О. Сүлейменовтың Аз и Я еңбегiнде көтерiлген кейбір тарихи мәселелер



1 О.Сүлейменов, оның «Аз и Я» атты еңбегi
2 Еңбектiң ғылыми жаңалығы
Көп ұлтты халқымыздың татулығы, ауыз біршілігі ең басты құндылығымыз. Осы татулықтың терең тамырларын сонау тариха қойнауынан iздеп, бұлтартпас айғақтарымен дәлелдей бiлген О.Сүлейменов, оның «Аз и Я» атты еңбегi. Елiмiздiң халықтарының бiрлiктерiнiң, татулықтарының тамырлары сонау ХII- ғасыр қойнауынан бастау алатындығын көрсетiп тағылым беретiн де, тарихи сананы жаңғыртатын да – «Аз и Я» секiлдi еңбектер болмақ. Осындай құндылығы бар «Аз и Я»-ны ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған арнайы зерттеулер тым аз. Бұл жағдай бiздiң зерттеу объектiмiздiң өзектiлiгiн күшейте түседi.
1975 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кiтабы жарық көрдi. Ғылыми еңбекке қарсы орыс ғалымдары А.Кузьминнiң «Шеңбер ішіндегі Ошаған» Л.А.Дмитриев пен О.В.Твороговтың «О. Сүлейменовтың түсінігіндегі Игорь жасағы туралы жыр» Ю.Селезневтiң «Аңыз бен ақиқат» Д.С.Лихачевтiң «Игорь жасағы туралы жырдың көмескі тұстары» және т.б. ғалымдардың бiрыңғай даттаған сыни мақалалары жарияланды. Бұл iске ендi КОКП ОК-нiң идеология бөлiмi араласты. 1976 жылы 13 – 14 ақпанда Волхонкада өткен КСРО Ғылым академиясының 47 академигi мен «член қоры» қатысқан мәжілістің арнайы талқысына түстi. Академик Б.Рыбаковтың: «Алматыда бұрын-соңды Кеңес үкiметiнде болмаған нағыз антиорыстық «Аз и Я» кiтабы шықты...»[1] деген сөзiнен басталған талқылау ғылымилықтан гөрi саяси сипат алды, бiрауыздан «Аз и Я»-ның ғылыми танымдық деңгейi жоққа шығарылды. Ақыр–соңында КОКП ОК-нiң хатшысы М.А.Суслов пен Совет Армиясының генералы А.А.Епишевтың жарлығымен «Аз и Я» түгел таралып үлгермей–ақ дүкен сөрелерiнен, кiтапханалардан дереу жойылды. [1] .
1. Аупбаев Ж. Олжас. Жұлдыз.- 1996.- № 5. – Б.37.
2. Толмачев Г. Повесть об Олжасе. – Алматы, 1996.-Б. 27.
3.Сабырғалиұлы Е. Тоталитарлық шеңберде өскен Ошаған немесе О.Сүлейменов тағылымы. Жұлдыз.- 2003.- № 3. – Б.151-160.
4.Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негiздерi.-
Алматы, 2002.- Б.83-92.
5. Ткаченко А. Возвращенная книга. Юность. – 1991. - № 11. – С. 80-81.
6 Құттықадам С. Олжас феноменi немесе Рух құйыны. Қазақ әдебиетi.-2006. -№20.- Б.10-11.
7. А.Бахти. Шумерлер, скифтер, қазақтар. – Алматы, 2003.- 216 б.
8. Қайдар Ә. Қаңлы. – Алматы, 2004. – Б. 418-421.
9. Аманжолов А.С. Түркi филологиясы және көне жазу тарихы. – Алматы, - 1990. - Б.83.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
О.Сүлейменовтың Аз и Я еңбегiнде көтерiлген
кейбір тарихи мәселелер.

Көп ұлтты халқымыздың татулығы, ауыз біршілігі ең басты құндылығымыз.
Осы татулықтың терең тамырларын сонау тариха қойнауынан iздеп, бұлтартпас
айғақтарымен дәлелдей бiлген О.Сүлейменов, оның Аз и Я атты еңбегi.
Елiмiздiң халықтарының бiрлiктерiнiң, татулықтарының тамырлары сонау ХII-
ғасыр қойнауынан бастау алатындығын көрсетiп тағылым беретiн де, тарихи
сананы жаңғыртатын да – Аз и Я секiлдi еңбектер болмақ. Осындай құндылығы
бар Аз и Я-ны ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналған арнайы зерттеулер тым
аз. Бұл жағдай бiздiң зерттеу объектiмiздiң өзектiлiгiн күшейте түседi.
1975 жылы Алматыдағы Жазушы баспасынан О.Сүлейменовтың Аз и Я
кiтабы жарық көрдi. Ғылыми еңбекке қарсы орыс ғалымдары А.Кузьминнiң
Шеңбер ішіндегі Ошаған Л.А.Дмитриев пен О.В.Твороговтың О. Сүлейменовтың
түсінігіндегі Игорь жасағы туралы жыр Ю.Селезневтiң Аңыз бен ақиқат
Д.С.Лихачевтiң Игорь жасағы туралы жырдың көмескі тұстары және т.б.
ғалымдардың бiрыңғай даттаған сыни мақалалары жарияланды. Бұл iске ендi
КОКП ОК-нiң идеология бөлiмi араласты. 1976 жылы 13 – 14 ақпанда Волхонкада
өткен КСРО Ғылым академиясының 47 академигi мен член қоры қатысқан
мәжілістің арнайы талқысына түстi. Академик Б.Рыбаковтың: Алматыда бұрын-
соңды Кеңес үкiметiнде болмаған нағыз антиорыстық Аз и Я кiтабы
шықты...[1] деген сөзiнен басталған талқылау ғылымилықтан гөрi саяси сипат
алды, бiрауыздан Аз и Я-ның ғылыми танымдық деңгейi жоққа шығарылды.
Ақыр–соңында КОКП ОК-нiң хатшысы М.А.Суслов пен Совет Армиясының генералы
А.А.Епишевтың жарлығымен Аз и Я түгел таралып үлгермей–ақ дүкен
сөрелерiнен, кiтапханалардан дереу жойылды. [1] .
Чаян журналына берген сұхбатында белгілі тарихшы Л.Гумилев Олжастың
Аз и Я-сын әдеби шығарма ретiнде қараймын, ғылыми түйiн онда аз деп
бiрден кесiп айтты. Аз и Я-ның алғашқы бетiн ашқаннан бiраз қателiктер
кездестiрген. Л.Гумилевтiң мұндай көзқарасына Жыр тарихына қатысты
екеуiнiң пiкiр қайшылығы себеп болуы мүмкiн. Объективтi де көзқарасы шығар.
Өйткенi, Игорь жасағы туралы жырды ғылымда дәйектелген ХII - ғасыр емес,
ХIII - ғасырға жатқызған Л.Гумилев Аз и Я-ны орынды сынаған. Жазушы
Г.Толмачев 1996 жылы жарық көрген еңбегiнде Аз и Я-ның қуғындалу
барысын айта келiп, Ни слова, ни полслова не сказано за последние годы о
книге Аз и Я в научной печати... дейдi ашынып. [2] Тек 2002 жылы т.ғ.д.
Қ.Атабаев Аз и Я-ны тарихи деректану ғылымы тұрғысынан қарастырып,
еңбектi тарих ғылымы тұрғысынан тануға тұңғыш қозғау салды. Мәдениеттанушы
М.М.Әуезов Энкидиада еңбегінде Аз и Я-ның әдеби жанрына жоғары баға
бердi. Тарихшы Е.Сабырғалиұлы көлемдi мақаласында Аз и Я-ны тарих ғылымы
тұрғысынан қарастыра келіп, Ресейде гумилевтанушы ғылыми орта әбден пiсiп
жетiлдi, бiздегi Аз и Я-тану iсi арада 30 жылдай уақыт өтсе де әлі қолға
алынар емес - дейді. [3] Ф.ғ.д. Ш.Елеукенов Аз и Я-ның азабы атты
мақаласында Аз и Я кiтабы жарық көру қарсаңындағы кеңес әдебиетiне
талдаулар жасап, еңбектiң көркемдiк сипатына жоғары баға бердi.
Тарихнамалық талдаулар жасай отырып, екi зерттеушi ғана (Қ.Атабаев,
Е.Сабырғалиұлы) Аз и Я-ны тарих ғылымы тұрғысынан қарастырғанын көремiз.
Және бiр ескеретiн жайт, зерттеушiлердiң ешқайсысы да кiтаптың екiншi
бөлiмi Шумернаме жайлы еш сөз қозғамайды.
Аз и Я-ға даттай отырып, ондағы қайталанбас фундаментальдық ғылыми
тұжырымдардың бiрсыпырасын ресми тарихнаманың өкiлдерi (Б.А.Захарова,
Л.А.Дмитриев, Д.С.Лихачев т.б.) Аз и Я-ға сiлтеме жасамастан өз
еңбектерiнде ұрлап пайдаланған. Оны 1998 жылы Вестник Дубный газетiнде
орыстың публицист–ақыны Е.Д.Федюнкин әшкерелейдi.
Еңбектiң ғылыми жаңалығы. Бұған дейiн Аз и Я-ны зерттеушілер тек
бiрiншi бөлiмiн зерттеумен шектелсе, бұл еңбекте тұңғыш рет Аз и Я-ның
екi бөлiмi де тұтас қамтылып тарих ғылымы тұрғысынан зерттелдi. Сондай-ақ
автор өз тарапынан аса маңызды жаңа ашылымдар мен тың тұжырымдар жасады.
Кiтаптың бiрiншi бөлiмiнде О.Сүлейменов тiлдi негiзгi зерттеу объектiсi
ретiнде ала отырып, славян халықтарының ХII - ғасырда дүниеге келген ғылым
үшiн аса құнды ескерткiшi Игорь жасағы туралы жырды зерттейдi. Т.ғ.д.
Қ.Атабаевтың пiкiрiнше О.Сүлейменов тарихи деректану ғылымындағы деректердi
зерттеудiң ең бiр күрделi тәсiлiн таңдаған [4]. Осылайша Жырды мұқият
зерттей отырып О.Сүлейменов тұңғыш рет славян халықтары мен түркi
халықтарының санқырлы қарым-қатынаста болғандығын, Х-ХII-шi ғасырларда
славян халықтарының тiлiнде, мәдениетiнде, саяси-әлеуметтiк өмiрiнде
далалықтардың ықпалының ерекше мол болғандығын бұлтартпастай етiп
дәлелдедi. Г. Толмачевтің пікірінше Аз и Я-ның тарих ғылымы үшін ең
басты ғылыми құндылығы да осында. Бұл пікірмен толық келісуге болады.
Өйткені бұл жаңалығы арқылы О. Сүлейменов кеңестік тарихнамада нық
орныққан далалықтармен ешқандай мәдени қарым-қатынас болмаған, болуға
тиiстi де емес деген империялық біртоға қағидаларды түбегейлі
терістеген еді.
Тарихшы Е. Сабырғали атап көрсеткендей кеңестік қоғамда Игорь жасағы
туралы жыр балабақшадан бастап, әкiмшiлiк органдарға дейiн ХIІғ. орыс
кiнәздарын бiрлiкке және қыпшақ-тармен, Руське жат мәдениеттi далалықтармен
күреске шақыратын патриоттық шығарма ретiнде марапатталды. Ғылымда Жырды
бiрыңғай мадақтау дәстүрi қалыптасып, осы қалыптан тыс айтылған ойлар
қапысыз қуғынға ұшырады. Бұл сөзiмiзге көрнектi зерттеушiлер А.А.Зимин мен
Л.Н.Гумилевтiң тағдырлары мысал бола алады. Олар Жырдың кейбір құпия
тұстарына алғаш күмән білдіріп, ащы сынға ұшырап, еңбектері жарияланбай
қалған болатын. Ресми тарихнаманың ірі өкілі С.Д. Лихачев Жыр туралы
басқалай зерттеулердің жарық көруі жай бос әуре ғана емес, ол өте зиян, -
деді[5].
Осындай қысымға қарамастан О.Сүлейменов қолдан-қолға әр ғасырларда
көшiрiлген көшiрмелерiн мұқият зерделейдi. Нәтижесiнде Жыр ешқандай да
ХII- ғасырдағы жалпы орыстық, патриоттық идеяны жырламаған, тiптi ХVI
ғасырға дейiн орыстар жалпыхалықтық, ұлттық соғыстар жүргiзбеген,
империялық сана кейiн дүниеге келгенi анықталады. Сондай-ақ Жырдың
басты кейiпкерi, С.Д.Лихачев мектебiнiң әсiре мадақтауына негiз болған
Тәңiрi тектi кiнәз Игорь пайғамбар емес, пендешiлiгi басынан асатын тiрi
адам бейнесi екенi белгiлi болады. Жырды түркi және славян тiлiне жетiк
сол заманның өкiлi жазған деген пiкiрге келген О.Сүлейменовке ХII
ғасырдағы Киев Русiндегi тiл жағдайы Пушкин мен Толстой заманының екi тiлде
бiрдей сөйлеген орыс ақсүйектерiн еске түсiрген. Мұның барлығы Жырда
жасырынған түркизмдiк сөздердi асқан зерделiлікпен айқындау арқылы ашылған.

Осы ашылымдардан соң қазіргі ғылымда Жыр шын мәнінде славян
халықтарының мұрасы ма? Әлде бастапқы нұсқасы түркі тілінде жырлануы
мүмкін бе? деген мәселе көтеріп, осы бағытта зерттеу жүргізуге әбден
болатын секілді.
О.Сүлейменов Аз и Я-да қыпшақтар туралы ешқандай зерттеудiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.Сүлейменов тарихшы ғалым және оның ғылыми мұралары
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
ҚАЗАҚ - ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ ҚАЗАҚ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы
Парсы патшасы І Дарийдің Бехистундік жазуы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
«Қазақ» этнонимінің шығу тарихы
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
Пәндер