Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі тұлғалардың іс-әрекеті мен негізгі функцияларын анықтайды:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - ҚР БҒМ) ;
  2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО) ;
  3. ҰБТ-ны өткізу пунктінің (бұдан әрі - ҰБТ ӨП) директоры мен жетекші маманы;
  4. мектеп бойынша жауапты (бұдан әрі - жауапты хатшы) ;
  5. Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілі (бұдан әрі - Министрлік өкілі) ;
  6. Білім және ғылым министрлігінің программисі (бұдан әрі - Министрлік программисі) ;
  7. апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
  8. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері (бұдан әрі - Республикалық комиссия) ;
  9. аудитория бойынша кезекші (бұдан әрі - кезекші) ;
  10. ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер (бұдан әрі - бітірушілер) ;
  11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі (бұдан әрі - ҚР ҰҚК өкілі) .

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін (бұдан әрі - ереже), осы Нұсқаулықты, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін, ҰБТ-ның Технологиясын басшылыққа алады.

Ескерту: Осы нұсқаулықта қолданылған нысандар «ҰБТ негізгі нысандары мен актілері» құжатында келтірілген.

2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни ҚР БҒМ, ҚР ҰҚК, БТМСҰО, ҰБТ ӨП қызметкерлері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, жергілікті (облыстық) білім беруді басқару және ішкі істер басқармасының органдарының бірлесе отырып атқарған жұмыстарын қарастырады.

  1. ҚР БҒМ нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды және ережелерді әзірлейді және жетілдіреді. Министрлік өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.
  2. БТМСҰО «ҰБТ ӨП базасы», «Бітіруші», «ҚР БҒМ», «Сертификат» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде ҰБТӨП-ке жібереді.

6. БТМСҰО белгілеген мерзімде ҰБТӨП-те «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-ны орнату мен толтыруды жүзеге асырады.

7. «ҰБТӨП базасында» құрылған мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы БТМСҰО-ға жіберіледі.

8. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО орнатылады және тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.

9. Техникалық хатшы бітірушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді.

10. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.

11. ҰБТ ӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі. Бланкілерді сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға тіркеу жөніндегі анықтама беріледі.

12. ҰБТӨП-тердің бөлінісінде тестілеуге өтініштерді қабылдау жұмысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17. 00-де БТМСҰО-ға жіберуді жүзеге асырады. БТМСҰО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.

13. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірлесіп, «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі-ДБ) мен өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі.

14. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, мектепте ресімделетін және бітірушілерге берілетін емтиханға рұқсаттамалар басылады.

15. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеу қатысушылардың барлығымен бірлесіп ҰБТ-ы өткізіледі.

16. Тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.

17. Апелляцияға өтініштерді қабылдау жергілікті уақытпен келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және тәулік бойына қарастырылады.

18. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляцияның қорытындысы ескерілген ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі.

19. Күн сайын БТМСҰО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.

  1. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттарды басу және беру жүргізіледі.
  2. ҰБТ-ны ұйымдастырушылар БТМСҰО-ға атқарылған жұмыстары туралы есепті қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынады.

3. Негізгі функциялар

22. ҰБТ процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды.

4. ҚР БҒМ функциясы

23. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттармен қамтамасыз ету: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық.

24. Министрлік өкілдеріне ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту семинарларын өткізу.

  1. Республика бойынша ҰБТ-ның өту процесін бақылау.
  2. Республикалық комиссия төрағасы мен мүшелерін анықтау. 5. БТМСҰО функциясы

27. ҰБТ ӨП базасын қалыптастыру кезеңі:

1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ҰБТ ӨП қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

2) ҰБТ ӨП-тің ДБ базасын қалыптастыру үшін ҰБТ ӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

  1. «ҰБТӨП базасы» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

4) телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинау.

28. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңі:

1) « Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТ-ны өткізу пункттерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету:

өтініш бланкілері;

орта мектеп, кәсіптік мектеп (лицей) және колледждер анықтамалықтары;

ұлттар анықтамалығы;

азаматтық анықтамалығы және т. б.

2) « Бітіруші» АЖО-ны әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

  1. ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылау;
  2. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;
  3. аудитория бойынша бітірушілерді бөлуді ұйымдастыру;
  4. ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру.

29. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

1) Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ құру;

2) ҚР БҒМ бірлесе отырып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

3) Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік, нұсқамалық құжаттармен, сертификаттармен және «ҚР БҒМ», «Сертификат» АЖО-ның бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

4) Министрлік өкілдері мен программистерді, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жіберу;

  1. емтихан материалдарын ҰБТӨП-ке жіберу.

30. Тестілеуді өткізу кезеңі:

  1. ҰБТ-ның өтуін бақылау және алып жүру;

2) нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодтарын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу;

3) дұрыс жауаптар кодтарын ашуға арналған парольдері беру;

  1. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинау.

31. Апелляция өткізу кезеңі:

  1. Республикалық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
  2. телекоммуникациялық желі арқылы Республикалық комиссияға апелляцияға өтініштерді қабылдау;
  3. телекоммуникациялық желі арқылы Республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жіберу;
  4. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинау.

32. Сертификатты басып шығару және беру кезеңі:

1) «Сертификат» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

2) телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алу.

6. Білім беруді басқарудың жергілікті органдарының функциясы

33. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңі:

  1. ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
  2. мектептерді ҰБТӨП бойынша бөлу;
  3. тестілеу өткізу кестесін жоспарлау.

34. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңі:

1) ҰБТӨП қызметкерлерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;

2) бітірушілерден тестілеуге өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру;

3) өтініш бланкілерін ҰБТӨП-ке жеткізуді ұйымдастыру;

  1. бітірушілермен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.

35. Тестілеу өткізу кезеңі:

1) жергілікті ішкі істер органдарымен және мектептермен бірлесіп, бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) ақпараттық тақталарды дайындауды ұйымдастыру;

3) электрмен жабдықтау және телекоммуникация желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) ҰБТ-ны өткізу кезінде және бітірушілердің орналасқан жерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілік кестесін жергілікті медициналық мекемелермен келісу;

  1. бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;
  2. бітірушілерді көлікпен тасымалдау және ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп ережелерін және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.

36. Апелляцияны өткізу кезеңі:

1) апелляциялық комиссия мүшелерін анықтау;

2) апелляциялық комиссияның жұмыстары үшін жағдай жасау;

3) апелляциялық комиссия мүшелерінің түгел қатысуын қамтамасыз ету.

37. Сертификатты басып шығару және беру кезеңі:

1) сертификаттарды мектеп директорларына беруді ұйымдастыру;

2) бітірушілердің қолтаңбалары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП директорына беруді ұйымдастыру.

7. ҰБТӨП директорының функциясы

38. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңі:

  1. ҰБТӨП-ті жұмыс үшін техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету;
  2. ҰБТӨП базасын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;
  3. ҰБТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылау;
  4. жергілікті білім беру басқармасының органдарымен және БТМСҰО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлау және келісу;
  5. «ҰБТӨП базасы» деректерін БТМСҰО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

39. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңі:

1) «Бітіруші» базасын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

  1. техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

3) техникалық хатшыларды нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен қамтамасыз ету;

4) ақпараттық тақталар дайындау;

5) өтініш бланкілерін сканерлеуді және базаға өзгертулер енгізуді ұйымдастыру;

  1. техникалық хатшыға тіркеу туралы анықтамалықтарды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;
  2. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;
  3. бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру.

40. Тестілеуді өткізу кезеңі:

1) жергілікті білім беру басқармасымен, ішкі істер органдарымен және мектептермен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке жеткізу, оларды орналастыру және тамақтандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) Министрлік өкілдері үшін қажетті құжаттарды дайындау;

3) техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) кезекшілерді оқытуды жүргізу;

5) тестілеуді өткізуге аудиторияларды дайындау;

6) бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастыру;

  1. дұрыс жауаптар коды мен емтихан ведомостарын ілуді ұйымдастыру;
  2. телекоммуникациялық желі арқылы статистикалық деректерді жіберуді ұйымдастыру.

41. Апелляция өткізу кезеңі:

1) апелляциялық комиссияның жұмысы жағдай жасау;

2) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын ілуді ұйымдастыру.

42. Сертификатты басып шығару және тарату кезеңі:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен (акт бойынша) қабылдау;

2) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін мектептерге беру.

43. БТМСҰО-ның нұсқауына дейін емтихан материалдарын қабылдау және сақтау.

44. ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі атқарылған жұмыстар бойынша БТМСҰО-ға есеп беру.

8. ҰБТӨП жетекші маманының функциясы

45. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңі:

  1. техникалық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  2. ҰБТӨП базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
  3. ақпараттарды «ҰБТӨП базасы» АЖО-ға енгізу;
  4. ҰБТӨП базасына өзгерістер енгізу;
  5. «ҰБТӨП базасы» деректерін БТМСҰО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.

46. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;
  2. техникалық хатшының дайындығы үшін нормативтік, нұсқамалық және ақпараттық анықтамаларды БТМСҰО-дан телекоммуникациялық желі арқылы алу;
  3. тіркеу журналын басып шығару және беру;
  4. өтініш бланкілерін сканерлеу;
  5. техникалық хатшыға қажетті нысандарды (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары) басып шығару және беру;
  6. «Бітіруші» ДБ-ны жабу;
  7. аудиториялар бойынша бітірушілерді бөлу;
  8. рұқсаттамаларды басып шығару;
  9. өтініштерді қабылдау туралы статистикалық мәліметтерді күн сайын БТМСҰО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберу;
  10. «Бітіруші» ДБ сақталуын қамтамасыз ету және Министрлік программисіне тапсыру.

47. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңі:

1) Министрлік программисі үшін қажетті құжаттарды және жұмыс орнын дайындау;

2) қажетті нысандарды (Е-10, Е-12, Е-29, Е-31 нысандары) басып шығару;

3) техникалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) бітірушілердің мәліметтерін өзгерту журналын (Е-13 нысаны) Министрлік программисіне беру;

5) сұртылған ақпараттарды телекоммуникациялық желі арқылы БТМСҰО-ға жіберу.

48. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңі:

1) сертификаттарды басып шығаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

2) Министрлік программисінен сертификаттарды басып шығаруға арналған файлды алу;

3) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығару;

4) Министрлік программисіне сертификаттар файлын тапсыру;

49. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша БТМСҰО-ға есеп беру.

9. Техникалық хатшының функциясы

50. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңі:

1) ҰБТӨП-те өтініштерді қабылдауды, өтініштер бланкісін толтыруды және өтініштерді тіркеу журналын жүргізу бойынша оқытуды жүзеге асыру;

2) ҰБТӨП-тен нормативтік, нұсқамалық, анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (Е-03 нысан) алу;

3) өтініштерді тіркеу журналын алу барысында оқу орнының атауы мен оның мәртебесіне назар аудару қажет;

4) бітірушілермен өтініш бланкісін, жауап парағын толтыру және ҰБТ-ның өткізілу барысы бойынша сабақтар жүргізу;

5) бітірушілердің өтініш бланкісін дұрыс толтыруын қамтамасыз ету;

6) өтініштерді тіркеу журналында бітірушілерді тіркеу;

7) өтініш бланкілерін сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізу;

8) басып шығарылған нысандарды алу (Е-04-1, Е-06, Е-08 нысандары) ;

  1. бітірушілерге тіркеу туралы анықтама беру;
  2. ДБ-ға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
  3. ДБ жағдайын бақылау;
  4. өтініштерді тіркеу журналын жабу;
  5. рұқсаттамаларды ресімдеу және оларды бітірушілерге беру;
  6. ресімделген рұқсаттаманың түбіртегін ҰБТӨП директорына беру.

51. Тестілеуді өткізу кезеңі:

1) бітірушілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету;

2) бітірушілерді көлікпен тасымалдау және олардың ҰБТӨП-те орналасқан уақытында тәртіп ережелерін және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.

52. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңі:

1) ҰБТӨП директорынан акт бойынша сертификаттар, сертификаттарды тарату тізілімі мен емтихан ведомосын қабылдау;

2) бітірушілерге сертификаттарды беруді ұйымдастыру;

3) бітірушілердің қолтаңбалары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП директорына беру.

10. Министрлік өкілінің функциясы

53. Тестілеуді өткізу кезеңі:

1) сертификаттарды БТМСҰО-дан (акт бойынша) алу және ҰБТӨП-ке жеткізу;

2) тестілеуді өткізу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру;

3) емтихан өтетін аудиториялардың дайындығын тексеру (Е-01, Е-02 нысандарын қосқанда) ;

4) аудитория бойынша кезекшілердің жеке іс парағын тексеру;

5) кезекшілерге нұсқама өткізу және оларды аудитория бойынша бөлу;

6) қажетті құжаттамаларды тексеру («Аудитория материалдары» папкасын қосқанда) ;

7) тестілеу процесін бақылау және басқару;

8) ҚР ҰҚК өкілінен емтихан материалдарын қабылдау;

  1. әрбір аудитория бойынша емтихан материалдары мен басқа да материалдарды қабылдау және тапсыруды ұйымдастыру;
  2. тестілеу нәтижелерін өңдеуді ұйымдастыру;
  3. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;
  4. дұрыс жауаптар кодын ашуды ұйымдастыру;
  5. дұрыс жауаптар кодын беруді және оны көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру;
  6. ҰБТ-ның емтихан ведомостарын беруді және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.

54. Апелляцияны өткізу кезеңі:

1) техникалық себептерге байланысты апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру;

2) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін қажетті емтихан материалдарымен қамтамасыз ету;

3) апелляция нәтижесін ДБ-ға енгізуді бақылау;

4) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын беру және оларды көпшіліктің назарына ілуді ұйымдастыру.

55. Cертификаттарды басып шығару кезеңі:

1) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін ҰБТӨП директорына (акт бойынша) беру.

56. БМТСҰО-ға қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және тапсыру.

11. Министрлік программисінің функциясы

57. Тестілеуді өткізу кезеңі:

1) «ҚР БҒМ», «Сертификат» АЖО-мен жұмыс жасау бойынша оқудан өту;

2) тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді БТМСҰО-дан электрондық тасымалдағышта алу;

3) ҰБТ ӨП-те жұмысқа арнайы бөлінген техникалық құралдарды дайындау;

4) тестілеуді өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

5) ҰБТ ӨП-тің спецификасына қарай бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату;

6) «Бітіруші» ДБ қабылдау;

7) өзгерту журналына сәйкес (Е-13-нысан) ДБ-ға өзгертулерді енгізу;

8) отырғызу тізімін басып шығару;

  1. Министрлік өкілдері үшін қажетті актілерді (№ 5, 7) басып шығару;
  2. тестілеу нәтижелерін өңдеу;
  3. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;
  4. дұрыс жауаптар кодын ашу және басып шығару;
  5. емтихан ведомостарын басып шығару.

58. Апелляцияны өткізу кезеңі:

1) техникалық себептер бойынша апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

2) апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;

3) апелляцияны есепке алғандағы емтихан ведомосын басып шығару.

59. Сертификаттарды басып шығару кезеңі:

1) сертификаттар файлын қалыптастыру;

2) ҰБТ ӨП-тің жетекші маманымен сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін басып шығаруды ұйымдастыру;

3) сертификаттар файлын қабылдау.

60. ҰБТ-ның статистикалық мәліметтерін күнделікті телекоммуникациялық желі арқылы БТМСҰО-ға жіберу.

61. Қорытынды мәліметтерді БТМСҰО-ға жіберу.

62. БМТСҰО-ға қажетті құжаттарды қағаз және электрондық тасымалдағышта дайындау және тапсыру.

12. Апелляциялық комиссия төрағасының функциясы

63. Апелляцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша БТМСҰО-да оқудан өту.

64. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссияның мүшелерімен нұсқама жүргізу.

65. Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.

66. Министрлік өкілінен апелляцияға өтініш берген бітірушілердің емтихан матералдарын алу.

67. Апелляция процесін басқару және бақылау.

  1. Апелляция бойынша шешімдер қабылдау.

69. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізу;

70. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан матералдарын Министрлік өкіліне беру.

  1. Әрбір лек бойынша апелляция рәсімдері бойынша есеп беруді дайындау.

Ескерту: Тестілеу уақытында Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне тестілеу процесін бақылауға көмек көрсетеді.

13. Аудитория бойынша кезекшілердің функциясы

72. Аудиториялардың тестілеуге дайындығын тексеру.

73. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын (№5 акт) алу;

  1. Аудиториялық тізімге сәйкес бітірушілерді аудиторияларға кіргізу.
  2. Отырғызу тізіміне сәйкес бітірушілерді орындарына отырғызу.
  3. Бітірушілерге емтихан кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру.
  4. Емтихан материалдарының қорабын ашуды ұйымдастыру.
  5. Нұсқаларды бөлу парағына сәйкес емтихан материалдарын тарату.
  6. Емтихан материалдарын толтыру ережелерін түсіндіру.
  7. Аудиториядағы тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау.
  8. Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын (№5 акт) қабылдау және тапсыру. 14. ҰБТ ӨП базасын құру

82. ҰБТ ӨП базасын қалыптастыру мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

  1. БТМСҰО-да «ҰБТ ӨП базасы» АЖО әзірленеді, электрондық тасымалдағышта ҰБТ ӨП-ке жіберіледі;
  2. ҰБТ ӨП-те «ҰБТ ӨП базасы» АЖО құрылып, қажетті ақпараттарды енгізуді қамтамасыз ету;
  3. телекоммуникациялық желі арқылы соңғы мәліметтер БТМСҰО-ға жіберіледі. 15. Аудиториялық қорды жоспарлау

83. ҰБТ ӨП директоры ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

  1. аудиториялардың бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;
  2. қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінеді;
  3. әрбір лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;
  4. аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі болуы қажет, және 30-дан кем, 150-ден артық болмауы керек;
  5. отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталады;
  6. спортзалдарды, үлкен залдарды бірнеше аудиторияларға бөліп пайдалануға болады;

84. Аудиториялық қор туралы мәліметтер «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-дағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі. Әрбір лек бойынша аудитория қорын келісу үшін телекоммуникациялық желі арқылы БТМСҰО-ға ұсынылады.

16. Оқу орындары

85. Облыстық Астана және Алматы қалалары білім департаменттері орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын облыстағы ҰБТӨП бойынша бөледі.

  1. ҰБТ ӨП директоры ҰБТӨП-ке бекітілген оқу орындары туралы ақпараттарды (атауы, мекен-жайы, телефон, түрі, мәртебесі, оқу орнының меншік нысаны, бітірушілердің саны) жинауды қамтамасыз етеді.

87. Жетекші маман ақпараттарды енгізеді және оны БТМСҰО-ға жіберуді жүзеге асырады.

17. Кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін жетілдіру кезіндегі тест жүйесінің тиімділігі
Бақылау комитетінің басшылығы, қызметін ұйымдастыру, миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Ұйым персоналын аттестациялау жүйесінің мәні
Пайдаланушы нұсқаулығы
ЗАМАНАУИ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Интернет желісінің Мультимедиа ресурстары
Құрлық әскерлерінің әскери институты
Конкурс жарияланған лауазымның атауы
Е-қаржымині жүйесіне қойылатын жалпы талаптар
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz