Қарапайымдылар типі туралы


Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Арыстанбаб» колледжі
Тақырыбы: . . .
Орындаған: Ирсимбетова Р
Қабылдаған: . . .
Шымкент-2009
Нақыл сөздер - ақыл сөздер.
Д. И. Менделеев ұзақ жылдар бойы ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысып қоймай, жастарды ғылымға, білімге тәрбиелеу мәселесімен де айналысып, оның сол кездегі айтқан өсиетті ойлары қазіргі кезде де өзінің құндылығын жойған жоқ.
- «Еңбекті шынайы құлай сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды».
- «Өзге ештеңеден табылмас тынысты еңбектен табасыңдар».
- «Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп - оңай».
- «Периодтық заңдылықтың болашағы бұзылуды емес, толығып, дами түсуді күтеді».
- «Ұстаздың мерейі шәкірттерінде өзі еккен дәндердің көктеп өсуінде».
- «Ғылымның рөлі қызмет ету, ал игілікке жету құралы».
Қарапайымдылар типі - Protozoa
Бұл типке 20-25000-ға жуық түрлер жатады. Олар табиғатта кең таралған және мұхиттарда, теңіздерде тұщы суларда, топырақтарда кездеседі. Олардың көптеген түрлері басқа ағзалар денесінде тіршілік етуге паразиттер бейімделіп, жануарлардың және адамдардың қатал ауруларын тудырады.
Қарапайымдылар дене құрылысы жағынан бір жасушадан цитоплазма және бір немесе бірнеше ядродан тұрады, ал қызметтік жағынан ол бір тұтас, дербес ағза болып саналады, яғни ол қозғалады, жемтігін қармайды, көбейеді, жауларынан қорғанады. Қарапайымдылардың денесі өте кішкентай: 3мкм-ден 160мкм аралығанда болады. Ол сыртқы мембранадан, цитоплазмадан, ядродан және оргоноидтардан тұрады. Сыртықы мембрананың құрылысы жасушалардың мемранасына ұқсас; цитоплазмасы екі қабатқа бөлінген - сыртқы қабаты - эктоплазма , тығыздау, бір келкі және мөлдір, ал ішкі қабаты - эндоплазма , түйіршікті және сұйықтау болып келеді. Эндоплазмада жалпы қызмет атқаратын оргоноидтар - да кездеседі. Оларға қозғалу, ас қорыту, бөліп шығару, қорғаныстық оргоноидтар жатады.
Қарапайымдылардың қозғалу оргоноиды болып жатқан аяқтары, талшықтары, кірпікшелері саналынады.
Асқорыту оргоноиды болып ас қорыту вакуолялары, бөліп шығару оргоноиды - жиырылғыш вакуолялар саналынады; ал кейбіреулерінде ерекше тесікшелер - қылаулатқыштар кездеседі.
Қолайсыз жағдайларға көптеген қарапайымдылар циста түзеді. Бұл кезде олар қозғалуын тоқтатып, қалың қабықпен қапталып, тыныштық күйіне көшеді. Олардың зат алмасуы мүлдем тоқталады. Циста күйінде олар қиын кезеңдерді өткізеді, және таралады. Қолайлы жағдай туса олар қайтадан тіршілігін әрі қарай жалғастыра береді.
Қарапайымдылар типінің жіктелуі түрліше болып келеді. Оның кең таралған жіктелуі боынша олар 4 класқа бөлінеді:
- саркодалылар класы (Sarсоdina) ;
- талшықтылар класы (Flagellata) ;
- споровиктер класы (Sporozoa) ;
- инфузория класы (Jnfusoria) .
Амеба отряды - Amoebina
Адам денесінде амебаның бірнеше түрлері кездеседі, олардың ішінен маңыздысы - дизентерия қантышқақ амебасы. Қантышқақ дизентерия амебасы - адамдардың қатал ауруы - амеба қантышқағы дизентериясы немесе амебиез ауруын қоздырушы болып табылады.
Ол адамның тоқ ішегіне паразиттік тіршілік етеді. Ол барлық жерлерді, әсіресе климаты ыстық болып келетін жерлерде, кездеседі. Бұлар тек адам паразиті болып табылады.
Оның тіршілік циклында мынадай формалары кездеседі: Циста, ұсақ вегатативтік формасы (forma minuta), ірі вегетативтік (forma mаgna) және ұлпалық формасы.
Инвазиялық сатысы болып 4 ядролы циста саналады. Ол лас қол арқылы, не жуылмаған жеміс - жидектерді жегенде адам денесіне енеді. Адам ішегінде циста қабығы еріп 4 ядролы амебаға айналады. 4 ядролы амеда тез бөлініп 4 бір ядролы ұсақ вегетативтік 7-15 мкм түзіледі.
Ұсақ вегетативтік форма тоқ ішекте бактериялармен қоректеніп ұзақ уаық зиянсыз тіршілік етеді. Тоқ ішектің төменгі бөлімдеріне өтіп ол цистаға айналады да үлкен дәрет арқылы сыртқа шығарылады.
Талшықтылар класы Flagellata
Бұл класқа 6-8 мыңға жуық түрлер жатады, олардың көпшілігі адам паразиттері болып табылады.
Денесі кішкентай, сопақша, домалақ немесе жіпше тәрізді, ол сыртқы мембранамен, жұқа қабықшамен (пелликула) қапталып, дене пішіні тұрақты болып келеді. Қозғалу оргоноиды бір немесе талшықтар. Талшықтар - цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Ол, әдетте, дененің алдыңғы жағынан басталады. Талшық еркін бөліктен эктоплазмаға сіңірілген бөлімнен целиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосамадан тұрады.
Кейбір талшықтылардың лейшмания, трипоносома талшығының түбінде ерекше оргоноид - кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап өтіп сыртқа шығып тұрады. Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақта - ундилденуші жарғақша пайда етеді. Ол жарғақшаның толқынданып желпінуі нәтижесінде олар қозғалады.
Талшықтыларда негізнен бір кейді 2 ядро кездесуі мүмкін. Көбеюі жыныссыз жолмен, кейде жыныстық жолдармен де жүреді.
Алғашқы монодаллар отряды
Лейшмания туысы - Leishmania.
Лейшмания трипоносомалар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалардың түзілуін айтуға болады: трипоносомалық, критидиялық, лептомонадалық, лейшманиялық жасуша ішілік және метоциклдік.
Қан споровиктері отряды - Heamasporidia
Қан споровиктері - өздернің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әртүрлі омыртқалылыардың эриторицеттеріне өткізеді. Олардың даму циклы қожайын алмасу арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда жүреді. Бұлар спора түзбей бір қожайыннан екіншісіне тікелей беріліп отырады. Адам паразиті болып безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын қоздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді: Plasmodium vivax. Соңғы төрдің өкілдері бізде кездеспейді. Олардың бәрінің даму циклі және құрылысы ұқсас: аралық қожайыны-адамдар, түпкілікті қожайыны-безгек масасы болып табылады.
Тіршілік циклі - үш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.
Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады.
Cодан кейін шизонт шизогония жолымен көпшілікті бөліну бөлініп көптеген 1000-1500 ұсақ бір ядролы мерозоидтар пайда етеді. Бұл процесс преэритроциталық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
Балантидий - Balantidium coli
Бұлар адамның балантидиаз ауруын тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz