Табиғи су көздерін пайдалану



1 Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта "қалпына келу жылдамдығы
2 Қайтымсыз суды қолдану
3 Судың тұздылығы
4 Судың сапасының маңызды көрсеткіші
Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0,1—0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетісіпеуін туғызбау керек сияңқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне қайтың келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.
35 млн. км тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген. Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн. км суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта "қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет.
1. Г.С. Оспанова.,
2. Г.Т. Бозшатаева., «Экология» Алматы, 2002ж.
3. А.Г. Акешев «Жалпы экология негіздері»., Алматы. 2000ж.

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының
0,1—0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт
көзге судың жетісіпеуін туғызбау керек сияңқты. Оның үстіне ол
сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қайтадан су көздеріне
қайтың келеді. Бүкіл гидросфера аумағында судың таусылуы мүмкін
емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін.
35 млн. км тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі
қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар өлі су
қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі
ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген.
Жердің терең қабаттарындағы суды игеру қиын. Тұтас алғанда адамзат шамамен
3 млн. км суды пайдалана алады. Бұл қоғамның техникалық мүмкіндіктеріне
байланысты.
Табиғи су көздерін пайдаланғанда су ресурстарының қайта "қалпына
келу жылдамдығын есепке алу қажет.
Көл сулары орташа шамамен 17 жылда, жерасты сулары тек 1400 жылдан соң
қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына
келмейді Себебі атмосфера — жауын-шашың — құрлық — зат жүйесіндеғі зат
алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелетін жер асты
сулары олардың қорының көп болуына қарамай тез таусылуы мүмкін.
Техникалық және эколоғиялық жағынан ең тиімдісі — жылдам қайта келуі,
жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты орналасуы, жоғары
дәрежеде өздіғінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып
табылады. Қазірғі кездеғі суды пайдалану неғізінен өзен көздерінен алынады.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері
4000 км жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруа
шылығында және басқа да салаларда қолданылады.
Қайтымсыз суды қолдану негізінен суармалы егістікке тән. Бұл
жерде ол 60-70% және одан да жоғары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі
мақсаты судың максималды булануымен байланысты және ол судың
берілген аймақтың су алмасуынан шығарылуына әкеледі.
Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын
алады. Оның неғізғі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеудің
жазық аудандарында — көктемде, тауда — мұздықтардың еруі кезінде, жазда,
экватор маңында жауынды кезеңде).
Ағыстың уақытында әртектіліғін нейтралдау үшін су қоймаларына су
қорын жинайды. Бірақ бұл кезде өзіндік теріс әсері болады. Олар
ылғал айналымның бұзылуымен, жерлерді алу, су қоймасының бетінен судың
көп булануы және т.б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердеғі
тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін
судың жетіпеуі мүмкін. Ол судың жекеленғен катеғорияларының баяу
қалпына келуіне, кеңістікте біртекті емес таралуына, уақыт бойынша су
қорының динамикалығына (өзен суы үшін), қайтымсыз пайдалану және т.б.
құбылыстармен байланысты болады. Уақыт өте келе судың
жетіспеуін болдырмау жолдарын іздеу қажет.
Ластануға судың барлық катеғориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр
түрлі дәрежеде ұшырайды.
Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын
маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау
ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5
млн. адам (неғізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе
ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп
кездесетін элементтерғе кальций, натрий, хлор, калий жатады.
Судағы химиялық әлементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның
қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының
дәлелі бола алады .
Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен
немесе құрғақ қалдықпен анықталады. Аталған көрсеткіш бойынша судың
мына катеғорияларын бөліп көрсетеді:
Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы
Химиялық элементтер Еріген заттардың жиынтығынан %
мұхит суы адам қаны
Хлор 49,3 55,0
Натрий 30,0 30,6
Оттегі 9,9 5,6
Калий 1,8 1,1
Кальций 0,8 1,2

• тұщы су — 1 ғл дейін;
• тұздылау — 1—3 ғл;
• аз тұзды — 3—10 ғл;
• тұзды және өте тұзды — 10—50 ғл;
• рапа — 50 ғл артық.
Теңіз суында шамамен 35 гл тұз болады. Суларда орғаникалық заттар мен
әр түрлі жүзіп жүрғен заттар, сонымен қатар патоғенді ағзалар да болады.
Адам суды оны пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз
су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және
т.б.
Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар
(ЗЖЖК) қолданылады.
Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар
бактериологиялық және органолептік қолданылады.
Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады:
1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 миллиметіріне 100-
ден аспауы керек;
2) ішек таяқшасы тобының бактерияларының саны арқылы.
Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен көп
болмауы керек) немесе коли-титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын
судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.
Органолептикалық көрсеткіштерғе судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі
жатады.
Судың сапасының маңызды көрсеткіші — ондағы оттегінің болуы. Оған
гидробионттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға
қабілеті тәуелді.
Судың оттегімен қамтамасыз етілуі оттегін биологиялық пайдалану
көрсеткіші арқылы анықталады.(ОБПК). ОБПК дегеніміз — биохимиялық
процестерге қатысуға қабілетті заттардың ыдырауына (тотығуы)
жұмсалатын оттегінің мөлшері. ОБПК- ні анықтау үшін су
микроорганизмдеріне қажетті стандартты жағдайлар жасалады. Оттегін
пайдалану, әдетте, 5 күнде бір литр суда (ОБПК5) өлшенеді. Неғұрлым оттегі
көп пайдаланылса, соғұрлым су органикалық және басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте гидроэнергетиканы оқыту мәселесі
«Жасыл» экономика
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Геотермалды энергия көздері
Экологиялық қауіптер. Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері
Энергия көздері
«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Альтернативті энергия көздерін пайдалану
Жасыл химия принциптерін оқытудың әдістемесін жасау, оны енгізу жұмыстары
Пәндер