Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасырудың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда ойынның мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ..6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ерекшеліктері ... ...16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың әдіс.тәсілдері ... ...19

Қорытынды ... ... ... ... ... ...26
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ..28
Әр топ балаларының ерекшеліктеріне сай келетін математкиа элементтері «Мектепке дейінгі мекемеге арналған тәрбие бағдарламасына» сәйкес балалармен қарапайым математиканы оқыту жүргізіледі. Балалар сан туралы білмей тұрып-ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың барлық құрамы жөнінен әр түрлі болатын балалар бақылауларға сүйеніп, ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан-есім сөзбен анықтау қажеттігі туады.
Алайда балалар қарапайым математиканы игеру барысында, жиынтықты қабылдауы әр баланың жас шамасына тән әр түрлі болады. Олар жиындарды әр түрлі белгілері бойынша ретттей білмейді. Бұл –балалар жиындарды жинақтау және жиынннан оның ішкі жиынынын ажарату операциясын меңгере алмаған деген сөз.Дыбыстарды санағанда,заттарды сезім түйсігі, қимыл-қозғалыс арқылы санағанда балалар көп қателеседі. Сонымен, балалардың 10-ға дейін санай білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші нақтылы жиындар және олардың жасалу тәсілдері жөнінде түсініктері бар-жоғын, санамай тұрып-ақ жиындармен операциялар жасай біле ме, заттардың жиынтықтарын олардың элементтерін бір-біріне сәйкестей отырып салыстыра ала ма, осылардың бәрін біліп алуы тиіс
1.«Балбөбек» бағдарламасы. Алматы 2006ж
2. Леушина.А.М. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математиклық түсініктерді қалыптастыру. Алматы «Мектеп» 1982 жылы.
3.Рысбекова.Л.К, Искакова П.К. «Математикалық түсініктерді қалыптастыу әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы» Түркістан 2009жылы.
4. Балабаева.А.С. «Қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру мазмұнын жетілдіру» // Бастауыш мектеп №2-2007
5.Аглакова.Э. «Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы»// Отбасы және балабақша № 1,2008 ж.
6. Мухина.В.С. «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы», Москва, 1988ж
7.Керімбаева.Р. «Ойын түрлері және оның ерекшеліктері»//Бастауыш мектеп №3, 2008 ж.
8.Қайбұлдаева.Г.,Жаздықбаева.М, Әлімбекова.С. «Ойын технологиясы», Түркістан, 2007 ж.
9.Қарабаев.Т.«Т. Тәжібаев зерттеулеріндегі ойын әрекетінің мәселелері»// Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары, І – том, Алматы, 2000 ж.
10. П. Жаппарқұлов, «Білім берудегі жаңа технологиялар» // Бастауыш мектеп № 3-2008ж
11. Серікбаева В., Қайыңбаева Л. «Математиканың қоршаған ортамен байланыстары»// Қазақстан мектебі №1- 2010

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптасырудың теориялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда ойынның мазмұны мен міндеттері ... ... ... ... ... ..6
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...10

ІІ Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастырудың әдістемесі
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ерекшеліктері ... ...16
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың әдіс-тәсілдері ... ...19

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..28

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі: Әр топ балаларының ерекшеліктеріне сай келетін
математкиа элементтері Мектепке дейінгі мекемеге арналған тәрбие
бағдарламасына сәйкес балалармен қарапайым математиканы оқыту жүргізіледі.
Балалар сан туралы білмей тұрып-ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың
барлық құрамы жөнінен әр түрлі болатын балалар бақылауларға сүйеніп, ұғынып
алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау
негізінде айырмашылықты сан-есім сөзбен анықтау қажеттігі туады.
Алайда балалар қарапайым математиканы игеру барысында, жиынтықты
қабылдауы әр баланың жас шамасына тән әр түрлі болады. Олар жиындарды әр
түрлі белгілері бойынша ретттей білмейді. Бұл –балалар жиындарды жинақтау
және жиынннан оның ішкі жиынынын ажарату операциясын меңгере алмаған деген
сөз.Дыбыстарды санағанда,заттарды сезім түйсігі, қимыл-қозғалыс арқылы
санағанда балалар көп қателеседі. Сонымен, балалардың 10-ға дейін санай
білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші нақтылы жиындар және олардың жасалу
тәсілдері жөнінде түсініктері бар-жоғын, санамай тұрып-ақ жиындармен
операциялар жасай біле ме, заттардың жиынтықтарын олардың элементтерін бір-
біріне сәйкестей отырып салыстыра ала ма, осылардың бәрін біліп алуы
тиіс.Мектеп жасына дейінгі топтарда балалардың көпшілік бөлігі негізі
геометриялық фигуралардың атауларын білмейді, әр түрлі ұзындық
параметрлерін айыра білмейді. Бір нәрсенің ені мен ауданын шатастырады,
кеңістік қатынастарды белгілеу үшін көмекші сөздер мен үстеулерді дұрыс
пайдалануда біршама қиналады.
Мектеп жасына дейінгі балалар алдымен нәрселердің өлшемдестігін
нәрселерді беттестіру немесе тұтастыру жолымен жүргізеді; өлшемдестікті көз
мөлшерімен анықтайтын болсақ, бұл тәсіл жарамсыз болып қалады. Мәселен,
ағаштың немесе дуалдың биіктігін көзмөлшерімен анықтау үшін , көзбен
мөлшерлеу дамыған болу қажет. Бұған нәрселерді салыстыру әрекетінің себі
бар. Көз ,қол жасайтын практикалық әдістерін бейне бойға сіңіріп,
жинақтайтын сияқты.
Қазіргі жас ұрпақты мәдениетті, ұшқыр қиялды, білімді, ұлтын сүйетін,
нағыз қабілетті етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Өмір талабына сай
жан-жақты бала тәрбиелеу үшін мектепке дейінгі ұйымдар алдында тұрған
маңызды міндеттерді бірлесіп шешу қажеттігі туындап отыр. Тәрбиеші мен
баланың оқу-тәрбие процесінде әрқайсысының іс-әрекеттерінің айырмашылықтары
мен өздерінің ерекшеліктері болады. Алайда олар бөлінбестей байланыста бір
тұтас оқу-тәрбие процесіне қатысады.
Сол міндеттердің негізгілерінің бірі болып саналатын баланың қарапайым
түсінік-ойын тәрбиелеу, он көлемінде санай, есептей білуге, ауызша қосып,
азайту тәсілдеріне жаттықтыру математикалық ұғымдар туралы алғашқы
мағұлұматтарды меңгерту ісіне ерекше назар аударып, алынған білімді
бекітуге назар бөлінеді.
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке мейінгі тәрбиеге
ерекше мән беруді талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларға алғашқы
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, бала бойына дарыту
өзекті мәселерлердің бірі болып отыр. Қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар
және жаттығулар қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын
әдістер. Олар жылдам ойындар негізінде жүзеге асыралады. Барлық мектепке
дейінгі балаларда жүргізілетін сабақтар ойын әдістерімен өткізу үлкен рөль
атқарады. Дидактикалық ойындар және математикалық жаттығулар балалардың ой-
өрісін дамытып қана қоймай, сандарды меңгеруіне, пішінді, кеңістікті,
уақытты бағдарлауына көмек береді. Барлық топтарда математикалық ойындар
мен жаттығулар таңертең, түстен кейін, сабақ немесе оның бөлімдері түрінде
өткізілуі мүмкін. Сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз,
әлі өз беттерімен сөйлеп үйренбеген. Сондықтан олармен мұндай ойындар
көбірек өтіледі. Ойынның әр түрі тәрбие мақсатына қарай, алмастырылып
отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау
уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір
тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы
сөйлеуге жаттығады. Өйткені әрбір ойын оқылған материалды бекіту, нақтылап
есіне сақтау мақсатында өткізіледі.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану жолдарын
қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда ойынның мазмұны мен міндеттерін қарастыру.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда ойынның ерекшеліктерін ашу.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ерекшеліктерін қарастыру.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда дидактикалық ойындардың үлгілерін талдау.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану.
Зерттеу обьектісі: Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу – тәрбие
үдерісі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау,
бақылау, озат тәжірибелерді қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

І Тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптасырудың теориялық негіздері
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыруда ойынның мазмұны мен міндеттері
Баланың жеке басын қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі
әрекеттер процесінде жүзеге асады. Бала өмірінің бірінші күнінен бастап,
өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын
адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр
түрлі көптеген заттар қоршап тұрады. Әр түрлі өнімді және өнімсіз әрекеттер
процесінде мектеп жасына дейінгі балаларда өздерін қоршаған әлем жөнінде:
заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері –түсі, формасы, шамасы,
заттардың кеңістіктегі орналасуы, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың
қарым-қатынастары жөнінде түсініктер қалыптаса бастайды. Элементар
математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын
сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді.
Демек, мектеп жасына дейінгі балаларда оқыту процесінде дамуға басшылық
жасай отырып, балалардың назарын меңгерілетін материалдың тек мазмұнына
ғана емес, орындалу әдістеріне де аудару қажет.[1]
Педагогтың міндеті –балалар ойын әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек
ойын үстінде жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, онда
сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны, әрекеттің, мінез-
құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде іске асыра алады. Сондықтан
қажеттілік пен мүмкінідіктің арасында белгілі мен белгісіздің арасында
қарама-қайшылық кездеседі. Бұл қарама-қайшылық дамудың қозғаушы күші болып
табылады. Балаларға математика сабақтарында алған білімдерін,
шеберліктерін, дағдыларын әр түрлі тіршілік жағдайында – тұрмыста, серуенге
шыққанда, ойындарда, басқа да сабақтарда пайдалана білуге баулу тәрбиешінің
ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ойын іс-әрекеті балалардың
математикалық білімін әрі қарай кеңейте түсуге мүмкіндік туғызады. [2]
Сонымен педагогтың бағыттаған әрекеті арқылы оқыту баланың психикалық
жағынан өсуіне әсер етеді. Баланың ақыл-ойының даму проблемасына көптеген
зерттеулер арналады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту методикасы
үшін Г. С. Костюктің басшылығымен жүргізілген зерттеулер ерекше назар
аударады. Обьектілердің белгілерін –түс, форма, шама т.б. айыра білу
дәрежесі, әдеттегіге қарағанда, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту
жағдайында өте жемісті болатынын көрсетті.
Оқыту жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар ерте жастан бастап-ақ
нәрселердің жиынтығын, дыбыстар мен қозғалыстарды әр түрлі анализаторлар
арқылы қабылдай отырып, олармен танысады, салыстырады, оларды бір-бірінен
айыруды үйренеді. Психологтардың жүргізілген барлық зерттеулер оқыту
процесінде баланың психикалық дамуында сапалы өзгерістер болатынына көз
жеткізеді. Оқыту балалардың интеллектуалдық әрекетінің төменгі
стуктурасынан жоғары стуктурасына өтуін шапшаңдатып қана қоймайды, оқыту
олардың білім алуының қажетті жағдайы болып таылады. Мұндайда жаңа
структураларжай сырттан әкелінбейді, олар оқыту процесінде балалар қоғамдық
тәжірибеде және ойын барысында меңгеру арқылы іске асқан үлгі бойынша бұрын
қалыптасқан структулардан жасалып шығады. Бұл процесте сырттан жасалатын
әсер әрқашан балалардың ішкі белсенділігі арқылы әрекет етеді. –деп жазды
Г. С. Костюк. Сонымен көптеген зерттеулер балалардың өсіп жетілуінде оқудың
жетекшілік ролін нанымды түрде дәлелдеп берді. Мұндайда оқыту методикасының
тияқнақты жасалынуының және білімді хабарлап қана қоймай, ойлау
операцияларын жетілдіріп отырудың маңызы зор.
Сабақтарда оқыту балалардың математикалық түсініктерін жетілдірудің
негізгі және жетекші формасы болып табылады. Реттелген түсініктер, дұрыс
қалыптасұан алғашқы ұғымдар, дер кезінде жетілген ақыл-ой қабілеті сияқты,
баланың мектепте одан әрі ойдағыдай оқып кетуінің кепілі ретінде қызмет
етеді.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы
түсініктерді дамытуға, олардың сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен
олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы
жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталады.
[3]
Әр топ балаларының ерекшеліктеріне сай келетін математкиа элементтері
Мектепке дейінгі мекемеге арналған тәрбие бағдарламасына сәйкес
балалармен қарапайым математиканы оқыту жүргізіледі. Балалар сан туралы
білмей тұрып-ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың барлық құрамы жөнінен
әр түрлі болатын балалар бақылауларға сүйеніп, ұғынып алғандары жөн. Сонда
олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты
сан-есім сөзбен анықтау қажеттігі туады.
Алайда балалар қарапайым математиканы игеру барысында, жиынтықты
қабылдауы әр баланың жас шамасына тән әр түрлі болады. Олар жиындарды әр
түрлі белгілері бойынша ретттей білмейді. Бұл –балалар жиындарды жинақтау
және жиынннан оның ішкі жиынынын ажарату операциясын меңгере алмаған деген
сөз.Дыбыстарды санағанда,заттарды сезім түйсігі, қимыл-қозғалыс арқылы
санағанда балалар көп қателеседі. Сонымен, балалардың 10-ға дейін санай
білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші нақтылы жиындар және олардың жасалу
тәсілдері жөнінде түсініктері бар-жоғын, санамай тұрып-ақ жиындармен
операциялар жасай біле ме, заттардың жиынтықтарын олардың элементтерін бір-
біріне сәйкестей отырып салыстыра ала ма, осылардың бәрін біліп алуы
тиіс.Мектеп жасына дейінгі топтарда балалардың көпшілік бөлігі негізі
геометриялық фигуралардың атауларын білмейді, әр түрлі ұзындық
параметрлерін айыра білмейді. Бір нәрсенің ені мен ауданын шатастырады,
кеңістік қатынастарды белгілеу үшін көмекші сөздер мен үстеулерді дұрыс
пайдалануда біршама қиналады. Мектеп жасына дейінгі балалар алдымен
нәрселердің өлшемдестігін нәрселерді беттестіру немесе тұтастыру жолымен
жүргізеді; өлшемдестікті көз мөлшерімен анықтайтын болсақ, бұл тәсіл
жарамсыз болып қалады. Мәселен, ағаштың немесе дуалдың биіктігін
көзмөлшерімен анықтау үшін , көзбен мөлшерлеу дамыған болу қажет. Бұған
нәрселерді салыстыру әрекетінің себі бар. Көз, қол жасайтын практикалық
әдістерін бейне бойға сіңіріп ,жинақтайтын сияқты. Сондықтан көз мөлшерін
дамыту аса маңызды, сондықтан да ол оқыту пәні болуы тиіс. Тіпті Руссоның
өзі зәулім үйді адам бойымен , ағаштың биіктігін шіркеу мұнарасының
биіктігімен салыстыра отырып т.с.с. Эмильді нәрселердің өлшемдерін көз
мөлшерімен салыстыра білуге үйрету керек деген болатынды[3].
Зерттеулерге қарағанда , жас есейе келе көзмөлшерінің болар-болмас
мүмкіндіктері артады, бұған әр өлшемді екі нәрсенің үлкенін таңдап алу
жөніндегі оңай есептің шешуі де көз жеткізеді. Алайда есептің дұрыс шешімі
ылғи да болар-болмас мүмкіндіктермен байланысты бола бере ме? Мысалы, үлгі
бойынша ұзындығы белгілі нәрсені сұрыптап алу балалар үшін едәуір күрделі
екен, олар бұл есепті екі нәрсені біріне –бірін тұтастыру жолымен
анықтаудан гөрі екі есе баяу шығарды. Балалар жаңа бір интеллектуал есепке
кезігеді, ол –салыстыру тәсілін табу. Сонымен бірге сұрыптауға түсетін
обьектілердің арасындағы айырмашылық шамасы кеміген сайын ,есеп күрделене
түседі. .
Мектеп жасына дейінгі балаларда математика элементтерін ұйымдастыру
кезінде балалармен табысты жұмыс жасау үшін , балалардың білімдерін олардың
жас ерекшелігі мен қабылдау қабілеттерін ескеріп іріктеп алған жөн. Нақты
бағдарлама мазмұнына сай балаларға жалпы қарапайым математикалық түсініктер
туралы мағлұмататрды балаларға қарапайым әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
бала бойын сіңдіруге болады.,балалардың қарапайым дағдыларды қалыптастыру
және алған дағдыларын жаңа жағдайларды пайдалана білуге үйретуге мәселелері
оқу мен тәрбиелеудің арнаулы мақсаттары ретінде қарастырылып ,үнемі оны
жетілдіру жолдарын іздестіру қажет. Балалар элементар математикалық білім
саласында мәнді нәрсені байқауға және ажырата білуге,жинақтаған білімдерін
жалпылай және жүйелей білуге, оларды өзінің тұрмыстық және ойын
әрекеттеріне пайдалана білуге, қарапайым ұғымдарды игеруге даяр болуы тиіс.
[4]
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканың қарапайым элементтерін
қалыптастыру барысында көптеген әдіс тәсілдер қолданылуы шарт: балаларға
мүмкіндігінше геометриялық немесе кез- келген зат формасы немесе контуры
бойынша нәрсені тексеру тәсілдерін ерте үйрету қажет. Бала жасы есейген
сайын практика жүзінде модельдеу қажеттігі біртіндеп жойылады да ,оның
орнына фигураны көзбен көріп зертеу келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін
қалыптастыруына жағдай жасайтын әдіс: дидактикалық ойындар үшін керекті
ойыншық түрлерін:дөңгелек, квадрат, ұшбұрыш, тік төртбұрыш және тағы басқа
геометриялық фигуралардың ойыншық түрінде болуы, логикалық жаттығулар мен
есптер. Зат туралы түсініктерін қалыптастыру методикасының тағы бір
ерекшелігі, балалар дамуының дара ерекшеліктері. Қайсыбір бала қарастырылып
отырған обьектіге (затқа, геометриялық фигураларға )көбірек қызығады, көріп
отырғандарын сұрап білмек болады, оның қасиеттерін атамақ болып ,айқындамақ
болады. Ал басқа балалар тобы өздері қарастырмайды,тек ересек адамдардың
айқанын тыңдап отырады, солардың көмегіне жүгінеді:бұндай балардың тобы
үшін айтылған сөз негізгі болып саналады.
Ғалым зерттеушілердің теорияларына сүйенсек балардың танып білу әрекеті
ересек адамның басшылығымен едәуір шапшаң дамиды.Бұдан шығатын қорытынды
балаларға зат және геометриялық түсініктерін дұрыс зерттеу тәсілдерін ерте
жастан үйрету қажет, олардың қарапайым қасиеттерін көре білу қабілетін
дамыту ; айтылған сөзге және үлгіге қарай әр түсті және өлшемдері де әр
түрлі фигуралардың арасынан таңдап және сұрыптай білуді үйрету ,айнала
қоршаған заттардан фигуралармен ұқсастығын таба білуді үйрету,фигуралардан
заттардың моделдерін құрастыра отырып олардың түрін өзгерте білуге үйрету
қажет[5].
Қорыта келсек, сабақ барысында бақылау, топтау, салыстыру,
демонстранциялау және сұрыптау әдістерін пайдалана отырып,балалардың
алғашқы қарапайым математикалық түсініктерін қарапайым түрде жеткізуге
болады. [6]

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсініктерін қалыптастыруда ойынның ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның зор маңызы бар. Ойын олар үшін-
сабақ, ойын олар үшін еңбек, ойын олар үшін тәрбиенің маңызды түрі.
Мектеп жасына дейінгілердің ойыны- айналадағы дүниені танып білудің
тәсілі. Ол ойнап жүріп, заттың тсін, пішінін, материалдық қасиетін,
кеңістік қатынастарды, сандық қатынастарды зерттеп үйренеді, өсімдіктерді,
жануарларды зерттейді. Ойыншықтарды іріктеп ала білудің балабақшаларда
айрықша маңызы бар.
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық
тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез- келген бала
еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол
арқылы бала бір- бірімен өзара қарым- қатынас жасайды. Ойын балалар үшін
айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын
жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай жазады: Бала ойында қалай
болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек
қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.Ойынның негізгі
ерекшелігі – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс-
әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатынасын
бейнелеуі болып табылады. Ойында бөлме, теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны
да болуы мүмкін. Балалар үн- түнсіз ойнамайды, жүреді. Ойын процесінде
сөйлесу қарым- қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар
пікірлесіп, әсер алысады, ойынның түпкі ниеті, сюжеті немес мазмұнын
анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынныі түпкі
ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер, ойынның өзінен
туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.[5]
Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде
дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тәне ерекшеліктеріне қарай сюжетті-
рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар,
ұлттық ойындар облып бөлінеді.
Сюжетті- рольді ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын
алады. Сюжетті- рольді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері
жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті рольді ойында
бейнелеу құралы роль мен ойын әректтері болвп табылады. Өзінің сипаты
жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы,
Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әректтеріне, ал
Аурухан болвп ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді.
Педагог өткізілегн ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік
ықпалын бағалауға, өз тобындағы сюжетті- рольді ойындарына әрі басшылық ету
тәсілдерін ойластыруғв тиіс.
Драматизациялық ойындарда мазмұн, рольдре, ойын әрекеттері қандай да бір
әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжеті мен мазмұнына шарттас болады. Ол
сюжетті- рольді ойынғ ұқсас. Драматизация ойынында балаға қандай болсын
айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны
дұрыс.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік
алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа,
байсалдылыққа үйрететін осы- ойын. Баланың ойнайтын алғашқы ойындары – бұл
заттық ойын. Басқаша түсіндірсек, бұл затты игеру. Сіз балаға беретін
ойыншықтар арасында қуыршақ та, аю да ұсақ ойыншықтар да болады. Бастапқыда
балалар ойыншықтарға басқа заттарға қарағандай қарайды, яғни олар үшін
ойыншықтардың басқа заттардан айырмасы жоқ. Екі жасқа толғанда олардың
ойыншықтармен ойнауы елеусіз болады. Бір жарым жастан бастап үлкендер
көрсеткен әрекеттермен қатар өзі бақылаған әрекеттерді де жасай бастайды.
Олар жасанады, таранады, қуыршақты құшақтайды, оны сүйеді- бұл рольдік
ойын.
Бір жарым жастан кейін балалар көмекші, ойын басушы ойындарын ойнай
бастайды. Осы аралақта балалар өзін үлкен адамдарша сезініп, нақты әрекет
жасай бастайды. Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті дамуының
негізгі кезеңдері. Осыдан келе балалар мектеп келгенде спорттық ойындарға
әуестігі артады. Олар футбол, волейбол, қалашық ойындарын ойнай алады.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті
жазушысы М. О. Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында,
өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл
көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше
бір ерекше мағыналары болған деп тегіннен тегін айтпаса керек. Мұхтар
Омарханұлының бұл пікірі теориялық қағидаларға ғана сүйеніп айтылмаған, өзі
өмір сүрген ортасының шындығынан және Семей қаласында тұңғыш отау көтерген
Ярыш атты футбол командасының құрамында ойнаған белсенді өмір
тәжірибесінен шығарған қорытындысы деп білеміз. Ұлттық ойындар біздің көз
алдымызға тап осы суреттерді елестеді. Қазақ халқының ұлттық ойындары өте
ертеде туып, оның тұрмыс жағдайларына үйлесімді жасағандай әсер етеді.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының эпостары мен лиро эпостарының қай-
қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлттық ойындарының
әдет- ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.
Балалар ойыны айналадағы дүниенің айнасы іспеттес. Ойын қоғам
өмірінің жағдайларымен тікелей байланысты болады. Оның бала өміріндегі
орны, формасы және мазмұны ересек адамдардың тұрмыстық күйімен, еңбек
формасымен және мазмұнымен салыстырыла, жанама түрде айқындалады. Осыған
орай балалар ойынының тәжірибе артықшылығы үшін, көрсетуде, өмір жолын жаңа
бастаған жас ұрпақтың бойына дағдыны, тәрбие ережесін дарытуда белгілі бір
мәні бар[7].
Совет педагогикасы мен психологиясының теориясы ойынды баланың дербес
белсенділігін айналадағы дүниемен араласуы дүниені,өзін тануының, өзінің
көп қырлы мүмкіндіктерін сынап көруінің алғашқы бір көрінісі деп қарайды.
Н. К. Крупская ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін
табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап
көрсетеді. Ойын өсіп келе жатқан бала организіміне ауадай қажет. Ойын
үстінде баланың күш- қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз
қыралығы артып, тапқырлық, сезімталдық, инициатива көрсету секілді
қасиеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары
қалыптасады. Өзі тап болған жағдай байыппен талдап, төзімділікке үйренеді
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін,-дейді ол,-ойын ерекше маңызға ие:
ойын олар үшін-оқу, оқу олар үшін-еңбек, ойын олар үшін-тәрбиенің бірден
бір формасы.
А. С. Макаренко баланың ерте жасында және оның келесі өсу сатыларында
ойынның ерекше маңызы барын атап көрсеткен. Ол ойынды баланы қызықтыратын
әрі өзі үнемі елітіп отыратын ең басты сабақ деп санайды. А. С. Макаренко
балалар ойынын олардың еңбек күштері-физикалық және психикалық нышаны
аңғарылып тұратындай етіп басқару қажеттігі, онсыз ойынның салдарлы
тәрбиелік болмайтынын айтқан. Ойын ойынымен, бірақ, ол арқылы еңбекке
қажетті кейбір дағдылар тәрбиеленеді. Балалар ойынындағы жұмысқа тән барлық
сипаттарды (мақсат пен жауапкершілік т.б) көре отырып, Макаренко ойын
еңбектен қоғам өндірісіне қатысты болмайтындығымен ерекшеленеді дейді. Ойын
жеке адамның кейбір қасиеттерін айқындауымен немесе жанама түрде ғана түрде
көрінетін жұмыстың кейбір міндеттеріне ұқсас болып келеді[8].
К. Д. Ушинский ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы
өзгерістерді танып білуге, белсенді іс-әрекет етуге жол ашушы ретінде
түсіндіреді. Шынайы өмірде баланың аты-бала. Өз бетінше әлі ештене
тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады:
ал ойын үстінде ол бейне бір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді.
Өзі жасаған нәрселеріне қашан да биік жүргізуімен болады,-деп жазады ол.
Мұнда (ойында- А. У.) адамның ішкі жан- дүниесі жан-жақты
қалыптасады, оның ақыл-ойы, жүрек жылуы, ерік күші осыған жұмсалады. Ойын
баланың болашақ тағдырының көрінісі деген сөз бар. Бірақ мұның өзі
екіұштылау. Бала өз қабілетін ойын үстінде ғана танытып қоймайды, ойынның
өзі бала биімділігі мен қабілеттілігіне, тіпті оның болашақ тағдырына да
тікелей ықпал етеді.
Совет педагогикасы мен психологиясы ойынды баланың жеке өзі көрінетін жеке
дамитын іс-әрекет ретінде қарастырады. Мұнда дайын формасыз, дайын мазмұны
мен ережесі жоқ ойын түрлері айтылып оты. Балалар ойынның мазмұнын өздері
ойлап табады,өздері дамытады.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы,
тәрбиешінің білім қоры, педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген
іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, қозғалмалы
мүмкіндік береді. Балалар мінездегі ерекшеліктерді ажырата бастайды және
өзінің іс-әрекектінде рйындардағы әдістерді, құралдарды пайдаланады.
Баланың ойыннан толық мәнді дамуы тек тәрбиешінің мақсатты, бағдарлы іс-
әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылайша, сюжеттік-рөлдік ойында
ол балаларға толық сюжеттің мазмұны мен мәндеріндегі өзара әдістер
негізінде көрінеді; дидактикалық ойындарда тәртіпті көрсетіп, әрекеттің
соңғы нәтижесін жылжымалы ойын жүргізуді ұйымдастыруда ойынның мәнін
символын қызметін ашуға, қарсыластарының жетістіктерін бағалауға
көмектеседі. Тәрбиеші сонымен қатар, балалардың өзіндік ойындарын басқарып,
оларды дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған кезеңдері арқылы нәтижеге
қол жеткізеді[9].
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның
күнделікті тұтуына керекті барлық заттардың комплектілері болуы керек. Стол
үсті ойындарға лоо, домино, тақырыптық ойындар, пазылдар, леголар, қимыл
белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар, мозайка типтес ойындар
жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын
ойындар қызықты болады. Оларда табиғат құбылыстары, транспорттың алуан
түрлері (кім не міндеі, немен жүреді, неме жүзеді, немен ұшады?)
бейнеленген, ертегілердің кейіпкеорлері қызмет көрсетеді.[6]
Қимыл ойындар- балаға дене тәрбиесін беру құарды. Балалардың жүгіпу,
секріу, лақтыру сияқты қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді.
Қимыл ойындары баланың жүйке- психикалық дамуына, жеке басының,
денсаулығының қалыптасуын да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелер
ұйымдастырушы роль атқарады. Олар ойынның барысын жүйелігін, ойнаушылардың
қарым–қатынасын, баланың мінез- құлқын анықтайды. Қимыл ойындары ұлттық
ойындар желісінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, Соқыр теке, Арқан
тарту, Төс қағыспақ, Көкпар , Асық , Бәйге, тақия тастамақ т.б.
ойындар. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Сол сияқты ойындар да
жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де
өте қажет, тіпті бала жай демалып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.
Қимылды ойындар баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Қазіргі таңда Сорос
бағдарламасның технологиясвмен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып
тұрғандай- ақ сабақтар ойын орталықтары арқылы өтеді. Мұнда балалар тек
ойын орталықтарымен шектеліп қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында не
болмаса сабақ соңында ойын түрлері міндетті түрде қолданылады. Тіпті
балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін де сол орталықта ойынын
жалғастыра береді. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын
алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі еліктеуі, бақылауы осы ойын
үстінде көрініс табады.
Баланы ана тілінде сөйлеуге, айналасын бақылап, тани түсуге
жүргізілетін жұмыстардың негізгі бір түрі- дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейігі кезеңде баланың тілін дамытуда
өте маңызды рөл атқарады. Балаға программалық материалды меңгеру, үйренген
білім-дағдыларын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске
асады. Осы сәбилерді қажетті білім-дағдыларына үйрету: түрлі тәрбие
жұмыстарын жүргізу; олардың сөздік қорын молайтып, есту, көру, сөйлеу
мөлшерін дамытып, жаттықтыру қиындыққа соғатыны сөзсіз.
Сондықтан балабақшаның тәрбиешілеріне арналған программалық жоспарды
басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естеріне
берік қалдыру, сөздік қарларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық
ойындар ұсынылған: Жасырылған затты тап, Ғажайып қапшық, Ойыншықты
тап (Оның түрін, көлемін, формасын атап айт-домалақ, көк, кішкене, т.б.).
Қолыңмен байқап көр, атын айт(Бала дорбаға салынған заттарды қолымен
танып, алады). Көріп атын айт, Жаңа қуыршақты қабылдау, Қуыршаққа
бөлме жасау, Қуыршақты киіндіру, Қуыршақты жуындыру ойындары.
Нақтылы заттар не суреттер арқылы жүргізілетін ойындар:Танып көр,
есіңе сақта. (Үстелге бірнеше ойыншықтар қойылады. Шақырылған бала
ойыншықтарды қарап көреді. Сонан соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды қолдану мүмкіндіктерін талдау
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
«4 жастағы балалардың жиын туралы түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру»
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларға үйретілетін арифметикалық амалдардың ерекшеліктері
Балабақшадағы дидактикалық ойын
Пәндер