Жоғары оқу орынындағы студенттердің педагогикалық практикасы



Кіріспе
Негізгі бөлім
Жоғары мектептегі студенттердің педагогикалық практикасы
1. Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері
2 Педагогикалық практиканың мазмұны
3 Педагогикалық практика жайлы мəліметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектептегі оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын – мұғалім. Мұғалім – мектептегі басты тұлға.
Мұғалімнің алдында тұрған үлкен мақсат – келешекке, қоғамға, ғылым
негіздерін жақсы білетін саналы, жан-жақты дамыған, тəрбиелі адам қалыптастыру. Мұғалім өз іс-əрекетін, мінез-құлқын, тəрбиенің барлық ұстанымдарына бағындырып, өзіне тапсырылған жұмысты абыройлы да, нəтижелі етіп орындауға міндетті. Бұл ұстаздың өз шəкіртіне деген сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады. Шəкіртке ұстаздық қызмет ету, оларды сөз жүзінде емес, іс-əрекетінен тану, олардың қабілетін дұрыс бағалау, оқушыларға жоғары талап қоя білу мен құрмет көрсету, адамгершілік қасиеттерін таба білу, оның болашақ бейнесін күні бұрын анықтай білу, оқушылардың белсенділігін үнемі тудырып отыру – тек мұғалімдік мамандыққа тəн аса қажетті қасиет болып табылады. Мұғалім мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында студенттерді мектепке педагогикалық практикаға апару, мұғалімдік мамандықтың өзіне тəн қыр-сырын танып білуге, үйренуге жетелейді. Болашақ мұғалім – студент, ол педагогикалық практика кезінде мектептің типі, бүкіл оқу жылындағы оқу жұмысының құрылымы, яғни, мектептің оқу бағдарламасы, күнтізбелік жəне тоқсандық (1-4), айлық (тəрбиелік сағаттар), апталық, атап айтқанда, жеке сабақ жоспары, оқытудың формаларын, сабақ жəне сабақтан тыс жұмыстардың ретін, сабақ кестесін, үйірме жəне оқушылардың демалыс мерзімінің графигін, мектептегі оқу-тəрбие жұмысының ұйымдастырылу тəртібін игереді.
1. Ильина Т. Педагогика. – М, 1984.
2. Мұқанов М.М. Жас жəне педагогикалық психология. – А, 1982. – 247 б.
3. Əбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы, 2004. – 437.
4. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру.
Алматы, 1999.
5. Сабақ беру тиімділігін арттыру. /Құрастырған Сманов Б. А., 1989.
6. Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Нұржанова Ж.А., 1991.
7. Ілиясова А. Сынып жетекшісінің жүргізетін тəрбие жұмысының жүйесі.А.,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жоғары мектептегі студенттердің педагогикалық практикасы
1. Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері
2 Педагогикалық практиканың мазмұны
3 Педагогикалық практика жайлы мəліметтер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мектептегі оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын –
мұғалім. Мұғалім – мектептегі басты тұлға.
Мұғалімнің алдында тұрған үлкен мақсат – келешекке, қоғамға, ғылым
негіздерін жақсы білетін саналы, жан-жақты дамыған, тəрбиелі адам
қалыптастыру. Мұғалім өз іс-əрекетін, мінез-құлқын, тəрбиенің барлық
ұстанымдарына бағындырып, өзіне тапсырылған жұмысты абыройлы да, нəтижелі
етіп орындауға міндетті. Бұл ұстаздың өз шəкіртіне деген сүйіспеншілігінің
көрінісі болып табылады. Шəкіртке ұстаздық қызмет ету, оларды сөз жүзінде
емес, іс-əрекетінен тану, олардың қабілетін дұрыс бағалау, оқушыларға
жоғары талап қоя білу мен құрмет көрсету, адамгершілік қасиеттерін таба
білу, оның болашақ бейнесін күні бұрын анықтай білу, оқушылардың
белсенділігін үнемі тудырып отыру – тек мұғалімдік мамандыққа тəн аса
қажетті қасиет болып табылады. Мұғалім мамандарын даярлайтын жоғары оқу
орындарында студенттерді мектепке педагогикалық практикаға апару,
мұғалімдік мамандықтың өзіне тəн қыр-сырын танып білуге, үйренуге
жетелейді. Болашақ мұғалім – студент, ол педагогикалық практика кезінде
мектептің типі, бүкіл оқу жылындағы оқу жұмысының құрылымы, яғни, мектептің
оқу бағдарламасы, күнтізбелік жəне тоқсандық (1-4), айлық (тəрбиелік
сағаттар), апталық, атап айтқанда, жеке сабақ жоспары, оқытудың формаларын,
сабақ жəне сабақтан тыс жұмыстардың ретін, сабақ кестесін, үйірме жəне
оқушылардың демалыс мерзімінің графигін, мектептегі оқу-тəрбие жұмысының
ұйымдастырылу тəртібін игереді.
Сондай-ақ, мектепті басқару ісінің мазмұнымен жəне оны ұйымдастырудың
əдіс-тəсіл ерекшеліктерімен танысады. Студент өзі игерген оқу пəнінің
мектептегі жүргізілу мақсатын, игерген теориялық білім, біліктерін мектеп
тəжірибесінде, практикада қолдана отырып, пəнді оқытудың технологиясы мен
əдістемелік негізін үйренеді.
Сонымен бірге, болашақ ұстаздың мектеп тəжірибесінде оқу-тəрбие
жұмыстарын ұйымдастыруда, сондай-ақ, жеке пəнді оқытуға педагогикалық ықпал
жасауда оның психология ғылымынан алған теориялық білімін практикада
қолдануға мүмкіндік туады. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-
жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас
жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді
əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға
теориялық негіз болады. Педагогикалық практика кезінде сынып оқушыларын
психологиялық тұрғыдан зерттеу, болашақ мұғалімнің бала дамуын жəне оның
жеке тұлға ретінде қалыптасу барысын дұрыс жобалауға, оған психологиялық-
педагогикалық тұрғыдан дұрыс, оңды ықпал жасауға жəне олармен жұмыс
істеудің неғұрлым тиімді жолдарын табуды үйренеді.
Студент – педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны
қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс-
тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асырады.

Жоғары мектептегі студенттердің педагогикалық практикасы
1.1 Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері
Педагогикалық практиканың мақсаты
Информатика негіздері, информатиканы оқыту əдістемесі, педагогика,
психология курстарын оқу барысында студенттердің алған теориялық білімдерін
тереңдету жəне бекіту; информатика курсын оқытудың алғашқы дағдаларын
меңгеру; информатика пəні мұғалімінің жұмысымен танысу.
Педагогикалық практиканың міндеттері
Студенттердің педагогикалық практикасы мынадай негізгі міндеттерге
бағытталған:
- болашақ мұғалімнің бойында мамандыққа деген бейімділігін қалыптастыру;
- студенттің педагогика, психология жəне информатиканы оқыту əдістемесі
пəнінен алған теориялық білімдерін практикада шыңдау;
- студенттерді педагогикалық қызметке тарта отырып, мектеп оқушыларымен оқу-
тəрбие жұмысын ұйымдастыруда білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
- болашақ мамандарды өз бетінше жұмыс істеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға,
оқушылармен оқу-тəрбие жұмысын өткізуге, тəрбие мен білім берудің өзекті
мəселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету;
- болашақ мұғалімдерді қазіргі мектеп жағдайындағы озық инновациялық іс-
тəжірибелермен таныстыру, озат мұғалімдердің педагогикалық тəжірибелерін
талдап қорыту, оларды игеруге дағдыландыру, ғылыми-зерттеу жұмысына
(курстық, дипломдық жəне т.б.) байланысты материалдар жинақтау;
- студент информатика пəнінің əдістемелік негіздерін жетік біліп үйрену,
бейімделу, пəн бойынша дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдар
пайдалану;
- оқушыларды жан-жақты дамытуда олардың танымдық іс-əрекеттерін, алға
қойған мақсатқа жеткізуде дидактикалық ұстанымдарын басшылыққа ала
отырып, оқыту əдістерін дəлдікпен таңдау;
- информатика пəнінен өзі өткізген сабақтары мен басқа да студенттердің
өткізген сабақтарына ғылыми-əдістемелік тұрғыдан талдау жасай білуге
үйрену;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық педагогикалық тəжірибелерін зерттеп,
оқып үйрену;
- студенттің ғылыми-зерттеу жұмысына, сондай-ақ ғылыми-əдістемелік
конференцияларға баяндама жасауға материалдар жинау, оны ғылыми жүйеде
талдауға келтіру;
- оқушыларды жан-жақты дамыту мен олардың танымдық қызығушылығын арттыру
мақсаттарында информатика пəніне қатысты сыныпаралық олимпиада, конкурстар,
пəн кештерін ұйымдастыру;
- оқушыларды тəрбиелеуде жəне олардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда
күрделі сұрақтар жөнінде пікір алысу;
- оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін жəне оны болдырмау жолдарын
анықтау;
- оқушылардың жас жəне дербес психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін
зерттеу;
- практикант мектеп гигиенасының талаптарын орындау, оқушылардың дене
тəрбиесіне көңіл бөлу, денсаулығын жақсартуға байланысты жұмыстар жүргізу.
- оқушының қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, басшылық ету,
оқушыларды өнегелікке тəрбиелеуде аға ұрпақ өкілдерімен (халық
қаһармандары, өнер адамдары, ақын, жазушылар, спорт шеберлері жəне т.б.)
кездесулер өткізу, этикадан əңгіме, пікірталас ұйымдастыру, сынып
жиналыстарын өткізу, сынып ұжымының белсенділерімен жұмыс істеу;
- өзі өткізген жəне басқа да практикант-студенттердің өткізген ашық тəрбие
сағаттарына қатысып, оларға талдау жасау;
- сынып жетекшілігі ретінде бөлініп берілген сынып оқушыларының ата-
аналарымен жұмыс істеу, яғни, бала тəрбиесі жайында ата-аналармен жеке
əңгіме өткізу;
- сынып ұжымы оқушыларымен болашақ мамандық таңдауға байланысты жұмыс
жүргізу, оларды бағыттау, осы бағытта ата-аналарымен жұмыс істеу, оларға
ғылыми негізде жан-жақты мəлімет беру.

1.2 Педагогикалық практиканың мазмұны
Болашақ мұғалім мамандығының иесі – студент педагогикалық практика
кезінде педагогтық қызметке қажет практикалық білім, білік, іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыруға жəне дамытуға көңіл аудару керек; сынып
жетекшінің жəне жеке пəнді оқытатын мұғалімнің оқу-тəрбие (сыныпта,
сыныптан тыс) жұмысын жоспарлай білу; сынып ұжымы оқушылары мен жеке
оқушының жас жəне дербес ерекшеліктерін психологиялық-педагогикалық
тұрғыдан зерттей білу; тəрбиенің өзегі, бесігі болып табылатын халықтық
педагогиканың озық үлгілерін басшылыққа алу.
Оқу үрдісінде педагогиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, оқушы
тұлғасын жан-жақты дамытып, дүниетанымын қалыптастыру.
Оқыту оқушыларға тек ақыл-ой тəрбиесін қалыптастыруда білім беріп қана
қоймай, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректік,
есте сақтау, шығармашылық, қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға
көмектеседі.
Оқыту үрдісінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру,
олардың рухани дамуын жетілдіру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Оқытудың тəрбиелік сипатын күшейту, ең алдымен, оны өмірмен, еңбекпен
ойдағыдай байланыстыру, оқушының жүйелі түрде ой еңбегі мен мінезін
тəрбиелейді.
Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыруда, берілетін мазмұны
мен оны ұйымдастырудың əдіс-тəсілдерін жəне құралдарын (оқулық, кітаппен
жұмыс істей білу дағдыны, диафильм, компьютер, эпидоскоп жəне т.б.)
пайдалана білу шешуші рөл атқарады.
Бұл орайда практикант-студент жеке тұлға дамуының мынадай негізгі
белгілерін (дербестігін, шығармашылық іс-əрекетін, диалектикалық ойлау жəне
т.б.) байқап, оқушылармен жеке-дара жұмыстарын жүргізу қажет. Сонымен,
сайып келгенде оқытудың негізгі үш функциясын:
1) Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру);
2) Тəрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру);
3) Дамытушылық (тұлғаның таным қасиеттерін арттыру).
Педагогикалық практика кезінде студенттер өз мамандығы бойынша пəн
мұғалімі жəне бір сыныптың сынып жетекшісі міндетін басшылыққа алып жұмыс
істейді. Педагогикалық практиканың ерекшелігі жоғары оқу орнында алған
теориялық білім негіздерінің мектеп тəжірибесінде жүзеге асуы, мағынасының
тереңдеуі жəне студенттің өз бетінше жұмыс істеуінің
жоғарылауы.

1.3 Педагогикалық практика жайлы мəліметтер
1. Жоғары оқу орны студенттерінің педагогикалық практикасы оқу
үрдісінің шектеулі бөліктерінің бірі болып табылады. Ол студенттердің
белгілі бір штаттағы жұмыста немесе жалақысыз, штаттан тыс көмекші ретінде
өз бетімен жұмыс істеу тəжірибесін арттыру, сонымен қатар ғылыми
педагогикалық, зерттеу белсенділіктерін арттыруда, білім берудегі нақты
мəселелерді шешуде жəне теориялық білімді тереңдету мен бекіту мақсатында
қызмет жасайды.
Студенттердің педагогикалық практикадан өтуі жоғары оқу орнының оқу
жоспарында берілген міндетті жəне таңдау пəндерін оқығанмен тең болып
табылады.
2. Педагогикалық практикаға теориялық оқытудың барлық кредитін
жинаған жəне оқу-технологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың жаңа технологиялары
«Колледж – жоғары оқу орны» екі сатылы білім беру жүйесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңызы
Өзін - өзі тану аспектісіндегі тұлға қалыптастыру механизмі
Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Пәндер