Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы


ОЛИГОПОЛИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАҒАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Жоғарыда қаралған мысалдар жетілмеген бәсекенің шекті жағдайы, таза монополист жағдайына сәйкес алынған. Алайда, нақты өмірде мұндай жағдайлар өте сирек. Қазіргі рыноктық құрылымдарды олигополия ұғымымен дәл сипаттауға болар еді. Сөзбе сөз олигополия ұғымы, "аздаған сатушылар" дегенді білдіреді. Бұл бірнеше үлкен фирмалардың өндірісті және өнімнің негізгі көлемін өткізуді басып алатын рынок типі.
Олигополия жағдайыңда бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету т. б. арқылы тартуға негізделген. Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төмендеткен фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігі ғана өтеді. Ал егер осы фирма бағаны жоғарылатса, басқа фирмаларда оның соңынан ермеуі мүмкін. Сондықтан оның өніміне сұраныс бағалардың жалпы өскені жағдайына қарағанда тым шұғыл қысқарады.
Олигополист фирманың қисық сызығы график тұрғысынан қайталанбас сипаттағы "сынған қисық сызық" болады. "Сынған қисық сызық" идеясын тараткан американ экономисі П. Суизи.
Графиктен көрініп тұрғандай, рыноктың олигополиялық құрылымы жағдайында ДД қисық сызығы Е нүктесіне қарағанда орныққан бағалар, бағалардың өсуі жағынан өте икемді. ЕД кесіндісімен көрінеді. Бағалардың төмендеуі жағынан икемді емес ЕД кесіндісін көрсетеді. Басқаша айтқанда, салалық орныққан бағаның Е нүктесінде олигополист фирманың сұранысының қисық сызығының салалық
бағаның тұрақтылығына себепші болатын иілімі болады. Олигополиялардың "баға соғысы" кезінде талқандайтын бағадан қашып өзара бағалық бәсекеге бармайтыны осы. Сонымен, олигополия жағдайындағы баға құрылуы белгілі бір тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұл тұрақтылық саладағы бірнеше фирмалар келіскен рыноктық саясат мәселесімен байланысты. Егер жетілген бәсеке рыногының үлгісін еске алатын болсақ, онда фирмалардың өзара бейімделу мәселесі болмайды. Өндірушілердің өз биліктері өздерінде болды және сапалы өзара әрекет етудің мүмкіндігі мен қажеттілігі болған жоқ. Әрбір жеке өндірушінің әрекетін рынок байытып отырды.
Олигополия жағдайында фирмада қосымша мақсат немесе бір "аса жоғары міндет" пайда болады. Бұл олигополия көлемінде жиынтық пайданы барынша көбейту. Олигополиялардың өз өнімдеріне рыноктық бағаны келісулері, "бағадағы жетекшілік" деген ат алады. Бағадағы жетекшілік деген баға бәсекесінен анық бас тартуды білдіреді. Оның мәнісі осы саланың олигополист өз бағаларын белгілегенде және өзгерткенде жетекші компанияның бағасын бағдарға алады. Жетекші ретінде, әрқашанда, саладағы ең үлкен фирма болады. Жетекші фирманың бағаларындағы өзгерістер саладағы басқа компаниялар үшін бағалар өзгертуге бағдар болады.
Айта кететін жайт, егер жетекшісі басқа компаниялардан өз экономикалық күші бойынша көп басым болса да, тек өктемдікке иек арта алмайды. Өзінің баға құруында ол басқалардың "келісімін", компаниялардың мүдделерін есепке алуы керек. Бұл мүдделер олардың шығындарын жабумен, оларға жеткілікті пайда нормасын берумен, өнімдерін жеткілікті түрде өткізуді қамтамасыз өтумен де байланысты.
Баға жетекшісі өзінің прейскуранттық бағаларын олигополистік келісімге кірген басқа фирмалардың мүдделеріне, шығындардың немесе сұраныстың өзгеруіне сәйкес келмей қалса қайта қарауы керек. П. Самуэльсон және В. Нордхаус олигополистік жағдайдың үш аса маңызды типін көрсетеді.
1. Құпия олигополия; 2. Үстем болған олигополия; 3. Монополистік бәсеке.
Бірінші жағдайда, олигополиялықтар толық келісімге келсе, рыноктық баға жалғыз монополистің мүддесіне сәйкес келеді.
Екінші жағдайда, саланың ең үлкен фирмасы салалық өткізу көлемінің 6080%-ін бақылағанда басқа мінез танытуы мүмкін. Мысалы, рыноктын бір белігін бәсекелстеріне (ұсақ фирмаларға) беріп, сосын 6080%-ін бакылайтын рыноктағы монополист ретінде әрекет етеді.
Үшінші жағдайда көп сатушылар мен сатып алушылардың фирмалардың салаға кіріп шығуы еркін болады және жеке фирма басқа фирмалардың бағаларына тікелей әсер ете алмайды. Мұнысымен бұл жағдай жетілген бәсеке рыногын еске түсіреді. Айырмашылығы, мұндағы тауарлар дараланған және әрбір сатушы оның сұранысының төмендейтін қисық сызығына ие болады. Осыған байланысты сатушы өз тауарына баға белгілейді.
МОНОПСОНИЯ (ЖЕКЕ САТЫП АЛУШЫНЫҢ РЫНОГЫ)
Алдыңғы талдау монополияны сатушы рыноктық бағаға билік етудің ерекше құбылысы ретінде қараумен байланысты. Алайда бағаларға белгілі бір бақылау сатып алушы жағынан да болады. Егер монополия ұғымы "жалғыз сатушы" дегенді білдірсе, монопсония ұғымы "жалғыз сатып алушы" дегенді білдіреді. Монопсония мәселесін зерттеу Дж. Робинсонның аса маңызды ғылыми еңбегі болып табылады. Осы тақырыпшада осы экономистің логикасына сүйенеміз.
Монопсония жағдайында бағалардың орнығуын талдаудан бұрын "сатып алушының көзімен" жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктарды салыстырамыз. Жетілген бәсеке кезінде көптеген сатушылармен бірге көптеген сатып алушылар әрекет етеді. Жеке сатушы бұл жағдайда рыноктық бағага әсер ете алмаса, жеке сатып алушы да жетілген бәсекеде сатып алатын тауарлардың бағасына әсер ете алмайды. Жетілген бәсекелес сатушының сұраныс сызығы абсолютті икемділігімен (эластикалығымен) сипатталады. Сондай-ақ жетілген бәсекелес сатып алушының сызығы да абсолютті икемді болады. Бұл деген, егер сатып алушы тауар үшін қалыптасқан рыноктық бағадан аз ұсынса, ол ештеңе де сатып ала алмайды. Ал кеп ұсынып, ол қанша көп тауар алғысы келсе, сонша алады. Сатып алушы жағымен сатушы жетілген бәсеке кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарын салыстырайық. Жетілген бәсекені талдаудан белгілі графикке (30, а-сурет) сатушының (өндірушінің) сұранысының қисық сызығы көлбеу түрінде болады, ал ұсыныстың қисық сызығы МС шекті шығындардың қисық сызығының жоғары көтерілуші тарауы. 30, б-суреттегі график 30, а-суреттегі графиктің дәл көрінісі болады. Жетілген бәсеке жағдайында сатып
алушылар көп те, олардың әрқайсысы 55 ұсыныс сызығына өзі сатып алу көмегімен әсер ете алмайды. Нақ сондықтан ұсыныс сызығының көлбеу болуы сатып алушылар арасында жетілген бәсекенің болуының белгісі болады.
Жетілмеген бәсеке кезінде бағаның өзгермеуі сатып алушы бағаға ешқандай да әсер ете алмайды да, Р = AC » МС теңдеуінің барлық шарты орындалады. Сатып алушының төлеген Р бағасы өнімге ие болудағы қосымша шекті шығындармен сәйкес келеді. Мұны кеңірек түсіндірейік.
Ие болу шекті шығындары дегеніміз қосымша өнімді сатып алу кезіндегі сатып алушының қосымша шығындары. Сатып алушы ие болған тауары үшін белгілі бір баға төлейді. Бұл баға сатып алушының шығыны. Әрбір косымша өнім сатып алынғанда бұл баға өзгермесе, онда тауарға ие болуы шекті шығындары да өзгермей қалады. Бұл 55 ұсыныс сызығының көлбеулігіне де әсер етеді. Сондықтан, егер Р = AC болса, оңда 55 сызығы басқа емес, (AC ) орта шығындар қисық сызығы болады. Осы сызық сатып алушының (МС) шекті ие болу сызығымен сәйкес келеді. Сатып алушы жағынан алғанда жетілмеген бәсеке жағдайында 55 ұсыныс сызығы деген сонымен AC орта шығындар сызығы және МС өніміне ие болудың шекті шығындар сызығы және ол көлбеу сипатта болады.
МС шекті шығындарының теңдігі мен MR шекті табыс сатушының (өндірісінің) тепе-теңдігінің шарты болып табылады. Рыноктың осы тәртібінің логикасына алушы да сүйенеді. Егер тепе-теңдікке жетуге ұмтылатын болса, ол өзінің шекті шығындары мен шекті табысын салыстыру керек. Монопсония жағдайындағы ұсыныс қисық сызығы не білдіреді?
Негізінде ол көлбеу сипатынан айрылып, басқа түрге ие болуы керек.
Монопсония жағдайындағы ұсыныс қисық сызығының бітімін суреттеуден бұрын, айта кететін нәрсе, бұл жеке фирманың емес, бүкіл саланың ұсынысының қисық сызығы ғана болады. Салада техникалық мүмкіндіктерінің деңгейі бірдей емес, әр түрлі фирмалар әрекет етеді де, сондықтан шығындардың деңгейі де әр түрлі. Өзінің қажеттіліктерін пайдалылық алу арқылы қанағаттандыруға ұмтылатын қандай да болмасын фирманың салаға кіруін тек "оз шарты" бойынша ынталандырады.
Бұл қандай шарттар? Талдаудың осы сатысында түсініктісі, егер сатып алушы жалғыз, сатушылар көп болса бәсеке, бәрінен бұрын, сатушылардың (өндірушілердің) арасында болады да баға төмендейді. Монополист ие болған бағаны өзі белгілейді және оны жетілген бәсеке жағдайындағы деңгейден төмен деңгейде белгілейді.
Бұрын белгілі болғандай, монополист бағаға билігі болған соң, оны жетілген бәсеке жагдайындагы тепе-теңдік бағасының деңгейінен асатын деңгейде белгілейді. Ал монопсонистік сатып алу көлемі қандай? Жетілген бәсеке жағдайындағы деңгейден жоғары ма, әлде төмен бе? Бұл сұраққа жауап бір мәнде емес. Барлығы саладағы ұсыныс жағдайдарымен ұсыныс бағасының сәйкес деңгейіне байланысты болады. Бірақ ұсыныстың бұл жағдайларын зерттемес бұрын сұрақ қояйық. Монопсонистің билігі оның ие болған өнімінің сипатына байланысты бола ма? Болады. Монопсонистің билігіне қарсылық көрсете алатындар тез бұзылмайтын, ұзақ сақталатын өнімдерді өндірушілер. Егер оларға шарттары ұнамаса, онда басқа сатып алушы іздеуге уақыттары бар. Ал ауыл шаруашылығының тез бұзылатын өнімін өндірушілер не істейді? Олардың монополист талап еткен шарттарга тәуелді болуы барынша ыктимал. Әрине, бұл жалғыз мысал емес. Ал алмаз өндірушілер ше? Бұл тез бұзылатын өнім емес. Алайда "Де Бирс" монополисі алмазды сатып алудағы өз талаптарын әр түрлі елдердегі бөлшектенген өндірушілерге күштеп таңады. Монопсония еңбек рыногында жиі орын алады.
Монопсонист өзінің сатып алу көлемі айлалы әрекет жасау арқылы ие болатын өнімнің рыноктық бағасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан (монопсонистің көзқарасы бойынша) ұсыныстың рыноктық бағасы бүкіл саланын орта шығындарының өсіңкілігін көрсетеді. Саланың жиынтық ұсынысын осы саладағы әр түрлі фирмалардын орта шығындарының жиынтығын көрсететін қисық сызық сипаттайды (31-сурет) .
![]()
Монопсонист үшін ұсыныс қисық сызығы бұл (AC) саланың орта шығындарының қисық сызығы. AC қисық сызығында орналасқан қандайда бір нүкте болса да, Q тауарларын сатып алудағы монопсонистің ұсыныс бағасының деңгейіне сәйкес келеді.
Графиктен көрініп тұрғандай монопсонист үшін енді ұсыныс бағасы болуы мүмкін:
- кемуі AC төмендеуші тарамы;
- өсуі AC жоғарылаушы тарамы.
Жетілген бәсекеден жетілмеген бәсекеге өту орын алған болса (сатып алушы жағынан), ұсыныс қисық сызығы өзінің көлбеу түрінен айрылып U бейнелі (AC) саласының орта шығындарының қисық сызығы формасын алады. Бірінші жағдайда монопсонист технологиялық деңгейі жоғары, шығындарының төмендеу тенденциясы бар фирмалармен істес болады. Екінші жағдайда монопсонист шығындары өскен фирмалардан өнім сатып алады. Сонымен монопсонист "басып алған" саладағы ұсыныс бағасы төмендеуші де, жоғарылаушы да болуы мүмкін. Сондықтан монопсонистің ие болған өнімінің шекті шығындары өзгермейтін болудан қалады (жетілмеген бәсеке кезіндегідей) олар төмендеуші де, жоғарылаушы да бола алады. (Өйткені МС, AC қисық сызығының өсінкілігін көрсетеді) .
Суретте AC саласының орта шығындарының қисық сызығы (ал монопсонистің көзқарасы бойынша бұл монопсонист үшін ұсыныстың қисық сызығы (МС өнімге ие болудың шекті шығындарының қисык, сызығы) монопсонистің көзқарасы бойынша) .
Саланың өз ұсынысы (яғни, қанша өнім өндірілді) монопсониске байланысты емес, өйткені оның өзі өнім шығарумен айналыспайды. Монопсонистен сатып алу көлемі және соған сәйкес өнім ұсынысының бағасы тәуелді
![]()
болады. Нақ осы бағага монопсонистің белгілі бір деңгейдегі билігі жүреді.
Монопсонистің ДД сұраныс қисық сызығы AC саласының ұсыныс қисық сызығын екі нұсқадағы Д1Д1 және Д2Д2 немесе саладағы екі жағдайда, төмендеуші және жоғарылаушы ұсыныс бағанасында қиып өтеді.
Графикте мүмкін болатын екі жағдай көрсетілген. I монопсонист саладағы ұсыныс бағасының төмендеуі жағдайында қызмет істейді. II монопсонист саладағы ұсыныс бағасының жоғарылауы жағдайында қызмет істейді. I жағдайда әрбір қосымша өнімге ие болу үшін монопсонист өзінің AC ұсыныс бағасын төмендетеді, сондықтан, оның МС өнімге ие болу шекті шығындары бағанадан төмен болады, өйткені монопсонист (сатып алушы) төлейтін бағасы оның шығындары. МС қисық сызығы бұл жағдайда AC қисық сызығынан төмен орналасады. II жағдайда, монопсонист, өспелі ұсыныс бағасымен істес болғандықтан, тауарға ие болудың өскелең шекті шығындарымен қайшы
келіп қалады, МС қисық сызығы AC ұсыныс қисық сызығының жоғары көтерілуші тарапынан жоғары болады. Heгe бұлай болады? Өйткені монопсонист сатып ала бастағанда өндірушілердің арасындағы бәсеке сала ұсынысының бағасын төмендетеді. Монопсонист осыны пайдаланып өз шарттарын ұсынады. "Мен сізден тағы бір өнім сатып аламын, бірақ бағасын төмендетемін және сонымен бірге жетілген бәсеке кезіндегіден көп өнім аламын".
Егер монопсонист "қожайындық" еткен салаға салыстырмалы жоғары шығындары бар фирмалар тартылса, онда бұл өндірушілерде монопсонияның шарттарын қабылдайды. "Мен әрбір қосымша сатып алынған өнім үшін жоғарыланган ұсыныс бағасына сәйкес төлеймін, бірақ жетілген бәсеке кезіндегіге қарағанда өнімді аз сатып аламын". Монопсонистің сатып алу көлемі мәселесін түсіну үшін 33-суреттегі графикті екі графикке бөлеміз: саладағы ұсыныс бағасының жоғарылаушы жағдайы және саладағы ұсыныс бағасының төмендеуші жағдайы. Ұсыныс бағасының жоғарылауында AC саладағы орта шығындар қисық сызығы (монопсонист тұрғысынан бұл өнім ұсынысының қисық сызығы) ; МС саладағы шекті шығындар қисык сызығы (монопсонист тұрғысынан бұл өнімге ие болудың шекті шығындарының қисық сызығы) ; Д2Д2 сұраныс қисық сызығы (монопсонист тұрғысынан шекті пайдалылық қисық сызығы, немесе шекті табыс (MU не MR ) .
... жалғасы28-суретпен ұқсастықтан монопсонистің МС пен MR қисық сызықтарының қиылысынын сатып алушының тепе-тендік нүктесін табамыз.
![]()
![]()
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz