Сот медицинасы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сот медицинасы

Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Бастапқыда сот медицинасы мен криминалистика қылмысты ашу мен тергеу жөніндегі біртұтас ғылым болды. Кейіннен мәліметтердің жинақталуына, зерттеу тәсілдерінің түрленуі мен жетілуіне орай сот м. едицинасы бөлініп шықты. Сот медицинасының дамуы қоғамда құқықтық қатынастардың өркендеуі мен медицина және биология ғылымдардың дамуына тікелей байланысты. Ғылым ретінде сот мидицинасының бастауы француз хирургі Амбруаз Паренің (1579), сицилиялық дәрігер Фортунато Фиделистің (1602), италиялық дәрігер Павл Закхиакстың, неміс дәрігері Иоган Бонның (1689) сот-медицинасы мәселелер жөніндегі еңбектерінде жатыр. 18 ғасырда сот медицинасы бойынша шығармалар саны көбейді. 1821 жылдан Германия, Австрия, Англия, Францияда сот медицинасы бойынша журналдар мен жинақтар шыға бастады. Сот медицинасы теориалық және практикалық бөліктерден тұрады. Теория объективті заңдылықтарды зерттеумен және практикаға қажетті ұсынымдар даярлаумен айналысады. Практика болса сот ісін жүргізу кезінде туатын нақты медициналық-биологиялық мәселелерді шешумен айналысады. Сот-медицинасы зерттеуге денсаулықты бұзған немесе өлімге әкеп соққан адамның сырттан әсер алу түрлері негіз болады. Сот-медицинасы сараптама тірі адамға, мәйітке, заттай дәлелдемелерге, өзге де іс материалдарына жүргізілуі мүмкін. Сараптама кезінде биологиялық заттай дәлелдемені (қан, шаш, түк, ұрық, сілекей, адам мен жануардың ішкі органдары, тін бөлшектері, т. б. ) тексеру үшін және сәбидің әке-шешесін анықтау мақсатында сот-биологиялық зерттеу жүргізіледі. Сот медицинасы сот-медициналық танатология (өлім себептері мен механизмін зерттейді), сот-медициналық травматология (мертігу диагностикасы мен механизмін қарастырады), сот-медициналық токсикология (улануды анықтау және алдын алу әдістерін қалыптастырады), сот-медициналық гинекология бөлімдерінен, сондай-ақ жоғары темп-раның, электрлік және сәулелік энергияның әсерін зерттейтін, т. б. бөлімдерден тұрады.

Сот-медициналық сараптама жүргізудің тәртібі

  1. Сот-медициналық сараптаманы анықтауды жүргізетін тұлға, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша сондай-ақ соттың қаулысы бойынша жүргізеді.
  2. Сот-медициналық сараптаманы бір немесе сараптаманың күрделігіне және түріне байланысты бірнеше сарапшы жүргізеді.
  3. Алдыңғы сараптамалар сот-медицина орталығының филиалдарында жүргізілгеннен кейін, сот-медициналық сараптамалар Сот-медицина орталығында жүргізіледі.
  4. Сараптама мекемесінің базасынан тыс сараптау жүргізген кезде емдеу-профилактикалық мекеменің басшылары сот-медициналық сарапшыларды сараптама жүргізу үшін бөлмемен (мәйітхана, емханадағы дәрігер кабинетімен) қамтамасыз етеді және басқа да қажетті көмекті көрсетеді.
  5. Анықтау органдары, тергеуші, прокурор, сарапшылардың зерттеу объектілерін сот сараптама мекемесінің зертхана бөлімдеріне жіберуге көмек көрсетеді.
  6. Анықтау органдары, тергеуші, прокурор, сот сот-медициналық сарапшыны алғашқы және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін шақырған кезде оларды көлікпен қамтамасыз етеді.
  7. Сот-медициналық сарапшы өз қызметін қызмет көрсететін аумақтың шегінде жүзеге асырады. Табиғи апат және техногендік апаттар кезінде, басқа да төтенше жағдайларда Сот-медициналық орталықтың басшысының бұйрығымен сот-медициналық сарапшы өз аумағынан тыс уақытша іссапарға жіберілуі мүмкін. Сот-медицина орталығының филиалдарының басшылары сот-медициналық сарапшылардың демалыс кезінде немесе ауырып қалған кезде аймақтарда олардың бір-бірін ауыстыруды анықтауы тиіс.
  8. Сараптама күрделі және арнайы мәселелерді шешу қажет болған жағдайда сот-медициналық сарапшы бір тәуліктен кешіктірмей сараптама жүргізудің басында сараптаманы тағайындаған адамның (органның) алдына тиісті мамандардың қатысуы қажеттілігі туралы өтініш білдіруге құқылы.
  9. Егер сот-медициналық сараптау жүргізу үрдісінде сот-медициналық сарапшының алдына қойылған немесе жеке өзінде пайда болған мәселелерді шешу үшін сот-медициналық зертханалық сараптау жүргізу қажет болса, онда анықтау органдарының, тергеушінің, прокурордың немесе соттың ондағы бар қаулысының негізінде ол объектілерді сараптау мекемесінің тиісті зертханалық бөлімшесіне жібереді. Бұл жағдайда сот-медициналық сарапшы берілген қаулыға сүйене отырып бланк толтырады, істің жағдайын, сараптама кезінде анықталған нақты деректерді, зертханалық зерттеудің мақсатын қысқаша көрсетеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі бойынша Сарапшының қорытындысын (ары қарай қорытынды) рәсімдейді.
  10. Егер сот-медициналық сараптамаға немесе денсаулық сақтаудың басқа мекемесінде жұмыс істейтін дәрігер-маманның зерттеуіне ұшыраған адамға кеңес беру қажеттігі туындаса, онда осы туралы сараптаманы тағайындаған, және де оның жүргізілуін қамтамасыз ететін, тексерудің қорытындысын сарапшыға ұсынушы тұлғаға (органға) кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
  11. Егер сот-медициналық сараптау жүргізу үрдісінде өз сипаты бойынша айғақтық заттар және жеке сот-медициналық, қылмыснамалық немесе басқа сараптау заты болған объектілер анықталса, олар қорытындыда жазылуға тиіс және тиісті сараптауға жіберу үшін сот-медициналық сараптауды тағайындаған тұлғаға қолхатпен берілуге тиіс.
  12. Сараптау зерттеулеріне арналған объектілер, соның ішінде айғақтық заттар қатаң есепке алынып, сақталуға тиіс. Сарапшы олардың сақталуы үшін өзіне байланысты барлық шараларды жасауға міндетті.
  13. Сот-медициналық зертханалық зерттеулер үшін мәйіттен қандай да бір бөліктері, ішкі органдары (ұлпасы), қан, зәр және тағы басқалар алыну мүмкін.
  14. Сотта сот-медициналық сараптау жүргізген кезде сот-медициналық сарапшы қорытындыны жазбаша түрде жасайды. Қорытындының көшірмесін сараптау мекемесінің мұрағатындағы сараптау құжатына тіркейді.
  15. Сарапшының берген қорытындысын сот үрдісінің қатысушылары дұрыс түсіндірмеген жағдайда сот-медициналық сарапшы сот тергеу үрдісінде бұл туралы айтуға міндетті.

Сарапшының қорытындысын рәсімдеу

Сарапшының қорытындысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімдейді. Сот-медициналық сараптаудың нәтижесінде сараптаудың әр түріндегі түрлі түрлері ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

Қорытынды мынадай бөлімдерден: істің жағдайы қысқаша жазылған кіріспе бөлімінен, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспе бөлімінде мыналар көрсетілуге тиіс:

а) сараптама жүргізудің орны мен уақыты;

б) сараптық зерттеу үшін маңызы бар (жарық, ауа температурасы және басқа) сараптама жүргізу жағдайы;

в) қаулы немесе айқындау негізінде жүргізілетін сараптама;

г) сарапшының аты-жөні, қызметі, білімі, мамандығы мен жұмыс стажы, біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы;

д) мәйітке сараптама жүргізген кезде - өлген адамның аты-жөні, жасы; жәбірленуші, айыпталушы және басқа тұлғаларды сараптау кезінде аты-жөні, жасы, тұрған жері, жеке басын куәландыратын құжаты; іс материалдары және айғақтық заттар бойынша сараптама жасау кезінде - қылмыстық немесе азаматтық істің атауы мен нөмірі, томының, іс парақтарының саны, сараптауға түскен объектілер мен үлгілердің тізбесі;

е) сараптама жүргізген кезде қатысқан тұлғалар;

ж) сот-медициналық сарапшының оның іс жүргізу құқығы мен міндеттері және оның жалған қорытынды жасағаны үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру туралы қолхаты;

з) сараптауға шешілуге қойылған мәселелердің тізбесі;

и) сараптаманы тағайындаған тұлғаға істің жағдайын хат түрінде баяндау.

Зерттеу бөлімінің тарауында зерттеу үрдісінің толық сипаттамасы мен бұл жағдайда табылған нақты деректер болуға тиіс. Онда қолданылған әдістер жазылады және нақты тіркеулер (фотосуреттер, зақымдалуды белгілеген контурлық сызбалар және т. б. ) пайдаланылады. Зерттеу бөлімінің құрылымы жүргізілетін сараптаудың түрімен айқындалады.

Бұл бөлім мыналарды кіргізеді:

1) мәйітті сараптау кезінде - мәйіттің киімін және сыртқы зерттеу деректерін сипаттау; ішкі қуыстарын, мүшелерін және ұлпаларын зерттеу; сараптаудың басқа түрлерін жүргізу үшін тергеушіге берілетін алынатын объектілер, зертханалық зерттеуге жіберілген объектілер тізімі, кімге және қандай мекемеге берілгенін көрсете отырып; жүргізілген күнін көрсете отырып жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері мен сарапшының қорытындысы түрінде сарапшының алған зерттеулерінің нәтижелері кіреді, сондай-ақ медициналық және басқа құжаттардың анализдері, егерде олар ұсынылған болса;

2) жәбірленуші, айыпталушы және басқа тұлғаларды сараптау кезінде - сараптаулық зерттеу үрдісі кезінде табылған медициналық деректердің барлығын толық сипаттау: сарапшының тексерілушіні басқа мамандықтың дәрігерлеріне жіберуі туралы көрсету, сондай-ақ осы тексеру мен зерттеулердің нәтижелері; киімді сипаттау, егер ол зерттелінсе, ондағы бүлінулер, зертханалық зерттеулерге жіберілген объектілердің (жұғындылар және тағы басқалар), тізімі, сондай-ақ осы зерттеулердің нәтижелері; қосымша тексерулер мен зерттеулерді жүргізу күні, сарапшының олардың нәтижелерін алуы көрсетілуге тиіс; сарапшының қорытындысында қорытындыларды түйіндеу;

3) айғақтық заттарды сараптау кезінде - айғақтық заттарды және онда бар іздерді толық сипаттау, қолданылған зерттеу әдістерін және зерттеудің әрбір түрлері бойынша алынған нәтижелерді пайдаланылған реагенттерді, аппаратураны және жабдықтарды, анализ үрдістерін көрсете отырып, мазмұндау. Зерттеу бөлімінде сондай-ақ салыстыру үшін үлгілерді зерттеуді сипаттап жазады;

4) қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер материалы бойынша сараптау кезінде келесі сараптау анализіне қажетті нақты деректерді толық сипаттап мазмұндайды;

5) медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі туралы іс бойынша сараптау кезінде іс үшін маңызы бар медициналық нақты және басқа құжаттарды зерттеу кезінде алынған мәліметтер кіреді (сараптама тура құжаттар болмаған жағдайда құжаттардың көшірмесінің негізінде жүргізіледі) .

Кіріспе бөлімінде істің жағдайы мен зерттеу бөлімі бірігіп сарапшының қорытындысының хаттамасын құрайды.

Хаттамаға сот-медициналық сарапшы мен құжаттың кіріспе бөлімінде аталған тұлғалар қол қояды.

Сарапшының қорытындысындағы "қорытындылар" сарапшының жүргізген сараптауының нәтижелері негізінде жасалған, оның ғылыми-негізделген пікірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Сот медицинасы пәні. Сот медицинасының заңдық және ұйымдастыру негіздері
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Сот медицинасының түсінігі
Сот-медицинасының түсінігі, міндеттері
Бейбітшілік және соғыс уақыты кезіндегі төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру
Бейбіт және соғыс уақыты кезіндегі ТЖ тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптері
Оқ тигендегі жарақаттар
Мәйітті табылған жерде тексеріп қарау тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz