Мектеп жасына дейінгі балалар бойына ұлттық салт-дәстүр арқылы адамгершілік тәрбие қалыптастыру
1 Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс.тіршілікке байланысты әдет.ғұрыптары
2 Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында
3 Ұлттық құндылықтарда қазақ халқының салт.дәстүрлерінің орны
4 Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін қалыптастыруда ойын әрекетінің алатын орны
5 Халықтық тәрбиенің қайнар көзі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында (2003 ж.) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.
Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Б.Момышұлы: “...анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту” – деп жазған.
Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады.

1.Қазақстан тарихы. Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. –Алматы: Мектеп, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1
2.http://www.kerekinfo.kz/tag/
3.http://kazakhi.info/heritage/traditions_and_way_of_life/242/
4.http://www.kuttybolsyn.kz/print:page,1,952-bala-kndk-sheshesne-nege-tartady.html
5.Қазақстан Республикасының 2015 жылғы мектепке дейінгі білім беру тұжырымдамасы. –Алматы, 2003.
6.Ұзақбаева С.А. Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. П.ғ.д. дисс. 21.05.93.- Алматы, 1993.- 425 б.
7.Қалиев С., Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. -Алматы, Санат. 1995 -26 б.
8.Бекбауылова А. Ойын түрлері //Бастауыш Мектеп. 1990, №11, 39-40 б.
9.Керімбаева Г.А. Дидактикалық ойындардың түрлері //Бастауыш мектеп. 2005, №9 18-19 б.
10.Жайлауова М. Сексенбаева З. Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану //Бастауыш мектеп. 2004, №5 36-37 б.
11.Бектенғалиева С.Х., Ядгарова Н.Х. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. - Алматы, 2003.
12.http://kk.wikipedia.org/wiki/
13.Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесін беруде халықтың педагогика элементтерін пайдалану: пед.ғыл.канд. ...дис.: 13.00.01. – Алматы, 1995. –124 б.
14.Таникеев М.Т. Теория и практика взаимовлияния национальных факторов в развитии физического воспитания и спорта в Казахстане. – Алматы, 1998. –270 с.
15.Бекбатшаев Т., Әшімов Ж. Қазақтың ұлттық спорт ойындары. – Алматы, 1982. –55 б.
16.Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1991. –77 б.
17.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. –121 б.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР БОЙЫНА ұлттық салт-дәстүр арқылы
АДАМГЕРШІЛІК тәрбие ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі – жаңа
Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында
қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат
беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында (2003 ж.) ұлттық рухани
және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру, жетілдіру туралы халқына үлкен
жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.
Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де
салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт
мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Б.Момышұлы: “...анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту”
– деп жазған.
Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен,
қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени
құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың
санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа
этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы
атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп
үлкен екі топқа бөлуге болады.
Отбасылық ғұрыптар: Қауымдық-қоғамдық ғұрыптар:
Баланың дүниеге келуі, Наурыз тойы, Ораза айт, Құрбан
ержетуі, келін түсіру, қыз айт, ас беру, т.б.
ұзату, өлген адамды жөнелту.
Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да
бір төбе [1].
Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым.
Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кәмпит пайдаланылған.
Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға аттаған күйеуге, тұсауы кесілген
балаға, алғаш атқа мінген балаға, т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні –
жақсылық, молшылық, құт-береке тілеу.
Көрімдік – қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде
ұйымдастырушының алатын сый-кәдесі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге,
күйеуге, нәрестеге, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.
Шілдехана. Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана
жасаудағы бірінші мақсат - дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім
дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүние есігін
ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау [2].
Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы,
баласына бір жақсы адамға ат қойғызған немесе жақсы адамның атын қойған.
Мысалы, Абылай, Абай, Шоқан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген.
Немесе Алдаберген, Құдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ
күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын.
Бесікке салу. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады.
Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала
атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атқа тақымы
мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне
40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін
деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың
әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын
алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу
рәсімі жасалады [3].
Тұсау кесу. Тұсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын
ала жіппен, не қойдың тоқ ішегімен тұсайды да, бала жүрейін дегенде тұсауды
пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен тұсауда мән
бар. Қазақта ала жіп қасиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің
адалдығын білдіргісі келген жан біреудің ала жібін аттағаным жоқ дейді.
Бұл бала адал болып өссін деген тілектен туған ырым. Ал енді баланың аяғын
тоқ ішекпен тұсау бала өскенде бай болсын, малды болсын деген тілектен
туындаған.
Айдар. Ер балалардың орайының тұсынан қалдырылатын бір шоқ шаш. Тұлым –
қыз балалардың кішкене күніндегі екі шекесінде қиылмай қалдырылатын екі шоқ
шаш. Қазақ айдар мен тұлымды балаға көз тимесін деп қояды. Адамның көзі
алдымен оның төбесінде шошайып тұрған шашқа түссін деген ниет болған [4].
Қыз ұзату, келін түсіру. Қазақ ұл-қызының үй болуына үлкен мән берген.
Баланы жастан деген қағидамен ұлды үйдің қожасы, корғаны, асыраушысы
болуға үйретсе, қызды бала тәрбиелеуге, тамақ әзірлеуге, қонақ күтуге
дағдыландырған. Ұлы өсіп келе жатқан қазақ болашақ құда болатын адамдар
жөнінде ойлана бастаған. Болашақ келінінің шыққан жеріне, тегіне өте мән
берген. Қазақта үйлену тек құдалық арқылы болған. Болашақ қалыңдықты
таңдағаннан кейін оның ата-анасына жігіт жағынан жөн білетін бір-екі адам
барып, өздерінің ниеттерін білдіреді. Қыз жақ қарсы болмаса, белгіленген
уақытта жігіт жақ құда түсуге келеді. Қазақтың дәстүрлі салты бойынша қыз
айттырғанда қалыңмал береді. Қалыңмал, былайша айтқанда, бір әулеттен
екінші әулетке ауысатын қыз баланың төлем ақысы. Сүт ақы қыздың анасына
күйеу жігіт тарапынан берілетін сый. Қазақта Қалыңсыз қыз болғанмен,
кәдесіз қыз болмайды деген мақал, күйеу жігіт тұрмысына байланысты қалың
мал бере алмаса да, кәделерін міндетті түрде беруі керек деген салтты
білдіреді.
Беташар. Беташардың мағынасы жаңа түскен келінді елмен таныстыру, қайын-
жұртын келінге таныстыру, келінге әзіл-қалжың түрінде тәрбиелік өсиет айту.
Беташардан соң сол ауылдың үлкен, беделді адамы жас жұбайларға бата береді,
осымен той қызығы басталып кетеді. Құдаларды құдайындай сыйлап, киітін, сый-
сияпатын беріп, риза етіп аттандырған. Үйлену салтында қыздың жасауы деген
дәстүр бар. Жасаудың да мөлшері қыз әкесінің ауқатына, берілген қалың
малдың мөлшеріне байланысты XIX ғасырға жататын деректер бойынша ауқатты
адамдар қызының жасауына көбінесе мынадай заттар кірген: ақ отау, күміс
ертоқымды салт ат, сәукеле, төсек-орын, әрқайсысы тоғыз-тоғыздан көптеген
киім түрлері, ыдыс-аяқ, жасау артатын бірнеше түйе. Қыз жасауының ішінде
шешесінің, тіпті әжесінің жасауымен келген қымбат киімдер, әшекей бұйымдар
да болады [5].
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз жастар тәрбиесіне, ұрпақ тәрбиесіне
көп көңіл бөліп, артына ұлағатты сөздер қалдырған адам. Ол жастарға бес
нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол деген еді.
Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы
ұстаздан болады.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек. Әуелі
надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық – білім, ғылымның жоқтығы
білімсіздік, хайуандық, еріншектік күллі дүниедегі өнердің дұшпаны,
талапсыздық, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады. Үш – ақ нәрсе
адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек деген.
Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттер, ең
бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу
болып табылады. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде
халықтық салт-дәстүрдің рөлі аса зор.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып,
жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Елімізде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің саны жылдан-жылға
көбейіп, балабақшаларға деген халықтың сұранысы арта түсуде. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырып, халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарына арналған Балапан
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Балаларға саналы тәрбие мен білім беруде
халқымыздың баға жетпес мұралары - этнопедагогика материалдарын балабақша
өміріне кеңінен қолдану негізінде бүлдіршіндердің тілін, ақыл-ойын,
дүниетанымын дамыту өзекті мәселе.
Мәдени мұра – орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және
әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім және мәдениеттің де қайнар
көзі. Бұл табиғи байлықтармен қатар, ұлттың өзін-өзі сыйлауы және әлемдік
қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында:
...жеке тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажетсіне ме, оларды
меңгеруге ұмтылысы, өзін-өзі халқына сәйкестендіруге ықыласы бар ма? деген
мәселе өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың
нақты жолдарын қарастыруға, тұлғаны ана тілі мен төл мәдениетті меңгертуге
ынталандырып, жан-жақты жәрдем көрсетуге тиіс деп атап көрсетілген
болатын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданудың
маңызы зор.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңнен болашақ ұрпақты өздерінің дене
және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға
бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік
мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-
жерін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды
тәрбиелеуге бағдарлануы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда баланың мектепке дейінгі
кезеңнен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету және әлеуметтендіру жағдайлары
қарастырылуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру – қазiргi
балабақшаның ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң
қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып,
моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi [1.22-25].
Тәрбие ұзақ және күрделi процесс. Адамзат дамуының қай кезеңiнде
болмасын тәрбиенiң тиiмдiлiгiн жетiлдiру iсi жүзеге асырылып келедi. Бұл
iстi жүзеге асыру процесi әрбiр қоғамды мемлекет қажеттiгiне бағындырады.
Өйткенi мемлекет қажеттiгiнiң орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен
саясатына тәуелдi екендiгi белгiлi. Олай болса тәрбие тиiмдiлiгiнiң ең
басты шарты мемлекет мүмкiндiгiнен туындайтын қажеттiкке сай тәрбиенiң
мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Философиялық сөздікте аксиология – құндылықтар жаратылысы туралы, оның
нақтылығы, орны мен құндылықтың әлемдегі құрылымы арасындағы әр түрлі
құндылықтар байланысы туралы ілім деп түсіндіріледі.
Осы ретте біз зерттеу мәселемізге байланысты бірнеше ұғымдарды ғылыми
тұрғыда жан-жақты қарастыру қажеттілігіне тоқталамыз. Л.П.Буева,
А.Г.Здравомыслов, А.Ф.Шишкин, В.А.Ядов, В.А.Блюмкин секілді ғалымдар
құндылық ұғымын ғылыми тұрғыдан жіктеп негіздеген. Біздің ойымызша,
құндылық мәселесін түсіндіруге келгенде ең жүйелі тұрғыда ғылыми көзқарас
білдірген философ В.А.Блюмкиннің пікірі: Құндылықтар иерархиясы әр түрлі
негіз бойынша құрастырылуы мүмкін, алайда олардың ішіндегі ең маңыздысы
адамзат қажеттіліктері мен пайда мүдделерінен құралатын құрылымдар болып
табылады, оларды адамдар өз іс-әрекеті барысында негізгі және негізгі емес
деп жіктеген. Осы ретте біз құндылықтардың маңызына қарай жоғары, төмен деп
қарастыруға болатынын анықтадық. Төменгі құндылықтарға адамның
қажеттіліктерді үшін материалдық игіліктерді жүзеге асыруының амал-тәсілін
жатқызсақ, ал жоғарыға адамның ең жоғары және ең маңызды қажеттіліктеріне
жауап бере алатын, бірін-бірі толықтыратын өзара тең бағаға ие болатын,
адам мен адамзат игіліктері үшін жасалатын құндылықтарды жатқызуға
болатындығына көзіміз жетті.
Елбасы 2005 жылдың 18 ақпанындағы ретi бойынша 10-шы Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында ұлттық құндылық жайлы өзi ерекше мәндi, әрине, мазмұны
әлемдiк пiкiрлер жиынтығы бойынша жасампаздық, нағыз ұлы ойдың, еңбектiң
жемiсi, ғылыми болжамдар көрiнiсi жүзеге асатын жоспарлар мен бағдарламалар
қабылдануы педагогика ғылымына бағыт-бағдар беріп отыр. Аталған терминалды
- мақсат құндылықтар өз кезегiнде адамгершiлiк құндылықтарды, яғни адалдық,
тазалық, адамдық құндылық, мейiрiмдiлiк, iзгiлiктi құрайды деген ойға
келемiз.
Құрал-құндылықтары жалпы құндылықтарды толықтырып, жүйенiң мән-мағынасын
арттырады және нақты тарихи жағдайлардағы ерекшелiктерді қамтиды. Құрал-
құндылықтары байқасаңыз, моральдық құндылықтардан тұрады және қоғамды,
жеткiншектердi тәрбиелеушi, реттеушi қызметтерiн арттырады. Сонымен бiрге
жеке, топтық, қауымдастық, ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар иерархиясы
адамгершілік болатындығы байқалады.
Адамгершiлiктiң өрiсi кең, бұл қасиет әр адамның еңбекте, қоғам
өмiрiнде, тұрмыста, көпшiлiк орында өзiн ұстауынан, басқалармен қарым-
қатынасынан, жүрiс-тұрыс, iс-қимылынан байқалады. Адамгершiлiгi мол адам -
бақытты, ел-жұртына қадiрлi, қоғамға пайдалы, яғни маңындағыларға үлгi-
өнеге болатынын ғұламалардың терең ойларынан байқауға болады. Сондықтан жас
ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде олардың маңыздылығы арта түсетіні анық.
Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген
еліміздің білім, тәрбие беру ісіндегі басты мақсаты – рухани жан дүниесі
адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Елдің
ұлтжанды азаматын тәрбиелеймін деген әрбір адам өзінің ұлттық мәдениетін,
тарихын және ата-бабаларымыздың құнды мұраларын игеруі тиіс. Жастардың
ұйымшыл, көпшіл болып қалыптасуы үшін өнерлі болудың маңызы зор. Өнер
адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік асыл қасиеттерінің
қалыптасуына септігін тигізеді. Сондықтан әрбір жастың өнердің сан-
саласынан толық мағлұматы болуы абзал. Болашақ мамандарды өнерге баулу,
оның пайдасын түсіндіруге үйрету барысында Қабуснамадағы мына терең
ойларды пайдаланып, олардың сана-сезімін оятуға болады: Ей, перзентім,
есіңде болсын, өнерсіз жан - өнегесіз, оның ешкімге де пайдасы тимейді.
Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ тікенді шоғайнаға ұқсайды. өзіне де
өзгеге де пайдасыз болады.... Бұл ұлағатты сөздер жастарды өнердің
пайдасын, қадір-қасиетін түсінуге шақырады. Ал Егер ақылың болса, өнер
үйрен, өйткені өнерсіз ақыл - киімсіз дене, яғни кескінсіз адам сияқты
деуге болады. Білім - ақылдың ажар-көркі - деп, босқа айтылмаған.
Аңдасаң, ақыл деген - бір қымбат нәрсе. Оны ұрып алып кете алмайды, ол отқа
жанып, суға ақпайды... - деген тұжырымдар өнер-білімнен, ақылдан жұрдай
ақымақтардан жирендіріп, өнерлілік - адамның тамаша рухани бейнесі
екендігіне жастардың назарын баса аударуға мүмкіндік береді. Бұл да бір
құндылықтың көрінісі де.
Сайып келгенде, адам үшiн ең басты құндылық, ең бағалы мәселе - өмiр.
Өмiр - адамның күнделiктi және өмiр бойында жалғасатын тiршiлiк. Тiршiлiк
иесi ертеңiн ойлап еңбек етедi, бiлiм алады, тәжiрибе жинақтайды, қуаныш
пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ
сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетедi.
Зерттеуші Г.К.Нұрғалиева 90-жылдардың басында жеке адамның құндылылық
бағдар жүйесінің психологиялық-педагогикалық негізін анықтап, оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеуде әлеуметтік-мәдени ортада әлемдік өркениеттің
субъектісі болатындығын жан-жақты көрсетті. Осы ретте жалпы адамзаттық
құндылықтар ұғымына мынандай анықтама беруді жөн көрдік. Адамгершілік
құндылық – бүкіл дүние жүзі жасаған құндылық туралы білімі, әрекеті,
сезімі, мінез-құлқының қалыптасуы деп анықтама береміз.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты – әрбiр тұлғаны әр
жақты және жарасымды етiп тәрбиелеу. Адам – жер бетiндегi тiрi организмнiң
жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи iс-әрекетi мен мәдениет субъектiсi, басқаша
айтқанда, iс-әрекетi мен қарым-қатынас иесi. Адамның iс-әрекетi, сезiмi мен
ойлау ерекшелiктерi оның өмiр сүрiп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына
тәуелдi болады. Қоғам дамуының белгiлi сатысында философиялық,
педагогикалық ой-пiкiрлер пайда болып, қалыптаса бастады.
Бұл қоғамдық талаптар және әрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға
мүмкіндік беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған
тәрбие процесінің мәнді бір бөлігі.
Соңғы педагогикалық әдебиеттерде тұлғаның базалық мәдениетін түзуге
көмектесетін бірнеше элементтері аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тәрбиесі, тұлға сапасы
ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқығын және оның
құндылық мәнін дәріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік- теңдік,
туысқандық және т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі мәселесін
зерттеу: Мен және қоғам, отаншылдық тәрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету);
- гуманизм идеялары мен олардың жалпы адамзаттық сипатын түсіне,
бағалауға дағдыландыру [2.18-22; 32-35].
Қазақ халқының дүниетанымының өте ерте кезден бастап қалыптасқаны ауыз
әдебиетінде, салт-дәстүрлерінде, ұлттық өнерінде, ұлттық ойындарында анық
байқалады.
Ұлттық құндылықтарда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің орны ерекше.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің бірі қазақ ауыз әдебиетінің
бір бөлігін - қазақ балалар фольклоры құрайды. Қазақ балалар әдебиеті
тарихының негізін қалаған ғалым Ш.Ахметов балалар фольклоры терминін
алғаш қолдана отырып, ішкі жанрлық түрлерін саралап көрсеткен. Мектеп
жасына дейінгі балаларға арналған шығармалар қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарды тануға, жан-жануарлар мен табиғат әлемінің сырын ұғынуға әсері
мол.
Тәрбие құралдары ретінде ауыз әдебиет жанры бесік жыры, ертегілер, мақал-
мәтелдер, батырлар жырын, аңыз әңгімелер пайдаланған. Халқымыздың: Балаңды
өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле - дегендей, халық
баланың Отанын сүюіне, ата-анасына, үлкендерге деген кішіпейілділікті
бойына сіңіруге, салауатты өмір сүруіне, залалды әдеттерден аулақ болуға
және өздері істеген іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға мән берген.
Халық даналығынан туған Баланы ең әуелі мейірім шапағатқа, сонан соң
ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы құрылымдарға баулу керектігін
айтқан, Тәрбие – тал бесіктен, Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің,
Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер, Әкеге қарап ұл өсер, шешеге
қарап қыз өсер, Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге, Қызым саған айтам,
келінім, сен тыңда және т.б., мақал-мәтелдерде отбасының алатын орны
ерекше екендігін дәлелдеген. Мақал-мәтелдер адамға берілген өлшеусіз сый
ретінде танылып қана қоймай, тәрбиенің өмірде алатын орнын, шабытты сипатын
қысқа да нұсқа тілмен таныта білген.
Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық - деген сөздер үлкеннен
ғибрат алуды меңзейді, жастарды тәкәппарлықтан сақтандырып, ақылды, көпшіл,
қонақжай болуға шақырады. Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала, ақылды бала –
қырқында дана, Жалқаудың ертеңі бітпес, Жақсы бала – сүйінші, жаман
бала күйінші және т.б. мақал-мәтелдер осының айғағы.
Тәрбие – ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.
Баланы жастан деп бекер айтпайды халық, бірақ тәрбие тек жастарға керек
деген пікірге қосылу қиын, үлкендерге де тәрбиенің қажеттілігі мол. Бұл
жерде біз Мұқтар Ғ.Арынның: Жастарды тәрбиелеуші құрал – үлкендердің
парасаттылығы деген ойына қосыламыз. Шынында да халық бекер айтпайды: Жас
- кәрінің көзі, кәрі-жастың тезі, Үлкен бастар, кіші қостар, Алдыңғы
арба қалай жүрсе – артқы арба солай жүреді. Егер ересек адамдар тәрбиелі
болса, онда артындағы жастар ешқайда кетпейді. Мектепке дейінгі кезеңнен
баланы әлеуметтендіру және азамат етіп өсіру мақсаты қазақ халқының
ертегілерінде де ерекше орны алады. Мысалы, Жеті - өнерпаз деген ертегіде
батырлық, шыншылдық, имандылық, шыдамдылық, адамгершілік секілді
қасиеттердің молдығының нәтижесінде үлкен шеберлікке жеткендігі туралы
айтылады [3. 20-25].
Ертегілердің басым көпшілігі еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарын
құрметтеуге, еңбекті және ол арқылы өзін-өзі бағалауға және тануға өнер
иесі болуға уағыздайды. Мәселен, Алтын балта, Тазша бала, Жігіт пен
өнерлі қыз т.б., ертегілер осындай идеяға құрылған. Кейбір ертегілердің
халықтың сыртқы сұлулық адамның ішкі рухани байлығымен, ақыл-ойы, ерлік,
батырлық, ержүректілік, патриоттық, гуманистік терең сезім тәрізді
моральдық қасиеттермен үйлесімді болуына бағыт береді.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып
жатқан ұлы өзгерістерге байланысты, қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді
жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы – заман
талабы, өйткені әр адам - өз заманының баласы. Сол себептен адамды заман
билейді, тәрбие жөнінде талай ойшыл-педагогтар адам бойындағы теріс
қылықтар мен жаман мінез-құлықтар әлеуметтік құрылыстың кемшіліктерінен
туады деп тұжырымдаған. Баланы мектепке дейінгі кезеңнен адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда салт-дәстүрлердің педагогикалық мүмкіндіктері
жоғары.
Мектепке дейінгі балалық шақтың жетекші іс-әрекеті және ең әуес нәрсесі
– ойын. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын
ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына
байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда
мектеп жетекшісі болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сондай-ақ
айналадан бақылап көргенін, танып қабылдаған нәрселерін ойын арқылы
бейнелей көрсетеді. Сондықтан бала ойынын әншейін бір ермек деп ұғынбаған
жөн. Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Сыртқы дүниеден қабылдаған білімдік
ұғымдар ойын нәтижесімен тиянақталып, тұрақты әдетке айналады.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойын – басқа тәрбие құралдарының қайсынан болса да жоғары тұрады.
Өйткені ол біздің барлық тұрмыс тіршілігімізді ұйымдастыруға, баланың
белсенділігін арттыруға, өз бетімен әрекет етуге мүмкіндік береді [1].
Ойын үстінде балаға адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар
тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді
орындауды талап ететінін және бірсыпыра құқықтар беретінін біледі. Ойын
үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға
болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден
үйренеді.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі. Ойын
жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларынан зейінін
жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz