Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы


Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығының жалпы сипаты . Ауыл шаруашылығы Ресейдің экономикасын дамытудағы аса маңызды буын болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің шешуші саласы, ол халықты тек азық-түлікпен қамтамасыз етумен шектелмейді, сондай-ақ өнеркәсіптің көптеген салалары үшін аса қажетті шикізат та өндіреді. Сонымен қатар өндірілген өнімдерді дер шағында сапалы өңдеп, дәл уақытында халыққа жеткізу де қажет. Осы шараларды орындау мақсатында ауыл шаруашылығы шаруашылыктың көптеген салаларымен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осы байланыстар негізінде агроөнеркәсіптік кешендер қалыптасады. Ресейдің агроөнеркөсіптік кешендері өлі де даму, өркендеу жағдайында тұр, олардың түрлі буындары арасындағы байланыстар өз дәрежесінде емес. Әсіресе өнімді өндеу мен қызмет көрсету салалары жетілдіруді қажет етеді. Агроөнеркөсіптік кешеннің жетекші әрі негізгі саласы - ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының басқа салалардан басты айырмашылығы - оның өркен жаюы табиғат жағдайына, агро-климаттық ресурстар жиынтығына, сондай-ақ жер қорына тікелей тәуелді болуында. Ал Ресей жерінің табиғат жағдайы және оның мүмкіндігі сендерге жақсы таныс. Ресейдің ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры 222 млн га, оның 126 млн га-сы егістік жерлер. Бұл көрсеткіштер бойынша Ресей дүние жүзіндегі дамыған елдер арасында өте жоғары орынды иеленеді. Алайда ауыл шаруашылығының даму дәрежесі мен өндірілген өнім көрсеткіштері жөнінен әлдеқайда төмен деңгейде.
Ауыл шаруашылығы екі маңызды саладан құралатындығын сендер білесіндер, олар: өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы. Ресейде ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі жөнінен өсімдік шаруашылығы жетекші орында, яғни жалпы өнімнің 55%-ы тиесілі. Ал қалған 45%-ы мал шаруашылығы өнімдерінің үлесінде. Жоғары дамыған елдерде, керісінше, мал шаруашылығының өнімдерінің үлес салмағы төмен. Сондықтан да Ресей ауыл шаруашылығы алдында тұрған басты міндеттердің бірі - мал шаруашылығын мүмкіндігінше өркендету.
Өсімдік шаруашылығы. Ресейдің өсімдік шаруашылығы басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі (қандай климаттың белдеуге тән?) . Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%-ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.
Дәнді дақылдардан бидай, қарабидай, арпа, сұлы, жүгері, тары, қарақұмық, күріш өсіріледі. Астық өндіруден Ресей дүние жүзінде Қытай, АҚШ және Үндістаннан кейінгі 4-орында, әсіресе қарабидай, арпа, сұлы және қарақұмық жинаудан озық көрсеткіштерге ие («Өсімдік шаруашылығының географиясы» тақырыбын қараңдар) . Негізгі өсірілетін дақыл - бидай (жалпы өнімнің 50%-ы), климат қаталдығына байланысты жаздық бидай басым егіледі. Күздік бидай алқаптары неғұрлым оңтүстікке қарай ығысқан (неліктен?) . Аса ірі астықты аудандар қатарына Волга бойы, Орал, Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ және Сібірдің оңтүстік бөліктері жатады.
Аумағы мен өнім көрсеткіпгі жөнінен 2-орында- арпа түр, ол жалпы өнімнің 20%-ын құрайды. Арпа сыртқы орта өзгерістері мен топырақ құнарлылығына барынша төзімді өсімдік болғандықтан, кең таралған дақыл болып саналады. Арпа негізінен, малазыктық дақыл ретінде өсіріледі, сондай-ақ жарма жасауда, сыра қайнатуда кеңінен пайдаланылады. Егіс алқаптары Волга бойы, Орталық қара топырақты аудан мен Солтүстік Кавказ жерінде кең таралған.
Өнім көрсеткіші жөнінен 3-орынды қарабидай (жалпы өнімнің 9%-ы) иеленеді. Суыққа төзімді, тіпті қышқыл топырақта да өсе беретін болғандықтан, қарабидай алқаптарын орман зонасы таралған аймақтардан да кездестіруге болады.
Төртінші орындағы сулы (жалпы өшемнің 8%-ы) да соншалықты күй талғамайтын болғандықтан орман зоналарына дейін таралған, алайда сұлы ылғал сүйгіш өсімдік. Малазықтық мәні зор, сонымен қатар тағамдық сұранысқа да ие. Одан сұлы үлпектері мен жармасы дайындалады.
Қарақұмық, тары және күріш алқаптары аумағы жағынан шағындау болып келеді. Қарақұмық, негізінен, Орталық қара топырақты аудан мен Волга-Вятка, Орталық ауданның онтүстік бөліктерінде, тары құрғақшылыққа төзімді болғандықтан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойының құрғақ аудандарында, ал күріш Кубань, Волга, Дон өзендерінің атырауларындағы суармалы алқаптарда ғана өсіріледі.
Сонымен қатар Ресей жерінде малазықтық және тағамдық мәні зор бұршақ тұқымдастардан кәдімгі бұршақ, үрмебұршақ, жасымық және сол өсіріледі.
Ресей үшін аса маңызды саланың бірі - картоп өсіру. Өйткені ол, ең алдымен, халықтың ежелден азық ретінде қажетін өтеп келеді, сондай-ақ мал азығы үшін және крахмал шикізаты есебінде кеңінен қолданылады. Картоп ылғал сүйгіш, алайда жылуға аса көп қажеттілігі болмағандықтан орман зонасының оңтүстігі мен орманды дала зонасында, сондай-ақ ірі қала маңдарында шоғырланған (неліктен?) .
Техникалық дақылдардың таралу аудандары оларды өңдейтін кәсіпорындар маңайында және агроклиматтың ресурстар мүмкіндігіне қарай орналасқан. Аса маңызды дақылдың бірі - зығыр. Сапалы талшық алу үшін аса ыстық емес, ылғадды климат қажет. Сондықтан зығыр Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батысында, Орталық экономикалық аудан мен Алтай өлкесінде өсіріледі. Қант қызылшасы мен күнбағыс Орталық қара топырақты аудан, Солтүстік Кавказ бен Волга бойында өсіріледі.
Көкөніс пен бақша өнімдері елдің барлық бөліктерінде дерлік (қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа) өндіріледі. Жалпы өнім көрсеткіші жөнінен Орталық экономикалық аудан жетекші орында, одан кейін Орал мен Волга бойы және Солтүстік Кавказ аудандары тұр.
Бақ және жүзім шаруашылығы, негізінен, Ресейдің оңтүстік өңірлеріне тән. Әсіресе Солтүстік Кавказ бен Волга бойына елдегі жиналатын өнімнің тең жартысынан астамы тиесілі. Ресейде өсірілетін барлық жүзім алқаптары Дағыстан мен Краснодар өлкесінде жинақталған. Жемістердің басым бөлігі оңтүстіктегі шекаралас елдерден өкелінеді. Субтротпитік жемістпер мен темекі Солтүстік Кавказдың тау алды бөктерлерінде, ал шай Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауында ғана өсіріледі.
Мал шаруашылығы. Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 2 - 3 есеге дейін кеміп кетті. Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.
Ірі қара шаруашылығы өнім түріне қарай сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті бағыттағы шаруашылықтарға жіктеледі. Сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы өте құнарлы, шүйгін шөптер тән орман және орманды дала зоналарында, ал етті, етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы ылғал аздау түсетін дала мен шөлейт зоналарында кеңірек таралған. Сонымен қатар сүтті, сүтті-етті бағыттағы мал өсіру ірі қалалар мен агломерациялар төңірегіндегі тауарлы мал фермаларында шоғырланған.
Шошқа шаруашылығы ірі қалалар мен тамақ өнеркәсібі өркендеген аудандарда шоғырланған. Ондай кешендерде тамақ қалдықтары негізінде 100 мың басқа дейін шошқа өсірілуі мүмкін. Алайда мұндай шаруашылықтар арзан ет өндіргеніне қарамастан, қоршаған ортаны ластап, кері әсерін де тигізіп жатады. Шошқаның саны жөнінен Краснодар өлкесі алдыңғы орында, одан кейінгі орындарды Орал мен Волга бойы аудандары иеленеді.
Қой шаруашылығы жыл бойы жайылымға шығарып бағу мүмкіндігі бар аудандарда кең таралған. Ресейдегі қой шаруашылығының негізгі бағыты - биязы жүнді қой өсіру. Жүн жеңіл өнеркәсіп салаларын аса маңызды
шикізатпен қамтамасыз етеді. Ресейдің орталығы мен солтүстік-батысындағы жүні сапалы емес қойлар (оңтүстікте - қаракөл, солтүстікке қарай романов тұқымы) еті мен терісі үшін өсіріледі. Сонымен қатар атақты орынбор шөлілерін тоқитын бағалы түбіт алынатын ангор ешкілерін есіру Оралдың оңтүстігіне тән.
Құс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықты аудандарда көбірек шоғырланған. Өйткені оның ең басты өнімі - жұмыртқа тез бұзылатын болғандықтан, тұтынушыға неғұрлым жақын орналастыруды қажет етеді. Ірі құс фабрикалары толықтай механикаландырылған.
Жылқы өсіру еуропалық бөліктің оңтүстігі мен Оралда жақсы жолға қойылған, әсіресе соңғы жылдары асыл тұқымды жылқы өсіру белең алуда. Солтүстік Сібір мен Қиыр Шығыстағы бұғы шаруашылығы. ежелден қалыптасқан ата кәсіп болып саналады. Омарта шаруашылығы да Солтүстік Кавказ, Оңтүстік Орал, Алтай өлкесінің таулы бөліктеріндегі шалғындық белдеулер негізінде ерте көзден бері тұрақты қалыптасқан сала болып есептеледі. Сонымен қатар орман зоналарының түрлі бөліктерінде терісі бағалы аңдарды өсіру де атадан балаға мирас болған кәсіп, үй қояндарын өсіру де кең тараған. Ресейдің неғұрлым құрғақ аймақтары - қалмақ жері мен Астрахань облысында түйе өсірумен айналысады.
Қорыта келгенде, Ресейдің ауыл шаруашылығының орналасуы мен дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Ауыл шаруашылығы салаларының аумақ бойынша орналасуы көпшілік жағдайда зоналық заңдылықтарға негізделген. Ал оның даму мен өркендеу қарқындылығы, сөз жок, Ресей Федерациясының экономикалық, әлеуметтік және еңбек ресурстарының әлеуетіне тәуелді.
Көлік географиясының жалпы сипаттамасы. Негізгі көлік түрлері. Ресей аумағында көліктің барлық түрлері дерлік жақсы дамыған деуге болады. Алайда олардың орналасу жиілігі, жүк және жолаушы тасымалындағы үлесі біркелкі емес. Бұл жағдай республика аумағының өте ауқымдылығымен, табиғат жағдайының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ әрбір ауданның игерілу дәрежесіне, экономикалық және әлеуметтік деңгейіне тәуелді. Көлік түрлерінің көлік жүйесіндегі орны атқарылған жұмыс нәтижесімен анықталады. Оның көрсеткіштері тасымалданған жүк (млн т) пен жолаушының (млн адам) санымен жене жүк пен жолаушы айналымымен бағаланады. Көлік түрлерін таңдауда оған жұмсалатын өзіндік құн, көліктің жылдамдығы, жүк көтеру мүмкіншілігі, табиғат жағдайының көлік жұмысына тигізетін әсері ескеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz