Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртуд


Тарату толық немесе ішінара (объект қайта жабдықталғанда және жаңғыртылғанда) болады. Ғимараттар, жабдықтар және басқа да тозған құралдар, белгіленген қызмет мерзімін жұмыспен өтегеннен кейін, физикалық тозуы салдарынан толық ескірген өндірістік үй, егер бұл объектілерді қалпына келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін емес болса және оларды басқа шаруашылық субъектілеріне өткізу немесе сату мүмкін болса, олар тарату тәртібімен субъект балансынан есептен шығарылады.
НҚ жарамсыздығынан, оларды қалпына келтірудің мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін анықтау үшін, сондай-ақ НҚ есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу үшін субъект басшысының бұйрығы бойынша (құрылтайшылардың немесе өкілеттілердің жиналысының шешімі) құрамында:
- Бас инженер немесе субъект басшысының орынбасары.
- Бас бухгалтер немесе оның орынбасары.
- НҚ үшін жауапкершілік артылған материалды жауапты тұлға.
- Меншік иесінің немесе өкілетті мемлекеттік органының өкілі.
- МАИ өкілі (көлік құралдарын есептен шығарғанда) бар тұрақты қызмет ететін комиссия құрылады.
НҚ жекелеген түрлерін баланстан есептен шығарғанда комиссияға: механиктер, энергетиктер, гидротехниктер, жылу техниктері, технологтар, мал дәрігерлері, зоотехниктер сияқты тиісті мамандар енгізіледі.
Бұл комиссиялар:
- Есептен шығарылатын объектіге тікелей байқау жүргізеді және оның қалпына келтіруге және одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды.
- Объектіні есептен шығарудың нақты себептерін анықтайды (тозу, қайта құру, қалыпты пайдалану жағдайларының бұзылуы, авария және басқалар) .
- НҚ пайдаланудан ерте шығып қалуына кінәлі адамдарды анықтайды және оларды жауапқа тартуға ұсыныс жасайды.
- Есептен шығарылатын объектінің жекелеген тетіктерін, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін анықтайды және оларды бағалайды.
- Есептен шығарылғанның пайдалануға жарамды тетіктерін, бөлшектерін, түрлі-түсті және қымбат бағалы металдарын алуға бақылау жасайды, олардың саны мен салмағын анықтайды және олардың қоймаға өткізілуін бақылайды.
- НҚ объектілерін есептен шығаруды НҚ №3 нысанындағы "НҚ есептен шығару актісімен" және НҚ №4 нысаныңдағы "Автокөлік кұралдарын есептен шығару актісімен" (2 дана) ресімделеді, Оның біріншісі бухгалтерияға беріледі, екіншісі материалдық жауапты адамда қалып, қалған тауарлы-материалдық құлдылықтарды есептен шығаруға негіздеме болып табылады.
Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртудың есебі.
Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Мұның өзі машиналардың, жабдықтардың, үйлердің және НҚ басқа түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады. Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен, сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу:
а) күрделі жөндеу;
э) шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу дегеніміз - жалпы объектіні салыстырғанда тозу мерзімі аз НҚ жекелеген белшектерін қалпына келтіру.
Бір жылдан артық мерзім сайын жүргізілетін, нәтижесінде агрегат толықтай бөлшектелетін, алмастырылатын немесе тозған барлық тетіктері мен желілері қалпына келтірілетін, агрегат жинақталатын және сынақтан ететін жөндеу машиналардың, жабдықтар мен көлік құралдарының күрделі жөндеуі болып саналады, Машинаның агрегаттарына (қозғалтқышқа, шестеріне, қозғалу қорабына) күрделі жөндеу машина маркасына байланысты белгіленген жүрістен кейін жүргізіледі. Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөнделуі, әдетте жөнделетін объектілерді шамалап қайта құрумен ұштасады, мұндай кезде тозған конструкциялар мен тетіктер алмастырылады. Шамалап қайта құру немесе жаңғырту НҚ бастапқы күнын өсірмейді, №6 БЕС-ке сәйкес НҚ объектілерінің бастапқы құнын өсіру кейінгі күрделі салымдардың нәтижесінде объект күйі жақсаратын жағдайларда ғана жүргізіледі. Мұндай кезде оның бастапқы бағалаудың нормативтік көрсеткіштері: қызмет мерзімі, өндірістік қуаты артады. Объектінің техникалық күйін сақтау және ұстау мақсатында НҚ жөндеуге жұмсалған шығындар бастапқы құнды өсірмейді, олар пайда болған сәтте ағымдағы шығындар ретінде танылады.
Мысал: автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге, ұтымды пайдалану мерзімі 8 жыл, ал 5 жылдан кейін автомашинасы құны 2 900 000 теңге болатын жаңа қозғалтқыш орнатылды, оң жақ қапталы 45 000 теңгеге алмастырылды. Қозғалтқышты алмастыру нәтижесінде қызмет мерзім/ 2 жылға артады, сөйтіп, 2 900 000 теңге сомасындағы шығындар бастапқы құнды өсірді, ал 45 000 сомадағы шығындар ағымдағы шығындар ретінде танылады.
Ағымдағы жөндеу НҚ жұмыс жағдайында ұстау үшін оның тозған тетіктерін алмастырудан немесе түзетуден тұрады. Оны НҚ пайдалану процесінде жүргізеді. НҚ сақтандыру мақсатымен белгіленген мерзімдерден ертерек жүзеге асырылатын жоспарлы-ескерту жөндеуінің маңызы зор болмақ.
Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен ресімделуін, жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды, жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиісті. Жөндеуді үш әдіспен жүргізеді:
- Мердігерлік.
- Шаруашылық.
- Аралас.
1. Мердігерлік әдіс кезінде негізгі кұралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу, жөндеу-шаруашылық субъектілері) жөндейді.
2. Шаруашылық әдісі кезінде жөндеу субъектінің өз күші және қаражаттарымен жүзеге асырылады.
3. Аралас әдіс кезінде жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өз күштерімен, екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.
Мердігерлік ұйымдармен шарт негізінде мердігерлік әдіспен орындалған НҚ күрделі және ағымдағы жөндеуі кезінде кәсіпорын жөнделетін объектілерді жөнделетін жерге және кері қарай жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, объектіні жөндеу жөніндегі аяқталған жұмыстарды төлейді. Жабдықтар мен көлік кұралдарын жөндегені үшін мердігерлермен есеп айырысуды жалпы объект бойынша аяқталған жұмыстар үшін толықтай жүргізеді. НҚ күрделі жөндеуден, қайта құрудан және жаңғыртудан қабылдау өткізу (НҚ) №2 нысанындағы "Жөнделген, қайта құрылған және жаңғыртылған объектілерді қабылдау-өткізу актісімен" ресімделеді. Субъектінің НҚ қабылдауға уәкілетті қызметкері мен жөндеуді жүргізген субъектінің өкілі қол қойған акт бухгалтерияға өткізіледі. Акт екі данада жасалып, бас бухгалтер қол қояды және оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Негізгі қорлардың жөнделген объектісінің техникалық паспортына күрделі жөндеуді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізуге байланысты объект сипатындағы қажетті өзгерістерді енгізу керек.
Жұмыстарды жүргізудің шаруашылық әдісі кезінде НҚ ақау ведомосы жасалады. Оның негізінде НҚ жөндеу жүргізуге наряд-тапсырыс жасалады. Кәсіпорынның жөңдеу цехтарына (ЖЦ, РММ, РСУ) эрбір жөнделетін объектіге көп бағамдық карточкалар ашылып, онда жөндеудің шығындары жинақталады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін (НҚ) №2 нысаны бойынша объектілер тапсырыс берушілерге табыс етіледі. НҚ объектілерін жөндеуден мерзімінде алуды бақылау мақсатында (НҚ) №6 нысанындағы инвентарлық карточкаларды объектілерді жөндеу кезінде картотеканың "жөндеуде" деген бөліміне орналастырылады. Жөндеу карточкаларын бұл бөлімнен НҚ топтары бойынша картотеканың тиісті бөлімдеріне көшіреді.
Өндірістік негізгі қорларды жөңдеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу үшін 8044-шот (негізгі құралдарды жөндеу) қолданынады. Жалпы шаруашылық мақсаттағы НК, жөндеу шығындары 7210-шотта (жалпы және әкімшілік шығындар), тауарларды сататын жерінде сақтауға арналған НҚ жөндеу шығыңдары -7110-шотта (тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі шығындар) көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жөндеуге жұмсалған шығындарды өнімнің, жұмыстың және қызметтің құнына біркелкі
енуін қамтамасыз ету үшін субъектілер жөңдеудің барлық түрлері
мен оның ұзақтығына жұмсалатын шығындардың жындық сметасына орай ай сайын аударымдар жасап, жөндеу қорын (резерв) құра алады.
Жалгер-кәсіпорынның негізгі құралдарының күрделі жөндеуге байланысты шығындары шарт талаптарына сәйкес 2920-шотта (басқалар) ескеріледі (жинақталады) .
Жалдық төлем бұл жалға алынған мүлік үшін жалгер жалдау мерзімі ішінде төлейтін тұрақты төлемдер. Жалдау ақысының мөлшері мен оны төлеудің тәртібі жалдау шартында белгіленеді. Жерді және басқа табиғи ресурстарды жалдау жағдайларын қоспағанда, жалдау ақысы өзіне мүлік құнынан алынатын амортизациялық аударымдарды, жал мерзімі аяқталғаннан кейінгі жөндеу құралдарын, сондай-ақ жалдау пайызын қосады.
Жалдау пайызы - бұл жалданған мүліктің құнынан үлес немесе %. Жалдау шартында тіркелген сомалар түрінде белгіленеді. Экономикалық табиғаты бойынша, ол банк несиесін пайдалану процесіне ұқсас. Бас салық инспекциясының №37 Нұсқаулығына сәйкес жерді жалдау және сату, иелік ету күқы және пайдалану немесе салынған объектіні алғашқы сатуды қоспағанда, үйді жалдау мен сату ҚҚС-тан босатылады. Үй дегеніміз - пайдалануға арналған, өндірістік, өндірістік емес және тұрғын мақсаттарындағы ғимараттар. Мейманханада тұру ақысын қоспағанда, үйді, үй-жайды пайдалану (жалдау) ақысы ҚҚС-тан босатылады. Үйді жалдау ақысы дегеніміз:
- амортизациялық аударымдардың сомасынан;
- жалдау пайызынан (кірістен) тұратын ақы. Коммуналдық қызметтер, байланыс қызметі және үйді пайдалануға байланысты жалға беруші жалгерге ұсынылатын басқа қызметтер қосымша шығындарға жатады. Шығындардың аталған түрлеріне белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс.
Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
Жалдау - бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші - жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін.
Жалдау шарты - бұл тараптардың еркінділігі мен толық тең құқықтылығы негізіңде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлікті жалга беру туралы жалгер мен жалға беруші арасындағы келісім. Мүлікті жалға беру меншік құқын беруге әкеп соқтырмайды.
Халықаралық практикада жалдаудың үш түрі бар:
1. Ұзақ мерзімді жал (лизинг) - бұл мүлікті 3 жылдан артық
мерзімге жалдау. Ұзақ мерзімді лизинг жай және қаржылық (қаржыландырынатын) болып бөлінеді.
Жай лизинг - жалдау шартының мерзімі аяқталған бойда мүліктің жалға берушіге қайтарылуын көздейді.
Қаржылық (қаржыландырынатын) лизинг - жалды ұзақ мерзімге несиелендерудің нысаны.
Жалгер мүлік құнын жалдық төлем арқылы өтейді. Қаржынық лизингтің үш нысаны болады:
а) "стандарт" лизинг - мұндай кезде жабдықты әзірлеуші оны қаржыландырушы қоғамға береді. Ол өзінің лизингтік фирмасы арқыны оны тұтынушыға жалға береді;
э) "Лиз-бек" лизингі мұндайда жабдық иесі оны лизингтік фирмаға сатады және сонымен бірге одан жалға алады (жалға берушінің қаржылық жағдайын уақытша жақсарту әдісі) ;
б) "Жеткізушіге " лизингі мұндай кезде негізгі құралдарды сатушы "Лиз-бек" лизингіндегі сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес, басқа жалгерлер пайдаланады.
Қазақстан Республикасының шаруашылық практикасында жай лизинг кеңінен таралған.
- Орташа мерзімді жал (хайринг) - бұл жалгердің мүлікке меншік құқынсыз 1 жындан 3 жылға дейінгі мүлікті жалдауы.
- Қысқа мерзімді жал (рейтинг, чартер) - мүлікті жалгердің кейінгі сатып алу құқынсыз жалдау, жалдау мерзімі 1 жылға дейін созылады.
Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағанда төмендеу. Чартер әдетте рейсті, кезекті бірнеше рейсті, белгілі бір мерзімге (тайм-чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме) . Чартерлер алдын ала немесе шұғыл тәртіппен (промтчартер) және тіпті кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы мүмкін.
Экономикалық жағдайлары бойынша жал ағымдағы және қаржыланатын болып бөлінеді. 17 "Жалдау есебі" БЕС-ына сәйкес негізгі құралдардың ағымдағы жалы негізгі құралдардың жалға берушіге міндетті түрде қайтарылуын көздейді, яғни жалдау кезеңінде жалгерге жалданған негізгі құралдарға иелік ету және олардың пайдалануы мен жалға берушіге уақтылы қайтарылуын бақылау құқы ғана өтеді. Талдамалы есебі журналда жүргізіледі, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткіштер болады. Қысқа мерзімге жалданатын негізгі құралдар жалгерде баланстан тыс 001-шотта ескеріледі. Қысқа мерзімді жалға берілген НҚ жалға бе-рушіде 24112417-шоттарда ескеріледі. Оған "Меншікті НҚ" және "Жалға берілген НҚ" деген субшоттар ашылады.
Дербес (интеллектуалды) меншік - бұл әртістердің, орындаушылардың, дыбыс жазушылардың, радио және телебағдарламалардың қызметіне қатысты авторлық құқықты, өнер табысы және патенттік құқыққа , ғылыми жаңалық құқына, фирмалық атауға және коммерциялық белгілеуге теріс ниетті бәсекелестерден қорғаныс және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес меншіктің объектілері былайша жіктелінуі мүмкін:
ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310.
- Бірегейленетіндері, яғни дербес меншіктің басқа кәсіпорындарға сатылуы, берілуі мүмкін түрлері (патенттер, сауда белгісі, маркілер, өндірістік үлгілер) .
- Бірегейленбейтіндері, яғни аталған кәсіпорынға бөлінбейтін және дербес түрде сатынмайтын дербес меншіктің түрлері. Оған иелік ететін кәсіпорындар ғана оны сата алады (фирмалық атау) .
Дербес меншікті бағалау сараптау жолымен жүргізіледі. Дербес меншікті бағалау және балансқа қабылдау бұл оның капиталдану процесі.
Негізгі құралдарды түгендеу
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктер мен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді. НҚ түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:
- Есепте тіркелмеген объектілерді қоса алғанда, НҚ нақты қолда барын анықтау.
- Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы НҚ сақталуын бақылау.
- Жиынтығы бұзылған және күйреудің, тозудың және басқа себептердің салдарынан бүдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ объектілерін анықтау.
- НҚ артық немесе пайдаланылмайтын объектілері қайтадан бөлінуге немесе сатылуға тиіс.
- Машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды, көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру.
Есепті жылдағы түгендеудің санын, оларды жүргізу күндерін, олардың әрқайсысында тексерілген мүліктердің тізілімін, түгендеу жүргізу міндетті болған жағдайларды қоспағанда, шаруашылық субъектісі белгілейді.
Түгендеуді:
- жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын, бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктірместен;
- кәсіпорын мүлкін жалға бергенде, өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі өзгергенде жүргізу міндетті.
Инвентарлық карточкалардың, инвентарлық тізімдердің бар-жоғын, техникалық құжаттардың қолда бары мен жағдайы және жалға берілген немесе субъект жалға, не сақтауға алған НҚ басқа құжаттарының қолда бары тексеріледі. Құжаттар жоқ болса, олардың алынуын немесе ресімделуін қамтамасыз ету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz