Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету



1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету.
2. Жалпы ережелер
3. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ереже мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында белгіленген (анықталған) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға құқықтық әсер ету шаралары болып табылады.
3. Анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға қарай мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актілерді:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;

Жоспар

1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету.
2. Жалпы ережелер
3. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы

Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беру ережесін
бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 19 қарашадағы N 266-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3308
Қазақстан Республикасының "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы"
Заңының 29-бабының 2-тармағы орындалу үшін БҰЙЫРАМЫН:
     
1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілер жасау және беру ережесі
бекітілсін.
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
     Министр
Қазақстан Республикасы     
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрінің        
2004 жылғы 19 қарашадағы   
N 266-ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз
ету саласындағы актілерін жасау және беру

Ережесі
1. Жалпы ережелер
     1. Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті
қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасау және беруі туралы осы
Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
     Ереже мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және
еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы актілерін жасаудың және берудің
тәртібін айқындайды.
     2. Мемлекеттік еңбек инспекторларының актілері мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру барысында белгіленген (анықталған) еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтарға құқықтық әсер ету шаралары
болып табылады.
     3. Анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы
бұзушылықтарға қарай мемлекеттік еңбек инспекторлары мынадай актілерді:
     1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
     Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
     өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізу;
     жарақат қаупі бар және авариялық жағдайлардың алдын алу үшін
өндірістік нысандар мен жабдықтарда, сондай-ақ өндірістік процестерде еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу
туралы;
     жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен
жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу және тоқтата тұру
туралы ұйғарымдар;
     2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту
туралы қаулы шығарады.
2. Ұйғарымдар жасаудың және берудің тәртібі
     4. Заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды мемлекеттік еңбек
инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды
бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша береді.
     5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
жүргізу туралы ұйғарым өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары
нормативтеріне сәйкессіздігінің, өндірістік объектілерді аттестаттаудан
өткізу тәртібінің бұзылуы не аттестаттау мерзімі кешіктірілуінің анықталған
фактісі бойынша беріледі.
     Жұмыс берушінің жаңа өндірістік процестерді, технологияларды,
объектілер мен жабдықтарды енгізуі де жұмыс берушіге өндірістік
объектілерге кезектен тыс аттестаттау жүргізу туралы ұйғарым шығару үшін
негіздеме болып табылады.
     6. Өндірістік процестердің, технологиялардың, объектілер мен
жабдықтардың қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі
ұйғарым өндірістік процестердің, технологиялардың, объектілер мен
жабдықтардың қауіпсіздігі жай-күйі нормативтік-техникалық құжаттамада
белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес емес
немесе жеткілікті сәйкес келмеген жағдайларда беріледі.
     7. Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары
мен жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу немесе
тоқтата тұру туралы ұйғарым өздерінің өндірістік қызмет жағдайларында
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына айқын қатер төндіретін ахуал
анықталған жағдайларда беріледі.
     Жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен
жабдықтардың және тұтас ұйымның пайдаланылуына тыйым салу немесе тоқтата
тұру жағдайларында мемлекеттік еңбек инспекторлары көрсетілген нысандарды
ұйымның лауазымды адамына қолын қойғызып, сақтау сенімхатын бере отырып,
пломба салу немесе сүргі салу жүргізеді. Ұйғарымның бұл түрінде тоқтатудың
себебі мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды
бұзушылықтардың жойылу мерзімдері нақты жазылған болуы тиіс.
     Ұйғарым үш күннен асырылмайтын мерзімге соттың шешімінсіз міндетті
түрде көрсетілген мерзімде сотқа қуыным өтінішін ұсына отырып беріледі.
Қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акті анықталған
бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешім шығарғанға дейін қолданылады.
     8. Мемлекеттік еңбек инспекторы ұйғарымдарының әрбір түрі жеке
жасалады, әрқайсысы бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Заңы
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мазмұны, оның еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
Еңбек қорғау пәнінен дәрістер
Еңбек нормалары бұзған үшін жауаптылықтың түсінігі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Еңбек қорғаудың түсінігі туралы
Еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері
Пәндер