Тәрбие мақсаты оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тәрбие мақсаты оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.

1. Тәрбие мақсатының әлеуметтік үйлесімі.

2. Дүниетанымның мәні мен негізгі компоненттері.

3. Оқушылардығы дүниетанымды қалыптастыру жолдары мен құралдары.

Дүниетанымның қалыптасуы - күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейтесті мәселеге айналуда.

Жаңа заманның нарық қтынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдақ құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруд. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардыңөздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарынаң жаңа жұйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттар, таным мен қызмет принциптрі, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға дүниетанымның субъектісі болып есептелінеді. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным дегеніміз - дүниеге деген нақты бір маңызы бар көзқарастың табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, змірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады. .

Ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білімжәне жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижсінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді. Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның «мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім - көзқарастартардың сапа жғынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергеннің нәтижесі.

Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. әлеуметтік орта - адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация- әлеуметтік орта - өмір салты - жеке тұлға - дүниетаным ұйытқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы.

Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.

Мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны.

1. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұны арасындағы диалектикалық байланыс.

2. Тәрбие түрлері және оларға сипаттама.

Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал «рақым» туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік, жіне сезімді тәрбиеге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар- философтар мен жауынгерлердің талап тілегіне сай жұмыс істеу дер түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.

Я. А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, онын ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану және құдайға сыйыну. Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру.

Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күшідамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция - тәрбиенің негізгі мақсаты. Бірақ тәрбиенің мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.

Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсенді іс-әрекеті мен оларға тәрбие субъектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесі тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде қарастырылады(К. Д. Хмель) .

Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені игеруі саналы ұтымды іс-әрекетіне, онда шешуші рөл білім жұйесі мен эмперикалық дәстүрлі қалыптағы қоғамдық психологияға байланысты. Бұл жерде көзқарастар мен позицияларға, құнды бағыттарға, дүниетанымға қоғамдық психология басым ықпал етеді. Тәрбие мақсатының негізгі бөліктерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив- қажеттілік -қызығушылық -мақсат.

Мектеп директорының оқу тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:

-мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;

-оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;

-әр түрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру;

- оқушылардың оқу көлемін реттеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымын музыка арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz