Тіл және тәуелсіздік
1. Өшпенділік өзгешелікті өгейсітуден басталады
2 адам нәсілінің пайда болуы мен қалыптасуының сатылары
3 Элладаның ең сенімді ізбасарлары
4 Жаңа Інжіл дінінің дүниеге келуі

Әсіресе, отырықшылар мен көш¬пелілер арасындағы айырмашылық ал¬дымен көзге түскен. Көшпелілер күн¬делікті зәруліктерін өтеумен қанағат¬танып, қосымша өнімді көбейтуге өні¬мін сата қоймаған. Бұл олардың ара¬сында бірдейшілік (эгалитаризм) мен ұжым¬шылдықты (коллективизмді) ор¬нықтырып, экономикалық қанағатшыл¬дыққа баулыған. Планетада жер құнары мен ауа райына тікелей тәуелді болған аграрлық өндіріс кезеңінде құнарлы кеңістіктерден гөрі құнары аз кеңіс¬тіктер көп болған. Бұл адамзаттың басым бөлігінің аңшылық, балықшы¬лық, терімшілікпен шұғылдануын ұзаққа созылтып жіберген. Олардың өзара ықпалдасуы күшейген тұста көшпелі мал шаруашылығы өрбіген. Тұтынушылық минимализм мен әлеумет¬тік эгалитаризмге әбден бауыр басып алған олар ХV ғасырға дейін солтүстік жарты шарды тұтасқа жуық өз монополияларына айналдырған.
Бақташылық шаруашылықта жұмыс қолдарының өз-өзінен артылып қалуы мен үзбей өріс жаңартып тұруға мәж¬бүрлік көші-қон іздеп күн-түн ат үстінен түспейтін аламандыққа ауыздандырып, жан-жағына тынымсыз жаугершілік дәурен кештірген.

Тіл жӘне тӘуелсіздік
2. Өшпенділік өзгешелікті өгейсітуден басталады
Әсіресе, отырықшылар мен көшпелілер арасындағы айырмашылық алдымен көзге
түскен. Көшпелілер күнделікті зәруліктерін өтеумен қанағаттанып, қосымша
өнімді көбейтуге өнімін сата қоймаған. Бұл олардың арасында бірдейшілік
(эгалитаризм) мен ұжымшылдықты (коллективизмді) орнықтырып, экономикалық
қанағатшылдыққа баулыған. Планетада жер құнары мен ауа райына тікелей
тәуелді болған аграрлық өндіріс кезеңінде құнарлы кеңістіктерден гөрі
құнары аз кеңістіктер көп болған. Бұл адамзаттың басым бөлігінің аңшылық,
балықшылық, терімшілікпен шұғылдануын ұзаққа созылтып жіберген. Олардың
өзара ықпалдасуы күшейген тұста көшпелі мал шаруашылығы өрбіген.
Тұтынушылық минимализм мен әлеуметтік эгалитаризмге әбден бауыр басып алған
олар ХV ғасырға дейін солтүстік жарты шарды тұтасқа жуық өз монополияларына
айналдырған.
Бақташылық шаруашылықта жұмыс қолдарының өз-өзінен артылып қалуы мен үзбей
өріс жаңартып тұруға мәжбүрлік көші-қон іздеп күн-түн ат үстінен түспейтін
аламандыққа ауыздандырып, жан-жағына тынымсыз жаугершілік дәурен кештірген.
Екі құрлықтың теріскей бойларын ерсілі-қарсылы баса-көктей жөңкілген
көшпелі империялар көбейген. Олар қандай мықты отырықшы мемлекетті де оп-
оңай ойсыратып отырған. Көршілері Үнді мемлекеті де, Ахеменидтер империясы
мен Араб халифаты да ештеңе істей алмаған алып Қытай ХІХ ғасырдың екінші
жартысына дейін терістіктегі көшпенді көршілерінің қас-қабағын аңдып, қит
етсе сый-сыбаға тартып, алдап-сулап күн көрген. Александр Македонскийдің
типылдап кете алмағаны жалғыз Орта Азия көшпенділері еді. Римді шығыстағы
жазиралардан келген малшы, солтүстіктегі орманнан шыққан аңшы тайпалар
құлатқан. Иранның басындағы бақты әуелі бәдәуи арабтар, сосын шапқыншы
түріктер тайғызған. Әркімдер қызыққан Үндістан солтүстіктен келген
көшпенділерге қолды болған. Рим империясы мен Араб халифатының ақырғы саяси
мұрагерлері қазіргі Қазақстанда ту көтерген селжүктер еді. Батыста
Еуропаны, Шығыста Қытайды бірдей қалтыратқан моңғолдар болды. Бір кездегі
Рим империясының аумағындағы Еуропа христиандары түгел бірігіп, “айқыш
(крест) жорығына” шыққанда туларын жығып, мыстарын басқан көшпенді
мұсылмандар еді.
Оларды ешкім жеңе алмаған, өздерін тек өздері ғана жеңе алған. Көшпенді
шаруашылық пен көшпенді психология ұрындырмай қоймайтын өз сеператизмдері
(бөліне-жарылушылықтары) жеңетін. Не бірімен бірі алысып, бет-бетіне ыдырап
кететін. Не күші тасып, отырықшыларға ұрынып, оларды жеңіп, сосын араларына
судай сіңіп, тастай батып, өз-өзінен жоғалып тынатын. Басқасын былай
қойғанда, Үндістанды алған сақтар мен кушандар, Батыс Еуропаға барған
ғұндар, Таяу Шығысқа кірген оғыздар, тіпті Римді тұрғызған латындар мен
сабиндер бастаған 300 көшпелі тайпа осы кепті киген-ді. Кіші Азияға кіріп,
Элладаны күшейткен гректердің бабалары да ұлан-ғайыр далалардағы көшпенді
малшылар мен жабайы ормандардан шыққан кезеген аңшылар еді.
Көп уақытқа, тіптен беріге дейін көшпенді әлем отырықшы кеңістікке әлденеше
рет басып кіріп, әбден сіңісіп кеткенмен, отырықшы әлем көшпенді кеңістікке
өйтіп баса-көктей алмады. Ал отырықшылық пен көшпенділіктің шекарасы көп
уақытқа дейін Жерорта теңізінің теріскейі мен Қара теңіздің күнгейіндегі
экваторға іргелес белдеуде жатты. Алғашқы қалалар солтүстік ендіктегі 20
және 40 градустың аралығында орналасты. Тұңғыш мемлекеттер де солардан
шықты. Олар төрт жарым мың жылға созылған ежелгі мемлекеттер, екі мың жылға
жуық өмір сүрген ертедегі империялар, бір мың жылға жуық созылған антикалық
мемлекеттер, біздің жыл санауымыздың 500 жылынан 1750 жылға дейін жалғасқан
еуропалық үстемдікті бастан кешті.
Сөйтіп, адамзат жер бетіне тегіс тарады. Ол аяқ баспаған, ол иемденбеген
жер қалмады. Енді ол бұрынғыдай қайда барса да беймәлім табиғатқа, бейтаныс
мақұлқатқа ұшырасқан жоқ. Дәл өзіндей екі аяқтыларға жолықты. Олардың да
зәруліктері дәл өздерінікіндей екендіктерін білді. Бұл олардың дүниетанымын
өзгертті ме? Әрине. Табиғатын өзгертті ме? Өкінішке орай, көп өзгертіп
жарымағандай. Тіршілік бар жерде, ырзық айыру тоқталмайды. Ол тәбетті, ал
тәбет ашқарақтықты, ашқарақтық зорлықты, зорлық күш асыруды, күш асыру
топтасуды, топтасу ұжымдық эгоизмді, ол басқаларды жек көруді өршітіп,
өшпенділікті тіршіліктің басты қозғаушы күшіне айналдырып жібергендей. Екі
аяқты нәсіл мұның бәріне жер шарына түгел таралу барысында үйренді. Оған
дейін ірі хайуандарды қырып, ұсақтарын қолға үйретіп, өз дегендеріне
бағындыруға жетілді.
Өздеріндей еместерді мойын ұсынтқасын, енді өздеріндейлерді де мойын
ұсынтуға кірісті. Оған да, әрине, әуелі табиғи мұқтаждықтар итермеледі.
Мәселен, ескіше жыл санау мен жаңаша жыл санаудың тоғысындағы халықтардың
ұлы көші-қоны әлемдік билікке ұмтылғандықтан туған жоқ еді. Үйренішікті
тіршілік ету аясының тарыла бастауы әуелі ең жақын көршіге қол салғызды. Ол
басына күн туған соң өзінен әлсіз басқа біреуге тап берді. Басқа көршіге де
басынатындай басқа көрші табылды. Сөйтіп, одан әрі қарай өз-өзінен жалғасып
кете барды. Бұдан басыну мен бағынушылық өрбіді. Ол астамшылдықты туғызды.
Осы заманғы экспансионизм әуелі солай пайда болды. Жер беті түгел
ойкуменаға айналғанға дейінгі жөңкілістерді табиғи таралысқа, ал одан
кейінгі ала шабуыл жорықтарды біреудікіне біреу қызыққан іштарлықтан
туындайтын көрсебасарлыққа – экспансионизмге жатқызған лазым.
Мәселен, Эллада мен Римнің шығуы мен күйреуінің де түп себебінде сол жатыр.
Екеуі де астамшылықтан жаралып, астамшылықтан мерт тапты. Ал ондай
астамшылықты әуелде тіршілік иелерінің табиғи мүдделерінен өрбіген
әлеуметтесуді тым шегінен асыра шарықтатып жібергендік өрбітті. Этностық
ұжымдасуды да, саяси ұжымдасуды да шамадан асыра алапаттандыру ақыр түбі
осындай алапат күйреушілікке ұрындырмай қоймаған. Мұның айқын көрінісі
болып табылатындар да – Эллада мен Рим. Әрине, тек ол екеуі ғана емес.
Алайда, қазіргі дүниежүзілік ахуалдың қалыптасуына сол екеуіндей әсер еткен
және ол қылықтары сол екеуіндей мейлінше егжей-тегжейлі деректелген басқа
мемлекет жоқ.
Жоғарыда адам нәсілінің пайда болуы мен қалыптасуының барлық сатысын ештеңе
қалдырмай түгел жинақтаған жалғыз Африка құрлығы екендігін айттық. Ал
мемлекеттің қалыптасу тарихының барлық жолы дәл әлгідей болып ештеңе
қалдырмай түгел жинақталған жері – Таяу Шығыс еді. Үңгірден алысқа ұзап
шыға алған алғашқы бабалар алдымен Синай түбегіне өткен еді. Сол жерде
ұжымдасу мен әлеуметтесудің барлық сатысын бастан кешірген-ді. Өйткені, бұл
арада қыс болмайтын. Терістіктерін Кавказ бен Қара және Каспий теңіздері,
шығыстан Иран таулары, оңтүстігінен Үнді мұхит, батыстан Қызыл және Жерорта
теңіздері шырқ айнала қоршап тұрар-ды. Сондықтан, адамзат бұл арадан
қосымша өнім шығаратын өндірмелі шаруашылық өркендегенше, ешқайда тарап
кетпей, жинақы тіршілік кешті. Ежелгі қоныстардың ең көбі де сол араға
шоғырланды.
Алайда, ең ежелгі мемлекеттер мұнда емес, Солтүстік Африка жағаларында
пайда болды. Өйткені, Ніл алқабы ең ұлан-ғайыр егінжайлар алабы болды. Оны
суаруға Ніл суы пайдаланылды. Тасыған Нілді бөгеу мен дария суын сол ұлан-
ғайыр кеңістіктерді алып жатқан егістіктерге жеткізетін каналдар қазу көп
жұмыс қолдарымен қоса, үлкен ұйымдастырушылық және қадағалаушылық қызметті
талап етті. Сондықтан, мұнда шектен асыра орталықтандырылған деспотиялық
мемлекет қалған тараптардан бұрынырақ қалыптасты.
Таяу Шығыстағы алғашқы мемлекеттер Тигр мен Евфрат өзендері арасында
орналасты. Олар терістіктен де, оңтүстіктен де көшпенділердің қоршауында
жатты. Бұл Қосөзен алқабындағы шашыраңқы қалалардың бір мемлекет болып
бірігуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ, мұнда да Мысырдағыдай жазу мен
идеология ерте шықты. Алайда, олар алауыздықты көбейтпесе, әр тарап
мемлекеттердің басын қоса алмады. Әйгілі Бабыл (Вавилон) да тілдің
көптігінен емес, сондай көп тілді өзара үйлестіру тетігі жоқтығынан құлады.
Одан қашқан еврейлер Синай түбегі арқылы Мысырға асты. Күн құдайы Амонға
табынатын Мысырдан монотеизмге үйреніп, Синайға қашып көшіп қайта оралды.
Құдайлары Яхве болды. Иудаизм әлеуметтік қарсыласу қағидасын қуаттады.
Құдайды – жазалаушы патша ретінде сипаттады.
Көп ұзамай Таяу Шығыстағы жағдай күрт өзгерді. Оған теріскейден келген
көшпенділер көп әсер етті. Иудаизм мен христианшылдыққа ұйытқы болған
еврейлер де сондай көшпенділер еді. Бір кезде доңғалақтың шығуына
байланысты Қара теңіз, Каспий жиектері арқылы Таяу Шығысқа енген гиксостар
жолдарындағы отырықшы мемлекеттерге бас салғаны белгілі. Олар келген
Оңтүстік Еуропа далаларындағы көшпенділер де жан-жағына күш көрсететін
басқыншылық жолына түсті. Бірақ, гиксостар сияқты бет қаратпай Мысырға
дейін баса-көктемей, Кіші Азия аралдарына жетіп, сауда патшалықтарын тонап,
әбден байып алған соң, өздері де отырықшыларға айнала бастады. Біздің жыл
санауымыздан бұрынғы 3-2 мыңжылдықта Балканға келіп қордаланған ахейлер
біртіндеп оңтүстікке қарай жылжыды. Крит аралын басып алды. Біздің жыл
санауымыздан бұрынғы ХІІІ ғасырда Балканнан көшпенді дорийлер бас салды.
Сөйтіп, Кіші Азия гректене бастады. Олардың ата-бабасы Еуразия жазираларын
шарлап шыққан малшы арийлер еді. Олар дәулетті қала-мемлекеттерге
шоғырланып, таптық жіктелудің айқын үлгілерін көрсетті. Саудамен
шұғылданды. Жер құнары азайған соң, қол өнерімен жаппай шұғылдана бастады.
Жекеменшік ұлықталды. Бұл аристократия мен халықты екі айырды. Қоғам
ақсүйек – эвпатриадтарға, диқан – геоморларға, қол өнер иелері –
демиургтерге бөлінді. Оның үстіне, басыбайлы құлдар, жалдамалы пелаттар,
ұлты басқа матектер (кірмелер) болды.
Мұндай әртекті қоғамды басқару оңайға түспеді. Сондықтан Сократ, Платон,
Аристотель, Ликург, Солон сынды саясатшы философтар көптеп шыға бастады.
Қатал билікті дәріптеген Драконтты да сол топқа жатқызуға болады. Орыс
тіліндегі “драконовский закон” деген ұғымның шығуына аждаһаның (орысша
драконның) ешқандай қатысы жоқ. Осы қатал ережелерді ойлап тапқан грек
заңгерінің атынан туындаған ұғым. Элладаның бір жағынан парсылардың, бір
жағынан римдіктердің қыспағына шыдай алмағаны рас. Бірақ оны құлатқан
жаудың қаруы емес, тұрғындарының әр тектілігі, тілінің ала-құлалығы,
аумақтық шашыраңқылығы еді. Содан туындаған тұрақты алауыздық еді.
Гректер бізге тек Периклдың демократиясын ғана емес, Платонның
тоталитаризмін, Аристотельдің монархиясын, Драконттың тираниясын да
қалдырды. Олар, әсіресе, Аристотель, таптық кемсітушілікпен қоса, ұлттық
кемсітушілікті, тіпті отарлаушылықты теориялық жағынан ақтап бақты. Ол
“біреулер табиғатынан азат болып туса, енді біреулер табиғатынан құл болып
туады”, деді. Адамды “саяси хайуан” санап, “түз хайуанынан үй хайуаны
жоғары тұру керек”, деді. Демек, біреуді біреу, бір ұлтты бір ұлт
бағындыруы керек деді. Өйткені, оның ұстазы Платон: “Ешкімді бастықсыз
қалдыруға болмайды... Адам түгілі, жануарды басына жіберу қауіпті”, – деп
үйреткен-ді. Грек философтары бет-бетіне бытырап жүрген жаугершілік
(варварлық) қауымды тек эллиндер ғана билеп, тәртіпке келтіре алады деп
есептеді.
Элладаның ең сенімді ізбасарлары римдіктер болды. Олардың да арғы түбі
біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта Альпі тауларынан асып келген
жаугершіл (варвар) тайпалар еді. Латындардың түп атасы болып табылатын
лигурлер-тін. Оларға біздің жыл санаумызға дейінгі 1200-1100 жылдары
уморлар, Х ғасырда – иллирий, таргиан, этруск тайпалары, VІІ ғасырда –
гректер келіп қосылды.
Рим мемлекетіне негіз болған Лация – малшылардың елі еді. Отырықшылармен
саудаласқанда ақша орнына қой төлейтін. Қойдың басы – капуттан қазіргі
капитал шыққан-ды. Он ру курия, он курия – триба құрайтын. Соңғысының сөзін
сөйлейтін адамды трибун деген. Біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші
ғасырда Лацияда 300 ру болған. Соған қарағанда, ежелгі қоғамда жүз ру-жүз
рудан бөліп санайтын әдет болған сыңайлы. Қазақтың үш жүзі де соның бір
көрінісі болып жүрмесін.
Рим – ежелгі дүниедегі ең ірі Британ аралдарына дейін барып, Еуропаның
жаугершілікпен орман арасында одыраңдап жүрген бостан тайпаларын
бағындырды. Кіші Азия, Қырым, Кавказ, Орта Азияның мемлекеттерін басып
алды. Пальмира, Иудея, Карфаген соғыстары отаршылдық жаныштаудың ең алғашқы
классикалық үлгілері болды. Сөйтіп, бүкіл әлемнің маңдайында тәж болып
жарқырайтын “Мәңгілік Рим” қисыны шықты. Римнің Аристотельдің айтқанындай
қылып, бүкіл әлемді бассыздыққа жібермейміз деп істеген астамшылықтары
ақыры өзіне сор болды. Отарларымен шайқасып, титықтап жатқан Рим ІV ғасырда
Азиядан басталған халықтардың ұлы көші-қоны тұсында біржола құлап, тарихтан
көзін жойды. Оның тұсында екінші рет қолға алынып, отаршылдыққа негізделген
әлемдік тәртіп орнату пиғылы екінші рет Александр Македонский тұсындағыдан
да жаман жеңіліске ұшырады.
Оның сырын Римді салған ағайынды екеудің арасындағы алауыздық ашып береді.
Рим империясын құрған Ромул оның жан-жағы бекіністермен қоршалған,
шекаралары тарс жабық тұйық мемлекет болуын жақтады. Рем өйтіп іргесін
тұмшаламаған, еркін кіріп, еркін шыға алатын, ашық мемлекет болуды құптады.
Ромулдің жеңіп шығуы консервативтік үрдісті біржолата күшейтті. Аумақ
ұлғайғанмен, үрдіс өзгермеді. Ғылым мен техника Эллада заманындағыдан кері
кетпесе, ілгері баспады. Метрополиядағы саяси күрес аймақтардың бөліне-
жарылушылығын туғызды.
Император билігі әлсіреп, аймақты билеушілердің ықпалы арта түсті.
Экономикалық дағдарысқа саяси дағдарыс қосылды. Шет аймақтағы халық бұл
құлдыраудан тек Құдай ғана құтқара алады деп, жердегі биліктен күдер үзе
бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырда Мысырдағы Александрияда
еврейлер өз тілдерін ұмытып, грекше сөйледі. Ескі Інжілді грек тіліне
аудару қолға алынды. Иисус Христос ұғымы сол кезде пайда болды. Иисус еврей
тілінде Иешуаның, Христос еврей тіліндегі Машиахтың грекше баламасы еді.
Сонда Иисус Христос – жаратушы жіберген құтқарушы машайық деген сөз болып
шығады. Бұрынғы Мұсаның иудаизмы иудахристианшылдыққа ауыса бастады.
Бұл ағым жаңа дәуірдің басында Иисус Христос – Ғайса пайғамбардың дүниеге
келуімен өз шегіне жетіп еді. Жердегі халық пайғамбарды танымай,
римдіктердің ағашқа керіп жазалауына жол берді. Сөйтіп, құдайдың құтқармақ
болып ұсынған қайырымдылық қолын өздері кері серпіді. Енді көкке ұшып
кеткен машайықты қайта оралтуды көздейтін жаңа Інжіл дүниеге келді. Бұл
адамзат санасына басқаларға бас-көз болатын “таңдаулы халық” қисынын
ұялатты.
Жаңа дінді жақтаушылар көп болды. Тіпті, алғашқыда қарсы болып, оларды
қуғынға ұшыратқан император сарайының ауызы да қисая бастады. Өйткені, бір
кездегі “Мәңгілік Римнен” бақ тая бастады. Римдіктер өз империясын жердегі
“Құдай патшалығы” деп ойлаған. Сол заманды көксеген билікшілер өз тағдырына
қайтадан Құдайдың шарапаты түсе бастаған қылып көрсетуге қай жағынан да
мүдделі болды. Империяның әбден құлдыраған кезіндегі билеуші І Константин
325 жылы христианшылдықты ресми дін деп жариялады. 330 жылы астанасын
христианшылдықтың күшейіп тұрған аймағы Босфор бойына көшірді. 395 жылы Рим
екіге жарылды. Батыс Рим содан оңалмай, Шығыс Рим Византия атанып, әлі де
мың жылдай дәурен сүрді.
Ал батыс Рим бұрын теріскейден бағындырылған жаугершіл тайпалардың
ықпалымен Вандалуз, Вестгот, Остгот, Свев, Франк аталған бес корольдікке
ыдырады. Олардың Рим мұрагері болу жолындағы өзара тартыстары ІХ ғасырда
Кордова халифаты, Франция, Византия мемлекеттеріне ыдыратады. Кордова
халифаты 709-710 жылдары арабтардың Пиренейді жаулап алуынан пайда болған
еді. Әуелде Бағдатқа бағынған Пиреней арабтары 929 жылы өз алдына бөлініп
шықты. 486 жылы франктер қазіргі Бенилюкс елдері мен Францияға қарайтын
аумақтағы герман тайпаларының жерін жаулап алып, 756 жылы Папаға жер бөліп
берді. Сол үшін Ұлы Карл 800 жылы Римдегі Әулие Петр храмында император деп
жарияланды.
Х ғасырда Батыс Еуропа Азиядан келген басқыншылардан аттарына ауыздық пен
үзеңгі тағуды үйреніп, мұздай темір құрсанған рыцарлар әскерін құрды. Олар
кельттер тұратын Британ аралын жаулап, англ, сакс, фриз, юттарға алып
берді. Кельттерді қырып, тірі қалғандарын өздері апарған тайпаларға қосып
жіберді. Ұлы Карл 814 жылы қаза тапты. 817 жылы ол билеген аумақ ұлдары
Карл, Лотар, Людовиктерге бөліп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz