Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі



КІРІСПЕ
Жұмыстың негізгі мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
Магистерлік зерттеу жұмысында Сопы Аллаяр іліміндегі рухани танымның қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-практикалық маңызы қарастырылды. Мұсылман философиясының бай дүниетанымдық мәдениеті мен сопылық қауымдастығы дағды-дәстүрі арасындағы сабақтастық зерттеу нысанына айналды. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-дәстүріндегі адам жанының тазалығы, нәпсінің мәртебелері мен сопылықтағы мақамдардың орнын анықтау зерттеудің негізгі обьектісіне айналып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы: “Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжжаттарды басынан қарау. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты, мәдениет, дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға көңіл бөлуіміз қажет “ [1],– -деп осы бағыттағы жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталады.
Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының өркендеуінде сопылық ілімнің өзіндік орны бар. Өз кезегінде мұсылман философиясындағы тұжырымдар мен негізгі қағидалар да сопылық ілімнің өкілдері арқылы халық санасына берілді. Дәстүрлі таным мен құран заңдылықтары арасындағы сабақтастық өмір көрінісіне айналды. Бұл адамның жаратылыс табиғаты мен өмір шектілігі және тәңір болмысы мен жан, рух проблемаларының жаңаша бағалануына негіз болды.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны баяндап берді. Руханилыққа апаратын жолды адам санасынан іздеді. Оны ал-Ғазали танымындағы алла болмысын таныту жолында өзіңді-өзің таны идеясына парапар етіп қарастырды. Нәпсі адамдық парасатты азғыру мүмкіндігіне ие. Адам ақыл-ойы нәпсіге тежеу қойып, имандылық кеңістігіне орнығады және сезімдік таным руханилықты меңгеру арқылы ғана табысқа жетпек. Сопы Аллаярдың нәпсі қара жолдан тайдырып, иманды таусып, арды шашар, тура жолдан тайдырып, өмір қазан болар [2, 89 б.],– деген сөзінің мәнісі осында.
Рухани тұрғыдан ілім алу арқылы жетіліп, дағды–дәстүрді меңгеруарқылы адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен жанның бірлігі мен қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу ойшылдың шығармаларының негізгі арқауы. Сопылық ілімдегі құндылықтарды хылық танымына осылайша танытқан Сопы Аллаяр, оны ар мен иманда, тазалық пен аллаға деген сеніммен толықтырады. Демек, бұл жол адамды шариғат тыиым салған жат қылықтардан алшақ ұстайды.
1 Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2 Сопы Аллаяр. Сабатул ажизин. Казан . (Қолжазба)-214 б.
3 Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. - Алматы: Жалын, 1998. -192 с.
4 Wіllіam S. Sufіzm the Mystіkal Doctrіnes and Methods of Іslam. - London: Thorsons Publіshers Lіmіted, 1976. –91 p.
5 Margaret S. Rabі'a the mystіc. Her fellow-saіnts іn Іslam. – London: Cambrіdge Unіversіty Press, 1950. –219 p.
6 Grunebaum G.E. Classіcal Іslam. – London: // Классический ислам. Очерк истории (600-1258). Пер.с англ. И.М. Дижура. – М: Наука, 1988. –216 с.
7 Massіgnon L. Recueіl de Textes іnedіts concernant І’hіstoіre de la mystіoue en pays d`Іslam. - Parіs: Lіbraіrіe orіntalіste Payl Geuthner. 1929. –259 p.
8 Carl W. The shambhala Guіde to Sufіsm. Boston & London. // Суфизм. Пер. с англ. А. Горькавого. - М.: ФАЙР-ПРЕСС, 2002. –320 с.
9 Gundor E. Іslam tasavvufunіn meselelerі. – Іstanbul: OTUKEN, 1993. - 288 s.
10 Ebu`l – Ala Afіfі. Tasavvuf іslam`da Manevі Hayat. – Іstanbul.12 YAYІNCІLІK,1996. - 286 s.
11 Тримингэм Дж. С. Суфиские ордены в Исламе. - М: Наука, 1989. – 328 с.
12 Идрис Ш. Суфизм. - М.: Клышников Коморов и К, 1994. – 446 c.
13 Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. – М: Наука, 1965. -524 с.
14 Бартольд В.В. Сочинения.,Т. V. - М: Наука, 1968. -757 с.
15 Смирнов А. Великий шейх суфизма. -М.: Наука, 1993. –328 с.
16 Петрушевский И.П. Ислам в Иране в VІІ-Х вв. - Ленинград: Изд-во Ленингадского университета, 1966. – 400 с.
17 Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. -М: Наука,1987. -190с.
18 Демидов С.М. Суфизм в Туркмении. –Ашхабат: Ылым, -176 с.
19 Боровков А.К., Рыбаков Р.Б. История востока. Т. 2. - М: Наука, 1968. - 757с.
20 Durker F. Turk duniasi ve Tasavvuf tarіhі. - Ankara: Dіyanіet іslerі Baskanlіgі, 2005. - 527 s.
21 Қасымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. –301 с.
22 Нысанбаев Ә.Н. Дін және адам // Философскии – Алматы: Абай университеті, 2012. –208б.
23 Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра, 1994. –198 б.
24 Сегізбаев О.А. История казахской философии: От первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ столетия. – Алматы: Ғылым, 2001. –456 с.
25 Орынбеков М.С. Предфилософия прото казахов. – Алматы: Өлке, 1994. -168 б.
26 Нұрмұратов С. Сопы Аллаяр іліміндегі рухани құндылықтар туралы, немесе сопылық дүниетанымның рухани даму бағдарлары // Культурные контексты Казахстана: История и современность. – Алматы: Ниса, 2011. –280 б.
27 Кенжетаев Д.Т. Сопылық ілім қазақ қоғамына жат емес. Ұлттық таным және қоғам дамуына ісер еткен тарихи мұралар. Әл-Фараби атынбағы ҚҰУ - Алматы: 2012. 184 б.
28 Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы: Институт философии МН-АН РК. 1997. –196 с.
29 Елшібеков П.Е. Учение Суфии . – Алматы: Өлке, 2011. -87 б.
30 Темирбеков М. Қазақ халқының дағды дәстүріндегі сопылық ілім. Егемен Қазақстан 2011 N2 наурыз.
31 Алдабергенов С. Қоғам, дін және мәдениет Қазақ әдебиеті. 2008. N7. 28 тамыз.
32 Демидов А Суфизм и жизн суфи. –М: 2008. -142 б.
33 Mustafa K. Tasavvuf ve tarіkatlar tarіhі. – Іstanbul. 1240. –226 s.
34 Belkіz T. Tasavvuf dusіncesіn de demeknasі. – Ankara: T.C. Kultur Bakanlіgі, 1995. –149 s.
35 Suleyman U. Tasavvuf mahіetі.; Mustafa І., Cemal K.. –Ankara. Ahmet Yesevі Vakfі Yayіnlarі, 1998. – 508 s.
36 Қаратышқанова Қ. Дәстүрлі қазақ танымындағы сопылық терминдер. - Түркістан: 2006. –152 б.
37 Малдыбеков Ө. Қ.А.Ясауи іліміндегі сопылық сарындар. – Түркістан: 2007, -158 б.
38 Сарыбасова М. Қазақ философиясы және сопылық таным // „Түркі әлемі және мәдени қркендеу жүйесі“ атты ғылыми теориялық конференция жинағы – Алматы: 2007, -146б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 297.1 (576) (091) Қолжазба
құқығында

ДОСАЛИЕВ ТИМУР ҚҰРМЕТҰЛЫ

Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі

6М020100 – ФИЛОСОФИЯ мамандығы бойынша

Философия мамандығы бойынша философия ғылымдарының магистрі академиялық
дәреже алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркiстан, 2013
Диссертациялық жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк
университетiнде орындалды

Ғылыми жетекші: философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Ө.А.Малдыбеков

Ресми оппоненті: философия ғылымдарының докторы,

профессор Молдабеков
Ж.

Автореферат 2013 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң
Ғалым хатшысы

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистерлік зерттеу жұмысында Сопы Аллаяр
іліміндегі рухани танымның қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-
практикалық маңызы қарастырылды. Мұсылман философиясының бай дүниетанымдық
мәдениеті мен сопылық қауымдастығы дағды-дәстүрі арасындағы сабақтастық
зерттеу нысанына айналды. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-
дәстүріндегі адам жанының тазалығы, нәпсінің мәртебелері мен сопылықтағы
мақамдардың орнын анықтау зерттеудің негізгі обьектісіне айналып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы: “Менің пайымдауымдағы
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста
және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжжаттарды басынан
қарау. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты, мәдениет,
дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға көңіл бөлуіміз қажет “ [1],–
-деп осы бағыттағы жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталады.
Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының
өркендеуінде сопылық ілімнің өзіндік орны бар. Өз кезегінде мұсылман
философиясындағы тұжырымдар мен негізгі қағидалар да сопылық ілімнің
өкілдері арқылы халық санасына берілді. Дәстүрлі таным мен құран
заңдылықтары арасындағы сабақтастық өмір көрінісіне айналды. Бұл адамның
жаратылыс табиғаты мен өмір шектілігі және тәңір болмысы мен жан, рух
проблемаларының жаңаша бағалануына негіз болды.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны баяндап берді.
Руханилыққа апаратын жолды адам санасынан іздеді. Оны ал-Ғазали танымындағы
алла болмысын таныту жолында өзіңді-өзің таны идеясына парапар етіп
қарастырды. Нәпсі адамдық парасатты азғыру мүмкіндігіне ие. Адам ақыл-ойы
нәпсіге тежеу қойып, имандылық кеңістігіне орнығады және сезімдік таным
руханилықты меңгеру арқылы ғана табысқа жетпек. Сопы Аллаярдың нәпсі қара
жолдан тайдырып, иманды таусып, арды шашар, тура жолдан тайдырып, өмір
қазан болар [2, 89 б.],– деген сөзінің мәнісі осында.
Рухани тұрғыдан ілім алу арқылы жетіліп, дағды–дәстүрді меңгеруарқылы
адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен жанның бірлігі мен
қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу ойшылдың шығармаларының
негізгі арқауы. Сопылық ілімдегі құндылықтарды хылық танымына осылайша
танытқан Сопы Аллаяр, оны ар мен иманда, тазалық пен аллаға деген сеніммен
толықтырады. Демек, бұл жол адамды шариғат тыиым салған жат қылықтардан
алшақ ұстайды.
Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады. Ал,
адамзат санасын дендеп келе жатқан рухани бостық жалған дүние
кеңістігіндегі зұлымдық, менмендік әрекетінен туындайды. Сондықтан,
демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-
философиялық тұрғыдан зерттелуін қажет етеді.
Әлемдік мәдениеттің қайнар көзіне айналған рухани құндылықтар адамзат
танымын жетілдіретін, ұлтты өркениетке бастайтын жол ислам философиясы
екенін таныту қажеттігі орын алды. Міне, халықты имандылық пен рақымдылыққа
және азаттық пен әділдікке бағыттаған сопылық ілімдегі терең философиялық
ойлар адамды хақиқатты тануға шақырды. Сопы Аллаяр "алланың ғажап мақамы
көңілге құдіреттің нұрын түсірер" [2, 102 б.] – деп хақиқат жолындағы
руханият пен аллаға деген махаббат идеясын, одан әрі нақтылай түседі. Адам
танымының басты мақсаты – махаббатпен жасалынған ғибадат арқылы өз сенімін
арттыру.
Орта Азия халықтарының дүниетанымы мен тыныс тіршілігін зерттеген В.В.
Бартольд: “Халықтың діни сенімін танып білу, оның рухани күйін түсінудегі
негізгі мәселе” [3, 10 б.], -деген. Демек, тамыры тереңге кеткен рухани
дәстүрлерді қамтыған дүниетанымымызды қайта қарап, ғылыми тұрғыдан зерделеу
адамды кемелдендіруге негізделген құндылықтар ретінде халқымыздың беделін
арттыра түседі. Өткен ғұмыр мен уақыттың маңызы философиялық ақыл-ойдың
жемісіне айналған рухани құндылықтар мен дәстүрлерді ұмыттырмай, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруда. Сондықтан, адам рухын асқақтатқан Сопы Аллаяр
ілімін зерттеп, өз ата-жұртымыздың рухани құндылықтар әлеміндегі негізгі
принципін келешек ұрпаққа танытудың маңызы зор.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Мұсылман философиясы мен мәдениетін тануда
мейлінше мол тәжірибе – тағлымы бар сопылық ілімді зерттеу қызу
философиялық пікір таластың негізінде қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Қоғамда саяси белсенділігін арттырып, халық сенімінде теріс пікір
қалыптастыруды көздеген бағыттар мен сопылық ілімнің тұтас екенін
дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да бар. Сопылық ілім дүниедегі іс-әрекетке
араласпау негізінде түзілуінің өзі, сопылық бағытының саясаттан, қоғамның
күнделікті тіршілігінен алыс тұрған басқа дүниетаным екенін көрсетеді. Оның
үстіне сопылық жолға рухани рухани жетілу мен өмірін ғибадатқа арнағандар
ғана түсті. Сондықтан, қарама-қайшы екі нәрсенің арасынан тұтастықты
іздеудің өзі қате. Міне, осындай ой-тұжырымдар Сопы Аллаяр іліміне де
қатысты. Рухани құндылықтардың дер кезінде уақытқа сай зерттелмеуі, оның
халық танымынан жасырын қалуына алып келді. Бұл түрлі теріс көзқарастар мен
пікірлердің туындауының себебіне айналды.
Өз кезегінде сопылық ілімді зерттеген В. Стоддарт, [4] М. Смит, [5]
Г.Э. фон Грюнебаум [6] және Л. Массиниен [7] тәрізді шетел ғалымдары
тақуалардың рухани ізденістеріне ерекше тоқталған. Ал, сопылық танымдық
дәстүрлері Эрнст Карл, [8] Ерол Гүндар, [9] Ебул-ала Афифи, [10] Дж.С.
Трименгэм, [11] Идрис Шах [12] еңбектеріне арқау болған.
Әл-Ғазали, ибн Араби, Наджмуддин Кубра, Ала ад-Даула Симнани, Баха ад-
Дин Нақшбанди мен Сопы Аллаярдың адам болмысын өзгертуге бейім сопылық
идеялары, бұл ілімді қуатты етумен қатар сопылық тариқаттарды бір-бірінен
ерекше етіп тұратын дәстүрлерді қалыптастырды. Демек, мақсаты мен бағыты
бір сопылық тариқаттың дәстүрлері жергілікті халық танымына сәйкес
өзгертілді.
Араб мәдениеті мен философиясының күрделене түсуінде сопылық ілімнің
орнына назар аударған Э.А. Бертельс, [13] В.В. Бартольд, [14] А.Е. Смирнов,
[15] И.Н. Петрушевский, [16] М.Т. Степанянц, [17] С.М. Демидов және Р.Б.
Рыбаков, [18] А.К. Боровков [19] тарихи оқиғалар мен жалпы дүниетанымдық
мәселелерді қарастырады.
Демек, күні бүгінге дейін сопылық ілімді зерттеу жұмыстарының өте
көлемді жүргізілуіне қарамастан, оның көптеген қырлары әлде де нақты
зерттеуді талап етеді. Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен дәстүрлеріндегі рухани
құндылықтар әлемі осы мәселеге қарайлас құбылыс. Ойшылдың шығармаларын,
әсіресе бұрыннан қалыптасқан рухани құндылықтар жүйесін қайта қарау заман
талабына айналды.
Сопылық танымды зерттеген және сопылық ілімді танытқан ойшылдар
шығармашылығына қатысты деректерді алғаш жинақтаған түрік ғалымдары:
“Халық танымы сақтаған сопылық ілім идеялары әлі күнге дейін атадан балаға
мұра болып қалған. Оны ешкім де жоққа шығара да алмайды, Дегенмен көптеген
мәселелерде ол нәрсенің тікелей сопылыққа қатысы бар екенін аңғара да
бермейді ” [20, 165 б.]. Жас баладан қартқа дейін жеті атаны білу мен иман
уағызы шариғатты танып, киелі тұлғалардың адамгершілікке бағытталған
әрекеттерін насихат ететін аңыздарды меңгеру дүниетанмға сіңгеніне уақыт
куә.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты, рухани дүниемізді жаңғыртып, ұлттық
мұрамыздың қайта түлеуін көздеген А.Х. Қасымжанов, [21] Ә.Н. Нысанбаев,
[22] Ғ.Е. Есімов, [23] О.А. Сегізбаев, [24] М.Е. Орынбеков, [25] С.
Нұрмұратов, [26] Д.Т. Кенжетаев [27] және т.б. ғалымдарымыз дінге
немқұрайлықпен қараудан арылуға шақырады. Сондай-ақ, діни мұраларымызды
философиялық тұрғыдан талдауға мән беріп, оны дамытуға және сол арқылы
әлемдік мәдениеттермен бір ырғақта болуға үндейді.
“Мәдениеттің, ғылым мен білімнің ошағы болып саналған араб халифатынан
шеткері орналасқанына қарамастан біз туып, өскен аймақ түркі мәдениетінің,
кейінірек мұсылман мәдениетінің ошағына айналып үлгерді” [28, 19 б.] – деп,
қорытынды жасаған А. Абуов ойшыл дүниетанымының қазақ философиясындағы
орнына назар аударған.
Сопылықты қараған П.Е. Елшібеков, [29] М. Темирбеков [30] және С.
Алдабергенов [31] өз зерттеулерінде: Сопылық ілімнің түркілер мекендеген
аймақта дербес әрі ықпалды күш болғанына ерекше тоқталады.
Ақыл-ой еркіндігі түркілер танымында жоғары бағаланды. Рухани дүниені
таңдауды мұсылман философиясы әр-бір жеке тұлғаның еркіне берді.
Философиялық талдау адам үшін құндылық нормаларының түрліше екенін анықтап
берген. Сопылық ілімде адам баласының жүрек тазалығы мен ой, сезім және ар,
ұждан бостандығына ерекші мән берілді. Сопы Аллаяр ілім алуда адам рухани
азғындаудан алшақ тұратынын тілге тиек етті.
Демидов А. “Тақуалық жасау адам баласы үшін өрескел, қиын тіршілік
иесіне айналу ретінде қаралғанымен, тақуаның бойынан ешқандай қиындық ізі
байқалмайд, ол оның қмір сүру талабы сиақты“- деген. осы принциптерді
негізге ала отырып, өмір хақиқатын танытуды көздеді [32, 18 б.].
Сопылық ілімге талдау жасаған К. Мұстафа, [33] Т. Белкез, [34] И.
Мұстафа және К. Кемал [35] т.б. түрік ғалымдарының қосқан үлесі
айтарлықтай.
Сопылық ілімнің халық танымына рухани жандандырушы әрі терең мәнді
философиялық құндылықтар ретінде танылғанына баға берген ғалымдар
Қ.Қаратышқанова, [36] Ө.Малдыбеков [37] пен М. Сарыбасова [38].
Міне, осы зерттеу рухани құндылықтарды қалыптастыруда ата жұртымыздың
мәдениетінің өркендеуіне септігін тигізген Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен
дәстүрлерін қайта ашады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен негізгі міндеттері:
Мұсылман халықтарының діни-философиялық көзқарасына ықпал еткен Сопы
Аллаярдың діни философиялық еңбектерін зерттеп, бүгінгі ғылыми талапқа сай
тұжырымдар жасау және сопылық ілімнің таралуына негіз болған ойшылдың діни
дәстүрлері мен өмір тәжірибесінен орын алған рухани құндылықтар мәселесін
қарастыру жұмыстың негізгі мақсаты.
Осы мақсатты іске асыру үшін мына міндеттерді белгілейміз:
- Сопы Аллаяр дүниетанымы, оның философиялық ілімінің негізгі
тұжырымдарын халық танымы мен дәстүрлерінің діни философиялық
аспектілерінің негізінен ашу.
- Сопылық дәстүрлеріндегі “кашф” , “илхомға” бағытталған әдіс-
тәсілдері арқылы ақыл ойдың философиялық шеңберін кеңейту және тақуалық
жолды таңдаңан дәруіштер тыныс тіршілігіне талдау жасау.
- Адам болмысы алладан, екеуінің арасындағы рухани қарым қатынас
қайшылықтарға толы. Сопы Аллаяр дүниетанымының рухани қайнарларын зерттеп,
оның теориялық ілімінің тәжірибеге ұласуы мен философиялық қырларына назар
аудару.
- Сопы Аллаяр ілімінің маңызды рухани философиялық бағыт ретінде
қалыптасуы, сопылық ілімінің тәжірибелік көрінісі және оның дәстүрлер
арқылы халық санасына ұласуыуындағы сопылықтың үлесін анықтау.
Зерттеу жұмысының деректік негіздеріне ғылыми айналымға осы зерттеу
арқылы қосылған араб, парсы тіліндегі деректер мен соңғы кезеңдерде
аударылған зерттеулер мен жазылған еңбектер алынды.
Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен діни-философиялық дәстүрлерін, рухани
құндылықтар жүйесінің табиғатын ашуға мүмкіндік беретін қолжазбалар
зерттеудің өзегін құрады.
Сопылық дүниетаным мен дәстүрлердің ерекшелігін танытқан шетел
тіліндегі ғылыми зерттеулердегі философиялық ойлар сарапқа салынды. Соның
ішінде, түрік зерттеушілері мен ағылшын ғалымдарының тұжырымдарына
салыстырмалы түрде талқылау жасалынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Халық танымына сопылық ілімдегі ұғымдарды ендіру ерекшелігі
қарастырылды. Халықтың ой-кеңістігіндегі сопылық шаралар және мұның іс-
жүзіне асырудағы сопылық рөлі зерттеу нысанына айналды. Сондай-ақ, қазақ
философиясындағы танымдықтың негізгі ерекшеліктері мен дүниетанымдағы
сабақтастық анықталды.
- Қолжазбалар мен деректерді философиялық талдауда ойшылдың ілімі мен
ғылыми айналымға енбеген соны еңбектердегі мәліметтер қарастырылды.
- Сопылық ілімдегі абсолютті ақиқат түсінігі, нәпсінің мәртебелері,
оған жасалған философиялық анализ, аллаға деген махаббат түсінігі Сопы
Аллаяр дүниетанымы арқылы анықталды.
- Сопылық ұғымдар қазақ ұлтына оның көркем туындылары мен дәстрлі
көзқарасына өзіндік әсері анықталды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып пен
қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық байланысымен сипатталады.
Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен құралды.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Бірінші “Сопы Аллаяр дүниетанымының рухани құндылықтар жүйесі”
тарауында Сопы Аллаярдың сопылық танымы мен түркі тілдес халықтарында діни
көзқарастардың түрлілігі, қазақ халқы дүниетанымындығы сопылықтың орын алуы
және оның мемлекет пен қоғам ішіндегі идеологиялық маңыздылығы жан жақты
зерттелді.
Дүниетанымда ежелден қазіргі таңға дейін сақталған философиялық
мәселелерді зерттеу сопылық ілімнің тереңнен орын алғанын танытады.
Философиялық ақыл-ойды билеген сопылық ұғымдардың халық санасына берілу
жолы өздігінше күрделі. Сопы Аллаяр мұсылман философиясының адамгершілікті
насихаттаған қағидаларын танытты.
Халық танымына енген мұсылман философиясы олардың мәдени және рухани
өміріне ерекше құндылықтар алып келді. Жан тек қана өлім арқылы емес, одан
алдын бөлініп, қайта тіршілік етуге бейім. Жан мен тән ішкі сезімдердің
түрлілігіне байланысты бөлінеді. Жүйелі мақамдар жанға құдай тәрізді сипат
берді. Ғасырлар бойына қалыптасқан түркілер ой кеңістігіндегі танымдық
тәжірибеден сопылық ұғымдардың көрініс алуының негізі де осыдан туындады.
Өз зерттеулерінде мұсылман мәдениетіндегі сопылық ілімнің орнына мән
берген Демидов А: “ Сопылық таным халыққа жат емес ол оның күнделікті
танымынан кездеседі, бірақ, тақуалық дәстүрлер арнай ритуалдарды талап
ететінін де естен шығармайық ” [32, 42б.], -деген.
Қазақ халқының мәдениеті сопылық ілімдегі құндылықтар мен жаңа ілім
жүйесін алып келуімен көрінді. Бұл сенім жүйесінің тереңдеуіне жағдай
жасады. Бірақ, кеңес өкіметі тұсында бұл тақырып жабық күйінде қалды.
Өйткені, дін философиясының өркендеуі мен зерттелуіне тежеу болған атейстік
көзқарас рухани құндылықтарды танып білуге тыиым салды. Қазіргі таңда
мемлекет тізгінін өз қолына алған түркі халықтары рухани құндылықтарын тек
ғылыми тұрғыда емес, дүниетанымдық көзқарастарының бөлінбес бір бөлшегі
ретінде қалыптастыруға үлкен мән беріп отыр.
Түркілер парсы, қытай және орыс халықтары мәдениетімен ежелден таныс.
Олар бір-бірінен өзгеше мәдени ошақтарды ішінара байланыстырумен қатар,
дүниетанымдық көзқарастары мен дәстүрлеріне көп мән берген. Сондықтан,
түркілер көзқарасында буддизм, зороастризм және христиан сеніміндегі
философиялық ұғымдардың болуы кездейсоқ нәрсе емес, белгілі бір рухани
танымдық әсердің негізінде туындаған процесс.
Мұсылман философиясы дәстүрлері түркілер сенімінде сопылық ілімі
негізінде таралды. “Сабатул ажизин” еңбегіндегі философиялық, логикалық
түсініктер халық санасына арналған. Халық танымын жақын, өмір талабына
айналған дәстүрлер сопылық ілімімен сабақтастықта дамыды. Тәңірге деген
философиялық көзқарас өз деңгейінде алламен теңестіріліп, рухани
мәртебесін арттырды. Сопы Аллаяр сопылық ілімдегі рухани рухани жетілу
жолындағы “қалб” мәселесін барынша ашық қойды. Сондықтан, аллаға сенім адам
жүрегіне жазылған ұстаным ретінде қабылданды. Түркілердің алғашқы рухани
әдет-ғұрыптары да бұрынғы қалпын сақтап қалды.
Сопы Аллаяр көзқарасында адам қоғамға бағынышты. Қоғам рухани
тіршілігіндегі кез-келген рухани өзгеріс адам бойынан көрінеді. Бұл оның
ақыл ойының сол бағытта жетілуіне негіз болады. Ақыл-ойдағы озбырлық рухани
азғындауда. Сопылық философиясын танытуда жүргізілген насихат жұмыстары
сопылық дәруіштердің түпкілікті дүниетанымымен үйлесімде жүргізілгені
белгілі. Дүние жалған, материалды заттарға тәуелділік көздің құрты, оның
байлық ретінде рухани жетілуді көздеген адам үшін ешқандай қадір - қасиет
әпермейді. Сондықтан, арамнан мал жинамай, әділ болу және ар тазалығын
сақтау, адамды өз биігіне көтереді.
Ежелгі көзқарастармен Сопы Аллаяр сопылық ілімінің арасындағы
сабақтастық, сопылық поэзияның құнды мұраларының бірі ”Сабатул ажизинді”
түзді. Рухани тіршілік талабына сәйкес келген еңбектер нәпсінің қалауына
қайшы келіп, әрбір адам жүрегіндегі иманның өміршеңдігін танытты. Сенімнің
түрлі формасы бар. Сопылық сенім – мүлтіксіз жүрек тазалығын қажет етті.
Ал, қарапайым адам үшін алған рухани дүние идеалистік көзқарасты күшейте
алды.
Өмір сүрудің шарттары мен адамгершілік мұратын, ізгілік пен зұлымдықтың
айырмасын ұдайы ескеруеңбекте иманға негізделеді. Иман басшылыққа алған
қасиеттерді анықтау адамның өзін-өзі танып білумен тең. Ал, адам тіршілік
иесі ғана емес, сонымен қатар жан мен рухтың иесі, сондықтан мәңгілік құпия
дүние болып қала бермек. Өмір құпиясын, сырын ашуға тек жүрек арқылы тырысу
керек, ал поэзия тілі сол жүректі өрнектейтін ғажайып. Сондықтан, болар
сопылық ілім негізінен өлең түрінде анықталған [26, 169 б.].
Сопы Аллаярдың “Сабатул ажизинінде” айтылған өлең жолдары терең
философиялық мазмұнға ие. Міне, рухани мұраларды, оның ішінде халық
танымына қажетті деген философиялық идеяларды тарату үлкен жетістік. Халық
даналық санаған туындылар адам рухын асқақтататын проблемаларды қозғаумен
қатар оның шешілу жолын да нұсқаған. Мұны танып, көпшілікке ұсыну
ұстаздықпен тең деген екен баяғы ойшылдар.
Еркін сұхбаттасу дәстүрінің сопылық сипатта дамуына жол ашқан Сопы
Аллаяр өткеннің тәжірибесін сабақ ретінде таныту, қоғамға өмір хақиқатын
ұғындырумен тең келетінін айқын түсінді.
Түркі сопылық ілімінің негізгі қағидаларын бойына алған Сопы Аллаяр
туындысы бөлшектеуге келмейді. Өйткені, ойшылдың діни философиялық
көзқарастары негізінде туындағанеңбектер түркі дүниетанымында адам рухын
арттыруға арналады. Түркілердің танымдық көзқарасы мен сопылық ілімінің
арасындағы байланыс “Сабатул ажизинтің” халық арасында ғасырлар бойына
сақталуына негіз болды. Сондықтан,еңбектегі көзқарастарды зерттегенде осы
мәселеге көңіл бөлген жөн.
Қазақ халқы қашанда өзінің рухани дүниесін иман -сенімін малынан да,
жанынан да артык койды, "Өлімнен ұят күшті"- деп ар- ұятын өмірінен де
артық санады. Бұл қазақ халқы үшін материалдық дүние емес, рухани дүниенің
қымбат екендігін, қазақ қоғамы үшін рухани құндылықтар шешуші мәнге ие
екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, қазақ халқы басынан кешкен сан қилы
оқиғалардың басты қозғаушы күші рухани процестер болды. Сопылық ағым
ұғындыруынша, қиял тылсым жолымен ақиқатты тану, ол үшін әрбір сопы өзін-
өзі діни рухани жағынан жетілдіру керек деген, Алланы осылай танып, осы
жолмен оған жақындау және іштей бірігу. Бұл жол кез келген адам үшін
міндетті емес. Бірақ тариқат жолына түспей, яғни ақиқатқа жету мақсатымен
азап шекпей, мехнат тартпай, өмір қызығынан бас тартпай кемелдік дәрежеге
жету мүмкін емес.
Сопылық тариқатының идеяларын қабылдауда шайх түркілерге еш талап
қойған жоқ. Қайта тариқатта сопылық тәлім-тәрбие алған муридтер түркілер
мекендеген ортаға сай діни-насихат жүргізген. Кез-келген қоғамның
түзілуінде діни-нанымның болғаны хақиқат. Демек дінді әлемдік алғашқы
құрылым ретінде қарауға негіз бар.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны бойына сіңіре отырып,
рухани азық алуға апаратын жол салды. Дін ілімін меңгеруді қалағандар үшін
жазған еңбегін алға тартып, насихат алушыларға жөн сілтеді.
Сопылық табиғи дүниетанымға адамның рухани жетілуін енгізіп,
дағды–дәстүрге айналдыруда адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен
жанның бірлігі мен қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу көзделді.
Иман төңрегінде осылайша қалам тартқан Сопы Аллаяр ар, тазалық пен аллаға
деген махаббат сеніміндегі пәктік болғанда барлық есіктер ашылатынын
айтады.
Қоғам өміріне бойлай енген Сопы Аллаяр ойлары, оның әлеуметтік
қайшылықтары мен рухани мұқтаждарын, адам мен алла арасындағы рухани
байланыстарды ашып беретін философиялық құбылысқа айналды. Осылайша халық
сеніміне орныққан адамгершілік принциптер тіршілік болмысын танытатын
ілімге айналды.
Араб мәдениетін түркі танымына етене жақын еткен тұлғаның көздеген
басты мақсаты тариқатта білікті муридтер даярлау арқылы, бүкіл көшпенділер
қауымына тақуалыққа негізделген сопылық ілімнің ұғымдарын даналық сөздер
арқылы таныту. Айтылған игі істердің жүйелі түрде орнын тауып, орындалуына
көп кедергі келтірген дүрбелең соғыстар мен аламан-тасыр оқиғалар Сопы
Аллаярді шындығында қатты ойландырды. Оны мазалаған қарақан басының қамы
емес, тұтастай елдің амандығы еді. Тақуалыққа негізделген философиядан
алшақ кетпеген Сопы Аллаяр өз ойларын ел тілегі мен қайғы-қасіретіне
бағыттаған түрде құрайды.
Екінші “Сопы Аллаяр іліміндегі жан тазалығы мен ақыл ойдың бірлігі”
тарауында Сопы Аллаяр іліміндегі сопылық жолына тускен муридтердің рухани-
танымдық жетілу жолы туралы, Сопы Аллаяр ілімінің қазақ философиясында
алатын орны жайлы зерттелді.
Сопы Аллаяр жөнінде көлемді мағлұмат беретін шығарманы оқыған сопылық
талдаулардан тыс жатқан, ойшылдың үнемі нысана етіп алып, әрбір жасаған
адымын соған бағыттайтын бір сырдың, яғни, бір жетілу тәжірибесінің бар
екендігін сезеді. Ал, таным-түсінігін ынтасына бағындырып, оқуға бет алған
мурид үшін, бұл жазбалар қағаз бетінде таңба болудан қалып, буырқанған
халдер жиынтығына айналады. Сол халдердің астарында хақиқаттан өзге
нәрсенің болуы мүмкін де емес. Мұндай халді кешумен, тәжірибелік жүйеге
айналдырып, кітап бетіне түсіру мүлде бөлек нәрсе. Бұл кез-келген
мутасаууфтың (сопы, тақуа) қолынан келе бермейтін іс.
Сопы Аллаяр иығынан “хирка” жамылмаса да, оның философиялық
көзқарастарынан хабардар болған, Сопы Аллаяр “Сабат ал-ажизин” шығармасының
“Саликтың қазынаға кенелуі” бөлімінде: “хақиқатты іздеушінің әрбір қадамы
ажаб жолдүр, мехнат уа реніш уа лейкин хәр қарште (адымда) пір жасырған
қазына, пақырлық қазынасы жатыр. Егер бұл жолда бастаушы пірің йа иман
болмаса, бойыңа шайтан алдау тұзағын түзер” [2, 61 б.] - деп, жетілу
жолындағы адамның ішкі жан дүниесінің сәулелену мезеттерін қазынаға теңеп,
тылсымдық сырды тануда, хәлдің орны ерекше екендігін аңғартады. Осы
іспеттес, саликтың жүрегінде туындаған түрлі құбылыстарды хәлдің жиынтығы
ретінде бірнеше мақамдарға бөліп қарастырған сопылар, хәлдерді белгілейтін
белгілі бір санның жоқтығын және мың хәл бір мақамды түзуі мүмкіндігін
айтқан.
Мақамадардың бір-біріне сәйкес түспегендігін аңғара отырып, шатасқан
тұстарын көшірмешінің қателігі ретінде қабылдауымыз қажет. Өйткені, бұл
мақамдардың мәнін ашып, маңызына тереңірек үңілер болсақ, барлығы бізге
қолмен қойғандай түсінікті болар еді. Насут - материалды адамзат әлемі. Ал,
енді осы материалды адамзат әлеміне сәйкес етіп, тек шариғат мақамы қойылуы
тиіс. Малакут - көрінбейтін ішкі сезіммен сезілетін рухани періштелер
әлемі. Бұл шариғат өткелдерінен өтіп, өз өмірін тариқат жолына арнаған
саликке тән мақам. Ішкі жан дүниесін тариқат өткелдерінде шыңдаған салик
қана рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында
Яссауидiң сопылық танымы
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Сопы Аллаяр дүниетанымы және оның шығармашылығының қоғамдағы маңызы
Сопы Аллаяр шығармасындағы философиялық ой-толғамдар желісі
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Пәндер