Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - халқымыздың бақыты деп білем


Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - халқымыздың бақыты
Осыдан 20 жыл бұрын еліміздің қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр-қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Тарих пен тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы, жалпы қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды.
Осы ретте Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі-Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр»-деген сөзі азаматтығымыздың қадыр-қасиетін көрсеткендей.
Бүгінде қазақстандықтар Ата Заңы орныққан, шекарасы айқындалып бекіген, көк байрағы желбіреген, төл теңгесі шыққан, Әнұраны шарықтаған тәуелсіз елін мақтаныш етеді. Өйткені, мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени-әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүниежүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан-1992 жылғы 2наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар. Қазақстан дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке, т. б. ұйымдарға әріптес болуы сырқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр. Республикамыздың әлемдік қатынастардағы жеке субъектіге айналуындағы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дара беделін, биік парасатын, табанды саясатын бүгінде әлем мойындайды. Бұл орайда әлем саясаткерлері, руханият жетекшілері, зияткерлері мен кәсіпшілері Мемлекет басшысы туралы тамаша ой-пікірлер өрбіткенін білеміз. Соның бірі ретінде айтсақ, Француз Республикасының Президенті Жак Ширактың: «20 жылдың ішінде Қазақстан тұрақты және серпінді экономикасы бар елге айналды. Ол сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың өңірлік және халықаралық деңгейдегі жауапкершілікті терең пайымдайтын мүшесі болды, мұны Сіздің көптеген бастамашылықтарыңыз, соның ішінде Азиядағы өзара іс-қимал мен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру және діндер мен мәдениттер арасындағы үндесуді дамыту жөніндегі бастамаларыңыз айғақтайды . . . » -дегені де есте.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамашылығымен Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын айқындай отырып, мынадай ұзақ мерзімде жеті басымдықты жүзеге асырады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет.
Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді.
1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды.
Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән-өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы - халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz