ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ.ғ)


ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ
ТӘРБИЕ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ОЙ-ПІКІР (ҮІ-ХУІІ ғ. ғ)
1. Этногенез және қазақ халқының қалыптасуы.
2. Көне түркі жазулары.
3. Қазақ даласы ойшылдарының педагогикалық идеялары
4. Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
Соңғы кезге дейін қазақ халқының рухани мәдениетін, әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалауда біржақты баға берушілік аңғарылды. Қазақтар тек көшіп-қонып күнелткен, мүлде сауатсыз болған, жазу-сызуы болмаған, қала мәдениетінен құралақан ел ретінде қарап келдік. Тіптен үш мың жылдан астам тарихы бар халықтың және оның ата-тегін құрағаңдардың бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі жайында сөз қозғаудың өзі де бізге орынсыз болып көрінетін.
Арғы тегі біздің жыл санауымызға дейінгі сақтарға, ғұндарге ұштасатын қазақтардың мәдениеті, мыңдаған жылдар бойына жұтаң және баяу өркендеп келгені мәлім. Оған бұдан екі жарым мың жыл бұрын біздің елге саяхат жасап келген грек тарихшысы Геродоттың, Қытай, Рим саяхатшыларының, соңғы мың жылдың алды-артыңда қазақ даласын зерттеген румның (Византияның), арабтың, иранның, тағы басқалардың қалдырған жазуларына қарағанда, тағы бұрынғы сақ, массагет, ғұн, сармат аталатын көшпенділердің тұрмысынан қазақтардың тұрмыс айырмашылығы аз болғандығы мәлім.
Сонымен қатар қазақтың қөрнекті ғалымдары Әлкей Марғұланның, Мір Қадырбаевтың, Оразақ Ысмағұловтың, Кемал Ақышевтің, Карл Байпақовтың, Ауданбек Кебесовтың, сонымен қатар қазақтың өткен ғасырдың бас кезіңінегі белгілі тарихшылары Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тыпышбаевтың зерттеу еңбектеріне қарағаңда, қазақ жерін
ежелгі заманнан бері мекендей бастаған дала тайпаларының кешіректегі түркі-қыптшақ, моңгол қосындыларымен біте қайнасқан, тұп-тамыры бірегей, орта ғасырлардағы түркі-араб-парсы рухани жетістіктерімен жалғасқан өзіндік көне мәдениеті болғандыган білеміз.
XV ғасырдың аяғында, XVI ғасырдың басында өмір сүрген және дүние жүзіне әйгілі "Тарихи Рашиди" кітабінің авторы Мұхамед-Хайдар Дулати өз тұсындағы көшпеңділердің өмірін сипаттағаңда: "Біз далалық тұрғындармыз. Бізде танданарлық ерекше қымбат нерселер жоқ. Біздің бар байлығымыз -жылқы. Оның еті - азығымыз, терісі - киіміміз. Біз үшін ең татымды сусын - жылқы сүтінен жасалатын қымыз. Біздің жерімізде бау-бақша да, қысқы жылы үйлер де жоқ. Біздің керер қызығымыз мал бағу ғана", - дейді.
Қазақ халқы - арғы тегі ежедден келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жыддарды қамтиды. Оған делел -қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір салты, шаруашылығы, тербие тағылымы. Қазақ халқының тұп-теркіні, адамзат тарихындағы өз орны, туған жүртымыздың елемдік ұлы медениетке қосқан үлесі жайлы жазылған үлкенді-кішілі ғылыми туыңдылар сирек болса да жарық көріп жүр.
Қазақ тарихнама ғылымыңда "қазақ" атауының шығу тегі, оның этимологиялық мен-мағынасы туралы меселе көптен бері талқыланып, елі де өз шешімін таппай, әртүрлі пікірлер айтылып, талас пікірлер туғызып келе жатқан күрделі мәселелердің бірі. Бірақ әлі күнге дейін бұл меселе ғылымда да өз шешімін таппай отыр.
Қазақ халқының қалыптасуы және этногенезі туралы құнды деректер беретін еңбектердің қатарына Нығмет Мыңжанның "Қазақтың қысқаша тарихы" (Алматы, 1994), Себит Мұқановтың "Қазақ қауымы" (Алматы, 1995), Серғазы Қалиевтің "Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы" (Алматы, 2003), Құбығұл Жарықбаев пен Серғазы Қалиев құрастырған "Қазақтың телімдік ой-пікір анталогиясын" (I том, Алматы, 1994) жатқызуға болады. Бұл еңбектер қазақ халқының тарихына қатысты ежелгі, қазіргі жазба деретерді, шежіре-жылнамаларды, ел ауызындағы аңыз-еңгімелерді түгелге жуық қамти отырып, бұрын-соңды айтылған болжамдар мен қисынды тұжырымдардың аражігін ажыратып береді. Бұл еңбектер көне қытай, араб, парсы жұрттарының жазба деректеріне, түрік, моңғол шежіре жылнамаларына сүйене отырып, қазақ халқының сақ, үйсін, қаңлы, ғұн секілді ежелгі елдердің ұрпағы екендігіне көз жеткізеді. Сөйтіп, бұл еңбектер қазақтың арғы ата-бабасынан (біздің дәуірімізден мындаған жыл бұрын) мұралыққа қалған қасиетті қара қонысында отырған байырғы ел, марқа мөдениеті, бай тарихы бар көне халық екенін дәледдеп берген.
"Қазақ" атауының шығу тарихы туралы айтқанда, ең алдымен шет елден келген жеке саяхатшылардың ескерткіштерін, жазып қаддырған әсерлерін басшылыққа аламыз. Бұлардың көпшілігі көне замандағы Грецияның, Римнің, Қытайдың, Иранның, Византияның, арабтың және орыстың Орта және Орталық Азияға келіп кеткен саяхатшыларының көрген-білген естеліктері. Олар негізінен қазақ халқының құрамына кірген көшпелі рулардың тұрмысын сипаттайды.
Бұлар жазып қалдырған деректердің көбіне Орта және Орталық Азиядағы көшпелілерге "татар" деген ат тағылды. Арғыларын былай қойып, кеше ғана жасаған Петр Иванович Рычков та (1712-1777) қазақты татарларға қосады. Көне монголойдтар ішінде "тат", "татра", "татар" аталып жүрген рулары бары рас. Бірақ бұлар түркілерге де, Орта Азия көпшелілеріне де. қазақ руларына да жатпайды. Моңғол Шыңғыс хан батысқа шабуыл жасағаңда, оның әскерлерінің бірталайы татарлар болған, Шыңғыс жаулап алған елкелер: "Алтын", "Көк". "Ақ" аталатын үш ордаға бөлінгенде, Еділ бойындағы Алтыя Орданың көпшілігі татар еді.
Қазақ тарихын зерттеп, ең алғаш рет жазба түрінде жариялаған адам, орыс ғалымы Алексей Ираклиевич Левшин (1799-1879) болды. Оның "Қырғыз-қайсақ ордасының сипаты" аталатын үш томдық еңбегі 1832 жылы жарық көрді: бірінші томы қазақтың жер-суын, екінші томы тарихын, үшінші томы әдет-ғұрпып сипаттауға арналған. Бұл еңбек күні бүгінге дейін құнды саналады.
Сол ғалымдар мен шежірелердің айтуынша, ерте замаңдардағы көптеген ірі-ұсақты рулардың "қазақ" атымен бірігіп, тұтас мемлекет болуы, кезінде өз алдына хаңдық, патшалык құрып дәуірлеген, адамзат тарихына өшпестей із қалдырған сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, тағы басқа ежелгі халықтардың қазіргі қазақтың арғы ата-бабасы екені даусыз. Осыншама тұрақтылық, тұтастық, тұтас мемлекет болмаған, өмір бойьі жауынгершілікті басынан кешірген едде сақталуы таңғаларлық құбылыс.
Қазақ халқы - ерте замаңда еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетіеу өңірі мен Сырдария алқабын жене Қыпшақ даласьін мекен
еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың, атап айтқанда, сақ, үйсін, қаңлы, алан, қыпшақ, дулат, түркеш, қарлық, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын т. б. тайпалардың түрліше тарихи даму дөуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі жене этногенездің бірігуі арқылы халық болып қалыптастьт. Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтың, байырғы шежіресінде мол мәлімет сақталған, қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мён тайпалардың аттары, тайпалардың таңбалары, ұрандары және осы ру-тайпалардың шығу тегі мен таралу мән-жайын баяңдайтын шежірё деректері талай дөуірді басып өтіп, біздің заманымызға жетті. Бұл шежіре деректері, негізінен алғанда, жазба деректермен бір жерден шығып, оны толықтырып отырады.
Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасуы ұзақ тарихи даму дөуірлерін басынан кешірді. Ежелг қытайдың, парсының және гіректің жазба деректеріне қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы 7-9-ғасырларда Орта Азия өңірін сақ тайпалары мекен еткен. Бұл сақтардың "Шошақ төбелі тымақ киетін сақтар" деп аталатын тайпаларының орналасқан жерінің орталығы Іле алқабы мен Жетісу өңірі болған. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4-3-ғасырдың шегіңде бұрынғы сақ тайпаларының одағы ыдырап, оның орнына үш тайпалық одақ-үйсіндердін, каңлылардың, аландардың тайпалық одақтары құрылған.
Қазақ халықының түп теркіні заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдан бастап жазба тарихта белгілі болған сақтар еді. Заманымыздан бұрынғы 3-ғасырдан 5-ғасырға дейін өмір сүргең үйсіндер бірлестігі мен қаңлылар бірлестігі қазак халқының негізгі ұйытқысы бодды.
Қазақ халқы он үшінші ғасырдың басыңда Шыңғысхан жорығының алапатына тап болды, қазақ тайпаларыпың (керей, найман, меркіт, т. б. ) бұл шапқыншыльіққа қарсы жасаған жиырма жылдық күресі сетсіздікке ұшырады. Шыңғысхан олардың арасындағы алауыздықты, бытыраңқылықты пайдаланып, жеке-жеке бағындырды. Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияны түгел жаулады:
Шыңғысхан жаулап алған жерлері мен елдерді ұлыстарға бөлді де, ұлдарына енші етіп үлестірді. Ертіс өзені мен Еділ езеніне дейінгі ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпалары Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Жетісуды мекендеген қазақ тайпалары Шыңгасханның екінші ұлы Шағатайдың үлесіне тиді
1227 жылы Жошыхан өлген соң, Ертіс өзенінен Днепрге дейінгі созылған Жошы ұлысы, батыс жене шығыс болып екіге бөлінді Жошы ұлысының батыс бөліші Еділ алқабы мен оның батысыңдағы жерлер, Қырым, Солтүстік Кавказ, Солтүстік Хорезм және осы өңірлерде мекеңдеген халықтар Жошының орнына отырған ұлы Батыйханның үлесіне тиді де, оны Алтын Орда тікелей басқарды. Жошы ұлысының шығас бөлігі - Алтай таулары мен Ертіс өзенінен Жайық өзеніне, Балқаш көлі мен Сырдария алабы, Арал теңізінің солтүстігіне дейінгі жерлер және оны мекендеген халықтар Жошының үлкен ұлы Орда-Еженнің үлесінетиді, бұл өңірде Ақ Ордахандығы қалыптасты. Ақ Орда хандығының аумағы қазіргі Қазақстан жерін түгелге дейін қамтыды. Бұл кездегі қазақ тайпалары "қыпшақ" деген жалпы атты қолданды.
Ақ Орда қол астыңдағы тайпалардың біртұтас аумағы болды. Олардың өлеуметтік даму дөрежесі біркелкі, шаруашылық тұрмысы негізінен көшпенді жөне жартылай көшпеңді мал шаруашылығы, тілі - қыпшақ әдеби тілі (көне қазақ тілі), Ақ Орда хандығы 11-ғасырдан 13-ғасырдың басыпа дейін өмір сүрген "қыпшақ елі" негізінде құрылған. 15-ғасырдың орта шенінде құрылған қазақ хаңдығы Ақ Орда хаңдығынс мүрагерлік өзі. Қазақ хандығын құрған Керей хан мен Жәнібек хан Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ханның балалары еді. Бұл қазақ хандығы әулеті болып қалыптасып, қазақ халқына 300 жылдан астам уақыт бойына үстемдік етті. Қазақ хандығының негізі бұрынғы Ақ Орда хандығының аумағы жене оны мекендеген қазақ тайпалары еді.
Қазақ хандығының құрылуы және нығайып дамуы түрлі халықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды, қазақтың этникалық аумағын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржола аяқтадды. Сонымен, "қазақ" деген халықтың құралуы, оған қарасты жер-суатауының белтіленуі, сондай-ақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл, өнердің қалыптасуы да осы кезеңде басталғаңдығын тарихи құжаттар дәлелдейді. Әсіресе, әдет-ғұрып пен тіл. Бұлар кең өлкені мекендеген қазақ руларында әлі күнге дейін азғзнтай ғана ай өзгеріссіз келе жатыр. ; "Киіз. туырлықты қазақ; " аталатын бұл елдің өмір тарихы, тұрмыс-салты, едет-ғұрпы, мінез-құлқы бірдей.
"Есім ханның ескі жолы 4 аталатын заңдарын қалдырды деседі. Бұл заңдар қазақ халқының елдігін күшейте түскен тәрізді.
"Қазақ" аталатын халықтың қалыптасуы XV ғасырдың екінші жартысынаи басталады деген қағида дұрыс екендігін тарихи деректер бірден-бір дәлелдейді.
Қазақ тарихы туралық қай кезде кімдер жазса да, бір мәселеге талас жоқ сияқты. Ол-қазақ халқының кене замандағы кешпелі тайпалардан құралуы. Солардың арғылары сақ, "массагет", "сармат", "үйсін", "қаңлы"; бергілері: қышпақ, арғын, найман, керей тағы басқаларын айтса да жеткілікті, қазақтың басын құраған сол тайпалар екені ақиқат. Бұл бір, екіншіден, сол рулардың кейбірулері қазақпен көршілес қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, башқұрт сияқты халықтар құрамына кіргенмен, қай рудың болса да, басым көпшілігі қазақ құрамында; үшіншіден, Орта Азияда көшпелі өмір сүрген рулардың мёкеңдеген жерлерінің басым кешшлігі қазақ халқының еншсіне тиген; төртіншіден, бұрынғы көшпелілерінің салт-санасы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы өзгешеліктердің көбі қазақта молырақ.
VI ғасырда Евразиядағы тарих сақнасына жаңа тарихи тұлға - Түркі қағанаты - Түркілердің далалық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің шырқау шегіне жеткен. Кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі Қырымға дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең-байтақ аумақты алып жатты.
Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рол атқарып келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz