Түргеш қағанаты туралы мағлұмат


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Түргеш қағанаты

Қара және сары түргешер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш". )

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж. ) . Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.

Түргеш қағанаты.

Батыс түрік кағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған кытай императорлык әулетінің әскери-саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он жебе» құрамына кірген тайпалар-дың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы такка отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне карсылык үйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудың өзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чықан және үлық-ок тай-пасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымда-стырған, біракшежірешінің сөзіне карағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, сірә, шындықка үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері наместниктің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайкастың қалай болғанын накты суреттеп баяндау жок, шежіреші тек «женілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халкын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның16 бастауымен армия үйымдастырылды (бұлар түріктерден кұрылған болуы керек) делінеді. Бірак жорыққа әзірленіп жатқан кездін өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалык, Хусэло батыска жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады.

Бұл күш Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлік (Учжилэ) 17 бастаған түргештер болды.

Бытыраңқылық және Хусэло кағанның кашып кетуі жағдайында түргеш-тердің көтерілуі күтпеген жерден болған окиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының кұрамына кіретін, халкы көп тайпа болған түргештер VI ғасы-рда-ақ Шу-Іле кос өзені аралығындағы үлкен аймакты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпа-лар саны көбейді. Хусэло жеңілместен бұрын-ак Үшлік өз жерлерінде әркайсысы 7 мың адамнан 20 түтіктік құрды. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай ата-латын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан18 (олар мүнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен) 19. Шежіреде айтылғанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста - хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Түрфан) және Тинчжоу (Бесбалык) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан»20.

Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Болушу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестері-не (кара түргештер, бұлар ез ордасын Таласқа кешірді) ауысты. Бұлар қаған тағына кара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының екілі Сұлықты (Сулу) отырғызды.

Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік езгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңа Тань тарихында» былай делінген: «Шығыңдар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жок. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз колында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады»21. Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлық-қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиелінісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сөгенің (Сақ-алдың) ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу (Сулуқ) үлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді»22. Түргеш шонжары шүмекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу-Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұра-тын елде тудык, біріие-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады . . . ».

Қағанаттың ордалары Таласты және Суябта болған қара түргештер мен сары түргештерде бөліну жүйесі калыптасты. Алайда VIII ғасырдың 40-жылдарынан бастап-ақ бұл принцип іс жүзінде сақталмайтын болды. Бытыраңқы тайпалар 751 жылы қытай шабуылына тек сыртқы күштердің көмегімен ғана тойтарыс бере алды. 756 жылы қағанат түрік тілді қарлұқ тайпасының тегеурініне шыдамай қүлады.

Соғдылықтар Жетісуда. Ілгеріде айтылғандай, Жетісуда соғды қоныстарының пайда болуы және соғдылыктардың Жетісу қалалары мен Қазақстан аумағының оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы басқа да аудандарға қоныстануы 24 халықаралық сауданың дамуымен тығыз байланысты болатын.

VII ғасырдың бас кезінде Жетісуда болған Сюань Цзань былай деп жазды: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала орналасқан. Олардың әрқайсысында басқаларынан тәуелсіз, бірақтүріктерге бағынышты өз бастығы бар. Шудан Гешуанға (Кушанияға) дейін бүкіл ел Сули/Сулиг (Соғды) деп аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, екінші жартысы саудамен шүғылданған»23. Басқа да көптеген материалдар дәлелдей түсетін бұл хабар соғдылықтардың Жетісудың жергілікті этникалық ортасына кептеп келіп сіңіскенін көрсетеді.

В. В. Бартольд соғдылықтардың қоныс аударуының негізгі себебі сауда деп санады. Алайда, соғдылықтар келуінің басты себебі, сірә, кеңірек болуы керек: оны VI-VIII ғасырларда Соғдыда және Орта Азияның басқа да егіншілік аймақтарында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден іздеу қажет. Бұл үрдістердің бір көрінісі Нершахидің Бұхарадағы Абруй баскарып тұрған кездегі тап күресі туралы хабары болып табылады. Аб-руйдың қысымына төзбеген соғды диқандары мен көпестері Түркістанға кетуге мәжбүр болады, мұнда олар қала салып, оны Хамукет деп атады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түргеш қағанатының саяси тарихы
Қағанаттар атауы техникасымен топқа бөлу
Қазақ этнонимінің синонимі
Түркештердің этникалық құрамы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Шығыс түріктерінің Түргештерге жорықтары
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz