Тәрбиешінің балаларды мәнерлеп оқуға дайындығы



Кіріспе
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
1.Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу техникасының орны
2.Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны
3.Шығарманың астарлы ойы мен оның интонацияны құбылтудағы қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп жасына дейінгі балаларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана баланың жан-дүниесін жадырата аламыз.
Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап өй-өрісі ұшталып, көркемдік әлеміне құштар болып өскен әрбір бала туысқан халықтар әдебиетінің, мәдениетінің арғы-бергі тарихын игеруге, дүниежүзі әдебиетін оқып үйрене түсуге ынтызарлықпен ұмтылары анық. Сондықтан баланы тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы балабақшада балаларды әсемдікке, әдемілікке, ойлылыққа, асқақ адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың тәрбиелік мәні өлшеусіз.
Ал сол халықтың баласын тәрбиелеп, азамат өсіретін әрбір тәрбиешінің халық ауыз әдебиеті туындыларын, балаларға лайықты ертегі, тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел т.б. өте көп білетін, оны көркемдеп мәнерлі де әсерлі оқи алатын, жатқа білетін, балаларды өзіне тәнті етіп басқара отырып әңгімелеп, бере алатын өз ісінің шебері болуын уақыт талап етіп отыр. Сол себепті балабақшада мәнерлеп оқу, тіл дамыту т. б. пәндер бір-бірімен байланысты жүйелі өтіледі.
1. www.google.kz
2. Журнал. Мектепке дейінгі педагогика. №1,2009 ж.
3. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. Москва. 1981 г.
4. www.yandex.ru
5. Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы. 1982 ж.
6. С.Желдібаева. Мәнерлеп оқу. А. 1997 ж.
7. Дмитриев Е.Д. Практикум по выразительному чтению. Москва. 1981 г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
1.Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу техникасының
орны
2.Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны
3.Шығарманың астарлы ойы мен оның интонацияны құбылтудағы қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне
айрықша назар аударылып отырғаны бәрімізге аян. Мектеп жасына дейінгі
балаларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем
әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана баланың жан-дүниесін
жадырата аламыз.
Туған әдебиетінің қайнарынан сусындап өй-өрісі ұшталып, көркемдік
әлеміне құштар болып өскен әрбір бала туысқан халықтар әдебиетінің,
мәдениетінің арғы-бергі тарихын игеруге, дүниежүзі әдебиетін оқып үйрене
түсуге ынтызарлықпен ұмтылары анық. Сондықтан баланы тәрбиелеудің алғашқы
баспалдағы балабақшада балаларды әсемдікке, әдемілікке, ойлылыққа, асқақ
адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың
тәрбиелік мәні өлшеусіз.
Ал сол халықтың баласын тәрбиелеп, азамат өсіретін әрбір тәрбиешінің
халық ауыз әдебиеті туындыларын, балаларға лайықты ертегі, тақпақ, өлең,
жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел т.б. өте көп білетін, оны көркемдеп мәнерлі
де әсерлі оқи алатын, жатқа білетін, балаларды өзіне тәнті етіп басқара
отырып әңгімелеп, бере алатын өз ісінің шебері болуын уақыт талап етіп
отыр. Сол себепті балабақшада мәнерлеп оқу, тіл дамыту т. б. пәндер бір-
бірімен байланысты жүйелі өтіледі.
Тілі енді ғана шығып келе жатқан баланың дұрыс оқуы мен дұрыс
сөйлеуіне, ой-өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер етіп тәрбиелейтін
тәрбиеші болып табылады.
Адам баласының өсіп даму психикасын төрт кезеңге бөліп жырлаған лирик
ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров Адасқан өмір поэмасының Мен бала деген
тарауында:
Мен сыйлар деп дүние, келдім міне,
Бір жас деп есігіңнен ендім міне.
Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін,
Не қылсаң да басымды бердім міне!—
деп жырлағанды.
Бала психологиясының іргетасын қалап, дидактикалық талаппен,
күнделікті білім беру дағдысымен ұштастыра білу үлкен шеберлік.
Тәрбиешінің балабақшадағы жұмысының басым көпшілігі мәнерлеп оқып
берумен, әңгіме айтқызумен тікелей байланысты болады. Тәрбиешінің жеке
басының мәнерлі оқуы мен әсерлі әңгімелей білуі оқылатын, талданатын
шығарманы балалардың тереңірек түсінуіне, оқу ынтасына, қызығушылығына,
өздеріне ұнаған жерлерін жаттап алуына әсер етеді. Сол себепті тәрбиешілер
мәнерлеп оқудың методикасын жете игеріп, көркем шығармалардың түрлі
жанрларын, талдай алатын деңгейде болулары керек. Сонымен бірге қазақ
тілінің дыбыстық құрылымын, әрбір дыбыстың жеке айтылуын, сөз ішінде
оқылуын, естілуін, дауысты дыбыстардың созылмалы саздылығын түсініп жете
меңгеруі қажет.

Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың және сөйлеу техникасының
орны.
Мәнерлеп оқуға тәрбиеші дайындығындағы дауыстың маңызы. Дауыс
сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үшін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап
отырады.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу үшін мүшесі аркылы ауа жұтады.
Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа карай шығуға
бағытталған. Өкпеден кайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем
тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамқтың ішкі
жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы етеді.
Сондықтан әркім өзінің дыбыс мүшелерінің атқаратын кызметін жете түсініп,
оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса
ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, кейде
орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін
түзейді.
Дауыстың өзіндік сапалары - дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың
беріктігі, дауыстың икемділігі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп байқап фонетикалық дыбыстық, буындық
жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркесіне қойылатын екпінді ажырата білу
міндет.
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуда өзін тәрбиелеуі бірінші дауыс ырғағын дұрыс
келтіруіне, кейіпкерлерді оқығанда соларға ыңғайлы мимикаға бет пішінін
келтіре оқуға, логикалық, психологиялық грамматикалық кідірісті дұрыс
келтіруге өзін дағдыландыруы керек. Мәнерлеп оқуда тәрбиеші дикция екпін
қоя білу дауыс ырғағын дұрыс келтіруі керек.
Мәнерлеп оқу аркылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиеші шығарма
кейіпкерлеріне еліктейтіндей, ішкі - сезіміне әсер ететіндей етіп оқуға
өзін жаттықтыру қажет. Мәнерлеп оқу сабағының басты міндеті - мектепке
дейінгі балаларды кітаппен жұмыс істеуге кітаптағы суреттерді көріп сол
кітаптағы шығарманы оқығанда соны тыңдай білуге тәрбиелеуде тәрбиеші
алдында үлкен міндеттер бар ол үшін тәрбиеші мәнерлеп оқудың қырын, әр
түрлі әдіс – тәсілдерін жақсы меңгеріп мәнерлеп оқу арқылы бала бойына
көркем шығарма, ертегі, т. б. сіңіре білу керек.
Мәнерлеп сөйлеу құралдарын меңгермейінше ана тілін білу мүмкін емес.
Мәнерлеп сөйлеудің балалар колдана алатын лексикалык күралдары дегеніміз ең
алдымен онын мағыналық, маңызын бір сөзден екінші сөзге көшіру, тасымалдау,
одан соң — синонимдер.
Сөз мағынасының тасымалдануын қабылдау сөздің образдық құрылымын
түсінуді көздейді, ол баланың өмір тәжірибесіне — оның түсінік қорына, есте
сақтауына және есте сақталған образдарға эмоциялык баға бере білуіне
байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бөбектермен жұмыс істеуде қолданылатын, сөздің
тасымал мағынасын түсінуге үйрету тәсілдері, сөз жоқ, тек қана ауызша түрде
бола алмайды: мұнда нақты объектілер мен суреттерге сүйену қажет.

Егер салыстырылатын заттарды бір сөзбен атай отырып, балаға бір
рет
болса да көрсетсе, ол бұл сөздердің жасырын ұқсастығын түсіне білетін
болады. Шалқанды, баска да жемістерді көргенде ең дұрысы қолмен ұстап
байқағанда, бала Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар жұмбағыңдағы
тон киген кім екенін (капуста) түсінеді. Сонымен, жұмбақты шешу үшін
балалардың біраз өмір тәжірибесі болуы, сондай-ақ олар жаз бен қыс
тамашаларын есте сақтауы тиіс. Мысалы, ешқашан кранды, қызылшаны
көрмейінше, доп теуіп ойнамайынша немесе мұны құрбыларының қалай ойнайтынын
көрмейінше бала мынадай жұмбақтарды шеше алмайды: Бұрасаңыз құлағын,
ағызады бұлағын (кран); Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызғылт дәу
шатыр (қызылша); ұшып-қонып тынбайды, қанша соксаң сынбайды, суға салсаң
батпайды, түскен жерде жатпайды (доп).
Тасымал мағыналы (яғни бір Мезгілде екі затты, белгілерін, іс-
әрекеттерін, бірі — тікелей, екіншісі — осы негізгімен салыстыру арқылы
білдіретін) сөздер өздерінің синтаксистік байланыстарының арқасында
өздерінің тасымал мағынасын контексте ғана көрсетеді: тасымал мағыналы сөз
тіркесін түсіну үшін шамалы болса да байланысқан текст керек. Салыстырыңыз:
қасқа бас шал — қасқа бастау, барқыт диван — барқыт шалғын, бала сыбырлайды
— орман сыбырлайды. Демек, балаларды сөздің тасымал мағынасын түсінуге
байланысқан текстті сабақтарда ғана жаттықтыруға болады. Балалардың сөздің
тасымал мағынасын үйренуі оларды көркем әдебиетпен таныстыру жұмысымен
байланыстырылады.
Сөздің мәнерлілігін, сөйлеушінің өзі айтып тұрған нәрсеге қатынасын
түсіну үшін балалар эмоциялық мәнері бойынша бір-біріне қарсы қойылатын
синонимдер қкатарын үйренуге тиіс. Мәселен, жеу және асау (дөрекі сөз)
деген сөздердің бірдей номинатив мәні бар, олар шындыктың бірдей фактісі —
тамақты ішуге сәйкес келеді, яғни бір-біріне байланысты қызмет атқарады.
Бірақ осы сөздердің жәрдемімен сөйлеуші шындықтың өзі атаған фактісін
түрліше бағалайды: бұл фактіні (асау) қос тамаушылық сезімін білдіреді және
өзінің дөрекілігін көрсетеді немесе бұған (жеу) бейтарап қарай отырып, жай
ғана фактіні көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалар сөйлеу этикетін қалыптастыруға
қатысатын эмоционалдық және стилистикалық синонимдерді үйрене алады.
Мысалы, үш жасар балалар тамақ асау деп айтуға болмайтынын, мұның дөрекі,
демек, өрескел сөз екенін, тамақ ішу деп айту керектігін түсіне алады.
Балдырғандар көп жағдайда балалар бақшасына әдеби тілге жатпайтын, жай
сөздер айта келеді. Тәрбиеші балаларға белгілі бір сөздердің арасындағы
стилистикалық айырмашылықты түсіндіре отырып, мұндай сөздерді әдеби
синонимдермен алмастыруға міндетті.
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық сатысындағы балаларға мұндай
айырмашылықты түсіндіру жұмысы тек қана этикалык тұрғыда жүргізілуі тиіс.
Мысалы: Мұндай (жай) сөздер айту - кісіні жәбірлейді, Мұндай сөз айтқан
бала — дөрекі, нашар тәрбиеленген бала, онымен ешкім де ойнамайтын болады
және т. с. с.
Ана тіліміздегі 37 дыбыс қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды
сөз, әуезді үн болып естіліп жататыны ғажап емес пе?! Сол дыбыстардан сөз,
сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой
ербіп, небір көркем туындылар өркен жайып жатыр.
Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс
сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық та ашық айтуға
үйретеді. Үлгісін өзі керсетеді. Сөйлеу технйкасына мыналар жатады: Тыныс
алу (ауаны ішке жұту мен сыртқа шығару), дауыс, дикция.
Дыбыстау мүшелері негізгі үш беліктен тұрады.
3. Өкпе.
2. Тамақ.
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы).
Өкпенің атқаратын қызметі өте зор. Өкпе кеуде кеңістігіне орналасқан
тыныс алу мүшесі. Ауаны ішке тартқанда өкпе үлкейіп, кеудені керіп тұрады
да, ауаны сыртқа шығарғанда семіп қалады. Осы ауаны (демді) ішке тарту мен
сыртқа шығарудың арасында секундпен есептеуге келмейтіндей жылдамдықпен
үздіксіз процесс жүріп жатады. Оны тек осы заманғы техника жаңалықтарымен
ғана бақылауға болады. Оқудың, сөйлеудің әсерлі де мәнерлі, құлаққа жағымды
естілуі тек қана дұрыс, еркін дем алуға тікелей байланысты. Еркін дем
алмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір
сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден
басталғанын ажырату қиынға түседі. Сондықтан дем алу ерікті дем алу,
еріксіз дем алу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның
жоғарғы жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы бүлкілдек еттері
(диафрагма) қозғалысқа түседі. Сонда еркін, терең тыныс алады. Қайтқан ауа
мұрын қуысы арқылы шығады. Мұның гигиеналық пайдасы зор.
Еріксіз дем алу көбіне сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып
сөйлегенде, жиі кездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын
басқара алмаған мұғалім де, оқушы да келістіріп мәнерлі оқи алмақ емес.
Сондықтан ерікті дем алуды қалыптастыру үшін үнемі жаттығулар комплексін
жасап үйрену қажет. Қабырға мен құрсақ қатарын босаңсыту.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға
бағьгттап отырады.
Дауыстың естілуі — тию — физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Адам
сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе
кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады.
Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына
кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында
кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде
керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы
керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу
сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп жиырылуынан шыққан үн
таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне түседі. Онда мұрын
қуысымен ауыз қуысындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне
(резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы
кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдың, тістің, жақтың тағы
басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер
етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы,
ауруға ұшырауы дауысты бұзады. Біз өмірде сирек те болса естіп жүретін
маңқа, мыңқылдап сөйлейді, даусы қарлығып қалыпты т.б. деген сөздер
осы дауыс күшейткіштерінің қызметі мен дауыс шымылдығы ауруға ұшыраған
жағдайда болады. Кейде дауыс кеңістігінің ауруға ұшырауына байланысты
дауыста сырыл пайда болады. Сондықтан әркім өзінің дыбыстау, мүшелерінің
атқаратын қызметін жете түсініп, оның гигиеналық жағына ұқыптылықпен
қарауы керек.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса
ұқсас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік өзгешелігі болады.
Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс
сарыны немесе обертондар болады. Соп обертондар арқылы адамның жеке-дера өз
даусы жасалынып, үні таза шығады.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде
орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін
түзейді.
Дауыстың өзіндік сапалары — дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың
беріктігі, дауыстың икемділігі, тұраңтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық дыбыстың,
буындық жаттығулар жасап, сөзге, сөз тіркестеріне қойылатын екпінді
ажырата білу міндет.
Әркім өз даусының мүліктерін байқап, оқылатын тексте, сейлеген сөзде
дауысты қалай икемдеу керегін өзі ғана белгілей алады.
Әркімнің өз даусы болады дедік. Бірақ, менің даусым осындай деп,
өзінің даусын оқу кезінде, сөйлеу кезінде аңғарып, жаттықтырмаса көркем
шығарманың түрлі жанрларын оқу кезінде текстіге дауыс қоя алмайды.
Оқылатын шығарманы мұғалім жан-жақты талдап, қай жерін қалай оқу
керек, дауыс қай жерде кетеріледі, төмендейді, орташа қалыпқа түседі деп
дайындалады. Дайындалып, дауысты дұрыс қойып оқығанда мазмұнды жұмыс
болады.

Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға
бағыттап отырады. Дауыстың естілуі - физиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі аркылы ауа жұтады. Осы
кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға
бағытталады. Өкпеден қайткан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз - кем
тұсқауына кездеседі. Себебі, дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі
жағында кеңірдектің екі жағына бір-біріне карсы біткен жиырылмалы ет. Ол
бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеде ауа қайтқанда осы дауыс
шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз дауысы болады. Алайда, сирек те болса,
ұксас дауыстылар да кездеседі. Соның өзінде өзіндік ерекшелігі болады.
Барлығы ортақ табиғи негізгі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс
сарыны немесе обертондар болады. Сол обертондар арқылы адамның жеке дара өз
дауысы жасалынып, үні таза шығады. Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен
бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап
қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді.
Мәнерлеп оқу үшін дем алудың дұрыс болуымен катар дауыстың естілуі,
үнділігі мен жуан жіңішкелілігі, әуені, музыкалылығы да өте кажет.
Ересектер тобындағы балаларға әдеби шығарма оқу (5—6 жастагылар үшін).
Әдістер: оку, әңгімелесу. әңгімелету. Экскурсия, шығарма мазмұнына
сәйкес сурет көрсетіп әңгімелету. Өздігінен істелетін жұмыстар. Балалардың
жауаптарын талдау. Жеке және коллективті түрде әңгіме құрату. Оқылған
текстегі сөздерді түсініп айтуға үйрету. Оқудыңн мақсаты — әдеби
шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту; жануарларды ажырата білуге
үйрету. Көркем сөздерді (эпитет, синонимдер мен көп мағыналы сөздерді)
текстен таба білуге қалыптастыра отырып, сөздік корын байыту.
Баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға дайындығы
Мектепке дайындық топ балаларының белсенділігін заттық орта арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәнерлеп оқу практикумы тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі
Мәнерлеп сөйлеу
Грамматикалық ойларды қолдану әдіс- тәсілдері
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Пәндер