұмыс №3
Қатаю температурасы
Лабораториялық жұмыс №4
Мұнайдың шайырлы және асфальтты шайырлы заттар
Лабораториялық жұмыс №5
Қышқылдық санын анықтау
Тығыздықты ареометрмен анықтау Архимед заңына негізделген. Ареометрді сыналатын сұйықтыққа батырған кезде тығыздықтың градуирленген шкаласы көрсетілген бөлігінен жоғары шығып тұрмайтын етіп таңдайды.Цилиндрге қабырғасын бойлай абайлап,ареометрді салған кезде цилиндрдің сыртына төгіліп кетпейтіндей етіп сыналатын өнімді құяды.
Таза және құрғақ ареометрді жоғарғы ұшынан ұстап тұрып мұнай өніміне баяу батырады. Ареометрдің тербелуі тоқталғаннан соң менисктің жоғары шеті бойынша тығыздықтың мәнін есептейді. Мұнай өнімінің температурасын ареометрдің термометрі бойынша немесе қосымша термометрмен өлшейді. Ареометрдің шкаласы бойынша есептеу мұнай өнімінің сынақ температурасы кезіндегі тығыздығын көрсетеді.Табылған тығыздықты қалыпты температурадағы p 4 тығыздығына келтіру үшін Д.И. Менделеев формуласын пайдаланады. Ареометрдің түріне байланысты параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылығы 0,001-0,002-ден аспауы тиіс.
Өте тұтқыр-50 С –тағы тұтқырлығы 200мм²/с жоғары мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау үшін оларды алдын-ала тығыздығы белгілі керосиннің бірдей көлеммен араластыру қажет. Керосиннің тығыздығы белгісіз болса, оны ареометрмен анықтайды.
Сыналатын тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын мынандай формула бойынша есептейміз : p=2р1-р2= 2*820-810=20г/м
Мұндағы р1-қоспаның тығыздығы; р2- керосиннің тығыздығы;
Ареометрдің түріне байланысты тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,004-0,008-ден аспауы керек.
1. Основы научных исследований. /Под ред. В.И. Крутова., В.В. Попова. -М.: Высшая школа, 1989. -400 с.
2. Глущенко И.М., Пинскер А.Е., Полянчиков О.И., Трикило А.И. Основы научных исследований. - Киев.: Высшая школа, 1988.
3. Голосов А.П. Пилотные и опытно-промышленные установки высокого давления в нефтеперерабатывающей и нефтехимической промышленности. -М.: Химия, 1987. -181 с.
4. Ахназаров С.А., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии. -М.: Высшая школа, 1985. -251 с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау
Жұмыстың мақсаты: Мұнай өнімдерінің тығыздығын ареометрмен анықтау

Приборлар, реактивтер:
Ареометр;
Диаметрі5см шыны немесе металл цилиндр;
Керосин;

Тығыздықты ареометрмен анықтау Архимед заңына негізделген.
Ареометрді сыналатын сұйықтыққа батырған кезде тығыздықтың
градуирленген шкаласы көрсетілген бөлігінен жоғары шығып тұрмайтын
етіп таңдайды.Цилиндрге қабырғасын бойлай абайлап,ареометрді салған
кезде цилиндрдің сыртына төгіліп кетпейтіндей етіп сыналатын өнімді
құяды.
Таза және құрғақ ареометрді жоғарғы ұшынан ұстап тұрып мұнай
өніміне баяу батырады. Ареометрдің тербелуі тоқталғаннан соң менисктің
жоғары шеті бойынша тығыздықтың мәнін есептейді. Мұнай өнімінің
температурасын ареометрдің термометрі бойынша немесе қосымша
термометрмен өлшейді. Ареометрдің шкаласы бойынша есептеу мұнай
өнімінің сынақ температурасы кезіндегі тығыздығын көрсетеді.Табылған
тығыздықты қалыпты температурадағы p 4 тығыздығына келтіру үшін Д.И.
Менделеев формуласын пайдаланады. Ареометрдің түріне байланысты
параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылығы 0,001-0,002-ден
аспауы тиіс.
Өте тұтқыр-50 С –тағы тұтқырлығы 200мм²с жоғары мұнай
өнімдерінің тығыздығын анықтау үшін оларды алдын-ала тығыздығы
белгілі керосиннің бірдей көлеммен араластыру қажет. Керосиннің
тығыздығы белгісіз болса, оны ареометрмен анықтайды.
Сыналатын тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын мынандай формула
бойынша есептейміз : p=2р1-р2= 2*820-810=20гм
Мұндағы р1-қоспаның тығыздығы; р2- керосиннің тығыздығы;
Ареометрдің түріне байланысты тұтқыр мұнай өнімінің тығыздығын
параллельді анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,004-0,008-ден аспауы
керек.

Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен
анықтау
Әдіс сыналатын мұнай өнімінің белгілі бір көлемінің массасын
бірдей температурада судың дәл көлемінің массасымен салыстыруға
негізделген.
Приборлар, реактивтер, материалдар:
Пикнометр;термостат; Хром қоспасы; Дистилденген су; Этил спирті; пипетка;
сүзгі қағаз. Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен тек 20 С –та
анықтайды.Тығыздықты анықтау үшін сыйымдылығы әр түрлі таңбасы және
капеллярлы түтігі бар шыны пикнометрлерді қолданады.

Мұнай өнімдерінің тығыздығын пикнометрмен анықтау үшін алдын-ала
оның су санын,яғни судың 20 С-та пикнометр көлеміндегі массасын
анықтайды. Су санын анықтаудың алдында пикнометрді хром
қоспасымен,дистилген сумен және этил спиртімен кезектестіріп
шойып,кептіреді. Таза және кептірілген пикнометрді 0,0002 г дейінгі
дәлдікпен таразыға тартады. Пипетканың көмегімен пикнометрді
дистилденген сумен толтырады (таңбасы бар пикнометрді-таңбадан
жоғары,капиллярлы пикнометрді-бетіне дейін). Сонан соң пикнометрді 20 С-
та 30 мин бойы термостатта ұстайды. Таңбасы бар пикнометрдің
мойыншасындағы деңгейіндегінің өзгеруі тоқтағаннан соң, судың
артығын пипеткамен немесе сүзгі қағазбен алып тастап, пикнометрдің
мойыншасын ішінен сүртеді. Пикнометрдегі су деңгейін менисктің
жоғарғы шеті бойынша тағайындайды. Капиллярлы пикнометрлерде су
капиллярдан шығып тұрады, оның артығын сүзгі қағазбен алады.Су
деңгейі 20 С-та орныққан пикнометрді сыртынан мұқият сүртіп, 0,0002 г
дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.
Пикнометрдің су санын мынандай формула бойынша есептеп
шығарады:
m=m2-m1
Мұндағы m2 , m1- тиісінше суы бар және бос пикнометрдің массасы,г.
Тұтқырлығы аз (50 С –та 75 ммс көп емес) мұнай өнімдерінің
тығыздығын былай анықтайды. Құрғақ және таза пикнометрді 18-20 С –та
пипетка көмегімен сыналатын мұнай өнімімен толтырады.Сонынан соң
пикнометрді тығынмен жауып мұнай өнімінің деңгейі өзгергенше 20 С
–та термостатта ұстайды. Мұнай өнімінің артығын пипеткамен немесе
сүзгі қағазбен алып тастайды. Мұнай өнімінің деңгейін менисктің
жоғары шеті бойынша белгілейді.
Деңгейі орныққан пикнометрді термостаттан алып, мұқият сүртеді
де, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен таразыға тартады. Сыналатын мұнай
өнімінің көрінетін тығыздығын р1 мынандай формула бойынша есептеп
шығарады:
р1=(m3-m1) m
Мұндағы : m3- мұнай өнімі бар пикнометрдің массасы ,г;m- пикнометрдің
су саны,г;
Көрінетін тығыздықты р4 тығыздыққа мынандай формула бойынша
қайта есептейді:
р4=(0,99823-0,0012)р1+0,0012=0,9970 3р+0,0012
Мұндағы : 0,99823- су тығыздығының 20 С –тағы мәні; 0,0012-ауа
тығыздығының 20 С –тағы және 0,1 МПа кезіндегі мәні.Параллельді
анықтаулардың арасындағы айырмашылық 0,0004-тен аспауы тиіс.
Өте тұтқыр (50 С-та 75 ммс астам) және қатты мұнай
өнімдерінің тығыздығын бөлме температурада таңбасы бар пикнометрде
анықтайды. Құрғақ және таза пикнометрді қабырғаларына жағылып
кетпейтіндей етіп шамамен жартысына дейін толтырады. Пикнометрді
өте тұтқыр мұнай өнімімен толтырған кезде соңғысын 50-60 С дейін
қыздырады. Пикнометрді жартысына дейін толтырғаннан соң 20-30 мин бойы
80-100 С дейін термостатта қыздырады, бұдан кейін 20 С дейін суытады .
Егер мұнай өнімі бөлме температурасында қатты күйде болса,
пикнометрді шамамен жартысына дейін мұнай өнімінің ұсақ
кесектерімен толтырады да, сонан соң оның балқу температурасынан 10
С жоғары , бірақ 100С –тан төмен емес температурада термостатта
ұстайды. Мұнан соң пикнометрді 20С –қа дейін суытады да, 0,0002г
дейінгі дәлдікпен таразыға тартады.
Бұдан кейін мұнай өнімі бар пикнометрді дистилденген
сумен толтырады да, су деңгейі өзгермейтіндей болғанша 20С-та
термостатта ұстайды. Судың артығын пипетка немесе сүзгі қағазбен
алады да , пикнометрдің мойыншасын ішінен сүртеді. Пикнометрдегі су
деңгейін менисктің жоғарғы шеті бойынша белгілейді. Пикнометрді
термостаттан алады да, сыртын мұқият сүртіп, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен
таразыға тартады.
Сыналатын мұнай өнімінің көрінетін тығыздығын мынадай формула
бойынша есептеп шығарады:
p1=(m3-m1)m-(m4-m3)
Мұндағы: m4-мұнай өнімі және суы бар пикнометрдің массасы ;
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнай өнімдерінің тығыздығы қалай анықталады?
2. Мұнай өнімінің көрінетін тығыздығы қалай есептеледі?
3. Пикнометрдің су саны қалай анықталады?

Лабораториялық жұмыс №2
Кинематикалық тұтқырлықты анықтау

Жұмыстың мақсаты: Кинематикалық тұтқырлықты анықтау

Приборлар: ВПЖТ,ВНЖТ және ВПЖ, ВНЖ типтес шыны вискозиметрі;термостат
; резеңке түтік ; Су ағынды сорап; секундомер.

Талдауды жүргізу үшін вискозиметрді мұнай өнімімен
толтырады. Бұл үшін бүйір түтікке резеңке түтік кигізіледі. Сонан
соң түтікті саусақпен басып тұрып, вискозиметрді аударады да
түтікті мұнай өнімі құйылған ыдысқа батырып суағынды сораппен
немесе басқа әдіспен м2 таңбасына дейін сорады, бұл кезде мұнай
өнімінде ауа көпіршіктерінің түзілмеуін қадағалап тұрады.
Вискозиметрді ыдыстан суырып алады да, қалыпты күйіне қайтарады.
Түтік ұшының сыртқы жағынан мұнай өнімінің артығын алып тастайды да
, оның ұшына резеңке түтік кигізеді. Вискозиметрді кеңейтілген
тұсы мұнай өнімінің деңгейінен төмен болатындай термостатқа
орналастырады. Термостатта кемінде 15 мин ұстағаннан соң мұнай өнімін
түтікке қарай кеңейтілген тұсының биіктігінің шамамен 13 дейін
сорып алады. Түтікті атмосферамен қосады да мұнай менисксінің
м1 таңбасынан м2 таңбасына дейін орын ауыстыру уақытын уақытын
анықтайды. Егер үш кезектес өлшеудің нәтижелерінің айырмашылығы
0,2% көп болмаса , кинематикалық тұтқырлықты v, ммс, орташа
арифметикалық мәні ретінде мына формула бойынша анықтайды:
v=c*t
Мұндағы: с- вискозиметр тұрақтысы, ммс; t-мұнай өнімінің вискозиметрде
орташа ағу уақыты, с.
t= 1 мин 0,5 сек, Шt=ttн2о=6550=1,3
Қышқылдық санын анықтау
Қышқылдық сан деп 1г зерттелетін затты нейтралдау үшін қажет КОН
миллиграм мөлшерін айтады.
Мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық құрамын оның үйрену кезінде
қышқылдық санын төмендегіше анықтайды:
1. нафтенді қышқылдардың қасиетін оқып үйрену кезінде;
2. мөлдір мұнай өнімдерінің сапасын зерттеу кезінде;
афтен қышқылдарының қышқылдық санын анықтау
Дәл өлшенген навескасымен эрленмейерлі колбаға 0,3-0,5г-ға жуық
сыналатын нафтен қышқылын 25мл спирт-бензол қоспасында ерітеді және
фенолфталейннің қатысуымен 0,1 Н КОН ерітіндісімен титрлейді.
Егер берілген А1 навескасын нейтралдау үшін В1 0,1 КОН
ерітіндісі жұмсалса, онда қышқылдық санын мына формула бойынша анықтауға
болады:
К=5,6*В1*КА1

Мұндағы: 5,6- 0,1 Н КОН ерітіндісін 1мл-дегі КОН мг мөлшері;
В1-0,1 Н КОН ерітіндісінің мл мөлшері;
А1-навеска;
К- КОН ерітіндісінің титрлеудегі түзету.
Егер қышқылдың молекулалық салмағы белгілі болса, онда ол үшін
төмендегі формула бойынша теориялық қышқылдық санын анықтауға болады:
Кс=56*1000мол.салмағы,
Осыдан, сыналатын қышқылдық санын біле отырып оның молекулалық салмағын
есептеуге болады:
Мол.салмағы=56*1000Кс
Қышқылдық санын потенциометриалдық әдіспен анықтау
Әдіс сыналатын мұнай өнімінің спиртті-бензол қоспасында ерітуге және
алынған ерітіндіні 0,1Н негіздеп берілген ерітіндіні мен таза
еріткіштің рН-н анықтаумен патенциометрлік титрлеуге негізделген.
Әдіс индикаторды титрлеу дәл нәтиже бермейтін қара мұнай
өнімдерінің қышқылдық санын анықтау үшін қолданылады.
Ортаның қышқылдық қасиеті сутек ионның әрекеттесуімен, ал сутек
ионның концентрациясы гидроксил ионы концентрациясымен тығыз
байланысуымен анықталатын мәлім. Мәселен, су үшін осы байланыс
теңдікпен өрнектеледі:
Сн+Сон-=КД(Н2О)=Кв
Мұндағы: КД-судың диссцоиялау тұрақтылығы (әрекеттесуші масса заңы
бойынша анықталады);
Кв-судың көбейтіндісі;
Н+ және ОН- иондар концентрациясының көбейтіндісі неге тең
екенін көрсетеді;
Кв таза суда және кез келген басқа нейтралды ортада
220 температура кезінде 1*10-14- ке тең екені табылған.
Сн+Сон-=Кв=1*10-7
Анықтау үшін екі шкаласы және рН мәнінің шкаласы бар лабораториялық
потенциометр немесе рН метрлер қызмет етеді.

рН-метрдің көмегімен қышқылдық санын анықтау
1. Жұмысқа әзірлік
1. Стаканды және электродтарды дистилденген сумен жуады және
сыналатын ерітіндімен шаяды.
2. Шнурдың көмегімен құралды 220В ток көзімен жалғайды.
3. Выключатель ручкасын ВКЛ жағдайына қояды және 5-10 минут бойы
лампоның қызуына мүмкіндік береді.
2.Күшейткішті ретке келтіру
1. И2 кілтін Р жайына қою керек;
2. Р15 реостатымен гальвонометр тілін 0-ге қояды.
3.Нормальді элемент бойынша құралды ретке келтіру
1. И2 келтіріп қосады және НЭ қалпында ұстайды,
2. Р10 реостатымен гальвонометр тілін Г-дан 0-ге келеді, И2
кілтін НЭ -мен Р-ға және керісінше қосқан кезде гальвонометр
тілі нольдік күйінде сақталуы керек.
4.рН-ті шын электродпен өлшеу
1. Стаканды рН 3-7 аралығында немесе рН сыналатынға жақын дәл
белгілі ерітіндісімен толтырады;
2. Кілті рН –күйіне қояды;
3. Р2 реостатымен буфферлі ерітіндіні 0-ге қояды;
4. Штативке шын және каломенді электродтарды қояды, оларды
стаканға батырады және құралға қосады.
5. Р1 реохордын буферлі ерітіндінің рН шамасына қояды;
6. К түймешесін басамыз, Р7 реостатымен устан-нуля гальвонометр
тілін Г-дан 0-ге қояды;
7. Стаканнан буферлі ерітіндіні төгіп тастайды. Р2 реостатын
сыналатын ерітіндінің 0 қояды.
5.Тәжірибені өткізу
1. Стаканға араластыра отырып 50 мл спирт-бензол қоспасын құяды;
2. Электродтарды алдын-ала оларды дистилденген сумен жуады, сыналатын
ерітіндіге салады;
3. Р1 реохордын бұрып, гальвонометр тілі 0-ге тоқтағанға дейін К
түймешігіне басады;
4. Реохорда шкаласы бойынша рН-т есептеуді жүргізеді;
5. Сыналатын өнімді қосады;
6. Тіл Г -дан 0-ге дейін тоқтағанша 0,1 Н КОН-тың спирттегі
ерітіндісімен титрлейді.
7. Титрлеуге кеткен КОН-тң мл мөлшерін жазып алады және формула бойынша
қышқылдық санын есептейді.
К.С.=5,6*В*Ка

Мұндағы: 5,6- 1мл 0,1 Н КОН ерітіндісінің КОН-тың мг мөлшері;
В- 0,1 н КОН ерітіндісінің мл мөлшері;
К-0,1 н КОН ерітіндісі титрінің түзетуі;
а- сыналатын өнімнің навескасы.

Бақылау сұрақтары:
1. Қышқылдық сан деген не?
2. Қышқылдық санды анықтау әдістері
3. кинематикалық тұтқырлық

Лабораториялық жұмыс №3
Қатаю температурасы

Жұмыстың мақсаты: Қатаю температурасы анықтау

Қатаю температурасы деп стандартты жағдайда қыздырылатын мұнай
өнімінің булары қоршаған ауамен оған жалынды жақындатқан кезде
тұтанатын жанғыш қоспа түзететін температураны атайды. Тұтану
температурасы қайнау температурасымен , яғни буланумен тығыз байланысты.
Әр түрлі мұнай өнімдерінің тұтану температуралары әр алуан, мысалы,
бензин фракцияларының тұтану температурасы -400С болса, керосин
фракциялары үшін 28-600С, ал май фракциялары үшін 130-3250С аралығында
болады.
Мұнай өнімдерінің тұтану температурасын анықтаудың екі әдісі бар:
жабық және ашық тигельде анықтау. Бір мұнай өнімінің тұтану температурасын
жабық және ашық тигельде анықтағанда олардың айырмашылығы едәуір,
өйткені мұнай өнімі булары қажетті концентрациясы жабық тигельде тез
жиналатындықтан жабық тигельдегі тұтану температурасы ашық тигельдегіден
төменірек.
Тәжірибені жүргізу
Сыналатын мұнай өнімінде ылғал 0,05%-тен болған жағдайда
қыздырылған ас тұзымен немесе хлорлы кальциймен сусыздандырылады.
Сусыздандырылғаннан соң сыналатын мұнй өнімінің жоғарғы қабатын алады.
Прибордың тигелін тәжірибе алдында бензинмен шайып, құрғатады. Сыналатын
өнімді тигельдің ішіндегі сызыққа дейін құяды. Пілте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ЖІКТЕУ
Каталитикалық крекинг химизімі
Мұнайды алғашқы айдау
Айқас - ағынды саптамамен жабдықталған жобаланған баған диаметрін анықтау әдісі
Мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық, физикалық қасиеттерін анықтау.
Кокс жылубергішінің қайнаушы кабатында үздіксіз кокстеу қондырғысын жобалау
ЖҚА цистернасының беріктік есебі
Өнімділігі 1 млн т/жылына Г-107-43 қондырғысындағы регенераторды жобалау
Метрологиялық қадағалаудың формалары
Катализаторда алкенді протондау
Пәндер