Прокурор


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Прокурор

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушысы ретінде прокурордың орны мен мәнділігі Қазақстан Республикасы Конститутциясының, қолданылып жүрген Қылмыстық іс жүргізу кодексінің және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күш бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған зандарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне прокуратураның прокурорлық қадаталаудың функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін өз билігінің бүкіл күшін пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Коңституциясының 83-бабының сәйкес прокуратураға Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалау жүктеледі. Конституциялық денгейде жалпы түрде тұжырымдалған қадағалау функциясы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығыңда жетілдіріліп, нақтыланған осы Жарлық бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі қадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:

1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау(34-36-баптар) ;

2) тергеу мен анықтаудың зандылығын қадағалау (37-39-баптар) ;

3) сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру (30-33-баптар) ;

4) орындалу ісінің зандылығын қадағалау (сот тағайындаған
жазаларды және өзге де мәжбүрлеу сипаты бар шараларды орындау кезінде ұсталғандар жататын орындарда, сондай-ақ алдын ала қамау орындарында заңдардың орындалуы) (43-44-баптар) .

Прокурорлық қадағалаудың нысаны, тәртібі, прокурор қатысушысы болып табылатын құқықтық қатыңастарды жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын құқықтық салдары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығыңда да, сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінде де реттелген.

Прокурор жағдайының ерекшелігі прокуратура органдарының көп қырлы функциясынан да көрінеді. Заңдылықты қадағалаумен қатар прокуратура органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысыңда талқылауға қатысады. мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады. Осы функцияларға өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтырып отыруы тән болып келеді. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру бір мезгілде қадағалау функциясының мақсаттарына қол жеткізудің құралы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Прокурордың қылмыс белгілерін тауып, ізін ала қылмыстық іс қозғауы шын мәнінде қадағалау функциясын жүзеге асыру болып табылады. Сонымен бірге прокуратура органдарының көп қырлы функциясы осы функшяны құрайтын міндеттерді дербес түрде жүзеге асыруды жоққа шығармайды. Заң шығарушының прокурорды өзінің құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларын да қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын лауазым иесі ретінде қарастыруы прокурордын іс жүргізу мәртебесінің біркелкі еместігі туралы куәландырады. Оның мәртебесі мемлекеттік айыптауды қолдау барысыңда айрықша сипаттарға ие болады. Прокурордын өкілеттігі іс жүргізудің кезеніне және өздері жүзеге асыратын нақты функцияның шегінде ұстанатын көзқарасына байланысты өзгеріп отырады.

Прокурордың құқықтық мәртебесі сот әділдігін атқару кезінде прокуратура органдары шешетін міндеттер жүйесімен тығыз байланысты. Мұндай міндеттерге мыналар жатады:

- әрбір істі жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп, қарау үшін занда көзделген шараларды колдану;

- айыпталушының қорғануға деген құқығын, оның жеке
және мүліктік құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету;

- әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде
жазалануын және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамның сотталмауын қадағалап, қылмыстық ізге түсу мақсаттарына қол
жеткізу;

- азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік, қоғамдық және
жеке кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың заңды
мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз ету.

Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен де анықталады (83-бап), оған сәйкес прокуратура органдары өз өкілеттілігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана бағынады.

Қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор мәртебесінің мазмұны оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына байланысты мынадай жағдайлармен айқындалады.

1. Прокурор іс жүргізу аяқталған қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға құқығы бар.

Іс жүргізудің кейбір сатыларында прокурордың белгілі бір мүддесі болады.

Бұл мүдде сот әділеттілігі міндеттерінің шегінен шықпайды. Және егер сот талқылауы барысында адамның кінәсіз екені айқындалса прокурор мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тарта алады. Мұндай бас тарту оның құқы емес, міндеті болып табылады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 317-бабында былай деп жазылған: "Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті".

2. Іс жүргізудің жекелеген сатыларында прокурордың істі шешу жөнінде ешқандай құқықтары болмайды, оның сондай-ақ қадағалау кызметінің мақсаттары мен міндеттерінің мазмұнына байланысты тікелей іс жүргізу мүддесі де болмайды.

Мәселен, кассациялық инстанция сотындағы істі қарау кезіндегі прокурордың қатысуы іс бойынша өзінің козқарасын білдірумен және қосымша материалдар берумен шектеледі (ҚІЖК-нің 430-бабының 5, 6-бөліктері) Жоғары тұрған сотта істі қарау кезінде қадағалау тәртібімен прокурордың қатысу сипаты өзінің қарсылығын білдірумен шектеледі (ҚІЖК-нің 467-бабы-ның 2-белігі) .

3. Қадағалау қызметінің нысандары іс бойынша белгілі бір
қатысушылардың функцияларымен қиылысуы мүмкін.

Істің мән-жайын тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және анықтау жүргізетін тұлғаға жүктеледі. Бірақ бұрын айтылғанындай, өзге де қылмыстық іс жүргізу функциясың жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, прокурор қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отарып, бір мезгілде заңдылықты сақтау, іс бойынша процессуалдық іс жүргізуді өткізу сияқты аралас екі функцияны да жүзеге асырады.

Қадағалау қызметінің өзге де дербес функциялармен қатар келуінің осындай нысандарының құқықтық негізі болады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасылық прокуратурасы туралы" Жарлығының 38, 46-баптарына сәйкес прокурордың:

- қылмыстық іс қозғалды немесе қылмыстық іс қозғауға
рұқсат беруден бас тартуға;

- анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті
органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді беруге;

- жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысуға;

- тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз
қаулыларының күшін жоюға;

- анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасаған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барысы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алуға;

- бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім жасалған адамдарды қамауда ұстаудын заңдарда белгіленген тәртібі
мен шартының сақталуын тексеруге;

- қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық
жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;

Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы
өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде
зандылықтың сақталуын тексеруге құқығы бар. Бұл құқығы прокурордың Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген өзге де өкілеттіктеріне қайшы келмейді. Мәселен, прокурор тергеушінің көзқарасына қарамастан, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдануға, қажетті жағдайларда оқиға болған орынды жеке тексеріп қарауға, сараптама тағайындауға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы жайында
AЗAМAТТЫҚ ПРOЦECТEГI ПРOКУРAТУРA МIНДEТI МEН МAҚCAТЫ
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысы
Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы
Сотта прокурордың мемлекеттік айыптауды қолдауы
Азаматтық іс жүргізуде прокурордың қызметінің маңыздылығы
Азаматтық процесстегі прокурордың ролі
Прокуратура органдары қызметтерінің құқықтық жағдайы
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Прокуратура органдарының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz